Деформацияланатын остеоартроз кезінде ауру синдромы келесімен байланысты



A) инсоляциямен

B) инфекциямен

C) салқындаумен

D) *зат алмасу процесінің бұзылуы

E) шаршаумен

 

207. Жіті циститтің клиникалық симптомдары

A) ісіктер, гипертония

B) бел тұсының ауыруы, безгек

C) бел тұсының ауыруы, макрогематурия

D) *безгек, зәр шығару кезінде ашытып ауырсындыру

E) бел тұсының ауыруы, гипертония

 

208. Салауатты өмір салтын насихаттауға келесі мәселелер жатады

A) дұрыс тамақтану

B) ақпараттық қамтамасыз ету арқылы сырқаттардың алдын алу

C) *тұрғындарды денсаулықты нығайту мәселелеріне оқыту және тәрбиелеу

D) өмір салтымен байланысты сырқаттардың алдын алу

E) аталғандардың барлығы

 

209. 45 жастағы ер адам жедел жәрдеи шақырған. Бірнеше жыл бойы кейде айына 1 – 2 рет түнгі мезгілде,сағат 4 пен 5 тің аралығында кеуде артының қысып ауыру ұстамасы болған, ұзақтығы 5 минутқа дейін, нитроглицерин көмектескен. Күндіз жағдйы жақсы.

Қарау: пульс 78 рет 1 минутта. Жүрек шекарасы өзгеріссіз, жүрек тондары дыбысты, жиі. А/Қ 130/80 мм сынап бағанасына. Бұрынғы ЭКГ – да өзгерістер жоқ.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) *стенокардия

B) миокард инфарктісі

C) созылмалы жүрек жетіспеушілігі

D) жіті жүрек жетіспеушілігі

E) жүректің ишемиялық ауруы

 

210. 66 жастағы науқас Г. үйге жедел жәрдем шақырды. Ол оң жақ қабырға астының қатты ауырғанына, оның оң жақ жауырынға таралуына, эпигастрия бөлігінде ауыртпалық сезіміне, құсқысы келу, құсуға шағымданады. Түнде ащы тамақ қабылған соң ауырған. Бұлай ауыруы бірінші рет.

Қарау: температура 37,6 С. Жалпы жағдайы орташа. Науқас тынымсызданып, ыңқылдайды. Науқаста семіздік, көзі сарғайған. Жүрек – тамыр және тыныс мүшелері жағынан патология байқалмайды. Тілі ақ жаймамен жамылған. Іш қуысы кепкен. Сипау кезінде қатты ауырады, әсіресе оң жақ қабырға асты. Оң жақ қабырға доғасын қағу кезінде ауырсыну байқалады.

    Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) * өт тас ауруы. Бауыр коликасының ұстамасы

B) асқазан ойық жарасы, перфорация

C) 12 елі шек ойық жарасы, пенетрация

D) энтероколит

E) созылмалы гепатит

 

211. 48 жастағы науқас М., үйге медициналық көмек шақырды. Шағымдары бел тұсының және іштің оң жақ бөлігінің қатты ауыруы, оның шапқа, оң жақ бөксеге таралуы. Кіші дәретке шыққысы келу сезімі жиі байқалады.                                            Қарау: температура 37,4 С жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Науқас тынымсыз, ауырсынуын жеңілдету үшін өзіне ыңғайлы жағдай іздейді. Жүрек – тамыр және тыныс мүшелері жағынан патология байқалмайды. Пульс 86 рет 1 минутта, ырғақты. АҚ 140/80 мм сн.бағ. Пастернацский сиптомы оң жағында оңды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?          

A) созылмалы пиелонефрит     

B) *бүйрек тас ауруы. Бүйрек коликасының ұстамасы.

C) жіті цистит

D) созылмалы гломерулонефрит

E) созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

212. Төс артының қысып қатты ауруына шағымданған науқас жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ауырсыну ауыр физикалық күштен соң пайда болып, 7 минуттай ұстап, өз бетімен таралған. Бірақ бұндай ұстама 2 апта бұрын болған, дәрігерге қаралмаған.

Қарау: жүрек тондары қатты, пульс 78 рет 1минутта,

қанағаттанарлық, АҚ 120/80 мм сн. бағ. Өкпеде везикулярлы дыбыс.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) * ЖИА. Стенокардиа

B) ЖИА . Миокард инфарктісі

C) Жүректің ишемиялық ауруы

D) Созылмалы жүрек жетіспеушілігі

E) Жіті жүрек жетіспеушілгі

 

213. Науқас Т., 67 жаста шөлдеуге, аузының кебуіне, терісінің қышуына, несептің жиі болуына, әлсіздікке шағымданады. Бұл шағымдар 3 ай бұрын пайда болды. Науқастынң анамнезінде созылмалы панкреатит.

Қарау: температура 36,6 С, бойы 165 см, салмағы 100 кг. Жалпы жағдайы қағанаттарлық, терісі құрғақ, тырнақ іздері көрінеді. Тері асты майы өте жақсы дамыған. Тынысы везикулярлы, Жүрек тондары тұйықтау, ырғақты. ЖСС 76 рет 1 минутта. АҚ 150/90. Іші сипау кезінде жұмсақ, ауырмайды.

    Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) * қант диабеті. Семіздік.

B) семіздік

C) Қант диабеті

D) гипертония ауруы

E) жүректің ишемиялық ауруы

 

214. 40 жастағы науқас оң жақ кеудесінің ауруын, тотық түсті қақырықты жөтелге, тыныштық кезіндегі ентікпеге шағымданады. Науқас 2 тәулік бұрын қатты ауырып бастаған. Қызу түсіретін препараттарды қабылдағаннан соң жалпы жағдайы нашарлап, күрт әлсіреп, басы айналып, тершеңдік пайда болған.

Қарау: температура 36,8 С терісі бозарған, дымқыл, ерінінде ұшық бөртпелері. Оң жақ кеудесі дем алыс актісінен қалыңқы. Қағу: оң жағының жауырын асты бөлігінде дыбыс тұйықталған. Осы жерді тыңдау кезінде крепитация естіледі. Пульс әлсіз, 100рет 1 минутта. АҚ 85/60 мм сн.бағ.

 Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) *оң жақты крупозды пневмония

B) оң жақты өкпенің абсцесі

C) оң жақты бронхоэктаз ауруы

D) оң жақты тыныс жетіспеушілік 

E) оң жақты созылмалы бронхит

 

215. Қатты қобалжығаннан соң 42 жастағы науқаста төс артының ұзақ уақыт бойы қатты қысып ауруы, оның сол жақ жауырынға, иекке таралуы пайда болды.

Қарау: терісі бозарған, дымқыл, акроцианоз. Перифериалық көк тамырлары босаңқы. Қол – аяғының температурасы күрт төмендеген. Есі бұзылған – науқаста селқостық. Жүрек тондары тұйық. Пульс толықтығы аз, жиілігі 92 рет 1 минутта. АҚ 80/60 мм сн.бағ. Олигурия.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Жүректің ишемиялық ауруы

B) Өткір тамыр жетіспеушілгі

C) * Миокард инфарктісі. Кардиогенді шок

D) Созылмалы жүрек жетіспеушілігі

E) Өткір бүйрек жетіспеушілігі

 

216. 55 жастағы әйел адам жедел көмек бригадасына күрт басының қатты ауырғанына, бас айналуға, құсқысы келіп құсуға, көз алдында қара дақтардың болуына шағымданады. Жағдайының нашарлауы қатты қобалжығаннан соң пайда болды. 

Қарау: науқас есі нашарлаған, беті ісінген, терісі бозарған, өкпе везикулярлы дем алыс, жүрек тондары ырғақты, 86 рет 1 минутта. АҚ 170/100 мм сын.бағ. Аяғы ісінген.

    Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Созылмалы гломерулонефрит

B) Созылмалы жүрек жетіспеушілігі

C) Жүректің ишемиялық ауруы

D) *Гипертониялық ауру. Гипертониялық криз

E) Гипертониялық ауру

 

217. 25 жастағы пациент сарысуды (сыворотка) енгізген бойда басы айналғанына, әлсіздікке, ыстық әсеріне, бас айналуына, көз көруінің нашарлауына, кеуде артының ауырсынуына шағымданады.

Қарау: жағдайы ауыр, терісі бозаңқы цианоз белгісімен, тершеңдік. Жүрек тондары тұйық, пульс жиі тәрізді, 120 рет 1 минутта. АҚ 80/50 мм. сн.бағ. Дем алыс жиілігі 40 рет 1 минутта

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Өткір тамыр жетіспеушілігі

B) Миокард инфарктісі

C) Кардиогенді шок

D) Жіті жүрек жетіспеушілгі

E) * Анафилактикалық шок

 

218. Жедел жәрдем фельдшеріне 30 жастағы ер адам қатты қылыш тәріздес ауырсынудың эпигастралды бөлімінде пайда болғанына шағымданады. Науқаста сонымен қатар әлсіздік, бас айналу байқалады. Анамнезінде көп жыл бойы асқазан және ұлтабар жара ауруымен ауырады.

              Қарау: бозарған, беті мұздай қара термен жамылған, есі тежеулі. АҚ 90/60 мм сн.бағ. өкпеде везикулярлы демалыс. Іш – «тақтай тәрізді» қатты, эпигастрия бөлімі қатты ауырады, науқас тізесін ішке қарай бүгіп, бір қырымен мәжбүрлі қалыпта.

              Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Ұлтабар ойық жара ауруы.

B) Асқазан ойық жара ауруы

C) * Ұлтабар ойық жара ауруы. Перфорация

D) Кардиогенді шок

E) Анафилактикалық шок

 

219. Жедел жәрдем 52 жастағы әйел адамға шақырылды. Қиын бөлініп шығатын әйнек тәрізді қақырық, ентікпе, тұншығу ұстамасына шағымданады. 10 жыл бойы өкпе демікпесімен ауырады. Өткір респираторлы ауруынан соң жағдайы нашарлаған. Тәулік бойы тұнғышу ұстамасына қарсы ингаляторлар көмектеспеген.

Қарау: науқас ортопноэ қалпында. Денесінің жоғарғы бөліктерінде цианоз. Экспираторлы ентікпе, қақырық қиын бөлінеді, соңғы уақытта тіптен бөлінбеген. Кеудесі бөшкі тәрізді, қабырға аралары кеңіген. Өкпеде ысқырықты, құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 140/90 мм сн.бағ.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Өкпе демікпесі

B) Созылмалы бронхит

C) * Өкпе демікпесі. Астматикалық статус

D) Созылмалы тыныс жетіспеушілігі

E) Пневмосклероз

 

220. Науқас 18 жаста. Саусағынан қан алу кезінде есінен талды.

Қарау: терісі бозарған, көзқарасы кеңейген. АҚ 80/60 мм сн.бағ. пульс 60 рет 1 минутқа. Толықтығы мен қысымдығы әлсіз. Жатқан кезде науқас есіне тез келді.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Коллапс

B) * Өткір тамыр жетіспеушілігі. Естен тану

C) Өткір тамыр жетіспеушілігі. Шок

D) Өткір тамыр жетіспеушілігі. Коллапс

E) Естен тану

 

221. 27 жастағы әйел адам жедел жәрдем фельдшерін үйге шақырды. Анамнезінде ревматизм, митралды жүрек ақауы.

Қарау: науқас аяғын төмен түсіріп отыру қалпында. Сөйлеу қабілеті төмендеген. Беті бозарған, ірі тері тамшыларымен басқан. Бетінде өлім қорқыныш сезімі байқалады. Ерні мен мұрын ұшы көгерген. Демалысы жиілеген. Қызғыш түсті, көпірікті қақырықпен жөтел. Өкпеде ұсақ көпірікті сырылдар. Пульс 120 рет 1 минутқа, аритмиялық.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Ревматизм

B) Туа біткен жүрек ақауы

C) * Ревматизм. Митралды стеноз. Асқынуы: өкпе шемені.

D) Ревматизм. Митралды стеноз

E) Жүре пайда болған жүрек ақауы

 

222. 17 жастағы инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын науқас қасындағы болған адамдардың айтуынша науқас бірнеше минут бұрын қарынының ашқанына, дірілдеп тоңғанына, тершеңдікке шағымданған. Сосын есінен танған. 

Қарау. Терісі бозарған, дымқыл, бұлшық еттер тонусы көтеріңкі. Көз алмасуы қатты. Көз қарашығы кеңіген. Дем алысы қалыпты. Пульс 100 рет 1 минутта. АҚ 130/90 мм.сн.бағ.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Қант диабеті. Инсулинге тәуелді тип. Гипергликемиялық кома

B) Қант диабеті. Инсулинге тәуелді тип.

C) *Қант диабеті. Инсулинге тәуелді тип. Гипогликемиялық кома

D) Қант диабеті. Гипергликемиялық кома

E) Қант диабеті. Инсулинге тәуелсіз тип

 

223. 74 жастағы науқасқа жедел жәрдем бригадасы шақырылыды. Науқас есінен танып құлаған. Анамнезінде гипертониялық ауру, бірнеше рет гипертониялық криздер болған.

Қарау: науқас есі жоқ, беті бозғылт қоңыр түсті, сөйлей алмайды, мұрын – ерін сызығы мен ауыз ұшы түскен, сол жақ гемипарез. Дем алысы шулы, жүрек тондары ырғақты, қан қысымы 160/100 мм.сн.бағ. Өкпеде қатты дем алыс. Іші жұмсақ.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) *Гипертония ауруы. Криз. Өткір ми қан айналысының бұзылуы

B) Симптомдық гипертония

C) Артериалды гипертензия

D) Гипертония ауруы

E) өткір жүрек жетіспеушілігі

 

224. 5 жыл бойы бронхоэктатикалық аурумен ауыратын 45 жастағы науқаста бүгін жөтелген кезінде қан түкіру, артынан өкпесінен қан кету болған. Соған байланысты жедел жәрдем шақырылды.

Қарау: терісі бозарған, жылы диффузды цианоз,

кеудесі бөшкі тәріздес. Өкпені тыңдаған кезде дем алысы әлсіз, дымқыл сырылдар естіледі. Жөтелген кезде ашық қызыл көпірікті қан көп мөлшерде бөлінеді.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Өкпе туберкулезі. Қан кету 

B) Өкпе обыры. Қан түкіру

C) Өкпе абсцесі

D) * Бронхоэктатикалық ауру. Өкпеден қан кету.

E) Созылмалы бронхит

 

225. Үйге жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Науқас 60 жастағы төс артының ұстамалы ауруына оның сол жаққа қарай таралуына шағымданды. Науқас өзін 3 жыл бойы аурумын деп есептейді. Бұрын ұстамалар айына 1 – 2 рет, нитролицерин тез көмектесетін. Соңғы жетілерде ұстама жиіленген, тәулігіне бірнеше рет қайталайды, соған байланысты науқас тәулігіне 10 таблетка нитроглицерин қабылдаған.

Қарау: жағдайы қанағаттанарлық. Жүрек тондары арғақты. Жүрек аортасы тұсынан систолдық шу естілерді. Қан қысымы 150/90 мм .сн.бағ. Өкпеден везикулды дыбыс естіледі.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Жүректің ишемия ауруы

B) ЖИА. Миокард инфарктісі

C) * ЖИА. Стенокардия

D) Жіті жүрек жетіспеушілігі

E) Созылмалы жүрек жетіспеушілігі

 

226. 20 жастағы әйел адам бетінде тығыз, бозаңқылау, қышымайтын ісіктің пайда болғанына, дем алысының нашарлағанына, әлсіздікке, құсқысы келу, дене температурасы 38С – ге дейін көтерілгеніне шағымданады. Науқастың бұл жағдайы антибиотик пен иньекция алғаннан кейін 30 минут өткен соң пайда болды.

Қарау: бетінде ісік, құлақ қалқаны ісінген, көзі ісіктен жабылған, тілі ісіктен аузына симайды, дауысы қырылды. Пульс 110 рет 1 минутта, АҚ 90/60 мм.сн.бағ. Өкпеде везикулярлы дем алыс, іші жұмсақ, ауырмайды.

    Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Үсіктен кейінгі ісіну

B) * Квинке ісігі

C) Желшешек

D) Анафилактикалық шок

E) Есекжем

 

227. Аурухананың қабылдау бөліміне көшеден есі жоқ науқасты алып келді. Науқастың аузынан алкоголь иісі шығады.

Қарау: Қарым қатынасқа түспейді, ауырту қоздырғыштарын сезеді. Беті ісінген, бетінде тамыр жұлдызшалары, көз қарашығы кішірейген, жарыққа реакциясы төмен. Бұлшықет тонусы төмендеген. Сіңір рефлексі сақталған. Тыныс алу 26 рет 1 минутта. Жүрек тондары ырғақты, жүрек соғысы 88 рет 1 минутта. АҚ 105/60 мм.сн.бағ.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

                  

A) Алкоголмен улану

B) * Алкоголмен улану. Алкоголды кома

C) Алкоголды кома

D) Алкоголизм

E) Арақпен улану

 

228. Жедел жәрдем үйге шақырылды. 24 жастағы инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын науқаста 1 апта бойы әлсіздік құсқысы келу, құсу, апатия. Соңғы күндері инсулин енгізбеген, диета сақтамаған.

Қарау: терісі бозаңқы, құрғақ, тырнақ іздерімен, бұлшықет тонусы төмендеген, көз алмасы жұмсақ. АҚ 100/70 мм.сн.бағ. Өкпеде шулы демалыс. Аузынан ацетон исі шығады. Орталық аудан ауруханасына тасымалдау үшін 2 сағат қажет.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Қант диабеті 2 – ші тип

B) Қант диабеті. Гипогликемиялық кома

C) * Қант диабеті 1 – ші типті. Диабетикалық кома

D) Қант диабеті

E)Гипергликемиялық кома

229. Жедел жәрдем бригадасына 63 жастағы әйел адам ішінің тартылып ауруына, оның арқаға, сол жақ жауырын астына таралуына шағымданады. Ауруын майлы тамақ ішкенмен байланыстырады. Құсқысы келу, өтпен құсу, дене температурасы көтерілуі. Көп жылдар бойы созылмалы холециститпен ауырады.

Қарау: дене температурасы 37,2 С. Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, құрғақ, сарғайған. Тері асты майы жақсы дамыған. Өкпе мен жүрек жағынан патология жоқ. Тілі ақшыл жаймамен жамылған. Іш құрсағы жұмсақ, сипау кезінде жоғарғы және сол жақ қабырға асты ауырады.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Жіті панкреатит

B) *Созылмалы панкреатит

C) Өт тас ауруы

D) Асқазан ойық жара ауруы

E) Жіті холецистит

 

230. Созылмалы бронхиты бар науқастарды күтудегі басым мақсат

A) дене температурасын қалыптандыру

B) тәбетті қалпына келтіру

C) ентігуді азайту

D) бас ауруын азайту

E) *симптомдарды басу

 

231. Науқаста бронхиалды демікпе ұстамасы болған кездегі алғашқы мейірбикелік үрдіс

A) таза ауаның келуін қамтамасыз ету

B) ыңғайлы етіп отырғызу

C) қысып тұрған киімдерін шешу

D) *қалталы ингалятор беру

E) жедел жәрдем шақыру

 

 

232. Жіті пневмониясы бар науқаста ентігу мазалаған жағдайдағы мейірбикелік үрдіс

A) қою ыстық шай беру

B) кеудеге қышақағаз қою

C) жоғарылатып жайғастыру

D) *көпіршікбасушы арқылы оксигенотерапия жүргізу

E) бронхолитиктер енгізу

 

233. Естен тану кезіндегі мейірбикелік үрдіс

A) есті қалпына келтіру

B) * басын төмендету немесе аяғын жоғары көтеру

C) АҚҚ жоғарлату

D) ентігуді азайту

E) науқас жағдайын жақсарту

 

234. Жүрек ауруы бар науқастарға мейірбикелік үрдіс

A) жүрек жеткіліксіздінің дамуына жол бермеу

B) антропометриялықкөрсеткіштерді қалыптандыру

C) максималды қолайлы жағдай туғызу

D) *аурудың жайлы аяқталуын қамтамасыз ету

E) асқынулардың дамуына жол бермеу

 

235. Ревматизмнің бірінші реттік профилактикасы

A) бициллинотерапия

B) *созылмалы инфекция ошақтарының санациясы

C) жоспарлы вакцинация

D) шынығу

E) басқа балалармен қарым-қатынасты шектеу

 

236. Асқазан ойықжара ауруы кезіндегі мейірбикелік үрдіс

A) психикалық және физикалық тыныштықты қамтамасыз ету

B) *емдік тамақтануды сақтау

C) ағзаның өмірлік маңызды функцияларының мониторингін жүргізу

D) фитотерапия тағайындау

E) физикалық тыныштықты сақтау

 

 

237. Цистит кезіндегі күтімнің принциптері

A) *салқын тиюді болдырмау

B) жеке бас гигиенасын сақтау

C) сұйықтық ішуді шектеу

D) сұйықтықты шектеу

E) дәрілерді көп қолдану

 

238. Гломерулонефрит кезіндегі мейірбикелік үрдіс

A) *дене температурасын, АҚҚ, диурезді бақылау

B) сұйықтық тәртібін ұлғайту

C) төсектік тәртіптің сақталуын бақылау, бос уақытты ұйымдастыру

D) фитотерапия тағайындау

E) емдәм сақтау

239. Анемия кезіндегі ата-аналарға берілетін мейірбикелік үрдіс

A) күн тәртібін сақтау

B) *темір мен нәруызға бай тамақтануды ұйымдастыру

C) сұйықтық қабылдауды шектеу

D) қозғалыс белсенділігін шектеу

E) дене шынықтыру

 

240. Мейірбике қантты диабетпен ауыратын науқастарда қелесі клиникалық белгілерді көргенде гипогликемиялық жағдай туралыойлайды

A) есінен тану, құрысулар, гипертермия

B) үдемелі әлсіздік, шектен тыс тершеңдік

C) *жіті ашығу сезімі, қолдың дірілдеуі

D) тері жабындылары мен сілемейлі қабаттардың құрғақтығы, ауыздан ацетон иісінің шығуы

E) бұлшықеттердің қатаюы

 

241. Теміртапшылық анемия кезіндегі мейірбикелік үдеріс

A) таза ауада серуендеу, жақсы гигиеналық күтім

B) Д дәруменін, кальций препараттарын қабылдау

C) *дәрігер тағайындауы бойынша темір препараттарын қабылдау, тамақтануды қадағалау

D) фитотерапияны қолдану

E) құрамында темірі бар тамақтарды көп қолдану

 

242. Қантты диабет кезіндегі мейірбикелік үрдіс

A) қандағы қант мөлшерін қалыпты деңгейде ұстап тұру

B) емдәмге көңіл бөлу

C) инсулин мөлшерінің коррекциясы

D) зерттеуге дайындық

E) *тері қабатының және аяқ басының күтіміне көңіл бөлу

 

243. Миокард инфарктысының негiзгi симптомдары

A) қан қысымының жоғарылауы

B) *30 минуттан аса кеуде артында ауру сезiмiнiң болуы, артерия қысымының төмендеуi

C) бастың ауыруы

D) дем шығарудың қиындауы

E) тiтiркенгiштiк

 

244. Мейірбике инсулинді теріастына бір жерге қайталап енгізген жағдайда, мына аурудың дамитынын білуі тиіс

A) гематоманың

B) абсцесстің

C) *липодистрофияның

D) ісінудің

E) липоманың

 

245. Лейкоз кезіндегі жиі дамитын шұғыл жағдайлар

A) гипогликемиялық кома

B) құрысулар

C) мұрыннан қан кету

D) *гипертермия

E) әлсіздік

 

246. Зимницкий бойынша несеп жинау әдісі мынаны бағалауға мүмкiндiк береді

A) бүйректің шығару функциясын

B) 1 мл зәрдегі формалы элементтердің санын

C) тәуліктік зәрдегі нәруыз мөлшерін

D) *бүйректің концентрациялық функциясын

E) тәуліктік зәрдегі лейкоцит мөлшерін анықтау

 

247. Гельминттерді туғызатын ішек құрттары

A) үшкір құрттар

B) *аскаридалар

C) трихинеллалар

D) түктібас

E) мейкоплазмалар

 

248. Дисбактериоз белгілерін көрсетіңіз

A) мелена

B) *нәжіс бұзылулары

C) бұлшықеттік гипотония

D) метеоризм

E) дисфагия

 

249. Бронх демікпесінің ұстамасының алдын алу үшін мейірбикенің беретін кеңесі

A) *өсімдіктердің гүлденуі кезінде серуендеуді шектеу

B) тұрғын жайларда қолайлы жағдайларды сақтау

C) баланы стационарлық емдеу үшін госпитализациялау

D) базисты терапия препараттарын қабылдауды тоқтату

E) бронхолитиктерді қолдану

 

250. Жүрек аурулары бар науқастардың мейірбикелік күтімін ұйымдастырудың ерекшеліктері

A) *күнделікті тамыр соғысын, артериялық қысымды, тынысты, тері жабындылары мен сілемейлі қабаттардың түсін бақылап отыру

B) науқастарды зәршығару мүшелерінің рентгенологиялық зерттелуіне арнайы дайындау

C) жүрек гликозидтерін қабылдау ерекшеліктері мен жанама әсерлерін білу

D) гипогликемия белгілерін анықтай білу және олар байқалған жағдайда көмек көрсету

E) науқастарға деуретиктерді беру ерекшеліктерін ескеру

 

251. Көмейдің қабынуы қалай аталады

A) ринит

B) *ларингит

C) бронхит

D) синусит

E) трахеит

 

252. Жіті респираторлы аурулар кезінде инфекцияның таралу механизмі

A) *ауа-тамшылы

B) тұрмыстық-жанаспалы

C) тағамдық

D) гематогендік

E) трансмиссивті

 

253. Пневмония түсінігі

A) *өкпенің қабынуы

B) бронханың қабынуы

C) кеңірдектің қабынуы

D) қосалқы қуыстың қабынуы

E) жүректің қабынуы

 

254. Артериялық қысым мыналармен байланысты

A) тек жүрек жиырылуының жиілігіне

B) тек жүрек жиырылу күшіне

C) *қантамырлардың артериялық қабырғаларының тонусына

D) жүректің систолалық көлеміне

E) жүректің диастолдық көлеміне

 

255. Белгілі бір профильдегі науқастар тобына емдік-профилактикалық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған мекемелерге мыналар жатады

A) *диспансер

B) поликлиника

C) медсанбөлім

D) жедел жәрдем бекеті

E) стационар

 

256. Мейірбикелік тексерудің объективті әдісі

A) ісінулерді анықтау

B) науқастың денсаулық жағдайына байланысты шағымдары

C) артериялық қан қысымын өлшеу

D) науқасты сұрастыру

E) * науқасты қараудан бастау

 

257. Мейірбикелік тексерудің субъективті әдісі

A) ісінулерді анықтау

B) тері және сілемейлі қабаттарды қарау

C) артериялық қан қысымын өлшеу

D) *науқасты сұрастыру

E) зертханалық тексеру

 

258. Науқаста 48 сағат бойы нәжіс болмаған. Бұл мәселе

A) екінші ретті

B) әлеуетті

C) эмоционалды

D) шынайы

E) *дерттік

 

259. Мейірбикелік үдеріс сатыларының саны

A) 2

B) 4

C) 3

D) 6

E) *5

 

260. Халықаралық мейірбикелер күні

A) 26 маусым

B) 1 қазан

C) *12 мамыр

D) 5 қараша

E) 18 қырқүйек

 

261. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған міндетті біліктілік емтихандары мыналар үшін жүргізіледі

A) тиісті біліктілік санаты берілетін мамандардың кәсіптік деңгейін айқындау үшін

B) *медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкестігінайқындау және оларға тиісті маман сертификатын беріп, клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқA) жіберу үшін

C) өз мамандығымен жұмысқа жіберу үшін

D) мамандардың білііктілігін жететілдіру үшін

E) барлық нұсқалар нақты

 

262. Өкпе абсцесiнiң 2-iншi кезенiнi негізгі клиникалық симптомы:

A) Дене қызуының жоғарылауы;

B) *Аузын толтырып қақыру;

C) Қалтырау;

D) Жөтел;

E) Қанды қақырық.

263. Қай ауруды тыңдағанда крепитация естіледі:

A) Бронх демікпесінде;

B) Өкпе туберкулезінде;

C) *Крупозды пневмонияда;

D) Өкпе жүрегінде;

E) Созылмалы бронхит.

 

264. Бауыр цирозында қандай инструменталдық зерттеу әдістері қолданылады:

A) Холеграфия, жалпы қан айналымы;

B) Қанның биохимиялық анализі, компютерлік томография;

C) *УДЗ, компьютерлiк томография, рентгенологилық тексеру;

D) ФГДС;

E) Жалпы қан анализі, рентгенологиялық тексеру.

 

265. Энтероколитті емдегенде тағайындалады:

A) *Биопрепараттар- бифидумбактерин, бификол, лактобактерин

B) Диуретиктер;

C) Витаминдер;

D) Журек гликозидтерi;

E) Кабынуга карсы дарiлер- антибиотиктер;

 

266. Стенокардия дегеніміз:

A) Коронарлық қан айналысының жетіспеушілігіне байланысты миокардта некроз туындайтын жедел ауру;

B) Жүрек бұлшықетінің қанмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілмеуін айтады;

C) *Тәж артерияларының тарылуын жүрек тұсында болатын ұстамалы ауру;

D) Қан қысымының көтеріліп, жүректің тез соғуы;

E) Жүрек соғуының азаюы.

 

267. Эндемиялык зоб - бұл:

A) Қалқанша безінің патологиялық үлкеюі;

B) *Қалқанша безінің диффузды үлкеюі;

C) Қалқанша безі қызметінің төмендеуі;

D) Орталық нерв жүйесінің бұзылуы;

E) Қалқанша безінің қызметі өзгермейді.

 

268. Гипоацидті гастритте тағайындалады:

A) *Антацидтер – ацединпепсин, асказан согi, панкреатин;

B) Ферменттер- фестал, дигестал, плестал;

C) Адреноблокаторлар- анапрелин, обзидан;

D) Гликозидтер- строфантин, корглюкон;

E) Витаминдер – В тобы, С тобы, А тобы;

 

269. Гепатит дегеніміз:

A) Өт қабының қабынуы;

B) *Бауыр ұлпасының қабынуы;

C) Асқазанның сілекей қабығының қабынуы;

D) 12 елі ішектің кабыгынын қабынуы;

E) Асқазан асты безінің қабынуы.

 

270.Қант диабетінің 2типiнiн даму себебі:

A) Панкреатит;

B) *Стресс;

C) Анемия;

D) Гепатит;

E) Гастрит;

 

271. Пиелонефрит дегеніміз:

A) *Бүйрек тостағанша – түбек жүйесі мен өзекшелерінің қабынуы;

B) Бүйрек шумақтарының қабынуы;

C) Бүйрек үсті безінің қабынуы;

D) Бүйрек денешігінің қабынуы;

E) Несепағар жолының қабынуы.

 

272. Бір минут ішінде пульстің саны тұрақты болуы қалай аталады:

A) Пульс қатаңдығы;

B) *Пульс толықтығы;

C) Пульс ырғағы;

D) Пульс жылдамдығы;

E) Пульс түрі.

 

273. Коллапстын естен тану мен шоктан айырмашылыгы:

A) * Естен тану болмайды

B) Кан кысымынын котерiлуi

C) Журек согысынын жиелуi

D) Дене кызуынын котерiлуi

E) Тыныс алуынын жиелуi

274.   Бауыр циррозын емдеу препараттары:

A) Витаминдер, диуретиктер;

B) *Ферментті дәрілер, гормондар, диуретиктер;

C) Антибиотиктер, диуретиктер;

D) Гликозидтер, гормондар;

E) Цитостатиктер.

275. Қандай аурудың негізгі себебі аллергия болып табылады:

A) *Бронх демікпесі;

B) Өкпе туберкулезі;

C) Өкпе абсцессі;

D) Пневмония;

E) Қант диабеті.

276. Бүйрек ауруларында диеталык стол:

A) Стол №4;

B) Стол №5;

C) Стол №8;

D) *Стол №7;

E) Стол №1.

 

277. Коллапста берілетін дәрілер:

A) Кофеин, эфедрин

B) *Кордиамин,кофеин, адреналин;

C) Коргликон , дигоксин;

D) Раунатин, адельфан;

E) Глюкоза, витаминдер;

 

278. Крупозды пневмонияның алгашкы белгілері:

A) *Қызудың көтерілуі, тотык тустi какырык;

B) Қан араласқан қақырықты жөтел;

C) Құлақ шулау, бас айналу;

D) Жүрек айну, құсу, ерiн мен мурында ушык шыгуы;

E) Көкірек тұсы ауруы ,iштiн ауруы;

 

279. Жедел гломерулонефрит дегеніміз:

A) *Бүйрек шумағының алғашқы рет иммунды негізде жайылма түрде қабынуы;

B) Бүйрек тостағанша түбек жүйесінің өзекшелерінің инфекция әсерінен қабынуы;

C) Жедел бүйрек шамасыздығы;

D) Созылмалы бүйрек шамасыздығы;

E) Пиелонефрит асқынуы.

 

280.  Несептің түнде бөлінуі:

A) Олигурия;

B) Анурия;

C) *Никтурия;

D) Полиурия;

E) Гематурия.

 

281. Қант диабеті ауруының негізгі белгілері:

A) *Қатты шөл пайда болуы;

B) Дене қызуының жоғарылауы;

C) Ентігу;

D) Нәжісте қан болуы;

E) Ұйқысыздық.

 

282. Лейкоз ауруында қанда кездесетін өзгерістер:

A) Лейкоциттің көбеюі;

B) Эритроциттің көбеюі;

C) *Бласт клеткаларының пайда болуы;

D) Лимфоцит санының көбеюі;

E) Лейкоциттер санының азаюы.

 

283. Ревматизм ауруының этиологиясы:

A) Пневмококк;

B) Стрептококк;

C) *А тобына жататын бета-гемолитикалық стрептококк;

D) Ішек таяқшасы;

E) Стрептококк.

 

284. Гастрит дегеніміз:

A) 12 елі ішектің кілегей қабығының қабынуы;

B) *Асқазанның кілегей қабығының қабынуы;

C) Асқазанда жара пайда болуы;

D) Асқазан қатерлі ісігі;

E) Асқазан асты безінің қабынуы.

 

285. Жүрек –тамыр ауруларында қолданылатын диета:

A) Стол 5;

B) Стол 8;

C) *Стол 10;

D) Стол 9;

E) Стол 7.

 

286. Гепатит дегеніміз:

A) Өт жолының қабынуы;

B) Өт қабының қабынуы;

C) *Бауыр тканінің жайылма қабынуы;

D) Бауырдың созылмалы ауруларының соңғы сатысы;

E) Өт жолы дискенезиясы.

 

287. Миокард инфарктісі дегеніміз:

A) *Жүректің бір немесе бірнеше некроз пайда болуы (өлі еттенуі);

B) Жүрек тұсының ұстамалы ауруы;

C) Жүрек бұлшықетінің жедел және созылмалы зақымдануы;

D) Қан айналысы бұзылатын созылмалы ауру;

E) Жүрек бұлшықеті қабынуы.

 

288. Сырылдың пайда болу орны қайсы:

A) *Үлкен бронхтарда;

B) Орташа бронхтарда;

C) Майда бронхтарда;

D) Альвеолаларда;

E) Көмейде.

 

289. Цианоз дегеніміз:

A) Терінің қызаруы;

B) Терінің бозаруы;

C) *Терінің көгеруі;

D) Терінің кебуі;

E) Терінің ісінуі.

 

290. Микробтың негізгі резервуары болып табылатын ішек:

A) Аш ішек;

B) *Тоқ ішек;

C) Тік ішек;

D) Соқыр ішек;

E) 12 елі ішек.

 

291. Созылмалы пиелонефритте инфекциянын негізгі ену жолдары:

A) Лимфогенді;

B) Гематогенді;

C) *Урогенді;

D) Бронхогенді;

E) Ауа тамшы арқылы.

 

292. Гломерулонефритке қай жастағы адамдар шалдығады:

A) 25-30;

B) 30-40;

C) *15-30;

D) 25-35;

E) 10-15.

 

293. Қант диабетiнiн кандай типiнде инсулинмен емдеудi кажет етедi

A) *1 типiнде

B) 2 типiнде

C) 1 және 2 типiнде

D) типiне байланысты емес

E) Тек кана ауыр турiнде

294. Қант диабеті ауруына берілетін дәріні ата:

A) Антоцидтер;

B) Ферменттер;

C) *Инсулин;

D) Гликозидтер;

E) Адреноблокаторлар.

 

295. Гипертензия дегеніміз:

A) Қан қысымы төмендеуі;

B) Ауыз құрғауы;

C) Бас айналу;

D) *Қан қысымының жоғарылауы;

E) Естен тану.

 

296. Кофеин препараты қай ауруда қолданылады:

A) Лейкозда;

B) *Коллапс;

C) Қан қысымы көтерілгенде;

D) Пневмонияда;

E) Бүйрек шамасыздығында.

 

297. Ревматизм этиологиясы:

A) Кох таяқшасы;

B) Пневмококктар;

C) *Бета-гемолитик стрептококк А тобы;

D) Стафилококк;

E) (Саңырауқұлақтар) микоздар.

 

298. Көк бауыр өлшемінің ұлғаюы:

A) Кетонурия;

B) Глюкозурия;

C) Созылмалы нефрит;

D) *Спленомегалия;

E) Бауыр цирозы.

299. Энтероколит дегеніміз:

A) Асқазан безі қабынуы;

B) Бауыр қабынуы;

C) *Ащы және тоқ ішек қабынуы;

D) Тік ішек қабынуы;

E) Қызыл өңеш қабынуы.

 

300. «Аллергиялық реакцияға» қарсы қолданылатын дәрі:

A) Анальгин, димедрол

B) *Димедрол, диазолин, супрастин

C) Глюкоза, аскорбин қышқылы

D) Аскорбин қышқылы, липой қышқылы

E) Новокаин, лидокаин

 


Дата добавления: 2018-05-09; просмотров: 1866; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!