Саяси билік пен мемлекеттік билік

Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.    Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Әдетте,саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды.Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен,ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің -түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа мәселелерімен бірге қарады.Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды.Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді.Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты,.Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. Саясаттануды барлық жоғарғы оқу орындарында міндетті түрде оқыту туралы 1948 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі қабылданған болатын. Саясаттану қазір көптеген елдерде қоғамдық пәндер қатарынан жетекші орын алып отыр. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде.     2. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері   Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Жүйелеу әдісісаяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді. Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи тәсілсаяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.      Бихевиористік әдісжеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Норамативтік әдіс қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.   Саясаттанудың қызметі- қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа,институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мағлұматтар береді.Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетінде атқарады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс.     3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары   Саясаттану парадигмалары- саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісі. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік,әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады. Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген. Натуралистік парадигмасаясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда,географиялық ортамен,биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді. Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье. Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады. Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер ( П.Майер, К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады. Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм. Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Тиімді сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады. Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар -К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының өкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі.   4. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар   Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артықка созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Соңдықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августинеді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және кұкықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіңдігін береді, яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинскийболды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде каралды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Фоманың ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс. Басында солай болды да. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік аксүйек-сұлтаңдарға ауысты. XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан кағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі кызыктан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді карсы койды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт «гуманизм» деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атайды. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялык саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавеллиболды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Флоренцияның тарихы». Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың карым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады.  

БИЛЕТ 6

Қазақ даласындағы ойшылдардың біріЖүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған. Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады.

Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани жәнемәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады.Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген.

 Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.

Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Жиырмасыншы жүзжылдықтың қарсаңы мен басталар шағында қазіргі Қазақстанның сол кездегі аумағында тұратын халықтардың өмірі, экономикасы мен әлеуметтік қарым-қатынастары ірі өзгерістерге ұшырағаны мәлім.

Әлихан Бөкейханов пен Бақытжан Қаратаев - ХХ ғасырдың бастапқы онжылдықтарындағы қазақ саяси ойын заман талабына сай туындата отырып дамытқан аса көрнекті тұлғалар еді. Екеуі де отарлық езгідегі туған халқына қызмет етуді мұрат етті, бірақ екеуінің бұл орайдағы көзқарасы, ұстанымы мен таңдаған жолы екі бөлек болды. Патша тақтан түскенге дейін және ақпан революциясынан кейінгі жарты жыл бойына Бөкейханов кадет партиясы қатарында қызмет етті. Ал Қаратаев саясат алаңында қазақ кадеттерінің серкесі ретінде көрінер-көрінбестен, одан тез айнып, мұсылман ұйымына көбірек үйірілді (2-Думада мұсылмандар фракциясына тіркелді), 1917 жылға дейін социал-демократтарға жақын жүрді. 10-жылдары Бөкейханов қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүргізу тәртібін сақтауға, ал Қаратаев қазақты отырықшылыққа көшуге үндеді. “Батысшыл” Бөкейханов пен “шариғатшыл” Қаратаевтың оқу-ағарту, дін істеріне көзқарастары да екі түрлі болатын. Тіпті, халықтың мұң-мұқтажын талқылау үшін бас қосып ақылдасу, баскөтерер азаматтармен жиналыс өткізу мәселесінде де олар қарама-қарсы пікірде болды. Қаратаев съезд шақыруға ниеттенгендерді қолдады, ал Бөкейханов оны керексіз деп тапты, пікір алмасуды баспасөзде жүргізген жөн деді. Тиісінше — әрқайсысының өз пікірлестері және ел арасында беделі зор “Қазақ” газеті мен “Айқап” журналы сынды өз саяси мінберлері бар еді. Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша -Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.

БИЛЕТ 5

XIX ғ. бірінші жартысында қоғамдық санада марксистік саяси идеялар пайда болды. Оның негізін К. Маркс (1818-1883 жж.) пен Ф. Энгельс (1820-1895 жж.) салған еді. Олар социалистік революция мен пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Пролетариаттың саяси партиясы – Компартия, ол жұмысшылардың қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді. Олар мемлекеттік құрылымда жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін жұмысшы табы таптық күрестің негізінде қоғамдық-саяси жүйеде социализмді орнатуы тиіс деді. Табиғаттағы адамның мәні тек қоғамдық адамға ғана қолданылады, тек қана қоғамда табиғат адам үшін, адамдарды өзге адамдармен байланыстыратын бөлім, басқалар үшін болмыс және ол үшін де болмыс, адамның іс-әрекетінің өмірлік құралы болып табылады, тек қоғамда табиғат адам болмысының негізі ретінде қарастырылады. Тек қоғамда ғана оның табиғи мәні ол үшін адами болмысқа айналады және табиғатта ол үшін адамдар қалыптасады. Осылайша, қоғам адамның табиғатпен өзара аяқталған бірлігі, табиғаттың шынайы қайта жандануы, жүзеге асырылған адами натурализм және табиғатқа адамгершілікпен қарау болып табылады». Сонымен, К. Маркс қоғам - адамның өмірде тіршілік етуінің негізі. Тек қоғамда ғана адам шын мәнісінде жетіліп, оның табиғи, саяси, әлеуметтік, құқықтық, экономикалық және т.б. мұрат-мүдделері мен қажеттіліктері жүзеге асырылады деп ой қорытады..

7. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. Биліктің қызметтері мен жіктелуі.

Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген. Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған. Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік,конфликтілік. Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сонымен билік дегеніміз не? Қазіргі ғылыми әдебиетте биліктің бес анықтамасы бар:

1. Бихевиористік анықтама. Бұл анықтама бойынша билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.

2. Телеогиялық анықтама. Ол бойынша, билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету.

3.Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.

4. Структуралистік билік анықтамасы бойынша билік:билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.

5. Конфликтілік билік анықтамасы бойынша иеліктерді даулы жағыдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.

Биліктің белгілері: 1) Қоғамдық өмірді реттеушілік монополиялығы; 2) Қоғамға және жеке адамға мәжбүрлеу етудің мүмкіндігі; 3) Үстемдік ықпалының басымдылығы; 4) Билік басқарушылық аппаратының болуы.

Билік мынандай қайнар көздерге негізделеді - күш, байлық, статус, ұйым, білім мен ақпарат.

Биліктің қызметтері, жіктелуі: Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704)пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.

 

 

Саяси билік пен мемлекеттік билік.

Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде олар биліктің ресурстары деп аталады. Биліктің ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:

- экономикалық (материалдық қажеттіліктер)

- әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)

- күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)

- ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)

- демографиалық (адам- ең негізгі әләуметтік құрал).

Саяси биліктің өз ерекшеліктері бар. Біріншіден - ол адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы рөлі басым болады да, қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады. Екіншіден - қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі. Үшіншіден - саяси биліктің арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтардың болуы. Саяси биліктің қасиеттерінің бірі - оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет- биліктің иерархиялық сипат алуы. Келесі қасиет- үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу.

Мемлекеттік билік саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері: 1) Ол белгілі бір территориясында ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік. 2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппаратына сүйенеді. 3) Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.Қазіргі демократиялық дамыған елдерде саяси биликтің тұрақтылығы оның легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын айтады. Бірақ оның тек қана заңға сәйкестілігі емес, сонымен қатар билікті қоғамдағы мүшелердің оны өз еркімен қабылдауы заңы. Ондай кезде қоғамдағы халық берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды. Легитимді биліктің идеалды түрлерін М.Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің мынадай 3 түрін ажыратқан: дәстүрлі, харизматикалық, легальды – рационалдық.

 

9)Биліктің легитимділігі.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік дегеніміз – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет:

1. ол халықтың қалауы бойынша қалыатсуы және көпшілктің еркіне орай орындалуы керек. Яғни мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.

2. Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйуес жүзеге асырылуы тиіс.

Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік барысына келудегі легитимдіктің мінсіз түрі ретінде үш үлгісін көрсетті.

Ең бірінші әдет – ғұрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт дәстүрлерге сүйенді.

Екінші түрінде – харизматикалық легитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен немесе басқа үлгілі қабылет – қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп, соның соңынан ереді.

Үшінші түріне Вебер ақыл парасаттық, құқықтық легитимдігін жатқыза-ды. Онда саяси билік салт – дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптік ақыл – ойға сыйымдылығына негізделген. Легитимдіктің бұл түрі қазір дамыған елдерге тән.

Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді.

Биліктің түрлері.Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық қөұрылымын мемлекеттендірудің тәсілдемелік негізі болды.Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке – дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктенкең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгендей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлдық мүшелері тегіс бағынады.

10) Саяси тәртіп (авторитарлық, тоталитарлық және демократиялық режимдер).

Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдержиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады.

Тоталитарлы саяси режимол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:

- азаматтардыңжаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;

- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;

- террористік полицейлік бақылау жүйесі;

- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;

- қарулы-әскери күшпен бақылау;

- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;

- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы

- тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;

- «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді;

Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады.

Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:

- күшті орталықтанған билік

- бір топтың немесе партияның билікке монополиясы

- элитаның қалыптасуы

- оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы

- билік өзгеруінің күштеу мінезі

- шектелген плюрализм

- билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы

- өкіметтік билік органдарының, салмаудың және оппозицияның бар болуы. Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек формальды түрінде ғана.

- халықты билікке жібермеуі

- қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.

Қазіргі әлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді. Мысалы:

- Азаматтық қоғамның дамымағандығы

- Экономиканың артта қалуы

- Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі

Демократия” – сөзі гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1.Мемлекет түрі. 2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.3.Қоғамдық құрылымның мұраты. Әр жерде демократия әртүрлі рең алған.

«Демократия» - түсінігі ол саяси ғылымда маңызды болып келеді. Демократия ол:

- бір қалыптасқан ұйымның түрі мүшелерінің шешім қабылдауына тек қатысуына негізделген;

- қоғамдық құрылымның идеалы және оған сәйкес әлем көзқарасы;

- халық билігі және демократияның мақсаты мен идеалының жүзеге асуы үшін әлеуметтік-саяси қозғалыс;

Демократияны мемлекеттік құырылым ретінде зерттегеннен кейін оның тағы бір белгілерін көресетеді:

- қоғамда көптеген қызығушылықтармен мүмкіндіктердің бар болуы;

- саяси институтқа-топтарға кепілденген жолы;

- жалпы сайлау құқығы;

- өкіметтік институттардың өкімет іс-әрекеттік бақылау;

- саяси нормаға қатысты көпшілік қоғамның келісуі;

- пайда болған шиеленістерді бейбітшілік түрінде шешу.

 

11) Саяси жүйе туралы ұғым, құрылымы, жіктелуі

«Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.

Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.

Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:

Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;

Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;

Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады

Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;

Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.

Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы жа басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.

Батыс саясаттанушыларының арасында саяси жүйені келесі түрлерге жіктейді: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған, тоталитарлық.

Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық, сяаси либерализмге негізделген.

Құрылықтық-еуропалық саяси жүйенің ұсынатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады.

Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеде батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғарланған. Мемлекет биліктері анық бөлінбеген.

Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдай бермейді. Бірақ ол мойындауды еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды. Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық. Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз.

Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті, статикалық, динамикалық.

Абсолютті тұрақтылық тек теориялық тұрғыдан зерттелген жағдай. Статикалық тұрақтылық дегеніміз мемлекеттің тарапынан орнатылатын тұрақтылықты айтамыз. Ал динамикалық тұрақтылық дегеніміз халық тарапынан да, мемлекеттік билік тарапынан да сол тұрақтылықты орнатуға деген мүдде мен белсенділікті айтамыз.

Саяси тұрақтылықты орнатудың екі жолы бар. Олар: дамыған демократия арқылы орнату және диктатура арқылы. Екі жолдың қайсы жағымды, қайсы жағымсыз екені қазіргі таңдағы ең даулы мәселелердің бірі болып табылады.

Саяси тұрақсыздық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің сыртқы және ішкі саяси шешімдерге байланысты тәуекелділікке баруы. Саяси тұрақсыздықтың екі түрі болады: экстрозаңды және өкіметтік. Экстрозаңды тұрақсыздыққа жататындар: терроризм, соғыс т.б. Ал өкіметтік тұрақсыздыққа жататындар: мемлекеттің ішкі саясатына байланысты қабылданған шешімдерге байланысты, мысалы: сайлау, реформа, заң, болатын өзгерістер.

Кез келген саяси тұрақсыздықты алдын ала байқап білуге болдады. Оның негізгі белгілері:

Қоғамның құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік теңсіздік деңгейі;

Этносаралық және діни шиеленістер деңгейі;

Конституциялық құқықтың бұзылу деңгейі;

Солшыл радикалды идеялар деңгейі;

Саяси плюрализм деңгейі

12) Демократия туралы ұғым және оның белгілері. Демократияның антикалық теориясы.
Демократия“халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Экономика саласында Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы; Меншік түрлерінің әркелкілігі;Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;
Саяси салада Саяси пікірдің әр алуандығы;Көппартиялылықтың болуы;Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;Оларды іс жүзінде қолдану;Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;Оппозицияның болуы;
Рухани салада Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;
Әлеуметтік саладаӘлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;

Демократияның антикалық теориясы.Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.

Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.

Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. ДемократияЕжелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.

Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.

Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.

Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік” теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:

Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.

Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.

Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.

Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.

 

№ 25 Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері.

Кез келген қоғамның саяси өмірін түсінуде «саяси мәдениет»   категориясының маңызы күшті. Қазіргі кезде батыс әдебиетінде саяси мәдениеттің мазмұнын ашуға бағытталған отыздан астам анықтамалар бар. Бұның өзі саясаттың да, мәдениеттің де қызметінің көптігінен болуға мүмкін. Саяси мәдениет саясаттану ілімінде өте күрделі және әлі жеке тексерілмеген тақырыптың бірі болып табылады. Саяси мәдениеттің отыздан астам анықтамасы бар болса да жеке саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ.     «Саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші рет пайдаланып, ғылыми әдебиетке енгізген XVIII э. өмір сүрген немістің ағартушысы фәлсафашы Иоганн Гердер болды. Бұл ұғым саясаттануға XX ғасырдың 50-60 жылдары енді. Американың зерттеушілері Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай «саяси мәдениет» деген атпен саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар еңбектер бар еңбектер жазды.

    «Саяси мәдениет» ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Сондағы бірнеше анықтамаларға тоқталып көрейік.

    Поляк саясаттанушысы Е. Вятрдің анықтамасы бойынша «саяси мәдениет»-өкімет пен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарға, байланысты мақсаттар, құндылықтар мен жүріс-тұрыс беталысы актілерінің жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке жататындар мыналар дейді:

а) Саясат жайлы білімі, фактілермен таныстығы, оларға қызығушылығы болуы;

б) билікті іске асыруға қатысты саяси құбылыстарды, құндылықтардыңталдануын бағалай білу;

в) саяси мақсаттың сезімге әсер ететін жағы-мысалы, отанды сүю,оның жауларына өшпенділік;

г) әртүрлі жағдайда қандай әрекет жасауды анықтайтын сол қоғамда әбден танылған саяси мінез-құлықтың үлгілері

    Бұрын қазақтың екі жүзден астам тыю заңдары болған. Мысалы: нанның үстіне нан қойма, нанды теппе, тұзды баспа,үйге жақындағанда жүгірме, ата-анаңның бетінен алма, кемтар адамға күлме т.б. Осы тыю заңдарының өзі жинақталып келіп, ұлттық ерекшелігімізді, мәдениетімізді, әдебиетімізді, дінімізді көздің қарашығындай сақтады, яғни ұлттық идеологияның міндетін атқарды.

  Саяси мәдениетті құрайтын элементтердің сапалы бөліктері ретінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан саяси дәстүрле, сол кезеңде пайда болған саяси ереже-тәжірибелер, ойлар, тұжырымдар, әртүрлі қоғамдық-саяси институттардың қарым-қатынастарын сенімді түрде қарауға болады. Оның құрылымына тағы да өмір сүріп тұрған саяси құрылыс, оның институттары, жеке адам мен қоғамның, мемлекеттің араларындағы жалпы өзара көзқарастар туралы түсініктер кіреді. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.Саяси мәдениет дегеніміз қоғамның саяси өміріне лайықты типті саяси сана мен саяси мінез құлықтың жиынтығы болып табылады.

Саяси мәдениеттің негізгі қызметтері:1.Танымдық қызмет! 2. .Реттеушілік қызметі3. Тәрбиелік қызмет! 4. Біріктірушілік қызметі 5. Қорғау қызметі.        

№26 Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер

Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді қабылдау мен іске асыру. Билік өкілеттілігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т.с.с. түсініктерді қамтиды. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол «еркіндік», «теңдік», «әділдік», «әлеуметтік қорғанушылық», «автономия», «төзімділік» және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруінен байқалады. Мысалы, біріншісі – кейбір адамдар, топтар, тіпті тұтас ұлттар теңдікті қастерлеп, соған тұрақты бет бұрады. Екіншісі – еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең басты байлық деп санайды. Үшіншісі – әлеуметтік қорғанушылықты (тіпті, ол тоталитарлық тәртіптің күшімен орнаса да) бәрінен артық көреді. Төртіншісі – автономияны қалайды. Саяси мәдениеттің тағы бір ерекшелігі – адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдық мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бірпартиялықты шеттен шыққан жөнсіздік деп санайды. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кіреді. Ол субъектінің саяси құбылстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқаардан көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғұрып, жүріс-тұрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әр түрлідеңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптастыратын қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды деп сұрақ туындайды. Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығаруға, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемекет ұлттың саяси рәміздерін, адамның саяси өзін-өзі ұстау үлгілерін қалыптастырады. Мемлекет қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Олар азаматтарды өз партиясының бағдарламаларымен таныстырады, партияларға және партиялық системаларға белгілі бір көзқарасты, қатынасты қалыптастырды, партия мен мемлекеттің қатынасы жөнінде мағлұмат береді.

Саяси мәдениеті қаыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды қосады. Олар мынау дұрыс, мынау бұрыс деген түсінік тудырып, бағыт беріп, адамдарға саяси сана мен өзін-өзі ұстаудың үлгі өнегесін жасайды. Діннің рөлі, Ватиканды айтпағанда, әсіресе Италия, Иран, Польша сияқты елдерде кең өріс алған.Саяси мәдениетті қалыптастыруда елуі рөл атқаратын көпшілк ақпарат құралдары: баспасөз, радио , теледидар. Қазір оларды биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Әсіресе, ғылыми техникалық революция жағдайында теледидардың рөлі орсан зор.Бұл салада бизнес әлемі де белгілі рөл атқарады. Дамыған капиталистік елдердің саяси өміріне саудагерлік пен бәсекелестік едәуір әсер етеді. Мысалы АҚШ та және т.б. елдерде, әсересе сайлау алдында көпшілік дауыс алу үшін саяси қайраткерлерді қайткенде жағымды жағынан жариялап, оның озық қасиеттерін суреттеп, жарнама жасауға баса назар аударылады. Басқа сөзбен айтқанда, саудагерлер өз тауарын тиімді сату үшін қаншалықты тырысса, сондай көріністі мұнда да байқауға болады.Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсатты түрде қатынасушылардың қатарына академиялық қауым да жатады.

№ 27 Саяси мәдениеттің жіктелуі.

Қоғамдық жағдайда және ондағы қалыптасқан саяси үлгілер мен ережелерге байланысты әр елдің саяси мәдениеті өзгешеленеді. Батыс саясаттануында оны жіктеудің кең тараған түрі Г.Алмонд пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген кітабында келтірілген. Онда Англия, АҚШ, ГФР, Италия, Мексиканың саяси жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктері мен жұмыс істеу түрлері сараланып, салыстырыады. Соның нәтижесінде олар саяси мәдениеттің патриархтық, азаматтық, қоғамшыл деп үш тұрпатын көрсетеді. Партриархтық мәдениет азаматтардың саяси өмірге ықылас ынтасының жоқтығымен сипатталады. Азаматтық тұрпатында адамдар саяси институттардың шешімдерін мойындап, толық орындайды, бірақ олардың жұмысына бел шешіп араласпайды. Саяси мәдениеттің қоғамшыл тұрпатында азаматтар саясатқа зер қойып, оның жұмысына белсене қатысады.

Мәдениеттің өзгешелігі болмысты ұғынудың, оны бағалаудың, соған байланысты әрекет ету тәсілінің ерекшеліктеріне әкеледі. Белгілі бір жағдайға сай келетін саяси жүйелер басқа жағдайларда күйзеліс тауып жатады, белгілі бір әрекеттер бір халықты ойдағыдай жетістікке жеткізсе, екіншісін сәтсіздікке ұшыратады. Саяси мәдениеттің жоғарыда айтылған тұрпаттарынан басқа жеке әлеуметтік, этникалық, аймақтық және басқа саясат субъектілеріне тән құрылымдары да қалыптасады. Олардың билікке, саяси өмірді ұйымдастыруға, бақылауға және т.б. өзіндік көзқарастары пайда болады. Басқа сөзбен айтуға, субмәдениет деп қоғамға үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарықтай ерекшеленетін саяси бағдарды айтады. Ол қоғамдық топтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларын, этникалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т.с.с. белгілеріне байланысты. Кейбір ерекшеліктер әйелдердің саяси субмәдениетінде де кездеседі. Мәселен, батыстың әйелдері консервтивтік бағыттағы партиялар мен ұйымдарды қолдайды. Айтарлықтай айырмашылық жастардың субмәдениетінде де кездеседі. Батыстың жастарын алсақ, олар адамдар арасындағы қарым қатынас пен өмірдің сапалылығы сияқты құндылықтарды алға тартса, қариялар материалдық молшылықпен қамтамасыз етілуді ұнатады. Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Қоғамдағы жағдай көбінде әр түрлі болғандықтан, субмәдениеттің де сан түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардығ мүдделерін үйлестіріп, бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді.

Халық арасында мәдениет саясатын жүргізген кезде мына мәселерге мән берген жөн:сол елдің Конституциясын, өзінің саяси құқығын, бостандығы мен міндеттерін білу, мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері жөнінде де хабардар болу, саяси мәселелерді шешу, мемлекеттің, халықтың асы мұратын білу, билік пен саясат жөнінде жалпы білім беру, әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан саясаттың, ережелер, принциптер идеялардың мәнін түсіну қажет.

Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процестерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар коғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу.Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, Республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіп отыр. Халықтың санасында, іс әрекеттерінде өткен дәуірдің де, бүгінгінің де, болашақтың да мәдениетінің көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан, әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал. Қазір біздің Қазақстан егеменді ел. Алғашқы Ата Заңымызда демократиялық зиялы мемлекет құру жолында көптеген бостандықтар мен еркіндіктер берілген болатын. Қазақстан Републикасының жаңа Кқнституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

№28 Саяси әлеуметтанудың түсінігі мен мәні

Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі — өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.

«Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХ ғ. Аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтану деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымда ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелердіөз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. Ресей саясаттанушысы Е.Б.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.

Саяси әлеуеметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм ( саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілікіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық құндылықтарға қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға, ХХғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал – шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп, саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту.Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік –саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.

Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

Саяси жанжалдар

Жанжал — қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қордаланған өткір проблемалардың, халықаралық кикілжіңдердің дер кезінде реттелмей, әр түрлі қақтығыстарға алып келуі. Көбінесе, қоғамдағы жанжал саяси, экономикалық дағдарыс кезінде, не жедел дамыған әлеуметтік өзгерістер барысында орын алады. Елдегі реформалар кезінде халықтың әр түрлі топтарының мүддесі есепке алынып отырмаса, ол да әлеуметтік қарама-қарсылықтарға алып келуі мүмкін. Қоғамда саяси мәдениет қалыптастыру, ортақ әлеуеттік құндылықтар мен нормаларды орнықтыру — жанжалды болдырмаудың негізгі жолы болып есептеледі. Әлеуметтік өзгерістердің қарқыны белгілі бір саяси, этнография, әлеуметтік топтардың мүддесіне сәйкес келмеген жағдайда оны саяси жолмен реттеп отыру қоғамның орнықты дамуының кепілі болып табылады. Әлемдік ауқымда, әр түрлі мемлекеттер мен геосаяси мүдделер арасындағы халықар. Жанжалдар дипломатиялық жолмен жоғары дәрежедегі келісімдер арқылы реттеліп отырады.

Саяси жанжал - әлеуметтік жанжалдың ерекше формасы болып табылады, ол – билік өкілеттілігін бөлуге, үстемдік және басқаруға қатысты жанжал. Саяси жанжал – қарама-қарсы мүдделердің, құндылықтардың, көзқарастардың негізінде туған саяси субъектілердің қақтығысы, күресі.Саяси жанжалдардың кезеңдері: 1) жанжалға дейінгі кезең; 2) тікелей жанжалдық іс-әрекеттердің жүргізілуі; 3) жанжалдың аяқталуы. Жанжалды шешудің құралдары: келіссөздер, арбитраж (бұл ролде билік институттары, Конституциялық сот, халықаралық ұйымдар бола алады), аралық бітістірушілік (жанжалдық немесе келісімдік комиссиялар, белгілі саясаткерлер), қарсыласушы жақтарды айыру, күш қолдану (күштеу санкцияларын, заңды оның ішінде халықаралық құқық нормаларын қолдану), дәстүрлерді қолдану.

30 Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері

Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы - халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалык дәрежеде дамуын камтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі.Біраз жағдайда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағылар әртүрлі әдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халык мүддесін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп түр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміттен кейін келесі үміттің оты жануы мүмкін. Ол үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі.

Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.

1. Дау-жанжалга бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.

2. Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, "не істесең соны істе" деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.

3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқыльі бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге ты- рысады.

4. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халыкаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.

Этносаяси жанжалдар

Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әртүрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай кақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының екілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастайды.Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық сатына жоғары денгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлта- ралық жанжалдарға жол ашады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі – этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:

— автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;

— белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;

— өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

32 Саяси процесс туралы ұғым

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с.Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.т.) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсаттандалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер катынасады т.т. ойластырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұқият тексерілгенінде ғана табысты болады.

33. Саяси процестің жіктелуі.

Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Сыртқы саяси процесс жөнінде кейін арнайы сөз болады. Ал ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институцияланған түрлерінен, олардың іс-әрекетінен, билік кұрылымының ұйымдасуынан және т.б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал-әрекеттерін, басқару түрлерін айкындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ыкпалының деңгейін керсетеді. Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялык, түрінде халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Антидемократиялык, процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады. Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді. Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманы мен санаспайды, стратегиялык мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орталықтың ығына жүруге мәжбүр болады. Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің кызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі. Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады.

34. Саяси процеске қатысу түрлері

Саяси процеске қатысу түрлері Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді. Өкілдік органдар аркылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі — институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді. Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі — сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4—6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыруға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады. Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді. Сайлау күні хабарланғаннан бастап, ресми түрде сайлау науқаны басталады. Сайлаушылардың тізімі жасалады, үміткерлерді ұсыну және тіркеу, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сайлау өткізіледі. Ол біткен соң берілген дауыстар есептеледі, сайлаудың қорытындысы хабарланады. Сайлау процесі сайлау округінде жүргізіледі. Елдің, республиканың, штаттың аумағы округтерге бөлінеді. Олардың халқы бір немесе бірнеше үміткерді ұсынады. Жергілікті органдарды сайлау үшін сайлаушылар саны аз, кішкентай округ құрылады. Оған қалалық ауданнан немесе кварталдан, кішігірім ауылдан бір депутат сайланады. Жоғары заң шығарушы органдарды сайлағанда бірнеше кіші округтар қосылып, облыстан, аймақтан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат сайланса, бір мандатты, бірнеше депутат сайланса, көп мандатты округ деп аталады. Сайлау науқанының бастапқы сатысында шешуші рөлді саяси партиялар атқарады. Олар үміткерлерді таңдайды, оларға қаржы, ұйымдастыру жағынан көмектеседі, митингілер, жиналыстар өткізеді, үміткерлерді сайлаушылармен кездестіреді, ақпарат құралдары, теледидар арқылы сөйлеуге мүмкіндік жасайды. Сайлаушылар өз таңдауын жан-жақты ойланып, саналы түрде жасауы тиіс. Олар қай партияның, қай үміткердің бағдарламасы өз көзқарасына, мақсат-мүддесіне көбірек сай келетінін жақсы ойластырғаны жөн. Демократиялық саясаттың талабына сай партиялар мен үміткерлер сайлау науқанын бәріне бірдей, тең жағдайда жүргізуі керек. Бірақ іс жүзінде оны орындау қиын. Халықтың ауқатты жігі қолдайтын партиялардың мүмкіншілігі мол болады. Оларға көмек көп көрсетіледі. Теледидарды, радионы, ақпарат құралдарын кеңінен пайдалануға жағдайлары келеді. Ал кішігірім партиялардың ондай мүмкіншілігі аз келеді.

35. Саяси процесс, саяси әрекет, саяси шешім.

Саяси шешім - саясат саласында нақты нәтижеге қол жеткізу мақсатында саяси іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған қаулы. Саяси іс-әрекет субъектісімен қабылданады. Саяси шешім ғылыми негізделуі, уақыт талабына сай болуы керек. Саяси шешім үрдіс ретінде бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді: дайындық, дайындау, қабылданған шешімді таңдау және жүзеге асыру, қол жеткізген нәтижелерге талдау жасау. Дайындық кезеңінде саяси шешімді қабылдауға қажет уақыт, ресурс анықталады. Саяси шешімді дайындау кезеңінде мәселені талдауға көп көңіл бөлінеді. Мәселенің өзектілігі, шығу себептері, оның салдары, т.б. Саяси шешімді таңдау кезеңі ақпаратты өңдеуге, оны таңдауды негіздеуге пайдаланылады. Жүзеге асыру кезеңі саяси шешімді жүзеге асыру іс-қимылдарынан, оны түсіндіру мен кедергілерден арылудан түрады. Қол жеткізген нәтижелерді талдау, бағалау соңғы кезең болып табылады. Саяси шешімді қабылдаудағы бұл сатылық оның тиімділігін арттырады.

 Саяси өзара іс-әрекет - саяси қызмет барысындағы әртүрлі саяси субъектілердің өзара бір-біріне ықпалы, саяси үрдіс қарқыны мен саяси даму сипатын анықтайтын саяси жүйенің қызметтерін жүзеге асыруға қажетті жағдай. Саяси өзара іс-әрекет түрлері: консенсус, үстемдік, бақылау, келісім, одақ, блок, бейтараптық, дау-жанжал, ықпалдастық, ынтымақтастық, күрес, басқару және т.б. Демократиялық қоғамдағы саяси өзара іс-әрекет мақсаты - әртүрлі саяси күштердің мүдделерін келістіруге қол жеткізу.

Саяси процесс 1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі; 2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, т.с.с. Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады: 1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін; 2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;              3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;                            4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.

36. Саяси даму мен бейімделудің мәні

Қоғам әркашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси өшу деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады. Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарап ұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді. Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдык-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады. Мысалы, бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды. Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп, жаңарып шықты. Біз бұдан былай әңгіме еткенде қоғамның осындай түбегейлі өзгерісін айтамыз. Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге беледі. Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады. Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз. Негізінен, аграрлық шаруашылықпен айналысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды алғашқы өндеуден өткізеді. Әлеуметтік құрылымында отбасылық, рулық, тайпалық байланыстар қатты дамыған. Халықтың көпшілігі сауатсыз немесе шала сауатты, жол қатынасының, сауда-саттықтың дәстүрлі түрі кең тараған. Бұл қоғамның саяси жүйесі де ескіше. Қандық, діни, әдет-ғұрыпқа негізделген рулық, тайпалық билік түрі басым.

37)Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастарДәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі типі бар. Біріншісі — өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен.осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, "қуалай дамушы" мемлекеттер ретінде қарайды.
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзкарастар бар. Солардың ішінде кең тарағанының— бейімделудің сызықтық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік денгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі. Оларда соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Сонын нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді. Осы ғасырдың 50 жылдарында қазіргі мемлекеттің болашақ үлгісі ретінде Американың "еркін" қоғамын айтатын. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өмірдің барлық саласында Батыс бастауларына еліктеу, солардың істегенін қайталау сияқты көрінді. дамудың өзі қоғам өмірін неғұрлым батыс үлгісінің негізгі ерекшеліктерін, белгілерін тезірек ұйымдастырған сайын жеделдей түсетін.
Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; ә) Батысқа бейімделу "үшінші елдердің" табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; б) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынасының нәтижесі ретінде қабылданған.
"Қуалай дамуды" жүзеге асырудың басты амал-әдісі – Батыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, жан басына шаққанда белгілі бір деңгейге жету Батыстағы әлеуметтік және экономикалық қоғамның жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. жаңа жағдайға бейімделудің шешуші жайты – ақша. Ол әлеуметтік технологияларды, қазыналарды, демократиялық институттарды таратуға көмектеседі. Сол арқылы тұтыну деңгейін көтеруге, адам құқықтарын бұрмалауды тоқтатуға, мәдениеттің құлдырауын жеңуге болады деп ұйғарды.
Бірақ жаңа жағдайға етудің "сызықтық қозғалыс" теориясы Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің Батыстың билікті ұйымдастыру, мемлекет пен азамат қатынастарының үлгі-өнегесі ойлаған жерден шыккан жоқ. Нақтылы өмірде демократиялану, либералдық құндылықтардың институционалдануы, парламент жүйесін орнату және басқа Батыстың билік түрлерін орнату үлгілері мемлекетті басқаруда тиімділік әкелмеді. Керісінше, олар шенеуніктердің сатылғыштығы мен жемқорлығына, бюрократияның қызмет бабын пайдаланып, баю жолын кездеген зорлық-зомбылық, бассыздығына әкелді. Бірақ бұл теориялық үлгінің біржақтылығында еді. 60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді. Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.
1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу мүмкіндіктері бірдей емес.
2. Әр түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлері, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.
3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктері. Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды. Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. "Қуалай дамумен" қатар "жарым-жартылай", "тығырыққа тірейтін" бейімделушіліктер жөнінде де айтыла бастады.
Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс пен өзгерістерді сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді айтады. Атап айтқанда, мұның бәрі тұлғаның тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін, ұғындыратын ұлттық мінез-құлыққа байланысты. Қазіргі демократиялық өмірге кешу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылады.

38)Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдарыӘр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелілік болуы керек дегенді айтады. Біреулері бейімделуді қоғамды индустриаландырудан бастағанды, екіншілері ауыл шаруашылығын реформалаудан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегінен, төртіншілері елді мекендерді қалаландырудан және т. с. с. бастаған жөн деп санайды.
Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар (Г. Алмонд, Р. Даль, Л. Пай) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтын білім дәрежесіне баса назар аударады. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін төбе топтың (элиталардың) бәсекелестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші рөл аткарады. Себебі, солардың аркасында саяси реформалар атқарылады. Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол секіріссіз, біртіндеп жасалуға тиіс дейді.
Консерваторлар (С. Хантингтон, Дж. Нельсон, X. Линдз) бұған көрісінше қарайды. Олардың ойынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген, билік институттарын дұрыс пайдаланып басқаруға білмейтін халықты билікке араластырып керегі шамалы. Ол қоғамды саяси дамуға емес, кұлдырауға әкеледі. Егер экономиканы реформалау үшін басты көрсеткіш өсу болса, саяси реформа үшін тұрақтылық кажет. Сондықтан дейді олар, дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын заңды, беделді саяси партия, авторитарлық тәртіп болуға тиіс. Солар ғана билікке саяси басшылық жасай алады, мемлекетте мықты бюрократия калыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруғаболады. дамып келе жатқан елдердің басым көпшілігі индустриалды, постиндустриалды жолмен жүруде. Оны бүкіл әлемдегі мемлекеттердің өсу жолы айғақтап отыр. Әр елдің даму сатысына, әлеуметтік-саяси құрылымына, әдет-ғұрпына және т. с. с. байланысты бұл процесс әр түрлі рең алуы мүмкін. Кейбір ғалымдар балама түрін де жокқа шығармайды. Дегенмен, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейімделу жолына түскен елдердің бәріне тән әмбебап талаптар мен принциптерге жауап беру керектігі мойындалды. Әлеуметтік салада сословиелік-касталық бөліністерді жойып, бір жіктен екінші жікке кедергісіз етуге болатындай ашық қоғам орнату. Саяси салада билікті алуан түрлілік түрғыда ұйымдастыру, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, саяси қатынастарды кеңейту және әрдайым жетілдіріп отыру, саяси шешімдерді қабылдағанда, кикілжіндерді шешкенде мәмілеге келе білу және т. с. с.
бұл көрсетілген әмбебап талап, принииптерді еріксіз сырттан теліп, міндетті түрге айналдыруға болмайды. Бұлар бағдар сияқты. Соған орай әр ел өзінің ішкі жағдайларына, ұлттық, тарихи ерекшеліктеріне, әдет-ғұрып, салт-санасына байланысты әрекет етеді. Егер халық бұл тарихи кұбылысты түсініп, қабыл алса, оған өту оңайырақ болады. Ал оны орынсыз жылдамдатпақ болушылық жергілікті менталитетке сай келмесе, реформа тоқырап, шиеленістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан ғалымдар бұл жолға түсушілерге алды-артын байкап, терең саралап іс істеуге кеңес береді.
XX ғасырдың 50—60 жылдары капиталистік жүйе болсын, социалистік жүйе болсын берік тұрған мызғымас қамал сияқты болып көрінетін. Дегенмен, 70 жылдары жағдай өзгере бастады. Осы кезде үш бірдей авторитарлық тәртіп (Греция, Португалия, Испания) өздерінің бұрынғы жолдарынан бас тартты. 80 жылдардың басында Аргентинада әскерилер билікті өз қолдарынан берді, ал Бразилиядағы генералдар (билікті 1964 лсылы басып алған) елді әскери диктатуралық тәртіптен біртіндеп демократиялық жолға шығарды. Мұндай жағдайлар басқа елдерде де бола бастады. Кейінірек Чилидегі әскери хунтаның бастығы генерал Пиночетте оларға қосылды. Көп жылдар бойы Оңтүстік Кореяда авторитарлық тәртіп үстемдік еткен. Олар демократиялық жолға көшті. Филиппинде президент Маркостың отыз жылдык билігі құлады. 1989 жылы Шығыс Еуропада "барқыттық революция" кан төгіссіз, бейбіт жолмен жүзеге асты. Бұрынғы социалистік елдер бірінен кейін бірі тоталитарлық жүйеден бас тартып, демократиялық жолға түсті. Капиталистік және социалистік жүйеге бөлінудің нышаны (символы) сияқты болып тұрған Берлин қабырғасының күйреуі Шығыс және Орталық Еуропаның арасында жаңа жағдай туғызды. Ең соңында бұрынғы КСРО-дағы тоталитарлық тәртіп күйреп, оған қараған республикалар көп жылдар бойы аңсаған егемендігін алып, терезелері тең ел болды.
Варшава университетінің (Польша) көрнекті профессоры, саясаттанушы, әлеуметтанушы Ежи Вятрдың ойынша, демократияға революция арқылы келуге болмайды. Себебі революция кезінде зорлыққа жол ашылады, ол зорлық қарсы жақган да зорлықты тудырады. Сондықтан оған тек бейбіт жолмен ғана жетуге болады. Оның үш түрі бар.
Біріншісінде, реформа жоғарыдан басталады. Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайды түсініп, ешкімнің зорлығынсыз, өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді. Мысалы, Түркияда президент Ататүріктің басқаруымен осылай болды. Жоғарьіда аталғандай, Бразилияда да әскерилер өздері өзгеріс жасады. Бірақ мұндай жағдайлар тарихта сирек кездеседі.
Екіншісінде, амалсыздықтан биліктен бас тарту. Мысалы, Грекияда басқарып тұрған полковниктер 1974 жылы Кипрде әскери төңкеріс жасамақ болды. Оған жауап ретінде Түркия Кипрге әскер кіргізіп, нәтижесінде арал екіге бөлінді. Түркия мен Грецияның арасы соғыс жағдайына келді. Греция АКШ-қа арқа сүйемек болып еді, бірақ олар қолдамады. Сондықтан билік басындағы грек полковниктері амалсыздан билікті азаматтық үкіметке берді. Осындай жағдай 1982 жылы Аргентинада да қайталанды. Үшіншісінде, билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді. Мысалы, Испания (Франко өлгеннен кейін), Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және т. б.
Авторитарлық тәртіптің күйреуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, ол тәртіпті өмірге әкелген мақсатгардың орындалуы, екіншіден, сол тәртіптің шеңберінде шешілмейтін қайшылықтардың көбеюі, үшіншіден, авторитарлық тәртіп дағдарысқа ұшыраған кезде өз елдеріндегідей демократиялық тәртіпті орнатқылары келген дамыған Батыс елдерінің ықпалы мен қысымы. .
Әрине, Батыстан көп нәрсені үйренуге болады. Әсіресе, жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою, оны мемлекеттің езгісінен босату, олармен сауда-саттықты өрістету, тәжірибесін саралап, жаксы жағын қабылдау, мәдениетін бағалау жөн және т.б. Десе де Қазақстанның түп тамыры Шығыспен байланысты. Оған дәлел – діні, мәдениеті, бұрынғы жазуы. Мәдениет бізге ең алдымен сол жақтан келді. Егер республикамыз өркениетті елдердің даму жолын, тәжірибесін терең саралап, орынды пайдалана білсе, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп қалған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақсаттардың бірі болуға тиіс. Олар өз кұкықтарын, бостандықтарын қорғай білулері керек. Бұл жолда алдымен Конституцияда көрсетілген қағидалар: кұкыктық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық екендігі, оның құқықтары мен бостандыктарының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне шын мәнінде (сөз жүзінде емес) тармақталуы және т.б. ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт.
Сайып келгенде, либералдық демократиялық жолға түсу — бүгінгі танда дамудың ең басты бағыты. Ол жалпыадамзаттық құндылыққа жатады. Саяси бейімделу барысында қоғамның жаңа экономикалық және әлеуметгік мұқтаждықтарына тиімді жауап қайтарарлықтай ашық саяси жүйе құрылады.

39)Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.Әлемдік/С: мемлекет.ң ж/е басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы әрекет.ң жиынтығы.Әлемдік қауымдастықты өміріне қатысты шешімдерді шығару,қабылдау,жүзеге асыру. Сыртқы саясатқажеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады .Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т.б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқыжәне халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саясиұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы — мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалықартықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазына-сын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қаңдай артта калған ел болмасын қазір ха-лықтардьщ сана-сезімі өскен, ез басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күңде де қолына тусіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі ,және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Буған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.

40)Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар: Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер халықаралық қатынастардың негізі болып тұр.Соғыстан кейінгі жылдарда бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе" деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Сондықтан 80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталдыОған көптеген себептер болды. Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасындаәскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жербетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. адаңды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүние-жүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында "ядролық қыс" тууы мүмкінМұндай жағдайдақай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. Оған ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға әте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Терроризмнің кең таралуына, оынң өте-мөте Азия құрлығында көбірек етек алуына байланысты бұл құбылыстың табиғаты жөнінде әр түрлі пайымдаулар пайда болуда. Кейбір саясаттанушылар тіпті әлде бір террористік өркениеттің пайда болғаны, қазіргі заманғы әлемді батыстық үлгіде жаңғыртуға, яғни, жаһандастыруға өзіндік жауап ретінде деген сәуегейлікті де айтады Алайда адамзат қауымы өзінің даму барысындағы ең бір күрделі кезеңді басынан өткеруде, әлем бір жағынан ұйымдасқан, екінші жағынан хаосқа кірген, бір жағынан жаһандасуда, екінші жағынан локалдықты жақтайды, бір жағынан бірігеді, екінші жағынан бөлінеді.Саясаттанушылар ескертеді: әлемде үлкен соғыс жүріп жатыр, бірақ ол атыссыз, оқсыз, соғыс тіршілік үшін соғыс. Бұл соғыстың жаңа түрі - әлемді билеу үшін психологиялық және экономикалық соғыс. Бәсекелестік әлемде әмбебап кредоға, идеологияға айналған. Трансұлттық компаниялар планетаны тұтас бір жаһанды базар деп есептейді. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.

41.егеменді қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда (2002, 2003, 2004) инвестицияның келуі өсіп, 182 доллардан асып отыр, адам басына шаққанда.Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен, экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қзақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экпорттық өнімнің өзімізде шығарылған тауар мен толтырылуын мақсат етеді.Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Демек, республика үшін ТМД елдері негізгі серіктес болып саналады, оның ішінде біріншісі-Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан, Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда-саттық жасау пайдалы.

 

42.Дүниежүзілік саясат.Мәні мен түсінігі.Геосаясат түсінігі.

Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық, Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.

Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады

Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты.

44. ХХ Ғасырдың 2-ші жартысындығы халықаралық тәртіп,қарсы күресу жүйелері

Екінші дүниежүзілік соғыстың саяси қорытындылары. БҰҰ-ның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыс бүкіл адамзат қауымына орасан қиын соққы болды. Орны толмас шығындар, оның ішіндегі КСРО-ның шығыны 55 млн адам болды. Соғыстың саяси зардаптары — Еуропа мен Азияда фашистік режімдердің талқандалып, мемлекеттердін қоғамдық-саяси өзгерістері мен демократиялық дамуы үшін жағдайлар туғандығында. Кеңес Одағының Орталық және Шығыс Еуропа елдерін азат еткені континенттегі саяси күштердің арақатынасын өзгертті.Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтірген Шығыс Еуропа елдерінде солшыл күштердің ықпалы күшейгені байқалды, олар КСРО-ға бағыт ұстады. Антигитлерлік коалиция әлеуметтік-саяси құрылысы бір-бірінен өзгеше мемлекеттердің арасындағы қатынастарды дамытудың шынайы мүмкіндіғі бар екендігін көрсетіп берді.Екінші дүниежүзілік соғыс әскери-техникалық ақыл-ойдың қарыштап дамып, қаруланудың жетілдірілуіне және ядролык қарудың жасалуына алып келді. Мұның өзі АҚШ тарапынан «ядролық өктемдік» жүргізуге, КСРО-ның ядролық қару-жарақ саласында Құрама Штаттармен тең түсуге ұмтылушылықты туғызды. Екінші дүниежүзілік соғыстың маңызды қорытындысы — КСРО-ның халықаралық беделінің артып, оның АҚШ-тан кейінгі екінші алпауыт державаға айналуы болды.1945 жылғы 25 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы Екінші дүниежүзілік соғыстың басты саяси қорытындыларының бірі болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда БҰҰ бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік жолындағы күрестің манызды мінберіне айналды. БҰҰ Жарғысының бірінші бабында оның мынадай мақсаттары тұжырымдалды: жалпыға бірдей бейбітшілікті нығайту үшін ұлттар арасында достык қарым-қатынастарды дамыту, экономикалық-әлеуметтік және мәдени салаларда халықаралық қатынастарды жүзеге асырып отыру, нәсілі, жынысы, тілі және дініне қарамастан, адам құқықтарын және негізгі бостандыктарын тұжырымдау. БҰҰ-ның басты органдары қатарына: БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік кеңесі, экономикалық және әлеуметтік кеңесі, қамқорлық жөніндегі кеңес, халықаралық сот және секретариат жатады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде атом энергиясын бақылайтын комиссия құрылды. 1946 жылы Бас Ассамблея қарулану мен қарулы күштерді шектеу жөніндегі қарарды бірауыздан мақұлдады. Ал 1947 жылы соғысты насихаттауды айыптайтын қарар қабылданды.

Ынтымақтастықтан қарсы тұрушылыққа бет алу. Дүние жүзінде бір-біріне қарсы тұрған жүйенің орнауы. КСРО мен АҚШ-тың бір-біріне қарсы шығуының бастамасына «Герман мәселесін» реттеу амалдары себеп болды. Батыс осы мәселені реттеуде өзінің көзқарасын қорғады, ондай көзқарас Кеңес Одағына ұнамады. Герман мәселесі таза еуропалық шеңберден шығып, еуропалық елдердің мемлекетаралық қатынастарындағы негізгі мәселеге айналды. Кеңес үкіметінің жетекшісі сөз сөйлеп, оны Батыс «Екі дүниенің Кремлъдік доктринасы» деп атады.

И.В.Сталин былай деп мәлімдеді: «Өткен соғыстың себептері капиталистік-империалистік монополиялардың мүдделерінен туған. Бұл күштер әлі күнге дейін капиталистік елдерде ойына келгендерін істеуде. Сондықтан олармен дүниежүзілік қатынастарда болу мүмкін емес. Кеңес Одағы оқиғалардың дамуының қандайына болса да әзір тұруға тиіс». Сталиннің сезінде бағдарлык түжырымдардың болма-ғанын атап айтқан жөн. Ал 1946 жылғы 5 наурызда Черчилльдің Америкадағы Фултон қаласында АҚШ Президенті Г.Трумэн қатысып отырғанда сөйлеген сөзі мүлдем басқаша еді. Черчилльдің Фултондағы сөзінің түпкі мәні Батыс немістік тоталитаризмнің бір түріне карсы күрескенде, оның екінші түріне — кеңестік еркіндік беру үшін күрескен жоқ дегенге саяды. Англияның экс-премьері бұрынғы одақтастар арасында «темір перде» орнатылғаны туралы айтты. У.Черчилль өзінің сөзін былай деп аяқтады: «Орыстар... күштен басқа ешнәрсені де қадірлемейді, әскери осалдықты құрметтеуді бәрінен де нашар деп санайды». Черчилльдің сөзі дүние жүзінде Батысты Шығысқа қарсы тұруға шақырған сөз деп қабыл алынды. КСРО-да Черчилльдің Фултондағы сөзі тікелей жаңа дүниежүзілік соғысты бастауға шақырған сөз деп қабылданды. И.В.Сталин 1946 жылғы 14 наурызда «Правда» газетінде жарияланған сұхбатында мұны айқын көрсетті.

47. Қазақстанның 2050 даму стратегиясының басты мақсаты. Жеті ұзақмерзімді приориттер.

Егеменді еліміз жиырма жылдық тарихын­да көптеген қиындықтар мен кедергілерді ең­серіп, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ елі әлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен бірегей ел екен­дігін дәлелдеді. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тар­мақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып ма­ңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуел­сіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған бас­ты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елі­нің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақ­стандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды.Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсе­тілген. Қазақ елінің басты мақсаты – дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбек­тің негізінде берекелі қоғам құру болып табылады. Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның даму перспективаларына орай стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған әлеуметтік дамудағы маңызды серпіліс –деп айтуға болады .Қазақ елі өзінің барлық мүмкіндіктерін әлемге көрсете білген ел. Дәл сол себептенде халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСП0-2017 Халықаралық көрме­сін өткізу орны ретінде таңдады. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесін өт­кізетін алғашқы ел. Тәуелсіз Қазақстан алдыменен экономика, содан соң, саясат деген айқын принциппен дамып өркендеп келе жатыр. Қазақстанда саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейіменен ұштасады, сондықтанда, елімізде демократияландыру мен ырықтандыру процесі оңтайлы ұштастырылуда. Либералдық-демократиялық даму динамикасында өзіндік ерекшеліктерге ие. Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ­дар­­ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме­жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа­қыт ара­лығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өрке­ниет­ті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мер­зімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осын­дай бағдарламаны ғаламдық саяси инс­ти­тут БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағ­дарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү­зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар.

48. Сыртқы саясаттың қызметі, мақсаты, міндеті мен мәні.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (бұдан әрі – 2050 Стратегиясы) атты Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған нұсқауларға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы сыртқы саяси қызметінің қағидаттары мен тәсілдемелеріне, мақсаттарына, басымдықтары мен міндеттерінеҚазақстан Республикасы сыртқы саясатының мақсаттары

Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саясаттағы негізгі күш-жігер мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылады:
1) елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғанысқа қабілеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын жан-жақты қамтамасыз ету;
2) бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
3) орнықты ұстанымдарды қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру;
4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші рөлі арқылы әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату;
5) өңірлік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі интеграциялану;
6) 2050 Стратегиясын ойдағыдай іске асыру, халықтың жоғары тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, көпұлтты қоғамның, құқықтық мемлекеттің және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау;
7) ұлттық экономиканы әртараптандыру, индустриялық-технологиялық дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
8) елдің «жасыл» даму жолына біртіндеп көшуі және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру;
9) ұлттық-мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау және мемлекетті одан әрі дамытудың өзіндік жолымен жүру;
10) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау;
11) шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету.

 негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіреді.

6. Қазақстан сыртқы экономикалық басымдықтарын іске асыру мақсатында:
1) елдің экономикалық-ресурстық, транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетін іске асыру, ұлттық экономиканың қауіпсіз дамуы және оның инвестициялық тартымдылығы үшін жағдайлар жасау мақсатында өңірлік және халықаралық интеграциялық процестерге қатысады. Осы тұрғыда ел үшін тиімді шарттарда Дүниежүзілік сауда ұйымының қызметіне қатысу маңызды міндет болып табылады;
2) индустриялық-инновациялық даму жөніндегі міндеттер шеңберінде ұлттық экономиканың басым секторларына инвестициялар мен озық технологиялар тарту, оны әртараптандыру және технологиялық жаңғырту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді;
3) халықаралық экономикалық ұйымдар мен қаржы институттарына елдің толық құқылы қатысуын және ұлттық мүдделерді ілгерілетуді қамтамасыз етеді;
4) экономикалық және сауда дипломатиясын дамытады, дипломатиялық құралдар арқылы шет елдерде мемлекеттің және қазақстандық жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін ілгерілету мен қорғауды қамтамасыз етеді, жаңа және дәстүрлі әлемдік нарықтарда қазақстандық бизнес пен экспорттық өнімдердің болуын кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайды;
5) әлемнің барлық елдерінің дамуы үшін тең мүмкіндіктер беретін әлемдік әділ валюта-қаржы жүйесін қалыптастыруға қатысады;
6) Астана экономикалық форумы мен оның негізінде тұжырымдалған халықаралық бастамаларды ілгерілету жөнінде белсенді жұмыстар жүргізеді;
7) өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге халықаралық күш-жігер жұмсау ісіне қатысады;
8) өңірлік және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке үлес қосуды жалғастырады. Энергетикалық ресурстарды өндіруші елдердің, транзиттейтін елдердің және тұтынушы елдердің мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізуді, оларды экспорттаудың әртараптандырылған, тұрақты және қауіпсіз маршруттарының жүйесін құруды жақтайды;
9) тиісті ұлттық институт құра отырып, әлемдік қоғамдастықтың дамуға ресми көмек көрсетуге күш-жігер жұмсау ісіне қатысуға ниеттенеді.

49. ҚР Сыртқы саясаты мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

Халықаралық қауіпсіздікті нығайту Қазақстан сыртқы саясатының аса маңызды басымдық­тарының бірі болып табылады. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша дәйекті жұмыс жасай отырып, әділетті және демократиялық әлемдік тәртіпті орнатуға сүбелі үлес қоса отырып, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бітімгершілік бастамаларын ілгерілете отырып, Сыртқы істер министрлігі өзінің ең маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын, ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін нығайтуды жүзеге асырып келеді.Осы бағыттағы маңызды жаңа қадам үстіміздегі жылғы 6 мамырда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ядролық «бестік» өкілдері – АҚШ, Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбританияның Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың (ОАЯҚТШ) Хаттамасына қол қоюы болып табылды. Осы арқылы аталған аймақтың заң жүзінде құрылуына жаңа маңызды қадам жасалды, ал мойындалған бес ядролық держава Шарттың қатысушылары болып табылатын бес елге қарсы ядролық қаруды қолданбауға кепілдік берді.Бұл жәйт көпжақты дипломатияның ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы ай­тарлықтай жетістігі болып табылады, сондай-ақ, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуда шын мәнінде аса зор маңызға ие.Ядролық қарусыздану және таратпау саласында халықаралық деңгейде мойындалған көшбасшы ретінде Қазақстан Хаттамаға қол қоюда маңызды рөл атқарды. Үстіміздегі жылғы наурыз айында Гаагада өткен Ядролық қауіпсіздік туралы саммитте сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздіктің жалғыз ғана кепілі болып табылатын жалпыға ортақ ядролық қарусыздануға шақырып, «Біз «ядролық бестік» мемлекеттерінің Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың қатысушы елдеріне қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін хаттамаға тез арада қол қоятындығына үміт артамыз», деп мәлімдеген еді.

Біздің ведомство ядролық елдерден қауіпсіздіктің теріс кепілін (яғни, ядролық қаруды қолданбау және ядролық қаруды қолдану қаупін болдырмау туралы кепілдік) алу міндетін барлық Орталық Азия елдері атынан «ядролық державалармен» келіссөздер өткізу арқылы дәйектілікпен жүзеге асырып отырды.Әлемдегі көлемі жағынан төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту, Семей ядролық сынақ полигонын жабу және оның инфрақұрылымын жою, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру, Мемлекет басшысының БҰҰ шеңберінде ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу бойынша Жалпыға ортақ декларация қабылдау туралы бастамалары, АТОМ жобасын жүзеге асыру, Қазақстанда МАГАТЭ-нің халықаралық төмен байытылған уран банкін орналастыру, сонымен қатар, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер өткізуде өз алаңымызды ұсыну – ядролық қаруды таратпау және ядролық қарусыздану мәселесіне еліміздің іс жүзінде қосқан үлесінің толық емес тізімі, міне, осындай.

50. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының мазмұны.

Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.
«Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Бұл дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма екі жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.

Ал ендігі кезекте 2050 жылға дейінгі мақсат пен міндеттерімізді айқындап алуымыз — заңды құбылыс. Елбасының «Қазақстан жолы — 2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, салмақты жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын. Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Осыларға әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламалары дәлел. Біздің ата-аналарымыз жете алмаған мұрат-мақсаттар, мүмкіндіктер, біздің алдымызда айқара есігін ашып тұр, біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Осы Жолдау қазақстандық жастарды біріктіріп, биік белестерден көрінуге апаратын жарқын жол іспеттес.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 1409; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!