Тесттік тапсырмаларды дайындау

Nbsp;  

СИЛЛАБУС

Пән: Алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті үздік тәжірибеде жетілдіру

Пән коды: ADDKUTZh 3201

Мамандығы: 5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі – 90 (2 кредит)

Курс: 3

Семестр: 6

 

 

Шымкент, 2017 ж.

 

 

 Силлабус «Алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті үздік тәжірибеде жетілдіру» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.

 

 

Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланды.

 

Хаттама № __ __/__ 2017 ж          

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а.                      Сейдахметова А.А.

 

 

1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер

Тізімі Дәрежесі және қызметі Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы Жетістіктері
1 Сейдахметова Айзат Ашимхановна м.ғ.к., доцент, кафедра менгерушісі Гастроэнтерология, ревматология, кардиология Терапия, инновациялық оқыту әдістері, конгресстер, съездер бойынша сертификат иесі.
2 Алдешев Алмас Алдешевич м.ғ.к., доцент, курс менгерушісі Іріңді ­ септикалық аурулармен ауыратын науқастардағы қиын жағдайлар кезінде қарқынды терапияның мәселелері бойынша медицина ғылымының докторы лауазымына диссертациялық жұмыс жүргізуде. Бес оқу құралының және әдістемелік нұсқаудың жазушысы (авторы). 1988 ж. «СССР Денсаулық Сақтау Жүйесінің Озаты» белгісімен, 1998 ж. ҚР Денсаулық Сақтау Комитетінің қалаулы мадақтамасымен, сонымен қатар 2011 ж. денсаулық сақтау үздігі деп танылды.
3 Юнусходжаева Гулжанат Данияровна м.ғ.к., доцент 2013-2014 оқу жылында 2 ғылыми-тәжірибелік конференцияның ұйымдастырушысы. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға арналған 2 мақаланың авторы.
4 Жумабаев Тулебай м.ғ.к., доцент Паразитарлы аурулардуң диагностикасы мен емдеу тәсілдері. 40-тан мақаланың авторы.
5 Калменов Н.Д. ассистент Жедел шұғыл медициналық көмек Оқу әдістемелік құралдың өңдеушісі.
6 Султанова Жанат Сарсеновна кафедра ассистенті Балалардың денсаулық жағдайын бағалау. Оқу әдістемелік құралдың өңдеушісі.

1.8 Байланыс ақпараты:Кафедраның мекен – жайы: Абай даңғылы 19, Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем [ҚЖМЖКС] № 4 бекеті, тел. 560180.

1.9 Пәннің саясаты:

  1. Цикл барысында кафедрада және ЖМЖ бекетінде арнайы киімде жүру: халат, колпак, бетперде қажет.
  2. Тәртіпті, емдік қорғау режимін, тыныштықты сақтау қажет, персоналмен және науқастармен этика, деонтологияны, субординацияны сақтау.
  3. Электр тогына қатысы бар заттарды ылғалды қолмен ұстамау, темірден жасалған заттарды тықпау.
  4. Кафедрадағы және ауруханадағы медициналық және техникалық оқу құралдарына ұқыпты қарау, өз бетінше тиісуге болмайды!
  5.  СӨЖ тақырыптарын талқылауда белсенді қатысу.

Тыйым салынады:

  1. ҚЖМЖ бекеті территориясында темекі шегуге.
  2. Жұмыс орнында арнайы киімсіз(халат,калпак) жүруге.
  3. Арнайы киімде ҚЖМЖКС территориясынан шығуға.
  4. ЖМЖ территориясында сөйлесуге, шулауға, тамақ қабылдауға

Студенттерге оқу процесінде қоятын талаптар:

  • Себепсіз сабақтан калмау.
  • Сабақтарда белсенді бөлу.
  • Сабаққа дайындалып келу.
  • Студенттердің өзіндік жұмыстарын уақтылы кесте бойынша тапсыруы.
  • Сабаққа кешікпеу.
  • Сабақ үстінде басқа іспен шұғылданбау.
  • Сабырмен өзін-өзі ұстай білу, оқытушыларды және өзімен бірге оқитын жолдастарын силау, мейірімді болу.
  • Кафедранын мүліктеріне камкорлык жасау.
  • Себепті қатыспаған сабақтарын уақтылы кайта тапсыру.

2. Бағдарлама:

2.1. Кіріспе. Медицина қызметкерлерінің мамандығына қарамастан, алғашқы көмек көрсету оның басты міндеті болып табылады. Өмірге қауіпті жедел жағдайлар диагностикасының негізгі қағидаларын, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуінің ережелерін білу, болашақ фармацевттерге дұрыс көмек көрсету үшін көмектеседі. Бірінші дәрігерге дейінгі көмекті оқып-білу әрбір жарақаттанған науқас жедел жәрдем бригадасы келмей тұрып жоғары сапалы медициналық көмек алу, әрі қарай дәрігерлік емнің нәтижелігін жоғарылату үшін, ал ең бастысы жедел жағдайда науқастың тірі қалуын арттыру үшін қажет.

2.2 Пәннің мақсаты:студенттерді дәрігерге дейінгі жедел медициналық жәрдем көрсетуді талап ететін өмірге қауіпті жағдайлардың негізгі диагностика тәсілдерін үйрету

2.3 Оқыту мақсаттары:

  • студенттерді өмірге қатерлі , жедел жағдайлардың диагностикасының қағидаларын үйрету;
  • дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсетүдегі білімдермен дағдыларды қалыптастыру;
  • уақытша қансырауды тоқтату ушін стандартты құралдарды қолдануды үйрету;
  • ауырған және келенсіз жағдайға ұшыраған науқастарды тасымалдау ережелерін үйрету;
  • стандартты тасымалдау қалағын жапсыру ережелерін үйрету;
  • жараларға таңғыш байлауды үйрету; уға қарсы заттарды қолдануды білу және жасай білу;
  • асептика және антисептика негізін үйрету.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Білімі және түсінігі:

  • алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуді талап ететін, науқас өміріне қауіпті уланулардың, жарақаттанулардың, патологиялық жағдайлардың негізгі себептері мен клиникалық белгілерін;
  • жедел науқастанған және жарақаттанғандардың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерге дейінгі көмек көрсету шаралар тәртібі мен реттілігін;
  • Шұғыл медициналық көмек көрсету стандарттарын қолданады.
  • қарапайым жағдай кездеріндеде, экстремальды жағдай туындағандада асептика және антисептиканың негізгі әдістерін;

Білімі және түсінігін қолдану:

· Науқастың жағдайын симптомдары мен синдромдарының айқындығына байланысты бағалайды.

· Ауруханаға дейінгі этапта шұғыл жағдайды диагностикалайды.

· Ауруханаға дейінгі этапта жедел шұғыл көмек көрсетеді

· Жедел шұғыл көмек көрсету кезінде науқаспен, науқас туысымен, әріптестерімен  қарым- қатынас орната біледі.

  • Өкпе-жүрек ренимациясын жүргізеді
  • аяқ астынан ауырып қалған немесе зақымданған науқастардың жалпы жағдайын бағалау: ес-санасын, жүрек-қан тамыр жүйесін (пульс жиілігін, артериальды қысым деңгейін); тыныс алу жүйесін (тыныс алудың түрі мен сипатын, тыныс алу жиілігін, ентігудің болуын); бүйректің зәр шығару қызметін (мөлшерін, түсін, сағаттық диурезін);
  • клиникалық өлім жағдайын анықтау және дәрігерге дейінгі реанимациялық шаралар жүргізу: көрсеткіштерге сай механикалық асфиксияны жою ; «ауызбен ауыз» тәсілі және ауа өткізгіш арқылы жасанды дем беру; жүрекке тікелей емес массаж жасау; оттегі инголяциясын ұйымдастыру; дәрі-дәрмектерді бұлшық етке егу (дәрігердің нұсқауымен);
  • стенокардия ұстамасы кезінде, миокард инфарктіне күдік туғанда, гипертониялық криз кезінде, бронхиальды астмада, эпилепсиялық ұстамаларда дәрігерге дейінгі көмек жинағын іске асыру;
  • термикалық және химиялық күйік кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету (ауырсыздандыру, контурлы таңғыш жапсыру, тасымалдағыш иммобилизациялауды қоса);
  • жұмсақ тіндердің жарақаты кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету (жеке таңу пакетін қолдана отыра асептикалық, бинтпен бекіткіш және тор тәріздес таңғыш байлауды қоса);
  • тірек-қимыл аппаратының жарақатында алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету (ауырсыздандыру, тор сым қалағын, Дитерихс қалағын, тосын жасалған қалақтарды қолдана отырып тасымалдағыш иммобилизациялауды қоса);
  • өмірлік көрсеткіштерге қарай улану кезінде көмек көрсету (асқазанды жуумен, антидоттар берумен, жүрек қызметін қалыптастыру үшін бұлшықетке егулермен бірге).

Пікір қалыптастыру:

· Науқастың жағдайын симптомдары мен синдромдарының айқындығына байланысты бағалайды.

· Медициналық процедураларды муляждарға көрсетеді

· Науқастарды ауруханаға тасымалдауда, жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету кезінде ауруханаға дейігі этапта манипуляция жасайды

· Медициналық аппараттарды қолданады: тасымалдағыш иммобилизациясын, таңғыштарды қояды

· Электрокардиограмма түсіру техникасын жасай алады.

· Ауруханаға дейінгі этапта шұғыл жағдайды диагностикалайды.

· Ауруханаға дейінгі этапта жедел шұғыл көмек көрсетеді

· Студенттік және студенттік ғылыми зерттеу үйірмелеріне қатысу барысында өз ойларын студенттік аудиторияларда реферат және презентация түрінде жариялайды

· Диагностикалау және жедел көмек көрсету кезінде өз ойын алгоритм түрінде тұжырымдайды. 

· Жорамал диагнозын негіздейді және ішкі аурулар, хирургиялық, урологиялық, онкологиялық, инфекциялық, жүйке жүйесі аурулары, балалар, көз аурулары, акушер-гинекологиялық аурулар, жарақаттар, катастрофалар кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді.

· Анықтамалар базасын және басқа да ақпараттық ресурстарды кәсіби деңгейде шешеді.

· Осы тексеріліп отырған сала бойынша жалпылама айтылған дағдыларды өз ойларымен анализ жасап,студенттер мен оқытушыларға демонстрация жасайды және жеткізеді.

Оқу дағдылары және үйрену қабілеті:

· Ақпараттық және коммунакациялық технологиянны пайдаланады және кәсіптік деңгейде анықтамалар базасын,ақпараттық қорды қолданады

· Интернет желісінен шұғыл жағдайға байланысты ақпарат жинау жолын біледі.

· Таблицалар мен диаграмалар құру үшін шұғыл жағдайлар кезінде диагностикалау және емдеу ақпараттарын жинайды.

· Ауруханаға дейінгі этапта диагностика және шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету мен ауруханаға тасымалдау кезіндегі барлық дағдыларды студенттермен оқытушыларға демонстрация жасайды және көрсетеді.

· Ауруханаға дейінгі этапта шұғыл көмек көрсету үшін креативті ойлар қолданады.

  • Коммуникативті қабілеті:

· Анықталған патологиялармен науқастаға сипаттық ерекшелігіне байланысты этика және деонтология негіздерін біледі

· Анықталған патологиялармен науқастаға сипаттық ерекшелігіне байланысты этика және деонтология негіздерін біледі

  • Басқаларды оқыту және командада жұмыс жасау қабілетінің маңыздылығын түсінеді

· Жедел шұғыл көмек көрсету кезінде науқаспен, науқас туысымен, және әріптестерімен  қарым- қатынас орната біледі.

  • Қарапайым жағдай кездеріндеде, экстремальды жағдай туындағандада, оның ішінде катастрофалардада, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету кезіндегі деонтология мәселелерін.
  • Науқастармен сөйлескенде вербальды және вербальды емес коммуникативті дағдыларды қолданылады.

2.5 Реквизитке дейнгі: адам анатомиясы, адам физиологиясы.

2.6 Реквизиттен кейінгі: фармакология.

2.7 Пәннің қысқаша мазмұны:Терминальды жағдайлар. Жедел тыныс жетіспеушілігі. Жылу мен күн сәулесінің соққысы, естен тану, коллапс кезіндегі бірінші дәрігерге дейінгі көмек. Ауырсыну синдромы кезіндегі бірінші дәрігерге дейінгі көмек. Безгек

жағдайындағы бірінші дәрігерге дейінгі көмек. Асептика және антисептика. Уланулар. Десмургия. Жаралар: жара түрлері, жараланған насқасты тексеру, бірінші дәрігерге дейінгі көмек. Кәсіпорында (дәріхана), ауруханалардың қаьылдау бөлімінде төтенше жағдайлар мен катастрофа кезіндегі зардап шеккендерді жедел бірінші дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушерлік-гинекологиялық тәжірибедегі шұғыл жағдайда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек. Жедел жәрдем көрсету кезінде қолданылатын дәрілер. Дәрілік өсімдіктер.

2.8 Дәрістің, тәжірибелік сабақтың, студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары:

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырыптары Қысқаша мазмұны Өткізу түрі Ұзақтығы (сағатпен)
1. Кіріспе. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету пәні, міндеттері, көлемі және негізгі бастамалары. Шұғыл жағдайларда ауруханаға дейінгі кезеңде науқасты клиникалық зерттеу және диагностикалау әдістері. Госпитальға дейінгі кезеңде науқасты клиникалық зерттеу және шұғыл жағдайлар диагностикасының әдістері .

Оқытушы аннимациялық материалдармен жұмыс істеу, ауызша сұрау, ШМК станциясында және диспетчерлік бөлімде жұмыс.

 2
2. Терминальды жағдайлар. Жүрек-өкпе реанимациясының әдістері. Терминальды жағдайлардың жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Клиникалық өлімнің диагностикасы. Жүрек-өкпе реанимациясының кезеңдері. 2
3. Жаралар, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Десмургия. Жарақаттар. Транспорттық иммобилизация. Жаралар мен жарақаттардың жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Шендеуіш қою және байламдар жасау әдістемелері. 2
4. Қансырау. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Қансыраулардың жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Қансырауды тоқтату әдістері. 2
5. Куюлер кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің принциптері. Көмей стенозы. Квинке ісінуі. 2
6. Жедел тыныс жетіспеушілігі. Коникотомия. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің принциптері. 2
7. Аллергиялық реакциялар кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Анафилактикалық шок. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің принциптері. 2
8. Гипертониялық криз кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің принциптері. 2
9. Жедел жүрек жетіспеушілігі кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің принциптері. 2
10. Естен тану және коллапс кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің принциптері. 2
11 Ми қанайналымының жедел бұзылыстарында көмек көрсетудің принциптері.   Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің принциптері.   2
12 Қайғылы оқиғалар: электрожарақат, суға бату, странгуляциялық асфиксия, қызып кету, суық өтіп кету кезінде алғашқы көмек Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің принциптері.   2
13 Көптік жарақат алғандарға, нақтама қоюдың ерекшеліктері және дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің принциптері.   2
14 Уланулар. Диагностика және алғашқы медициналық көмек. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің принциптері.   2
15 ТЖ кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді ұйымдастыру. Зардап шегушілерді сұрыптау. Көмек көрсету кезеңдері.   2
  Барлығы: 30

Студенттердің өзіндік жұмысы

Тақырып аттары Өткізу түрі Ұзақтығы (сағатпен)
1. Жаппай жою қару-жарағын қолданған кездегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Су тасқынында, жер сілкінісінде алғашқы жәрдемді ұйымдастыру

 баяндама, презентация, тесттік сұрақтарды, жағдайлы есептерді шешу және дайындау, видеороликтерді талқылау

 

Тестілеу.

 

 

Тестілеу

4
2. Баротравмада, құрысу кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. 4
3. Жүйке жүйесінің ауруы бар науқастарға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету. 4
4. Ал,ашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету кезінде қолданылатын дәрілер. Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қорап, оның негізгі компоненттерінің тағайындалуы. 4
5. Балаларды тексеру және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ерекшеліктері. 4
6. Акушерлік-гинекологиялық тәжірибедегі шұғыл жағдайда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Ауруханадан тыс босанулар. 4
7. Жүйке жүйесінің патологиясы бар ауруларға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету. Эпилепсия. Психикалық бұзылыстары бар ауруларға көмек көрсету ерекшеліктері. Аралық бақылау № 1 3   1
8 Көз, құлақ ауруларында дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету. 4
9 Буындар таюда, сынықтарда, жарақаттарда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Қалақ қою ережелері. Тасымалдау мен иммобилизациясының ерекшеліктері. 4
10 Тері астына, бұлшықетке және көктамырға егудің әдістері. 4
11 Жануарлар уларымен жедел уланғанда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек. 4
12 Аллергиялық реакцияларда алғашқы көмек, анафилактикалық шок, Квинке ісігі, есекжем, дәрілік аллергия. 4
13 Суға тұншығуда, электрожарақаттануда, найзағаймен зақымдану кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек. Ауру күтімінің тәжірибесі. 4
14 Ми қанайналымының жедел бұзылыстарында көмек көрсетудің принциптері. Аралық бақылау № 2 3 1
15 Жұқпалы және тері ауруларында алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету. Асқазанды жуу, клизма қою әдістемесі. 4
Барлығы: 60 с.

10. Әдебиет:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1. Қатерлі жағдайлар кезіндегі шұғыл әрекеттері – Неотложные состояния при несчастных случаях – Emergency states in the case of accident: у әдістемелік құрал / А.Р. алпысова Алматы: Эверо, 2015.-168 б -95 экз.

2.Тұрланов , Қ.М. Жедел Медициналық жәрдем / Қ.М. Тұрланов , С.А. Қалқабаева. – 2-ші бас ., толықт. және өңд. – Алматы: Эверо, 2014.-444 с.-145 экз.

3. Фролькис, Л.С. Ішкі аурулар мен алғашқы медициналық –санитарлық көмек курсы. Тапсырмалар жинағы: мед колледж және училищелерге арналған оқу құралы / Л.С. Фролькис; жауапты ред. А.Н. Саржанова ; қаз. тілінде ауд. П.А. Омирбаева , Б.Т. Жумагулова.- М, : ГЭОТАР- Медиа, 2014 -456 бет.-56 экз.

4. Красильникова , И.М. Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек: оқу құралы / И.М. Красильникова , Е.Г. Моисеева ; жауапты ред. А.Н. Саржанова ; қазақ тілінде ауд. Г.Ж. Сағындықова .- М. : ГЭОТАР- Медиа, 2014 .- 208 бет -133 экз.

Орыс тілінде

1.Николаев Л:А. Доврачебная помощь при заболеваниях и отравлениях и уход за больными. учебное пособие/-Минск

2.Повышение качества медицинской помощи и безопасности пациентов в медицинских организациях : наглядное руководство / пер. с англ. Г. Э. Улумбековой ; под ред. С. С. Панисар. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2016. - 160 с.1экз.

3.Утепов, Д. П. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті басқаруды іске асыру [Электронный ресурс] : дис. ... магистр акад. дәрежесін алу / Д. П. Утепов. - Электрон. текстовые дан. (702Мб). - Шымкент : ОҚМФА, 2015. - 64бет с.1экз.

4.Консультант врача. Скорая медицинская помощь. Версия 1. 1. Руководства по скороймедицинской помощи. Фармакологический справочник. Стандарты медицинской помощи. МКБ-10. Дополнительная информация [Электронный ресурс] : практическая работа. - Электрон. текстовые дан. ( 16,0 Мб). - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - эл.3экз

5.Протоколы диагностики и лечения.

Қосымша:

1. Жедел медициналық жәрдем оқулық / Қ.М. Тұрланова ҚР денсаулық сақтау министрлігі; С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ; ҚазҰМУ-нің 80 жылдығына арналады.-2 бас ., толықт. және өңд.- Алматы: Эверо, 2013. -44 бет -50 экз

2.11 Қосымшалар:

№1 үлгі. 2017-2021 оқу жылдарына жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы

11.Оқыту әдістері :

- Тәжірибелік сабақтар: ауызша сұрау, тесттік сұрақтарды, жағдайлық есептерді шешу, манекенмен, фантоммен, муляжбен жұмыс істеу, шағын топтарда жұмыс жасау, ШМК станциясында және диспетчерлік бөлімде жұмыс.

- Студенттің өзіндік жұмысы:

Тесттік тапсырмамалар Тесттік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Уақытысында тапсырылған, маңызды, тапсырмалары жүйелі, ұқыпты. Біртиптік,жауаптары сәйкес, жауаптар алгоритімі бар, дұрыс жауаптары белгіленген.

Реферат: Рефератты студенттер тандай алады.Топпен бірлесіп дайындауға немесе бір бөлімді дайындайды. Реферат сұрақты толық ашып, ақпаратты және жеке шешімі болуы тиіс.Реферат өте ұқыпты жасалған және өз уақытысында тапсырылған, өз бетінше жазылған, 10 парақтан кем емес, кемінде 3 әдебиет көзі қолданылған. Реферат тақырыбына сай схемалар, кестелер, суреттер қолданылған. Реферат қорғау үстінде оны оқымай, өз сөзімен айтып береді. Қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап береді.

Презентация: Презентация өз қолымен жасалған, уақытылы тапсырылып, 20 слайдтан кем емес, кемінде 3 әдебиет көзі пайдаланған жағдайда. Слайдтар өте мағыналы, дизайнерлік және логикалық үйлесімі бар, тақырыпты ашқан жағдайда.

Баяндама: Реферат өте ұқыпты жасалған және өз уақытысында тапсырылған, өз бетінше жазылған, 10 парақтан кем емес, кемінде 5 әдебиет көзі қолданылған. Реферат тақырыбына сай схемалар, кестелер, суреттер қолданылған. Реферат қорғау үстінде оны оқымай, өз сөзімен айтып береді. Қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап береді.

Ситуациялық есеп студенттің таңдауымен жасалынады және өз бетінше дайындалады. Есептің негізі мазмұнды және клиникалық жағдайдан тұруы қажет. (Шағымы, анамнезі, объективті көріністер, диагностикалық зерттеулер қорытындысы …). Жауабы болуы шарт.

- Оқытушы жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы:тәжірибелік сабақта оқытылған тақырыпты тереңдетіп оқытып манекен, муляж, фантомда қайта көрсету; мейірбикелік араласу картасын құру және науқасты қарау, топта жұмыс, тесттік сұрақтарды, жағдайлы есептерді шешу, оқытушыдан пайда болған сұратарға кеңес алу, аралық бақылау алу.

12. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:                                                      

«ҚР жүйелі білім беру. Жоғарғы оқу орындарындағы білімді бағалау және бақылау. Негізгі бұйрықтар.» Қазақстан Республикасының біркелкі білім беру аймақтарында білім беру және бағалаудың әдістерін анықтау, оқушылардың оқу жетістіктерінің бағасының прициптері мен критерилерін бекіту, 5.03.006-2006 ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті жоғарғы білім стандартының мақсаты.

Әріпті жүйедегі баллды-рейтингті бағалау

Әріпті жүйеде Баллдың сандық эквиваленті Пайыздық құрамы Дәстүрлі бағамен жүйеленеді
А 4,0 95-100

Өте жақсы

А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89

Жақсы

В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74

Қанағаттанарлық

С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

· «өте жақсы» бағасы А бағасына сәйкес келеді, бұл кезде сандық эквивалент 4,0 және пайыздық құрамы  95-100%, ал А- болғанда, сандық эквивалент 3,67 және пайыздық құрамы 90-94% болады.

· «жақсы» бағасы В+ бағасына сәйкес келеді, бұл кезде сандық эквивалент 3,33 және пайыздық құрамы 85-89%, ал В болғанда, сандық эквивалент 3,0 және пайыздық құрамы 80-84%, В- бағасына сандық эквивалент 2,67, ал пайыздық құрамы 75-79% болады.

· «қанағаттанарлық» бағасы С+ бағасына сәйкес келеді, бұл кезде сандық эквивалент 2,33 және пайыздық құрамы 70-74%, ал С болғанда, сандық эквивалент 2,0 және пайыздық құрамы 65-69%, С- бағасына сандық эквивалент 1,67, ал пайыздық құрамы 60-64%, D+болғанда, сандық эквивалент 1,33 пайыздық құрамы 55-59 %, D болғанды , сандық эквивалент 1,0 және пайыздық құрамы 50-54% болады.

· «қанағаттанарлықсыз» бағасы F сәйкес келеді, бұл кезде сандық эквивалент 0 және пайыздық құрамы 0-49%.

Ағымдық бағалау

Ағымдық бағалау тәжірибелік және оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысын (ӨСӨЖ) сабақ кестесіне байланысты бағаланады.

Бағалау критерийлері:

Бағалау түрі Бағасы Бағалау критерийлері

Ауызша

 

Өте жаксы А(4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%) Студент мүдірмей барлық сұрақтарға дер кезінде жауап беріп, қателіктер болмаған жағдайда. Теория мен концепция жетік меңгерген, басқада білім саласымен ұштастыра білсе.
Жаксы В+(3,33; 85-89%) В (3,0; 80-84% ) В-(2,67;75-79% ) Дер кезінде сұрақтарға жауап беріп, қателіктері біршама қиын емес, студент өзі оқытушының көмегімен қателіктерін түзей отырса.
Қанағаттанарлық С+(2,33;70-74%) С(2,0; 65-69%) С-(1,67;60-64%) D+(1,33;55-59 %) D(1,0;50-54% ) Жауап беру кезінде қателіктер жіберіп, түзей алмаса, оқулықпен ғана шектеліп отырса, осы тақырыпты өрбіте алмаған жағдайда қойылады.
Қанағаттанарлықсыз · F (0; 0-49%) Үй тапсырмасын орындаған жоқ, тақырыпты талдауға қатыспаған жағдайда қойылады.

Ситуациялық есептерді шешу

Бағалау түрі Бағасы Бағалау критерийлері

ситуациялық есептерді шешу, талдау

Өте жаксы А(4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%) Студент белсенділік танытып, жүйрік ойлау қабілетін көрсете алғанда, басқада саладағы пәндермен ұштастыра білсе.
Жаксы В+(3,33; 85-89%) В (3,0; 80-84% ) В-(2,67;75-79% ) Студент белсенділік танытып, жүйрік ойлау қабілетін көрсете алғанда, жауап беру үстінде аздаған қателіктер жібіеріп, оқытушынның көмегімен өзі жөндеген болса.
Қанағаттанарлық С+(2,33;70-74%) С(2,0; 65-69%) С-(1,67;60-64%) D+(1,33;55-59 %) D(1,0;50-54% ) Жауап беру кезінде белсепсіз, қатысусыз қалып, ойын жинақтай білмесе.
Қанағаттанарлықсыз · F (0; 0-49%) Студент тапсырманы орындай алмады. Топ жұмысына қатыспады, оқытушы сұрақтарына жауап бермеді.

                           Реферат дайындау және қорғау

Бағалау түрі Бағасы Бағалау крителийлері

Рефератты дайындау және қорғау

Өте жақсы А (4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%) Реферат өте ұқыпты жасалған және өз уақытысында тапсырылған, өз бетінше жазылған, 10 парақтан кем емес, кемінде 5 әдебиет көзі қолданылған. Реферат тақырыбына сай схемалар, кестелер, суреттер қолданылған. Реферат қорғау үстінде оны оқымай, өз сөзімен айтып береді. Қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап береді.
Жаксы В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%); В- (2,67; 75-79%). Реферат өте ұқыпты жасалған және өз уақытысында тапсырылған, өз бетінше жазылған, 10 парақтан кем емес, кемінде 5 әдебиет көзі қолданылған. Реферат тақырыбына сай схемалар, кестелер, суреттер қолданылған. Реферат қорғау үстінде оны оқымай, өз сөзімен айтып береді. Қойылған сұрақтарға аздап қатателесіп жауап береді.
Қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%); С (2,0; 65-69%); С- (1,67; 60-64%); D+ (1,0; 50-54%) Реферат өте ұқыпты жасалған және өз уақытысында тапсырылған, өз бетінше жазылған, 10 парақтан кем емес, кемінде 5 әдебиет көзі қолданылған. Реферат тақырыбына сай схемалар, кестелер, суреттер қолданылған. Реферат қорғау үстінде оны оқып береді. Қойылған сұрақтарға қателесіп жауап береді.
Қанағаттанарлықсыз F (0; 0-49%) Студент тапсырманы орындай алмады. Топ жұмысына қатыспады, оқытушы сұрақтарына жауап бермеді.

 Тақырыптық презентациялар

Бағалау түрі Бағасы Бағалау критерийлері

Тақырыптық презентациялар

Өте жаксы А(4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%) Презентация өз қолымен жасалған, уақытылы тапсырылып, 20 слайдтан кем емес, кемінде 5 әдебиет көзі пайдаланған жағдайда. Слайдтар өте мағыналы, дизайнерлік және логикалық үйлесімі бар, тақырыпты ашқан жағдайда.
Жаксы В+(3,33; 85-89%) В (3,0; 80-84% ) В-(2,67;75-79% ) Презентация өз қолымен жасалған, уақытылы тапсырылып, 20 слайдтан кем емес, кемінде 5 әдебиет көзі пайдаланған жағдайда.Слайдтар өте мағыналы,дизайнерлік және логикалық үйлесімі бар.Жауап беру үстінде студент қателіктер жіберіп, сұрақ қойу арқылы қателігін жөндеген жағдайда.
Қанағаттанарлық С+(2,33;70-74%) С(2,0; 65-69%) С-(1,67;60-64%) D+(1,33;55-59 %) D(1,0;50-54% ) Презентация өз қолымен жасалған, уақытылы тапсырылып , 20 слайдтан кем емес,кемінде 5 әдебиет көзі пайдаланған жағдайда.Сапасы және тақырып мақсатына жете алмағанда,сұрақ қою барысында жауап алмаған жағдайда.
Қанағаттанарлықсыз · F (0; 0-49%) Студент тапсырманы орындай алмады. Топ жұмысына қатыспады, оқытушы сұрақтарына жауап бермеді.

Тесттік тапсырмаларды дайындау

Бағалау түрі Бағасы Бағалау критерийлері

Тестік тапсырмаларды дайындау

Өте жаксы А (4,0; 95-100%) А- (3,67; 90-94%) Тесттік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Уақытысында тапсырылған, маңызды, тапсырмалары жүйелі, ұқыпты. Біртиптік, жауаптары сәйкес, жауаптар алгоритімі бар, дұрыс жауаптары белгіленген. 
Жаксы В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%); В- (2,67; 75-79%). Тесттік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Уақытысында тапсырылған, маңызды, тапсырмалары жүйелі, ұқыпты. Біртиптік емес жауаптары бар, жауаптар алгоритімі бар, дұрыс жауаптары белгіленген
Қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%); С (2,0; 65-69%); С- (1,67; 60-64%);        D+ (1,0; 50-54%) Тесттік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Уақытысында тапсырылған, маңызсыз , тапсырмалары жүйесіз, ұқыпсыз. Біртиптік емес жауаптары бар,жауаптар алгоритімі бар, дұрыс жауаптары толық белгіленбеген
Қанағаттанарлықсыз F (0; 0-49%) Студент тапсырманы орындамаған жағдайда

Аралық бағалау Тестілеу

2.11.3 Қорытынды бағалау

Бағалау түрі бағасы Бағалау критерийлері

Тестілеу

Өте жаксы А (4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%) Тест тапсырмамалары бойынша 90-100% алынған.
Жақсы В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%); В- (2,67; 75-79%). Тест тапсырмамалары бойынша 75-89% алынған.
Қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%); С (2,0; 65-69%); С- (1,67; 60-64%); D+ (1,0; 50-54%) Тест тапсырмамалары бойынша 50-74 % алынған.
Қанағаттарлықсыз: F ( 0; 0-49%) Студент тест тапсырмаларын 49% кемі дұрыс болса.

Студентердің білімін бағалаудың тәртібі

Бағалау түрі бағасы Бағалау критерийлері

Тәжірибелік дағдыларды тапсыру

Өте жаксы   А (4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%) Тәжірибелік тапсырмаларды дұрыс орындаса, физиологиялық ізденістердің заманауи , тереңдігін көрсете білсе.Тәжірибелік жұмыс бойынша толық есебі бар.
Жақсы В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%); В- (2,67; 75-79%). Тәжірибелік тапсырмаларды дұрыс орындаса, физиологиялық ізденістердің заманауи , тереңдігін көрсете білсе.Тәжірибелік жұмыс бойынша толық есебі бар  
Қанағаттанарлық: С+ (2,33; 70-74%); С (2,0; 65-69%); С- (1,67; 60-64%); D+ (1,0; 50-54%) Тәжірибелік жұмысты дұрыс орындады, мұғалім көмегіне жүгінді. Жұмыс есептерінде қателіктер бар
Қанағаттанарлықсыз F (0; 0-49%) Тәжірибелік дағдыларды білмеді Тәжірибелік жұмысты дұрыс орындамады.  

Барлық бақылау түріне байланысты оқуды бағалау:

· Үлгерімнің ағымды бақылауы

· Аралық бақылау:тестілеу

· Қорытынды бақылау:емтихан тестілеуімен және тәжірибелік дағдыларды қабылдау.

 Оқушының оқу жетістігі әрбір пән біткеннен кейін қорытынды бағамен                                    бағаланады, бұл жіберу рейтингі мен қорытынды бақылау жұмысының бағасынан құралады.

Жіберу рейтингінің бағасыбұл аралық бақылау бағасы мен үлгерімнің ағымды бағасынан тұрады (аралық бақылау, міндетті түрде екеу болады)

·  Ағымды бақылау ағымды бағалардан тұрады: семинардағы және                           тәжірибелік сабақты алған, өзіндік жұмысты атқарған кезде қойылады.

·  Ағымның және аралық бақылаудың бағасын сабақ жүргізуші мұғалім қояды.

·  Жіберу рейтингін санау барысында міндетті түрде ағымды бақылау, аралық бақылау.

Оқушының оқу жетістігінің деңгейі әрбір пән бойынша анықталады

· Қорытынды баға

· ҚБ= ЖРБ х 0,6 +ҚББ х 0,4:

· ҚБ – қорытынды баға

· ЖРБ –жіберу рейтингісінің бағасы

· ҚББ –қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

· ҚББ= ЖРБ х 0,6 + ҚББ х 0,4:

· ЖРБ (ОРД) 60 % құрайды ҚБ (ИО)пән боынша білімі

· ҚББ  40 % құрайды пән бойынша білімі

· Қорытынды баға, оқушы қорытынды бақылауда және жіберу рейтингіде жақсы бағалар алатын болса ғана есептеледі

Оқушы қорытынды бақылау немесе жіберу рейтингісінің бағасын аппеляцияға бере алады. Бұл мақсатта жоғарғы оқу орны аппеляциялық комиссия құрады. Комиссия құрамы біліктілігі жоғары мұғалімдерден тұрады.

Қайта тапсыру бағасы оң және қанағаттанарлықсыз болуы да мүмкін.

· Жіберілу рейтинг бағасы

· ЖРБ=АғББ+АрББ/2, мұндағы:

· АғББ– үлгерімнің ағымды бақылау бағасы

· АрББ– аралық бақылау бағасы

· АғББүлгерімнің АғБ=

· Ағымды бағалар

· + СӨЖ бағасы

· + тәжірибелік дағдылар бағасы

· n – үлгерімнің ағымды бақылау жұмысының барлық түрлері

 

 


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 1182; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!