Distantia trohanterica- 31 см

Семей мемлекеттік медицина университеті

Акушерияжәне гинекология кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к., доцент Кайлюбаева Г.Ж.

Тексерген: Саркучикова Г.Ж.

Аты-жөні:ЕртаеваТоғжанКелісбекқызы

Алдыналақойылған диагноз: Жүктілік 41апта, жалғантолғақ.

Қорытынды диагноз: Жүктілік 41 апта 4 кун,шүйдеменкелгенөздігіненбосану.Қағанақсуыныңертекетуі (с.у.10 мин.).

Куратор: СоветоваАрайлым

Топ, ЖМ

Семей- 2018 жыл

 

 

І. Паспорттық бөлім.

Босанушының аты-жөні:Ертаева Тоғжан Келісбекқызы

Жасы: 21жаста

Ұлты: қазақ

Жұмыс орны:үй шаруасында

Тұрғылықты жері:Юности 21-23

Клиникалық босану бөліміне түскен күні және уақыты:15.02.18 ж  10:05

Жүктілік кезінде бақыланған жері:ОДА

ІІ. Шағымдары

Түскен күндегі шағымдары: ретті толғаққа 3-4 мин.сайын, 30 секундтан 1 сағат бойы. Қағанақ суының ерте кетуі (с.у.10 мин.).

Курация кезінде: Іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді, ретті (10 минутта 3 рет) ауырсынуы. Бимануальды зерттеу кезінде жатыр мойнының ашылуы- 2 см.

 

ІІІ. Өмір анамнезі

26.11.1996 жылы дүниеге келен. 7 жасынан мектепке барды. Білімі орта білімді. Үй шаруашылығында. Еңбек ету жағдайлары қалыпты. Кәсіптік зияндылықтары жоқ. Күйеуімен пәтерде бірге тұрады. Тамақтануы және тұрмыстық жағдайы жақсы.

Бұрын да ауырған аурулары : тұмау. Туберкулез және венерологиялық ауруларды терістейді. Аллергологиялық анамнез теріс. Зиянды әдеттері жоқ. Гемотрансфузия жүргізілген жоқ. Тамақтануы қалыпты және тұрмыстық жағдайы- қанағаттанарлық. Зиянды әдеттері жоқ. 

Боткин ауруымен, туберкулезбен, жыныс жолдарының жұқпалы ауруларымен  ауырмаған.Операциялар, травмалар, гемотрансфузиялар болмаған. Басынан өткерген аурулары: тұмау.

IV. Арнайы анамнез

1. Етеккір қызметі:етеккір 13 жастан бастап басталды, тұрақтануы 15 жасында, 4-5күнге созылады, әрбір 28 күн сайын келеді, ретті, мөлшерлі, ауырсынусыз. Соңғы етеккірдің келу күні: 09.05.17ж

 Гинекологиялық ауруларды терістейді

2. Бала көтеру қызметі:

Жыныстық қатынасқа 19 жастан түсті, тұрмыста. Некеде тіркелген. Бірінші жүктілік, бірінші рет босану. Контрацепция презерватив.

Қазіргі жүктіліктің ағымы:

Барлық жүктіліктері 1-еу. Босануы -1

Осы жүктіліктің ағымы: әйелдер консультациясына барлығы 5рет келген, бірінші келуі 7 аптада. Іүштік (жүктіліктің 7апта 6-күнінде, жүктіліктің үзілу қаупі. Стационарда ем қабылдаған, Дюфастон 1т*2р. Жүктілік сақталған. Жүктіліктің 11-аптасы Синдром Дауынға жоғары қауіп. Сақталған. Жүктіліктің 13-14 – аптасында басталған жүктіліктің үзілу қаупі. Ем қабылдаған. Жүктілік сақталған.), ІІ үштік ерекшеліксіз, ІІІ диффузный заб. амб.-ем.(Йодофол қабылдаған). Анемия 1ст.(ем қабылдамаған).Ұрықтың алғашқы қозғалуы- есінде жоқ.

V.Объективті зерттеулер.

1. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Салмағы 68,4кг, бойы 159см. Дене температурасы 36,7 С.

Жүрек қан айналым жүйесі:

Жүрек айналасы, перифериялық қан тамырларын қарап көру

Жалпы қарау кезінде жүрек аумағы мен ірі қан тамырларды пульсация жоқ, жүрек ырғағы ырғақты.

Перкуссия

Жүректің салыстырмалы және абсолютті тұйық шекаралары

Шекаралары Салыстырмалы Абсолютті
Оң жақ IV қабырға аралыққа төстің оң жақ шетімен 1 см сыртқа Төстің сол жақ жиегіне сәйкес келеді
Сол жақ Сол жақ бұғана орта сызығымен 1-2см солға ішке қарай Салыстырмалы тұйықтық шекарасынан 1-2 см ішке
Жоғары шекарасы Сол жақ төс сызығының III қабырғадан 1 см солға қарай IV қабырғада сол жақ төс сүйегінен 1 см солға қарай

Оң жақ және сол жақ тамыр шоғырының тұйықтығы төс шетінде орналасқан, көлденең өлшемдері – 6см.

Аускультация:

Жүрек ырғағы синусты ырғақ, жүрек жиырылу саны 143 рет/мин, жүрек тондары тұйықталаға, ритмды, барлық нүктеде анық естіледі, шуыл жоқ.

Пульс және артериялық қысымды зерттеу:

Артериялық қысым – 120/80 мм.с.б.б.

Пульс – 98 рет/мин., екі қолда бірдей, толымды, ырғақты.

Тыныс алу мүшелер жүйесі:

Қарап көру:

Кеуде клеткасы формасы цинлиндр тәрізді, екі жағы симметриялы, тыныс алу актысіні бірдей қатысады. Дем алу мұрын арқылы, еркін. Дем алуға қабырғалық бұлшықеттер қатысады. Бұғана мен жауырын деңгейі симметриялы. Тыныс алу жиілігі 18 рет/мин.

Пальпация:

Кеуде қуысы ауырсынбайды. Кеуденің серпімділігі сақталған. Даусы дірілі барлық аймақтарда бірдей сезіледі.

Перкуссия:

І. Салыстырмалы перкуссия: кеуде клеткасының симметриялы аймақтарында бірдей анық өкпелік дыбыс естіледі.

ІІ. Топографиялық перкуссия:

Топографиялық сызықтар Оң жақ Сол жақ
Өкпенің жоғарғы шекарасы:
Өкпе ұшының биіктігі:
алдыңғы жағынан Бұғанадан 4 см жоғары Бұғанадан 4 см жоғары
артқы жағынан 7-мойын омыртқасының деңгейінде 7-мойын омыртқасының деңгейінде
Кренинг кеңістігінің көлденең аумағы 5,5 см 5,5 см
Өкпенің төменгі жиегінің шекаралары:
 төс маңы сызық бойынша VІ қабырғаның жоғары жиегі
 бұғана орта сызық бойынша VІ қабырғаның тұсы
 алдыңғы қолтық асты сызық бойынша VІІ қабырғаның тұсы VІІ қабырғаның тұсы
 орталық қолтық асты сызық бойынша VІІІ қабырғаның тұсы VІІІ қабырғаның тұсы
 артқы қолтық асты сызық бойынша ІХ қабырғаның тұсы ІХ қабырғаның тұсы
 жауырын сызығы бойынша Х қабырғаның тұсы Х қабырғаның тұсы
 омыртқа маңы сызығы бойынша ХІ кеуде омыртқасының тұсы ХІ кеуде омыртқасының тұсы
Өкпенің төменгі шетінің экскурсиясы:
орталық қолтық асты сызық бойынша 3-4 см 3-4 см
жауырын сызығы бойынша 2-3см          2-3 см

 

Өкпенің аускультациясы:

Кеуде қуысындағы әр жердегі тыныс дыбыстарының сипаты бірдей, везикулярлы тыныс естіледі. Қосымша шуылдар, сырылдар,сықырлар, плевраның үйкеліс шуылдары естілмейді.

Дыбысты тыңдау (бронхофония) – екі жаққа біркелкі беріледі.

 

Асқорыту мүшелерінің жүйесі

Қарап көру:

Тілі дымқыл, таза, бетінде емізікшелер көрінеді, жұтынуы еркін, ауырсынусыз. Іш конфигурациясы домалақ, симметриялы, перистальтикасы көзге байқалмайды. Іштің бұлшықеттері жиырылмаған.

Пальпация:

Іші домалақ, симметриялы, іш қабырғалары дем алу актісіне біркелкі қатысады. Іштің беткей пальпациясында іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр және ішектер пальпацияланбайды.

Үлкен дәреті күніне 1 рет, мөлшері аздаған, патологиялық қоспалар жоқ.

 

Зәр шығару мүшелер жүйесі:

Зәр шығаруы ауырсынусыз. Бел аймағының ішке кіруі, шығуы, симметриясы байқалмайды. Ұрғылау сиптомы теріс.

 

Жүйке жүйесі:

Сана сезімі анық, интеллекті өз жасына сай, тәртібі жақсы, ұйқысыздық мазалайды. Есте сақтауы қалыпты. Иіс және дәм сезу мүшелері жақсы дамыған. Қарашық реакциясы аккомодация мен конвергенцияға өткір. Есту және вестибулярлы аппарат бұзылмаған. Қозғалу координациясы сақталған. Бас жарақаттары болмаған.

 

VІ. Арнайы акушерлік зерттеу

1. Ішті қарау: ішінің формалы- қалыпты, жатыр жүкті болғандықтан үлкейген.

2. Іштің пальпациясы: Жатыр қозғыш. Пальпациялау кезінде ауырсынусыз. Іш айналымы–99 см. Қасаға үстінен жатыр түбінің биіктігі - 36см.

3. Сыртқы акушерлік зерттеу:Леопольд- Левицкий тәсілдері- сыртқы акушерлік тексеру әдісі болып табылады. Мақсаты: ұрықтың жатырда орналасуын, позициясы, түрін жіне келген бөлігін анықтау. 4 тәсілмен анықталады:

1 тәсіл: жатыр түбі биіктігін, ұрықтың келіп тұрған бөлігін анықтау;

2 тәсіл: позициясын, түрін анықтау;

3 тәсіл: кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған бөлігі мен оның қатынасы анықталады;

4 тәсіл: жамбас қуысында орналасқан нәресте бөлігін және оның қатынасы анықталады.

Қорытынды:Леопольд-Левицкий тәсілдері бойынша ұрық тігінен орналасқан, І позиция, алдыңғы түрі, ұрық басымен келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғысы кіндіктен оң жақта және төмен жерде жақсы естіледі. Жүректің жиырылу жиілігі 145 рет минутына, ырғақты, анық.

4. Сыртқы жамбас өлшемдері:

Жамбас өлшемдері: жүргізілетін зерттеулер сипаты.

Distantia spinarum- 25 см

Distantia cristarum- 29 см

Distantia trohanterica- 31 см

Conjugata externa – 21 см

Диагональды конъюгата 12 см

Сегізкөз ромбы:пішіні қалыпты, оның диогональдары 13;11 см.

Соловьев индексі 15 см

5. Ұрықтың болжам салмағын анықтау: анықтаудың 3 әдіспен:

    Жорданиа бойынша (ІА*ЖТБ= 99*36= 3564)

    Джонсон бойынша (ЖТБ-11)* 155= (36-11)*155= 3875

    Якубова бойынша (ІА+ЖТБ)/4= (99+36)/4*100=3375

    Ұрықтың болжам салмағы: 3375-3875гр.

6. Айнамен қарау:

Сыртқы жыныс мүшелері әйел типтес дамыған, дамуы- қалыпты, патологиялық өзгерістер жоқ. Қынаптың кілегей қабатының түсі қалыпты. Жатыр мойнында ұсақ жаралар бар. Сыртқы ернеу саңылау тәрізді, жазықтанған, патологиялық өзгерістербайқалмайды. Аралық таза, аз мөлшерде шырышты бөлінділер.

7. Қынап зерттеудің деректері:

Қынап босанбаған әйелдікіндей, жатыр мойны жамбастың жүру жолының ортасында орналасқан, өзгермеген 4,0 см дейін қысқарған, жартылайжұмсарған. Мойын өзегі ішкі араннан ары қарай 2 саусақты өткізеді. Қағанақ қабы бүтін. Ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Жамбас сүйектері деформациясыз, экзостоздар анықталмайды. Мүйіске саусақ жетпейді. Жатыр мойны жетілген.

VII. Болжамды диагноз

Жүктілік 41 апта4 күн, босанудың бірінші кезеңі,ұрық тігінен орналасқан, Іпозиция, алдыңғы түрі, ұрық басымен келіп тұр, жүктілік асқынбаған. Экстрагенитальдық патологиялар жоқ.

Жүктілік мерзімін анықтау: соңғы етеккір күні бойынша 41 апта4 күн, овуляция бойынша41апта4күн, ОДА-ға алғаш келгенде анықталған жүктілік мерзімі бойынша41 апта4күн, І-ші УДЗ бойынша 41 апта1күн.

VIII. Босануды жүргізу жоспары және болжамы

1. Ана мен ұрық үшін босану болжамы жағымды. Себебі анасы жағынан: жамбас өлшемдері қалыпты, патологиясыз, экстрагенитальды аурулар байқалмайды, қауіп- факторлары байқалмайды. Ұрық жағынан: болжам салмағы ірі, ұрық тігінен орналасқан, І позиция, алдыңғы түрі, ұрық басымен келіп тұр.

2. Босануды консервативті түрде,бірінші асқынуға дейін жүргізу.

3. Босануды неонатологтың қатысуымен жүргізу.

4. босанудың І кезеңіндегі әйелдің жағдайын(шағымдары, АҚҚ, ТС, толғақтың болуы, ұрықтың жүрек соғу жиілігі) босану қызметін бақылау.

5. Ұрық гипоксиясын 3-4 сағат сайын бақылау, гипотониялық қан кетудің алдын алу.

6. Босанудың ІІІ кезеңінде көк тамырға инемен ,операциялық көмекке дайын болу. Егер ретті толғақ басталмаса, толғақ қоздыруды бастау.

 

ІХ. Босану ағымының анализі

Босанудың бірінші кезеңі:15.02.18 ж.22.20

Әйелдің толғағы сағат 23.10-де басталды.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ. ТС 78 рет минутына, ретті, ырғақты. АҚҚ – 120/70 мм сын бағ. Т-36,6С. Ретті толғақ 2-3минут сайын, 25сек-тан аздап ауырсынумен. Ұрықтың жатуы тігінен. Басы кіші жамбасқа тіреліп тұр. Жүрек соғуы ретті, анық, 140 рет минутына. Жыныс жолдарынан патологиялық бөліністер жоқ. Зәр шығаруы ерікті. Жансыздандыру болған жоқ.Жатыр мойнының ашылуы-4 см. Ұрық басының жылжуы симфиз жиегінен жоғары 4 саусақ көлеміндей. Қағанақ қабының бүтіндігі бұзылмаған. Ұрық бассүйегі бір-бірінен бөлінген, тігіс оңай сезіледі. 

15.02.18 ж. 23.55

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ. ТС 80 рет минутына, ретті, ырғақты. АҚҚ – 110/60 мм сын бағ. Т-36,6оС. Ретті толғақ 1-2минут сайын, 30 сек-тан аздап ауырсынумен. Ретті толғақ жоқ. Ұрықтың жатуы тігінен. Басы кіші жамбасқа тіреліп тұр. Жүрек соғуы ретті, анық, 142 рет минутына. Жыныс жолдарынан патологиялық бөліністер жоқ. Зәр шығаруы ерікті. Жансыздандыру болған жоқ. Жатыр мойнының ашылуы- 8см. Ұрық басының жылжуы симфиз жиегінен жоғары 2 саусақ көлеміндей. Қағанақ қабының бүтіндігі бұзылмаған. Ұрық бассүйегі бір-біріне аздап тиіскен.

Босанудың екінші кезеңі: 16.02.18 ж. 00.10

Босанушының жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Гемодинамика тұрақты. АҚҚ – 110/60 мм сын бағ. ТС -80 рет минутына, ретті.

Алдымен ішкі аран, одан кейін ақырындап жатыр мойынының өзегі кеңейді, ол төменге қарай жіңішкеретін воронка тәрізді формаға ие болды. Өзек кеңейе бара, қысқарды. Аяғында жатыр мойны тегістелді. Тек қана сыртқы аран жабық тұр. Сыртқы аран уақыт өте, кеңейді, жіңішкерді. Ол ашыла бастады. Шеттері жан-жаққа тарады. Әр ышқыну сайын аран кеңейді. Нәтижесінде жатыр мойны толық ашылды.

16.02.18 ж. сағ 00.20.

Босану- ұрықтың алдыңғы баспен келуімен аяқталды. 16.02.18 ж. сағ 00.30. дүниеге тірі, жетілген, қыз жынысты нәресте келді. Көзге көрінетін даму ақаулары жоқ. Салмағы - 3850 гр. Бойы - 54 см. Бас шеңбері - 36 см. Кеуде айналымы - 35 см.

Апгар шкаласы бойынша 8- 9 балл.        

Кіндік бауын алғашқы өңдеу: Кіндік бауы стерильді қайшымен екі қысқыш арасында тамыр пульсациясы аяқталғаннан кейін кесілді.

 

Х.Босану биомеханизмі

Нәресте басының туылуы 2 кезекті қозғалыспен болды.

1) Бас кеңсірікпен қасағаның төменгі қырына тіреліп, төбе бұдырлары мен шүйде көрінді.

2) Glabella аймағында айналым нүктесі пайда болуынан бастың жарып- шығуы болды. Бұл жерде- шүйде- мойын сайында жаңа айналым нүктесі түзілді. Нәресте басы осы айналым нүктесімен сегізкөз ұшы мен құйымшаққа тіреліп, сәл шалқаюынан төбенің алдыңғы қыры мен маңдайы, беті туылды. Шүйдемен келудің алдыңғы түрі.

 

Босанудың үшінші кезеңі: 16.02.18 ж. сағ 00.45.

Әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ.

Гемодинамика тұрақты. ТС 80 рет минутына, ретті, ырғақты.АҚҚ 120/80 мм сын бағ.Нәресте толық туылғаннан соң 15 минуттан кейін бала жолдасы шағарылды. Бала жолдасы өлшемдері- 15,0/18,0/1,5. Бөліктері мен қабықтары бүтін, патологиялық өзгерістер жоқ. Кіндік бауы- 40 см, ерекшеліксіз. Жатыр жиырылуы қалыпты, тығыз.

Қан кету: 0+100,0=100,0 мл

Нәрестені тазалау:

Нәрестені тазалау алдында акушерка қолын жуды. Стерильді перчатка және маска киді. Нәрестенің жағдайы қауіп тудырмағандақтан, жылытылған, таза жаялықпен сүртіп, анасының ішіне жатқызды. Басына уйінен әкелінген таза қалпақты, аяғына носки кигізді. Сулы жаялықты тастап, таза, құрғақ жаялықпен және қосымша көрпемен жапты. Алдымен көздерін сыртқы бұрышынан ішкісіне қарай жеке қаптамадағы 1% тетрациклин жақпа майымен  өңдеді. 2 сағаттың соңында қайталады.

2 сағаттың соңында кіндік стерильді салфеткамен сүртіліп, пластикалық қысқыш салынды. Кіндік бауының қалдығы ашық қалдырылды.

 

 

16.02.18 ж.. сағ 2.30. 

Әйел қанағаттанарлық жағдайда, палатаға ауыстырылды. Шағымы жоқ. ТС – 80 рет 1мин, ырғақты. АҚҚ – 120/70 мм.с.б. Жатыры тығыз, түбі кіндік деңгейінде. Лохиялары қанды, мөлшерлі. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Жалпы қан кету: 0+100,0+100,0=200,0мл= 0,53%

Толғақтың басталуы –15.02.18 ж. сағ 16:00.

Қағанақ суының кетуі – 15.02.18 ж. сағ 23.00.

Су сапасы: мөлдір.

Жатыр мойынының толық ашылуы: 16.02.18 ж. сағ 00.10.

Күшену басталуы: 16.02.18 ж. сағ 00.10.

Босанудың жалпы ұзақтығы:2сағат 45 минут

І кезең 2 сағат 10 минут

ІІ кезең 20 минут

ІІІ кезең 15 минут.

 

ХІ. Қорытынды диагноз: Жүктілік 41 апта 4 кун,шүйдемен келген өздігінен босану.

XII.Партограмма.

ХІІІ.Босанудан кейінгі ерте кезеңде босанушы әйелді бақылау

16.02.2018.сағ 04.30

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ.

АҚҚ 110/70 мм сын бағ. ТС 76рет минутына, ретті. Т-36,6С

Сүт бездері жұмсақ, ұшы таза, ауырсынусыз. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Жатыр тығыз, кіндіктің бойында.

Лохиялар қанды, мөлшерлі.

Физиологиялық атқарылулар қалыпты.

 

16.02.18.сағ 08.30

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ.

АҚҚ 120/70 мм сын бағ. ТС 78 рет минутына ретті. Т-36,6С

Сүт бездері жұмсақ, ұшы таза, ауырсынусыз. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Жатыр тығыз, кіндіктен 1 саусақ төмен.

Лохиялар қанды, мөлшері азайған.

Физиологиялық атқарылулар қалыпты.

 

 

ХІV. Зертханалық-инструментальды зерттеу әдістері

16.02.18. қан тобын және резус-факторды анықтау.

А(ІI) Rh+

 

16.02.18. жалпы қан анализі:

гемоглобин – 116г/л

эритроциттер -3,8 *1012

лейкоциттер – 10*109

тромбоциттер – 280*109

ЭТЖ- 16 мм/сағ

ТК – 0,9

Таяқшалы ядро- 6%

Сегментті ядро – 72%

Моноциттер, лимфоциттер, метомиелоциттер- 34%

 

16.02.18. жалпы зәр анализі;

түсі - сабын сары

тығыздығы 1014

белок- жоқ

лейкоциттер 1-1 көру алаңында

 

16.02.18. ЭКГ:

ЖСЖ – 83рет, синусты ырғақ. ЭОС қалыпты орналасқан. Сол жақ қарыншаның белсенділік белгілері.

 

RW – теріс.

АИВ- теріс

 

16.02.18. Биохимиялық анализ

Жалпы белок – 60г/л

Мочевина – 5,2 ммоль/л

Креатинин – 78 ммоль/л

Жалпы биллирубин – 12,6 ммоль/л

 

ХV. Эпикриз:

Ертаева Тоғжан Келісбекқызы21 жаста. Бірінші жүктілік, біріншібосану. №2 перзентханада 15.02.18-нен 18.02.18-ге дейін стационарлық ем қабылдады.Қорытынды диагнозы: жүктілік 41 апта 4күнде, шүйдемен келген өздігінен босану. Босану күні:16.02.18 сағ 00.30-да. Нәрестенің салмағы - 3850гр., бойы-54см, жынысы-қыз, Апгар шкаласы бойынша бағасы- 8-9 балл.

Босанғаннан кейінгі кезең ағымы: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ.

АҚҚ 120/70 мм сын бағ. ТС 78 рет минутына ретті. Т-36,6С. Сүт бездері жұмсақ, ұшы таза, ауырсынусыз. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Жатыр тығыз, кіндіктен 2 саусақ төмен.

Лохиялар қанды, мөлшері азайған.Физиологиялық атқарылулар қалыпты.

Жүргізілген ем:

Диета №15

Шығару кезіндегі ұсыныстар:

1. Контрацепция әдістерін 2-3 жыл бойы қолдану.

2. «Жыныстық» тыныштық 45 күн

3. Емшек сүтімен емізу артықшылықтарын түсіндіру.

4. Құнарлы тамақтану, тағамы минералдар мен витаминдерге бай, сапасы жоғары ас.

5. Ұйқының толық болуы, тыныштық, стресстік жағдайларды болдырмау, бөлмені желдету.

6. Сүт безінің, жыныс мүшелерінің гинекологиялық күтімі.

7. 6 айдан кейін флюорографияны өту.

 

ХVІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Жүктілік физиологиясы. Босануға дейінгі күтім 2013 Койлюбаева Г.Ж., Баймусанова Г.Н., Абдырахманова А.Д.

2. Акушерия бойынша фантомдық курсы 2011 Үкібасова Т.М. Түсіпқалиев А.Б.

3. Акушерство және гинекология бойынша тәжірибелік дағдылар 2013 

Койлюбаева Г.Ж. Антонова Г.А. Калиева Г.А.

4. Акушерство 2010 Г.М.Савельева Р.И.Шалина

5. Лекция материалдары.

6. Интернет материалдары.


Дата добавления: 2018-05-01; просмотров: 960; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!