Холерик, сангвиник,меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама

Психология пәнінің мақсаты, міндеті.Қазіргі кезде алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көптігіне байланысты психология  ғылымының тез қарқынмен дамуы байқалады. Психологияның зерттейтін құбылыстарының саласы жан-жақты. Ол адамның әртүрлі қиындық сатысы бар психикалық үрдістерін, психикалық қалпын және психикалық қасиеттерін қамтиды. Психологияның негізгі міндеті - адамның психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Психологияның заңдылықтары көрсеткендей, адам миында объективтік дүниені қалай бейнелеуге, адам қоршаған ортадағы объективтік дүниені қалай танып білуге болады? Психологиялық заңдылықтар, психикалық іс-әрекет қалай дамиды, жеке тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасады, міне, осыларды ашып көрсетеді. Психология психикалық үрдістерді мидың бейнелеу іс-әрекетінің негізі болып табылатын жүйке-физиологиялық үрдістерімен бірлікте зерттейді. Жоғарыда айтылғандардан біз психологияны практикалық қолдану мүмкіндіктері орасан зор екендігін білеміз. Ерекше атап айту керек, бұл бағытта әртүрлі деңгейдегі міндеттерді шешуге тура келеді.Қазіргі адамзаттың алдында тұрған жаһандық проблемаларды шешуде де психологияның атқарар жүгі ерекше. Бүгінгі күннің ғаламдық проблемаларының психологиялық астарын анықтауда (дүниеде бейбітшілік сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, космосты игеру), оның ішінде, адамдардың күнделікті өмір мәселелері (эмоциялық қиыншылықты жеңу, адамдар арасындағы дау-дамайды шешу т.б) психология ғылымының алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып есептеледі. Психологияның адам туралы ғылымдар жүйесінде алатын орнын бағалай келіп, профессор Б.Ф.Ломовтың айтуынша, зерттеу нысаны адам туралы барлық ғылыми пәндердің интеграторы психологияның алатын орнын дұрыс бағаланды. 2.Психологияның даму тарихы. Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. "Психология" сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: "пcюхе "-жан, психика және "логос"-ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология - адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым. , демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады. Сонымен, психология - психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған. Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің "Жан туралы" атты еңбегінде алғаш рет психикалық құбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотелді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Екінші жағынан, психологиялық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталдік түрде зерттеу шын мәнінде XIX ғ. ортасынан бастап, қалыптаса бастады. Психология ғылымыны дамуы негізгі 4 кезеңнен тұрады: 1 кезең. Психологиялық жан туралы ғылым, адам өміріндегі түсініксіз құбылыстарды жанмен түсіндіру. 2 кезең. Психологиялық сана туралы ғылым, 18 ғасырдың басында сезіну, қабылдау мен ойлау сана деп аталды. Негізгі әдісі адамның өзін-өзі бақылауы. 3 кезең. Психологиялық мінез-құлық туралы ғылым, 20 ғасырда психология адамның мінез-құлқын, реакциясын т.б бақылады. 4 кезең. Психологиялық-психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым, 20 ғасырдың 2 жартысынан басталады. 3.Психология пәні және оны зерттеу әдістері. Жеке тұлғаның психологиялық үрдістерін, дара психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, психология әртүрлі зерттеу әдістерін қолданады. Психология ғылымында кеңінен таралған негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологияда жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкета әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психологияда жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (көңіл-күй, эффект) түрінде аңғарылады. Эксперимент әдісі. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тиімді тәсіл-дерді табуға мүмкіндік береді. Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек дағдыларының қалыптасу жылдамдығы. Психологияда екі түрлі эксперимент қолданылады: зертханалық және табиғи. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық экспсримент адамның психикалық ерскшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистаскоп көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады. Табиғи эксперименттің зертханалық зксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығын және екіншісінің белсенділігі. Ұқсас қасиеттері бойынша біріккен адамдардың, сол сияқты адамдар топтарының арасында, психологиялық айырмашылықтарын реттеп, белгілеу және сипаттау үшін қазіргі психологиялық диагностиканың ерекше кеңтараған түрін айтады: зерттеу міндеттеріне байланысты диагностиканың белгілері жасы, жынысы, білімі және мәдениеті, психикалық қалпы, психо-физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар кіреді. Психологиялық тест әдісі.Тест - бұл күрделі техникалық бейімделуді қажет етпейтін, стандартқа және мәліметтерді математикалық өңдеуге дайын тұратын қысқа, стандартты сынақ. 4.Психологиядағы тұлға мәселесі Жеке тұлға — бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, коғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады. Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар «даралық» ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның, мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады. Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны. Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады. Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады. Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моралдық сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға "жеке бөліктерге" бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді. Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгеруге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетке бейнеленеді. Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң ғылымдары және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын жеке темпераменті мен мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді. 5Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны. Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді. Сонымен бірге адамдардың кез келген іс-әрекеті әрқашанда адам өмірінің объективтік жағдайларына ғана емес, сондай-ақ олардың субъективтік сәттерімен арақатынасына байланысты болады. Материалдық психология субъективтік және объективтік жағдайлардың әрекеттестігіне шынайы ғылыми негіз береді. Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы жэне қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді. Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әрекетінің объективтік жағдайларынан заңды тәуелділікте болатынын анықтай отырып, психология осы эсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерін де ашуы керек. Психология физиологиямен, соның ішінде, жоғары жүйке әрекетінің физиологиясымен тығыз байланысын сақтауы қажет. 6Психология ғылымының негізгі бөлімдері мен салалары. Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.   Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады .   Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, әрекеттерінің сырын ашады.   Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді. Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді . Енді психология салаларының келесі қатарын қарастырамыз: Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.    Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. 7Психологияның негізгі зерттеу әдістері,салалары. Эксперимент әдісі. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тиімді тәсіл-дерді табуға мүмкіндік береді. Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек дағдыларының қалыптасу жылдамдығы. Психологияда екі түрлі эксперимент қолданылады: зертханалық және табиғи. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық экспсримент адамның психикалық ерскшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистаскоп көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады. Табиғи эксперименттің зертханалық зксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығын және екіншісінің белсенділігі. Ұқсас қасиеттері бойынша біріккен адамдардың, сол сияқты адамдар топтарының арасында, психологиялық айырмашылықтарын реттеп, белгілеу және сипаттау үшін қазіргі психологиялық диагностиканың ерекше кеңтараған түрін айтады: зерттеу міндеттеріне байланысты диагностиканың белгілері жасы, жынысы, білімі және мәдениеті, психикалық қалпы, психо-физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар кіреді. Психологиялық тест әдісі.Тест - бұл күрделі техникалық бейімделуді қажет етпейтін, стандартқа және мәліметтерді математикалық өңдеуге дайын тұратын қысқа, стандартты сынақ. Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.   Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады .   Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, әрекеттерінің сырын ашады.   Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді. Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді . Енді психология салаларының келесі қатарын қарастырамыз: Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.    Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді.   8Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері.. Қиялдың жүйкелік- физиологиялық негізі адам миында бұрын ұйымдасқан уақытша байланыстардың жандануы және бұл байланыстардың жаңа тіркестерге ауысуы деп білеміз. Қиялдың іс-әрекетінің ерекшелігі естің елестетулерін талдау және жинақтау болып табылады. Сондықтан да қиял үрдісінде қайта жаңғыртумен бірге немесе одан кейін талдау үрдісі іске асады, демек, елестетулердің бөлінуі- елестетулердің жекелеген бөліктері мен элементтерінің бөлшектелуі. Одан әрі қиялдың жинақтаушылық іс-әрекеті іске асады: Бөлінген елестетулердің элементтерін басқа елестетулермен немесе елестетулердің элементтерімен араластыру және біріктіру жүреді. Осы жинақтаушылық іс-әрекеттің нәтижесінде жаңа елестетулер –қиял елестетулері жасалады.  Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді: қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялы. Қайта жасау қиялы дегеніміз адамның жаңа заттар мен құбылыстарды сөздік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады . Көркем әдебиетті оқығанда қайта жасау қиялының рөлі ерекше зор. Кітаптарды оқи отырып, мектеп оқушысы қайта жасау қиялының көмегімен өздері шығарманың қаһармандарын елестетеді, оларды көрген сияқты болады, табиғаттың көріністерін көреді, кітапта суреттелген оқиғалардың өздерін тікелей қатынасушыларындай сезінеді. Шығармашылық қиялы дегеніміз дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау. Қиялдың бұл түрі адамдардың шығармашылық қызметінің барлық түрлерінде ерекше рөл атқарады. Шығармашылық қиялда адам өзі қандай да бір жаңаны жасайды. Мысалы, жазушының қиялы осындай, ол өзінің шығармалары үшін кейіпкерлердің типтік тұлғасын жасайды. Жаңалық ашушының да қиялы осындай, ол жаңа жасайтын машинаның, жаңа аспаптың жобасын жасайды. Сол сияқты зерттеушінің да қиялы осындай, ол болашақ зерттеу жұмысының немесе эксперименттің жорамалын немесе жоспарын жасайды Қиял ырықты және ырықсыз болып бөлінеді: Ырықсыз қиял – алдын-ала мақсат қоймай, ерік-жігер жұмсамай іске асатын қиялдың түрі. Бұл жерде бейнелер өздігінен жасалады. Қиялдың еріксіз іс-әрекеті ең алдымен қазіргі сәтте қанағаттанбаған қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болады. Ырықты қиял алдын-ала қойылған мақсат бойынша, белгілі бейнені жасау үшін қажетті материалдарды таңдауға күш-жігерді жұмсау арқылы іске асады. Өнердің барлық туындылары - ең алдымен қиялдың нәтижесі. Ырықты қиял ырықсыз қиялдан бөлек, оқшау іске аспайды: ырықты қиял үрдісінде әруақытта да ырықсыз қиялдың сәттері байқалады. Ақындар, суретшілер өз шығармаларын белгілі тақырыпқа жасау үрдісінде кей жағдайда оларды ырықсыз пайда болған сезімдер, ойлар билеп кетуі мүмкін. 9Психологиядағы іс-әрекет мәселесі. Іс-әрекет- бұл адамның қоршаған дүниеге белсенді қатынасының түрі. Адамның іс-әрекеті жануарлар мінез- құлқынан ол қанша күрделі болғанмен ерекше айырмашылығы бар.Адамның іс- әрекеті саналы сипатқа ие болады, ол мақсатқа бағытталған,демек, адам мақсатты және оған жетудің тәсілдерін түсінеді,іс- әрекетті қайта құрады, нәтижені алдын ала көре біледі. Адамның іс- әрекеті еңбек құралдарын дайындаумен, пайдаланумен және сақтау мен байланысты. Адамның іс- әрекеті қоғамдық сипатқа ие болады, ол ұжымда және ұжым үшін іске асады. Іс- әрекет үрдісінде адам басқа адамдармен күрделі қатынастарға енеді. Іс- әрекет қоғамдық- тарихи жағдайлармен анықталады. Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен анықталады, адамды осы іс- әрекеттке итермелеген, себеп болған белгілі түрткілермен байланысты. Алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін іске асыра отырып, адам іс -әрекетіне өзінің белсенділігін білдіреді. Адамның іс- әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен іске асыраотырып, адам іс -әрекетіне өзінің белсенділігін білдіреді. Кез келген белгілі бір түрткілер пайда болады және іске асады, белгілі себептермен анықталады. Сіз неге оқыдың Неге алдыңызға университетті бітіру туралы мақсат қойдыңыз. Осы сұрақтарды алдыңызға қойып көріңіз, бірден сіздің есіңізде осындай шешімге келуге итермелеген түрткілер пайда болады. Олар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығыңызда сіздің іс -әрекетіңіздің мақсатын анықтайтын қандайда болмасын түрткілер болады. Іс- әрекет оның құрлымына қарай қарастырылады. Кез келген іс- әрекетте төмендегідей бөліктерді атап көрсетуге болады /құрамдас бөліктері, бөлімдері,іс-әрекеттің кезеңдері/: мақсат қою кезеңі /нақты міндеттерді анық түсіну/; жұмысты жоспарлау, әрекеттің тиімді тәсілдерін таңдау кезеңі; іс-әрекетті орындау, іске асыру кезеңі; одан әрі нәтижелерін тексеру, қатесін түзеу, алынған нәтижелерді жоспарланған нәтижелермен салыстыру, жұмысты қорытындылау. Адамзат іс-әрекетінің қажетті шарттары- психикалық үрдістер. Олар адамның кез келген іс- әрекетінің міндетті жағы болып табылады: ойын үстіндегі бала, оқушының оқуы, адамның еңбек етуі -әруақытта да іс -әрекеттіңбарлық түрлері зейінмен, қабылдаумен, еспен, ойлаумен және басқа да үрдістермен тығыз байланысты, онсыз адамның ешқандай іс-әрекеті іске аспайды.. Психикалық үрдістер адамды қоршаған ортаға бағдарлайды, оның іс-әрекетін бағыттайды, оны ойлап істейді, әрекеттерді іске асатын жағдайларға сәйкес ретке келтіреді. Екінші жағынан, бүкіл психикалық үрдістер іске асады, қалыптасады және іс-әрекет үрдісінде реттеледі. Осылай психикалық үрдістер мен адамның іс-әрекеті өзара байланысты және өзара тәуелді іске асады. 10Танымдық процестерге шолу( түйсік, қабылдау, ес, қиял). Түйсіктер дегеніміздүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б. түйсінеміз.Түйсіктер — бұл алғашқы психикалық таным үрдістерінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің танымдық мәні туралы мәселеде идеалистік көзқарастар орын алды, ол көзқарастар бойынша, түйсіктер біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстардың бейнесі емес деп қарастырды. Осылай депқарастырғандар субъективтік идеализмнің көрнекті өкілдері Беркли, Юм, Max, Авенариус және олардың ізбасарлары. Философтар — идеалистердің айтуынша, біздің саналы өміріміздің нағыз қайнар көзі түйсіктер емес, ол сананың ішкі жағдайы, табиғатынан берілетін ақыл-ойдың қабілеттілігі деп атады. Бұл көзқарастар рационализм философиясының негізіне жатты. Экстерорецепторларорганизмнің сыртқы бөліктеріне орналасқан — оған жататындар көру, есту, иіс, дәм, сипай сезу (тері) органдары жатады. Бұл органдарды көп жағдайда сыртқы сезімдердің органдары деп атайды. Олардың көмегімен біздің организмнен тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Түйсіктер бұл органдарға сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады. Проприорецепторларбұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл органдардың көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер проприорецепторлардеп аталады. Бұл түйсіктер — бұлшық ет, қозғалыс (кютестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық). Интерорецепторлардененің ішкі органдарында ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б. ішкі органдарда тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б. айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлардеп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер. Қабылдау дегеніміз –дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейнесі. Мысылы, үйді, қаланы, ағашты, музыканы, суретті қабылдаймыз. Қабылдаудың құрамына әруақытта да түйсіктер кіреді, біз белгілі түсі, исі, түрі, температурасы және т.б қасиеттері бар заттарды қабылдаймыз. Қабылдаудың түйсіктерден айырмашылығы ол күрделі психикалық үрдіс болып табылады. Бұл күрделілік ең алдымен әрбір қабылдауда бірнеше түйсіктер қатынасады. Қабылдау –заттар мен қабылдауға көру түйсіктері (жасыл, қызыл және басқа түстерді) , иіс түйсіктері , дәм түйсіктері (тәтті,ащы,тұщы), бұлшық ет қозғалыс түйсіктері ( қаттыны , ауырлықты түйсіну ) және т.б.. Сонымен қабылдау –бұл бір ғана емас, бірнеше сезім органдарының, бірнеше анализатордың іс -әрекетінің нәтижесі. Қабылдануда эмоциялық көңіл –күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдаудың құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойлармен байланысты сезімдер жатады. Кейде қабылданатын заттарға бізде кездесетін эмоциялық жағдайларды енгізуге болады: қуанышты, көңілді, қайғы және т.б. Сондықтан да біз көңілді немесе көңілсіз пейзаж, қайғылы шөл дала,қуанышты, күлімсіреуді және т.б. қабылдаймыз. Еріксіз қабылдау –алдымызға алдын ала мақсат қоймай, нысанды алдын ала таңдамай іске асатын қабылдауларды айтады. Өзінің айқындығымен, әсемдігімен, әуенімен, қозғалғыштығымен, контрастылығымен ерекшеленетін заттар мен құбылыстар еріксіз қабылданады. Ерікті қабылдау –алдын ала мақсат қойылып, қабылдау нысаны таңдалып іске асатын қабылдауларды айтады. Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз.Ес дегеніміз бұынғы тәжірибені бейнелеу болыптабылады.Адамның өмірінде естің мәні орасан зор. Естің арқасында біздің санамызда бүгінгі жағдайлар ғана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар өткендегі біздің қабылданған және бұрын бастан кешкен көңіл-күй жағдайлары да бейнеленеді. Ес туралы соңғы кезде әртүрлі теориялар қалыптасты: олардың ішіңде естің зерттеу амалдары мен зандылықтарын зерттейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауға болады.Естің жекелеген түрлері үш негізгі өлшемдерге сәйкес жіктеледі: 1) іс - әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалықес деп бөледі;2) іс-әрекеттің мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі; 3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойьнша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі. Қозғалыс ес- бұл әртүрлі қозғалыстар және олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жыңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық байқалатын адамдар кездеседі. Эмоциялық ес— бұл бастан кешкен сезімдердің есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ал белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.Эмоциялық ес адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Бейнелік ес— бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипай сезу, иіс, дәм болып бөлінеді. Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді. Мұндай есті эйдетикалық есдеп атайды. (эйдос — грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді). Сөздік — логикалық ес— ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Қысқа мерзімді ес— материалды есте сақтау белгілі аз кезеңге шектеулі ес. Қысқа мерзімді ес ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс. Ұзак мерзімді ессалыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне есептеледі. Жедел ес дегенімізқысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығыңдағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталған мерзім бойында материалды есте сақтауға есептелген. Қиял деп елестетулердің негізінде бұрын-соңды қабылданбаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз.Қиял -адамның өте бағалы психикалық үрдісі. Қиял тек адамға тән. Қиял еңбек үрдісінде пайда болды және дамиды. Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі агглютинация болып табылады. Агглютинация деп бірнеше заттардың жекелеген элементтері немесе бөлімдерінің біртұтас бейнеге ұласуы мен бірігуін айтамыз. Мысалы, халық түсінігінде су перісінің бейнесі әйелдің (басы мен омырауы), балықтың (құйрығы) және көк балдырлардан (шаштары) жасалуы.Қиялдың күрделі талдаушылық және жинақтаушылық іс-әрекеті, ерекше белгілері жазушылардың көркем әдеби бейнелерді жасауынан айқын аңғарылады. Әрбір көркем бейне бөлімдердің, элементтердің немесе тұтас елестетулердің бір бейнеге өзіндік бірігуі болып табылады. 11Психикалық қасиеттерге сипаттама.  Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез және қабілеттілік жатады. Темперамент — дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез-құлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері.Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-әрекетінің динамикалық жағын анықтайтын табиғи қасиеттер болып табылады, 4 түрге бөлінеді. Мінез дегеніміз — адамдардың істеген іс-әрекетіне із қалдыратын өзіндік дара ерекшелігі. Мінез — кең мағыналы ұғым, онда адамның әртүрлі қасиеттері мен сапалары тоғысып жатады.Мінез — жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктерінің үйлесімі. Мінез өмір, тәрбие үрдісінде калыптасады, адамның өмір қалпы мен жағдайын көрсетеді. Олардың өзгеруіне байланысты мінез де өзгередіқабілеттілік дегеніміз — бір адамды екінші адамнан ерекшелейтін дара психологиялық айырмасы. Екінішіден, қабілеттілік деп кез-келген жалпы, дара ерекшеліктер емес, тек қана қандай да болмасын іс-әрекетті немесе көптеген іс-әрекетті жемісті орындауға қатысы барларын атаймыз. 12.Психикалық құбылыстардың құрылымы. Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді; 1.Психикалық процестер дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. 2.Психикалық ерекшеліктер дегеніміз-бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды,ең тұрлаулы ерекшеліктері. 3.Психикалық күй дегеніміз-адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері. Психикалық құбылыстардың құрылымы былай анықталады. Психикалық процестер:Танымдық-Түйсік,қабылдау,ес,қиял,ойлау,тіл,зейін. Эмоционалдық-Эмоция және сезім Ерік-мотивпен күресу,өз мінез-құлқын басқару,қиындықты жеңу,шешім қабылдау. Психикалық қасиет:Темперамент,мінез,қабілет,бағыттылық. Психикалық күй:Қорқу,қуану,зерігу,зорығу.т.б Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады.Оның белгілі бастамасы,ағымы және соңы болады,яғни алдымен психикалық процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін белгілі бір динамикалықсипаттарға ие болады.Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады.Бұл психикалық процестердің аясында аффектер,эмоциялар сезімдер,көңіл-күйлер және эмоционалды стрестер қарастырылады.Сонымен қатар тұлғаның Психикалық қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн.Психикалық қасиеттерге бағытталу,темперамент,қабілеттілік,мінез-құлық жатады.Осы қасиеттердің даму деңгейі,сонымен бірге психикалық процестің даму ерекшеліктері жіне басыңқы (адамға тән)психикалық күйлер адамның қайталанбастығын және оның жекелігін анықтайды. 13Психология дамуының негізгі кезеңдері.   Психология басқа ғылымдар сияқты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі (4-5 ғ б.з.д 20 ғас-ң 60-шы ж.ж) Бұл шамамен 240 жылдай уақытқа созылып, Аристотельден (348-322) басталатын философиялық ілім тарихы. Ежелгі Грецияның философтары психиканы түсіндірудың амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар әл-Фараби мен Әбу Әлі Ибн Сина, Баласағұни т. б ғалымдар тоқталған. Екәншәден психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (20 ғ 60-шы ж.ж-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 ж басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт Лейбцинг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатынын дәлелдеп, мұның дербес экспериментті ғылым болуына жол ашты. 19 ғасырдың аяғында Г.Эббингауз психология тарихына нақты анықтама берген Ол психолгия тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөлді. 1 Психологияның жан туралы ғылым болып қалыптасуы. Адам өміріндегі түсініксіз құбылыстарды жанның болуымен түсіндірді. 2 кезең: Сана туралы ғылым. Мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдәстемесі негізгі ғана емес, жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол негізіг 2 бағытпен: сана процесі сыртқы бақылау үшін (жабық ), 2 сана субъектінің өзінде ашылды. 3 кезең. Мінез-құлық туралы ғылым. Психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ псиохологы Джон Уотсон негізін салған бихевиоризм бағыты еді. 4 кезең Психология психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдарын зерттейді. Қазіргі психология ғылымының негізгін қалаған атақты ғалымдар Рубинштейн, Выготский, Лурия зерттеулері айрықша айтылса және 20 ғасырдың 30-60шы жылдарындағы психологтар Ананьев, Льонтьев еңбектерін бай-ты қаралады 14Cана және психика.Сананың деңгейлері (З.Фрейд) Сана –психика дамуының сапалы ерекше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюциясында сананың өзіндік ұзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болды.Адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады:осы белгілердің ішінде біріншісі – адамның саналы қызметі,биологиялық мотивтерге байланысты міндетті емес.Кей жағдайда адамдардың саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармен қарама-қарсылықта болады немесе оларды басып тастайды. Сана– психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі.Сананың құрылымы, оның негізгі психологиялық сипаттамасы қандай.Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.Сананың құрылымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес,қиял және ойлауды жатқызуға болады.Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән.Жануарларда сана болмайды.Психиканың төменгі деңгейі санасыздықты құрайды.Санасыздық саласына психикалық құбылыстар кіреді,атап айтқанда ,түс көру, әртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар,ауру адамдардың психикасында кездесетін галлюцинациялар және т.б. Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі.Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан-жақты білуге көмектеседі.Осы заңдарды білуге сүйене отырып,адам қоршаған ортаға қажеттілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімделеді.Демек,сана- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі. ХХ ғасырда психологтардың ішінде австрия дәрігері Зигмунд Фрейдке ерекше орын беріледі. Оның негізгі еңбегі «Түс көруді талқылау» 1900 жылы жарық көрді. Сол кезден бастап, психологияда бір-бірін әртүрлі ғылыми беделді тұлғалар ауыстырды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгінге дейін Фрейд және оның ілімі сияқты ынта туғызған емес.                    Адам мінез-құлқының басты реттеушісі сана екендігі белгілі. Зигмунд Фрейд (1856-1939) – австрия невропатологі, психиатры және психологы, психоталдау бағытының негізін салушы. Фрейдизмнің концепция ретінде қалыптасуы ХХ ғасырдың бас кезіне жатады. Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-жылдары кең өріс алды. Жеке тұлғаның құрылымында Фрейд санасыздыққа ерекше көңіл бөлді және зерттеу нысанына айналдырды. Оның айтуынша, ауру адамдар өз іс-әрекетінің түрткілерін түсіндіре алмайды: Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылады.                    Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл-күйі мен мінез-құлқын түсіндіретін теорияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде кеңінен тарады, үлкен беделге ие болды. Фрейд теориясы көптеген шет елдерде психология, психотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм бағыты адам туралы басқа ғылымдарға – социологияға, педагогикаға, антропологияға, этнографияға, сонымен қатар өнер мен әдебиетке ерекше ықпал етті.                    Фрейдтің еңбектерінде күрделі психологиялық проблема ретінде адамның сексуалдық өмірі туралы мәселе қойылды. Фрейдтің түсіндіруінше, жас жеткіншек балалардың әртүрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейімділігі оларды жыныстық инстинктердің билеуінен деп түсіндіреді.   15Қабілет және нышан. "Қабілеттілік" ұғымын тәжірибеде қодданғанда 3 белгісін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден, қабілеттілік дегеніміз — бір адамды екінші адамнан ерекшелейтін дара психологиялық айырмасы.Екінішіден, қабілеттілік деп кез-келген жалпы, дара ерекшеліктер емес, тек қана қандай да болмасын іс-әрекетті немесе көптеген іс-әрекетті жемісті орындауға қатысы барларын атаймыз.Қабілеттіліктің дамуында табиғи, биологиялық факторлардың рөлі қандай? Көптеген шет ел ғалымдары адам қабілеттілігі тұқым арқылы берілетін, туа біткен қасиет деген көзқарасты жақтайды. Олардың дәлелдеуінше, қабілеттіліктің түрі және оның деңгейі туғаннан берілетіндігі алдын-ала анықталған. Ғылыми психология бұл қате көзқарасты сынай отырып, қабілеттіліктердің дамуының табиғи алғышарттары ретінде табиғи, биологиялық факторлардың белгілі дәржеде ролін мойындайды, жоққа шығармайды. Осындай қабілеттіктер дамуының табиғи алғышарттары нышан деп аталады.Туа біткен тек анатомиялық — физиологиялық ерекшелік, демек, нышандар болып табылады, олар қабілеттіліктер дамуының негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақыттта да дамудың нәтижесі.Нышандар — мидың, жүйке жүйесінің, анализаторлардың кейбір туа біткен анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Нышандар қабілеттіліктердің табиғи алғышарттары болып табылады және оның қалыптасу және даму үрдісіне әсер етеді. Нышанның болуы қабілеттіліктің қалыптасуына ерекше қолайлы жағдай жасайды, оның дамуын жеңілдетеді. Нышандарға туа біткен көру және есту анализаторларының кейбір ерекшеліктері жатады. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері нышанның қызметі ретінде қатысады, оған уақытша жүйке байланыстарының құрылу ерекшеліктері, оның беріктігі шоғырланған зейіннің күші, жүйке жүйесінің шыдамдылығы, ақыл-ой қабілеттілігі байланысты. Нышандар — бұл тек қабілеттіктерді қалыптастырудың шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышанын әрі қарай дамытпасақ, оған қолайлы жағдайлар жасалмаса, ол сөніп қалуы мүмкін.Мысалы, шәкірттерде ерте байқалатын типологиялық ерекшеліктер нышандар немесе алғашқы табиғи қасиеттер болып табылады. Типологиялық ерекшеліктердің жан-жақты мәні зор. Олар қабілеттіктер мен мінездің табиғи алғышарттарын құрайды. Жалпы типтердің ерекшеліктері (белсенділіктің күші немесе жылдамдығы, ұстамдылығы, сезгіштік дәрежесі және бейнелеу үрдісінің қозғалғыштығы) қабілеттіліктерді ұйымдастыруға әсер етеді.Жүйке үрдістерінің күші ұстамдылықпен, және қозғалғыштығымен ұштасқанда жеке тұлғаның көптеген еріктік және коммуникативтік қасиеттерінің ұйымдасуына қолайлы жағдай жасайды, ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді қалыптастыру үшін өте қажет. 16Қажеттілік түсінігі. Масловтың қажеттілік пирамидасы. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттаңдырудың әлеуметтік сипаты туралы айтып отырмыз. Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдармен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және ұнқағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады. Адам қажеттілігі — адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті. Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып табылады. Тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта әрекет етуге итермелейді. Қажеттілік — бұл өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке түрде байқалады. Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз. Маслов бойынша 1 физиол. 2 қорғаныс. 3 топқа, махаббатқа. 4 сыйласу. 5 эстетикалық. 6 өзін-өзі реттеу қажеттіліктері. 17Психология ғылымының негізгі кезеңдері 4кезеңіне сипаттама 1кезең:Психология-жан туралы ғылым.Адам өмірінде түсініксіз болмысты жанның бар болуымен түсіндіреді.Бұдан екі мың жыл бұрынғы көзқарас. 2кезең:Психология-сана туралы ғылым.17ғ басталады.Сезіну қабілеті мен ойлау сана деп аталады.Негізгі әдіс-адамның өзін-өзі бақылау. 3кезең:Психология-мінез құлық туралы ғылым.20ғ психология-адамның мінез-құлқын реакциясын т.б.бақылап отыру. 4кезең:Психология-психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым.20ғасырдың екінші жартысынан басталады. 18Психологияның философиялық шеңберде дамуы Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып,Аристотельден (348-322) басталған философиялық ілім тарихы.Осынау,сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдар,атап айтқанда,Герофил,Эрасизтарт,Гипократ,Демокрит,Гален,Гераклит,Декарт,Геббос,Спиноза,Лейбниц,Руссо,Дидро,Кант,Гегель т.б ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан.Мәселен,Аристотель өзінің Жан туралы трактатында жан тәннің өмір сүруінің формасы екендігін,мұның өзі ес,қиял,ойлау,эмоция,секілді процестерге бөлінетіндігін айтса,келесі бір грек ғалымы Демокрит жанды заттың атомдары,секілді өсіп,өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.Сонымен қатар ежелгі Грекияның философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді.Мысалы:Гераклит түсіндіру бойынша барлық әлем оттан пайда болады,жан ылғалдан буланып шығады,мұнда жанның құрғақ буы оның даналығын қамтамасыз етеді.Ал ылғалдылық жанды ауырлатып,оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді.Ал француз ғалымы Рене Декарт(1596-1650) жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс(жүйке жүйесінің қызметі) арқылы десе,голланд ғұламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы(аффект,құмарлық т.б)дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл-Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сина (980-1037),Ж.Баласағұни,әл-Ғазали,Ибн Рүшид,Ита Баджа т.б. қостаған. 19Зейін, түрлері мен қасиеттері. Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай, біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Еріксіз зейіннің пайда болу себептері ең алдымен бізге әсер ететін тітіркендіргіштердің ерекшеліктері болып табылады, атап айтқанда, анықтығы, айқындығы, күші, көлемі, қозғалғыштығы, ұзақтығы, кенеттен болуы, қарама-қарсылығы. Күшті тітіркендіргіштер: күшті дыбыстар, ашық түс, өткір иіс — еріксіз зейінімізді аударады.Ерікті зейін деп саналы алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын тандай отырып, адам санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін физиологиялық тұрғыдан көп жағдайда екінші сигнал жүйесінің іс-әрекетімен анықталады. Студент профессордың лекциясын зейін қойып тыңдайды осы ерікті зейін арқылы іске асады. Еріксіз және ерікті зейіннің негізгі белгілері бірдей. Іс-әрекет үрдісінде кейде зейіннің негізгі жұмыстан шет нысанаға еріксіз ауысуы орын алады. Осындай құбылысты зейіннің бөлінуі деп атайды. Зейіннің бөлінуі жұмысқа жағымсыз әсер етеді.3ейіннің қасиеттері.Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы, шоғырлануы жатады..Зейіннің ауыспалылығы — бұл зейіннің бір нысанадан екінші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы.Зейіннің орналасуы дегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға (екі, үш) бағытталуын айтады.Зейіннің көлемі өте шектеулі уақыттың ішіңде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Адам зейінінің көлемі бірдей бола бермейді. Кейбір адамны зейінінің көлемі кең болса, кейбіреулердікі өте тар болады. Зейіннің көлемі бір мезгіл ішінде бірнеше нысанды қабылдай алуға байланысты. . Зейіннің ерекше негізгі қасиеттеріне оның күші мен тұрақтылығы жатады. Зейіннің әртүрлі дәрежеде күші болады, күшті және әлсіз болуы мүмкін, зейін неғұрлым күшті олса, соғұрлым нысанаға көп шоғырланған болады. Зейіннің тұрақтылығы. Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойына белгілі бір нысанда зейінін шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісінде зейін қысқа мерзімнің ішінде басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атайды.Үйреншікті зейін- адамға табиғи сіңісіп кеткен, күш жұмсамай-ақ орындалатын зейіннің түрі. 20Қарым-қатынастың функциялары.                                                                                                                              Адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және эффектілік-коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында өзара әртүрлі елестетулермен, идеялармен, қызығулармен, көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет. Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек. Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады. Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың бірыңғай жүйесін меңгергенде. Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда болуы мүмкін.            Сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана адамға тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары артикуляциясының арқасында айтып береді.Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу қарым-қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой жоқ, бұл ойды беру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдердің жиынтығы. 21Қабылдау және оның физиологиялық негізі. Қабылдау дегеніміз –дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейнесі. .Қабылдаудың құрамына әруақытта да түйсіктер кіреді, біз белгілі түсі, исі, түрі, температурасы және т.б қасиеттері бар заттарды қабылдаймыз. Түйсіктерге қарағанда қабылдаудың жүйке –физиологиялық амалдары өте күрделі.Қабылдаудың физиологиялық негізі біздің сезім органдарымызға әсер ететін заттар мен құбылыстардың жекелеген ғана емес, тұтас, жиынтық, кешенді қасиеттерді шақыратын бас ми қыртысының анализдік –синтездік қызметі болып табылады.Қабылдаудың жүйке –физиологиялық амалы заттардың жиынтық қасиеттерінің әсерімен іске асатын уақытша байланыстар жүйесін ұйымдастыру.Сондықтан да әрбір қабылдау түйсіктердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар заттың тұтас бейнесі: қабылдау күрделілігімен және сонымен қатар тұтастығымен ерекшеленеді. Қабылдаудың тұтастығы сол қабылданатын заттардың тұтастығымен анықталады. Қабылдауда қиял үрдісі ес үрдістері сияқты санамыз үшін еріксіз іске асады. Қабылдаудың құрамына ойлау мен сөйлеудің қызметі кіреді. Ойлау мен сөйлесу ең алдымен қабылданатын заттың атынан байқалады. Біздің қабылдауларымыз сөйлеудің қатысымен іске асады, қабылдаулардың физиологиялық негізі тек бірінші сигнал жүйесімен шектеліп қоймайды, сонымен қатар екінші сигнал жүйесінің жүйкелік байланыстары болып табылады. Қабылдауда бірінші және екінші сигналдар жүйесі қызметінің бірлігін көруге болады. Қабылдануда эмоциялық көңіл –күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдаудың құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойлармен байланысты сезімдер жатады. Кейде қабылданатын заттарға бізде кездесетін эмоциялық жағдайларды енгізуге болады: қуанышты, көңілді, қайғы және т.б. Сондықтан да біз көңілді немесе көңілсіз пейзаж, қайғылы шөл дала, қуанышты, күлімсіреуді және т.б. қабылдаймыз. Қабылдау үрдісіне зейін ерекше рөл атқарады, ол қабылдаудың белсенділігін арттырады, оның мынадай сапаларын дамытады. Зейін сияқты қабылдау да ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Қабылдау –заттар мен қабылдауға көру түйсіктері (жасыл, қызыл және басқа түстерді) , иіс түйсіктері , дәм түйсіктері (тәтті,ащы,тұщы), бұлшық ет қозғалыс түйсіктері ( қаттыны , ауырлықты түйсіну ) және т.б.Түйсіктерге қарағанда қабылдаудың жүйке –физиологиялық амалдары өте күрделі.Қабылдаудың физиологиялық негізі біздің сезім органдарымызға әсер ететін заттар мен құбылыстардың жекелеген ғана емес, тұтас, жиынтық, кешенді қасиеттерді шақыратын бас ми қыртысының анализдік –синтездік қызметі болып табылады.Қабылдаудың жүйке –физиологиялық амалы заттардың жиынтық қасиеттерінің әсерімен іске асатын уақытша байланыстар жүйесін ұйымдастыру. Сондықтан да әрбір қабылдау түйсіктердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар заттың тұтас бейнесі: қабылдау күрделілігімен және сонымен қатар тұтастығымен ерекшеленеді.Қабылдаудың тұтастығы сол қабылданатын заттардың тұтастығымен анықталады. Сонымен қабылдау –бұл бір ғана емас, бірнеше сезім органдарының, бірнеше анализатордың іс -әрекетінің нәтижесі. Бұл жағдайда кез –келген қабылдау органдарының бірі негізі болып табылады.Қабылдаудың құрамына ойлау мен сөйлеудің қызметі кіреді. Ойлау мен сөйлесу ең алдымен қабылданатын заттың атынан байқалады. Бұл жерде қабылдаудың мазмұндылығы аңғарылады. Егер де қабылданатын зат бізге жаңа белгісіз болса, ондай ойлау сәті бұл не? деген сұрақтармен бейнеледі. Сонымен қатар бұл қабылдау үрдісіне ойлаудың қатысын көрсетеді. Қабылдануда эмоциялық көңіл –күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдаудың құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойлармен байланысты сезімдер жатады. Кейде қабылданатын заттарға бізде кездесетін эмоциялық жағдайларды енгізуге болады: қуанышты, көңілді, қайғы және т.б. Сондықтан да біз көңілді немесе көңілсіз пейзаж, қайғылы шөл дала, қуанышты, күлімсіреуді және т.б. қабылдаймыз. 22Ойлаудың психологиялық теориялары. Ойлау үрдісін түсіндіретін белгілі теорияларға тоқталатын болсақ, ең алдымен бұл тұжырымдамаларды екі үлкен топқа бөлуге болады: бірінші топқа жататын тұжырымдаманың өкілдері адамдарда өмір тәжірибесінің әсерімен өзгермейтін табиғи, интеллектуалдық қабілеттіктердің болатындығы туралы қағидадан туындайды, екінші топтағы тұжырымдаманың негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері өмірге келгеннен кейін, өмір бойы қалыптасады және дамиды деген түсінікті жатқызады. 1.Бірінші тұжырымдар бойынша интеллектуалдық қабілеттіктер және интеллектінің өзі жаңа білімді алу мақсатында қабылдау мен ақпаратты ондауда қамтамасыз ететін ішкі құрылымның жиынтығы ретінде анықталады. Сәйкес келетін интеллектуалдық құрылымдар даяр күйінде адамнан туғаннан беріледі, бірте-бірте организмнің ес үрдісінде дамиды деп есептеледі. Бұл интеллектуалдылық қабілеттіліктер (нышандар) идеясы неміс психологтарының мектебінде орындалған ойлау саласындағы көптеген еңбектерге тән. Ол ерекше айқын ойлаудың гештальт теориясында берілген. Бұл теория бойынша құрылымды қалыптастыру және қайта өзгерту, оларды реалдік шындықты көру интелектінің негізі болып табылады. 2.Бұл теорияға қарама-қарсы интелектінің генетикалық тұжырымдамалары бойынша ақыл-ой қабілеттіліктері туғаннан берілмейді, өмірге келгеннен кейін қалыптасады және дамиды деген қағиданы пайымдайды. Генетикалық тұжырымдамалар ойлауды сыртқы ортаның ықпалынан дей келіп, субьектінің өзіндік ішкі дамуы идеясынан немесе екеуінің өзара әрекетінен деп түсіндіреді. Ойлаудың өзіндік тұжырымдамалары психологиялық зерттеулердің төмендегідей бағыттарында қарастырылады: эмпирикалық субьективтік психологияда, ассоциативтік сипаты жағынан және интроспективтік негізгі әдісі бойынша, гештальтпсихологияда алдыңғыдан айырмашылығы тек қана психикалық үрдістердің элементтілігін жоққа шығаруы және олардың тұтастығын жеке элементтер құрамына қарағанда үстемдік етуі артықшылығын мойындайды, оның ішінде ойлауда, бихевиоризмде, оның жақтаушылары ойлау үрдісін субьективтік феномен ретінде мінез-құлықпен (ашық немесе жасырын ақыл-ой) ауыстыруға әрекет етеді: психоталдауда ондай ойлауға барлық басқа үрдістер сияқты талпынуға бағындырды. Ойлаудың белсенді психологиялық зерттеулері ХVII ғасырдан жүргізіле бастады. Сол кезде, содан кейін біршама ұзақ кең психология тарихында ойлауды логика ғылымының құрамында, оның бірден-бір түрі ретінде ұғымдық теориялық ойлау қарастырылды. Ойлауға қабілеттіліктің өзі туғаннан берілген, туа біткен қасиет, ал ойлау дамудан тыс қарастырылды. Интеллектуалдылық қабілеттіліктердің қатарына ол кезде пайымдау, логикалық ой қорытындысын жасау және рефлексия (өзін-өзі тану) жатқызылды. Ойлау тәсілдеріне (операцияларына) жалпылау, талдау, жинақтау, салыстыру және жіктеу кірді. Ойлаудың өзі ассоциативтік эмпирикалық психологияда, оның барлық әр түрлі көріністерінде қазіргі тәжірибеден алынған ассоцациаларға, өткеннің және көңіл-күйлер іздерінің байланыстарын жатқызады. Ойлаудың белсенділігі, оның шығармашылық сипаты да осы теория шеше алмаған негізгі проблема болды. Сондықтан да оның жақтаушыларына ақыл-ой шығармашылық қабілеттіктер ассоциацияға бағынбайтын туа біткен ақылдың қабілеттіктері деп хабарлаудан басқа ештеңе қалмады.Бихевиоризм бағытында ойлау стимулдар мен реакциялардың арасындағы күрделі байланыстарды қалыптастыру үрдісі ретінде жеке міндеттерді шешуге қатысты практикалық икемділіктер мен дағдыларды қалылтастыруды қарастырады. Гештальтпсихология бағытында интуитивтік тұрғыдан түсіндіреді. Психологиядағы: соңғы екі бағыт (бихевиоризм мен гештальтпсихология) ойлауды түсіну үшін ештеңе бермеді деп айтуға болмады. Бихевиоризмнің арқасында психологиялық зерттеулердің саласына практикалық ойлау енгізіледі, ал гештальтпсихологиясының арқасында психологтар ойлаудағы интуиция және шығармашылыққа ерекше көңіл бөлді. Ойлау психологиясы проблемасын шешуде психология бағытындағы психологтардың сіңірген еңбектері баршылық. Олар негізінен зейінді ойлаудың санасыздық түрлеріне қатыстырумен, сонымен қатар ойлаудың адамдардың талпынулары мен қажеттіліктеріне бағыныштылығын зерттеуге байланысты. Қазіргі іс-әрекет іліміне негізделген психология ғылымында ойлау жаңаша көзқарасқа ие болды. Ойлауды таным іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастырды. Ойлауды психологияға енгізу арқылы іс-әрекет категориясында теориялық және практикалық интелектіні танымның обьектісі мен субьектісін қарама-қарсы қоюды жеңу іске асты. Ойлаудың іс-әрекеттік теориясы балаларды оқыту және ақыл-ой дамуымен байланысты көптеген практикалық міндеттерді шешуге көмектесті. 23Эмоция және оның түрлері Сезімдер немесе эмоциялар дегеніміз— адамның басқа адамдарға, өзіне, коршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл-күйі.Адамдар шыңдық дүниенің заттары мен құбылыстарына әртүрлі қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттіліктерін тура және жанама қанағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық ретінде және қоғамдық тұрмысқа байланысты қабілеттіліктер оларда жағымды эмоцияларды шақырады (қанағаттану, қуаныш, махаббат). Осындай қажеттіліктерді қанағаттандыруға кедергі келетіңдері жағымсыз эмоцияларды (қанағаттанбау, қайғы, жек көру) қалыптастырады. Сезімдер — бұл қоғамдық өмір жағдайында адам дамуының жемісі. Эмоция дегеніміз, - деп жазды. И.П. Павлов, — инстинктің жұмысы, сезім — қайғы, қасірет және т.б. — бұл оның мәні басқаша, үлкен жартышарлардың қызметінің қиындауымен байланысты, сезімдер жоғары белгілермен байланысты және олардың барлығы II сигнал жүйесіне тәуелді.Сонымен, эмоциялар — бұл органикалық қажеттіліктерді қанағаттандырумен немесе қанағаттандырмаумен байланысты қарапайым көңіл-күйлер.Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер адамзаттың тарихи даму барысында пайда болған қажеттіліктермен байланысты. Сезімдердің пайда болуы адамның қоғамдық тұрмысына қатысты.Эмоциялық жағдайларда тыныс алу да өзгереді: сезімнің бір түрлерінде ол жиілінеді, кейде - бәсеңсиді. Ас қорыту үрдістері мен ішкі секреция бездерінің қызметі ағзаның қызметіне әсер етеді.Біздің эмоциялық көңіл-күйіміз мимикада (бет пішіні), пантомимикада (дене қозғалысы) және ишарада (қол қимылы) ерекше айқын аңғарылады. Адамның эмоциялық көңіл-күйі төмендегідей айқын физиологиялық үрдістерде және оның қозғалыстарында байқалады (жылау, күлу жене т.б.). Эмоциялық көңіл-күйлер адамдарда сөйлеген сөздерінен, дауысынан аңғарылады. Әртүрлі эмоциялық жағдайларда сөздің жылдамдығы өзгереді, оның синтаксистік дұрыстығы бұзылады, ритмика мен дауыс ырғағы өзгереді. Әртүрлі эмоциялық жағдайларда, көңіл-күйлерде дауыстың ырғағы бұзылады. Осындай сезімнің сыртқы көріністері көп жағдайда еріксіз іске асады. Жекелеген сезімдердің белгілі көріну түрлері тән болады. Мысалы, қорқу сезімінде көздің қарашығының кеңеюі, дененің дірілдеуі, беттің бозаруы тән. Қуаныш сезімінде көздердің жарқырауы, беттің қызаруы, қозғалыстың өзгеруі және т.б. белгілерден байқалады. Ағзаның өмірінде эмоцияның мәні мен маңызын түсіндіретін алғашқы кең тараған теориялардыц бірі — Ч. Дарвин ұсынған теория болды. Сезімдердің жылдамдылығының, күшінің және тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты эмоциялық жағдайлар да түрлерге бөлінеді. Олардың негізгілеріне көңіл – күй, аффект, құмарлық, жігерлену, стресс(титықтау) жатады. Көңіл — күй — бұл эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойына, аптасына, айына және одан көпке созылуы мүмкін. Адамның көңіл-күйі әртүрлі болатындығы белгілі. Мысалы, шалт, қайғылы, жабырқау жене т.б., көңіл-күй жақсы және жаман болып келеді. Аффект - латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімде жүріп ететін эмоциялық жағдайды айтамыз. Мысалы, қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б. аффектілерін атауға болады. Құмарлық та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ, көңіл-күйден айырмашылығы, құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға, еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері. Стресстік жағдайлар. "Стресс" - ағылшын сөзі, қазақшалағанда - күйзеліс мағынасында қолданылады. Стресс - кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г. Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық стресстік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады. 24Тұлғаның жас ерекшелік дамуы. (Эриксон бойынша).  Психоаналитикалық (жүйкелік талдау) теориясы. Оның заты – адам эмоциялары мен тұлғааралық қарым-қатынас. Психоаналитикалық теория өкілдерінің екі кезеңденуі кеңінен мәлім: Зигмунд Фрейдтің және Эрик Эриксонның. З.Фрейд (1856-1939) тұлғаның дамуын биологиялық факторлардың және ерте отбасылық араласу тәжірибесінің ықпалымен түсіндірді. Ол, балалар психикалық, турасында психосексуалдық жетілудің 5 сатысынан өтеді деп пайымдады. Қалалардың қызығушылығы әрбір сатыда ләззат алу негізі болып қызмет ететін дененің белгілі бөлігінің айналасында шоғырланған: 1. оральдық саты (0-2 жас); 2. анальдық саты (2-3 жас); 3. фаллостық саты (4-5 жас); 4. латенттік саты (6-12 жас); 5. гениталдық саты (12-18 жас). Э.Эриксон (1902-1979) тұлғаның психосоциалдық дамуының 8 сатысын бөліп көрсетті. Оның әрбірінде адам мағынасы сананың, психиканың қарама-қарсы жағдайларының арасындағы кикілжіңнің (конфликт) болып табылатын спецификалық тоқырауды (кризис) бастан кешіреді. 1. Қоршаған әлемге сенім сенімсіздік (0-1 жас); 2. тәуелсіздік сезімі – ұят пен күмәнді сезіну (1-3 жас); 3. ынталық – күнә сезімі (4-5 жас); 4. еңбек сүйгіштік – жарты кештік сезім (6-11 жас); 5. белгілі бір жынысқа сәйкестігін түсіну – бұл жынысқа сәйкес келетін мінез-құлық түрлерін түсінбеу (12-18 жас); 6. интимдік қатынасқа ұмтылу – айналадағылардан оқшаулану (ерте есею); 7. өмірлік белсенділік - өзіне ғана бағытталу, жас шама проблемалары (қалыпты есею); 8. өмірді толыққанды сезіну (кеш есею). 25 Ес операцияларының түрлері. Ес туралы теориялар. Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әртүрлі жасушаларының рөлі туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзірше алынған емес..Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хронологиялық тұрғыдан басқа теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен тараған. Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, XVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теория болды. XIX ғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке гештальттеория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтердің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы — гештальт болып табылады. Бихевиоризмді жақтаушылардың көзқарастары ес проблемасына ассоциативтік теория өкілдерінің кезқарастарына жақын болды. Олардың арасыңдағы бірден-бір мәңді жалғыз айырмашылық — бихевиористер материалды еске сақтауда бекітудің рөлін бағалады, үйрету үрдістеріндегі естің қалай жұмыс істейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді. 3.Фрейд және оның жақтаушыларының еңбегі адам есін зерттеуде еске сақтау мен ұмытудың мнемикалық үрдістерінде жағымды және жағымсыз эмоциялардың ролін анықтауға ерекше мән берді.Психоталдау теориясының арқасыңда адамның түрткілер саласымен байланысты ұмытудың көптеген қызықты психологиялық амалдарын анықтады және суреттеді. Есте қалдыру амалының ерекшеліктерін ашып көрсететін әртүрлі қызықты деректерді А.А.Смирнов өзінің зерттеулерінде атап көрсеткен болатынды.

Холерик, сангвиник,меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама

Ағзада сұйық заттардың бірігуінде қанның пропорциясы басым болса, сангвиникалық темпераментдеп аталды (латын сөзі "сангвик" - қан); сұйық заттардың бірігуінде шырынның пропорциясы басым болса, флегматикалык темпераментдеп аталады (грек сөзі "флегма" — сөл); сары өттің пропорциясы басым болса, холерикалық темпераментдеп аталады (грек сөзі "холэ"-сары өт); қара өттің пропорциясы басым болса, меланхоликалық темпераментдеп аталады (грек сөзі "мелайна холэ" - қара өт).

Сангвиникалық темпераментөкілдері қозғалғыш, сергек, қызыққыш келеді. Сангвинниктер негізінен көңілді тип. Эмоциялық көңіл-күйі тұрақсыз, өзгеріп отырады, сезімге тез беріледі. Олардың сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң ашуланып, тез арада күйіп-пісіп қалады. Ашуы тез басылады, кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді, сәтсіздіктерді тез жеңе біледі, ұжымда беделді. Ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болады, адамдармен тез арада тіл табыса біледі.Сангвиникалық типтегі адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз эмоциялық қозуымен ерешеленеді. Сангвиниктердің көңіл-күйі тез өзгеріп отырады.

Холерикалық темпераментөкілдері тез пайда болатын күшті және тұрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Холериктердің сезімі бет-пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анық байқалады. Холериктер күйіп-пісу, тез қозғалғыштық, әруақытта да іс-әрекетке бейім келеді. Оларда психикалық үрдістер тез, жылдам жүріп жатады. Холериктер іс-әрекетке жылдам, қызыға, құлшына кіріседі.Холериктердің жағымды жақтары — белсенділігі, іскерлігі, іс-әрекетке тез енетіндігі. Жағымсыз тұстары — ұстамсыздығы, дөрекілігі, ұшқалақтығы, ашуға тез берілгіштігі. Бұл типтегі балалар белсенді. Олар іске тез кіріседі және оны аяғына дейін жеткізеді. Олардың біреуге ренжіп қалуы да тез. Ашуланған адамына кекті ұзақ сақтайды, көпке дейін ұмытпайды.

Флегматикалық темпераментжай пайда болатын, әлсіз және қысқа мерзімді эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Флегматиктің сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Бұл типтегі адамдардың қуануы да, қайғыруы да қиын. Флегматикалық типтегі балалар сабырлы, салмақты, мінез-құлқы әруақытта да бір күйде тұрады.Флегматиктердің психикалық үрдістері жай, бірсарынды жүреді. Бұлар өте ұстамды, салмақты, іс-әрекетте баяу. Істеген ісін сапалы, тындырымды орындайды. Бүл типтегі балалар сабақты жаксы оқиды, іс-әрекетте орнықты, табандылық анғартады.Адамдармен қарым-қатынаста флегматик әруақытта да орнықты, салмақты, ретімен адамдармен араласады, көңіл-күйі тұрақты. Олар әркез жанжалдан басын ала қашады. Кейбір қолайсыз жағдайларда флегматиктерде тән сылбырлық, енжарлық, жалқаулық сияқты жағымсыз қасиеттер қалыптасуы мүмкін.

Меланхоликалық темпераментжай, бірақ күшті және тұрақты эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Меланхоликтер тұрақты, ұзақ көңіл-күйге бейім тұрады, бірақ олардың сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Меланхоликалық типтегі адамдар қозғалыста, іс-әрекетте баяу. Меланхолик іс-әрекетке бірден кірісе алмайды, ырғалып-жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса, аяғына дейін жеткізеді. Бүл типтегі балалар жай іс-әрекетке енеді, оларды И.П.Павлов ынжық тип деп атайды.

27.Мінез типологиясы А.Е.Личко бойынша:жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады,ол сыртқы жағдайларына байланысты.

1.Гипертимді тип-қозғалмалылыққа,қарым-қатынасқа бейім жасөспірім.Шуды жақсы көреді,тынымсыз ортада болуды қалайды.Көңіл күйі өте жақсы болады,оқуы бір қалыпты емес,бір орында отыра алмайды,тәртіпсіздік байқалады.Үлкен адамдармен қақтығыстарға жиі түседі.Көптеген нәрселерге қызығады,бірақ ол тез өтеді.Өздерінің қабілеттеріне тым сенгіш,тіпті шектен тыс өзіне сенеді.Елдердің алдында өзін-өзі көрсеткенді ұнады,мақтаншақ болып келеді.

2.Циклоидты тип-апатияға бейім,тез қозады,көбінесе өзімен-өзі жалғыз қалғанды ұнатады.Барлық нәрселерді жүрегіне қатты қабылдайды.Екі-үш апта сайын көтеріңкі көңіл-күйден тұйық қалыпқа ауысады.Ескертулер жасағанда ашуланады.

3.Лабильді тип-көңіл күйі ауа-райы секілді тез өзгереді,оған әр түрлі қарапайым нәрселер (біреудің көзқарасы,амандаспауы,бір нәрсеге ден қоюы)себеп болады.Олардың мінез-құлқы уақытша көңілге байланысты.Қазіргісі мен болашағы өзінің көңіліне ұқсас болады,біресе көңілді болып,біресе түңіліп те қалады.Кейде сәтсіздіктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңіл күйі төмен болады,көп әуреленеді,сондай кездерде айналғандығы қажет.Олар өзіне деген қарым-қатынасты ерекше сезінеді.

4.Астено-невротикалық тип-қозғыш,шаршағыш,қырсық.Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.

5.Сензитивті тип-жоғары сезімталдық тип.Қозғалыс,құмар ойындарын жақсы көрмейді,үлкен компанияларда болуды қаламайды.Бейтаныс адамдармен ұяң,ұялшақ болғандықтан,тұйық болып көрінеді.Тек жақын адамдарына ғана ашық,сөзшең болады,өзінің қатарластарынан гөрі үлкен кісілермен,кішкентайлармен болуды ұнатады.Үлкендердің тілін алады,ата-аналарына жақын келеді.

6.Психо-астеникалық тип-интеллектісі тез дамиды,өзін-өзі және басқаларды бағалауға бейім,көп ойланып талқылауды ұнатады,бірақ іс жүзінде емес,сөз жүзінде ғана мықты.

7.Шизоидті тип-тұйық,өз қатарластарымен болғаннан гөрі үлкендермен болғанды ұнатады.Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенін,немқұрайды екенін көрсетіп,олардың жағдайына көңіл білдіре алмайды.

8.Эпилептоидті тип-көп жылап басқаларды мазасыздандырады.Мұндай балалар кішкентайлар мен жануарларды ренжітеді,өздерін диктатор деп санайды.Олар қатігез,билеуші өзін-өзі жақсы көреді.Басқаларды қорқыту арқылы өзіне бағындырып,қиын ережелер қояды.

9.Истероидті тип-үнемі ортада болуды қалайды,басқалардың алдынада өзін суреттеп көрсетеді.Олар басқа біреуді мақтағанды,басқаларға көңіл бөлгенді жақтырмайды.Тек қана мақтап жүргенді ғана ойлайды.

10.Тұрақсыз тип-ерік-жігерсіз,өзен ағысы бойынша өмір сүреді.Той-томалаққа жұмыссыздық жақсы көреді.Талғаусыз,бәріне қызығады.Өзінің болашағы жайлы ойламайды,кәсіби қызығушылығы жоқ.

11.Конформды тип-негізгі ерекшелігі барлығы сияқты болу.Өзі үшін досын да сатып кетеді,бірақ не істесе де оған себеп табады.

28Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынастары. 

Сөз –бұл жеке заттарға, дара аты ретінде жапсырылған нәрсе емес: ол әруақытта да жалпы аталатын зат немесе құбылысты сипаттайды, демек, ойлау актісі ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар сөз-бұл да қатынас құралы, сондықтан да ол сөйлеудің құрамына кіреді». Ойлау мен сөйлеудің әртүрлі генетикалық тамырлары бар. Алғашқы кезде олар әртүрлі қызметті атқарады және бөлек дамыды. Сөйлеудің бастапқы қызметі коммуникативтік қызмет болды, ал сөйлеудің өзі қатынас құралы ретінде адамдардың бірлескен еңбек үрдісінде іс-әрекеті болу және реттеу қажеттілігіне байланысты пайда болды. Сонымен қатар сөйлеу мен байланыссыз ойлаудың түрлері бар, мәселен, көрнекілі-әрекеттік (ойлаудың бұл түрі жануарларда болады). Кішкентай балаларда және жоғары сатыдағы жануарларда ойлаумен байланыссыз өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралдары байқалады. Тірі жәндіктің ішкі жағдайын бейнелейтін, бірақ белгі немесе жалпылау болмайтын бұл айқын аңғарылатын қозғалыстар, ишара, мимика. Ойлау мен сөйлеудің филогенезінде интеллектінің дамуында сөйлеуге дейінгі кезеңі анық байқалады. Л.С.Выготскийдің айтуынша, бала шамамен 2 жаста, сол сияқты Ж.Пиаженің ойынша да бұл кезеңде ойлау мен сөйлеудің қатынасында қиында түбірлі өзгеріс кезеңі басталады: сөйлеу-интеллектуалдық, ал ойлау-сөздік болады деген. Бұл екі функцияның дамуында түбірлі өзгерістердің басталу белгілері болып табылатын баланың өзіндік сөздік қорының тез және белсенді кеңеюі болып табылады және сондай тез қарқынмен коммуникативтік сөздігі көбейеді. Әрбір интеллектуалдық міндеттерді шеше отырып, бала ауызша ойлай бастайды, ол енді сөйлеуді ойлаудың құралы ретінді пайдаланады. Практикалық тұрғыдан бала үшін сөздің мағынасы түсінікті болады. Бұл деректер тек қана ұғымдарды меңгерудің және ойлау мен сөйлеудің үрдісінде оларды қолданудың белгілері болып табылады. Одан әрі бұл үрдіс, тереңдей отырып, біршама ұзақ мерзімге дейін, жеткіншек жасқа дейін жалғаса түседі. Ғылыми ұғымдарды баланың дұрыс меңгеруі кеш іске асады. Бұл кезеңді Ж.Пиаже формалдық операциялардың дәуіріне жатқызған болатын, демек, ол жеткіншек жастағы кезең 11-12-ден 14-15-ке дейінгі кезеңді қамтиды. Ұғымдық ойлаудың дамуының бүкіл кезеңі адамның өмірінде шамамен 10 жылдай уақытты алады екен. Адам ойлауы сөйлеумен бөлінбейтін байланысты. Ойдың тілден тыс, сөйлеуден тыс пайда болуы, өмір сүруі мүмкін емес. Біз сөзбен ойлаймыз, оларды дауыстап немесе іштей сөйлейміз, ойлау сөйлеу түрінде іске асады.

Тіл – бұл сөздік белгілердің жүйесі, адамдардың бір-бірімен қатынас құралы. Сөйлеу-адамдардың қатынас жасау мақсатында тілді пайдалану үрдісі.

29Ойлау және оның түрлері. Ойлау операциялары мен формалары.Ойлаубұл ерекше дәл, терең, толық және жалпы жанама түрде шындықты бейнелеуге, негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі.Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі: ұғым, пікір, ой қорытындысы.Ұғым – бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсініктерден-оның қасиеттері, жағдайлары, байланыстары және қатынастарынан тұрады. Әрбір зат, әрбір құбылыс әртүрлі көптеген қасиеттерді, белгілерді иеленеді. Пікір – мұнда қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастар және олардың қасиеттері мен белгілері бейнеленеді. Пікір-бұл қандай да болсын ережені бекіту немесе жоққа шығару түрінде іске асатын ойлаудың түрі. Пікірде біз заттың шын болуы туралы қолдаймыз немесе жоққа шығарамыз. Пікір сөздерде, сөйлемдерде байқалады. Ой қорытындысы – бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Индуктивті ой қорытындысы деп жекелеген фактілерден, пікірлерден барып, ой қорытындысына көшуді айтады. Индукция дедукциямен байланысты. Негізінде индукция жалқыдан жалпыға өтетін логикалық операция. Эксперимент әдісі негізінен индуктивті болып табылады. Ал логика ақыл-ой қорытындысы ретінде қарастырылады. Психология индуктивті ойлаудың дамуы мен бұрылуын зерттейді. Логика индукциясын толық және толық емес индукция деп саралап, оны ой қорытудың бір түрі деп қарастырады. Дедукция-бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге, деректерге көшудің, жалпы заңдылықтармен ережелерді білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі. Белгілі бір зат туралы, белгілі бір обьект туралы біз әруақытта ойлаймыз, оларды қабылдаймыз немесе елестетеміз, немесе ол туралы түсінігіміз болады. Затсыз ойлау болуы мүмкін емес. Ойлау үрдісі ерекше ойлау тәсілдері түрлері арқылы іске асады, олардың негізгілеріне салыстыру, талдау және жинақтау, абстракция, нақтылау және жалпылау жатады. Салыстыру – бұл жекелеген заттар мен құбылыстардың арасында ұқсастық немесе теңсіздікті, бірдейлік немесе қарама-қарсылықты табуда байқалатын ойлау тәсілі болып табылады. Талдау – бұл затты құрамдас элементтерге, бөліктерге және құрамды белгілерге бөліп қарастыру. Талдау үрдісінде тұтас заттардың оның бөліктеріне, элементтеріне қатынасы анықталады. Мәселен, химик суды сутегі және оттегіне бөліп қарастырады. Жинақтау – бұл жекелеген элементтерді, бөліктерді және белгілерді біртұтас обьектіге біріктіру, жинақтау талдауға қарама-қарсы, кері үрдіс. Жинақтау үрдісінде жеке заттар мен құбылыстардың тұтас заттар мен құбылыстарға қатынасы анықталады. Мәселен, машинаның әрбір бөліктерін құрастырып, тұтас машина жасап шығару ойша жинақтау тәсілі арқылы іске асады. Сол сияқты сағат шебері бұзылған сағатты бөлшектерге ойша бөліп, оңдап болғаннан кейін біртұтас сағатқа біріктіруі ой қызметінің тікелей қатысымен талдау арқылы іске асады. Абстракция – бұл заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракция-ойлаудың негізгі тәсілдерінің бірі, субьект зерттелу үстіндегі обьектінің белгісін айрықша бөліп алып, басқаларын назардан тыс қалдырады. Соның нәтижесінде абстракция терминін білдіретін ақыл-ой термині пайда болды. Бастапқыда абстракция ортаның тікелей сезімдік – бейне қасиетері қабылдау мен әрекет ету үшін бағдар тұту түсінігіне айналады да қалғандары жоққа шығарылады.Жалпылау және нақтылау. Жалпылау-бұл ойлау арқылы бейнеленетін көптеген заттардың ұқсас, мәнді белгілерінің осы заттар туралы бір ұғымда ойша бірігуі. Жалпылау да абстракция сияқты сөздер көмегімен іске асады. Кез-келген сөз жалпылық мағынаны білдіреді. Мысалы, мал деген сөз айта отырып, көптеген жеке белгілерден тұратын ойды білдіреміз. Нақтылау– бұл жалпыға сәйкес келетін жалпыдан жалқыға ойша көшу. Нақтылау-бұл ойлау тәсілі, оны іске асыру барысында белгілі абстракциялық-жалпылық ойлауға заттың көрнекілік сипат беруін айтады. Нақтылау мен абстракциядан және жалпылаудан кері заттар мен құбылыстарға көшуді айтады.

30Түйсіктің түрлері мен заңдылықтары

Түйсіктер дегеніміздүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.

Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б. түйсінеміз.

Түйсіктер — бұл алғашқы психикалық таным үрдістерінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін төмендегі жағдайлар қажет:

Біріншіден, қандай да болсын сезім органдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет.

Екіншіден, түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бөліктен тұрады:

1) сезім органдарынан(рецептордан), онда сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан.

2) өткізгіш жолдан,демек, сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің, ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми орталығына жеткізу.

3) бас ми қыртысындағысәйкесті ортадан (жасушалар жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа — түйсінуге өтеді.

Жоғарыда көрсетілген үш бөлігі бар қабылдау аппаратын құрайды, оны И.П. Павлов анализатордеп атады.Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердің барлық түрі органдарына сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм, тері, бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлеріне бөлеміз.

Түйсіктердің органдары қайда орналасқанына және қайдан тітіркендіргішті алуға байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.

Экстерорецепторларорганизмнің сыртқы бөліктеріне орналасқан — оған жататындар көру, есту, иіс, дәм, сипай сезу (тері) органдары жатады.

Проприорецепторларбұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл органдардың көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер проприорецепторлардеп аталады. Бұл түйсіктер — бұлшық ет, қозғалыс (кютестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).

Интерорецепторлардененің ішкі органдарында ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б. ішкі органдарда тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б. айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлардеп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.

Иіс пен дәм айыру түйсіктері адамның дүниетану үрдісінде де, жалпы психикалық әрекетінде де онша елеулі орын алмайды. Ал жануарлардың, әсіресе, дамудың төмен сатысында тұрған организмдердің тіршілігінде (тамақ табу, яғни шағылысу) ерекше орын алады. Бұл түйсінулердің соқыр, саңырау, сақау адамдардың тіршілігінде маңызы ерекше.

Дәм түйсінулеріне тәттіні, қышқылды, ащыны, тұздыны түйсіну жатады. Осы негізгі дәм түйсінулерінен басқа жинақталған жіктелуі жоқ көптеген әртүрлі дәм түйсінулері болады. Дәм түйсінулері иіс түйсінулері сияқты белгілі дәмге тән заттар мен құбылыстар бойынша аталады. Мәселен, біз сүттің, майдың, еттің, нанның және т.б. дәмі туралы айта аламыз.

Тері түйсіктеріне түйсіктердің екі тобы жатады: сипай сезу және температуралық.

Бұл түйсіктерідің тері түйсіктері деп аталуының себебі: осы түйсіктердің аяқталған жүйке аппараттары (рецепторлар) теріде және біздің ағзамыздың сілекей қабықтарында орналасқан.

Бұл түйсіктер сипай сезу немесе тактилдік түйсіктер, сонымен қатар тегістік және бұдырлық түйсіктер. Сыртқы тітіркендіргіштің күшеюінен денеге тию түйсігі қысым түйсігіне көшеді, ал тітіркендіргіштің одан әрі күшеюінде қысым түйсігі ауыру түйсігіне айналуы мүмкін.

Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері немесе кинестетикалық түйсінулер. Осы топтағы түйсінулерге қысым (ауырлық) түйсінулері, қарсы тұру түйсінулері (қатты, жұмсақ) және жекелеген органдардың қозғалысының түйсінулері жатады.

Статикалық түйсіктер дегеніміз кеңістіктегі біздің денеміздің жағдайы және оның тепе-тендігін сақтауды айтады. Кеңістіктегі денені түйсінудің және оның тепе-теңдігін сақтаудың рецепторы құлақтың ішкі бөлігінде орналасқан жарты дөңгелек арналар болып табылады, онда ерекше сұйық зат - эндолимфаболады.

Органикалық түйсіктерге аштықты, шөлдеуді, тоюды, денсаулықты, ауру жағдайды, сергектікті, шаршауды түйсінулер жатады. Органикалық түйсінулердің үлкен бөлігі сараланбаған, шашыраңқы сипатта болады.

 

 

 


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 447; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!