Суреттер мен кестелерді ресімдеу мысалы

Азақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Қазақ-Орыс Халықаралық университеті     БЕКІТЕМІН ОӘЖ Проректоры __________________ Сулима С.В.   ӨНДІРІСТІК (ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ) ТӘЖІРИБЕНІ ӨТУ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ («Экономика және бизнес» бағыты)   1. Мамандық атауы мен шифры: 5В050700 – Менеджмент 2. Білім денгей: Жоғары білім (Бакалавриат) 3. Мамандану: Стратегиялық менеджмент, персоналды басқару 4. Оқу формасы: Күндізгі     Ақтөбе, 2016 Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибені өту бойынша бағдарлама және әдістемелік нұсқау («Экономика және бизнес» бағыты). Бағдарлама 5В050700 – Қаржы мамандығы студенттеріне өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибені өту нұсқаулығы ретінде арналған. Осы бағдарлама студенттің тәжірибе бағдарламасын орныдау туралы есебін және бақылау формасын, тәжірибе мазмұнын, мерзімін, мақсаты мен міндетін анықтайды. Бағдарламада өндіріс пен жоғары оқу орнынан тәжірибе жетекшілері мен тәжірибе өтуші студенттерінің міндеттері анықталған.   ҚҰРАСТЫРУШЫ: Кулумбетова Д.Б. – экономикалық ғылымдар кандидаты, профессор Абдрахманова А.А. –экономика магистры, аға оқытушы   МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ АУДАРҒАН: Нурмаганбетова М.С. – DBA, доцент   РЕЦЕНЗЕНТТЕР:      Сулима С.В. – экономикалық ғылымдар кандидаты, профессор Жунусов Б.А.– экономикалық ғылымдар кандидаты, профессор     Кафедра отырысында талқыланып, мақұлданды Хаттама №__ «____» ______________20___ жыл     Университеттің ОӘК бекітілуге ұсынылды Хаттама №__ «____» ______________20___ жыл   Мазмұны       1 Қолдану саласы 4 2 Жалпы ережелер. Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибенің бакалавриаттың МОБ құрылымындағы орыны 4 3 Білім алушылардың өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесінің мақсаты мен міндеттері 5 4 Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесінің өту тәртібі, нұсқау мен өтуді бақылау 6 5 «Экономика, менеджмент және сервис» кафедрасынан өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесі жетекшісінің міндеті 7 6 Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісінің міндеті 8 7 Тәжірибе өтуші студенттерінің міндеті 8 8 Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесінің құрылымы мен мазмұны 9 9 Есепті құжаттардың құрылымы мен мазмұны     9.1Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе күнделігінің құрылымы мен мазмұны 10   9.2 Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе есебінің құрылымы мен мазмұны 10   9.3 Тәжірибе есебін рәсімдеуге қойылатын талаптар 11 10 Қосымшалар 13   1. Қолдану саласы   Бағдарлама Қазақ – орыс халықаралық университетінде 5В050700 – Қаржы мамандығы бойынша өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибені ұйымдастыруға жалпы талаптарды бекітеді. Бағдарлама студенттер мен бакалавриаттың оқу бағдарламасы бойынша мамандар дайындайтын профессор-оқытушылар құрамына міндетті. Бағдарлама келесі нормативті құжаттарға сәйкес құрылған: - Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (24.10.2011ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес); - 5В050700 – Қаржы мамандығының МЖБС (ГОСО); - Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру Ережесі (02.06.2014ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес), 20.04.2011ж. ҚР Білім және ғылым Министрінің № 152 Бұйрығымен бекітуімен (02.06.2014ж. ҚР Білім және ғылым Министрінің № 198 Бұйрығы); - Жоғары оқу орындарында білім алушылардың аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау, үлгерімнің ағымдағы бақылауын жүргізудің Үлгілік ережесі, 18.03.2008ж. ҚР Білім және ғылым Министрінің № 125 Бұйрығымен бекітуімен (13.04.2010ж. ҚР Білім және ғылым Министрінің № 168 Бұйрығы, 01.11.2010ж. № 506, 16.03.2011ж. №94, 04.11.2013ж. №445 Бұйрықтары).   2. Жалпы ережелер. Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибенің бакалавриаттың МОБ құрылымындағы орыны   Тәжірибе бакалавриаттың модульдық оқыту бағдарламасының міндетті бөлімі болып есептеледі. Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе бакалаврларды дайындаудың маңызды бөлігі болып есептеледі және жеке оқу жоспарына, оқу кестесі мен білім алушының жеке оқу жоспарына сәйкес 5В050700 – Қаржы мамандығы бойынша бекітілген МЖБС (ГОСО) жүргізіледі. Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе теориялық оқыту аяқталған соң жүргізіледі. Тәжірибенің осы түрі студенттерді қаржы-экономикалық, аналитикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке кәсіби дайындау қызметін атқарады. Ол студенттерді «Экономика және бизнес» бағыты бойынша кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда болашақ қызметіндегі нақты жағдайларға жалпы бағдарлау және алғашқы кәсіби дағдыларды алудағы оқу сабақтарының түрі болып есептеледі. Тәжірибе ұзақтылығы студент жұмысының нормативтік уақытына сүйене отырып, бір апта ішінде 30 сағатқа тең (6 сағат 5-күндік жұмыс аптасында) аптамен анықталады. Апта санын есептеу үшін тәжірибе (практика) көлемі кредитпен көбейтіледі еңбек сыйымдылығы тиісті практика түрінің оқу сағаттарындағы және жұмыс ұзақтығына бөлінеді және оны студенттің апта бойы, яғни, 30-ге дейін. Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы - 75 сағат (50 мин.); практиканың ұзақтығы 1 кредитке 2,5 апта құрайды. Осылайша, практиканың ұзақтығы 6 кредитті құрайды немесе 15 апта 6 күні 5-күндік жұмыс аптасында.   3. Білім алушылардың өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесінің мақсаты мен міндеттері   Білім алушылардың өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесі дипломдық жұмыс тақырыбына байланысты сұрақтарды практикалық пысықтауға, өз бетінше кәсіби қызметке дайындауға бағытталған. Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесінің мақсаты болып есептеледі: - студенттердің оқу процесінде алған теориялық білімін тереңдету және бекіту, жүйелендіру; − кәсіпорынның қаржылық қызметінде басқару шешімдерін қабылдауды меңгеру; банк саласының қызмет ету ерекшеліктерін анықтау; мемлекеттік фискалдық органдар жұмысының ерекшелігін зерделеу; − дипломдық жұмысты жазу үшін деректерді жинау. Өндірістік (диплом алдындағы) практиканың негізгі оқу-әдістемелік міндеттері болып табылады: - тәжірибе объектісі қызметінің қаржы-экономикалық негіздерімен, құрылтайшылық құжаттарымен, басқару құрылымымен танысу; - тәжірибе объектісі қызметінің әдістері мен принциптерін зерттеу және игеру; - тәжірибе объектісінің қызметінің тиімділігін және оның жұмыс сапасын арттыруға нарықтық механизмнің әсер етуін, және басқару әдістері мен жолдарын зерттеу; - басқаруды ұйымдастыру және жоспарлау тәжірибесімен танысу; - тәжірибе объектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін белгілі бір кезеңде өзгеру серпінінің анықтау, қаржы − экономикалық талдау; - тәжірибе объектісінің қызметін талдау нәтижелерін қорыту және оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; - мамандық бойынша практикалық дағдыларды игеру. Тәжірибе өтіп болған соң, студент келесілерге дайын болу керек: - экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, басқарушылық ақпарат көздерін дербес пайдалану; - алға қойылған міндеттерді шешу үшін алынған тапсырма бойынша қажетті деректерді жинақтау және талдау, ақпаратты іздеуді жүзеге асырады; - типтік әдістер мен қолданыстағы нормативті-құқықтық базасы негізінде экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу, есеп нәтижелерін талдау және алынған қорытындыларды негіздеу; - есептеліктегі тәжірибе объектісінің қаржылық қызметін талдау, жедел өндірістік, қаржылық және басқа да ақпаратты талдау және интерпретациялау және алынған мәліметтерді басқарушылық шешімдерде пайдалану; - таңдалған дипломдық жұмыс тақырыбын орындау үшін қажетті мәліметтерді жинақтау.     4.Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесінің өту тәртібі, нұсқау мен өтуді бақылау   Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның экономикалық, қаржылық және аналитикалық қызметі негізінде, банк ұйымдарында, салық органдарында, басқа салаларда өтеді. Тәжірибе өтуді университет тарапынан тәжірибе жетекшісімен бірге қабылдаушы мекемеден (кәсіпорыннан) тәжірибе жетекшісі жүзеге асырады. Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі жұмыс түрлері көрсетілген: 1.студент және тәжірибе жетекшісінің келісімі бойынша өндірістік (диплом алдындағы) практика іздеу таңдау және өту орны жүзеге асырылады; 2. практика базасы мен университет арасында іс-тәжірибеден өту туралы шарт жасалуы тиіс; 3.практика басталар алдында практика жетекшісі білім алушылармен ұйымдастырушылық жиналыс жүргізеді, тәжірибе базалары бойынша студенттерді бекітеді; 4. білім алушылар оқу-әдістемелік және ілеспе құжаттамамен қамтамасыз етіледі. Университеттен тәжірибе жетекшісі: - студенттердің практикаға кеткен күнге дейін ұйымдастырылатын іс-шараларына қатысады; - студенттердің тәжірибе өту барысында оқу-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; - практикадан өтуді бақылайды және қадағалайды; - өндірістік (диплом алдындағы) практика күнделігі мен есебін қарайды; өндірістік (дипломалды) практиканың есебін қорғау бойынша комиссия жұмысына қатысады. Білім алушының өндірістік (диплом алдындағы) практикасын күнделікті жүйелі түрде, ұйымның немесе кәсіпорынның, банктің және салық органындағы тәжірибені басқарушы жүзеге асырады.  Ұйымнан немесе кәсіпорыннан, банктен және салық органынан іс-тәжірибе жетекшілерінің міндеттері: − тәжірибе алушымен бірге бағдарламаның барлық практика қызметінің ерекшеліктеріне қатысты орындауын көздейтін күнтізбелік жоспарын құру; - практиканттың жұмысына жүйелі түрде бақылау жүргізу және оған қажетті көмек көрсету; - практика бағдарламасын орындау барысын бақылау; - күнделікті тексеру; - пікір жазу (студенттің тәжірибе өту барысына сипаттама беру). Білім алушылар өндірістік (диплом алдындағы) практиканы өту барысында міндетті: 1. практика бағдарламасында қарастырылған тапсырманы толық орындауға, 2. қолданыстағы ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға, 3. күн ішінде орындалған жұмыстар сипаты туралы күнделікте жазбалар жүргізу, жұмыс күнінің соңында оларды ұйымның (кәсіпорынның), банктің және салық органының практика жетекшісіне тапсыру. Күнделікті университеттен практика жетекшісіне аптасына кемінде 1 рет ұсыну (Ақтөбе қаласынан тыс жерлерде практика өтуші студенттер күнделіктен үзінді жіберуі тиіс). 4.Практика жетекшісіне университеттің оқу жоспарында белгіленген мерзімдерде есебін ұсыну. 5.Практикаға белгіленген кезеңде келмеген жағдайда, білім алушы практика жетекшісіне тиісті құжат ұсынуы тиіс.   5. «Экономика, менеджмент және сервис» кафедрасынан өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесі жетекшісінің міндеті   Білімалушылардың өндірістік (диплом алдындағы) практикасын ұйымдастыру және басқару кафедрадан практика жетекшісіне жүктеледі. Кафедрадан практика жетекшісі өндірістік (диплом алдындағы) практикасының мақсаты мен міндетіне, оқу жоспарына сәйкес міндетті: - білімалушылардың өндірістік (диплом алдындағы) практика өту бағдарламасымен қамтамасыз ету; - білімалушылардың өндірістік (диплом алдындағы)практиканы өту орынына уақытында келуін ұйымдастыру; - тұрақты бақылауды қамтамасыз ету өтуіне өндірістік (диплом алдындағы) практика жоспарына және осы бағдарлама сәйкес; - өндірістік (дипломалды) практика бағдарламасын орындау мәселелері бойынша студенттерге арналған жүйелі түрде консультациялар өткізу; − студенттердің тәжірибе бағдарламасы бөлімдері мен жеке тапсырмаларды, күнделікті жүргізуін орындалуын бақылау; - өндірістік (диплом алдындағы) практика кезеңінде ұйымдастырушылық мәселелерді шешу; - мекемеден тәжірибе жетекшілеріне өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесін ұйымдастыруға, мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен оны өткізу нысандарына қатысты кеңес беру; - студенттердің кәсіпорындағы еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережесін сақтауын тексеру; - студенттердің өндірістік (диплом алдындағы) практика өткені туралы есебін жазу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; - өндірістік (диплом алдындағы) практика өту туралы жазбаша есепті уақтылы және сапалы дайындауды және оны кафедраға практика аяқталғаннан кейін табыс етуді қамтамасыз ету. Кафедрадан тәжірибе жетекшісі құқылы: - студенттерге (кафедрамен келісім бойынша) өндірістік (диплом алдындағы) практика өту бағдарламасының жекелеген мәселелерін тереңдетіп әзірлеу үшін қосымша тапсырмалар беру; - өндірістік (дипломалды)практика еңбек тәртібін бұзған жағдайда студентті уақытша шеттету(кафедра немесе офис-тіркеушінің түпкілікті шешіміне дейін); - өндірістік (диплом алдындағы) практика есебін қорғау бойынша комиссия жұмысына қатысу.   6. Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісінің міндеті   Кәсіпорындарда студенттердің өндірістік (диплом алдындағы) практикаға тікелей басшылық ету және барлық ұйымдық мәселелерді шешу үшін кәсіпорын мамандарынан осы мақсатта тағайындалған жетекшілерге жүктеледі, онда студенттерге жұмыс орны бөлінеді. Кәсіпорыннан практика жетекшілері, тәжірибеден өтушілерге өндірістік (диплом алдындағы) практика бағдарламасының орындалуы, уақытты ұтымды пайдалануды және қалыпты жұмыс істеу үшін жағдай жасау үшін жауап береді, олардың міндеттері: - практика объектісінің қаржы-экономикалық қызметімен студенттерді таныстыру; − студенттерді жұмыс орнымен, практика бағдарламасына сәйкес қажетті тапсырмаларымен, есеп жазу үшін бастапқы деректерді жинау, есеп беру-жоспарлы құжаттамамен қамтамасыз ету; - практикада тәжірибелік және жеке тапсырмалар орындау кезінде әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және консультациялар беру; - өндірістік (диплом алдындағы) практика өту барысында бақылау ұйымдастыру; - өндірістік (диплом алдындағы)практика өту туралы есепті бағалау; - студенттердің нақты орындалған жұмыстары мазмұны күн/апта сайын күнделікте жазылады. - әр күн/апта соңында күнделік мекемеден практика жетекшісіне ұсынылады, ол өз ескертулерін жасап, орындалған жұмысқа баға береді.   7.Тәжірибе өтуші студенттерінің міндеті   Тәжірибе өтуші студент міндетті: - өндірістік (диплом алдындағы) практика өту бағдарламасында және жеке тапсырмаларында көзделген жұмыстарды адал орындауға; - қолданыстағы ішкі тәртіп ережелері мен техника қауіпсіздігін сақтауға, орындалатын жұмысқа және оның нәтижелеріне жауапкершілік алуға, өндірістік (диплом алдындағы) практика өту бағдарламасында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға; - практика аяқталғаннан кейін келесі күні кафедраға жазбаша түрінде кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісінің сипаттама-пікірмен бірге тәжірибе нәтижелері есебін ұсыну; - кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында өндірістік (дипломалды) практика есебін қорғау. Әрбір студент өндірістік (диплом алдындағы) практика басталғанға дейін практика өту бағдарламасы мен есебін ресімдеу бойынша талаптарымен мұқият танысуға тиісті. Практика кезінде студент күнделік жүргізеді, ол ҚОХУ және кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісімен бақыланады.   8.Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибесінің құрылымы мен мазмұны   Өндірістік (диплом алдындағы) іс-тәжірибе болашақ бакалаврларға кәсіби білім берудегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі. Ол студенттердің теориялық білімдерін практикалық қызметімен байланыстыруға мүмкіндік береді, білім алушылардың оқыту мен тәрбиелеу принциптері мен заңдылықтарын жаңаша ұғынуға ықпал етеді.   Өндірістік (диплом алдындағы) практика мазмұны   №   Практика бөлімдері (кезеңдері) Түрлері өндірістік (диплом алдындағы) жұмыс істеу тәжірибесі қоса алғанда, студенттердің өзіндік жұмыстарын және еңбек сыйымдылығы (сағат түрінде) Ағымдық бақылау формалары 1 Дайындық Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама, ұйымдастыру жиналысы. Ауызша сауалнама, күнделікте белгі 2 Эксперименталды-аналитикалық Тәжірибе объектісінде практика өту, алынған ақпаратты жинау, өңдеу және талдау. Ауызша сауалнама, күнделікте белгі 3 Қорытынды Практика өту жөнінде есеп дайындау. Кафедрадан тәжірибе жетекшісінде практика есебін қорғау Тәжірибе есебін қорғау   "Қаржы менеджменті" бағыты бойынша мамандану студенттерінің өндірістік (диплом алды) практикасы келесі жұмыс түрлерін қамтуы тиіс: - кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанымен, меншік түрімен, тарихымен танысу; - ұйымның қызметіне мүдделі компаниялардың сыртқы ортасын, жабдықтау және өткізу жүйелерін, іскерлік серіктестері және олармен өзара қатынасын зерделеу және бағалау, бәсекелес табыстың негізгі факторларын айқындау; - кәсіпорынның қызметі, қаржылық және басқарушылық есептілігі, ішкі ережелері туралы ақпаратты зерделеу; - ұйымды қаржыландыру құрылымын анықтау, капиталды тарту құралдары мен әдістерін, негізгі көздерін, қалыптастыру тетігін, пайданың бөлінуі мен пайдаланылуын зерделеу; - кәсіпорынның (ұйымның) қызметін жетілдіру шеңберінде дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.   "Банк ісі" бағыты бойынша мамандану студенттерінің өндірістік (диплом алды) практикасы келесі жұмыс түрлерін қамтуы тиіс: - Банк Жарғысымен (Ережесімен), даму тарихымен танысу; - Банктің және бөлімшелерінің ұйымдастыру құрылымын, банкті басқару құрылымын зерттеу; -Банктің бөлімшелері мен еншілес банктерінің, филиалдарының қызмет етуінің құқықтық негіздерін қарастыру; - банк ісі бойынша инструктивтік және нормативтік материалдармен танысу; -негізгі банк операцияларымен танысу; -жеке тәжірибелік жұмыстар жүргізуде дағдылану. "Салық және салық салу" бағыты бойынша мамандану студенттерінің өндірістік (диплом алды) практикасы келесі жұмыс түрлерін қамтуы тиіс: - салық органы құрылымымен танысу; -жеке тәжірибелік жұмыстар жүргізуде дағдылану; - салық және салық салу бойынша жұмыстар жүргізуде экономикалық әдістерді дағдылану; - қаражаттардың бюджетке түсуін есепке алумен танысу; - салық төлеушілердің жеке шоттарын ашу, уақтылы және толық жүргізу тәртібімен танысу; - салықтық есептерді жасау тәртібімен танысу. Өндірістік (диплом алды) практикасын өту нәтижесінде студент тәжірибе есебі мен күнделігін дайындау тиіс.   9. Есепті құжаттардың құрылымы мен мазмұны   9.1 Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе күнделігінің құрылымы мен мазмұны   Өндірістік практика күнделігі өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе өту жөніндегі нұсқаулықты, тәжірибе өткендігі туралы анықтама, практика бөлімдерін (кезеңдерін) іс жүзінде орындаған жұмыстар туралы күнтізбелік кестесін, тәжірибе жетекшісінің пікірі (А қосымшасы) қамтиды.   9.2 Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе есебінің құрылымы мен мазмұны   "Қаржы менеджменті" бағыты бойынша   Тәжірибе есебінің жалпы жоспары келесі бөлімдерді қамтиды: кіріспе; тәжірибе объектінің сипаттамасы; қорытынды; пайдаланылған әдебиет көздерінің тізімі; қосымшалардан тұрады. Кіріспеде өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибенің мақсаты мен міндеттерін, тәжірибе объектісін көрсету керек. «Қызмет тарихы, мақсаты мен бағыттары» бөлімінде кәсіпорындағы (ұйымдағы) жағдайға қысқаша сипаттама беру керек. Практика объектісі бойынша сипаттау жөн: - ұйымдастыру-құқықтық нысанын, меншік түрін, қызмет тарихын, атауын және орналасқан жерін; - қатысушыларының (құрылтайшыларының, акционерлерінің) құқығын; - ұйым қызметінің бағытын; - ұйым миссиясы мен пайымдауын; - кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, құрылымдық бөлімшелерінің мақсаты мен міндетін. «Компанияның сыртқы ортасын талдау» бөлімінде: - сала ортасының негізгі экономикалық сипаттамасын (нарық дамуын, географиялық ерекшеліктерін, сала құрылымын, экономикалық жағдайын, инвестициялау талаптарын және т.б.) беру керек; - ұйымның бәсекелестік позициясын бағалау; табысқа жетудің негізгі факторларын анықтау. «Кәсіпорында қаржылық менеджментті ұйымдастыруды бағалау» бөлімінде: - кәсіпорындағы қаржылық менеджмент моделін талдауды жүргізу және зерттеу; - кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау қағидалары мен кезеңдерін зерттеу, шаруашылық (коммерциялық) есепті жүргізу; - қаржылық қатынастырды құқықтық қамтуды зрттеу: реттеу әдістері мен құқықтық және заңдық актілер; - кәсіпорында қаржылық жоспарды/негізгі бюджетті құру және қамту тәртібі; - кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін, ақша қаражаттарының ағымын бағалау негізінде кәсіпорындағы қаржылық стратегия бағыттары мен негізгі әдістемелерді зерттеу; - субъектінің инвестициялық саясаты мен инвестицялық шешімдерді қабылдау критерийлерімен, инвестициялық жобаларды таңдаудың негізгі әдістерімен танысу, құнды қағаздарды сатып алу, сақтау және сатумен байланысты қаржылық тәуекелдерді бағалау әдістерімен танысу; - кәсіпорындағы қаржылық бақылау әдістері мен формалары, негізгі түрлерін менгеру; - кәсіпорындағы кассалық және қаржылық жоспардың орындалуын қаржылық бақылауды қамту тәртібін зерттеу; - кәсіпорындағы дивидентті саясат пне пайданың бөліну механизмын қарастыру. «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін экспресс-талдау» бөлімінде: - кәсіпорындағы қаржылық есептелікті құру техникасы мен тәртібімен танысу: активтер құрылымы мен олардың құрылу көздері, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін құру тәртібі, баланстың қаржылық есептеліктің басқа формаларымен байланысын зерттеу; - субъектінің қаржылық есептелігін бағалаудың негізгі критерийлерін менгеру, ақша қаражаттарының ағымын бағалау (ақша қаражатының қозғалысы туралы есебі негізінде); - тәжірибеде кәсіпорын бюджетін құру, даму преспективасын бағалау және болжау үшін қаржылық көрсеткіштерді есептеу әдістерімен танысу және менгеру (рентабельность, қаржылық тұрқтылық қоры, қаржылық және өндірістік тетік және т.б.); - ұйымды қаржыландыру құрылымын, негізгі көздерін, капиталды тарту құралдары менәдістерін анықтау, пайданы құру, бөлу және пайдалану механизмын анықтау, рентабельность көрсеткіштерін есептеу, кәсіпорын қызметінің шығынсыздығын талдауды жүргізу; - кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, коммерциялық және қаржылық қызметінің көрсеткіштерін талдау (кемінде екіжылдық көрсеткштерді қарастыру). «Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды құру» бөлімінде кәсіпорындағы қаржылық менеджмент тиімділігін жетілдіруге бағытталған негізделген және ойланыстырылған шешімдерді тұжырымдау керек. Қорытындыда қойылған мақсаттарға жету денгейін көрсететін жұмыс бойынша жалпы қорытынды, тұжырымдама жасалады. «Пайдаланған әдебиеттер көзі» бөлімінде тәжірибе есебін дайындау барысында пайдаланған қолданыстағы стандарттар талаптарына сәйкес библиографиялық сипаттама бойынша әдебиет, заңдық және нормативтік-анықтамалық көздер тізімі беріледі. Қосымшаларда студенттің қалауы бойынша көрсетілуі мүмкін: - кәсіпорындар өз қызметінде пайдаланатын қаржы-экономикалық реттеу сұрақтары бойынша нормативтік және инструктивтік материалдар (көшірмелері мен үзінділер); - өндірістік (диплом алдындағы) пратика объектісінің қызметін сипаттайтын басқа да материалдар.   «Банк ісі» бағыты бойынша   Тәжірибе бойынша есептеің жалпы жоспары келесі бөлімдерді қамтиды: Кіріспе, пратика объектісінің сиптаттамасы, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер көздері, қосымшалар. Кіріспеде өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибенің мақсаты мен міндеттерін, тәжірибе объектісін көрсету керек. «Қызмет тарихы мен банктің қызмет етуінің құқықтық формалары» бөлімінде келесілерді қарастыру керек: - банктің құрылу және даму тарихын қарастыру; - филиалдар мен бөлімшелер, еншілес банктердің қызмет етуінің құқықтық негіздерін зерттеу; - банк саясатын, мақсаты мен міндетін сипаттау және зерттеу; - банк ісі бойынша негізгі инструктивтік және нормативтік материалдарды қысқаша сипаттау. «Банктің ұйымдастырушылық құрылымы мен бөлімшелерінің қысқаша сиптаттамасы» бөлімінде: - банк және оның бөлімшелерінің ұйымдастырушылық құрылымын, банкті басқару құрылымын зерттеу, - банк бөлімшелерінің құқықтары мен міндеттемелерін, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру жүйесін сипаттау; - коммерциялық банктегі басқару процестерін сиптаттау, банк стратегиясының мықты және әлсіз жақтарын анықтау. «Негізгі банк операцияларының сипаттамасы» бөлімінде банктің тиісті бөлімдерінде орындалатын банк операцияларының жекелеген түрлерін сипаттау керек. Операциялық бөлімде студент есеп айырысу-кредит операцияларының мазмұны мен ерекшеліктерімен танысу тиіс. Есептің осы бөлімін орындау барысында; - банк шоттарын ашу тәртібін, қажетті құжаттар тізімін беру, банк шоттары нурмерациясын сипаттау керек; - құжаттарды қабылдау және тексеру тәртібін, ағымдағы және басқа шоттардағы төлемдерді ресімдеу, талаптар қанағаттандырылу кезектіліктің сақталуын ұйымдастыру; - инкассоға төлем құжаттарын қабылдау, оларды өңдеу және есепке алу тәртібін; - клиенттерге чек кітапшаларын беру тәртібін және чектермен операциялар жүргізу тәртібін; - банктің Ұлттық банкі мекемелерінде ашылатын корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі; - несие алушының несие қабілеттілігін ескере отырып, несиелік шоттарын ашу тәртібі; - және бойынша операцияларды ресімдеу және беру өтелетін несие кредит беру кезінде экономиканың түрлі салаларына және жеке қарыз алушылар есепке алу ережесі; - жеке несие алушылар мен экономика салаларын несиелеуде қарыздарды өтеу және беру бойынша операцияларды ресімдеу мен есепке алу тәртібі; - қарыздар бойынша шұғыл міндеттемелер карточкаларын жүргізу, қайтару мерзімі басталған кезде несиені өтеу және есептеуге және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелердің пайызын өндіруге байланысты операцияларды жүргізу. Салымдар мен құнды қағаздар бөлімінде студент банктің құнды қағаздар және салымдармен жұмыс сипатын зерттеу тиіс: - құнды қағаздарды инвестициялау әдістері; - құнды қағаздарды шығару тәртібін: құжаттар және шығару талаптары, құнды қағаздарды алдын ала бағалау, инвесторларды тағдау тәртібі, шығару туралы есептелікті дайындау; - құнды қағаздар нарығын талдау әдістемесі, инвестициялық кеңес беру; - құнды қағаздарды жіберу және тасымалдау, сақтау, қорғау; - құнды қағаздар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі; - бағалы қағаздармен несие беру және алу тәртібі; - вексельдерді есепке алу мен қайта есепке алу тәртібі; - кепілге бағалы қағаздарды орналастыру: құжаттамалық ресімдеу, міндеттемелерді орындамаған жағдайда кепілді тіркеу және оны іске асыру; - бағалы қағаздарды және олармен операцияларды сақтандыру, сақтандыру мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүргізу тәртібі; - бағалы қағаздардың құнын өндіріп алу тәртібі және өтеу мерзімі басталған кезде оларды өтеу, дивидендтер мен пайыздарды төлеу; - халықтың салымдарының негізгі түрлері, салымдарды қабылдау операцияларын жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі; - салымдар бойынша проценттер мен өзге де кірістерді есептеу тәртібі; - салымдар бойынша қолма-қол жасалмайтын есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі; - банктің депозиттік операцияларын жүзеге асыру ерекшеліктері, депозиттік шарттардың нысандары мен түрлері, оларды жасасу тәртібі мен шарттары, депозиттік пайыздарды есептеу тәртібі. Несиелеу бөлімінде студент заңды және жеке тұлғаларды несиелеу тәртібі туралы, толық және айқын түсінігі алуы тиіс, сондай-ақ сипаттау қажет: - несие берген ұйғарылатын мөлшерін анықтау тәртібі мен заңды және жеке тұлғалардың банктермен кредиттік шарттарды жасау, келісі-шарттардың мазмұны: тараптардың құқықтары мен міндеттері, несие шартын бұзғаны үшін санкциялар, кепілдік құқықты ресімдеу тәртібі және оны пайдалануын тексеруге ерекше көңіл бөлу керек; - несиеқабілеттілігінің денгейінбағалау әдістемесін, клиенттің меншік нысандарын, салалық ерекшеліктерін, несие мақсатын ескере отырып, клиенттің несиеқабілеттілігін бағалау өлшемін жүргізу тәртібін; - контокоррент бойынша несиелеу ерекшеліктерін (несие мөлшерін пайдалану режимі); - материалдық құндылықтар мен өндірістік шығындарды несиелеу мерзімдері мен беру шарттарын; - несие түрлері, оларды беру тәртібі мен өтеу әбістер, берешекті деңгейін реттеу әдістері, несиені қамтамасыз ету нысандары мен түрлері, клиенттің заңды мәртебесіне қарай несиелеу қағидаттарының сақталуын бақылау; - басқа да қойылатын банк операциялары: сенімгерлік, тауарлық - комиссиялық және қоймалық, лизинг және т.б. (егер олар тәжірибеден өту орындарында жүзеге асырылса); - инвестицияларды қаржыландыру мен несиелендіру тәртібін; - тәуекелді кредиттерді беру мен оларды сақтандыру әдістемесін. Халықаралық есеп айырысу және валюталық операциялар бөлімінде студент ішкі валюталық операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензиямен, сыртқы экономикалық қызмет жүргізу үшін банк лицензиясымен танысуға тиіс, және есетің де осы бөлімінде сипаттау қажет: - сауда емес операцияларды жүзеге асыру тәртібін: - айырбастау пункттерінің жұмыс істеу қағидасын; - халықаралық есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін, таяу және алыс шет елдерімен халықаралық есеп айырысудың жұмыс істейтін формалары; - шетел банкіндегі корреспонденттік шот ашу тәртібі мен банктер арасындағы өзара қарым-қатынас құруды; -сауда операцияларын жүргізу тәртібін; - шетел валютасында несиелер беру тәртібін; - шетел валютасындағы несие желілерін ашу тәртібін.  «Банк қызметін экспресс-талдау» бөлімінде келесі нәтижелерді сипаттау қажет: - меншікті қаражаты жай-күйін, банктің активтері мен міндеттемелерін талдау; - банк қызметінде міндетті экономикалық нормативтерді сақтауын талдау; - банк қызметінде белсенді және енжар операцияларын жүзеге асыруын талдау; - банктің өтімділігі мен қаржылық тұрақтылығын, іскерлік белсенділігін талдау; - банктің кірістерін, шығыстарын және ұтымдылығын талдау. "Банк қызметін жақсартуға бағытталған ұсыныстар" бөлімінде банктің активтері мен пассивтерін басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстар келтіру керек; банктің қызмет ауқымын кеңейту қажет. Қорытынды соңында қойылған мақсатқа сәйкес жетістіктер дәрежесін көрсететін жалпы қорытындылар жасалады. Қорытындының мазмұны барлық жұмыстың дәйекті және қисынды нәтижелерін көрсетеді. "Пайдаланылған әдебиеттер тізімі" бөлімінде қолданыстағы стандарттар талаптарына сәйкес библиографиялық сипаттама бойынша есепті жазу барысында пайдаланылған әдеби, заңнамалық және нормативтік-анықтамалық көздер тізбесін келтіру керек. Есептің қосымшасында студенттің қалауы бойынша келесіні келтіруге болады: − банк өз қызметінде банк қызметінің мәселелері бойынша басшылыққа алатын нормативтік және нұсқаулық материалдарды (олардың көшірмелері немесе олардан үзінді көшірмелер); - өндірістік (диплом алдындағы) практика объектісінің қызметін сипаттайтын басқа да материалдарды.   «Салық және салық салу» бағыты бойынша   Тәжірибе есебінің жалпы жоспар құрамына келесі бөлімдер кіреді: Кіріспе, тәжірибе объектісінің сиптаттамасы, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшалар. Кіріспеде осы әдістемелік нұсқауларға сәйкес өндірістік (диплом алдындағы) практика мақсаты мен міндеттерін, оның объектісін көрсету керек. "Аумақтық салық органының ұйымдық-экономикалық сипаттамасы" бөлімде сипаттау керек: -салы- органы бөлімдерінің құрылымы мен бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін; - салық төлеушілердің арыздары мен шағымдарын, хаттарын қарау тәртібі; - ЖСН және берілген патенттер мен лицензиялар беру тәртібін; - салық төлеушілерді тіркеу және есепке алу кітабын жүргізу тәртібін, есептілік нысандарын және қатаң есептілік бланкілерін, төлем тапсырмаларын, квитанциялар жеке шоттар мен карточкаларын ашу және оларды жүргізу тәртібі. - "Салық төлеушілерді тіркеу" бөлімінде сипаттау керек: - - қолданыстағы салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу тәртібін; - салық төлеушілерді мемлекеттік базасында тіркеу есебінің тәжірибелік әдістемесін; - қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерді есепке алу тәртібін; - салық төлеушілер есепке қойған кезде қажетті құжаттар және талаптар тізбесін; - резидент емес тұлғаларды тіркеу тәртібін; - салық қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді. - «Аудит бөлімі» бөлімінде сипаттау керек: - - осы бөлімнің қызметінде пайдаланылатын есптеліктің негізгі формалары мен бланктің материалдарды; - - есептеу дұрыстығының әдістемесін, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салықтар мен бюджетке төлейтін міндетті төлемдерінің толықтығы мен уақтылығын; - - салық тексерулері нәтижесі бойынша жоғары тұрған ұйымға берілетін жиынтық есептерді құру тәртібін; - - салық заңнамасын бұзушыларға қаржылық және салықтық санкцияларды қолдану тәртібін. - «Есеп, талдау және ақпараттық технологиялар» бөлімінде сипаттау керек: - - заңды және жеке тұлғалардың қаржылық есептілігін, декларацияларын және басқа да материалдарды жүргізу әдістері мен қабылдау шарттарын; - - шағын бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың декларацияларын, есептерін қабылдау тәртібі, жеке шот карточкаларын ашу тәртібімен, оларды жүргізу ережелерімен танысады; - салық қызметі органы қолданылатын (СОНО, электрондық кабинет салық төлеушілер) ақпараттық жүйелерді практика жүзінде пайдалану нәтижелерін. - «Өндіріп алу» бөлімінде сипаттау керек: - бюджет кірісіне ағымдағы аванстық төлемдер мен салықтардың түпкілікті сомасын төлеу тәртібі мен мерзімдері; - салық заңнамасы талаптарын бұзушыларға айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеу тәртібі; - салық төлеушінің мүлкін мәжбүрлі түрде өндіріп алу және салық міндеттемесін өндіріп алу жөніндегі шараларын қолдану тәртібі; - билік етуі шектелген мүлкін өткізу, салық төлеушіге тиесілі сомаларды өндіріп алу, оларды іске асыру тәртібін; - бюджетке салық берешегін өтеу тәртібін; - салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік және дауларды шешу шараларын; - салық тексеру актілері бойынша сот тәртібімен өндіріп алуды. «Салық органының қызметін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу" бөлімінде Жергілікті денгейдегі бюджеттін кіріс бөліміннің табысын көбейтетін нақты іс-шараларды сипаттау керек. Соңында қойылған мақсаттарға қол жеткізу деңгейін көрсететін қорытындылар тұжырымдалып, қорытындысы шығарылады. Қорытындыда логикалық және дәйекті жұмыс нәтижелерін мазмұнын көрсетеді. "Пайдаланылған әдебиеттер тізімі" бөлімінде қолданыстағы стандарттар талаптарына сәйкес библиографиялық сипаттама бойынша есепті жазу барысында пайдаланылған әдеби, заңнамалық және нормативтік-анықтамалық көздер тізбесін келтіру керек. Есептің қосымшасында студенттің қалауы бойынша келесіні келтіруге болады: − салық органы өз қызметінде салық салу мәселелері бойынша басшылыққа алатын нормативтік және нұсқаулық материалдарды (олардың көшірмелері немесе олардан үзінді көшірмелер); - өндірістік (диплом алдындағы) практика объектісінің қызметін сипаттайтын басқа да материалдарды.   9.3 Тәжірибе есебін рәсімдеуге қойылатын талаптар   Практика бойынша есеп компьютерді және ақ қағаз парақтың бір жағында принтер мен байланыстырылған А4 форматын пайдалана отырып басып шығару әдісімен орындалуы тиіс. Қаріп - қалыпты, кегль 14, интервал - бір. Баяндама мәтіні мынадай параметрлерді сақтай отырып, басылуы тиіс: сол жағы - 30 мм, жоғарғы, - оң, 20 мм, - 10 мм, төменгі жағы - 25 мм. Түрлі гарнитур жазуындағы, компьютерді белгілі бір терминдер, формулалар, теоремалар назар аудару мүмкіндігін пайдалануға болады. Тәжірибе есебінің көлемі - 20-30бет. Ұйымдардың атаулары, компаниялар, жарияланымдар және басқа да тиісті атаулар есеп нәтижесінде түпнұсқа тілінде беріледі. Баяндама құрылымдық элементтері болып табылады: - Титулдық беті; - Мазмұны; - Кіріспе; - Негізгі бөлім; - Қорытынды; - Пайдаланылған әдебиеттер тізімі; - Қолдану. Тәжірибе есебінің бірінші беті – титулдық беті, екінші беті - мазмұны болып табылады. Титулдық бетінде беттің нөмірі қойылмайды. Титулдық бетті ресімдеу мысалдары Б,В, Г, Д қосымшалар беріледі. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Есеп беттерінің жалпы санына кірмейтін қосымшалар болуы мүмкін. Тәжірибе есебінің құрылымдық элементтерінің атаулары: мазмұны, кіріспе, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі. Есептің бөлімдері мен бөлімшелерінің атаулары абзацтан, сызбай, қою шрифтпен, соңында нүктесіз басылуы тиіс.Атауы екі сөйлемнен тұрса, олар нүкте арқылы бөлінеді. Есеп бөлімдері араб цифрларымен белгіленген, бүкіл құжат бойынша нөмірлену қажет. Бөлім және бөлімшелер қосалқы нөмірі (егер бар болса) кезеңдерге бөлінген сандардан тұрады. Есептің әр бөлімі жаңа парақтан (беттен) басталуы тиіс. Есепте беттерінің нөмірленуі парақтың төменгі жағында ортасынан болуы тиіс. Суреттер (графиктер, диаграммалар, диаграммалар) бірінші рет аталған бетте мәтіннен кейін, немесе келесі бетте тікелей орналастырылуы тиіс. Барлық суреттерге сілтемелер берілуі тиіс. Суреттер, қосымшаларды қоспағанда араб сандарымен тікелей нөмірленуі тиіс. Сурет атауын суреттің төменгі жағында ортасында орналастыру тиіс. Кестелерді көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлығы және көрнекілігі үшін қолданады. Кесте атауын абзацтан кестенің үстінен «таблица 1» сөзінен кейін жазады. Кестені бірінші аталған мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастырады. Барлық кестелерге сілтеме беріледі. Көп жолы бар кестелерді келесі бетте орналастырады. Кестені келесі бетке ауыстырғанда, «кесте» сөзі мен нөмірін бір рет сол жақта кестенің бірінші бөлімі үстінде орналастырады, басқа бөлімдерінің үстінде «1 кестенің жалғасы» деп жазылады. Кестелерді араб сандарымен нөмірлейді. Кестенің ішінде кіші шрифт қолдануға рұқсат беріледі. Кестені және суретті ресімдеу Е қосымшасында берілген. Пайдаланған әдебиеттерге сілтеме квадрат жақшаларында беріледі. Әдебиеттерге сілтемені тәжірибе есебінде араб сандарымен нөмірлеп, нүктесіз, абзацтан жазады. Қосымшалар тәжірибе есебінің жалғасы ретінде соңғы беттерде беріледі. Тәжірибе есебінде барлық қосымшаларға сілтеме берілуі тиіс. Әрбір қосымша жаңа парақтан басталып, парақтың үстінде ортасынан «Қосымша» деп белгіленеді. Қосымшаның атауы болуы тиіс, оны мәтінге симметриялық бірдей үлкен әріптермен жазады. Қосышалар есептің парақтарымен бірге жалпы нөмірленеді. Тәжірибе есебін тәжірибе жетекшісі тексереді және ол кафедра жетекшісінің бұйрығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Тәжірибе есебін қорғау нәтижелері белгіленген әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады және хаттамада ресімделеді (Қосымша Ж).   Қосымша А Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе есебін ресімдеу мысалы КАЗАХСКО-РУССКИЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ     ӨНДІРІСТІК (ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ)  ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ   студент     Турсынбаев Абдирахман Маратбайұлы мамандығы   5В050700 – Менеджмент жіберілді        

Актобе, 2018

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибені өту бойынша инструкция

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе бакалаврларды дайындаудың маңызды бөлігі болып есептеледі және жеке оқу жоспарына, оқу кестесі мен білім алушының жеке оқу жоспарына сәйкес 5В050700 – Қаржы мамандығы бойынша бекітілген МЖБС (ГОСО) жүргізіледі.

Тәжірибеге шығу алдында студент кафедрада тәжірибе күнделігін, бағдарламасын, тәжірибе өтуге жолдама лау тиіс. Тәжірибеге жағсы дайындалу мақсатында студент алдағы жұмыстар мазмұны мен бағдарламасымен танысып, берілген әдебиеттерді оқып, кафедрадан тәжірибе жетекшісінен қажетті кеңес алу тиіс.

Тәжірибе өту орнына келген соң, студент кәсіпорынның кадрлар бөлімінде жолдаманы көрсету тиіс. Тәжірибе өтуші ретінде тіркелген соң, студент ұйымдағы қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарымен, ҚР еңбек заңнамасымен, еңбек қорғау ережелерімен және белгіленген тәртіппен таныс болуы керек.

Студент тәжірибені өту барысында жұмыс күнi мен орнын көрсете отырып, атқарылған жұмыс көлемін жазып, күнделік жүргізеді.Күнделіктегі жазбалар баөылауындағы тиісті жұмыстар жүргізілген кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісімен куәландырылады. Тәжірибе аяқталған соң, күнделікте кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісінің пікірі беріледі. 

Тәжірибе өту барысында студент міндетті:

- кәсіпорында белгіленген еңбек тәртібін және ішкі ережелерді, еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі ережесін сақтаңыз;

- адал, толық және уақытында практика бағдарламасын орындау, кафедра мен кәсіпорыннан тәжірибе жетекшілерінің тапсырмаларын мен нұсқауларын нақты және уақытында орындау;

- өндірістік (дипломалды) практика есебін ресімдеу үшін практикалық материалдарды жинау, өңдеу және дайындауды жүзеге асырады;

- уақытында кафедра жетекшісіне рецензия алу үшін тәжірибе есебін дайындау және ұсыну.

Тәжірибе есебі жетекшінің қосымша нұсқаулары мен бағдарламаға сәйкес құрылады.

Тәжірибе есебі кафедра жетекшісінің бұйрығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Тәжірибе есебін қорғау нәтижелері белгіленген әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады. Тәжірибе есебі ашық түрінде қорғалады.

 

1. ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКЕНІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Студент              Турсынбаев Абдирахман Маратбайұлы

                                   (аты, әкесінің аты, тегі/ Ф.И.О.)

 

Тәжірибе орны                                                                                  2018 ж.

 

 

Мөр                   Мекеме жетекшісінің қолы тағайындалды.

(жұмыс орны, қызметі)

Жұмысқа кірісті 2018 ж.

 

Мөр орны                                                       Қолтаңба

 

ҚОХУ-не 22.01.2018 ж.іс-сапарға жіберілді.

Мөр орны                                                    Қолтаңба

 

 

2. КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

Тәжірибе өтуші Турсынбаев Абдирахман Маратбайұлы

студент                                                   (Аты-тегі)

курс 4 

мамандығы             5B050700-Менеджмент

тәжірибе өту орны                                   

                                    (кәсіпорын/ұйым атауы)

 

_______________201ж. ___________________201__ж.

 

 

№   Тәжірибе кезеңдері Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе (студенттердің өзіндік жұмыстарын және еңбекөнімділігін қосқанда) түрлері  Орындау мерзімі
1 Дайындық Ұйымдастырушылық жиналыс, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.  
2 Эксперименталды-талдау Кәсіпорында тәжірибе өту, ақпаратты жинау, өңдеу және талдау  
3 Қорытынды Тәжірибе есебін дайындау. Тәжірибе есебін кафедрадан тәжірибе жетекшісі алдында қорғау  

 

 

3. ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖАЗБАЛАРЫ

Күні Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны Орындалғаны туралы белгі
1 2 3
    Бірінші апта  

 

Кафедра тарапынан тәжірибе жетекшісі  

 

Күні Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны Орындалғаны туралы белгі
1 2 3
    Екінші апта  

 

 

Кафедра тарапынан тәжірибе жетекшісі  

4. ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ПІКІРІ

 

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің ______________________ мамандығының студенті

________________________________________________________________________

Аты-тегі)

_________ 20__ж. _________ 20__ж. аралығында    

В_______________________________________________________________________

                                  (кәсіпорынның толық атауы)

өндірістік тәжірибеден өтті.

 

Тәжірибе өту барысында ___________________________________________

(студенттің аты-тегі)

________________________________________________________________________

(студенттің теориялық дайындығының денгейін, тәжірибе бағдарламасының орындалу денгейінің көлемін көрсету керек, еңбек ережесін сақтау, кемшіліктерін.)

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Тәжірибе бағдарламасы орындалды _______________________________________

   толық / жартылай

Жалпы тәжірибе өтушінің жұмысы _________________________________________

(Аты-тегі)

______________________________________________________ бағаланады

 

Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі _____________________________________                         

________________________________________________________________________

Аты-тегі, лауазымы) 

«_____»__________________20___ж.                        _________________________                                

                                                                                                          (қолы)                    

Қолтаңбаны сендіремін

Кадрлар бөлімінің басшысы ______________________________________________________                      

                                                                (Аты-тегі, қолы)

 

МО                                                       

Қосымша Б

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе есебінің титулдық бетін

Ресімдеу мысалы 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ-Орыс халықаралық университеті

Экономика, менеджмент және сервис кафедрасы

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе өту туралы

ЕСЕБІ («Адал-Тау» ЖШС мысалында)

 

 

5В050900 – Қаржы мамандығы

 

Орындаған   _________________ (студент қолы) _______________тобының студенті ______________________________                  Аты-тегі                                       
     
Кафедрадан тәжірибе жетекшісі   _____________________ (жетекші қолы) Аты-тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
     
Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі   _____________________ (жетекші қолы) Аты-тегі, лауазымы

 

Актобе, 2016

Қосымша В

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе есебінің «Мазмұны» бөлімін

«Қаржы менеджменті» бағыты бойынша ресімдеу мысалы 

 

Мазмұны

 

Беті

Кіріспе

3
     
1 («Адал -Тау» ЖШС қызмет тарихы, мақсаты мен қызмет бағыты)   4
2 Кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау 5
3 Кәсіпорында қаржылық менеджментті ұйымдастыруды бағалау 6
4 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін экспресс-талдау 7
5 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар құру  

    Қорытынды

9

     Пайдаланған әдебиеттер тізімі

10

Қосымшалар

11

 

Қосымша Г

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе есебінің «Мазмұны» бөлімін

«Банк ісі» бағыты бойынша ресімдеу мысалы 

 

Мазмұны

 

Беті

   Кіріспе

3
     
1 «Цесна Банк» АҚ АФ қызмет тарихы мен қызмет етуінің құқықтық формалары  
2 Банктің ұйымдастырылу құрылымы мен бөлімшелерінің қысқаша сипаттамасы  
3 Негізгі банк операцияларының сипаттамасы 5
4 Банк қызметін экспресс-талдау 6
5 Банк қызметтерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар құру 7

    Қорытынды

9

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі

10

Қосымшалар

11

 

Қосымша Д

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе есебінің «Мазмұны» бөлімін

«Салық және салық салу» бағыты бойынша ресімдеу мысалы 

 

Мазмұны

 

Бет.

   Кіріспе

3
     
1 Аймақтық салық органының ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы 4
2 Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі 5
3 Отдел аудита 6
4 Отдел учета, анализа и информационных технологий 7
5 Отдел взимания  
6 Разработка предложений по оптимизации деятельности налогового органа  

    Қорытынды

9

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі

10

Қосымшалар

11

 

Қосымша Е

Суреттер мен кестелерді ресімдеу мысалы

 

Сурет 1. «Адал-Тау» ЖШС ұйымдастырушылық құрылымы

 

Кесте 1

«Адал-Тау» ЖШС бухгалтерлік балансы (01.01.2014 ж. – 31.12. 2014 ж.)

АКТИВТЕР

Код Есепті кезең соңында Есепті кезең басында

1

2

3

4

I.Ақшалай қаражат

010

2 077 109 913

1 140 716 924

Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары

011

-

-

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

012

1 360 893 831

1 350 412 422

Қорлар

013

1 379 510 872

1 168 437 989

Ағымдағы салық активтері

014

94 406 164

114 798 012

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

015

-

-

Басқа да ағымдағы активтер

016

114 896 683

345 343 069

Ағымдағы активтер барлығы

100

5 026 817 462

4 119 708 414

II. Ұзақмерзімді активтер

 

 

 

Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары

020

-

-

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

021

-

-

Үлестік қатысу әдісі бойынша есептегі инвестициялар

022

-

133 556

Инвестициялық мүлік

023

-

-

Негізгі құралдар

024

1 400 236 968

1 653 246 106

 

1 кесте жалғасы

1

2

3

4

Биологиялық активтер

025

-

-

Зерттеу және бағалау активтері

026

-

-

Материалдық емес активтер

027

4 957 479

7 213 973

Кейінге қалдырылған салық активтері

028

-

-

Басқа да ұзақ мерзімді активтер

029

-

-

Ұзақ мерзімді активтер барлығы

200

1 405 194 447

1 660 593 635

БАЛАНС (строка 100 + строка 200)

 

6 432 011 909

5 780 302 049

МІНДЕТТЕМЕ ЖӘНЕ КАПИТАЛ

Код

Есепті кезең соңында

Есепті кезең басында

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер

 

 

 

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

030

5 127 354 030

3 586 473 318

Салықтар бойынша міндеттемелер

031

7 196 454

17 543 216

Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

032

2 761 990

2 659 090

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

033

148 496 793

149 171 818

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелер

034

-

59 312 850

Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер

035

795 667 904

108 318 438

Қысқа мерзімді міндеттемелер барлығы

300

6 081 477 172

3 923 478 731

IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

 

 

Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

040

220 312 336

399 538 491

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

041

-

-

Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелер

042

-

-

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелер

043

-

-

Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер

044

-

-

Ұзақ мерзімді міндеттемелер барлығы

400

220 312 336

399 538 491

V. Капитал

 

 

 

Жарғылық капитал

050

5 226 000 000

2 962 260 713

Төленбеген капитал

051

-3 786 790 276

-10 790 276

Сатып алынған меншікті үлестік құралдар

052

0

0

Эмиссионндық табыс

053

0

0

Резервтер

054

-9 371 525

-22 900 052

Бөлінбеген пайда (жабылмаған шығын)

055

-1 299 615 799

-1 471 285 560

Азшылық (меньшинство) үлесі

056

0

0

Капитал барлығы

500

130 222 401

1 457 284 826

БАЛАНС (строка 300 + строка 400 + строка 500)

 

6 432 011 909

5 780 302 047

 

 

Қосымша Ж

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе есебін қорғау комиссия отырысының хаттамасын ресімдеу мысалы 

5В050900 – Қаржы мамандығы студенттерінің

 өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе есебін қорғау комиссия отырысының

Хаттамасы № ___

«_____» ______________20___ ж.

 

Қатысқандар:

 

Комиссия төрағасы -______________________________                                                     (Аты тегі, лауазымы)                                                                                            Комиссия мүшелері -  _____________________________                                                    (Аты-тегі, лауазымы)                                                                                           
________________________________                                                    (Аты-тегі, лауазымы)
 

 

 

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе есебін қорғау кестесіне сәйкескелесі студенттердің баяндамасы тыңдалды және комиссия шешімімен келесі бағалар қойылды (баллы):

 

Студенттің аты-тегі Ғылыми жетекші Бағасы
1      
2      
3      
4      

 

 

Комиссия мүшелері:

 

________________________________

              (Аты-тегі, қолы)

________________________________

              (Аты-тегі, қолы)

 

Кафедра жетекшісі

________________________________

(Аты-тегі, қолы)

 

 

 

 


Дата добавления: 2018-05-09; просмотров: 503; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!