Бап. Неке шартын жарамсыз деп тану

Nbsp;

Билет №1

1. Отбасы құқығының түсінігі, пәні, әдістері

Осы пәннің зерттеу пәні болып отбасылық құқықтық қатынастар, яғни ерлі-зайыптылардың арасындағы, сондай-ақ отбасы мүшелерінің арасындағы   мүліктік қатынастар мен мүліктік емес жеке қатынастар.

2. Некені тоқтату негіздері

14-бап. Некенi (ерлi-зайыптылықты) тоқтату

Некенi (ерлi-зайыптылықты) тоқтату өздерiне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың бiреуiн қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) не осы Кодексте белгiленген тәртiппен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу жолымен ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де не бiреуiнiң өз еркi бойынша iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде ерлi-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.
Ерлi-зайыптылар арасында некенiң (ерлi-зайыптылықтың) тоқтатылуы ата-аналар мен осы некеде (ерлi-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейдi және тоқтатпайды.

 

3. Асырап алуға жол берілетін балалар

84-бап. Асырап алуға жол берiлетiн балалар

1. Тууы осы Кодексте белгiленген тәртiппен тiркелген және толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершiлiк жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкiндiктерi ескерiле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесiнде асырап алуға жол берiледi.
Бұл ретте баланың жас мөлшерi, естиярлық дәрежесi және өзiн асырап алуға келiсiмi ескерiледi.
2. Жалғыз ата-анасы немесе екеуi де:
1) қайтыс болған;
2) баладан бас тартқан;
3) ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтiрiлмеген;
4) баланы асырап алуға келiсiм берген;
5) сот тәртiбiмен әрекетке қабiлетсiз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
6) белгiсiз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген балалар бастапқы, өңiрлiк сияқты, орталықтандырылған есепте тұрған жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, азаматтығы мен тұратын жерiне қарамастан балалардың туыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға берiлуi мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетiм балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебiнде тұрған балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және азаматтығына қарамастан балалардың туыстарына асырап алуға берiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жетiм балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебiнде тұрған, егер туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баланы асырап алуы мүмкiн болмаса ғана шетелдiктердiң асырап алуына берiлуi мүмкiн.
Шетелдiктердiң бала асырап алуы туралы iстердi қараған кезде сот азаматтығы мен тұрғылықты жерiне қарамастан баланың туыстарының не Қазақстан Республикасы азаматтарының осы баланы бiрiншi кезекте асырап алу құқығын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органының iске асырғанын анықтауға мiндеттi.
5. Шетелдiктердiң бала асырап алуына балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласында Қазақстан Республикасымен тең мәндi халықаралық мiндеттемелерi бар елдердiң азаматтарына ғана рұқсат етiледi.
6. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
7. Баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты комиссияның қорытындысы негiзiнде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган бередi.
8. Комиссияның қызмет тәртiбi мен құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

 

4. Азаматша Тимофеева мен азамат Демидов белгілі бір уақыт бірге тұрып ортақ шаруашылық жүргізеді, бірақ некені заңды түрде тіркемеген. Кейін олардың арасындағы араздасуға байланысты олар бөлек тұра бастайды. Біраз уақыт өткен соң Тимофеева сотқа ортақ бірлесіп тапқан мүлікті (жер телімі, телевизор, тоңазытқыш, жихаз және видеомагнитофон) бөлу үшін жүгінді.

Қай саланың нормалары сотта шешім шығару үшін қолданылуы мүмкін?

 

Билет №2

1. Отбасы құқығының қағидалары

 

2. Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар

11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлi-зайыпты
болуына) жол берiлмейтiн адамдар

Некелесуге (ерлi-зайыпты болуға):
1) бiр жынысты адамдардың
2) олардың бiреуi болса да басқа тiркелген некеде (ерлi-зайыптылықта) тұратын адамдардың
3) жақын туыстардың
4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың
5) соттың заңдық күшiне енген шешiмi бойынша олардың бiреуi болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есi кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың арасында жол берiлмейдi.

 

 

3. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимі

32-бап. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi ұғымы

1. Егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң заңды режимi болып табылады.
2. Ерлi-зайыптылардың шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң бiрлескен ортақ меншiгi болып табылатын мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде айқындалады.

33-бап. Ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгi

1. Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезiнде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.
2. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезiнде жинаған мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және зияткерлiк қызмет нәтижелерiнен түскен табыс сомалары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған табыс сомалары, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертiгу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды өтеуге төленген сомалар және басқалары) жатады. Сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ табыс сомалары есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттiк ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, капиталдағы үлестер және ол отбасында кiмнiң атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде жинаған басқа да кез келген мүлiк ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне құқық некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады.

34-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену,
пайдалану және оған билiк ету

1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуiнiң келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде ерлi-зайыптылардың бiреуi мәмiле жасасқан кезде екiншi жұбайының келiсiмi қажет болады. Екiншi жұбайдың тек қана оның талап етуi бойынша оның келiсiмi болмаған себептерi бойынша және егер басқа тарап осы мәмiленi жасасуға екiншi жұбайдың келiспеуi туралы бiлгендiгi немесе көрiнеу бiлуге тиiс болғандығы дәлелденген жағдайларда ғана сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде жасасқан мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн.
3. Ерлi-зайыптылардың бiреуi жылжымайтын мүлiкке иелiк ету жөнiнде мәмiле және нотариатта куәландыруды және (немесе) заңда белгiленген тәртiппен тiркеудi қажет ететiн мәмiле жасасуы үшiн екiншi жұбайдың нотариатта куәландырылған келiсiмiн алу қажет.
Аталған мәмiленi жасасуға нотариатта куәландырылған келiсiмi алынбаған жұбай осы мәмiленiң жасалғандығы туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жыл iшiнде мәмiленi сот тәртiбiмен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

35-бап. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi

1. Мыналар:
1) некеге отыруға (ерлi-зайыпты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;
2) ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусiз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi;
3) некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және басқалар) ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.
2. Некенiң (ерлi-зайыптылықтың) iс жүзiнде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы жинаған мүлiктi сот олардың әрқайсысының меншiгi деп таниды.

36-бап. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiн
олардың бiрлескен ортақ меншiгi деп тану

Егер некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе ерлi-зайыптылардың бiрiнiң мүлкi не олардың кез келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң құнын едәуiр арттырған салыным жасалғаны (күрделi жөндеу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және басқаларды) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып танылады.

37-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу

1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша ерлi-зайыптылар арасында бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариатта куәландырылуға тиiс.
3. Дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерiн ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша қандай мүлiктiң ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлуге тиiс екендiгiн айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екiншi жұбайға тиiстi ақшалай немесе өзге өтемақы берiледi.
4. Тек қана кәмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқкиiм, мектеп және спорт керек-жарағы, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлуге жатпайды және балалары өзiмен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi.
Ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi есебiнен салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбайды.
5. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде ортақ мүлкiн бөлген жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң бөлiнбеген бөлiгi, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде бұдан әрi жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды.
6. Некесi (ерлi-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған кезден бастап талап-арыз ескiруiнiң үш жылдық мерзiмi қолданылады.

38-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде
үлестердi айқындау

1. Егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде ерлi-зайыптылардың әрқайсысының үлесi тең деп танылады.
2. Егер жұбайлардың бiреуi дәлелсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн екiншi жұбайдың келiсiмiнсiз отбасының мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге ала отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi олардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде ерлi-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздерiне берiлген үлеске барабар түрде бөлiнедi.

 

4. АХАЖ органына (ерлі-зайыптылыққа) тілек білдірушілер Петров пен Кажуева некесін тіркеу туралы арыз берген соң жергілікті медициналық орталыққа өздерінің арасындағы баласының жынысы жайлы ақпарат беруін өтінді. Бұл емхананың бас дәрігері бұл емханада мұндай тексерулер және ұсыныстарға жауап бермейтінін айтып, бас тартты.

Бас дәрігердің ісіне баға беріңіз.

 

Билет №3

1. ҚР неке-отбасы заңнамасымен реттелетін қатынастар

3-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы
заңнамасымен реттелетiн қатынастар

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1) отбасы мүшелерi: ерлi-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен мiндеттердi, мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес қатынастарды белгiлейдi;
2) некеге отырудың (ерлi-зайыпты болудың), некенi (ерлi-зайыптылықты) тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi;
3) жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртiбiн айқындайды;
4) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн реттейдi;
5) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың функцияларын айқындайды.

 

2. Неке қию тәртібі

13-бап. Неке қиюдың (ерлi-зайыпты болудың) тәртiбi

1. Неке (ерлi-зайыптылық) некеге отыратын (ерлi-зайыпты болатын) адамдардың тiкелей қатысуымен тiркеушi органдарда не арнайы мемлекеттiк неке сарайларында қиылады.
Некеге тұруға (ерлi-зайыпты болуға) тiлек бiлдiрген адамдардың бiреуi тiркеушi органға келе алмайтын ерекше жағдайларда (ауыр науқастануы, қамауда немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некенi қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу үйде, медициналық немесе өзге ұйымда тиiстi ұйымның әкiмшiлiгiмен мiндеттi түрде келiсе отырып, некеге отыратын (ерлi-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргiзiледi.
2. Неке қию (ерлi-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлi-зайыпты болуға) тiлек бiлдiрушiлер тiркеушi органға өтiнiш берген күннен бастап бiр ай мерзiм өткен соң жүргiзiледi.
Неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тiркеушi орган құжаттамамен расталған дәлелдi себептер болғанда, бұл мерзiмдi қысқартады немесе ұзартады.
Айрықша мән-жайлар (жүктiлiк, бала тууы, тараптардың бiрiнiң өмiрiне тiкелей қауiп төнуi және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некенi қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу некеге отырушылардың (ерлi-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша өтiнiш берiлген күнi жүргiзiледi.
3. Неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Некеге отыруға (ерлi-зайыпты болуға) тiлек бiлдiрушi адамдар не олардың бiреуi, сондай-ақ олардың заңды өкiлдерi тiркеушi органның неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеуден бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн.

 

3. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкршілігі

44-бап. Ерлi-зайыптылардың мүлкiнен өндiрiп алу

1. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша тек сол жұбайының мүлкi ғана өндiрiп алынады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған кезде кредит берушi өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде борышкер жұбайға тиесiлi болатын борышкер жұбайдың үлесiн бөлiп берудi талап етуге құқылы.
2. Егер сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша алынғандардың бәрi отбасының мұқтажына пайдаланылғанын анықтаса, өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi өндiрiп алынады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған кезде ерлi-зайыптылар көрсетiлген мiндеттемелер бойынша өздерiнiң әрқайсысының мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болады.
Егер соттың үкiмiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыстық жолмен алған қаражат есебiнен сатып алынғаны немесе көбейтiлгенi анықталса, тиiсiнше ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе оның бiр бөлiгi өндiрiп алынады.
3. Ерлi-зайыптылардың өздерiнiң кәмелетке толмаған баласы келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады. Ерлi-зайыптылардың өздерiнiң кәмелетке толмаған баласы келтiрген зиянды өтеуi кезiнде осы баптың 2-тармағына сәйкес олардың мүлкiнен өндiрiп алыну жүргiзiледi.

45-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу
кезiндегi кредит берушiлердiң құқықтарына
кепiлдiк

Борышкер жұбайдың кредит берушiсi (кредит берушiлерi) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына сәйкес, өзгерген мән-жайларға байланысты ерлi-зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертудi немесе оны бұзуды талап етуге құқылы.

 

4. Азамат Анатолий Смирнов азаматша Раиса Волошинамен некеге тұруға өзара шешім қабылдап, некеге тұруға бел байлады. Бірақ Раиса Волошина Анатолий Смирновтың әкесі жағынан оның әпкесі деп танылады. Раиса Волошинаның анасы Анатолий Смирновтың әкесімен некеге тіркелмеген. Бірақ та Раисаның туылған уақытында Анатолийді әкелігі танылды. Анатолийдің әкесі Раисаны туған қызы деп танып бұл туралы туу туралы акт жазбасында тіркелді.

Азамат Анатолий Смирнов пен Раиса Волошинаның арасында неке қиылуна рұқсат етіле ме?

Билет №4

1. ҚР неке-отбасы заңнамасына жалпы сипаттама

4-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы
заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше қағидалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

2. Неке жасы

10-бап. Неке (ерлi-зайыптылық) жасы

1. Неке (ерлi-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас болып белгiленедi.
2. Мынадай дәлелдi себептер болған:
1) жүктi болған;
2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тiркеушi органдар неке (ерлi-зайыптылық) жасын екi жылдан аспайтын мерзiмге төмендетедi.
3. Некеге отыруға (ерлi-зайыпты болуға) тiлек бiлдiрушiлер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгiленген неке (ерлi-зайыптылық) жасын төмендету қажеттiгi туындайтын себептердi көрсете отырып, неке (ерлi-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтiнiш беруi мүмкiн.
4. Неке (ерлi-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлi-зайыпты болушылардың) келiсiмiмен жол берiледi.
5. Неке (ерлi-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлi-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлi-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлi-зайыптылыққа) неке (ерлi-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келiсiмiмен ғана рұқсат берiледi.

 

3. Бала асырап алудың құқықтық салдары

100-бап. Бала асырап алудың құқықтық салдары

1. Асырап алынған бала және оның ұрпағы - бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар мен олардың туыстары асырап алынған бала мен оның ұрпағына қатысы бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнде шыққан тегi бойынша туыстарына теңестiрiледi.
2. Асырап алынған бала жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарынан айрылады және өзiнiң туған ата-аналарына қатысты мiндеттерден босатылады.
3. Баланы бiр адам асырап алған кезде, егер бала асырап алушы ер адам болса - анасының тiлегi бойынша немесе, егер бала асырап алушы әйел болса - әкесiнiң тiлегi бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар мен мiндеттердiң сақталуы мүмкiн.
4. Бала асырап алушы асырап алынған баланың меншiгiндегi мүлiктiң сақталуы үшiн жауаптылықта болады. Бала асырап алудан бас тартылған жағдайда, осы мүлiктi қайтару жөнiндегi мiндет те бала асырап алушыға жүктеледi.
5. Асырап алынған баланың ата-аналардың бiреуiмен немесе қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастарының сақталуы туралы бала асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген бала асырап алудың құқықтық салдары, осы баланың туу туралы актiлер жазбалары кiтабында бала асырап алушылардың ата-анасы ретiнде жазылуына қарамастан туындайды.

 

4. Азамат Коренов пен азаматша Ипатов арасындағы некені бұзу үшін сотқа жүгінді. Себебі екеуінің арасындағы неке шартты түрде 1айдан кейін тоқтатылды. Ипатова өзінің 3ай да өмір сүре алмаған баласын дүниеге әкелді.

Судья Ипатованың некенің бұзылуына келісімін бермегенін біліп Кореноваға 6айдан кейін сотқа жүгінуін сұрады.

Судьяның іс әрекеті дұрыс па? Судья қандай нормаға сүйеніп іс әрекеттер жасады.

 

Билет №5

1. Некені тіркеуші органда бұзу

17-бап. Тiркеушi органдарда некенi
(ерлi-зайыптылықты) бұзу

1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлi-зайыптылардың некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуға өзара келiсiмi кезiнде және бiр-бiрiне мүлiктiк және өзге де талаптары болмаған кезде тiркеушi органдарда неке (ерлi-зайыптылық) бұзылатын болады.
2. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiн:
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабiлетсiз деп таныса;
3) сот әрекет қабiлетi шектеулi деп таныса;
4) қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлi-зайыптылық) ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша тiркеушi органдарда бұзылады.
3. Некенiң (ерлi-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттiк тiркеудi осы Кодексте белгiленген тәртiппен тiркеушi орган жүргiзедi.

 

2. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі

Бап. Неке шарты

1. Некеге отыратын (ерлi-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлi-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады.
2. Неке шартында некеде (ерлi-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүлiктiк құқықтары көзделуi мүмкiн.

Бап. Неке шартын жасасу

1. Неке шарты тiркеушi органға некенi (ерлi-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш берiлген күннен бастап неке қию (ерлi-зайыпты болу) мемлекеттiк тiркелгенге дейiн де, некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiндегi кез келген уақытта да жасалуы мүмкiн.
Неке қию (ерлi-зайыпты болу) мемлекеттiк тiркелгенге дейiн жасалған неке шарты неке қию (ерлi-зайыпты болу) мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
2. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және мiндеттi түрде нотариатта куәландырылуға жатады.

41-бап. Неке шартының мазмұны

1. Ерлi-зайыптылар неке шартымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге құқылы.
Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкiне де қатысты жасалуы мүмкiн.
Неке шартында ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн, бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсiлдерiн, өздерiнiң әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға; неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға, сондай-ақ неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi, сондай-ақ осы некеден (ерлi-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүлiктiк жағдайын енгiзуге құқылы.
2. Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн.
3. Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтiп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелердi және Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды.

42-бап. Неке шартын өзгерту және бұзу

1. Неке шарты ерлi-зайыптылардың келiсiмi бойынша кез келген уақытта өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келiсiм неке шартының өзi сияқты нысанда жасалады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, неке шартын орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi.
2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде шартты өзгерту және бұзу үшiн белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша соттың шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
3. Неке шартында неке (ерлi-зайыптылық) тоқтатылғаннан кейiнгi кезеңге көзделген мiндеттемелердi қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке (ерлi-зайыптылық) тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.

бап. Неке шартын жарамсыз деп тану

1. Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi бойынша толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн.
2. Егер шарттың талаптары ерлi-зайыптылардың бiреуiн өте қолайсыз жағдайда қалдырса немесе осы некеден (ерлi-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүлiктiк құқықтарын бұзса, сот ерлi-зайыптылардың осы бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шартын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы да мүмкiн. Осы Кодекстiң 41-бабы 3-тармағының талаптарын бұзатын неке шартының талаптары жарамсыз деп танылады.

 

3. Бала асырап алудың күшін жою

106-бап. Бала асырап алудың күшiн жою негiздерi

1. Егер бала асырап алушы:
1) өзiне жүктелген ата-аналар мiндеттерiн атқарудан жалтарған;
2) ата-ана құқықтарын терiс пайдаланған;
3) асырап алынған балаға қатiгездiк көрсеткен;
4) асырап алынған балаға күш қолданған немесе психикалық зорлық жасаған;
5) асырап алынған баланың жыныстық тиiспеушiлiгiне қастандық жасаған;
6) маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және (немесе) уытқұмарлықпен ауырады деп танылған;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгiленген бала құқықтарын бұзған жағдайда бала асырап алудың күшi жойылады.
2. Сот баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, басқа негiздер бойынша да баланы асырап алудың күшiн жоюға құқылы.

107-бап. Бала асырап алудың күшiн жою

1. Бала асырап алудың күшiн жою сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
2. Бала асырап алудың күшiн жою туралы iс бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың мiндеттi түрде қатысуымен қаралады.
3. Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады.
Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде сот осы шешiмнiң үзiндi көшiрмесiн бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тiркеушi органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi.

108-бап. Бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге
құқығы бар адамдар

Баланың ата-аналарының, бала асырап алушылардың, бала асырап алушының жұбайының, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың баланың мүддесiнде бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге құқығы бар.

109-бап. Бала асырап алудың күшiн жоюдың салдары

1. Сот бала асырап алудың күшiн жойған кезде, егер бұл баланың мүдделерi үшiн қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және бала мен оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi қалпына келтiрiледi.
2. Бала асырап алудың күшi жойылған кезде бала сот шешiмi бойынша ата-аналарына берiледi. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-аналарына беру оның мүдделерiне қайшы келсе, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi.
3. Сот сондай-ақ баланың асырап алынуына байланысты оған берiлген аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталды ма, сондай-ақ бала асырап алу кезiнде өзгерген туған күнi, айы, жылы мен туған жерi қалпына келтiрiлдi ме деген мәселенi шешедi.
Он жасқа толған баланың аты, әкесiнiң аты немесе тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн.
4. Сот баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, осы Кодекстiң 139 және 141-баптарында белгiленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы күтiп-бағуға арналған қаражатты төлеуге мiндеттеуге құқылы.

110-бап. Асырап алынған бала кәмелетке толған соң
бала асырап алудың күшiн жоюға жол бермеу

Бала асырап алудың күшiн жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың, сондай-ақ егер ата-ана құқықтарынан айырылмаған не олар шектелмеген немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп танымаған асырап алынған баланың ата-аналары тiрi болса, олардың өзара келiсiмi болған жағдайларды қоспағанда, егер бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қойылған кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, бала асырап алудың күшiн жоюға жол берiлмейдi.

 

4. Азаматща Славина некені бұзу үшін АХАЖ органына жүгінді. Себебі азамат Славин қылмыс жасағаны үшін 4 жылға сотталды. Славин жазаны өтеу орнынан некені бұзуды куәландырмау үшін арыз жіберді. Себебі ол бірлесіп тапқан мүлікті бөлуді қалады.

Славинның арызы қанағаттандырыла ма?

 

 

Билет №6

1. Некені сот тәртібімен бұзу

19-бап. Некенi (ерлi-зайыптылықты) сот
тәртiбiмен бұзу

1. Егер сот ерлi-зайыптылардың одан әрi бiрлесiп өмiр сүруi және отбасын сақтауы мүмкiн еместiгiн анықтаса, неке (ерлi-зайыптылық) сот тәртiбiмен бұзылады.
2. Мынадай:
1) осы Кодекстiң 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;
2) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуға келiсiмi болмаған;
3) егер ерлi-зайыптылардың бiреуi өзiнiң қарсылығы болмауына қарамастан, өз iс-әрекеттерiмен не әрекетсiздiгiмен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзудан жалтарған;
4) ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiне мүлiктiк және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлi-зайыптылық) сот тәртiбiмен бұзылады.
3. Ерлi-зайыптылар некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтiнiш берген күннен бастап бiр ай өткен соң неке (ерлi-зайыптылық) сот тәртiбiмен бұзылады.
4. Ерекше жағдайларда сот осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiм өткенге дейiн некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуға құқылы.

20-бап. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi
(ерлi-зайыптылықты) бұзуға келiсiмi
болмаған кезде некенi
(ерлi-зайыптылықты) сот тәртiбiмен
бұзу

Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуға келiсiмi болмаған кезде сот ерлi-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлi-зайыптыларға татуласу үшiн алты ай шегiнде мерзiм тағайындай отырып, iстi қарауды кейiнге қалдыруға құқылы.
Ерлi-зайыптыларға татуласу үшiн мерзiм тағайындалып, iстiң қаралуы кейiнге қалдырылған жағдайда, сот ерлi-зайыптылардың бiрiнiң талап-арызы бойынша осы Кодекстiң 22-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәселелердi шешедi.
Егер ерлi-зайыптыларды татуластыру жөнiндегi шаралар нәтижесiз болса және ерлi-зайыптылар (олардың бiреуi) некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды талап етсе, неке (ерлi-зайыптылық) бұзылады.

21-бап. Некенi (ерлi-зайыптылықты) өзге де негiздер
бойынша сот тәртiбiмен бұзу

1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлi-зайыптылардың некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуға өзара келiсiмi болған кезде, ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiне мүлiктiк және өзге де талаптары болмаған кезде сот некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу себептерiн анықтамастан некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуы мүмкiн.
2. Егер кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр-бiрiне мүлiктiк талаптар болмаған кезде некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуға өтiнiш берсе, ал екiншiсi өзiнiң қарсылықтарының болмауына қарамастан, өз iс-әрекеттерiмен не әрекетсiздiгiмен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу себептерiн анықтамастан, некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуы мүмкiн.

22-бап. Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы шешiм
шығару кезiнде сот шешетiн мәселелер

1. Неке (ерлi-зайыптылық) сот тәртiбiмен бұзылуы кезiнде ерлi-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерiнiң қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайын күтiп бағуға қаражат төлеу тәртiбi, осы қаражаттың мөлшерi туралы не ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы келiсiмдi соттың қарауына ұсына алады. Неке (ерлi-зайыптылық) бұзылғаннан кейiн ерлi-зайыптылар өзiнiң тегiн таңдауды некенiң (ерлi-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттiк тiркеу кезiнде шешедi.
2. Егер ерлi-зайыптылар арасында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәселелер бойынша келiсiм болмаған жағдайда, сондай-ақ, осы келiсiм балалардың немесе ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн бұзатындығы анықталған жағдайда, сот:
1) неке (ерлi-зайыптылық) бұзылғаннан кейiн кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде балаларды күтiп бағуға алименттер төлейтiнiн айқындауға;
3) кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) ерлi-зайыптылардың өздерiнiң мүдделерiн ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша олардың бiрлескен ортақ меншiгiндегi мүлiктi бөлуге;
4) жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екiншi жұбайдың талап етуi бойынша осы қаражат мөлшерiн айқындауға мiндеттi.
3. Егер мүлiктi бөлу үшiншi бiр адамдардың мүдделерiн қозғайтын болса, сот мүлiктi бөлу туралы жеке iс жүргiзудi талап етуге құқылы.

 

2. Баланың жеке мүліктік емес құқықтары

60-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену
құқығы

Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасының тәрбиесiне, өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзiнiң адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
Ата-аналары болмаған кезде, олар ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген кезде және ата-ана қамқоршылығынан айрылған басқа да жағдайларда осы Кодекстiң 13, 15 және 18-тарауларында белгiленген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етедi.

61-бап. Баланың ата-аналарымен және басқа да
туыстарымен араласу құқығы

1. Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға-iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар. Ата-аналары некесiнiң (ерлi-зайыптылығының) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-аналарының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс.
Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар.
2. Өмiрлiк қиын жағдайға ұшыраған баланың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар.

62-бап. Баланың өз пiкiрiн бiлдiру құқығы

Бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсiн қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пiкiрi мiндеттi түрде ескерiлуге тиiс. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар немесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкiлдердiң қатысуымен өзi берген келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.
Баланың пiкiрi ата-аналарының немесе баланың тұратын жерi бойынша басқа да заңды өкiлдердiң қатысуымен қабылданған, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның шешiмiмен ресiмделедi.

63-бап. Баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға
құқығы

1. Баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар.
2. Баланың атын өзара келiсiм бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкiлдерi бередi. Әкесiнiң аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкiлдерiнiң тiлегi бойынша оның әкесi болып көрсетiлген адамның аты бойынша берiледi.
Бөлек жазылған жағдайда қосарланған ат беруге рұқсат етiледi, бiрақ ол екi аттан аспауға тиiс.
Әкесiнде қосарланған ат болған жағдайда, балаға әкесiнiң аты ретiнде олардың бiреуi не әкесiнiң екi аты бiрге жазылып берiледi.
Әкесi атын өзгерткен кезде - оның кәмелетке толмаған баласының, ал кәмелетке толған бала бұл туралы өтiнiш берген кезде, оның әкесiнiң аты өзгередi.
3. Баланың тегi ата-аналарының тегiмен айқындалады. Ата-аналарының тегi әртүрлi болған кезде ата-аналарының келiсiмi бойынша балаға әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi.
Ата-аналарының қалауы бойынша баланың тегi ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып, әкесi сияқты, анасы тарапынан да әкесiнiң немесе атасының аты берiлуi мүмкiн.
4. Ата-аналар арасында баланың атына және (немесе) тегiне қатысты туындаған келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
5. Егер әкесi анықталмаса, баланың аты анасының көрсетуi бойынша берiледi, әкесiнiң аты баланың әкесi ретiнде жазылған адамның аты бойынша, тегi – анасының тегi бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескерiлiп, баланың атасының аты бойынша берiледi.
6. Егер баланың ата-аналарының екеуi де белгiсiз болса, баланың тегiн, атын, әкесiнiң атын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган, медициналық немесе баланың тұрған жерi бойынша оның құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар бередi.

64-бап. Баланың атын және (немесе) тегiн өзгерту

1. Ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегi өзгередi.
Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша тiркеушi орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi ата-анасының екiншiсiнiң тегiне өзгертуге рұқсат бередi.
2. Неке (ерлi-зайыптылық) тоқтатылған немесе неке (ерлi-зайыптылық) жарамсыз деп танылған жағдайда бала өзiне туған кезде берiлген тегiн сақтайды.
3. Егер ата-аналары некенiң (ерлi-зайыптылықтың) бұзылуын тiркеушi органда ресiмдеместен бөлек тұрса және бала өзiмен бiрге тұратын ата-анасы оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе, тiркеушi орган бұл мәселенi баланың мүдделерiне қарай және нотариатта ресiмделген басқа ата-ананың пiкiрiн ескере отырып шешедi. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтiп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсiз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.
4. Егер ата-аналары некенiң (ерлi-зайыптылықтың) бұзылуын тiркеушi органда ресiмдей отырып, бөлек тұрса және бала өзiмен бiрге тұратын ата-анасы оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе, тiркеушi орган бұл мәселенi ата-аналарының екiншiсiнiң пiкiрiн ескерместен, баланың мүдделерiне орай шешедi.
5. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлi-зайыпты емес) адамдардан туса және әкесi заңды тәртiппен анықталмаса, тiркеушi орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, оның тегiн анасының осындай өтiнiш жасаған кезде болған тегiне өзгертуге рұқсат етедi.
6. Он жасқа толған баланың аты және (немесе) тегi заңды өкiлдердiң қатысуымен алынған оның келiсiмiмен ғана өзгертiледi.

65-бап. Баланың ұлты

1. Баланың ұлты оның ата-аналарының ұлтымен айқындалады.
2. Егер ата-аналарының ұлты әртүрлi болса, ұлты балаға жеке куәлiк немесе паспорт берiлген кезде оның қалауы бойынша әкесiнiң немесе шешесiнiң қай ұлтқа жататынына сәйкес айқындалады.
3. Одан әрi баланың ұлты оның өтiнiшi бойынша тек қана ата-аналарының екiншiсiнiң ұлтына өзгертiлуi мүмкiн.

66-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

1. Баланың өзi ата-аналарынан және отбасының басқа да мүшелерiнен осы Кодекстiң 5-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде күтiп-бағу қаражатын алуға құқығы бар.
2. Жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының басшыларын қоспағанда, балаға алимент, жәрдемақы ретiнде тиесiлi сомалар баланың ата-аналарының немесе басқа заңды өкiлдерiнiң билiк етуiне түседi және олар осы сомаларды баланы күтiп-бағуға, бiлiм беруге және тәрбиелеуге жұмсайды.
3. Баланың өзi алған табыстарға, өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлiкке, сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.
Өз еңбегiнен табыс алатын бала, егер ол ата-аналарымен бiрге тұрса, отбасын күтiп-бағу жөнiндегi шығыстарға қатысуға құқылы.
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады.
Ата-аналар баланың мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтылықты жүзеге асыру кезiнде оларға осы Кодекстiң 128-бабында белгiленген қағидалар қолданылады.
4. Бiрге тұратын бала мен ата-аналар бiр-бiрiнiң мүлкiн өзара келiсiм бойынша иеленiп, пайдалана алады.
5. Ата-аналар мен баланың ортақ меншiк құқығы туындаған жағдайда олардың ортақ мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады.

67-бап. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғау құқығы

1. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкiлдерi, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ iшкi iстер органдары және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Баланың ата-аналар және басқа да заңды өкiлдер тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата-аналар немесе басқа да заңды өкiлдер баланы күтiп-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған кезде немесе тиiсiнше орындамаған кезде не ата-ана (қорғаншылық, қамқоршылық) құқықтарын терiс пайдаланған кезде бала - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға, ал он төрт жасқа толғанда сотқа өз құқықтарын қорғау үшiн өз бетiнше жүгiнуге құқылы.
3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы өздерiне белгiлi болған мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары және өзге де азаматтар бұл туралы баланың нақты тұратын жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтер алынған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.

 

3. Ата-ана құқықтарынан айыру негіздері

75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру

1. Егер ата-аналар:
1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
2) өз баласын перзентханадан (оның бөлiмшесiнен), жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсiз себептермен бас тартса;
3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын терiс пайдаланса;
4) балаға қатыгездiк көрсетсе, оның iшiнде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиiспеушiлiгiне қастандық жасаса;
5) спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды терiс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.
2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айрылады.

 

4. Ерлі-зайыптылар Вакуленконың балалары кәмелетке толғандықтан және мүлікті өзара келісіммен бөліскендіктен некесін бұзу үшін АХАЖ органына жүгінді. Бірақ та АХАЖ органының қызметкерлері олар отбасының сақталуына дәлелдемелер толық болмағандықтан некені бұзбады.

АХАЖ органының қызметкерлері ерлі-зайыпты Вокуленкаға некесін бұзуды тіркемеуге құқылы ма? Оларға шағым жасау үшін қайда жүгінуге болады?

 

Билет №7

1. Баланың мүліктік құқықтары

66-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

1. Баланың өзi ата-аналарынан және отбасының басқа да мүшелерiнен осы Кодекстiң 5-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде күтiп-бағу қаражатын алуға құқығы бар.
2. Жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының басшыларын қоспағанда, балаға алимент, жәрдемақы ретiнде тиесiлi сомалар баланың ата-аналарының немесе басқа заңды өкiлдерiнiң билiк етуiне түседi және олар осы сомаларды баланы күтiп-бағуға, бiлiм беруге және тәрбиелеуге жұмсайды.
3. Баланың өзi алған табыстарға, өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлiкке, сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.
Өз еңбегiнен табыс алатын бала, егер ол ата-аналарымен бiрге тұрса, отбасын күтiп-бағу жөнiндегi шығыстарға қатысуға құқылы.
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады.
Ата-аналар баланың мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтылықты жүзеге асыру кезiнде оларға осы Кодекстiң 128-бабында белгiленген қағидалар қолданылады.
4. Бiрге тұратын бала мен ата-аналар бiр-бiрiнiң мүлкiн өзара келiсiм бойынша иеленiп, пайдалана алады.
5. Ата-аналар мен баланың ортақ меншiк құқығы туындаған жағдайда олардың ортақ мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады.

 

2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін адамдар

119-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленетiн
адамдар

1. Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтiп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.
2. Сондай-ақ, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.
3. Бұл мән-жайлар балалардың мүдделерiне сай келетiн жағдайларды қоспағанда, бiр отбасында тәрбиеленген бiрге туған ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлердi әртүрлi адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берiлмейдi.

 

3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары

69-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары

1. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баламен бiрге тұруға және оның тәрбиесiне қатысуға құқығы бар.
2. Некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған), кәмелетке толмаған ата-аналар өздерiнде бала туған жағдайда және өздерiнiң ана және (немесе) әке болуы анықталған кезде олар он алты жасқа толған соң ата-ана құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бiрге оны тәрбиелеудi жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-аналары арасында туындаған келiспеушiлiктердi кәмелетке толмаған баланың және ата-аналарының мүдделерi мен құқықтарын ескере отырып, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган шешедi.
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негiздерде өздерiнiң әке және ана болуын тануға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ өздерi он төрт жасқа толғаннан кейiн сот тәртiбiмен өз балаларына қатысты әке болуды анықтауды талап етуге құқығы бар.

 

4. Азаматша Антонова азамат Антоновпен некені бұзу үшін талап арызымен сотқа жүгінді. Бір уақытта Антоновтан 4айлық баласына және өзі ол баланы баққаны үшін жұмыс жасай алмағандықтан алимент өндіріп алуды сұрайды.

Сот жүктілік кезінде және бала дүниеге келген соң 1жыл ішінде некені бұзу туралы істі қозғай ала ма? Әйелі Антонова азамат Антоновтан өзі үшін алимент өндіріп алуға құқылы ма?

 

Билет №8

1. Ата-аналардың бала тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері

70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған
бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен
мiндеттерi

1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған мiндеттi.
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бiтiмi, психикалық, адамгершiлiк жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады.
3. Ата-аналар баласының мiндеттi орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ата-аналардың бала жалпы орта бiлiм алғанға дейiн оның пiкiрiн ескере отырып, бiлiм беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесi мен бiлiм алуына қатысты барлық мәселелердi баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, өзара келiсу арқылы ата-аналар шешедi. Ата-аналардың арасында келiспеушiлiктер болған кезде, бұл келiспеушiлiктердi шешу үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа жүгiнуге құқылы.

2. Бала асырап алушы болуға құқылы адамдар

91-бап. Бала асырап алушы болуға құқығы бар адамдар

1. Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бiтiмi, психикалық, рухани және адамгершiлiк жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етiледi.
2. Мыналарды:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды;
2) сот бiреуiн әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған ерлi-зайыптыларды;
3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiнен шеттетiлген адамдарды;
5) егер сот олардың кiнәсiнен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды; Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкiн болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
7) тұрақты тұрғылықты жерi жоқ адамдарды;
8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
9) бала асырап алу кезiнде қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адамдарды;
10) азаматтығы жоқ адамдарды;
11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемiнде үш жыл iс жүзiнде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тiркелген некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;
12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiмен қамтамасыз ететiн табысы жоқ адамдарды;
13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкiн.
3. Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлi-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырап ала алмайды.

 

3. Суррогат ана болу шарты ұғымы, мазмұны

Бап. Суррогат ана болу шарты

1. Суррогат ана болу шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптары сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалады және мiндеттi түрде нотариатта куәландыруға жатады.
2. Суррогат ана болу шартының жасалуы қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде туған балаға ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) ата-аналық құқықтары және мiндеттерiнiң болуын әдейi көздейдi.
3. Суррогат ана болу шартымен бiр мезгiлде ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) тиiстi қызметтер көрсететiн, қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасасады.

55-бап. Суррогат ана болу шартының мазмұны

Суррогат ана болу шартында:
1) ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) және суррогат ананың деректерi;
2) суррогат ананың күтiмiне арналған материалдық шығыстарды төлеу тәртiбi және шарттары;
3) тараптардың шарт талаптары орындалмаған кездегi құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi;
4) 57-баптың 1-тармағында көзделген өтемақының мөлшерi және оны төлеу тәртiбi;
5) өзге де, оның iшiнде төтенше оқиға жағдайлары қамтылуға тиiс.

 

4. Азаматша Королева некені тіркеу кезінде азамат Белоусовтың тегін алуды қалады. Өтініші қанағаттандырылды. Бірнеше күн өткен соң Королева бірінші некедегі 14 және 16 жастағы балаларының қарсылығы бойынша бұрынғы тегіне ауыстырылуын сұрады.

АХАЖ органы оның өтінішін қанағаттандыра ма?

 

Билет №9

1. Суррогат ана болу шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері

57-бап. Суррогат ана болу шарты тараптарының
құқықтары мен мiндеттерi

1. Суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер):
1) суррогат ананың медициналық зерттеп-қараудан өтуiмен байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
2) қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолданылуына байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
3) қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымға тән саулығы, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық зерттеп-қараудың нәтижелерiн ұсынуға;
4) суррогат ананың жүктiлiгi, босануы кезеңiнде және босанғаннан кейiн елу алты күн iшiнде медициналық қызмет көрсету бойынша шығыстарды төлеуге, ал жүктiлiкпен және босанумен байланысты асқыну болған жағдайда, жетпiс күн iшiнде шығыстарды

төлеуге мiндеттi.
2. Суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде суррогат ана 56-баптың талаптарына сәйкес:
1) тапсырыс берушiлерге өзiнiң тән саулығы, психикалық және репродуктивтiк денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға;
2) дәрiгердiң үнемi бақылауында болуға және оның ұсынымдары мен тағайындаған емдерiн қатаң сақтауға;
3) өзiмен шарт жасасқан адамдарды суррогат ана болу шартында ескерiлген кезеңдiлiгiмен жүктiлiктiң барысы туралы хабардар етуге;
4) туған баланы өзiмен суррогат ана болу шартын жасасқан адамдарға беруге мiндеттi.
3. Суррогат ана баланы өзге адамдарға беруге құқылы емес.
4. Суррогат ананың тұрақты жұмысы болған кезде еңбек қызметiн жалғастыру мәселесi суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келiсiмi бойынша шешiледi.
5. Суррогат ана репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолданылғаннан кейiн суррогат ана болу шартында көзделген жүктiлiк үшiн жауаптылықта болады және табиғи жүктi болу мүмкiндiгiн болғызбауға мiндеттi.
6. Көп құрсақ көтерiп жүктi болу туралы мәселе суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келiсiмi бойынша шешiледi.

 

2. Ата-ана құқықтарын шектеу

79-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу

1. Сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-аналардан оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешiм шығаруы мүмкiн.
Ата-аналары немесе олардың бiреуi ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген баланы баланың тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган орналастырады.
2. Егер баланың ата-аналарымен қалуы:
1) ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауруы, ауыр мән-жайларға душар болуы) бойынша;
2) ата-аналардың мiнез-құлқының салдарынан, бiрақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшiн жеткiлiктi негiздер анықталмай, ол үшiн қауiптi болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол берiледi.
Егер ата-аналар өз мiнез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешiмi шыққаннан кейiн алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап-арыз беруге мiндеттi.
3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туыстары және баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ прокурор бередi.
4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган өкiлiнiң мiндеттi түрде қатысуымен қаралады.
5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер қаралған кезде сот ата-аналардан балаға алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешуге құқылы.

 

3. Баланы ата-анасының келісімінсіз асырап алу

94-бап. Баланы ата-аналарының келiсiмiнсiз
асырап алу

Егер ата-аналар:
1) белгiсiз болған немесе сот оларды қайтыс болған деп жариялаған, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;
2) сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныған;
3) сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған;
4) баламен бiрге тұрмаған және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен күтiп-бағудан жалтарған жағдайларда, олардың баланы асырап алуға келiсiмi талап етiлмейдi.
Некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған) ананың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделген, медициналық ұйымдағы баладан бас тарту туралы жазбаша өтiнiшi болған кезде сот ата-аналардың баланы асырап алуға келiсiмiн растайтын басқа да құжаттарды талап етуге құқылы емес.

 

4. Азаматша Сурова азамат Суровпен некені бұзу үшін және бірлесіп тапқан мүлікті бөлу үшін сотқа жүгінді. Жауапкер яғни Суров азаматша Сурованың үйленген күні ата-аналарымен сыйланған видеотехника жұмсақ жихаз және кілемді көрсетпегенін айтты. Ал Сурова бұл мүліктер қызының жүгі ретінде берілгенін айтады.Сот бұл заттар үйленген күні сыйға берілгендіктен және сыйға тарту шартын жасамағандықтан ортақ мүлік деп есептеді.

Бұл жағдай қалай шешілуі тиіс?

 

Билет №10

1. Некеның жарамсыздығы

25-бап. Некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану

1. Осы Кодекстiң 9-11-баптарында белгiленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) жалған неке (ерлi-зайыптылық) қиылған кезде;
2) мәжбүрлеп неке (ерлi-зайыптылық) қиылған кезде;
3) егер некеге отырған (ерлi-зайыпты болған) адамдардың бiреуi екiншiсiнен құрылған отбасы мүшелерiне, жеке басының және қоғамның қауiпсiздiгiне нақты қауiп төндiретiн ауруы бар екенiн жасырса, сот некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп таниды.
2. Сот некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде соттың осы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн неке қиюдың (ерлi-зайыпты болудың) мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша тiркеушi органға жiберуге мiндеттi.
3. Неке (ерлi-зайыптылық) қиылған күнiнен бастап жарамсыз деп танылады.

26-бап. Некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп
тануды талап етуге құқығы бар адамдар

1. Некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы талап етуге:
1) егер неке (ерлi-зайыптылық) жасына толмаған адаммен неке қиылса (ерлi-зайыпты болса), кәмелетке толмаған жұбайы, оның заңды өкiлдерi немесе прокурор;
2) неке қиюмен (ерлi-зайыпты болумен) құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ, егер мәжбүр ету, алдау, қателесу нәтижесiнде немесе неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу кезiнде өз iс-әрекеттерiнiң мәнiн түсiнбеген және өзiн-өзi билей алмаған жай-күйiнiң салдарынан ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некеге отыруға ерiктi келiсiмi болмаған кезде неке қиылса (ерлi-зайыпты болса), прокурор;
3) неке қиюға (ерлi-зайыпты болуға) кедергi келтiретiн мән-жайлардың бар екенiн бiлмеген жұбайы, әрекетке қабiлетсiз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, алдындағы бұзылмаған неке (ерлi-зайыптылық) бойынша жұбайы;
4) прокурор, сондай-ақ жалған неке қию (ерлi-зайыпты болу) жағдайында, некенiң (ерлi-зайыптылықтың) жалғандығы туралы бiлмеген жұбайы;
5) осы Кодекстiң 25-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген мән-жайлар болған кезде құқығы бұзылған жұбайы құқылы.
2. Неке (ерлi-зайыптылық) жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адаммен қиылған некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы iстi қарау кезiнде iске қатысуға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган тартылады.

27-бап. Некенiң (ерлi-зайыптылықтың) жарамсыздығын
жоятын мән-жайлар

1. Егер некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы iстi қарау кезiне неке қиюға (ерлi-зайыпты болуға) кедергi келтiрген мән-жайлар жойылса, сот осы кезден бастап некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамды деп тануға құқылы.
2. Сот неке (ерлi-зайыптылық) жасына толмаған адаммен қиылған некенi (ерлi-зайыптылықты), егер мұны кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделерi талап етсе, сондай-ақ некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға оның келiсiмi болмаған кезде жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тартуы мүмкiн.
3. Егер мұндай некенi (ерлi-зайыптылықты) тiркеткен адамдар iстi сот қарағанға дейiн iс жүзiнде отбасын құрса, сот некенi (ерлi-зайыптылықты) жалған деп тани алмайды.
4. Ерлi-зайыптылардың арасында жақын туыстық болған не некенi (ерлi-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу кезiнде ерлi-зайыптылардың бiреуi басқа бұзылмаған некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) жағдайларды қоспағанда, неке (ерлi-зайыптылық) ол бұзылғаннан кейiн жарамсыз деп таныла алмайды.

28-бап. Некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп
танудың салдары

1. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, сот жарамсыз деп таныған неке (ерлi-зайыптылық) ерлi-зайыптылардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерiн туғызбайды.
2. Некесi (ерлi-зайыптылығы) жарамсыз деп танылған адамдар бiрлесiп сатып алған мүлiктiң құқықтық режимi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларымен реттеледi. Мұндай жағдайда ерлi-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады.
3. Некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану мұндай некеден (ерлi-зайыптылықтан) туған немесе неке (ерлi-зайыптылық) жарамсыз деп танылған күннен бастап екi жүз сексен күн iшiнде туған балалардың құқығына нұқсан келтiрмейдi.
4. Некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы шешiм шығарылған кезде сот некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану үшiн негiз болып табылған мән-жайлар неке қию (ерлi-зайыпты болу) кезiнде өзiне белгiлi болмаған жұбайдың (адал ниеттi жұбайдың) екiншi жұбайдан осы Кодекстiң 148 және 149-баптарына сәйкес қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал неке (ерлi-зайыптылық) жарамсыз деп танылған кезге дейiн бiрлесiп сатып алынған мүлiктi бөлуге қатысты осы Кодекстiң 33, 37 және 38-баптарында белгiленген ережелердi қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық немесе iшiнара жарамды деп тануға құқылы.
Адал ниеттi жұбай Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес екiншi жұбайдан өзiне келтiрiлген материалдық және моральдық зиянды өтеудi талап етуге құқылы.
5. Адал ниеттi жұбай некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану кезiнде неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу кезiндегi өзi таңдаған тегiн сақтауға құқылы.

 

2. Неке шартының мазмұны

41-бап. Неке шартының мазмұны

1. Ерлi-зайыптылар неке шартымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге құқылы.
Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкiне де қатысты жасалуы мүмкiн.
Неке шартында ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн, бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсiлдерiн, өздерiнiң әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға; неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға, сондай-ақ неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi, сондай-ақ осы некеден (ерлi-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүлiктiк жағдайын енгiзуге құқылы.
2. Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн.
3. Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтiп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелердi және Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды.

 

3. Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету

128-бап. Қамқорлыққа алынушының мүлкiне билiк ету

1. Қамқорлыққа алынушының өз бетiнше билiк етуге құқығы бар табыстарын қоспағанда, қамқорлыққа алынған адамның табыстарын, оның iшiнде қамқорлыққа алынушының мүлкiн басқарудан түскен оған тиесiлi табыстарды тек қана қамқорлыққа алынушының мүддесiнде және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушының табысы ретiнде оған тиесiлi, қамқорлыққа алынушыны күтiп-бағу үшiн қажеттi сома есебiнен ең төмен күнкөрiс шегiнде шығыстар шығаруға құқылы.
Жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының басшылары тәрбиеленушiлердiң алименттен, жәрдемақылардан түскен қаражаттарын және басқа да әлеуметтiк төлемдерiн банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.
2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз қорғаншы қамқорлыққа алынушының мүлкiн иелiктен шығару, оның iшiнде айырбастау немесе сыйға тарту жөнiндегi мәмiлелердi жасасуға немесе оның атынан кепiлгерлiк, осы мүлiктi жалға (жалдауға), өтеусiз пайдалануға беру немесе кепiлге салу шартын, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлiкпен тиесiлi құқықтарынан бас тартуына, оның мүлкiн бөлуге немесе одан үлестi бөлiп алуға әкеп соғатын мәмiлелердi жасасуға, сондай-ақ қамқорлыққа алынушының мүлкiн азайтуға әкеп соғатын кез келген мәмiлелердi жасасуға, ал қамқоршы оларды жасасуға келiсiм беруге құқылы емес. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган көрсетiлген мәмiлелердiң нәтижесiнде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиiс екенiн айқындайды.
Қамқорлыққа алынушының мүлкiн басқару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Мүлiктi қамқорлыққа алынушыға сый ретiнде немесе өтеусiз пайдалануға берудi қоспағанда, қорғаншының немесе қамқоршының, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқорлыққа алынушымен мәмiлелер жасасуға, сондай-ақ мәмiлелер жасасу немесе қамқорлыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында сот iстерiн жүргiзу кезiнде қамқорлыққа алынушының атынан өкiлдiк етуге құқылы емес.
Қамқорлыққа алынушының қорғаншыға немесе қамқоршыға, оның жұбайына немесе туыстарына осы адам қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалғанға дейiн туындаған борыштары қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен төленедi.

 

4. Ерлі-зайыпты Петровалар неке шартын жасасу кезінде неке бұзылу кезінде алименттік міндеттемелер белгіленбейтінін белгіледі. Бірақ та нотариус олардың неке шартының заңға сәйкес келмейтіндігін мәлімдеп, қанағаттандырмады.

Нотариустың іс-әрекетіне баға беріңіз. Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен алимент өндіруден бас тартанынын неке шартында белгілеуге құқылы ма?

 

Билет №11

1. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері

29-бап. Ерлi-зайыптылардың құқықтары мен
мiндеттерiнiң туындауы

Ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерi неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркелген күннен бастап туындайды.

30-бап. Ерлi-зайыптылардың отбасындағы теңдiгi

1. Ерлi-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең мiндеттер атқарады.
2. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрiн, кәсiбiн және дiни сенiмiн таңдауға ерiктi.
3. Ерлi-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға бiлiм беру, ерлi-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлерi мәселелерiн және отбасы өмiрiнiң басқа да мәселелерiн бiрлесiп шешедi.
4. Ерлi-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негiзiнде құруға, отбасының игiлiгi мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсiп-жетiлуiне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға мiндеттi.

31-бап. Ерлi-зайыптылардың тектердi таңдау құқығы

1. Неке қию (ерлi-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегi ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не бiреуi (екеуi де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерiн қосуға жол берiлмейдi.
Неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу кезiнде тегi өзгерген жағдайда, азамат бiр ай мерзiмде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға мiндеттi.
2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсiнiң тегiн мiндеттi түрде өзгертуiне әкеп соқпайды.
3. Неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлi-зайыпты болу) кезiнде таңдаған тектерiн сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерiн қалпына келтiруге құқылы.

 

2. Суррогат анаға қойылатын талаптар

56-бап. Суррогат анаға қойылатын талаптар

1. Суррогат ана болуға тiлек бiлдiрген әйел жиырмадан отыз беске дейiнгi жаста, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән денсаулығы, психикалық және репродуктивтiк денсаулығы, сондай-ақ өзiнiң денi сау баласы болуға тиiс.
2. Егер суррогат ана тiркелген некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) жағдайда, суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде жұбайының нотариат тәртiбiмен куәландырылуға тиiс жазбаша келiсiмi ұсынылуы қажет.
3. Қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым балалы болуға тiлек бiлдiрген адамдардың өздерiнiң не донор банктiң биоматериалдарының сол үшiн пайдаланылғаны туралы толық әрi жеткiлiктi ақпаратпен оларды қолдану туралы қорытынды шығаруға мiндеттi.
Қорытындының бiр данасы нотариатта куәландырылған суррогат ана болу шартына қоса берiледi және мәмiленiң жасалған жерi бойынша сақталады.

 

3. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағу жөніндегі міндеттемелері

69-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары

1. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баламен бiрге тұруға және оның тәрбиесiне қатысуға құқығы бар.
2. Некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған), кәмелетке толмаған ата-аналар өздерiнде бала туған жағдайда және өздерiнiң ана және (немесе) әке болуы анықталған кезде олар он алты жасқа толған соң ата-ана құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бiрге оны тәрбиелеудi жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-аналары арасында туындаған келiспеушiлiктердi кәмелетке толмаған баланың және ата-аналарының мүдделерi мен құқықтарын ескере отырып, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган шешедi.
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негiздерде өздерiнiң әке және ана болуын тануға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ өздерi он төрт жасқа толғаннан кейiн сот тәртiбiмен өз балаларына қатысты әке болуды анықтауды талап етуге құқығы бар.

70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған
бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен
мiндеттерi

1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған мiндеттi.
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бiтiмi, психикалық, адамгершiлiк жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады.
3. Ата-аналар баласының мiндеттi орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ата-аналардың бала жалпы орта бiлiм алғанға дейiн оның пiкiрiн ескере отырып, бiлiм беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесi мен бiлiм алуына қатысты барлық мәселелердi баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, өзара келiсу арқылы ата-аналар шешедi. Ата-аналардың арасында келiспеушiлiктер болған кезде, бұл келiспеушiлiктердi шешу үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа жүгiнуге құқылы.

71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен
мүдделерiн қорғау жөнiндегi құқықтары
мен мiндеттерi

1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес.

72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесiнде
жүзеге асыру

Ата-ана құқықтары баланың мүдделерiне қайшы жүзеге асырылмауға тиiс. Баланың мүдделерiн қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негiзгi қамқорлықтың нысанасы болып табылады.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезiнде ата-аналар баланың дене бiтiмi мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерi адамның қадiр-қасиетiн кемсiтетiн немқұрайлылықты, қатыгездiктi, дөрекiлiктi, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиiс.

73-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана
құқықтарын жүзеге асыруы

1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесi мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшiн басқа да маңызды мәселелердi шешуге қатысуға құқығы бар.
Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзiмен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.
2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi.
Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесi үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимiн, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша түрде келiсiм жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса - дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешiмiмен келiспеген жағдайда осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен сот шешедi.
4. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы сот шешiмi орындалмаған жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың бiлiм беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар.
Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.

74-бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап
ету құқығы

1. Ата-аналар баланы заңның немесе сот шешiмiнiң негiзiнсiз өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқылы.
Бұл талаптарды қарау кезiнде сот, егер баланы ата-аналарына беру баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
2. Егер сот ата-аналары да, бала қолында отырған адамның да оның тиiстi түрде тәрбиесiн және дамуын қамтамасыз етуге жағдайы келмейтiнiн анықтаса, сот баланы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның қамқорлығына бередi.

 

4. Некеде тұрмайтын азаматша Жильцова әкесі Волков болып табылатын баланы дүниеге әкелді. Ол Волковпен ұзақ уақыт бірге тұрды.Баланың тууын тіркеу кезінде Волков ауызша өзінің әкелігін танып, оны әке ретінде жазуын сұрады. Бірақ та АХАЖ органының бастығы олардың арасында неке тіркелмегендіктен олардың сұрауын қанағаттандырмады.

АХАЖ органының бастығының әрекеті дұрыс па? Баланың тууын тіркеу тәртібін айтып беріңіз.

Билет №12

1. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері

148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлi-зайыптылық)
бұзылғаннан кейiн алимент алуға құқығы

1. Алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге:
1) жүктiлiгi кезеңiнде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейiн бұрынғы зайыбының
2) ортақ мүгедек баланы он сегiз жасқа толғанға дейiн бағып-күтудi жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегiз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының
3) неке (ерлi-зайыптылық) бұзылғанға дейiн еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының құқығы бар.
2. Алименттiң мөлшерi және оны неке (ерлi-зайыптылық) бұзылғаннан кейiн бұрынғы жұбайына беру тәртiбi бұрынғы ерлi-зайыптылардың арасындағы келiсiммен айқындалуы не сот айқындауы мүмкiн.

149-бап. Ерлi-зайыптылардан және бұрынғы
ерлi-зайыптылардан сот тәртiбiмен өндiрiп
алынатын алименттiң мөлшерi

Ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде, жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында сот айқындайды.

 

2. Патронат ұғымы

патронат – жетiм балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тiлек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берiлетiн тәрбие нысаны;

Бап. Патронат

1. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның iшiнде бiлiм беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға белгiленедi.
2. Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалған баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындауына негiз болып табылады.
3. Патронаттық тәрбие туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

 

3. Суррогат ана болу шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері

57-бап. Суррогат ана болу шарты тараптарының
құқықтары мен мiндеттерi

1. Суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер):
1) суррогат ананың медициналық зерттеп-қараудан өтуiмен байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
2) қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолданылуына байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
3) қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымға тән саулығы, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық зерттеп-қараудың нәтижелерiн ұсынуға;
4) суррогат ананың жүктiлiгi, босануы кезеңiнде және босанғаннан кейiн елу алты күн iшiнде медициналық қызмет көрсету бойынша шығыстарды төлеуге, ал жүктiлiкпен және босанумен байланысты асқыну болған жағдайда, жетпiс күн iшiнде шығыстарды

төлеуге мiндеттi.
2. Суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде суррогат ана 56-баптың талаптарына сәйкес:
1) тапсырыс берушiлерге өзiнiң тән саулығы, психикалық және репродуктивтiк денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға;
2) дәрiгердiң үнемi бақылауында болуға және оның ұсынымдары мен тағайындаған емдерiн қатаң сақтауға;
3) өзiмен шарт жасасқан адамдарды суррогат ана болу шартында ескерiлген кезеңдiлiгiмен жүктiлiктiң барысы туралы хабардар етуге;
4) туған баланы өзiмен суррогат ана болу шартын жасасқан адамдарға беруге мiндеттi.
3. Суррогат ана баланы өзге адамдарға беруге құқылы емес.
4. Суррогат ананың тұрақты жұмысы болған кезде еңбек қызметiн жалғастыру мәселесi суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келiсiмi бойынша шешiледi.
5. Суррогат ана репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолданылғаннан кейiн суррогат ана болу шартында көзделген жүктiлiк үшiн жауаптылықта болады және табиғи жүктi болу мүмкiндiгiн болғызбауға мiндеттi.
6. Көп құрсақ көтерiп жүктi болу туралы мәселе суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келiсiмi бойынша шешiледi.

 

4. Азаматша Маленина кәмелетке толмаған сіңілісінің туған баласына ана болғысы келіп, анасы ретінде тіркеледі. Бірақ арада 5жыл өткен соң Маленина некеге тұрғандықтан және ол некеден туған балалары болғандықтан сотқа 5жыл бұрын жасалған акт жазбасын өзгертуді сұрады.

АХАЖ органы Маленинаның сұрауы бойынша акт жазбасын өзгерте ала ма? ҚР-ң неке (ерлі - зайыптылық) отбасы кодексі бойынша акт жазбасын өзгерту тәртібі қалай жүргізіледі?

Билет №13

1. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттері

145-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын
күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi

1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтiп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.
3. Балалардың әрқайсысынан өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында белгiлейдi.
4. Алимент мөлшерiн айқындау кезiнде сот балалардың бәрiне, олардың бiреуiне немесе бiрнешеуiне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларының бәрiн ескеруге құқылы.
5. Егер сот ата-аналардың осы балаларына қатысты ата-аналық мiндеттерiн орындаудан бұрын жалтарғанын анықтаса, балалар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерiнен босатылуы мүмкiн.
Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
6. Кәмелетке толған, асырап алынған балалардың асырап алушыларды күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi балалардың ата-аналары алдындағы мiндеттерi сияқты айқындалады.

 

2. Бала асырап алу жөніндегі агенттік ұғымы, оларды аккредиттеудің жалпы ережелері

бала асырап алу - нәтижесiнде шығу тегi бойынша туыстарының құқықтары мен мiндеттерiне теңестiрiлетiн жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар мен мiндеттер туындайтын сот шешiмi негiзiнде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудiң құқықтық нысаны;
10) бала асырап алу жөнiндегi агенттiктер - өз мемлекетiнiң аумағында балаларды асырап алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн аккредиттелген коммерциялық емес шетелдiк ұйымдар;

аккредиттеу - Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органының бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердiң өз қызметiн жүзеге асыру құқығын ресми тануы;
111-бап. Жалпы ережелер

1. Аккредиттеу туралы өтiнiш берген кезде өз мемлекетiнiң аумағында аталған салада филиалдар немесе өкiлдiктер құру жолымен өз қызметiн кемiнде он жыл жүзеге асыратын бала асырап алу жөнiндегi агенттiктер (бұдан әрi – агенттiктер) аккредиттеуге жатады.
2. Аккредиттеу агенттiктiң филиалы және (немесе) өкiлдiгi есептiк тiркелгенге дейiн жүргiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органының, жергiлiктi атқарушы органдардың, жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының қызметкерлерi, олардың жұбайларын және жақын туыстарын қоса алғанда, агенттiк филиалының және (немесе) өкiлдiгiнiң қызметкерлерi бола алмайды.
4. Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

 

3. Патронат тәрбиешілер

135-бап. Патронат тәрбиешiлер

1. Патронат тәрбиешiлердiң тәрбиелеуге қабылдап алынған балаға қатысы бойынша қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтары мен мiндеттерi болады. Оларға осы Кодекстiң 122-бабында көзделген талаптар қойылады.
2. Патронат тәрбиешiлердi iрiктеудi қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен патронат тәрбиешiлерге қойылатын талаптар туралы қағидаларға сәйкес жүргiзедi.

 

4. Азаматша Максимова сотқа азамат Максимовтан ортақ балалары бірінші баласы кәмелет жасына толмағандықтан ал екінші қызы 19 жасқа толған, бірақ та студент болғандықтан алименттік ақы өндіріп алу үшін жүгінді. Жауапкер Максимов баласы тұрақты жұмыс істейтініне және қызы кәмелетке толғанын сілтеп алимент төлеуге құқылы еместігін айтты.

Ата-аналары өздерінің кәмелетке толмаған , бірақ жұмыс істейтін балаларына алимент төлеуге құқылы ма? Кәмелет толған балаларға алимент төлене ма? Соттың шешімі қандай болу керек.

 

Билет №14

1. Алименттік қатынастардың қатысушылары

138-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды
күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi

1. Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын күтiп-бағуға мiндеттi. Кәмелетке толмаған балаларды күтiп-бағудың тәртiбi мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.
Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, күндiзгi оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтiп-бағу туралы келiсiм (алимент төлеу туралы келiсiм) жасасуға құқылы.
2. Егер ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, күндiзгi оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бiр жасқа дейiнгi кәмелетке толған балаларына күтiп-бағу қаражатын ерiктi түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.
3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келiсiмi болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларға күтiп-бағу қаражаты берiлмеген кезде және сотқа талап-арыз берiлмеген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндiрiп алу туралы талап-арыз беруге құқылы.

139-бап. Кәмелетке толмаған балаларды күтiп-бағуға
сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң
мөлшерi

1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алименттi ай сайын мынадай мөлшерде: бiр балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кiрiсiнiң - төрттен бiр бөлiгiн; екi балаға - үштен бiр бөлiгiн; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндiрiп алады.
2. Бұл үлестердiң мөлшерiн сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемiтуi немесе көбейтуi мүмкiн.

140-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент
ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де
кiрiстiң түрлерi

Ата-аналардың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кiрiсi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

141-бап. Тұрақты ақша сомасында балаларға алимент
өндiрiп алу

1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келiсiмi болмаған кезде және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлестiк қатынаста алимент өндiрiп алу мүмкiн болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бiрiнiң мүдделерiн елеулi түрде бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе бiр мезгiлде үлеспен және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндiрiп алынатын алимент мөлшерiн айқындауға құқылы.
Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелi табысы және (немесе) өзге де кiрiсi бар не, егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де кiрiсiн толығымен немесе iшiнара заттай алатын ата-аналардан алимент өндiрiп алу жатады.
2. Күндiзгi оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бiр жасқа дейiнгi балаларға күтiп-бағу қаражатын өндiрiп алу алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде сот тәртiбiмен тұрақты ақша сомасында жүргiзiледi.
3. Тұрақты ақша сомасының мөлшерiн сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етiлу деңгейiн мүмкiндiгiнше сақтайтын көлемдегi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге алып айқындайды.
4. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алименттiң мөлшерi оның бiреуiнен аз қамтылған екiншiсiнiң пайдасына осы баптың 3-тармағына сәйкес ай сайын өндiрiп алынатын және сот айқындайтын тұрақты ақша сомасында белгiленедi.

142-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
алимент өндiрiп алу және оны пайдалану

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Кодекстiң 138-141-баптарына сәйкес өндiрiп алынады және балалардың қорғаншысына немесе қамқоршысына немесе олардың патронат тәрбиешiлерiне төленедi.
Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат тәрбиешiге берiлген балаларға арналған алимент төлемдерiнiң сомасы екiншi деңгейдегi банктерде ашылған осы балалардың депозиттiк шоттарына аударылады.

143-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың
алимент алуға құқығы

1. Еңбекке жарамды ата-аналар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын күтiп-бағуға мiндеттi.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент мөлшерiн сот алимент төлеу кезiндегi қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, айқындайды.

144-бап. Ата-аналардың балаларды күтiп-бағуға арналған
қосымша шығыстарға қатысуы

1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде және ерекше жағдайлар (кәмелетке толмаған балалардың немесе көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың ауыр науқастануы, мертiгуi, оларға бөгде адамның бағып-күтуiне ақы төлеу қажеттiгi және басқа да мән-жайлар) болған кезде сот осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға ата-аналардың әрқайсысын тартуы мүмкiн.
2. Егер ата-аналардың қосымша шығыстарды көтеруге қатыстырылу тәртiбi және осы шығыстардың мөлшерi екiжақты келiсiм бойынша айқындалмаса, онда сот ата-аналардың, басқа да балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, ай сайын төленуге тиiстi алименттi төлеу кезiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында белгiлейдi.
3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығыстарды өтеуге де, балаларды күтiп-бағуға болашақта жасалуға тиiс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуын мiндеттеуге құқылы.

145-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын
күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi

1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтiп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.
3. Балалардың әрқайсысынан өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында белгiлейдi.
4. Алимент мөлшерiн айқындау кезiнде сот балалардың бәрiне, олардың бiреуiне немесе бiрнешеуiне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларының бәрiн ескеруге құқылы.
5. Егер сот ата-аналардың осы балаларына қатысты ата-аналық мiндеттерiн орындаудан бұрын жалтарғанын анықтаса, балалар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерiнен босатылуы мүмкiн.
Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
6. Кәмелетке толған, асырап алынған балалардың асырап алушыларды күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi балалардың ата-аналары алдындағы мiндеттерi сияқты айқындалады.

146-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына
жасалған қосымша шығыстарға қатысуы

1. Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасамаған кезде және ерекше мән-жайлар (ата-анасының ауыр науқастануы, мертiгуi, оны бөгде адамның бағып-күткенi үшiн ақы төлеу қажеттiгi, оны медициналық-әлеуметтiк мекемеге орналастыру және басқалары) болған кезде сот кәмелетке толған балаларын осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге тартуы мүмкiн.
2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығыстарды көтеру тәртiбi мен осы шығыстардың мөлшерiн сот осы Кодекстiң 145-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында белгiленген талаптар сақталған кезде ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерiн ескере отырып айқындайды.
3. Қосымша шығыстарды көтеру тәртiбi мен осы шығыстардың мөлшерi тараптардың келiсiмiмен айқындалуы мүмкiн, мұндай келiсiм болмаған жағдайда дау сот тәртiбiмен шешiледi.

20-тарау. ЕРЛI-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ЕРЛI-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ
АЛИМЕНТТIК МIНДЕТТЕМЕЛЕРI

147-бап. Ерлi-зайыптылардың бiрiн-бiрi күтiп-бағу
жөнiндегi мiндеттерi

1. Ерлi-зайыптылар бiрiн-бiрi материалдық жағынан қолдауға мiндеттi.
2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлi-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар екiншi жұбайдан:
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының
2) жүктiлiгi кезеңiнде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының
3) ортақ мүгедек баланы он сегiз жасқа толғанға дейiн бағып-күтудi жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегiз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге құқығы бар.

148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлi-зайыптылық)
бұзылғаннан кейiн алимент алуға құқығы

1. Алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге:
1) жүктiлiгi кезеңiнде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейiн бұрынғы зайыбының
2) ортақ мүгедек баланы он сегiз жасқа толғанға дейiн бағып-күтудi жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегiз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының
3) неке (ерлi-зайыптылық) бұзылғанға дейiн еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының құқығы бар.
2. Алименттiң мөлшерi және оны неке (ерлi-зайыптылық) бұзылғаннан кейiн бұрынғы жұбайына беру тәртiбi бұрынғы ерлi-зайыптылардың арасындағы келiсiммен айқындалуы не сот айқындауы мүмкiн.

149-бап. Ерлi-зайыптылардан және бұрынғы
ерлi-зайыптылардан сот тәртiбiмен өндiрiп
алынатын алименттiң мөлшерi

Ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде, жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында сот айқындайды.

150-бап. Жұбайды екiншi жұбайды күтiп-бағу жөнiндегi
мiндеттен босату немесе бұл мiндеттiң мерзiмiн
шектеу

1. Сот жұбайдың көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз екiншi жұбайды күтiп-бағу мiндетiнен босатуы немесе некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңде де, неке бұзылғаннан кейiн де бұл мiндеттi белгiлi бiр мерзiмге:
1) егер көмекке мұқтаж жұбайдың еңбекке жарамсыздығы спирттiк iшiмдiктерге, есiрткi, психотроптық заттарға салынуы салдарынан немесе оның қасақана қылмыс жасауы салдарынан басталған;
2) ерлi-зайыптылар некеде (ерлi-зайыптылықта) ұзақ тұрмаған (бес жылға дейiн);
3) алимент төлеудi талап ететiн жұбай отбасында лайықсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайларда шектеуi мүмкiн.
2. Бұрынғы жұбайын күтiп-бағу жөнiндегi мiндет мынадай жағдайларда:
1) күтiп-бағуға құқығы бар жұбай жаңа некеге отырса (ерлi-зайыпты болса);
2) осы Кодекстiң 148-бабында көзделген мән-жайлар жойылса, сот шешiмiмен тоқтатылады.

21-тарау. ОТБАСЫНЫҢ БАСҚА МҮШЕЛЕРIНIҢ АЛИМЕНТТIК МIНДЕТТЕМЕЛЕРI

151-бап. Еңбекке жарамды ағалары мен апаларының өздерiнiң
кәмелетке толмаған туған iнiлерi (қарындастары)
мен сiңлiлерiн күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi

Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж iнiлерi (қарындастары) мен сiңлiлерiнiң өз ата-аналарынан күтiп-бағу қаражатын алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған бiрге туған ағалары мен апаларынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы бар.

152-бап. Атасы мен әжесiнiң немерелерiн күтiп-бағу
жөнiндегi мiндеттерi

Өздерiнiң еңбекке жарамды ата-аналарынан, бiрге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен апаларынан күтiп-бағу қаражатын алуға мүмкiндiк болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелердiң өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар әжесi мен атасынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы бар.

153-бап. Немерелердiң атасы мен әжесiн күтiп-бағу мiндетi

Өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) күтiп-бағу қаражатын алу мүмкiн болмаған жағдайда, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз атасы мен әжесi өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды кәмелетке толған немерелерiнен сот тәртiбiмен алимент талап етуге құқылы.

154-бап. Тәрбиеленушiлердiң өздерiн iс жүзiнде
тәрбиелеген адамдарды күтiп-бағу мiндетi

1. Кәмелетке толмаған балаларды iс жүзiнде тәрбиелеген және күтiп-баққан еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдардың, егер олар өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерiнен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтiп-бағу қаражатын ала алмаса, өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды тәрбиеленушiлерiнен сот тәртiбiмен күтiп-бағу қаражатын берудi талап етуге құқығы бар.
2. Егер iс жүзiнде тәрбиелеген адамдар тәрбиеленушiлердi бес жылдан аз уақыт күтiп-бақса және тәрбиелесе, сондай-ақ өздерiнiң тәрбиеленушiлерiн тиiстi түрде күтiп-бақпаса және тәрбиелемесе, сот тәрбиеленушiлердi осы адамдарды күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттен босатуға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттер қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы не патронаттағы адамдарға жүктелмейдi.

155-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесiн және
өгей шешесiн күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi

1. Өздерiнiң өгей ұлдарын немесе өгей қыздарын тәрбиелеген және күтiп-баққан, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз өгей әке мен өгей шеше, егер олар өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерiнен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтiп-бағу қаражатын ала алмаса, осыған қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан сот тәртiбiмен күтiп-бағу қаражатын берудi талап етуге құқылы.
2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелесе және күтiп-бақса, сондай-ақ олар өздерiнiң тәрбиелеу немесе күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн тиiстi түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесiн немесе өгей шешесiн күтiп-бағу мiндеттерiнен босатуға құқылы.

156-бап. Отбасының басқа мүшелерiнен сот тәртiбiмен
өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi

1. Осы Кодекстiң 151-155-баптарында аталған адамдарға алименттiң мөлшерi мен оны төлеу тәртiбi тараптардың келiсiмiмен айқындалуы мүмкiн.
2. Тараптардың келiсiмi болмаған кезде сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн сот әрбiр жеке жағдайда алимент төлеушi мен алушының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында белгiлейдi.
3. Егер отбасының алимент талап етушi мүшесiн бiр мезгiлде бiрнеше адам күтiп-бағуға мiндеттi болса, сот олардың материалдық және отбасылық жағдайларына қарай олардың әрқайсысының алимент төлеу жөнiндегi мiндетiн орындауға қатысу мөлшерiн айқындайды. Алимент мөлшерiн айқындау кезiнде сот алимент төлеуге мiндеттi адамдардың бәрiне, олардың бiреуiне немесе бiрнешеуiне талап-арыз берiлгенiне қарамастан, сол адамдардың бәрiн ескеруге құқылы.

 

2. Суррогат ана болу шартының құқықтық салдары

59-бап. Суррогат ана болу шартының немесе қосалқы
репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды
қолданудың құқықтық салдары

1. Ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) суррогат ана болу шарты негiзiнде қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде туған баланың ата-аналары болып танылады.
Мұндай әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде не суррогат ана болу шартына сәйкес екi және одан да көп бала туған жағдайда ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) әрбiр туған бала үшiн тең жауаптылықта болады.
2. Суррогат ана болу шартын жасасқан жұбай (тапсырыс берушi) бала туғаннан кейiн туу туралы медициналық куәлiкте оның анасы болып жазылады.
3. Ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) баладан бас тартуы оның туылғаны тiркеушi органда тiркелгеннен кейiн белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
Қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолдануға өз келiсiмiн берген не суррогат анамен шарт жасасқан ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) баладан бас тартқан жағдайда, суррогат анадан материалдық шығыстарды өтеудi талап етуге құқылы емес.
Суррогат анамен шарт жасасқан ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) баладан бас тартқан жағдайда, ана болу құқығы өз қалауы бойынша суррогат анада қалатын болады, ал ол бас тартқан жағдайда, бала мемлекет қамқорлығына берiледi.
Ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) баладан бас тартқан кезде және баланы суррогат ана қабылдап алған кезде бұл адамдар суррогат анаға шартта белгiленген мөлшерде және тәртiппен өтемақы төлеуге мiндеттi.
4. Ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзған жағдайда, суррогат ана болу шарты бойынша туған бала үшiн жауапкершiлiк ерлi-зайыптылардың екеуiне де жүктеледi.
5. Ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) бiреуi қайтыс болған жағдайда суррогат ана болу шарты бойынша туған бала үшiн жауапкершiлiк олардың көзi тiрiсiне жүктеледi.
6. Ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) екеуi де қайтыс болған және олардың жақын туыстары туған баланы асырап алудан бас тартқан жағдайда, бұл бала суррогат ананың тiлегi бойынша - оған, ал ол бас тартқан жағдайда, мемлекет қамқорлығына берiлуi мүмкiн.
Қорғаншылық нысанында баланың суррогат анаға не мемлекеттiк ұйымдарға берiлуi оның суррогат ана болу шарты бойынша ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) мұрагерi ретiндегi құқықтарын тоқтатпайды.
7. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейiн шартта көрсетiлген мерзiм iшiнде қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологиялардың пайдаланылмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
8. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейiн суррогат ана табиғи түрде жүктi болған жағдайда шарт бұзылады, ол суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушiлер жұмсаған барлық шығыстарды төлейдi.

 

3. Әке болуды даулау

51-бап. Әке (ана) болуды даулау

1. Туу туралы актiлер жазбалары кiтабына ата-аналардың жазуы баланың әкесi немесе анасы ретiнде жазылған адамның, iс жүзiнде баланың әкесi немесе анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толған соң оның өзiнiң, баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының, сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған ата-ана қорғаншысының талап етуi бойынша тек қана сот тәртiбiмен даулануы мүмкiн.
2. Баланың әкесiнiң өтiнiшi бойынша немесе әке болудың күшiн жою туралы сот шешiмiне сәйкес әке мен ананың бiрлескен өтiнiшi негiзiнде баланың әкесi болып жазылған адамның талабы, егер жазу кезiнде бұл адамға өзiнiң iс жүзiнде баланың әкесi емес екендiгi белгiлi болса, қанағаттандырылмауға тиiс.
Егер баланың тууы туралы актi жазбасында баланың анасының жұбайы немесе бұрынғы жұбайы баланың әкесi болып көрсетiлсе, сот туу туралы актiлер жазбасынан баланың әкесi туралы мәлiметтердi алып тастау туралы мәселенi шешкенге дейiн тiркеушi орган әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеуден жазбаша түрде бас тартуға тиiс.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдануға жазбаша түрде келiсiм берген адамдардың әке (ана) болуды даулау кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ.
Басқа әйелге эмбрионды ауыстырып салуға келiсiм берген адамдардың, сондай-ақ суррогат ананың ана және әке болуды даулау кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ.

 

4. Азаматша Ефремова сотқа некені бұзу үшін және баланы бағу үшін алимент өндіріп алу үшін жүгінді. Сонымен қатар Ефремова баласы 3 жасқа толмағандықтан және ол жұмыс жасамағандықтан жұбайынан өзі үшін алимент өндіруді соттан сұрады.

Соттың шешімі қандай болу керек.

 

 

Билет №15

1. Баланың туу тегін анықтау

47-бап. Баланың туу тегiн анықтау

1. Баланың анасы жағынан туу тегiн (анасын) ананың баланы медициналық ұйымда туғанын растайтын құжаттардың негiзiнде тiркеушi орган анықтайды.
Бала медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда, оның туу тегiн туу фактiсiн растайтын медициналық құжаттардың негiзiнде тiркеушi орган анықтайды, ал олар болмаған жағдайда, баланың туу тегiнiң фактiсi сот тәртiбiмен анықталады.
2. Бiр-бiрiмен некеде тұратын (ерлi-зайыпты) адамдардан туған баланың туу тегi ата-анасының некенi (ерлi-зайыптылықты) қию туралы куәлiгiмен расталады.
Бала суррогат анадан туған жағдайда баланың туу тегi суррогат ана болу жөнiнде жасалған шарт негiзiнде куәландырылады.
3. Егер өзгеше дәлелденбесе, бала неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған, ол жарамсыз деп танылған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екi жүз сексен күн iшiнде туған жағдайда, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесi болып танылуы мүмкiн.
4. Егер баланың анасы өзiнiң жұбайы не бұрынғы жұбайы баланың әкесi емес деп мәлiмдесе, баланың әкесi баланың өз анасының және әкесiнiң не жұбайының, бұрынғы жұбайының бұл туралы жазбаша өтiнiшi болған кезде, осы баптың 5-тармағында немесе осы Кодекстiң 48-бабында көзделген қағидалар бойынша анықталады. Мұндай өтiнiш болмаған жағдайда бұл мәселе сот тәртiбiмен шешiледi.
5. Баланың анасымен некеде тұрмайтын (ерлi-зайыпты емес) адамның әке болуы баланың әкесi мен анасының тiркеушi органға бiрлесiп өтiнiш беруi арқылы анықталады. Анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабiлетсiз деп танылған, анасының болған жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда немесе ол ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен баланың әкесiнiң өтiнiшi бойынша, мұндай келiсiм болмаған кезде - сот шешiмi бойынша анықталады.
Егер анасының жұбайы болып табылмайтын еркектiң әке екендiгi анықталған болса, баланың анасы босанғанға дейiнгi және босанғаннан кейiнгi кезеңдердiң iшiнде өзiн күтiп-бағу жөнiндегi шығыстарға арналған тиiстi ақша қаражатын одан сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Сот ақша қаражатының мөлшерiн және төлемдердiң кезеңдiлiгiн тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұратын басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезiнде қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген арақатынасымен айқындайды.
6. Тууды мемлекеттiк тiркеу туралы акт жазбасындағы баланың әкесi туралы мәлiметтердi алып тастау туралы сот шешiмi негiзiнде тiркеушi орган баланың анасының жұбайы немесе бұрынғы жұбайы баланың әкесi болып көрсетiлген туу туралы акт жазбасындағы баланың әкесi туралы мәлiметтердi алып тастайды.
7. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толған адамға қатысты әке болуды анықтауға - тек қана оның келiсiмiмен, ал егер ол әрекетке қабiлетсiз деп танылса, оның қорғаншысының немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен жол берiледi.

 

2. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері

71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен
мүдделерiн қорғау жөнiндегi құқықтары
мен мiндеттерi

1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес.

 

3. Тұрақты ақша сомасында балаларға алимент өндіріп алу

141-бап. Тұрақты ақша сомасында балаларға алимент
өндiрiп алу

1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келiсiмi болмаған кезде және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлестiк қатынаста алимент өндiрiп алу мүмкiн болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бiрiнiң мүдделерiн елеулi түрде бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе бiр мезгiлде үлеспен және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндiрiп алынатын алимент мөлшерiн айқындауға құқылы.
Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелi табысы және (немесе) өзге де кiрiсi бар не, егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де кiрiсiн толығымен немесе iшiнара заттай алатын ата-аналардан алимент өндiрiп алу жатады.
2. Күндiзгi оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бiр жасқа дейiнгi балаларға күтiп-бағу қаражатын өндiрiп алу алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде сот тәртiбiмен тұрақты ақша сомасында жүргiзiледi.
3. Тұрақты ақша сомасының мөлшерiн сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етiлу деңгейiн мүмкiндiгiнше сақтайтын көлемдегi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге алып айқындайды.
4. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алименттiң мөлшерi оның бiреуiнен аз қамтылған екiншiсiнiң пайдасына осы баптың 3-тармағына сәйкес ай сайын өндiрiп алынатын және сот айқындайтын тұрақты ақша сомасында белгiленедi.

 

4. Азамат Асанов бұрынғы некесін бұзбай, жаңа некені тіркеуге АХАЖ органына жүгінді. АХАЖ органы оның сұрауын қанағаттандырмады.

АХАЖ органының шешімі дұрыс па?

 

 

Билет №16

1. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы

67-бап. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғау құқығы

1. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкiлдерi, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ iшкi iстер органдары және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Баланың ата-аналар және басқа да заңды өкiлдер тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата-аналар немесе басқа да заңды өкiлдер баланы күтiп-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған кезде немесе тиiсiнше орындамаған кезде не ата-ана (қорғаншылық, қамқоршылық) құқықтарын терiс пайдаланған кезде бала - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға, ал он төрт жасқа толғанда сотқа өз құқықтарын қорғау үшiн өз бетiнше жүгiнуге құқылы.
3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы өздерiне белгiлi болған мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары және өзге де азаматтар бұл туралы баланың нақты тұратын жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтер алынған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.

2. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы

73-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана
құқықтарын жүзеге асыруы

1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесi мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшiн басқа да маңызды мәселелердi шешуге қатысуға құқығы бар.
Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзiмен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.
2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi.
Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесi үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимiн, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша түрде келiсiм жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса - дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешiмiмен келiспеген жағдайда осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен сот шешедi.
4. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы сот шешiмi орындалмаған жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың бiлiм беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар.
Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.

 

3. Алимент төлеу туралы келісім жасасу, оның нысаны

157-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм жасау

Алимент төлеу (алименттiң мөлшерi, оны төлеудiң шарттары мен тәртiбi) туралы келiсiм алименттi төлеуге мiндеттi адам мен оны алушының арасында, ал алименттi төлеуге мiндеттi адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабiлетсiз болған кезде, осы адамдардың заңды өкiлдерiнiң арасында жасалады.

158-бап. Алимент төлеу туралы келiсiмнiң нысаны

Алимент төлеу туралы келiсiм жазбаша нысанда жасалады және ол нотариатта куәландырылуға тиiс.
Алимент төлеу туралы келiсiмнiң заңда белгiленген нысанын сақтамау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларында көзделген салдарларға әкеп соғады.

 

4. Азаматша Маликова мен Азамат Асанов некесін тіркеді. Некесін тіркеген кезде АХАЖ органынан оларға екі неке куәлігін беруді сұрады. АХАЖ органы бұл талапты қанағаттандырмады.

АХАЖ органының әрекеті дұрыс па?

 

 

Билет №17

1. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы

143-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың
алимент алуға құқығы

1. Еңбекке жарамды ата-аналар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын күтiп-бағуға мiндеттi.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент мөлшерiн сот алимент төлеу кезiндегi қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, айқындайды.

 

2. Ата-ана құқықтарынан айырудың құқықтық салдары

77-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары

1. Ата-ана құқықтарынан айыру баламен туыстық фактiсiне негiзделген барлық құқықтардан, оның iшiнде одан күтiп-бағу қаражатын алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жәрдемақыны алу құқықтарынан айрылуға әкеп соғады.
2. Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын күтiп-бағу мiндетiнен босатпайды, бұл мiндет оны асырап алуға байланысты тоқтатылады.
3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрi бiрге тұруы туралы мәселе сот тәртiбiмен шешiледi.
4. Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын жайға меншiк құқығын немесе тұрғын жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ ата-аналарымен және басқа да туыстарымен туыстық фактiсiне негiзделген мүлiктiк құқықтарын, оның iшiнде мұра алу құқығын сақтайды.
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкiн болмаған кезде немесе ата-аналарының екеуi де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi.
6. Егер бұл балаға терiс әсер етпесе, ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың өтiнiшi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган баламен жолығуға рұқсат етедi.
7. Ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала асырап алуға соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап алты ай өткен соң жол берiледi.
Ата-аналарының бiреуi ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екiншi ата-анасының келiсiмiмен жол берiледi.

 

3. Мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық хал актілері

177-бап. Мемлекеттiк тiркеуге жататын азаматтық хал
актiлерi

Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлi-зайыпты болу), некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесiнiң атын және тегiн өзгерту тiркеушi органдарда осы Кодексте белгiленген мерзiмде мiндеттi мемлекеттiк тiркелуге жатады.
Басқа мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеуiне тыйым салынады және ол танылмайды.

 

4. Азамат Аскаров азаматша Саиновамен некесін тіркеді және Саинованың бірінші некеден туылған баласын асырап алуға сотқа жүгінді. Сот азамат Аскаровтың талабын қанағаттандырмады. Себебі олардың жас айырмашылығы 13жыл болды.

Соттың әрекеті дұрыс па?

 

 

Билет №18

1. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру

78-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру

1. Егер ата-аналар мiнез-құлқын, тұрмыс салтын және бала тәрбиесiне көзқарасын өзгерткен болса, сот олардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiруi мүмкiн.
2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың өтiнiшi бойынша сот тәртiбiмен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы iстер ата-ананың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады.
3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтiру баланың мүдделерiне қайшы болса, сот баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Он жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтары оның келiсiмiмен ғана қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Егер бала асырап алынса және асырап алудың күшi жойылмаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтiруге жол берiлмейдi.

 

2. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері

164-бап. Алимент алу үшiн өтiнiш беру мерзiмдерi

1. Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзiмге қарамастан, сотқа алимент өндiрiп алу туралы өтiнiш жасауға құқылы.
2. Алимент сотқа өтiнiш жасалған кезден бастап тағайындалады.
Егер сотқа өтiнiш беруден бұрын күтiп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бiрақ алименттi төлеуге мiндеттi адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтiнiш жасалған кезден бастап үш жыл мерзiм шегiнде өткен кезеңге алимент өндiрiп алынуы мүмкiн.

 

3. Бала асырап алушының құқықтары мен міндеттері

86-бап. Бала асырап алушының құқықтары мен
мiндеттерi

1. Бала асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бiтiмi, психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Бала асырап алушы баланың пiкiрi мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, баланы тәрбиелеу тәсiлдерiн өз бетiнше айқындауға құқылы және осы Кодексте көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi.
3. Бала асырап алушы баланың пiкiрiн ескере отырып, ол мiндеттi жалпы орта бiлiм алғанға дейiн бiлiм беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар бала он сегiз жасқа толғанға дейiн жылына кемiнде бiр рет бала асырап алу туралы сот шешiмi шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдiк бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органға бала асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн бала он сегiз жасқа толғанға дейiн алғашқы үш жылда әрбiр алты ай сайын, кейiнгi жылдары - жылына кемiнде бiр рет асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға мiндеттi.
Жекелеген жағдайларда, есептердi ұсыну кезеңдiлiгi бала асырап алушылардың отбасында қалыптасқан нақты ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органының шешiмi бойынша белгiленедi.
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдiк бала асырап алушылар есептердi бала асырап алушы және бала тұрып жатқан елде орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi арқылы ұсынады.
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдiк бала асырап алушылар осы тармақта көзделген тәртiппен есептер ұсынбаған немесе уақытылы ұсынбаған жағдайда Қазақстан Республикасында бала асырап алу кезiнде олардың мүдделерiн бiлдiрген бала асырап алу жөнiндегi агенттiктiң қызметi осы Кодекстiң 112-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында көзделген негiздер бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуға жатады.

 

4. Ерлі-зайыпты Касеновалар некесін бұзды. Некесін бұзған кезде араларындағы кәмелетке толмаған баласы анасына тәрбиесіне қалдырылды. Анасы некені бұзу кезінде әкесінен алимент өндіріп алу туралы ешқандай талап қоймады. Бірақ арада 3жыл өткен соң анасы әкесінен алимент өндіріп алу туралы сотқа жүгінді, себебі бала кәмелетке толмаған бала еді.

Соттың шешімі қандай болуы тиіс.

 

 

Билет №19

1. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеуді жүргізу тәртібі

112-бап. Агенттiктердi аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi

1. Агенттiктердi аккредиттеу, соның iшiнде аккредиттеуден бас тарту туралы мәселенi Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы қарайды.
2. Агенттiктiң сенiм бiлдiрген адамы Қазақстан Республикасының аумағында балаларды асырап алу жөнiндегi жұмысты жүзеге асыру үшiн мынадай құжаттарды:
1) құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн;
2) оның тиiстi салада қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгiн растайтын, агенттiк орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органы берген құжаттың көшiрмесiн;
3) агенттiктiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты берген немесе агенттiктiң Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы қызметiне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiң құзыреттi органының ұсыным хатын;
4) бала асырап алуға үмiткерлерге агенттiк ұсынатын, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн;
5) асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесiне бақылауды жүзеге асыру және белгiленген тәртiппен тиiстi есептер және ақпарат беру жөнiндегi мiндеттеменi;
6) бала асырап алушылардың өздерi тұратын мемлекетке келген соң асырап алынған баланың Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемесiн;
7) агенттiктiң сенiм бiлдiрген адамға берген нотариатта куәландырылған сенiмхатты қоса тiркей отырып, өтiнiш беруге мiндеттi.
Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында санамаланған құжаттар олар берiлген күннен бастап алты ай бойы жарамды болады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы қажет болған жағдайда осы құжаттардың түпнұсқа даналарын қосымша сұратуға құқылы.
Барлық ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.
3. Агенттiктi аккредиттеу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы өз құзыретi шегiнде аккредиттеу мүмкiндiгi туралы тиiстi қорытындылар беретiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiмен, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып қабылдайды.
4. Аккредиттеуден бас тартқан жағдайда, оны негiздей отырып, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде шығарады.
5. Сенiм бiлдiрiлген адамның аккредиттеу туралы өтiнiшi Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңнамасында көзделген мерзiмдерде қаралады.
6. Агенттiктi аккредиттеу туралы шешiм жоғалған кезде, өкiл тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органында оның телнұсқасын алуы мүмкiн.
7. Агенттiк бiр жыл мерзiмге аккредиттеледi. Аккредиттеу туралы шешiм иелiктен шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды.
8. Агенттiктi аккредиттеуден, оның қызмет мерзiмiн ұзартудан және (немесе) оның қызметiн мерзiмiнен бұрын тоқтатудан бас тарту негiздерi:
1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес болмауы;
2) өз қызметi туралы дәйексiз мәлiметтер ұсынуы;
3) агенттiктiң немесе оның филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң қызметi туралы шет мемлекеттiң құзыреттi органдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан келiп түскен келеңсiз ақпараттың болуы;
4) агенттiктiң орналасқан жерi, қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық, саяси, экологиялық ахуал, мемлекетте әскери iс-қимылдардың жүзеге асырылуы;
5) агенттiктiң филиалы және (немесе) өкiлдiгi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы;
6) агенттiктiң асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесiн бақылау және белгiленген тәртiппен тиiстi есептер және ақпарат беру жөнiндегi өз мiндеттемелерiн бұзуы;
7) агенттiктiң асырап алынған баланың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өз мiндеттемелерiн бұзуы;
8) агенттiктiң өз мемлекетi аумағында қызметiнiң тоқтатылуы болып табылады.
9. Өз қызметiн аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi алған агенттiк алты ай өткен соң Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына қайтадан жүгiнуге құқылы.

 

2. Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз міндеттерін атқарудан босату және шеттету

129-бап. Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз
мiндеттерiн атқарудан босату және шеттету

1. Кәмелетке толмаған қамқорлыққа алынушы оның ата-аналарына немесе оны асырап алушыларға қайтарылған жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе қамқоршыны өз мiндеттерiн атқарудан босатады.
Қамқорлыққа алынушы тиiстi бiлiм беру ұйымына, медициналық және медициналық-әлеуметтiк ұйымға немесе басқа да арнайы ұйымға орналастырылған кезде, егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны өз мiндеттерiн атқарудан босатады.
2. Қорғаншы немесе қамқоршы дәлелдi себептер болған кезде (науқастануы, мүлiктiк жағдайының өзгеруi, қамқорлыққа алынушымен өзара түсiнiстiктiң болмауы және басқалары) өз өтiнiшi бойынша немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
3. Қорғаншының немесе қамқоршының өз мiндеттерiн тиiсiнше атқармауына, оның iшiнде қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жеке басының мақсаттарына пайдалануына не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажеттi көмексiз қалдыруына тыйым салынады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы мiндеттердi атқарудан шеттетуге және қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.

 

3. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесін және өгей шешесін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері

155-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесiн және
өгей шешесiн күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi

1. Өздерiнiң өгей ұлдарын немесе өгей қыздарын тәрбиелеген және күтiп-баққан, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз өгей әке мен өгей шеше, егер олар өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерiнен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтiп-бағу қаражатын ала алмаса, осыған қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан сот тәртiбiмен күтiп-бағу қаражатын берудi талап етуге құқылы.
2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелесе және күтiп-бақса, сондай-ақ олар өздерiнiң тәрбиелеу немесе күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн тиiстi түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесiн немесе өгей шешесiн күтiп-бағу мiндеттерiнен босатуға құқылы.

 

4. Азаматша Хасенова азамат Хасеновтың арасындағы некені бұзу үшін және азамат Хасеновтың жеке меншігіндегі үйге неке кезінде әртүрлі ауыртпалықтар, яғни күрделі жөндеуден өткізгені үшін ол үйді ортақ меншік деп тану үшін және бөлу үшін сотқа жүгінді.

Соттың шешімі қандай болуы тиіс.

 

 

Билет №20

1. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу

187-бап. Баланың тууын тiркеу үшiн негiз

1. Баланың тууын тiркеу үшiн туу туралы медициналық куәлiк немесе туу фактiсiн анықтау туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi негiз болып табылады.
Медициналық ұйымнан тыс жерде, оның iшiнде үйде босанған жағдайда, туу туралы медициналық куәлiктi анасының жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес босанғаннан кейiн ол өтiнiш жасаған медициналық ұйымның қызметкерi немесе босандырған және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке адам ресiмдейдi.
Мемлекеттiк тiркеу кезiнде дәлелдi себеп бойынша ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, ата-анасы туралы мәлiметтер неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiкке не осы тiркеушi органдағы неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы акт жазбасына сәйкес толтырылады. Ата-анасының аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), тегi, ұлты туралы азаматтық хал актiлерiн жазу кiтаптарындағы ата-аналары туралы жазба осы Кодекстiң 50, 51 және 63-баптарына сәйкес жүргiзiледi.
Баланы суррогат ана туған жағдайда туу туралы медициналық куәлiк тiркеу үшiн негiз болып табылады.
2. Баланың туу туралы медициналық куәлiгi баланың анасы туралы барлық қажеттi мәлiметтердi (тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), сондай-ақ баланың туған күнiн, айын, жылын және жынысын, құжаттың берiлген күнiн қамтуға тиiс. Куәлiк медициналық ұйымның лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрiмен расталуға тиiс.
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың бала тууын, сондай-ақ суррогат ана туған баланы мемлекеттiк тiркеу жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тууды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болмаған кезде баланың тууын мемлекеттiк тiркеу осы әйелдiң баланы туу фактiсiн анықтау туралы сот шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

188-бап. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу орны

1. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар баланың туған жерi бойынша немесе ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi. Ата-анасының тұрғылықты жерi олардың заңды мекенжайына сәйкес айқындалады.
2. Егер ата-анасы бiр-бiрiмен некеде тұрмаса (ерлi-зайыпты болмаса), ортақ баланың тууы өзiн баланың әкесiмiн деп мойындаған адамның тұрғылықты жерi бойынша тiркелуi мүмкiн. Баланың тууын тiркеу туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде әке болуды анықтау туралы өтiнiш берiледi.
3. Туу туралы актiнiң жазбасында баланың туған жерi болып тууды мемлекеттiк тiркеу кезiнде қабылданған Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң атауына сәйкес баланың нақты туған жерiнiң атауы көрсетiледi.
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнде не ата-анасының немесе олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша осы Кодексте белгiленген мерзiмде тiркеушi органда жүргiзiледi. Баланың тууын ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша тiркеген жағдайда, баланың туған жерi болып осы елдi мекен көрсетiледi.
5. Экспедицияларда және тiркеушi орган жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ анасының теңiз, өзен, әуе кемесiнде немесе поезда болған уақытында туған баланың тууын мемлекеттiк тiркеу ата-анасының немесе олар тұрғылықты жерiне қайтып келген соң олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша тiркеушi органда жүргiзiледi.
Мұндай жағдайларда баланың туған жерi болып баланың тууын мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк көрсетiледi.

189-бап. Баланың тууы туралы өтiнiш беру мерзiмдерi

Баланың тууы туралы өтiнiштi оның ата-анасы не басқа да мүдделi адамдар тiркеушi органдарға ол туған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей беруге тиiс, ал бала өлi туған жағдайда, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтiнiштi босанған кезден бастап бес тәулiктен кешiктiрмей бередi.
Екi ай мерзiм өткеннен кейiн баланың тууын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша тiркеушi орган жасаған қорытындының негiзiнде жүргiзiледi.

190-бап. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш

Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi ата-аналары немесе олардың бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтiнiш беру мүмкiн болмаған жағдайларда, мүдделi адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкiмшiлiгi жазбаша нысанда бередi. Өтiнiшке ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiктiң көшiрмелерi қоса берiледi.
Баланың тууы белгiленген мерзiмдi бұза отырып тiркелген жағдайда: ата-анасының түсiнiктемесi, баланың туған жерi мен ата-анасының тұрғылықты жерi бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама, баланың денсаулығы туралы анықтама қосымша берiледi.
Егер баланың тууын мемлекеттiк тiркеуге ата-аналары емес, басқа адамдар өтiнiш берсе, онда осы адамдар өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тiркеуге оның өкiлеттiгiн растайтын құжатты ұсынуға тиiс.
Екi немесе одан да көп баланы мемлекеттiк тiркеу кезiнде өтiнiш әрқайсысына қатысты бөлек берiледi.

191-бап. Әкесi қайтыс болғаннан кейiн немесе неке
(ерлi-зайыптылық) бұзылғаннан кейiн не неке
жарамсыз деп танылғаннан кейiн туған баланың
тууын мемлекеттiк тiркеу

Некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезде бойға бiткен және әкесi қайтыс болғаннан кейiн немесе неке (ерлi-зайыптылық) бұзылғаннан кейiн не неке (ерлi-зайыптылық) жарамсыз деп танылғаннан кейiн туған баланың тууын мемлекеттiк тiркеу, егер әкесi қайтыс болған немесе неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған не ол жарамсыз деп танылған күннен бастап екi жүз сексен күннен аспаса, жалпы негiзде жүргiзiледi.

192-бап. Баланың туу туралы акт жазбасына ата-аналары
туралы мәлiметтердi енгiзу тәртiбi

1. Бiр-бiрiмен некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) әкесi мен анасы туу туралы жазбалар кiтабына олардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша баланың ата-аналары болып жазылады. Мұндай жазбаға неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiк негiз болып табылады.
2. Некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) және қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдануға өз келiсiмiн жазбаша нысанда берген адамдар, осы әдiстердi қолдану нәтижесiнде өздерiнде бала туылған жағдайда туу туралы актiлер жазбасының кiтабына оның ата-аналары болып жазылады.
Суррогат ана болу шартына сәйкес бала туылған жағдайда, ерлi-зайыптылар туу туралы актiлер жазбасының кiтабына оның ата-аналары болып жазылады.
3. Бала тууды тiркеу кезiнде, егер ата-аналарының арасында неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған, оны сот жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған жағдайда, бiрақ неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған, оны жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған кезден бастап екi жүз сексен күннен аспаса, анасы туралы мәлiмет осы Кодекстiң 187-бабында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде, баланың әкесi туралы мәлiмет неке қию немесе некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiктiң, әкесiнiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң негiзiнде енгiзiледi.
Егер бала неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған, оны жарамсыз деп таныған күннен бастап екi жүз сексен күн өткеннен кейiн туса, бұрынғы жұбайы әке болуды анықтау туралы актiлер жазбасының негiзiнде ғана баланың әкесi болып жазылуы мүмкiн.
Босанған әйелдiң жұбайы болып табылмайтын адам жазбаша мойындаған жағдайда және оның күйеуiнiң жазбаша келiсiмi болған кезде әке болуды анықтауды тiркеу және тууды тiркеу кезiнде баланың әкесi болып осы адам жазылады.
4. Егер баланың ата-анасы бiр-бiрiмен некеде тұрмаса (ерлi-зайыпты болмаса), анасы туралы мәлiмет осы Кодекстiң 187-бабында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде енгiзiледi.
Мұндай жағдайда әкесi туралы мәлiметтер:
1) егер баланың тууын мемлекеттiк тiркеумен бiр мезгiлде әкесi белгiлi болған және тiркелген жағдайда, әке болуды анықтау туралы актiлер жазбасының негiзiнде;
2) егер әкесi анықталмаса, некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған) анасының өтiнiшi бойынша енгiзiледi.
Тууды жазу кiтабында баланың әкесiнiң тегi - анасының тегi бойынша, баланың аты мен әкесiнiң аты оның көрсетуi бойынша жазылады. Енгiзiлген мәлiметтер әке болуды анықтау туралы мәселенi шешуге кедергi болып табылмайды.
Баланың әкесi туралы мәлiметтер анасының тiлегi бойынша туу туралы актiлер жазбасына енгiзiлмеуi мүмкiн;
3) өзiн баланың әкесiмiн деп мойындаған адамның өтiнiшi бойынша, оған баланың анасының келiсiмi болған кезде енгiзiледi.
Анасы туралы мәлiметтер осы Кодекстiң 187-бабында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде енгiзiледi, әкесi туралы мәлiметтер осы адамның көрсетуi бойынша жазылады.
Бұдан әрi баланың анасы туу туралы акт жазбасына енгiзiлген баланың әкесi туралы мәлiметтермен келiспеген кезде түзетулер белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

193-бап. Бала ата-анасының қай ұлтқа жататынын жазу
тәртiбi

Егер тууды тiркеу кезiнде өтiнiш берушi ата-анасының қай ұлтқа жататынын көрсетуге тiлек бiлдiрсе, онда баланың туу туралы акт жазбасында ата-анасының - Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетiлген ұлтына сәйкес көрсетiледi.
Шетелдiк болып табылатын ата-ананың қай ұлтқа жататыны туралы мәлiмет оның ұлттық паспортына сәйкес көрсетiледi.
Шетелдiктiң ұлттық паспортында ұлты туралы мәлiмет болмаған кезде оның ұлты өзi азаматы болып табылатын шет мемлекеттiң құзыреттi органы берген құжатқа сәйкес айқындалуы мүмкiн.

194-бап. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу кезiнде оған
тегiн, атын, әкесiнiң атын беру тәртiбi

1. Тууды мемлекеттiк тiркеу кезiнде баланың тегi ата-аналарының тегiмен айқындалады. Ата-аналарының тегi әртүрлi болған кезде балаға ата-анасының келiсiмi бойынша әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi. Ата-аналарының тiлегi бойынша баланың тегi ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып, баланың әкесiнiң немесе атасының атымен жазылады. Баланың тегiне қатысты ата-аналарының арасында туындаған келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
2. Азаматтардың тiлегi бойынша ұлты қазақ адамдардың тегi мен әкесiнiң атын жазуда қазақ тiлiне тән емес: –ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -евич аффикстерi алып тасталады, ал олардың орнына әкесiнiң атына: –ұлы, -қызы деген сөздер қосылып бiрге жазылады.
Жеке адамның тегiне «тегi», «ұрпағы», «немересi», «шөбересi», «келiнi» деген және басқа да сөздердi қосып жазуға жол берiлмейдi.
3. Ұлты қазақ адамдардың әкесiнiң аты тегiн ауыстырған кезде оның мiндеттi түрде бiрiншi болып тұруына, одан кейiн атының жазылуына жол берiледi, ал әкесiнiң аты жазылмайды.
4. Басқа ұлт адамдарының тiлегi бойынша олардың тегiн, атын және әкесiнiң атын жазу олардың ұлттық ерекшелiктерiне сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн.

195-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған
баланың тууын мемлекеттiк тiркеу

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын мемлекеттiк тiркеу келген елдiң аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде не басқа елде қызметiн қоса атқаратын Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде жүргiзiледi.

196-бап. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың
тууын мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

1. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы iшкi iстер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның, бiлiм беру ұйымдары әкiмшiлiгiнiң немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтiнiшi бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жетi тәулiктен кешiктiрiлмей тiркелуге тиiс.
Өтiнiшке бала тауып алынған кездегi уақыт, орын және мән-жайлар көрсетiле отырып, iшкi iстер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акт; тауып алынған баланың жасы мен жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және басқа да бала туралы дербес мәлiметтер қоса тiркеледi.
2. Медициналық ұйымда баладан бас тартылған жағдайда, осы ұйымның әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша анасының жазбаша өтiнiшiн ресiмдеу жөнiнде шаралар қолданады.
3. Баланы белгiсiз ана қалдырып кеткен жағдайда медициналық ұйымның әкiмшiлiгi екi куәгердiң қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мемлекеттiк тiркеу кезiнде хаттамалар тастанды (ата-анасы бас тартқан) баланы тiркеу туралы медициналық ұйымның лауазымды адамының өтiнiшiне қоса берiледi.

197-бап. Өлi туған немесе өмiрiнiң алғашқы аптасында
шетiнеген баланы мемлекеттiк тiркеу

1. Өлi туған баланы және өмiрiнiң алғашқы аптасында шетiнеген баланы мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органда бала туған немесе шетiнеген кезден бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Баланың өлi тууы медициналық ұйым немесе жеке дәрiгерлiк практикамен айналысатын дәрiгер берген перинатальдық қайтыс болуы туралы медициналық куәлiктiң негiзiнде тiркеледi.
Өлi туған баланың туу туралы куәлiгi берiлмейдi. Ата-анасының өтiнiшi бойынша өлi туған баланы мемлекеттiк тiркеу фактiсiн растайтын құжат берiледi.
3. Бала өмiрiнiң алғашқы аптасында қайтыс болған жағдайда оның тууын мемлекеттiк тiркеу - туу туралы медициналық анықтаманың негiзiнде, ал қайтыс болған жағдайда перинатальдық қайтыс болуы туралы куәлiктiң негiзiнде жүргiзiледi.
Туу және қайтыс болу туралы жасалған актiлер жазбаларының негiзiнде тек қайтыс болуы туралы куәлiк қана берiледi. Ата-анасының өтiнiшi бойынша баланың тууын мемлекеттiк тiркеу фактiсiн растайтын құжат берiледi.
Одан әрi қайтыс болу туралы куәлiк қана қайтадан берiледi.
4. Тiркеушi органға баланың өлi тууы туралы немесе баланың тууы және өмiрiнiң алғашқы аптасында қайтыс болғандығы туралы мәлiмдеу мiндетi:
1) бала туылған немесе бала шетiнеген медициналық ұйымның басшысына;
2) дәрiгерi баланың өлi тууы, баланың өмiрiнiң алғашқы аптасында қайтыс болуы фактiсiн анықтаған медициналық ұйымның басшысына;
3) медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда жеке дәрiгерлiк практикамен айналысатын дәрiгерге жүктеледi.

198-бап. Бiр жасқа толған және одан үлкен баланың
тууын мемлекеттiк тiркеу

1. Бiр жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттiк тiркеу медициналық ұйым немесе жеке дәрiгерлiк практикамен айналысатын дәрiгер берген белгiленген нысандағы туу туралы құжаты болған кезде ата-аналарының немесе өзге де мүдделi адамдардың жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
Бала кәмелетке толғаннан кейiн тууын мемлекеттiк тiркеу оның жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
Өтiнiшке туу туралы медициналық куәлiк, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тiркеушi органының туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы хабарламасы, денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, ата-анасының жеке басын, некесiн (ерлi-зайыптылығын) куәландыратын құжаттар, өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат қоса берiлуге тиiс.
2. Бiр жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттiк тiркеу аумақтық әдiлет органы бекiткен тiркеушi органның қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.

199-бап. Шетелдiктердiң балаларының тууын мемлекеттiк
тiркеу

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетелдiктердiң балаларының тууын мемлекеттiк тiркеу Қазақстанның аумағында орналасқан тиiстi шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiнде немесе консулдық мекемелерiнде не, егер Қазақстан Республикасында мұндай жоқ болса, қызметiн қоса атқаратын шетелдегi мекемелерде жүргiзiледi.
Шетелдiктердiң балаларының тууын мемлекеттiк тiркеу ол жөнiнде Жеке адамдар туралы мемлекеттiк дерекқорға мәлiметтер енгiзiлместен және балаға жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлместен, олардың тiлегi бойынша өздерiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерiндегi тiркеушi органдарда жүргiзiледi.

200-бап. Баланың тууын салтанатты жағдайда мемлекеттiк
тiркеу

Ата-аналардың тiлегi бойынша тiркеушi орган баланың тууын салтанатты жағдайда мемлекеттiк тiркеудi өз үй-жайында не арнайы осыған арналған мемлекеттiк неке сарайларында қамтамасыз етедi.

201-бап. Баланың туу туралы жазбалар кiтабына енгiзiлетiн
мәлiметтер

Баланың туу туралы акт жазбасына мынадай деректер:
1) баланың тууын мемлекеттiк тiркеу күнi;
2) балаға берiлген жеке сәйкестендiру нөмiрi;
3) баланың туу туралы акт жазбасының нөмiрi;
4) тегi, аты, қалауы бойынша - әкесiнiң аты, баланың жынысы, туған күнi, айы, жылы, туған жерi;
5) туған балалардың саны (бiреу, егiз немесе одан да көп бала);
6) баланың тiрi туғандығы туралы немесе баланың өлi туғандығы туралы белгi;
7) баланың туу фактiсiн растайтын құжат туралы мәлiметтер;
8) баланың заңды мекенжайы;
9) ата-аналарының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), туған күнi, айы, жылы, жасы, тұрақты тұрғылықты жерi, заңды мекенжайы, азаматтығы, табыс көзi немесе жұмыс орны, бiлiмi және, егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетiлген болса, олардың ұлты;
10) соның негiзiнде баланың әкесi туралы мәлiметтер енгiзiлген құжат туралы мәлiметтер;
11) өтiнiш берушi туралы мәлiметтер;
12) берiлген туу туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi енгiзiледi.

202-бап. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк
беру

Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу туралы акт жазбасының негiзiнде белгiленген үлгiдегi туу туралы куәлiк берiледi.
Туу туралы куәлiк жаңа туған баланың ата-аналарына, басқа уәкiлеттi адамдарға немесе бала тұратын ұйымның өкiлдерiне берiледi.
Екi немесе одан да көп бала туған жағдайда туу туралы куәлiк әрбiр балаға берiледi.

203-бап. Баланың туу туралы куәлiгi

Баланың туу туралы куәлiгi мынадай мәлiметтердi:
1) баланың тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), туған күнi, айы, жылы мен туған жерiн;
2) акт жазбасының жасалған күнiн және нөмiрiн;
3) жеке сәйкестендiру нөмiрiн;
4) ата-аналарының тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (егер бар болса), егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетiлген болса, ұлтын;
5) ата-аналарының азаматтығын;
6) мемлекеттiк тiркеу орнын (тiркеушi органның атауын);
7) туу туралы куәлiктiң берiлген күнiн қамтиды.

 

2. Алимент бойынша берешек мөлшерін белгілеу

169-бап. Алимент бойынша берешек мөлшерiн белгiлеу

1. Алимент төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде немесе атқару құжатының негiзiнде өткен кезең үшiн алимент өндiрiп алу атқару құжаты не нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келiсiм табыс етiлгенге дейiнгi үш жыл мерзiм шегiнде жүргiзiледi.
Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де кiрiстерден қатарынан үш ай бойы өндiрiп алу мүмкiн болмаған кезде борышкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндiрiп алуға болмайтын мүлкiнен басқа мүлкiнен өндiрiп алынады.
2. Атқару құжатының негiзiнде немесе нотариатта куәландырылған келiсiмнiң негiзiнде алимент ұстап қалу алименттi төлеуге мiндеттi адамның iздестiрiлуiне байланысты жүргiзiлмеген жағдайларда, осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмге қарамастан және күтiп-бағуға алимент тағайындалған адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкiл кезең үшiн өндiрiп алынады.
3. Осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетiн алимент бойынша берешектiң мөлшерiн алимент төлеуге мiндеттi адамның алимент өндiрiп алынбаған кезеңдегi жалақысы мен өзге де кiрiсiн негiзге ала отырып, сот орындаушысы айқындайды. Егер алимент төлеуге мiндеттi адам осы кезеңде жұмыс iстемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кiрiсiн растайтын құжаттар тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешектi өндiрiп алу кезiндегi Қазақстан Республикасындағы айлық жалақының ең төменгi мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар үшiн, егер борышкер осы кезеңде жұмыс iстемеген болса, алимент бойынша берешек бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айқындалады.
4. Сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындауымен келiспеген кезде кез келген тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сот орындаушысының iс-әрекетiне шағым жасай алады.
5. Баланың алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-анасын iздестiру кезеңiнде төленген, балаға Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы заңнамасында белгiленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары төленген сомалардың он пайызын бюджет кiрiсiне есептеу арқылы сол ата-аналардан өндiрiп алынады.

170-бап. Алимент бойынша берешектi төлеуден босату

1. Алимент бойынша берешектi төлеуден босату немесе тараптардың келiсiмi бойынша алимент төлеген кезде осы берешектi азайту, кәмелетке толмаған балаларға алимент төлейтiн жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Алимент төлеуге мiндеттi адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент осы адамның науқастануына байланысты немесе басқа да дәлелдi себептер бойынша төленбегенiн және оның материалдық және отбасылық жағдайы алимент бойынша пайда болған берешектi өтеуге мүмкiндiк бермейтiнiн анықтаса, оны алимент бойынша берешектi төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы.

 

3. Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар

26-бап. Некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп
тануды талап етуге құқығы бар адамдар

1. Некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы талап етуге:
1) егер неке (ерлi-зайыптылық) жасына толмаған адаммен неке қиылса (ерлi-зайыпты болса), кәмелетке толмаған жұбайы, оның заңды өкiлдерi немесе прокурор;
2) неке қиюмен (ерлi-зайыпты болумен) құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ, егер мәжбүр ету, алдау, қателесу нәтижесiнде немесе неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу кезiнде өз iс-әрекеттерiнiң мәнiн түсiнбеген және өзiн-өзi билей алмаған жай-күйiнiң салдарынан ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некеге отыруға ерiктi келiсiмi болмаған кезде неке қиылса (ерлi-зайыпты болса), прокурор;
3) неке қиюға (ерлi-зайыпты болуға) кедергi келтiретiн мән-жайлардың бар екенiн бiлмеген жұбайы, әрекетке қабiлетсiз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, алдындағы бұзылмаған неке (ерлi-зайыптылық) бойынша жұбайы;
4) прокурор, сондай-ақ жалған неке қию (ерлi-зайыпты болу) жағдайында, некенiң (ерлi-зайыптылықтың) жалғандығы туралы бiлмеген жұбайы;
5) осы Кодекстiң 25-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген мән-жайлар болған кезде құқығы бұзылған жұбайы құқылы.
2. Неке (ерлi-зайыптылық) жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адаммен қиылған некенi (ерлi-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы iстi қарау кезiнде iске қатысуға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган тартылады.

 

4. Азаматша Маликова және азамат Сериковпен некені тіркеу үшін жазбаша өтінішті АХАЖ органына берді. Бірақ та азамат Серіковтың денсаулығына қауіп төнгендіктен некені сол өтініш берген күні тіркеуді сұрады.

Бұл жағдайда АХАЖ органының қызметкерлері қандай әрекет жасауы тиіс.

 

 

Билет №21

1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар

179-бап. Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi
жүргiзетiн органдар

1. Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар жүргiзедi.
2. Мұндай бөлiмдер жоқ жерлерде ауыл (село), кент, ауылдық (селолық) округ әкiмi өздерiнiң аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актiлерiн (тууын, неке қиюын (ерлi-зайыпты болуын), қайтыс болуын) тiркеуге арналған құжаттарды қабылдауды және азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу және осы Кодексте көзделген мерзiмде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттiк дерекқорға мәлiметтер енгiзу үшiн оларды әдiлет органдарына берудi, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер беру мен тапсыруды жүргiзедi.
3. Ауыл (село), кент, ауылдық (селолық) округ тұрғындарының азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастыру тәртiбiн ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының келiсiмi бойынша аумақтық әдiлет органдары айқындайды.
4. Тiркеушi органдардың лауазымды адамдары өздерiне, өздерiнiң жұбайларына және жақын туыстарына қатысты азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүргiзуге құқылы емес. Мұндай жағдайларда азаматтық хал актiлерiн тiркеудi тiркеушi органның басқа да лауазымды адамы немесе басқа тiркеушi орган жүргiзедi.

 

2. Бала асырап алу тәртібі

87-бап. Бала асырап алу тәртiбi

1. Бала асырап алуды бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдардың (адамның) өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi. Бала асырап алу туралы iстердi сот Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде көзделген ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен жүргiзедi.
Сот балаларды асырап алу туралы iстердi бала асырап алушылардың өздерiнiң, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган өкiлiнiң, сондай-ақ прокурордың мiндеттi түрде қатысуымен қарайды.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк болып табылатын баланы асырап алған кезде баланың заңды өкiлiнiң және бала азаматы болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының келiсiмiн, сондай-ақ бұл аталған мемлекеттiң заңнамасына сәйкес қажет болса, асырап алуға баланың келiсiмiн алуы қажет.
3. Бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттiң құзыреттi органы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде тұратын баланы асырап алуды жүргiзуi оның тұратын жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органнан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткенге дейiн оның ата-аналарынан асырап алуға алдын ала рұқсат алған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

 

3. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

115-бап. Жетiм балалардың, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары
мен мүдделерiн қорғау

1. Жетiм балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына және өз өкiлеттiктерi шегiнде басқа да мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ осы балалардың заңды өкiлдерiне жүктеледi.
2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала отырып, жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру, балаларды орналастырудың нысандарын таңдау, сондай-ақ оларды күтiп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын одан әрi бақылау жергiлiктi атқарушы органдарға жүктеледi.
3. Мемлекеттiк органдардың өз құзыретi шегiндегi қызметiн қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды iрiктеу, орналастыру, беру жөнiндегi қызметi бойынша делдалдық және кез келген өзге де қызметке тыйым салынады.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардың және жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi, балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды орындайтын басқа да ұйымдардың қызметi, сондай-ақ агенттiктердiң осы Кодексте көзделген қызметi бала асырап алу жөнiндегi делдалдық қызмет болып табылмайды.
Осы бапта аталған жеке және заңды тұлғалар өз қызметiнде коммерциялық мақсаттарды көздей алмайды.

 

4. Азаматша Тимофеева мен азамат Демидов белгілі бір уақыт бірге тұрып ортақ шаруашылық жүргізеді, бірақ некені заңды түрде тіркемеген. Кейін олардың арасындағы араздасуға байланысты олар бөлек тұра бастайды. Біраз уақыт өткен соң Тимофеева сотқа ортақ бірлесіп тапқан мүлікті (жер телімі, телевизор, тоңазытқыш, жихаз және видеомагнитофон) бөлу үшін жүгінді.

Қай саланың нормалары сотта шешім шығару үшін қолданылуы мүмкін?

 

 

Билет №22

1. Қорғаншылар немесе қамқоршылар

қамқоршылық – он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi баланың (балалардың), сондай-ақ спирттiк iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабiлетiн шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны;
20) қиын өмiр жағдайындағы бала (балалар) – қалыптасқан жағдайлар салдарынан өмiр тiршiлiгi бұзылған және осы мән-жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен еңсере алмайтын бала (балалар);
21) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны;
22) қорғаншы немесе қамқорыш - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен тағайындалған тұлға;

122-бап. Қорғаншылар немесе қамқоршылар

1. Мыналарды:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды;
2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
3) өзiне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiнен шеттетiлген адамдарды;
4) егер сот олардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiн жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тек қана кәмелетке толған адамдар қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады.
2. Қорғаншы немесе қамқоршы тек қана оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. Егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, жұбайы, ата-аналары, туыстары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалуда басым құқыққа ие болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылықтар болмаса, бiрнеше адам үшiн бiр қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол берiледi.
3. Әрекетке қабiлеттi және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бiрақ олардың тәрбиесiн жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезiнде, қорғаншылар немесе қамқоршылар ата-аналардың тiлегi ескерiле отырып тағайындалады.
Балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезiнде қорғаншының немесе қамқоршының адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық немесе қамқоршылық мiндеттерiн орындауға қабiлетi, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерiнiң балаға көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлi-зайыпты болса), оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.
4. Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж және тиiстi бiлiм беру, медициналық ұйымдардағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы адамдардың қорғаншылары немесе қамқоршылары осы ұйымдардың әкiмшiлiктерi болып табылады.
Қорғаншының немесе қамқоршының мұндай ұйымға баланы уақытша орналастыруы қорғаншының немесе қамқоршының осы балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайды.
5. Қорғаншылар немесе қамқоршылар кез келген адамдарға қатысты, оның iшiнде сотта өкiлеттiктерiн арнайы растамастан, өз қамқорлығына алынғандардың құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.

 

2. Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу

204-бап. Әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу
үшiн негiз

1. Әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу:
1) баланың ата-анасының әке болуды анықтау туралы бiрлескен өтiнiшi;
2) анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған; анасы психикалық аурудың немесе ақыл-есi кемдiгiнiң салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған; анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген; баланың анасының тұрғылықты жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда баланың әкесiнiң өтiнiшi;
3) әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болуды тану фактiсiн және әке болу фактiсiн анықтау туралы сот шешiмi негiзiнде тiркеушi органдарда жүргiзiледi.
2. Психикалық аурудың немесе ақыл-есi кемдiгiнiң салдарынан сот тәртiбiмен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамның, сондай-ақ осы әрекетке қабiлетсiз адамның қорғаншысының өтiнiшi бойынша әке болуды анықтауға тыйым салынады.

205-бап. Әке болуды анықтауды мемлекеттiк
тiркеу орны

Әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар баланың туған жерi бойынша, баланың әкесiнiң немесе анасының тұрғылықты жерi бойынша не әке болуды анықтау туралы немесе әкелiктi тану фактiсiн және әке болу фактiсiн анықтау туралы сот шешiмi шығарылған жер бойынша жүргiзедi.
Анасы қайтыс болған немесе оны әрекетке қабiлетсiз деп таныған, анасының тұрған жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда немесе оны ата-ана құқықтарынан айырған жағдайда, баланың орналасқан жерi әке болуды анықтауды тiркеу орны болып табылады.

206-бап. Баланың ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi
негiзiнде әке болуды анықтауды мемлекеттiк
тiркеу

1. Ата-аналарының әке болуды анықтау туралы бiрлескен өтiнiшi баланың туған жерi бойынша немесе олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша тiркеушi органға берiледi. Бiрлескен өтiнiш беру қиын болған жағдайда баланың әкесi мен анасы тiркеушi органға жеке-жеке өтiнiш бере алады.
2. Егер ата-аналарының бiреуi дәлелдi себеппен әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға өзi келе алмаған жағдайда, оның өтiнiштегi қолтаңбасы нотариатта куәландырылуға тиiс.
3. Ата-аналарының әке болуды анықтау туралы өтiнiш беруi бала туғаннан кейiн мүмкiн болмайтын немесе қиындық тудырған жағдайда, әлi тумаған балаға қатысты бiрлескен немесе бөлек өтiнiштi тұрғылықты жерi бойынша тiркеушi органға медициналық анықтамамен расталған анасының жүктiлiгi кезiнде алдын ала беруге рұқсат етiледi. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейiн жасалады.
Мұндай өтiнiштi баланың ата-анасы әке болуды анықтайтын мемлекеттiк тiркеу жасалғанға дейiн кез келген уақытта қайтарып алуы мүмкiн.
4. Ата-аналарының әке болуды анықтау туралы бiрлескен өтiнiшiмен бiрге ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттар және баланың туу туралы куәлiгi, ал мұндай өтiнiш бала туғанға дейiн берiлген жағдайда медициналық ұйым немесе жеке дәрiгерлiк практикамен айналысатын дәрiгер берген анасының жүктiлiгiн растайтын медициналық анықтама ұсынылады.
Егер әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу тууды мемлекеттiк тiркеумен бiр мезгiлде жүргiзiлсе, баланың туу туралы куәлiгiн қоса беру талап етiлмейдi.
5. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әке болуды анықтауды тiркеушi орган ата-анасының екеуiнiң қатысуымен өтiнiш берiлген күнi жүргiзедi.

207-бап. Ата-аналарының әке болуды анықтау туралы
бiрлескен өтiнiшi кезiнде балаға тегiн, әкесiнiң
атын беру

1. Ата-аналарының әке болуды анықтау туралы бiрлескен өтiнiшi кезiнде баланың тегi - ата-аналарының келiсiмi бойынша, ал келiсiм болмаған кезде сот тәртiбiмен айқындалады.
Баланың таңдап алынған тегi әке болуды анықтау туралы өтiнiште көрсетiлуге тиiс.
2. Баланың әкесiнiң аты, оның iшiнде кәмелетке толған балаға да қатысты, егер оның тарапынан қарсылық болмаса, әкесiнiң аты бойынша өзгертiледi.
Баланың туу туралы акт жазбасында бұрын көрсетiлген (анасының көрсетуi бойынша) баланың әкесiнiң аты баланың әкесi деп танылған адамның атымен сәйкес келмеген жағдайда, тiркеушi орган әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы емес.
3. Егер баланың ата-аналары ол туғаннан кейiн некеге отырса (ерлi-зайыпты болса), әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеместен, әкесi туралы мәлiметтердi баланың туу туралы акт жазбасына енгiзуге жол берiлмейдi.

208-бап. Өзiнiң баланың әкесi екенiн мойындаған адамның
өтiнiшi бойынша әке болуды анықтауды мемлекеттiк
тiркеу

1. Әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу өзiнiң баланың әкесi екенiн мойындаған адамның жазбаша өтiнiшi бойынша осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Өзiнiң баланың әкесi екенiн мойындаған адамның өтiнiшiне оның жеке басын куәландыратын және анасының болмауының мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлiк; психикалық аурудың немесе ақыл-есi кемдiгiнiң салдарынан анасын әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не оны шектеу туралы сот шешiмi; анасының тұрғылықты жерiн анықтаудың мүмкiн еместiгi туралы анықтама қоса берiледi.

209-бап. Өзiнiң баланың әкесi екенiн мойындаған адамның
өтiнiшi бойынша әке болуды анықтауды мемлекеттiк
тiркеу кезiнде балаға тегiн, әкесiнiң атын беру

1. Баланың тегi өзiнiң баланың әкесi екенiн мойындаған адамның өтiнiшi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен айқындалады.
2. Баланың әкесiнiң аты, оның iшiнде кәмелетке толған балаға да қатысты, егер оның тарапынан қарсылық болмаса, әкесiнiң аты бойынша өзгертiледi.

210-бап. Әке болуды анықтау, әкелiктi тану фактiсi және
әке болу фактiсi туралы сот шешiмiнiң негiзiнде
әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу

1. Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактiсiн және әкелiктi тану фактiсiн анықтау туралы сот шешiмiнiң негiзiнде әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу баланың анасының, әкесiнiң немесе қорғаншысының не қамқоршысының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
2. Өтiнiшке соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң көшiрмесi, өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттар және баланың туу туралы куәлiгi қоса берiледi.
3. Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактiсiн және әкелiктi тану фактiсiн анықтау туралы шешiм шығарған сот осы шешiмнiң көшiрмесiн ол заңды күшiне енген күннен бастап үш күн мерзiмде сот шешiмi шығарылған жер бойынша тiркеушi органға жiберуге мiндеттi.

211-бап. Сот шешiмi бойынша әке болуды анықтауды
мемлекеттiк тiркеу кезiнде балаға тегiн,
әкесiнiң атын беру

1. Сот шешiмi бойынша әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу кезiнде әкесi туралы мәлiметтер сот шешiмiне сәйкес көрсетiледi.
Әкесiнiң тұрақты тұрғылықты жерi, оның жұмыс орны, егер осы мәлiметтер сот шешiмiнде көрсетiлмесе, өтiнiш берушiнiң айтуымен жазылуы мүмкiн.
Сот шешiмiнде әкесiнiң ұлты туралы мәлiметтер болмаған кезде әке болуды анықтау туралы акт жазбасындағы ұлты туралы баған оның жеке басын куәландыратын құжаттың негiзiнде толтырылады.
2. Балаға тегi - сот шешiмiне сәйкес, ал мұндай жазба болмаған кезде өтiнiш берушiнiң көрсетуi бойынша берiледi. Бұл мәселе бойынша дау туындаған жағдайда тегi сот шешiмi бойынша жазылады.

212-бап. Баланың тууын және әке болуды анықтауды бiр
мезгiлде мемлекеттiк тiркеу

Баланың тууын және әке болуды анықтауды бiр мезгiлде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мiндеттi түрде туу туралы және әке болуды анықтау туралы актiлер жазбасы жасалады. Туу туралы акт жазбасында баланың тегi анасының тегi бойынша, әкесiнiң аты мен әкесi туралы мәлiметтер әкесiнiң өтiнiшi немесе ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша көрсетiледi.

213-бап. Кәмелетке толған балаға қатысты әке болуды
анықтауды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

Кәмелетке толған адамдарға қатысты әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеуге – олардың жазбаша келiсiмiмен ғана, ал егер ол әрекетке қабiлетсiз деп танылса, оның қорғаншысының немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен жол берiледi.
Кәмелетке толған адамның келiсiмi жеке өтiнiште не ата-аналарының бiрлескен өтiнiшiндегi өзiнiң қолтаңбасымен көрсетiлуге тиiс. Өтiнiш берген кезде бiр мезгiлде кәмелетке толған бала не оның қорғаншысы әкесiнiң тегiн алғысы келетiндiгiн не анасының тегiн сақтағысы келетiндiгiн көрсетедi.

214-бап. Әке болуды анықтау туралы өтiнiш

Әке болуды анықтау туралы өтiнiштi ата-аналары немесе олардың бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өтiнiш жасау өзге де себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сенiм бiлдiрiлген адамдар жазбаша нысанда бередi.
Әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi ата-аналары емес, басқа адам берген кезде өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат ұсынылуға тиiс.

215-бап. Әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу
кезiнде өзгерiстер енгiзу тәртiбi

1. Әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу кезiнде туу туралы акт жазбасына әке болуды анықтау туралы акт жазбасының негiзiнде тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.
Баланың тегi, әкесiнiң аты, сондай-ақ әкесi туралы мәлiметтер осы Кодекстiң 207, 209 және 211-баптарына сәйкес енгiзiледi.
2. Туу туралы акт жазбасына тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн өтiнiш берушiге (өтiнiш берушiлерге) баланың туу туралы жаңа куәлiгi берiледi.

216-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде анықталған
әке болуды тану

Егер ата-аналарының ең болмаса бiреуiнде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар болса, ол балаға қатысты Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi тiркеген әке болу танылады.

217-бап. Әке болуды анықтау туралы жазбалар кiтабына
енгiзiлетiн мәлiметтер

Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына мынадай деректер:
1) баланың тууын мемлекеттiк тiркеу күнi;
2) баланың туу туралы акт жазбасының нөмiрi;
3) баланың әке болуды анықтағанға дейiнгi және одан кейiнгi тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса);
4) баланың туған уақыты мен туған жерi;
5) ата-аналарының тектерi, аттары, әкелерiнiң аттары (егер бар болса), туған күнi, айы, жылы, тұрақты тұрғылықты жерi, заңды мекенжайы, азаматтығы, табыс көзi немесе жұмыс орны, егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетiлген болса, ұлты;
6) оның негiзiнде әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлген құжат туралы мәлiметтер;
7) өтiнiш иесi туралы мәлiметтер;
8) берiлген куәлiктiң сериясы мен нөмiрi енгiзiледi.

218-бап. Әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу
туралы куәлiктi беру

Әке болуды анықтау туралы куәлiктi әке болуды анықтауды мемлекеттiк тiркеу туралы акт жазбасының негiзiнде тiркеушi орган бередi.
Әке болуды анықтау туралы куәлiк мемлекеттiк тiркеу орны бойынша ата-аналарының бiреуiне берiледi немесе олардың тiлегi бойынша әрқайсысына берiлуi мүмкiн.

219-бап. Әке болуды анықтау туралы куәлiк

Әке болуды анықтау туралы куәлiк мынадай мәлiметтердi:
1) баланың әкесiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер бар болса);
2) баланың тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), туған күнiн, айын, жылын;
3) баланың анасының тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер бар болса);
4) акт жазбасының жасалған күнiн және нөмiрiн;
5) мемлекеттiк тiркеу орнын, тiркеушi органның атауын;
6) әке болуды анықтау туралы куәлiктiң берiлген күнiн қамтиды.

 

3. Баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы

63-бап. Баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға
құқығы

1. Баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар.
2. Баланың атын өзара келiсiм бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкiлдерi бередi. Әкесiнiң аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкiлдерiнiң тiлегi бойынша оның әкесi болып көрсетiлген адамның аты бойынша берiледi.
Бөлек жазылған жағдайда қосарланған ат беруге рұқсат етiледi, бiрақ ол екi аттан аспауға тиiс.
Әкесiнде қосарланған ат болған жағдайда, балаға әкесiнiң аты ретiнде олардың бiреуi не әкесiнiң екi аты бiрге жазылып берiледi.
Әкесi атын өзгерткен кезде - оның кәмелетке толмаған баласының, ал кәмелетке толған бала бұл туралы өтiнiш берген кезде, оның әкесiнiң аты өзгередi.
3. Баланың тегi ата-аналарының тегiмен айқындалады. Ата-аналарының тегi әртүрлi болған кезде ата-аналарының келiсiмi бойынша балаға әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi.
Ата-аналарының қалауы бойынша баланың тегi ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып, әкесi сияқты, анасы тарапынан да әкесiнiң немесе атасының аты берiлуi мүмкiн.
4. Ата-аналар арасында баланың атына және (немесе) тегiне қатысты туындаған келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
5. Егер әкесi анықталмаса, баланың аты анасының көрсетуi бойынша берiледi, әкесiнiң аты баланың әкесi ретiнде жазылған адамның аты бойынша, тегi – анасының тегi бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескерiлiп, баланың атасының аты бойынша берiледi.
6. Егер баланың ата-аналарының екеуi де белгiсiз болса, баланың тегiн, атын, әкесiнiң атын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган, медициналық немесе баланың тұрған жерi бойынша оның құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар бередi.

 

4. АХАЖ органына (ерлі-зайыптылыққа) тілек білдірушілер Петров пен Кажуева некесін тіркеу туралы арыз берген соң жергілікті медициналық орталыққа өздерінің арасындағы баласының жынысы жайлы ақпарат беруін өтінді. Бұл емхананың бас дәрігері бұл емханада мұндай тексерулер және ұсыныстарға жауап бермейтінін айтып, бас тартты.

Бас дәрігердің ісіне баға беріңіз.

Билет №23

1. Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі

97-бап. Асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты
және тегi

1. Асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталуы мүмкiн.
2. Егер бұл баланың мүдделерiне қайшы келмесе, асырап алынған балаға бала асырап алушының өтiнiшi бойынша бала асырап алушының тегi, сондай-ақ ол көрсеткен аты берiледi. Егер бала асырап алушы ер адам болса, асырап алынған баланың әкесiнiң аты - асырап алушының аты бойынша, ал баланы әйел асырап алған кезде, ол асырап алынған баланың әкесi ретiнде көрсеткен адамның аты бойынша айқындалады.
Егер бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың тектерi әртүрлi болса, бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың келiсiмi бойынша, асырап алынған балаға олардың бiреуiнiң тегi берiледi.
3. Баланы некеде тұрмайтын (ерлi-зайыпты болмаған) адам асырап алған кезде, оның өтiнiшi бойынша бала асырап алуды тiркеушi органда мемлекеттiк тiркеу кезiнде бала асырап алушының көрсетуi бойынша тууды жазу кiтабына асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi жазылады. Бала асырап алушының тiлегi бойынша әкесi (анасы) туралы мәлiметтер көрсетiлмеуi мүмкiн.
4. Бала асырап алу құпиясын талап ететiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты және тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн.
5. Асырап алынған баланың атының, әкесiнiң аты мен тегiнiң өзгеруi туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.

 

2. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

268-бап. Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз

Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу үшiн:
1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгiленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактiсiн белгiлеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi негiз болып табылады.

269-бап. Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу орны

Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу қайтыс болған адамның тұрған жерi бойынша немесе ол қайтыс болған жер бойынша тiркеушi органдарда жүргiзiледi.

270-бап. Қайтыс болу туралы мәлiмдеме

1. Қайтыс болу туралы мәлiмдеменi қайтыс болған адаммен бiрге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршiлерi, тұрғын-үй пайдалану ұйымдарының қызметкерлерi, жергiлiктi атқарушы органдар, қайтыс болған адамды күтiп-баққан не адам сонда қайтыс болған ұйымның әкiмшiлiгi немесе мәйiттi тапқан iшкi iстер органы жазбаша немесе ауызша нысанда бередi.
2. Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi қайтыс болған адамның тұрған жерi бойынша сот-медициналық сараптамасы ұйымының лауазымды адамы жазбаша нысанда бередi.
3. Мәлiмдеме жасаушы қайтыс болу туралы мәлiмдемеде қайтыс болған адам туралы мынадай мәлiметтердi: қайтыс болған адамның атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), тегiн, туған жылын, соңғы тұрғылықты жерiн және оның отбасылық жағдайын, қайтыс болған жылын, айы мен күнiн, қайтыс болу себебiн, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлiмдеме жасаған адамның атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), тегiн және тұрғылықты жерiн көрсетедi.
4. Қайтыс болуды тiркеу кезiнде қайтыс болған адамның паспорты, жеке куәлiгi, әскери билетi тiркеушi органға тапсырылуға жатады.

271-бап. Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген
адамдардың қайтыс болуын мемлекеттiк тiркеу

Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар мәйiттiң жатқан жерi бойынша немесе сот-медициналық сараптаманың қорытындысын берген жер бойынша жүргiзедi.
Мәйiттерi танылмаған адамдардың қайтыс болуын мемлекеттiк тiркеу кезiнде қайтыс болу туралы актiнiң жазбасына қайтыс болу туралы медициналық куәлiкте қамтылған, мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi мәлiметтер ғана енгiзiледi.
Егер қайтыс болған адам кейiннен танылған болса, ол туралы жетiспейтiн мәлiметтер қайтыс болу туралы медициналық куәлiктiң және мәлiмдеме жасаушының жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде қайтыс болу туралы актiнiң жазбасына қорытынды жасалмастан енгiзiледi.
Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген адамдардың мемлекеттiк тiркелгенi туралы жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қызметiне Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша қайтыс болу туралы анықтама берiледi.

272-бап. Қайтыс болу туралы акт жазбасының мазмұны

Қайтыс болу туралы акт жазбасына мынадай мәлiметтер:
1) қайтыс болған адамның аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), тегi, туған күнi, айы, жылы мен туған жерi, соңғы тұрғылықты жерi, жынысы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе, ұлты, қайтыс болған күнi мен орны;
2) қайтыс болу фактiсiн растайтын құжаттың негiзiнде қайтыс болу себебi;
3) қайтыс болу фактiсiн растайтын құжат;
4) қайтыс болу туралы мәлiмдеме жасаған мәлiмдеме жасаушының аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), тегi, тұрғылықты жерi не органның, ұйымның атауы және заңды мекенжайы;
5) қайтыс болу туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi енгiзiледi.

273-бап. Қайтыс болу туралы куәлiк беру

Қайтыс болу мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн қайтыс болған адамның мұрагерлерiнiң аясына кiретiн жақын туыстарына не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттiк ұйымдар әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне қайтыс болу туралы куәлiк берiледi.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлiк мұрагерлiк iс қарауында жатқан нотариустың хабарламасы бойынша берiледi.
Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген адамдардың қайтыс болуы туралы куәлiк қайтыс болу туралы акт жазбасына барлық қажеттi мәлiметтер енгiзiлгеннен кейiн ғана берiледi.

274-бап. Қайтыс болу туралы куәлiк

Қайтыс болу туралы куәлiк мынадай мәлiметтердi:
1) қайтыс болған адамның атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), тегiн, туған күнi, айы, жылы мен туған жерiн, жасын, қайтыс болған күнi мен орнын;
2) қайтыс болу туралы акт жазбасының жасалған күнi мен нөмiрiн;
3) құжаттың берiлген күнiн және оны берген тiркеушi органның атауын;
4) қайтыс болу туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрiн қамтиды.

 

3. Сот бұрын белгілеген алимент мөлшерін өзгерту және алимент төлеуден босату

175-бап. Сот бұрын белгiлеген алимент мөлшерiн өзгерту
және алимент төлеуден босату

1. Егер алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде алимент мөлшерi сот тәртiбiмен белгiленгеннен кейiн тараптардың бiрiнiң материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуi бойынша белгiленген алимент мөлшерiн өзгертуге немесе алимент төлеуге мiндеттi адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшерi өзгертiлген немесе оны төлеуден босатылған кезде сот тараптардың назар аударарлық өзге де мүддесiн ескеруге құқылы.
2. Егер кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адамның алимент төлеуге мiндеттi адамға қатысты қасақана қылмыс жасағаны анықталса немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адам отбасында лайықсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайда, сот оған алимент өндiрiп беруден бас тартуға құқылы.

 

4. Азамат Анатолий Смирнов азаматша Раиса Волошинамен некеге тұруға өзара шешім қабылдап, некеге тұруға бел байлады. Бірақ Раиса Волошина Анатолий Смирновтың әкесі жағынан оның әпкесі деп танылады. Раиса Волошинаның анасы Анатолий Смирновтың әкесімен некеге тіркелмеген. Бірақ та Раисаның туылған уақытында Анатолийді әкелігі танылды. Анатолийдің әкесі Раисаны туған қызы деп танып бұл туралы туу туралы акт жазбасында тіркелді.

Азамат Анатолий Смирнов пен Раиса Волошинаның арасында неке қиылуна рұқсат етіле ме?

 

Билет №24

1. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууын мемлекеттік тіркеу

196-бап. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың
тууын мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

1. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы iшкi iстер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның, бiлiм беру ұйымдары әкiмшiлiгiнiң немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтiнiшi бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жетi тәулiктен кешiктiрiлмей тiркелуге тиiс.
Өтiнiшке бала тауып алынған кездегi уақыт, орын және мән-жайлар көрсетiле отырып, iшкi iстер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акт; тауып алынған баланың жасы мен жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және басқа да бала туралы дербес мәлiметтер қоса тiркеледi.
2. Медициналық ұйымда баладан бас тартылған жағдайда, осы ұйымның әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша анасының жазбаша өтiнiшiн ресiмдеу жөнiнде шаралар қолданады.
3. Баланы белгiсiз ана қалдырып кеткен жағдайда медициналық ұйымның әкiмшiлiгi екi куәгердiң қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мемлекеттiк тiркеу кезiнде хаттамалар тастанды (ата-анасы бас тартқан) баланы тiркеу туралы медициналық ұйымның лауазымды адамының өтiнiшiне қоса берiледi.

 

2. Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз міндеттерін атқарудан босату және шеттету

129-бап. Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз
мiндеттерiн атқарудан босату және шеттету

1. Кәмелетке толмаған қамқорлыққа алынушы оның ата-аналарына немесе оны асырап алушыларға қайтарылған жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе қамқоршыны өз мiндеттерiн атқарудан босатады.
Қамқорлыққа алынушы тиiстi бiлiм беру ұйымына, медициналық және медициналық-әлеуметтiк ұйымға немесе басқа да арнайы ұйымға орналастырылған кезде, егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны өз мiндеттерiн атқарудан босатады.
2. Қорғаншы немесе қамқоршы дәлелдi себептер болған кезде (науқастануы, мүлiктiк жағдайының өзгеруi, қамқорлыққа алынушымен өзара түсiнiстiктiң болмауы және басқалары) өз өтiнiшi бойынша немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
3. Қорғаншының немесе қамқоршының өз мiндеттерiн тиiсiнше атқармауына, оның iшiнде қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жеке басының мақсаттарына пайдалануына не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажеттi көмексiз қалдыруына тыйым салынады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы мiндеттердi атқарудан шеттетуге және қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.

 

3. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі

35-бап. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi

1. Мыналар:
1) некеге отыруға (ерлi-зайыпты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;
2) ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусiз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi;
3) некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және басқалар) ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.
2. Некенiң (ерлi-зайыптылықтың) iс жүзiнде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы жинаған мүлiктi сот олардың әрқайсысының меншiгi деп таниды.

36-бап. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiн
олардың бiрлескен ортақ меншiгi деп тану

Егер некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе ерлi-зайыптылардың бiрiнiң мүлкi не олардың кез келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң құнын едәуiр арттырған салыным жасалғаны (күрделi жөндеу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және басқаларды) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып танылады.

 

4. Азамат Коренов пен азаматша Ипатов арасындағы некені бұзу үшін сотқа жүгінді. Себебі екеуінің арасындағы неке шартты түрде 1айдан кейін тоқтатылды. Ипатова өзінің 3ай да өмір сүре алмаған баласын дүниеге әкелді.

Судья Ипатованың некенің бұзылуына келісімін бермегенін біліп Кореноваға 6айдан кейін сотқа жүгінуін сұрады.

Судьяның іс әрекеті дұрыс па? Судья қандай нормаға сүйеніп іс әрекеттер жасады.

 

Билет №25

1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу

37-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу

1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша ерлi-зайыптылар арасында бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариатта куәландырылуға тиiс.
3. Дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерiн ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша қандай мүлiктiң ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлуге тиiс екендiгiн айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екiншi жұбайға тиiстi ақшалай немесе өзге өтемақы берiледi.
4. Тек қана кәмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқкиiм, мектеп және спорт керек-жарағы, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлуге жатпайды және балалары өзiмен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi.
Ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi есебiнен салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбайды.
5. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде ортақ мүлкiн бөлген жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң бөлiнбеген бөлiгi, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде бұдан әрi жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды.
6. Некесi (ерлi-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған кезден бастап талап-арыз ескiруiнiң үш жылдық мерзiмi қолданылады.

38-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде
үлестердi айқындау

1. Егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде ерлi-зайыптылардың әрқайсысының үлесi тең деп танылады.
2. Егер жұбайлардың бiреуi дәлелсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн екiншi жұбайдың келiсiмiнсiз отбасының мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге ала отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi олардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде ерлi-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздерiне берiлген үлеске барабар түрде бөлiнедi.

 

2. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу

197-бап. Өлi туған немесе өмiрiнiң алғашқы аптасында
шетiнеген баланы мемлекеттiк тiркеу

1. Өлi туған баланы және өмiрiнiң алғашқы аптасында шетiнеген баланы мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органда бала туған немесе шетiнеген кезден бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Баланың өлi тууы медициналық ұйым немесе жеке дәрiгерлiк практикамен айналысатын дәрiгер берген перинатальдық қайтыс болуы туралы медициналық куәлiктiң негiзiнде тiркеледi.
Өлi туған баланың туу туралы куәлiгi берiлмейдi. Ата-анасының өтiнiшi бойынша өлi туған баланы мемлекеттiк тiркеу фактiсiн растайтын құжат берiледi.
3. Бала өмiрiнiң алғашқы аптасында қайтыс болған жағдайда оның тууын мемлекеттiк тiркеу - туу туралы медициналық анықтаманың негiзiнде, ал қайтыс болған жағдайда перинатальдық қайтыс болуы туралы куәлiктiң негiзiнде жүргiзiледi.
Туу және қайтыс болу туралы жасалған актiлер жазбаларының негiзiнде тек қайтыс болуы туралы куәлiк қана берiледi. Ата-анасының өтiнiшi бойынша баланың тууын мемлекеттiк тiркеу фактiсiн растайтын құжат берiледi.
Одан әрi қайтыс болу туралы куәлiк қана қайтадан берiледi.
4. Тiркеушi органға баланың өлi тууы туралы немесе баланың тууы және өмiрiнiң алғашқы аптасында қайтыс болғандығы туралы мәлiмдеу мiндетi:
1) бала туылған немесе бала шетiнеген медициналық ұйымның басшысына;
2) дәрiгерi баланың өлi тууы, баланың өмiрiнiң алғашқы аптасында қайтыс болуы фактiсiн анықтаған медициналық ұйымның басшысына;
3) медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда жеке дәрiгерлiк практикамен айналысатын дәрiгерге жүктеледi.

 

3. Бала асырап алу жөніндегі агенттік филиалының және өкілдігінің құқықтары мен міндеттері

114-бап. Агенттiк филиалының және (немесе)
өкiлдiгiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Агенттiктiң филиалы және (немесе) өкiлдiгi:
1) агенттiк орналасқан мемлекеттiң азаматтарына, агенттiк өкiлдiгi орналасқан аумақта тұрақты тұратын басқа да мемлекеттердiң азаматтарына бала асырап алуда жәрдем көрсетуге;
2) асырап алынатын бала туралы белгiленген тәртiппен және көлемде ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымды адамдардың және мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiне және шешiмдерiне шағым жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы, бала асырап алу тәртiбiндегi өзгерiстер туралы ақпарат және өздерiнiң тiкелей қызметiне қатысты басқа да ақпарат алуға құқылы.
2. Агенттiктердiң филиалы және (немесе) өкiлдiгi белгiленген тәртiппен:
1) аккредиттеу алынғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкiлдiктерiн есептiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен есептiк тiркеуден өтуге;
2) аумағында бала асырап алу жөнiндегi қызмет жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органы мен оның аумақтық бөлiмшесiне есептiк тiркеу туралы куәлiктi ұсынуға;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органы мен оның аумақтық бөлiмшесiн өз қызметiнiң басталуы туралы бес күн мерзiмде хабардар етуге;
4) асырап алуға бала таңдау үшiн бала асырап алуға үмiткерлердiң құжаттарын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына, сондай-ақ бала асырап алу үшiн сотқа ұсынуға;
5) бала асырап алуға үмiткерлердiң өтiнiштерi негiзiнде баланың аты, жасы, жынысы, денсаулық жағдайы туралы ақпарат алуға;
6) бала асырап алуға үмiткерлердi қабылдау мен орналастыруды және оларға бала асырап алуды ресiмдеуде қажеттi көмек ұйымдастыруға;
7) бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде сот отырыстарына қатысуға, бала асырап алу туралы сот шешiмiн алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегiнен кету үшiн баланың тууы, бала асырап алу туралы куәлiктердi және баланың паспортын ресiмдеуде бала асырап алушыларға жәрдем көрсетуге;
8) Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алуға үмiткерлердiң, сондай-ақ бала асырап алушылардың мүдделерiн бiлдiру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Агенттiктердiң филиалдары және (немесе) өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына аумағында асырап алынған бала тұратын мемлекеттiң құзыреттi органы дайындаған, бала асырап алушылардың өздерiнiң отбасындағы балалардың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесi туралы есептер (бұдан әрi - есептер) ұсынуды ұйымдастырады.
4. Бала асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн алғашқы үш жылда есеп әрбiр алты ай сайын ұсынылады. Кейiннен есептер жыл сайын ұсынылады.
5. Есептер тиiстi шет мемлекеттiң ресми тiлiнде ұсынылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұсынылатын есептер белгiленген тәртiппен заңдастырылуға, сондай-ақ қазақ немесе орыс тiлiне аударылуға тиiс. Бұл ретте, аударманың мәтiнi не аудармашының қолтаңбасы бала асырап алушылардың тұрғылықты жерi бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде куәландырылады не оны Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус куәландырады.
6. Асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы есептер мен ақпараттың есепке алынуы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.

 

Азаматща Славина некені бұзу үшін АХАЖ органына жүгінді. Себебі азамат Славин қылмыс жасағаны үшін 4 жылға сотталды. Славин жазаны өтеу орнынан некені бұзуды куәландырмау үшін арыз жіберді. Себебі ол бірлесіп тапқан мүлікті бөлуді қалады.

Славинның арызы қанағаттандырыла ма?

 

 


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 584; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!