Мектеп директоры:                                       Сауырбаева Г.К

Психологиялық – педагогикалық практика есебі Аты-жөні: :Жолаев Нұрсұлтан Курс: 3-курс Факультет: Психология,педагогика және мәдениет Мектеп:Өскемен қаласы әкімдігінің « №16 орта мектебі» КММ Мен Жолаев Нұрсұлтан 15.01.2018 – 28.04.2018ж.ж. аралығында Өскемен қаласы әкімдігінің «№16 орта мектебі» КММ психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Іс-тәжірибе аясында іс-тәжірибе жетекшіммен жұмыс жасап, біраз тәжірибе жинап, өзіме берген тапсырмаларды уақытылы орындап отырдым. Психологиялық – педагогикалық іс-тәжірибе барысында жетекшімнің маған ұсынғын сыныптарымен танысып, сынып құжаттарымен, журналдармен, барлық оқушылардың күнделігімен, сыныптың және пән мұғалімінің сабақ кестесімен таныстым. Сабақтарға қатыса отырып өзімнің алдағы нақты міндеттерімді атқардым.  Менің сынып жетекшілік жұмысыма жетекшілік еткен ұстазымыз өте еңбекқор, тәжірибелі, өз ісінің нағыз маманы, білімді, адамгершілік қасиеті мол және түсінігі жоғары ізгі ниетті ұстаз. Мен ол кісіден жалпы оқушылармен қалай қарым-қатынас жасауды, оқушылармен жұмыс істеуді, танымдық және шығармашылық қасиеттерін жан-жақты дамытуды үйрендім. Сынып сабақтарына қатысқан кезде мен оқушылармен қалай жақсы қарым-қатынас жасау керектігін, сабақты дұрыс ұйымдастыруды, уақытты үнемді пайдалана білуді, оқушылардың білімділігін дұрыс бағалай білуді үйрендім және жаңа сабақты түсіндірумен қатар қайталау сабақтарын өткізуді ұйымдастыру әдістерін меңгеріп,біршама тәжірибе жинадым.Тек ол ғана емес, сонымен қатар сабақтарды қызықты әрі түсінікті қылып өткізу үшін көрнекі құрал-жабдықтарды жасап үйрендім. Мұғалімнің сабақтарына қатысу нәтижесінде оқытудың әр түрлі тәсілдерін дәстүрлі оқыту, ойын түрінде, топтық және жарыс сабақтарын өткізуді меңгердім. Әрбір оқушының мінез-құлқын зерттей отырып, әр түрлі әңгімелер жүргіздім. Сонымен қатар болашақ мамандығымның қыры мен сырын жетік меңгеру мақсатында оқушыларға дөңгелек үстел және сынып сағатын ұйымдастыруға көмек көрсеттім. Іс-тәжірибе жүргізген кездегі алған әсерлерімді айтатын болсам: мектептегі ұжымыммен, оқушылыларымен өте жақсы қарым-қатынас орнаттып,оларға бауыр басып қалдым. Мен осы іс тәжірибе барысында көптеген қиындықтарға қарсы тұрып, жұмыс жасаудың жаңа қырларынан сабақ алдым деп ойлаймын. Осы іс-тәжірибені өте отырып түсінгенім ұстаз болып, оқушыларға білім беріп оларды тәрбиелеу ең қиын әрі жауапты іс екеніне көзім жетті. Сабақты жаңаша әдістермен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін,зеректігін арттырып, дамытады. Осыған орай мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектісін, шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз беттерінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Іс-тәжірибе жетекшіміздің айтуымен мектепте әрбір сынып оқушыларына психодиагностикалық әдістемелер қорытындысын жасауды үйрендік. Сонымен қатар социометрия әдісін жеңіл түрде кіші сынып оқушыларына және жасерешеліктеріне байланысты жоғарғы сынып оқушыларынан қалай және қандай сұрақ арқылы алаудың қыр сырын үйрендік. Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмысты жасау аздап күрделірек болса, ал, кіші сынып оқушылармен жасаған жұмыс ( оларға әртүрлі бейнеде неше түрлі смайлитер таратылды, яғни олардың қызығушылығын арттыру үшін). Сол смайликтер арқылы социометрия әдісінің қорытындысын тез әрі жеңіл орындады үйрендік. Ұйымдастырылған оқу процесі оқушылардың ойлау қабілеті кеңейеді және де оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылықтары артады. Оқушыларың назарын аудару,оның ойына түрткі болатын әр түрлі қызықты мәліметтермен таныстыру, викториналық сұрақтар мен ойындар сабақ үстінде орындалады. Оқушылардың білімдерін тексеру, шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сыныптан тыс өткізілетін шаралардың,жарыстар мен кештердің маңызы зор болады деп ойлаймын. Оқушы ауызша жақсы түсінсе, ол теорияны өзі айтып береді. Сабақ барысында оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын тексеру және бағалау нәтижесінде мен тек оқушының білім деңгейін ғана анықтамаймын, сонымен қатар оқушының жіберген қателерін талдағанда, қолданылған әдіс –тәсілдеріне, берілген тапсырмаларға түзетулер еңгіземін. Сонда оқушылардың білім алуға, қатесін жоюға деген белсенділігі арта түседі. Жіберілген қателерді ескертіп, оқушылар теориялық талдау жасап, қатемен жұмыс жасап, оқу материалының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, оқушының өз мүмкіндігін байқап, оны әрі қарай түсуіне көмектесемін. Үйге орындауға берген тапсырмалар оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастырып, жаттықтыру, бекіту, қайталау мақсатында өткізілді. Мен мұғалімнің сабағына қатысу барысында түйгенім. Шынында мұғалім өзінің беретін пәніне деген оқушылардың ынта-ықыласын оята білуінен сабақ табысты, қызықты болып қана қоймай, нәтижесінде оқушылар күнделікті өмірде және қазіргі қоғамда, болашақта пайдалы еңбек еткенде кезде қажет болатын білімді саналы түрде оқушының санасына құя білді деуге болады. Оқушылардың пәнге деген танымын, ынта-жігерін арттыру жолдарының бірі – сабақ барысында оның тәжірибелік және қолданбалы рөлін ашып көрсетті. Сондықтан жаңа тақырып өткенде, теореманы дәлелдеу кезінде немесе сабақты талқылау барысында әрқашанда өмірмен байланыстырып отырған жөн екенін түсіндім. Өтіп жатқан жаңа тақырыпты оқушыларға мұндай жолдармен таныстыру олардың теориялық материалдың мағынасын терең түсініп, танымдылық өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретінін ұқтым. Сонымен, мұғалімнің күнделікті өткізетін сабағында оқушысын баурап алуы, қызығушылығын арттырып шығармашылық ізденіске тәрбиелеуі – үлкен жетістік болып табылары сөзсіз. Бұнымен шектеліп қана қоймай, одан әрі жұмысты толықтырып, жетілдіру қажет. Ол үшін әрбір тақырып пен мәтінді жан- жақты зерттеп, саралап барып оқушыларға түсіндірілуі қажет. Соңғы күндері өзіме қажетті құжаттарды жинақтадым. Жалпы алғанда іс-тәжірибе нәтижелі болды деп ойлаймын. Өйткені, мен сабаққа жоспар құруға, сабақтарды қалай қызығырақ өткізуге, оқушылармен қалай жеңіл тіл табысуға болатынын және тағы да басқа әдіс-тәсілдерді үйрендім. Қорыта келе, берілген уақытта көптеген іс-тәжірибелерді ұстаздардан үйрендім.     Толтыру уақыты:

Мектеп директоры:                                       Сауырбаева Г.К

Студент-практиканттың қолы:                  Жолаев Н.А

Іс-тәжірибе жетекшісі:                                  Акимбаева Р.М

 


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 321; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!