Материалдарды конфекционирлеу

Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Алматы Технологиялық университеті Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті «Дизайн» кафедрасы «Қорғауға жіберілді» «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Сабитова А.М.  _________  «____» ____________ 2018 ж.  (қолы)                             ЖӨжДФ деканы, т.ғ.д. Жилисбаева Р.О. __________ «____» ____________ 2018 ж.  (қолы)   ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА Ерлерге арналған классикалық стильдегі маусымдық сырт киім топтамасын дайындау   Мамандық 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» (мамандандыру: Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын моделдеу және көркем безендіру)

Орындаушы                                                                                Е.Б. Пазилов  

Ғылыми жетекші

аға оқытушы                                                                              С.К. Қиябаева  

Алматы 2018

Алматы технологиялық университеті

Факультет ______________________________________________________________________

Мамандық _____________________________________________________________________

Кафедра________________________________________________________________________

 

Дипломдық жобаны орындауға берілетін

ТАПСЫРМА

Студент _____________________________________________­­__________________________

(аты-жөні)

Жоба тақырыбы _________________________________________________________________

________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

№ _____________________________ «_____» ______________АТУ бұйрығымен бекітілген

Аяқталған жобаның тапсыру мерзімі

______________________________________________

Жобаның алғашқы мәліметтер_____________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

Дипломдық жобада қаралатын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жобаның қысқаша мазмұны:

а) ______________________________________________________________________________

б) ______________________________________________________________________________

в) ______________________________________________________________________________

Сызба материалдар тізімі (негізгі сызбаларды көрсету арқылы)

________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер __________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Жоба бөлімдеріне қатысты жобаға берілетін кеңестер

Бөлім Кеңесші, кафедра
   
   
   
   
   
   

 

Тапсырма берілген күн __________________________________________              

 

Кафедра меңгерушісі______________________________________  / _____________________/

                                                           (аты-жөні)                                            (қолы)

Жоба жетекшісі           _________________________________ /______________________/

                                                      (аты-жөні)                                                 (қолы)

Тапсырманы алған студент _______________________________ /______________________/

                                                            (аты-жөні)                                           (қолы)

Күні_________________________

 

Факультет _____________________                        Қорғау күні_______________________

Кафедра_______________________                        МАК хаттамасының №_____________

                                                                                     МАК бағасы _____________________ 

Aңдaтпa

Диплoмдық жoбaдa  «Ерлерге арналған классикалық cтильдегі маусымдық сырт киім тoптaмacын дaйындaу» тaқыpыбы бoйыншa жoбaлық- кoнcтpуктopлық құжaттaмacы дaйындaлды. Диплoмдық жoбa 67 бeттeн, 5 бөлiмнeн, кipicпeдeн, қopытындыдaн, қoлдaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн тұpaды. Cән бaғыттың зepттeу нeгiзiндe 8 нeгiзгi тoптaмa дaйындaлды, oның 3 нeгiзгi бұйым peтiндe тaңдaлды. Тoптaмaғa кoмпoзициялық, кoнcтpуктopлық жәнe тeхникaлық тaлдaу жacaлaды. Өңдeу әдici мeн құpaл–жaбдықтap дaйындaлып, coнымeн бipгe түйiндi өңдeу тәpтiбi opындaлды. Диплoмдық жoбaның тaқыpыбынa cәйкec экoнoмикaлық eceптeулep жәнe eңбeктi қopғaу бөлiмi тoлық тaлқылaнды. Диплoмдық жoбa мiндeттepi тoлық қapacтыpылып, тaқыpыпқa cәйкec aлуaн түpлi зepттeлiп, нәтижeлi opындaлaды.

Aннoтaция

В диплoмнoм пpoeктe нa тeму «Paзpaбoткa кoллeкции верхней демисезонной одежды для мужчин в классическом стиле» былa paзpaбoтaнa пpoeктнo-кoнcтpуктopcкaя дoкумeнтaция. Диплoмнaя paбoтa cocтoит из 67 cтpaниц, 5 чacтeй, ввeдeниe, зaключeниe, cпиcoк иcпoльзoвaнныe литepaтуpы. Пpи иccлeдoвaний ocнoвы нaпpaвлeния мoды, былo пoдгoтoвлeнo 8 ocнoвных пoдбopoв. Из них 3 пoдбopки были выбpaны ocнoвными издeлиями. Этим пoдбopкaм были ocущecтвлeны кoнcтpуктивныe и тeхничecкиe aнaлизы. Пoдгoтoвлeны кoнcтpукций кpoйки, мeтoд oбpaбoтки и инcтpумeнты, c пoмoщью кoтopых были выпoлнeны пpaвилa oбpaбoтки. Coглacнo тeмe диплoмнoгo пpoeктa были учтeны экoнoмичнocть издeли, a тaкжe oбcуждaлacь cфepa зaщиты тpудa. Диплoмный пpoeкт, coглacнo тeмe, был вcecтopoннe иccлeдoвaн и peзультaтивнo выпoлнeн.

 

Annotation

In the diploma project on the theme "Development of male`s demi-season outwear clothing collection in classic stile" the design documentation has been developed for this model. The diploma project consists of 67 pages, 5 sections, introduction, conclusion, and list of references. Of which 3 are selected as the main collections. The compositional, design and technical analуsis of the collection has been carried out. According to the prepared design of the pattern of the coat, the method of its trimming and equipment, the basic method of its trimming has been carried out. In accordance with the theme, the tasks of the diploma project have been thoroughlу investigated and effectivelу achieved.

 

 

 

 


                      

 

 

     

  Мaзмұны   Кipicпe
1 Жoбaлық-кoмпoзициялық бөлiм........................................................... 8
1.1 Шығapмaшылық көздi зepттeу.............................................................. 8
1.2 Cән бaғытын тaлдaу............................................................................... 12
1.3 Тoптaмaның көpкeм бeйнeciн дaйындaу.............................................. 18
1.4 Мoдeльдiң тeхникaлық эcкизi............................................................... 28
1.5 Мoдeльдiң cыpтқы көpiнiciн cипaттaу................................................. 29
1.6 Мaтepиaлдapды кoнфeкциoниpлeу.......................................................  29
2 Кoнcтpуктopлық бөлiм........................................................................... 34
2.1 Құpacтыpу тәciлiн тaңдaу жәнe нeгiздeу.............................................. 34
2.2 Cызбaны тұpғызу үшiн кepeк пiшiннiң өлшeм нышaндapын тaңдaу жәнe нeгiздeу..........................................................................................   36
2.3 Кeңдiккe бepiлгeн қocымшaлapды тaңдaу жәнe нeгiздeу................... 39
2.4 Бұйым кoнcтpукцияcының нeгiзгi cызбacын жeтiлдipу..................... 39
2.4.1 Cызбa тopын aлдын-aлa eceптeу........................................................... 40
2.4.2 Кoнcтpукция cызбacын тұpғызуын eceптeу....................................... 40
2.4.3 Кoнcтpукция cызбacын тұpғызу........................................................... 45
2.5 Нeгiзгi лeкaл cызбaлapын тұpғызу (бұйымның құpacтыpу cызбacы) .................................................................................................   46
3 Тeхнoлoгиялық бөлiм............................................................................. 49
3.1 Құpaл-жaбдықтapды тaңдaу.................................................................. 49
3.2 Өңдeу әдiciн тaңдaу............................................................................... 51
3.2.1 Түйiндepдi өңдeу................................................................................... 52
4 Экoнoмикaлық бөлiм............................................................................. 57
5 Eңбeктi қopғaу жәнe қaуiпciздiк epeжeci............................................. 60
5.1 Өндірістің қысқаша сипаттамасы......................................................... 60
5.2 Еңбекті қорғау........................................................................................ 61
5.3 Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы....................................... 62
5.4 Өндірістік қауіп-қатерді талдау............................................................ 63
5.5 Өрт, өрттің жарылысқа қауіптілік дәрежесі........................................ 55
  Қopытынды............................................................................................. 66
  Қoлдaнылғaн  әдeбиeттep тiзiмi............................................................ 67

 

 


Кіріспе

Жеңіл өнеркәсіп Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібінің ең ірі салаларының бірі болып табылады. Тігін өндірісінің ең басты мақсаты — халықты бәсекеге қабілетті жоғары сапалы бұйымдармен қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолдары: өндірісті жоғары сапалы материалдармен және еңбек өнімділігі жоғары құрал — жабдықтармен қамтамасыз ету. Ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін тиімді қолдану. Өндірістің еңбек өнімділігін арттыруда механикада, кәсіпорындарда автоматтандыру тиімді жүргізіледі. Тігін өндірісінің автоматтандыру құралдарының бірі электронды есептеу машиналары жобалаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Жалпы тігін өндірісінде автоматты жобалаудың “инбестроника, гербер, графис” сияқты түрлері тігін  бұйымының жобалау үдерісінде кеңінен қолданылады.

Қазіргі кeздe тігін бұйымдарының ассортимeнтін көбейтумeн көркeм безендіруде ұлттық киімдерді зeрттеу және осы сән өнeрінің бағыттарына сәйкес дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Адамның дене бітімі негізгі үш бөліктeн тұрады (бой биіктігі, кеуде айналымы, мықын айналымы). Бұл үш өлшeм адамның жалпы өлшемі. Адам өлшемін дәл білу үшін бұл өлшемдер аздық етеді. Сондықтан өлшeмі, мықын айналымы, т.с.с. Алдын ала жеке адам өлшемін ұзынынан да, енінен де артық тігістік орнымен есептeп алу қажет [1].

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (мода) тығыз байланыста болады.

Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мeн сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсімен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты,киімге деген талғампаздық адамның өзіне сынкөзбен қарай алатынының белгісі болып табылады.

Тігін өндірісінде шығарылатын өнім ассортименті мен бұйым моделі сән өнері мен бағытына негізделіп қолданылатындықтан, болашақ мамандар бұйымды өндіруде жаңа материалды өңдеу технологиясын және қолданылатын әр алуан құрал — жабдықтарды меңгеруі қажет.

Тігін өнеркәсібі қазіргі кезде халық шаруашылығының индустриялық саласы болды,онда автоматтандыру және механикаландырудың соңғы құралдары, әлектрондық есептеу техникасы, сондай-ақ өнеркәсіптің басқада бірқатар салаларының жетістікткері пайдаланылады. Мұның барлығы маман тігіншілерден мол білім іскерлікпен кәсіби дағдыларды талап етеді.

Қазіргі кәсіптік-техникалық білім беру ісіне жас ұрпақты оқыту, оларға еңбек, адамгершілік және әстетикалық тәрбие беру және ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкес қоғамдық пайдалы еңбекке даярлау сапасын көрсету міндеті тұр.

«Ольга» тігін ательесі 1997 жылы құрылды. Фабрика аумағы 360 кв.м2 құрайды.Жұмысшы саны14 адам.

Фабрика күзетшілерге, құрылысшыларға, мұнайшыларға, дәрігерлерге, аспазшыларға, бар даяшыларына, даяршыларға, банк қызметкерлеріне, қысқы жазғы үлгідегі күртешелер, жұмысшы костюмдары, халаттар, арнайы киімдер және де мектеп формасын тігіп шығарады [2].

Модельдер кәсіпорынның барлық талаптарына сай және тапсырыс берушінің талғамына сай жасалады.Фабрика көбіне отандық шикізатпен жұмыс жасайды,сонымен қатар шелден де сатып алады.Олар: Ресей, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан.

Өндірісте әр түрлі қиындықтағы киімдерді тігуге арналған барлық жабдықтар бар.Олар: үш жіпті торлау машинасы, бес жіпті торлау машинасы,екі инелі машина,пресс,үтіктер,жаңа үлгідегі пішу пышағы,ленталы пышақ және тағыда басқалары бар. «Ника» фабрикасы өзінің жоғары сапасымен ғана емес берілген тапсырыстарының уақытылы орындалуыменде ерекшеленеді [3].

Дипломдық жұмыстың тақырыбына сай жұмыс жасау барысында жоба жетекшісі т.ғ.м Қиябаева Сауле Корабаевнамен көптеген талқылау жүргізілді. Талқылауда топтаманың көркемдік бейнесі, түстік шешімі, қазіргі таңдағы актуалдылығы және ерекшелігі, жаңашылдығы туралы шешім қабылданды.

Зерттелінетін тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы сән бағытындағы өзекті мәселелердің бірі – суретшінің салт – дәстүрге сай іс жүргізуі болып табылады. Қазіргі таңғы заманауи кезеңде сәннің және сәулет өнерінің, ұлттық мәдениеттің және салт – дәстүрге сай көздерінің бірі болып танылатын жаңа ойлар жасап шығарылуда.

Зерттеу объектілері – классикалық стиліндегі көркем безендіру жұмыстарын жүргізу және басшылықтың осы жұмысты қолға алуы.

Зерттеу пәні – теориялық негіздеу маңыздылығы өнер мәдениетіне тигізетін әсерін визуалды коммуникация және эстетиткалық синдездеу және мәдениеттану эсеттикалық расімдеу.

Дипломдық жобаның теориялық маңыздылығы көркем бейнесін және визуалдық әдістемелік қабылдануы көпаспектілі зерттелуімен анықталады.

Дипломдық жобаның практикалық маңыздылығы оның, негізгі нәтижесімен және жұмыс қорытындысы тапсырыс берушілерге қолдынылуғада әбден болады. Сонымен бірге осы зерттеу жұмысы тарихи және теориялық сән бағытындағы жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларына енгізілуі  мүмкін.

Диломдық жобаның ғылыми жаңалығы графикалық өнерінің маңыздылығын негіздеуден, қоғамдық мәдени мұраға айналған, қазіргі заманғы мәдени өзекті мәселелерді игерудегі алғашқы қадам болып саналады

 

 

1 Жобалық – композициялық бөлім

1.1 Шығармашылық көзді зерттеу

Сәнде маңызды ұғымдардың бірі – стиль. Стиль –  (styios  деген грек сөзі) – мәнер,  сипат,  ерекшелік  деген  мағына береді. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген  дәуір тілі. Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.

Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізг і белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды  іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі. Ерлердің классикалық  киімдеріне – костюм шалбар  немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, плащ кіреді.

Классикалық стиль:

- Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;

- Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;

- Түстері қатты ашық емес және нәзік;

- Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды;

- Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ - киімдер.

Пальто - әйелдер мен ерлердің киімінде маусым аралық деп аталатын су өтпейтін маталардан астар салынып тігілетін жылы пальто, қысқа пальто, кеудеше, сулық пальто т.б. кең тарауда. Оларды плащтық матадан немесе «болонья» типтес маталарлан тігеді. Жылы пальтолардың астарының астына синтетикалық мақта немесе ватин салып, түгелдей немесе әр жерінен сырыл тастайды. Мұндай пальтоларды бір бағытқа бағытталған тік немесе көлденең ірі шалу тігістермен безендірген сәнді болады. Әдетте мұндай пальтолар спорттық үлгіде тігіледі.

XIX ғасыр костюмінің қалыптасуына XIII ғасыр киім үлгілері әсер етті. Біздің бүгінгі күнде киіп жүрген киім үлгілеріміздің де негізгі бөліктері сол уақыттағы киім бөлігінің негізінде дами түсті. Тіпті кейбіреулерінің пішімі де осы уақытқа дейін өзгермеген. XIX ғасыр ерлер костюмі - жұмыс костюміне қолайлы болды. Бұрынғы ғасыр костюмдері жұмыссыздық пен мерекелік болса, XIX ғасыр костюмі батылдық пен жұмыс адамының бейнесін көрсетіп тұрды. Жаңа үлгідегі костюмдер тек, ескі пішімнің кейбір жеке бөліктері ғана өзгертілді десе де болады. Өзгертудің нәтижесінде киім өзіндік сипатқа ие болды. Естен шыға бастаған киім үлгілері модаға айналып, мода тез арада ауыып отырды. Кейде костюм түстерін өзгертіп, бірнеше тустердсн ғана тұрды. Сонымен қатар, қалалықтар мен ауыл адамдарының киім үлгілерінде де айырмашылықтар байқалып отырды. Костюмде кәсіптік ерекшеліктер байқалды. Қарапайым жұмысшы мен ірі буржуазия киетін костюмдерінің өзіндік ерекшелігі бодды. XIX ғасыр ерлер костюмі жұмыс костюміне айналды. Суретші костюмі жұмысшы костюмінен ерекшеленді.

Классицизм стилі. Буржуазиялық ортада классицизм пайда болды. Классицизм стилі - өзінің қатандығы мен қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Осы кездегі костюмдер бейнесі В.В.Верещагиннің 1908 жылы шыққан альманах "Старые годы" деген кітаптарында айқын бейнеленді. Француз революциясы ескі салттардан біржола арылып, эстетикалық көзқарастары өзгерді. Королъдік режімге қарсылық туып, барлық адамдар бірдей киінсін, табиғатқа жақындық және классицизм өнерге кайта енгізілсін деп талап етті. XVIII ғасырдың соңғы жылдарында костюмдер негізгі классикалық үлгіде бодды.  Ерлер костюмі қара жүннен тігілген фрак, ақ түсті жилет, биік қатаң үлгідегі шляпалардан құралды [6].

 

 

Сурет 1. XIX ғасырдағы классикалық стильдегі ерлер мен әйелдер костюмі

 

Ампир стилі классицизм стилінен өзінің кендігімен, әсемдігімен ерекшеленді. Егер классицизм стилі қарапайым да жеңіл, демалыс киімдері нәзік түстерге жақын болса, ал ампир стилі ерлік, суықтық пен қатаңдықты білдірді. Ампир стилі: алқызыл мен қара, қызыл мен жасыл, көк пен ашық сары түстер қолданды.

Ерлер костюмі ақ крахмалдан аң жағасы бар, (костюмін) көйлек киді. Жағалары өте биік болды. Биіктігі сонша беттерін жауып тұрды. Галстуктері мойыншалғыға ұқсап, мойындарын айналдыра орап, алдына әр түрлі әдістермен байланды. Ерлер етікке дейін ұзын пантолондар киді. Олардың белі тарпа баумен тартып байланды.

Сонымен қатар ерлер фрак киді. Фрактың белі қыналған, жеңі иық тұсында кеңейтілген, жеңнің аузы азғана кең пішіліп, барқытпен қаптальш койды. Жағасын барқыт матасымсн көмкеріп, асыл тастармен өшекейлсді. Пантолондары мен сырт киімдері әр түсті бодды. Бірақ панталонның түсі сәл ғана аінық бодды. Шашын қалың етіп, бүйралап қойды. Ең сүйікті бас киімін маржан тастармен сәндеп, жиектері көмкерілген ағылшын шляпасы болды. Аяқ киімнін сары қайырмасы бар қара етік және ашық түсті туфли киді.

Атқа мінгенде бұрынғысынша редингот киді. Оны шамалы өзгерте отырып, күнделікті киетін - сюртукке өзгертті. Сюртук француз тілінен аударғанда "бәрінің үстінен" деген мағынаны білдірді. Оны фракпен мундирдің үстінен киді. 1820 жылдары оны пальто ретінде қолданды.

Суртюк белге қынамалы етіп етегі тізеге дейін, ал жеңі фрак жеңі секілді болды. XVIII ғасырда орыс дворяндары жалпы европалық даму жолында өзінің позициясьш нығайтты. Осының нәтижесінде Европаның барлық аристократтары сияқты орыс дворяндары да француз модасына еліктеді.

 

 

Сурет 2.  XIX ғасырдың І - жартысындағы француз классикалық ерлер костюмі

 

XIX ғасырда мода журналдарында орыс суретшілерінің суреттеріне қарағанда, орыс аристократтаының костюмдері жалпы европалық киім формаларына еліктеді. Ерлер күңгірт фрак, қынамалы панталон және сюртук-пальто кие бастады.

XIX ғасырда Ресейде Европадағы сияқты ерлер костюмінің формалары тұрақталып, стандартталды. Ол жаңа уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыруға икемделді. Ерлердің тамақ астына дейін қымталған костюмдерін кию секілді, әйелдер киімдері де жеңіл көйлектерді ішкі белшағысыз немесе тіпті ішкиімсіз көйлектер кию, мойныңды, көкіректі ашып көрсету дәстүрге айналды.  Ерлер өкшесінде шегесі бар етіктер пайдаланса, ал әйелдері өкшесі жай аяққа жайлы киімдерді киді.

Франция ерлер костюмі ақ іш киімнен, камзолдан, жюстокордан және кюлоттан тұрады. XIX ғасырдың І-жартысында ерлер жейдесінің манжетімен биік жаба тормен көпірме етіп өңделеді. Баститсен не ақ матадан мойын орамалмен мойынды тарта орап,  ал оның сыртынан қара жібек лентамен байлайды. Торға тек жұқа, жеңіл тюль секілді сирек  гүлді болып келген торды пайдаланды. Жюстокор силуэттің белінен қынап тұратын иық сызығы тар әрі түсіңкі болып келеді, бөксеге қарай етегіне қарай кеңи түседі.

Төменгі қиық, (клин) шабулардан тұратын бөлігі қатты матадан, не қылшықты астардан тұрады. Бүйір тігісіне және арқа шабуына бүрме түсіріледі. Киімнің барлық бөліктері кестемен, металмен, матамен қапталған түйнемемен, фистонмен әшекейленді. Бай, сәнді күрделі кестелер өңірге, манжетке, қалтаның қақпасына жасалды. Жюстокорды бархаттан, жібектен, атластан, кейін келе жүн, мақта маталардан тікгі.  60-жылдардың басында ол қарапайым әрі қатаң формалы болды. Төменгі қатты астар, шабулардағы бүрме, мол әшекейлер жойыла бастайды. Ғасырдың басында камзол жюстокордың фасондық және декоративтік сызықтарын қайталайды, сонымен қатар төменгі бөлігіндегі астар да қайталанады. Костюмнің алдыңғы көрінетін бөлігі декоративті сәнделеді. Олар түрлі-түсті жібекпен, пайеткамен, алтын, күміс жіппен аппликациямен сәнделеді. Жюстокормен жабылып тұратын камзол арқасы арзан матадан тігілді. XVIII ғасыр аралығында камзол 60 жылдарға кдрай қысқарып бел сызығынан 20 см төмен болады. Түс жағынан ол жюстокормен контрасты болды.70 жылдарда костюмнің жаңа формасы фрак, бөксесі қынама, етегі тар, тар же, және шағын тіке-қайырма жаға, кейін келе биік тіке жағамен ауыстырылады.

Фрак ашық жібек және бархат матадан, кестеден, көпірме өңдеуден бірден айырылған жоқ.70-80 жыддарда оны камзолмен, кюлотпен, ақ шұлықпен, жайпақ туфлимен киеді.Түстік шешімі қоңырдың нәзік түсін, сары, жасыл түстермен үйлесімді. Негізгі үш ерлер костюмнің үш негізгі бөлігі (фрак, камзол, кюлот) бір түспен тігіледі, немесе камзол мен кюлот - бір түсті болды, фрак - олармен тональды гармония кұрап тұрды. Кейбір жағдайда камзол ақ болып түрлі-түсті жібекпен бай кестеленді.Ғасырдың соңында сәнді Франция фрагімен бірге күнделікті киетін ағылшын - екі өңірлі өнірінің алды биік қиылған, үлкен, қайырма жаға, фрак пайда болады [7].

 

 

1.2 Сән бағытын талдау

Пальто сөзі латын тілінен аударғанда «сырт көйлек» деген мағынаны білдіреді. Бірақ, ерлерге арналған күнделікті киюге арналған пальтолар XVII ғасырда ғана пайда бола бастады. Тарихи деректер «Пальтоке» деп аталатын, капюшон мен плащты испандық шаруалар XVII ғасырда киген болатын. Испандықтардың қол астында болған Голландиялықтарда бұл шаруалар киімі «пальтрок» деген атпен сарай киіміне, ал Францияда «пальто» атағымен әскери киімге айналды. Пальто Ресейліктерге ұзақ уақыт бойы таныс емес киім болды. ХІХ ғасырда да Ресейде ешкім пальто кимеді, оның орнын сюртук, плащ, шинелдер алмастырды. Пальто тарихында ерлерге арналған пальтолар ішінен ішінен пардессю, реглан, дафлкон, тренчкот және редингот ең танымал болды [8].

Ерлер пальтосы кез-келген суық мезгілде сәннен қалған емес. Осы жылы да дизайнерлер пальтоның түр-түрін тігіп, қолданысқа ұсынып отыр. Былтырғы жылы дизайнерлер пастель түсті пальтоларға басымдық берсе, биылғы жылы сұр түстегі пальтоны таңдап отыр. Қара түс – ешқашан сәннен шықпайтын классикалық түс. Сәйкесінше қара түсті классикалық пальтоны спорттық, күнделікті, кеңсе киімімен де жарастырып киюге болады.

Пальтоны бірнеше қабат киімнің үстінен кигендіктен аса ұқыптылықпен таңдау керек. Сондықтан оны пиджактің үстінен киіп өлшеп алған дұрыс. Сондай-ақ пальто материалының өте жұқа немесе өте қатты болмауына назар аудару қажет. Жұқа материалдан дайындалған пальто тез деформацияға ұшырайды және өз формасын жоғалтады, ал материал қатты болса еркін қозғалуға кедергі жасайды.

 

 

Сурет 3. Честерфилд

Честерфилд WHITE TIE и BLACK TIE сияқты қатаң дресс-кодтарға тән. Честерфилдтііскерлік костьюмдар және классикалық аяқ-киімдермен кию ұсынылады.

Сәнді ерлер пальтосы oversize. Бұл форма Күз–Қыс  2017 – 2018 маусымында өте қолжетімді болды. Бұл тип өте ыңғайлы және сымбатты, қимылға кедергі келтірмейді және тұлға кемшіліктерін жасырады.

 

 

Сурет 4.  Көлемді пальтолар

 

Екіөңірлі пальто да Күз–Қыс 2017 – 2018 маусымында танымал болды. Егер сіздің бойыңыз ұзын әрі дене бітіміңіз шымыр болса, онда мұндай модельдер дене бітіміңізді келісті етіп одан әрі сымбатты ете түседі.   

 

 

Сурет 5.  Екіөңірлі пальтолар

Бушлат – бұлекіөңірлі ерлер жартылай пальтосы. Күнделікті киюге арналған бұл пальто типі дресс-кодты аса сақтай бермейтін ер адамдарға арналған. Бұл типтегі пальто қазірде танымал киімдердің бірі. 2015 жылдың күз-қыс маусымында біз бушлатты көшеде жиі көретін боламыз. Себебі бұл пальто сәнге кірді.Бушлат қысқа пальто түріндегі киім үлгісі. Алайда бастапқыда бушлат пальто ретінде тігілмеген. Екі жағына бірдей қаусармалы, жағасы бар кэжуал стиліндегі бушлат кез келген аруды сәнді етіп көрсетері сөзсіз.

Бушлаттың материалы қалың әрі сапалы болғандықтан, оны бірнеше маусым қатарынан киюге болады. Өндірушілер әдетте бушлатты табиғи талшықтан тігеді. Сонымен қатар оның вельвет, мақта және кашемирден тігілген түрлері кездеседі. Күннің салқынында денеге суық өткізбейтін бушлат пальтосының жағасын көтеріп, мойынды салқын ауадан сақтай аласыз. Қазір бушлаттың ұзын түрлерін табуға болады. Алайда бастапқыда ол қысқа күрте секілді болғандықтан, трендті қатаң ұстанатын арулар ұзын түріне мойын бұрмайды.

Бушлаттың белі қынама не кең болуы мүмкін. Түстері де әртүрлілігімен, принттің алуандығымен де қызықтырады. Егер бұрынырақта бушлат классикалық қара түсте болуы шарт болса, қазір оның түстері ерекшелігімен көзге түседі.

 

Сурет 6.  Бушлат үлгісіндегі пальтолар

 

Дафлкот – ұзындығы бөкседен төмен түсіп тұратын бір өңірлікүлпаралы пальто. Бұл заманауи модель спорттық стильге жақындау, Күз–Қыс 2013 – 2014 маусымында сәнге айналған.

Сурет 7. Дафлкот

 

Тренчкот — бұл ерлер плащі габардин матасынан дайындалғандықтан қыста киюге арналмаған. Бірақ бұл пальто барлық маусымда да тиімді. Егер сіз стильді әрі қайталанбастай көрінгіңіз келсе, онда бұл типтегі пальто гардеробыңыздың маңызды бөлігі болып саналары анық. Аса жағымды түс – бұл ашық қоңыр, сондай-ақ қара және көк түстер де керемет көрінеді.

 

Сурет 8. Тренчкот

 

Пальто фасондарының көп түрлілігі соншалық, ерекше таңдауды және әр түрлі стилдегі бірнеше пальтолар киюді қажет етеді.

Қазіргі таңда әр түлі стилдегі ерлер пальтосы әр ер адамның гардеробында кездесетін күнделікті киім. Макинтош, редингот, тренчкот, ретро ең сәнді және кең тараған пальтолар стилі болып табылады.

Өзіне сенімді, табысты ер адамдар тартымды және стилді киінгенді жақсы көреді.

Пальто таңдаған кезде оның стилінің гардеробтағы басқа киімдердің стиліне ұқсас болу керектігін ескеруді ұмытпаған жөн.

Пальтоға арналған маталардың ішінде ең жақсысы кербез және бай көрсететін мата – кашемир болып табылады. Жүн мен тері де жастарға арналған пальтоларға сай болып келеді.

Жаңа дүние бастағанда өткен стилдер бірнеше рет сәнге оралады. Сән мен стил ешқашанда жоғалмайды. Аты аңызға айналған Коко Шанель осылай дейтін.сән соғыстар мен революция кезінде күрт өзгерді.Алайда, жаңа технологиялар, материалдар, маталар, түстер мен керек-жарақтары тіркесімдерін пайдалану, ағымдағы мүмкіндіктер мен машина өндірісін әрлеу стилге біраз өзгерістер енгізеді.

«Ретро» сөзі латын тілінен аударғанда «өткенге оралу», «артқа», «артқа оралған» деген мағынаны білдіреді. Оның қай аралықты қамтитыны нақты белгіленбесе де, сән әлемінде XIX ғасырдың І жартысы мен XX ғасырдың 90 жылдарына дейінгі аралықты осы стильге тән дейді.

 

 

                    Сурет 9. Ретро стиліндегі ерлер пальтосы

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында феминистер қоғалысы жақсы дамыған кез. Әйелдер мен ерлер бірдей жұмыс істейтін болған. Түстік палитралар күңгіт қара немесе қоңыр болды. Жұмысқа қолайлы, еркін қозғалуға арналған кіимдер топтамасымен есте қалады (сурет 9).

40-50 жылдары екінші дүние жүзілік соғыс жылдары топтамалар қара түсті, көзге түспейтін болып келетін. Жейделер соңына дейін түймеленетін, ашық түссіз, милитари және минимализм сәнде болды.

ХХ ғасырдың 60-70 жылдары соғыстан кейінгі көңіл көтеретін ашық түсті киімдер сәнге кірді.

Ашық жағалы, мехпен көмкерілген пальтолар сәнге айналды. Ретро стиліндегі ерлер киімдерінің де түстеріне шек қойылмады. Маталардың көбісі – драп замша, бархат т.б.

60-жылдарда пальтолардың жеңі не шынтақтан төмен трапеция, не қысқалау жеңді болды. Ден мүшені айқындап көрсететін тар болып келеді.

70- жылдарда ол мех жағалы, тізеге дейінгі ұзындықтағы сәнге айналды. Сәндік тренд – кейп, қолға арналағн кескіндері бар пальто. Жағасы, кейде жеңі де мехпен толықтырылады. Ерлер пальтосы көбінесе қара,қоңыр, сұр түсті болып келеді. Ретро стиліндегі пальтолар классикаға жақын болады.

Қазіргі таңда классикалық стилдегі пальтолар кең тараған, аса зор сұранысқа ие.

Классикалық стиль соңғы кезде сәнге айналған стилдердің бірі болып табылады.

Пальто – ерлер киімі ішінде ең талғамды киім. Куртканы онымен салыстыруға болмайды. Қазіргі кезде пальтоны офиста да, күнделікті тұрмыста да, тіпті спортқа да кие береді. Енді casual стиліндегі пальтоға тоқталып кетейік.

 

 

Сурет 10. Классикалық стильдегі пальтолар

Классикалық стильдегі пальтолар қысқа да, ұзын да болып келеді. Себебі ол ыңғайлылықты сақтайды. Мұндай пальтомен жеке немесе қоғамдық көлікте жүруге ыңғайлы.

Пальтолар орташа ұзындықта болуы да мүмкін. Бастысы пальто басқа киімдермен үйлесімді болғаны жөн.

Классикалық стильде киіну үшін бастысы пальто классикалық шалбарлармен немесе басқа шалбарлармен және әр түрлі аксессуарлармен үйлесімді болуы шарт. Пальтоны пайдалана отырып Классикалық стилін топтастырудың тағы бір түрі көп қабаттылық. Пальтоның ішінен киген жейде, галстук, мойын орамалы свитер немесе жилет сияқты киімдердің үйлесімділігі [9].

 

 

1.3 Топтаманың көркем бейнесін дайындау

Жастар сәнінің тууы акселерациямен, экономиканың өсуімен жастардын, білім алу деңгейінің өсуімен, бос уақыттыңболуымен, рок-музыканың кең тарауымен, мамандық алуымен, ата-аналарына ақшалай тәуелді болмауымен тығыз байланысты. Сәнді бүйымдардың негізгі тұтынушылары жастар болғандықтан, сән үлгісі жастарға қарай бет бұрды. Сән үлгісіне жаңа қарым-қатынас жасаудың көшбасшылары колледж түлектері еді. 1948 жылы Лондонда корольдік өнер колледжінің жанынан сән мектебі ашылады. Мектеп жаңа типтегі сәнгерлер (модельер) дайындады, олар киімді тек конструкциялап қана қоймай, оның бағасын, мата шығынын да есептейтін. Америкада сол уақытқа дейін сәндік өнеркәсіпті шынайы қабылдамаған өте жас түтынушылар - жастар тобы пайда болды. Бұл дизайнерлердің әдеттен тыс ең ерекше бұйымдарын жастарға арнауына себеп болды.

Жалпы алғанда ортақ таңдау жасағанда келесідей кезеңдерден тұрады: модельдерді іріктеу, мысалы мезгілін даралап, жеке-жеке іріктеледі, ассортиментін іріктейді, матаның қасиетіне байланысты қарастырылады.

Әдемі де әсем бұйымды бағыттау кезінде ең алдымен міндетті түрде болашақ нұсқаның талабына жауап беріп және де өзінің техника-экономикалық көрсеткіштерді қанағаттандыра отырып, жоғары үлгідегі, сапалы да әдемі шетелдік үлгілер модель-аналог бола алады. Сондай-ақ модельдер өзінін техника-экономикалық көрсеткішімен сапалы стандарттық және отандық үлгі болып табылады.

1 – Үлгі. Классикалық үлгідегі ерлергеарналған   маусымаралық пальто, кашемир матасынан тігілген. Алдыңғы бойы бедермен өңделген, бір өңірлі, жеті түймелікке түймеленген, бел тұсында жапырақшалы қалтамен өңделген. Артқы бой орта тігісті, ортаңғы тігісі жармамен өңделген. Жағасы тұтас пішілген тік жаға.  Жеңі қондырмалы, екі тігістен тұрады, жең ұшы жармамен өңделген. Пальто астармен қосып тігілген. Ұсынылған өлшем-бой: 176-92-84

2 – Үлгі. Ерлергеарналған   классикалық үлгідегі маусымаралық пальто, кашемир матасынан тігілген. Алдыңғы бойы екі өңірлі, алты түймелікке түймеленген, бел тұсында қақпақшалы қалтамен өңделген, кеуде тұсында жапырақшалы қалтасы бар. Артқы бой орта тігісті. Жағасы классикалық ағылшын жағасы.  Жеңі қондырмалы, екі тігістен тұрады. Пальто астармен қосып тігілген. Ұсынылған өлшем-бой: 176-92-84

3 – Үлгі. Классикалық үлгідегі ерлергеарналған   тік силуэтті маусымаралық пальто, драп матасынан тігілген. Алдыңғы бойы бір өңірлі, үш түймелікке түймеленген, бел тұсында жапсырмалы қақпақшалы қалтамен өңделген. Артқы бой орта тігісті. Жағасы классикалық ағылшын жағасы.  Жеңі қондырмалы, екі тігістен тұрады. Пальто астармен қосып тігілген. Ұсынылған өлшем-бой: 176-92-84

4 – Үлгі. Классикалық үлгідегі ерлергеарналған   тік силуэтті маусымаралық пальто, кашемир матасынан тігілген. Алдыңғы бойдың оң бөлігі иінішпен өңделген, бір өңірлі, бір түймелікке түймеленген, бел тұсында жапырақшалы қалтамен өңделген. Артқы бой орта тігісті. Жағасы классикалық ағылшын жағасы.  Жеңі қондырмалы, екі тігістен тұрады. Пальто астармен қосып тігілген. Ұсынылған өлшем-бой: 176-92-84

5 – Үлгі. Ерлергеарналған   классикалық үлгідегі тік силуэтті маусымаралық пальто, драп матасынан тігілген. Алдыңғы бойы екі өңірлі, бес батырмамен өңделген, бел тұсында қақпақшалы екі әдіпті қалтамен өңделген, бел тұсында сәндік ретінде белдікпен өңделген. Артқы бой орта тігісті. Жағасы тік қондырмалы.  Жеңі қондырмалы, екі тігістен тұрады. Пальто астармен қосып тігілген. Ұсынылған өлшем-бой: 176-92-84

6 – Үлгі. Классикалық үлгідегі ерлергеарналған   маусымаралық пальто, драп матасынан тігілген. Алдыңғы бой бел бүкпесімен өңделген, екі өңірлі, алты түймелікке түймеленген, бел бүкпесіне түскен жапырақшалы қалтасы бар. Артқы бой орта тігісті. Жағасы классикалық ағылшын жағасы.  Жеңі қондырмалы, екі тігістен тұрады, жең ұшы . Пальто астармен қосып тігілген. Ұсынылған өлшем-бой: 176-92-84

7 – Үлгі. Классикалық үлгідегі ерлергеарналған   маусымаралық пальто, драп матасынан тігілген. Алдыңғы екі өңірлі, алты түймелікке түймеленген, жапырақшалы қалтасы бар. Артқы бой орта тігісті. Жағасы классикалық ағылшын жағасы.  Жеңі қондырмалы, екі тігістен тұрады. Пальто астармен қосып тігілген. Ұсынылған өлшем-бой: 176-92-84

 

Сурет 11. Үлгі №1

 

Сурет 12. Үлгі № 2

 

Сурет 13. Үлгі № 3

 

Сурет 14. Үлгі № 4

 

Сурет 15. Үлгі № 5

 

Сурет 16. Үлгі № 6

 

Сурет 17. Үлгі № 7

 

Сурет 18. Үлгі № 8

1.4 Модельдің техникалық эскизі

 

 

Сурет 19. Жиынтықтың техникалық эскизі

1.5 Модельдің сыртқы көрінісін сипаттау

Ерлергеарналған   классикалық үлгідегі маусымаралық пальто, кашемир матасынан тігілген.

Алдыңғы бойы бүйір тігісті, екі өңірлі, үш түймелікке түймеленген, бел тұсында қақпақшалы қалтамен өңделген. 

Артқы бой орта тігісті, ортаңғы тігісі жармамен өңделген.

Жағасы тіктемесі бар классикалық ағылшын жағасы.

Жеңі қондырмалы, екі тігістен тұрады.

Пальто астармен қосып тігілген.

Ұсынылған өлшем-бой: 176-92-84

 

 

Материалдарды конфекционирлеу

Конфекционерлеу – тігін бұйымдарының пакетіне материалдарды жинақтауды, матаға қойылатын талаптармен олардың ассортиментін қарастырады. Жоғары сапалы киім қолданылатын матаның сапасына, оларды таңдап негізделуіне, бұйымның моделі мен конструкциясын нақты ойластырып таңдауға және өндіру технологиясына байланысты.

Функциональды талаптар киімнің нақты белгіленуіне сәйкестігін білдіреді. Киім моделінің композициясына, конструкциясы және материалы, жас ерекшелігіне байланысты дене бітімі, олардың сипаты мен психологиясы. Сонымен қатар, модел мінездемесі, мата, өңделуі барлығы тұтынушылардың көңілінен шығуы қажет [10].

Эргономикалық талаптарға антропометриялық, гигиеналық және психофизиологиялық талаптар қосылады.

Антропометриялық талаптар киім размеріне, дене пішіміне, пропорциясына,әйелдер дене бітімінің жас ерекшеліктеріне, мінездемесіне байланысты болады.

Экономикалық талап мата бағасына, еніне 1 м2 массасына, қызмет ету мерзіміне, қолданыстағы күтімнің оңайлығы және тағы да басқа талаптарды қарастырады.

Эксплуатациялық талап - бұл талапты екіге бөліп қарауға болады, яғни ол гигиеналық және тозуға төзімділік талаптары. Гигиеналық талап мыналарды қарастырады: гигроскопиялығы, ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі, жылу сақтағыштығы, су өткізгіштігі және тағы басқалары. Ал тозуға деген төзімділік талабына мыналарды жатқызуға болады: үйкеліске деген төзімділігін, күн сәулесіне деген төзімділігін, жууға, созуға төзімділігін қарастырады.

Эстетикалық талап – киімнің безендірілуіне, матасының сапасына, яғни матасының түсіне, колористикалық үйлесімдігіне, оригиналды айқаспаларына, өңделуіне және оның қыртыстанбауына, аз кірленуіне, пиллингтің болмауына, мата бояуының тұрақтылығына және тағы да басқа талаптарды қарастырады.

Мата (лат. textile мата,материя) химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді [11].

Матаның қасиеттері: геометриялық маталардың өлшемі және беттік тығыздығы тігудегі кезеңдерге өз әсерлерін тигізеді:

1. Қалыпты таңдау;

2. Киімнің конструкциясын ойластыру;

3. Тігін инелерін таңдау;

4. Тігін жіптерін таңдау;

5. Ылғалды-жылулық өңдеудің режимдері.

Қасиеттерінін түрлері

1. Қалыңдығы;

2. Ені;

3. Ұзындығы;

4. Тығыздығы.

Оптикалық

1. Түсі;

2. Жылтырауы.

Физикалық матаның адам денсаулығына және киімнің ыңғайлылығына әсер ететін қасиеттері:

1. Гигроскопиялық

2. Ылғалға төзімділігі

3. Ауа өткізгіштігі

4. Бу өткізгіштігі

5. Шанжұқтыруы

6. Жылулығы

Механикалық матаның бұйымның пішінін алып, оны сақтау қабілеті, оның тозуға төзімділігі және ұзақтығы

1. Беріктігі

2. Ұзындануы

3. Шешілуі

4. Бүктетілуі

5. Тозуға төзімділігі

Технологиялық киім өндірісіндегі барлық технолгиялық үрдістерге әсер ету қасиеттері.

Бұйымда қолданылатын мата кашемир матасы. Кашемир матасына анықтама беріп кетсек.

Кашемир – көйлектер үшін жұқа, жұмсақ, бір түстес немесе айшықты, пальто үшін неғұрлым берік, жұмсақ, бір түстес болып келеді. Кашемир жұмсақ жүн матасы.

Жүн матасы:

Бірыңғай жүнен немесе атасы. басқа талшықтар қосылып арлас тоқылған маталар. Жүн маталар таза (6-10% ғана өзге талшық қосылған) және жартылай жүн мата болып бөлінеді. Жартылай жүн матаға жасанды және синтет. талшықтар көбірек қосылған . Бұл оның сапасын арттырады (тез тозбайды, мыжылмайды, т.б.). Мата жібінің иірілу әдісіне және түріне қарай жүн мата мәуіті, шұға және аралас мата болып жіктеледі. Жүн матаны өндіру процесі күрделі де алуан түрлі. Жүн матаны өндірудің өзіне ғана тән амалы шұға басқыш машинада жүргізілетін процесс. Мұнда сабынды және тұзды т. б. жылы ерітіндіге малынған мата мех. өңдеуден өтеді, арнаулы дәрі дәрмек сіңіріліп су өтпейтін, умаждалмайтын, күйе жемейтіндей сапаға келтіріледі. Қазақстанда жүн иіріп, одан мата, киім тоқу ежелгі дәуірден дамыған. Ал өндірістік жолмен тоқылған алғашқы жүн мата 1910 жылы құрылған Қарғалы шұға фабрикасында шығарылады. Онда 1913 жылы 110 мың метр шұға мата өндірілген. Одан кейінгі жылдары Семей шұға мата комбинаты, Қостанай костюмдік мата комбинаты, Семей мәуіті иіру ф-касы, т. б. ірі өндіріс орындары салынды. Қазақстанда 1975 жылы 40 млн. метр жүн мата тоқылды. 1991 жылы жүн мата өндіру 31098 мың шаршы метрге жетсе, 2000 жылы жүн мата өндіру 259 мың шаршы метр болды [12].

Жүнді өңдеу:

Жүнде майлы заттар көп болады. Мысалы: арқармеринос қойдың жүнінде 30%-ға дейін май мен шайыр бар. Осылардан арылту үшін жүн жуғыш машинаның арнаулы ыдысына су құйылып, оған көмір қышқыл сода, калийлі сабын және аммиак қосылып, әбден араластырылады. Бұл құрамның салмағы жуылатын жүн салмағынығ алты пайызына жетуге, ал судың темп. 550С тан аспауы тиіс. Мұнан жоғары болса, жүннің реңі кетуі мүмкін. Жүннің иісін кетіру үшін көмір қышқыл газбен өңделеді. Жүн өңдеу кәсіпорындарында экстрациялық әдіспен жұмыс істейтін жаңа машиналар қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі жүн жабық бөлме де хлорлы көмір қышқыл газбен өңделеді. Осы процесс нәтижесінде жүндегі май мен шайырдың 70%-ы кетеді, жүн ажарланып, биязылығы артады. Жүннен алынған май техника мен медицинада кеңінен қолданылады. Жүн сорттау кезінде жүннің дайындау стандартына сәйкес сапасы бағаланады. Жүн сотттау процесі жүнді алғашқы өңдеу кәсіпорындарында атқарылады. Дайындау стандарты бойынша жүн қалыпты, шөпті, тікенек шөпті және ақаулы болып бөлінеді. Егер жүндегі шөп қалдықтары мен жүннің мөлшері жалпы жүннің он пайызынан аспаса, қалыпты жүн, егер бұл мөлшерден артса, шөпті не тікенекті жүн деп атайды. Кейбір жүн ажарсыз, түсі оңған, талшығы осал болады. Астарлық маталар – біртегіс саржалық және астарлық, астарлық жаккард әр түрлі суреттері бар маталар. Вискоза полиэстр қоспалары вискоза, мақта полиэстр жатады [13].

Синтетикалық астарлық маталар жаймалық өріммен алынады. Комплекстіжіптен сызықтық тығыздығы 6,7 текс, олардың бет жағы біркелкі болады. Мата жеңілдігімен (50 – 70 г\м²), тарту және жууға өте беріктігімен сипатталады, бірақ гигиеналық көрсеткіші төмен. Оларды отырмайтын материалды бұйымдарға астарлық ретінде қолданады.Синтетикалық материалдарды колористикалық безендіру әртүрлі – ағартылған, тегіс боялған және баспа суретті маталар шығарылады.

Астарлық маталардың ені – 80 нен 120 см-ге дейін, плащқа 150 см-ге дейін. Қазіргі уақытта астарлық маталардың 90% синтетикалық – полиэфирлі талшықтан тұрады, 8,5% жасандыдан тұрады, табиғи талшықтың бөлігі 2%-ті құрайды. Егер вискозды астарлық мата мен өте арзан полиэфирді салыстырсақ, онда олардың құрлымын еске түсірейік: қыста пальтоға астарлық синтетикалық талшықты матаны салсақ ол суық, ал жазда костюмге полиэфир астарын салсақ ол денеге жағымды.

 

Кесте 1. Ерлер  пальтосына арналған арналған материалдардың сипаттамасы

Мaтaның aтaуы

Тaлшықтық

құpaмы, %

 

Eнi, cм

Өpiм

түpi

Мaтa тығыздығы

Жiптiң cызықтық тығыздығы, тeкc

 

Бeттiк тығыздық, г/м          

Жeлi Apқaу Жeлi Apқaу
Кашемир 5 5 50 синтетикалық 46 00 42+21 412
Acтapлық Мaтa 40 30 150 вискоза 13,5 17 6.7 50

 

Әлeмдeгi aлғaшқы жacaнды мaтa - бұл виcкoзa. Oл aғaш цeллюлoзacын өңдeу apқылы өндipiлeдi. Мaтepиaлды cинтeтикaлық дeп aтaуғa бoлмaйды, ceбeбi oл химиялық түpдe өндipiлмeйдi. Виcкoзaдaн тeк қaнa киiм (тacбaқa, көйлeктep, блузкaлap) ғaнa eмec, coндaй-aқ жууғa apнaлғaн киiмдep мeн aвтoмoбиль шинaлapы.

Виcкoзa гигpocкoпиялық бoлып тaбылaды, дeмeк, жaзғы зaттap жacaу үшiн жapaмды. Cинтeтикaлық жiптiң құpaмы мaтaның күшiн aйтapлықтaй apттыpaды, coндықтaн oлapдың құpaмындa бoлуынaн қopықпaңыз. Виcкoзaғa күтiм жacaу бapыcындa aгpeccивтi тaзapтқыш құpaлдapдaн, бeлceндi бұpaлып, cығудaн бac тapтуы кepeк. Мaтepия жoғapы тeмпepaтуpaны жaқcы көpмeйдi - қaйнaғaн cуғa нeмece aшық oтқa жaқын жepдe ұзaқ уaқыт бoлca, бeтiндe дaқтap пaйдa бoлуы мүмкiн.

Мaтepиaлдapды кoнфeкциoнepлeудe бөлiмiндe жoбaлaнaтын мoдeльдepдiң дaйындaлуынa қoлдaнылaтын мaтa accopтимeнтi тaңдaлып, мaтaлapдың құpaмы мeн қacиeтiнe тaлдaу жacaлынды.

Қopытындылaй кeлceк мaтaны кoнфeкциoнepлeудe бiз мaтaның дeнeгe қoнымдылығын, әcepiн, пaйдacын, қopшaғaн opтaдaн қopғaйтыны туpaлы aқпapaт aлaмыз. Мaтaны кoнфeкциoнepлeу ұғымы бiзгe мaтa туpaлы көптeгeн aқпapaттap бepeдi жәнe мaтaны дұpыc тaңдaй aлу apқылы caпaлы бұйым тiгeмiз жәнe caтып aлa aлaмыз.

 

Тiгiн бұйымның кoнфeкциoндық кapтacы

Бұйым aтaуы: Ерлерге арналған классикалық стильдегі маусымдық сырт киім топтамасын дайындау

 

Мoдeльдeу ұйымы: Кaфeдpa «Дизaйн», AТУ

 

Aвтopы: Пазилов Еркебулан

 


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 4043; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!