ЗИЯН КЕЛТІРУ ТУРАЛЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Идрышева С.Қ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ. ЕРЕКШЕ БӨЛІМІ

ПРАКТИКУМ

САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫ

В Караганде начальник отдела банка организовал банду кредитных мошенников

АСТАНА. КАЗИНФОРМ — Казыбекбийским районным судом города Караганды рассмотрено уголовное дело в отношении трех граждан, обвиняемых в совершении кредитного мошенничества, сообщается на сайте облсуда.

Лидер преступной группы с июня 2013 года по август 2015 года занимал должность начальника отдела безопасности и защиты информации филиала ДБ АО «Сбербанк России». Используя свое служебное положение, он задался преступным умыслом, направленным на совершение хищения денежных средств путем обмана и злоупотребления доверием, принадлежащих ДБ АО «Сбербанк России».

Осуществляя свою трудовую деятельность, он решил организовать преступный промысел, связанный с хищениями денежных средств банка, в связи с чем принял решение вступить в преступный сговор с коллегами банка. Его целью было хищение денежных средств банка посредством оформления кредитных займов на физических лиц, не имеющих возможности на законных основаниях получить данный кредит. С целью развития криминального бизнеса он вступил в преступный сговор со своей супругой и нигде неработающим лицом.

Приговором суда экс-начальника отдела безопасности и защиты информации филиала ДБ АО «Сбербанк России» признан виновным в совершении уголовного правонарушения. Ему назначено наказание сроком 7 лет 6 месяцев лишения свободы с конфискацией имущества.

Супруга экс-начальника отдела безопасности и защиты информации филиала ДБ АО «Сбербанк России» признана виновной в совершении уголовного правонарушения. Ей назначено наказание сроком 3 года 6 месяцев лишения свободы с конфискацией имущества, согласно п.п. 2 п. 1 статьи 4 Закона РК «Об амнистии в связи с двадцатипятилетием Независимости РК» срок наказания сокращен, и окончательно к отбытию определено наказание в виде лишения свободы сроком 1 год 9 месяцев.

Третий фигурант дела — безработный — признан виновным в совершении уголовного правонарушения. Ему назначено наказание сроком 5 лет лишения свободы с конфискацией имущества.

Айтпаев Сәбитовтан сиыр сатып алады. Біраздан кейін Айтпаев сатып алынған сиырдың ауру екеніне көз жетеді. Ветеринарлық клиникаға барғанда, оған мал дәрігері сиырды союға кеңес береді. Сиырды сойғанда оның қарнынан ине табылады. Мал дәрігерінің қорытындысы бойынша сиыр сатылмай тұрып ауырған. Сойылған сиыр етін сатып, Айтпаев шығындарын есептейді де, Сәбитовтан олардың орнын толықтыруды талап етеді. Алайда Сәбитов Айтпаевтың талабын орындаудан бас тартады. Ол сау мал сатқанын, тіпті қалай да болса оның ауру екендігі туралы түк білмегенін айтады. Сонымен қатар, Айтпаевтың сиыр ауру екенін біле салысымен дереу хабарлау керектігіне сілтейді. Айтпаев болса, сиырдың ауырған себебін білмей, сатушыға талап қоюға негіз жоқ болғанын, ал сиыр сойылған соң тездеп етін сатып, келтірілген шығындарды есептеу қажет болғанын айтады. Сондықтан да Айтпаевтың ойынша, ол Сәбитовқа деген талабын уақытында жасап отыр.

Дауды қалай шешуге болады?

 

Ақтаудан көшіп келіп, Қалиасқаров күзде Астанада Сарыбасовтан үй сатып алады. Келесі жылдың көктемінде жер асты сулары үйдің астындағы қоймаға еніп, үйдің ұстап тұрған бағаналарын шаяды да, үй жантая бастайды. Қалиасқаров сатушыдан үйге төленген ақшалай соманы қайтарып, шартты жоюды, не болмаса жауапкерден үйдің бұзылған жерлерін жөндеу жұмыстарына жұмсауға қажетті шығындар сомасын төлеп беруді сұрап, талап арыз ұсынады.

Сотта Сарыбасов тап қазір әңгіме үйдің өзінен табылған кемістіктері туралы емес екенін айтады. Оның үстіне, сатылған үй маңындағы жер асты сулары әр көктем сайын үй астындағы қоймаларды суға толтырып жіберетінін бәрі де біледі деп талапты қанағатттандырудан бас тартады.

Қалиасқаровтың талап арызы қанағаттандырылуға жата ма?

 

Асанова базарда орналасқан дара кәсіпкерден әдемі көйлек сатып алып, оны үйіне келген құрбысына көрсетеді. Құрбысы оған: көрші дүкенде тура осы көйлек едәуір арзан бағаға сатылатындығын хабарлайды. Асанова базарға қайтып келіп, сатушыдан осы көйлектің бағасын өзінің көрші дүкеніндегідей арзандатуды талап етеді, яғни, оның пікіпінше, «артық алған ақшасын қайтарып беруді» талап етті. Немесе сатып алған көйлегін қайта алып, ақшасын қайтарып беруді талап етеді. Дара кәсіпкер оның талабын қанағаттанлдырудан бас тартты. Асанова Сауда орталығының (базардың) әкімшілігіне шағым жазып, кәсіпкерді жауаптылыққа тартуды сурайды.

Жағдайды реттеңіз.

Егер Асанова көйлекті сатып алғаннан кейін үйде оны киіп дұрыс қарағанда оның астарында қисық, сапасыз тігіндер және өзге кемшіліктер бар екендігі анықталса, Асанованың осындай талабы қанағаттандыруға жата ма?

 

Серікжанов комиссиялық дүкенге скрипка сатып алу үшін келеді. Скрипка қияғымен бірге қынапта жатқан болатын және олардың қасына бағасы қойылған. Серікжанов кассаға барып, көрсетілген сомаға чек соқтырып алады. Сатушы Серікжановқа қияқ пен қынапсыз тек скрипканы береді. Серікжанов қияқ пен қынаптың берілуін талап етеді. Сатушы оған баға тек скрипка үшін қойылғанын айтып жауап береді.

Бұл дауда кімдікі дұрыс?

 

Қосаев 15 мамырда Сауда орталығында орналасқан дүкеннен костюм және туфли сатып алды. Үйге келіп, Қосаев костюмді тағы да киіп, дұрыстап айнаның алдында қарағанда, оның түсі мен фасоны оған ұнамады. Жұмыстан қолы бос болмағандықтан, ол дүкенге келесі жексенбіде, 22 мамырда баруды ұйғарды.

Ал туфлиді Қосаев ертеңінде кие бастап, жұмысқа барып жүрді. Алайда, 3 күннен кейін, жұмыстан қайтып келе жатқанында, басқышта бір туфлиінің табаны үзіліп қалды.

21 мамырда Қосаев дүкенге келіп, костюмді басқа түсі/түріне ауыстыруды сұрайды, ал туфлидің ақшасын қайтаруды талап етеді.

Сатушы оған костюмнің сапасы жақсы, оны айырбастауға ешбір негізі жоқ екендігіне сілтеп, айырбастаудан бас тартты. Ал сапасыз туфлидің орнына басқа туфли алуды ұсынды, ақшасын қайтарудан бас тартты.

Жағдайды реттеңіз.

Егер Қосаев дүкенге осы талаптарымен 1 айдан кейін келсе, шешіміңіз өзгере ме?

 

 

Имашев жиһаз гарнитурын сатып алып, өзінің танысы Омаевамен жаңа пәтердің құжаттары мен кілттеріні алғанша Омаеваның пәтерінде сақтауға өзінің гарнитурын қалдыратыны және бұл қызметі үшін оған сыйақы төлейтіні туралы ауызша келісті. Өз пәтерінің кілтін алғаннан кейін Имашев гарнитурды алып кетуге келген кезде гарнитурдың құрамына енетін екі кресло мен журналды үстелдің жоқтығын анықтады. Омаеваның айтуынша, Имашев бұл заттарды оған сақтауға берген жоқ. Ал Имашев гарнитурдың барлығын бірден дүкеннен алып келгенін айтты, оған дәлел ретінде Омаеваның пәтеріне гарнитурды апаруға және түсіруге көмектескен үш куәгерді келтірді. Дау соттың қаралуына берілді.

Істі шешіңіз.

Егер Омаева әкелінген кресло мен үстелден түсі мен сапасы бойынша ерекшеленетін кресло мен үстелді берсе, шешім өзгере ме?

 

 

Бараева супермаркет дүкенінде балалар жейдесін, ер көйлегін, 2 журнал, және тағам бұйымдарын таңдап алып, оларды арнайы тасымалдау арбасына салып жүреді. Шараптар бөлімінде ол «Мартини» шарабын таңдап, оны арбаға саларында шөлмек қолынан түсіп кетіп, арбаның темір құралдарына соғылып, шағылады да, арбаның ішіндегі тауарлар мен тағамдар суланып, тауарлық сапасы бұзылады. Бараева бұл тауарлардың құнын өтеуден бас тартады.

Бұл келісім шарт қайсы шарттарға жатады және қайсы сәттен жасалды деп саналады? Бараева сапасы бұзылған тауарлардың құнын төлеуге міндетті ме?

 

Саматов және Фаизов тұрғын үйдің меншік иелері болған (тең бөліктегі). Саматовтың кінәсінен үйде өрт болғаннан кейін, үйді жөндеуге тура келеді, осы себептен олардың қарым-қатынастары бұзылып, Саматов өзіне тиісті тұрғын үйдің бөлігін сатуға және басқа жерге көшуге шешім қабылдайды. Делдал арқылы ол Фаизовқа өзінің ниеті және үйдің өзіне тиісті бөлігін қаншаға сататыны туралы ауызша нысанда хабарлайды. Фаизовтың тарапынан ешқандай жауап түскен жоқ.

Біраз уақыттан кейін Саматовтың тұрған бөлігіне Аманов келіп, оның Саматовпен сыйға тарту шартын жасасқандығын хабарлайды, осы шартқа сәйкес соңғысы Амановқа өзіне тиісті үйдің бөлігін ақысыз берген. Фаизов өзін меншік иесі ретінде үйдің бөлігін алуға басымдылық құқыққа иемін деп, үйдің осы бөлігін өзіне беру туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

Дауды шешіңіз.

 

«Акционерлік қоғам» «ЖШ серіктестікке» құрылыс материалдарын тауар жеткізілімі шарты бойынша сатып беруге міндеттенеді. Шартты жасасу кезінде серіктестік құрылыс материалдар құнын толығымен төлейді, бірақ АҚ-нан материалдың тек жартысын алады, өйткені ұсынылған материалдардың қалғаны жарамсыз болады да серіктестік оларды қабылдаудан бас тартады. Кейіннен, бірнеше ай аралығында, АҚ серіктестік сұрауы бойынша соңғысына жасасқан шарттың орындалу есебіне материалдардың кішігірім партияларын беріп тұрады, алайда жалпы алғанда, шарт жартылай орындалмаған болып қалады. АҚ-ның қайта кәсіптеніп, құрылыс материалдарымен айналысуды тоқтатқанын біліп, серіктестік одан қарызды өтеуді талап етеді. Акционерлік қоғам шарт жасасу сәтінен 3 жыл және 2 ай өткенін, сондықтан да талап қою көнелігі өтіп кеткенін мәлімдеп, талапты орындаудан бас тартады. Серіктестік талап арызын сотқа береді.

Іс бойынша қандай шешім қабылдануы тиіс?

 

 

«ЖШ Серіктестіктің» өндірістік қызметінің негізгі бағыты бойынша құрғақ қоспаны дайындап сату үшін оған үнемі цемент қажет болып турады. Ол цементті Шығыс Қазақстан облысындағы «Жаңа Бұқтырма цемент зауыты» ЖШС-і тауар жеткізілімі келісім шарты бойынша айына бір рет 60 тонна көлемінде жіберіп тұру қажет болатын, және Новосибирск қаласындағы «Сибирь» АҚ цемент зауыты әр тоқсанда бір рет 60 тонна цемент жіберіп тұруға міндеттелген.

Алайда «Жаңа Бұқтырма цемент зауыты» жаз айларында зауытты жөндеуге байланысты өндірісін тоқтата турып, келісім шарт бойынша міндеттерін орындамады. Оның ішінде шарт бойынша ол 2013 ж. маусым, шілде, тамыз айларында 180 тонна цемент жібермей, бірақта сол айларда жіберілетін тауар үшін алдын ала төленген 6 миллион теңгені де қайтарып бермеді, ал зауыттың қызметін тоқтата турғандығы туралы хабарламаны тек 02 тамыз күні ғана жіберіпті.

Соның салдарынан «ЖШ Серіктестік» жұмыскерлерінің басым пайызын кезекті ақылы немесе ақысыз демалыстарға жіберуге мәжбүр болды.

Сонымен қатар Серіктестіктен құрғақ қоспаларды сатып алушы сауда фирмалары тауардың сатылымға жеткіліксіздігіне байланысты көптеген наразылықтар жібере бастады, себебі бұл тауардың ең жоғары сұранысы жаз айларына келіп түседі. Сауда фирмалары «ЖШ Серіктестіктен» жасалған келісім шарттарына негізделе отырып, ол құрғақ қоспаларды тиісті мезімдерде саудагерлерге тапсырмағаны үшін тиесілі өсімдер мен айыппұлдар төлеуді талап етті. Айыппұлдардың жалпы көлемі 500 мың теңге болды.

«ЖШ Серіктестіктің» әкімшілігі заңгерге көмек алу үшін жүгінді.

Заңгер қандай әрекеттер жасау қажет?

Борышкерлерге наразылықтар жазыңыздар және келіп түскен наразылықтарға жауап беріңіздер

 

 

Серіктестіктің өндірістік қызметінің негізгі бағыты бойынша құрғақ қоспаны дайындап сату үшін оған үнемі цемент қажет болып турады. Ол цементті Новосибирск қаласындағы «Сибирь» АҚ цемент зауыты әр тоқсанда бір рет 60 тонна жіберіп туруға міндеттелген.

«Сибирь»акционерлік қоғамынан үшінші тоқсан есебінен 60 тонна цемент келеді. Серіктестік қызметкерлері оны қабылдап, өндіріске енгізуге дайындалу барысында ол цементтің сапасы келісімшартта көзделген М-600 маркалы емес, одан төмен М-400 маркалы екенін анықтайды. Бұл цементтен жасалатын құрғақ қоспа едәуір арзан бағамен сатылуға жатады және де ол жоғары сұранысқа ие болмайды.

Осыған байланысты серіктестіктің құқықтық бөлімінің әрекеттері қандай болу қажет?

 

 

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Екібастұз қаласының әкімшілігі сотқа азамат Есжановтың меншігіне жекешелендіру жайында заңнамасы бойынша пәтерді беру туралы келісім шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінеді. Әкімшіліктің негіздемесі бойынша, бұл келісім шартқа Есжановтың өзі емес, ол қайтыс болғаннан кейін оның қызы Айман қол қойған. Айманның өкілеттілігі сенімхатқа негізделген болатын, бірақта сенім білдірушінің (Есжановтың) қайтыс болуына байланысты бұл сенімхаттың күші жойылған болып табылады.

Есжанова Айман өзінің қарсы талап арызында келесі мәліметтерді келтірді: оның әкесі тірі кезінде бұл пәтерді жекешелендіру туралы арызбен қоса барлық тиісті құжаттарды әкімшілікке тапсырған болатын. Яғни ол өзінің пайдаланып жүрген мемлекеттік пәтерін жекешелендіруге бағытталған еркін (қалауын) анық және нақты білдірген. Бірақта тірі кезінде ол ауырып қалғанына байланысты жекешелендіру құжаттарын тиісті нысанда рәсімдеп үлгермеді, ал қолданыстағы заңнамалар бойынша оған жекешелендіруге ешбір қарсылықтар болмаған.

Сот осы жағдайда қандай шешім шығару қажет?

Шешімді толық негіздеңіздер.

 

 

«Орда», «Самал» және «Айқын» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер консорциалдық шарт жасасып, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі тарабынан мемлекеттік сатып алу-сату жөнінде жарияланған конкурсқа қатысу үшін осы консорциумның атынан тиісті құжаттамаларын тапсырады.

Бірақта тендер ұйымдастырушы мемлекеттік орган консорциумды әлеуетті өнім берушілердің санынан шығарып тастады, оның себебін: консорциум заңды тұлға ретіндегі құжаттары тапсырылмаған деп негіздеді.

Қалыптасқан жағдайды талдаңыз

 

Табаев өзінің немересі Алтайға ол институтты бітірген соң «Хюндай» фирмасы автокөліктерінің кез келген маркасын сыйға тартуға үәде беріп, ол туралы жазбаша «Міндеттеме» берді. Бірақта бір жылдан кейін Табаев қайтыс болды. Институтты бітірген соң Алтай атасы Табаевтің мұрагерлерінен оған Табаев үәде берген автокөлікті сыйға беруді талап етеді немесе сондай автокөліктің орташа бағасына тең ақшаны беруді талап етеді. Мұрагерлер оның талабын қанағаттандырудан бас тартады.

Істі шешіңіз

 

«Қазэнерго» акционерлік қоғамы сотқа шартқа сәйкес электр энергиясының төлемі туралы қарызын және міндеттемелерді орындамағаны үшін өсімақыны өндіртіп алуы туралы ҚР Білім және ғылым министрігіне (БҒМ) қарайтын № 62 тәжірибелік мектеп-гимназиясына талаппен сотқа жүгінді. Жауапкер ретінде ҚР БҒМ да мектеп-гимназияның құрылтайшысы болғандықтан іске тартылды.

Мектеп-гимназия төлем есебіне дауласпады. Өздерін ақтау ретінде бюджеттік қаржыландырудың (ақшаның) жоқтығына және кәсіпкерлік қызметтен қаржының болмауына сілтеме жасады.

Іс қалай шешілуі тиіс?

 

 

Нотариустың қатысуымен ауыр науқас Боташев нақты некелік жағдайдағы Қанатоваға тұрғын үйді сыйлайтыны туралы шартқа қол қойды. Қанатова қол қойып үлгермеді, науқастың жағдайын жеңілдету мақсатымен осы жерде түрлі әрекеттерді жасаумен айналысып, бірақта Боташев қайтыс болады. Нотариус Қанатоваға шартқа қол қоюға тыйым салады және оны жасалмаған деп таныды, үй Боташевтың заң бойынша мұрагерлеріне беріледі деп хабарлады. Қанатова нотариус әрекетіне сотқа шағымданды.

Сот қандай шешім қабылдауы керек.

    

 

Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы – 75 жасар Қалиева - өзіне тиесілі екі бөлмелі пәтерді Қазбековтің меншігіне берді, ол Қалиеваны асыраумен өмір бойы бағуды жүзеге асыруға міндеттенді. 

Шартта ақшалай сомада асыраумен бағудың барлық көлемінің құны анықталды, бұл заң актілерінде белгіленген ең төменгі жалақының екі көлемі деп белгіленді.

 Бұдан өзге, шартта Қазбековтың Қалиеваны жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу де көзделеді. Қалиева шарт жасалғаннан кейін өзінің саябақтық үйіне көшіп кетеді, ал Қазбеков шарт талаптарына сәйкес асырауға рента төлемдерін төлеп отырды.

Үш жылдан соң Қазбеков Қалиеваның екі бөлмелі пәтерін оның келісімінсіз үш бөлмелі үйге ауыстырады. Ауыстыру туралы білген Қалиева сот тәртібімен Қазбековтен ҚР Азаматтық кодексте белгіленген тәртіпте пәтердің сатылған құнын өзіне төлеуді талап етеді. Қазбеков өз кезегінен сотқа Қалиевадан оны рента алушы ретінде асырауда ұстауына байланысты кеткен шығындардың құнын қайтару туралы қарсы талап берді.   

Қандай жағдайда Қазбеков жерлеуге жұмсалған шығындарды төлеу керек?

Қандай жағдайларда Қазбеков Қалиеваның екі бөлмелі пәтерін үш бөлмелі пәтерге айырбастау құқығына ие болушы еді?

Қалиеваның Қазбековке қатысты талаптары заңды ма?

Қалиеваның екі бөлмелі пәтерінің өтеуін төлеп алудың бағасы қалай есептелуі керек?

Қазбековтың Қалиеваға қатысты талаптары заңды ма?

Есепте көрсетілген екі талап бойынша сот қандай шешім шығару керек?

 

 

ТАУАР ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫ

 

1.Алматыдағы "Ауыр машина жасау зауыты" «Көлік көтергіш жабдықтар зауытына» порталды крандар үшін электр моторларын жөнелтеді. Жүк мерзімінен 10 күн кешігіп келеді. Моторлардың уақытында жеткізілмеу себебінен зауыт Атырау портына крандар жеткізу міндеттемесін орындай алмай қалады да, соңғысына шартты орындау мерзімін бұзғаны үшін айып төлейді. Осыған байланысты «Көлік көтергіш жабдықтар зауыты» Темір жол ұйымынан жүкті (электрмоторларды) кешіктіріп жеткізгені үшін айып төлеуді және сатып алушыға краңдарды мерзімінен кешіктіріп жеткізгені үшін төлеген, сонымен қоса Каспий пароход ұйымына жүкті (крандарды) тасымалдауға бермегені үшін төлеген айыппұлдар шығындарының орнын толтыруды талап етеді.

1. Бұл жағдайда қандай азаматтық қатынастар қалыптасқан?

2. Ситуация қандай келісім шарттарды сипаттайды?

3. Субъектілердің түрлері және олардың арақатынасы туралы сызба арқылы көрсетіңіз.

4. Зауыт талаптарын қанағаттандыруға бола ма?

5. Толық жауабын беріңіз

"Шығыс" акционерлік қоғамы "Монтаж" кооперативімен тауар жеткізілімі шартын жасайды, шарт бойынша кооператив АҚ-ға персоналды компьютерлерді жеткізіп, оларды компьютерлік класстарға орнатып, бірыңғай жүйеге қосып, әрі келешекте қажет болған жағдайда жөндеп тұруға келіседі. Шартта қарастырылғандай компьютерлер 1-ші қыркүйектен кешіктірілмей қойылуы тиіс еді, себебі «Шығыс» АҚ-да қыркүйек айынан осы компьютерлік класстарда сабақтар басталады. Бірақ 20 тамызда Кооператив бағалардың көтерілуінен қоғам үшін компьютерлерді дер кезінде алмаған соң, оларды сатып алып орнатып бере алмайтынын мәлімдейді.

Қоғам компьютерлерді сатып алудың және орнатудың барлық шығындарын "Монтаж" кооперативіне жүктеп, "Сауран" компаниясына компьютерлерді сатып алуды және орнатуды тапсырады.

Жұмыстар орыңдалып болған соң, Қоғам «Монтаж» кооперативінен компьютерлер үшін төленген ақшаны қайтарып беруді, компьютерлерді жүйеге қосу және қызмет көрсету жұмыстарын орындауды талап етеді. Кооператив өкілі компьютерлерді сатып алу және орнату «Сауран» компаниясымен жасалып, «Шығыс» акционерлік Қоғамы өзі шартты бүзғанын және сондықтан да ақшаны қайтару, компьютерлерді жүйеге қосу жұмыстарын Кооператив жасамайтынын айтады. Қоғам сотқа талап арыз береді.

Бұл дауда кімдікі дүрыс?

 

4. Алматыдағы "Ауыр машина жасау зауыты" Көліктік көтергіш жабдықтар зауытына порталды крандар үшін электрмоторларын жөнелтеді. Жүк мерзімінен 10 күн кешігіп келеді. Моторлардың уақытында жеткізілмеу себебінен зауыт Атырау портына крандар жеткізу міндеттемесін орындай алмай қалады да, соңғысына шартты орындау мерзімін бұзғаны үшін айып төлейді. Осыған байланысты Көліктік көтергіш жабдықтар зауыты Темір жол ұйымынан жүкті (электрмоторларды) кешіктіріп жеткізгені үшін айып төлеуді және сатып алушыға краңдарды мерзімінен кешіктіріп жеткізгені үшін төлеген, сонымен қоса Каспий пароход ұйымына жүкті (крандарды) тасымалдауға бермегені үшін төлеген айыппұлдар шығындарының орнын толдыруды талап етеді.

Зауыт талаптарын қанағаттандыруға бола ма?

 

5. Супермаркет дүкені тасымалдаушыға — Алматы Темір Жол Басқармасына және өнім берушіге - ет комбинатына жауапкер ретінде жетіспеген еттің орнын толықтыру туралы талап арызын береді. Жүк бүтін вагонда, бірақ пломбасы жоқ күйде келеді. Оны ашқанда вагонның толығымен жүктелгені және жетіспеген жүк мөлшері оған сыймайтыны анықталады. Еттің кесілгені және басқа зақымдары байқалган жоқ. Бұл жайттар ет комбинатының экспедиторымен расталып, коммерциялық актіде көрсетілген.

Жүктің жетіспеушілігіне кім жауап тартуы тиіс? Егер жүк жіберуші жөнелткен вагон белгіленген бекетке дұрыс күйде және пломбаларын сақтап келген болса, шешім өзгере ме?

 

 

«Алау» ЖШС оған шаруа қожалығы келісім шарт бойынша ауылшаруашылық өнімдерін тиісті көлемде және мерзімде тапсырмағаны үшін сол шаруа қожалығының басшысын – азамат Омаровты жауапкер ретінде көрсетіп, сотқа талап арыз береді. Талапты қамтамасыз ету үшін ЖШС Омаровтың жеке мүлкіне тыйым салуды талап етеді.

Сот отырысын дайындау барысында судья бұл талап арызды қайтаруға ұйғарым шығарып, талапкерге жауапкердің заңды тұлға екендігін, сондықтан жауапкердің толық реквизиттерін көрсетуді, және тыйым салынатын мүлкінің бар-жоғы екендігі туралы деректемелер келтіруді талап етеді.

Қалыптасқан жағдайды заңнама тұрғысынан сипаттап, дұрыс жауабын беріңіз

 

25. Жеке кәсіпкер Бигозин және «Заря» ЖШС арасында шарт жасалды, осыған сәйкес «Заря» ЖШС үш ай ішінде 900 мың теңге сомасына теледидарларға қосалқы бөлшектер жеткізуге міндеттенеді. Туындаған қиындықтарға байланысты Бигозин өзінің міндеттерін толық орындай алмады. Онымен және «Заря» ЖШС арасында іскери серіктестік қалыптасқандықтан, шарт бойынша серіктес Бигозиннің жағдайы жақсарғанша, соның кесірінен қоғамда туындаған өз қарызын және шығынын жаба алатындай уақытша күте тұрмақшы болады. Дегенмен Бигозиннің ісі нашарлай бастайды. Тек төрт жыл өткеннен соң ғана сол сәтке жинақталған 150 мың теңге өз қарызын жаба алды. Осындай міндетемелерін орындауды кешіктіру арқасында серіктер арасында қарым-қатынас нашарлайды. «Заря» ЖШС екінші рет Бигозинмен бұдан әрі қатынасқа түспеу шешімін қабылдайды, осы шешімін Бигозинге жеткізеді. Ренжіп қалған Бигозин сотқа оған 150 мың теңгені қайтару туралы талап қояды, өйткені қоғамға осы ақшаны төлеу сәтінде оның міндеттемесі бойынша талап қою мерзімі өтіп кеткен еді.         

Іс қалай шешілуі керек?

«Қанат» ЖШС (Астана қ.) тауардың алдын ала төлемін жүргізіп, ИНКОТЕРМС-2010, CFR – Ақтау порты шарттарында Бразилияда тіркелген - «Trade inkorporation» ұйымымен сатып алу-сатудың сыртқы экономикалық шартын жасасты. Алайда шартпен белгіленген мерзімде (2013 ж. 10 маусымы) тауар Астана қ. жеткізілген жоқ, оған байланысты сатып алушы жеткізушіден түсініктемелер сұратты. Жеткізуші коносаменттің көшірмесін факспен жіберді, бұл көшірмеден тауар теңіз көлігіне шартпен қарастырылған мерзімде, яғни 2013 жылдың 20 мамырында тиеліп жіберілгені анықталды.

Сатып алушының темір жол станциялары бойынша жүкті іздеулерден еш нәтиже болмады, берілген тасымалдау құжаты бойынша мұндай жүк ешбір станциядан өтпеген болып шықты. Мүліктік құқықтары бұзылғандығына байланысты «Қанат» ЖШС «Trade inkorporation» ұйымына төленген тауардың құнын қайтару мен оның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін пайыздарды төлеу талабымен Қазақстандық халықаралық арбитражына жүгінді (бұл туралы шартта арбитраждық ескерту қарастырылған).

Алайда талап қанағаттандырылған жоқ, себебі жауапкер тауарды тиісті мерзімде жіберген екен, ал ол тауар Ақтау теңіз портында жарты жылға жақын уақытта жатыр екен. ИНКОТЕРМС-2010, CFR – Ақтау порты шарттығы бойынша «Қанат» ЖШС темір жолдан іздеудің орнына, осы Ақтау портына келген тауарды темір жол көлігіне тиеп, қосымша тасымалдау шартын жасасу қажет болатын.

 Одан басқа, үшінші тұлға ретінде тартылған Ақтау теңіз порты арызданушыға 6 ай ішінде жүкті сақтау қызметтерді және контейнерлердің тұрып қалуы үшін айыппұлдық санкцияларды өндіріп алу туралы қарсы талап берді, сонымен қатар айыппұлды әрі қарай есесптемеу үшін жүкті дереу шығаруды талап етті.

Сұрақтар:

INKOTERMS (ИНКОТЕРМС) ережелері деген не?

CFR – Ақтау порты шарты нені білдіреді?

Арбитраждың шешімі заңды ма?

Ақтау теңіз портының талаптары заңды ма?

 

Инкоте́рмс(ағыл. Incoterms, International commerce terms) — сыртқы сауда саласында кеңінен пайдаланылатын сауда терминдерінің бірмәнді түсіндірілуін қамтамасыз ететін сөздік форматындағы халықаралық қағидалар, ең негізгісі франко — жауапкершіліктің сатушыдан сатып алушыға ауыстырылу жері. Халықаралық сауда терминдері дегеніміз халықаралық қабылданған құжатта анықталған халықаралық сату-сатып алу шарттарының стандартты талаптары болып табылады.Бұл халықаралық саудада әлем бойынша ең көп пайдаланылатынтерминдердің үкіметтік органдармен, заңды тұлғалармен және коммерсанттармен мақұлданған халықаралық қағидалар.

Қағидалар ең алғаш рет 1936 жылы Халықаралық сауда палатасымен жарияланды, бірінші редакция «Инкотермс-1936» деген атпен белгілі. Түзетулер мен толықтырулар кейінірек 1953, 1967, 1976, 1980, 1990, 2000, 2010 жылдары жасалды.

Инкотермс терминдерінде реттелетін негізгі қағидалар:

· сатушы мен сатып алушы арасында тауарды жеткізу бойынша көлік шығындарын бөлу, яғни сатушы қандай шығындарды және қай кезге дейін және сатып алушы қандай шығындарды және қай кезден бастап екендігін анықтау;

· жүктің зақымдану қаупі, жоғалуы немесе кездейсоқ апат болуының сатушыдан сатып алушыға ауысу кезі;

· тауарды жеткізу күні, яғни сатушының сатып алушыға немесе оның өкіліне тауарды нақты тапсыру кезін анықтау— мысалы, көлік ұйымының — және сәйкесінше сатышының жеткізу мерзімі бойынша өз міндеттерін орындауы немесе орындамауы.

 

Инкотермс-2010-да 11 терминге анықтама берілді, оның ішінде 7-уі негізгі тасымалдаудың кез келген түріне пайдаланылады.

1. EXW (ағыл. ex works, франко-қойма, франко-зауыт): сатып алушы тауарды сатушының шартта көрсетілген қоймасынан өзі алып кетеді, экспорттық бажды төлеу сатып алушының міндеті болып табылады.

2. FCA (ағыл. free carrier, франко-тасымалдаушы): тауар тасымалдаушының шартта көрсетілген жөнелту терминалына жеткізіледі, экспорттық бажды сатушы төлейді.

3. CPT (ағыл. carriage paid to…): тауар тапсырыс берушінің негізгі тасымалдаушысына жеткізіледі, шартта көрсетілген келу терминалына дейін негізгі жеткізу үшін сатушы төлейді, сақтандыру бойынша шығындар үшін сатып алушы жауапты, негізгі тасымалдаушының импорттық кедендік тазартуды және келу терминалынан жеткізуді сатып алушы жүзеге асырады.

4. CIP (ағыл. carriage and insurance paid to…): CPT-мен бірдей, бірақ негізгі тасымалдауды сатушы сақтандырады.

5. DAT (ағыл. delivered at terminal): шартта көрсетілген импорттық кеден терминалына дейінгі жеткізу ақысы төленді, яғни сақтандыруды қоса есептегенде, экспорттық төлемдер мен негізгі тасымалдау үшін ақыны сатушы төлейді, импорт бойынша кедендік тазартуды сатып алушы жүзеге асырады.

6. DAP (ағыл. delivered at point): шартта көрсетілген белгіленген жерге жеткізу, импорттық баж және жергілікті салықтарды сатып алушы төлейді.

7. DDP (ағыл. delivered duty paid): барлық баждардан және қауіптен тазартылған тауар сатып алушыға (тапсырыс берушіге) шартта көрсетілген белгіленген орынға жеткізіледі.

 

Сондай-ақ, Инкотермс-2010-да тек қана теңіз көлігі және территориялық сулар көлігіне қатысты 4 термин анықталды:

1. FOB (free on board): тауар сатып алушының кемесіне тиеледі, ауыстырып тиеу үшін сатушы төлейді.

2. FAS (free alongside ship): тауар сатып алушы кемесіне жеткізіледі, шартта тиеу порты көрсетіледі, ауыстырып тиеу және тиеу үшін сатушы төлейді.

3. CFR (cost and freight): тауар сатып алушының шартта көрсетілген жеткізу портына жеткізіледі, негізгі тасымалдауды сақтандыру, жүкті түсіру және ауыстырып тиеу үшін сатушы төлейді.      

4. CIF (Cost, Insurance and Freight: CFR-мен бірдей, бірақ негізгі тасымалдауды сатушы сақтандырады.

 

ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ

 

Жұбанов Астана-Ақтау пойызының плацкарт вагонына билет сатып алды. Вагонға келісімен, ол өзінің орнында қолында осы орынға да билеті бар өзге жолаушының бар екенін біледі. Жұбанов өзінің орнын босатуды немесе өзге орын ұсынуын талап етуді сұрайды. Вагонда бос орындар болмағандықтан жолсерік Жұбановқа көрші вагонға, қалауы болса билет құнының айырмашылығын төлей отырып, купелі орынға өтуін ұсынды. Жұбанов купе орнына орналасты, дегенмен билет құнының айырмашылығын төлеуден бас тартты.  

Бұл келіспеушілікте кімдікі дұрыс? Билетте көрсетілген орынды ұсынбаған жағдайда жолаушының құқығын атап өтіңіз.

 

 

Сауда фирмасы(супермаркет дүкені) тасымалдаушыға — Алматы Темір Жол Басқармасына және өнім берушіге - ет комбинатына жауапкер ретінде жетіспеген еттің орнын толықтыру туралы талап арызын береді. Жүк бүтін вагонда, бірақ пломбасы жоқ күйде келеді. Оны ашқанда вагонның толығымен жүктелгені және жетіспеген жүк мөлшері оған сыймайтыны анықталады. Еттің кесілгені және басқа зақымдары байқалган жоқ. Бұл жайттар ет комбинатының экспедиторымен расталып, коммерциялық актіде көрсетілген.

1. Келтірілген жағдайда азаматтық құқықтық шарттардың қандай түрлері орын алған?

2. Тараптардың арақатынасы туралы сызба жасаңыздар

3. Тауарды қабылдау актісі дегеніміз не? Оның нысаны, мазмұны?

4. Субъектілірдің қайсысы кінәлі екендігін айқандауға бола ма?

5. Сатып алушыға келтірілген нұқсан қандай көрініс тапты?

6. Сауда фирмасының бұзылған құқықтарын қандай жолдармен қорғауға болады?

7. Жауапкер ретінде кім тартылады?

 

 

МҮЛІКТІК ЖАЛДАУ ШАРТТАРЫ

 

Азамат Саматов шарт бойынша азамат Қаржауовтың «Жигули» автокөлігін ақы төлеп уақытша пайдалануға алады. Біраз уақыт өткен соң Қаржауов өз таныстарынан Саматовтың жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, Қаржауовтың автомобилін жолаушыларды ақы алып тасымалдау үшін пайдаланып жүргенін біледі. Автомибильдің осылай жиі қолдануымен келісе алмаған, Қаржауов автомобильді пайдаланғаны үшін Саматовтан жолаушылар тасымалдаудан түскен табыстың 20℅-і мөлшерінде төлем орнатуды немесе шартты бұзуды талап етеді. Саматов Қаржауовтың талабы негізсіз деп санайды, өйткені олар Саматов тапқан табысының проценттік үлесіне үміттенуге болатындай бірлескен іс-әрекет шартын емес, жалға алу шартын жасасты. Сонымен қатар жалға алу шартында автомобильдің қандай мақсаттар үшін пайдалануы керек екені жайлы бірде-бір сөз жоқ. Келісімге келе алмаған тараптар заң кеңесшісіне барады, ол жердегі қорғаушы Саматовты жақтап, автомобильді пайдалану кезінде мақсаттық таелісімге келе алмаған тараптар заң кеңесшісіне барады, ол жердегі қорғаушы Саматовты жақтап, автомобильді пайдалану кезінде мақсаттық тағайындалуы сақталады деп мәлімдейді.

Қорғаушының шешімі дұрыс па?

 

 

Кеңсе тазалау қызметімен шүғылданып жүрген дара кәсіпкер Шұбаров прокат бюросынан бір ай мерзімге қымбат шаңсорғыш алмақ болады. Себебі, өз шаңсорғышы кәсіпкерлік қызмет барысында істен шығып, түрмыстық техникаларын жөндейтін шеберханаға тапсырылған болатын.

Прокат бюросы шаңсорғыштың тұрмыстық мақсатта ғана пайдалануға арналғандығын және кәсіпкерлік мақсатта қолдану кезінде анық тез тозатындығын желеу етіп, шаңсорғышты беруден бас тартады. Сонымен бірге, прокат бюросының қызметкері мүлікті пайдалануға байланысты белгіленген бағада (тарифте), жоғарыда аталған жайлардың ескерілмегендігін айтады.

Прокат бюросының бас тартуы негізсіз деп, Шұбаров сотқа берген талап арызында прокат бюросын шарт жасауға мәжбүрлеуді және кәсіпкерлік қызметі нәтижесінде алуға тиіс, күндік орташа табыстың қызметі тұрып қалған күндерге көбейтілген көлемінде шығындарды өтеуді талап етеді .

Дауды шешіңіздер.

 

 

Құрылыс-монтаж тресті (ҚМТ) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен (ЖШС) соңғысының заңсыз иелігінен көтергіш кранды қайтаруы жөнінде талап арыз ұсынады. Үшінші жақ ретінде іске қатысуға ЖШС-тің кран сатып алған Акционерлік қоғамы (АҚ) тартылады. Сот мәжілісін ашып, сот келгендерге өз өкілдіктерін растауды ұсынады. ЖШС-тің мүддесін төлқұжаты мен кәсіпорынның тіркелу туралы куәлігі бар оның директоры қорғамақ болады. АҚ атынан директорлар кеңесінің төрағасы сөз сөйлейді, оның қолында құрылтайшылар жиналысының оны көрсетілген лауазымға тағайындау туралы хаттамасы болды.

Сот қандай әрекет істеуі тиіс.

 

 

Азамат Саматов шарт бойынша азамат Қаржауовтың «Жигули» автокөлігін ақы төлеп уақытша пайдалануға алады. Біраз уақыт өткен соң Қаржауов өз таныстарынан Саматовтың жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, Қаржауовтың автомобилін жолаушыларды ақы алып тасымалдау үшін пайдаланып жүргенін біледі. Автомобильдің осылай жиі қолдануымен келісе алмаған, Қаржауов автомобильді пайдаланғаны үшін Саматовтан жолаушылар тасымалдаудан түскен табыстың 20℅ мөлшерінде төлем төлеуді немесе шартты бұзуды талап етеді. Саматов Қаржауовтың талабы негізсіз деп санайды, өйткені олар Саматов тапқан табысының проценттік үлесіне үміттенуге болатындай бірлескен іс-әрекет шартын емес, жалға алу шартын жасасты. Сонымен қатар жалға алу шартында автомобильдің қандай мақсаттар үшін пайдалануы керек екені жайлы бірде-бір сөз жоқ. Автомобильді пайдалану кезінде мақсаттық келісімге келе алмаған тараптар заң кеңесшісіне барады, ол Саматовты жақтап, автомобильді пайдалану кезінде мақсаттық тағайындалуы сақталады деп мәлімдейді.

Қорғаушының шешімі дұрыс па?

 

 

«Манат» ЖШС-і «Таир» акционерлік қоғамымен (АҚ-мен) құрылыс мердігерлігі шартын жасасты. Бұл шарт бойынша мердігер жобалау-сметалық құжаттаманы орындауға және оны тапсырыс берушімен мақұлдаған соң 2013 жылғы 30 тамызға дейінгі мерзімде көкөніс қоймасының ғимаратын салуға міндеттенді. «Таир» АҚ сметаны құрастыру және жобаны орындау үшін қосалқы мердігерді тартады.

 - «Таир» АҚ мердігерлік шарттардың қандай түрлерін орындауға міндеттенді?

-  Бұл шарттың тараптары қалай сипатталады? Оларға қандай талаптар қойылады?

- «Таир» АҚ тапсырысшымен жасалған шарттағы міндеттерін орындау үшін қосалқы мердігер тартуға құқылы ма?

- Бұл жағдайда «Таир» АҚ қалай аталады?

 

Көкөніс қоймасының құрылысына тиісті температуралық режим мен вентиляцияны қамтамасыз ету үшін арнайы жабдықтар қажет болғандықтан, мердігер Ресей Федерациясы Екатеринбург қ. «Рост» АҚ-мен тиісті жабдықты жеткізу үшін шарт жасасты.

Көрсетілген жабдықты жеткізушіден алып, оны қабылдау кезінде вентиляциялық аспаптардың тауар жеткізілімі шартында көрсетілген техникалық ерекшелігіне сәйкес келмейтіні анықталды, ал тоңазытқыш жабдықтарының бір бөлігі оны буып-түю мен қапталуы бұзылып және темір жол платформасында жүкті дұрыс тиемей басқа жабдықтармен өзара жанасуы салдарынан сындырылғанын байқады.

Түсірілген жүктің барлық кемшіліктері «Таир» АҚ-ның заңгерлерімен жүкті қабылдау актісінде көрсетілді және тауар жеткізушіге ұсынылды. Жауап ретінде тауар жеткізуші техникалық ерекшеліктерге сай келмейтін вентиляциялық аспаптарды сатып алушыға керекті аспаптармен алмастыруға дайын екенін, ал өзге ақаулар үшін жауапкершілікті тасымалдаушы – темір жол көтеретінін айтты, өйткені бұл жағдайда тауарды тиеу тасымалдаушының өзімен жүргізілген.   

- Тауар жеткізілімі шарты шарттардың жіктелуінің қандай түрлеріне жатады?

- Тауар жеткізілімі шарты тараптарын сипаттаңыз.

- Сатып алушы («Таир» АҚ) шарттың ережелеріне сәйкес келмейтін тауарды, тауар жеткізуші оны алмастыру немесе өзге де шаралар жасағанға дейін, оны жеткізуге қатысты қандай әрекеттерді жасауы тиіс?

Жеткізушінің жауабын алған соң «Таир» АҚ «Қазақстан Темір жолы» АҚ-на Қабылдау актісін, жеткізушінің жауабын және жүкті тасымалдау туралы темір жол түбіртегімен қоса лайықсыз тасымалдау салдарынан келтірген зиянның орнын толтыру жөнінде талап қояды. «Қазақстан Темір жолы» АҚ жүкті дұрыс тиемегендері үшін Қазақстанның шекарасына дейін тауарды тасымалдауға қабылдап, жеткізген Ресей темір жолының Уралдық бөлімі кінәлі, ал «Қазақстан Темір жолы» АҚ шекарадан жүкті алушының станциясына дейін жеткізуді ғана жүзеге асырды деп жауап берді.

- Тасымалдаушының жауабын бағалаңыз. Орын алған жағдайды дұрыс саралаңыз және бұл жағдайда жабдықтарға келтірілген зиянды өтеуге міндетті тұлғаны анықтаңыз.

- Бірнеше тасымалдаушының қатысуымен транзитті тасымалдау кезіндегі тасымалдаушының жауапкершілігі қандай?

 

Жабдықтарды жеткізуді кешіктіргеніне қарамастан «Таир» АҚ 2013 жылдың желтоқсанында көкөніс қоймасының құрылысын салып бітірді және оны шаруа қожалықтарынан көкөніс пен жемістер алып, өзінің бақшасында өсіріп, қысқы кезеңдерде өзінің дүкенін тауармен қамтамасыз ету үшін көкөніс қоймасына салып қойған тапсырысшы «Манат» ЖШС-не пайдалануға берді.

Алайда 2013 жылдың желтоқсанында көкөніс қоймасындағы температуралық режим сақталмағандықтан көкөністер мен жемістердің қомақты бөлігі бүлінеді. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы шығындардың сомасы 1 млн. теңгені құрады. Бұл туралы «Манат» ЖШС мердігерге хабарлады. Олардың бірігіп жасаған тексерісінің нәтижесінде көкөніс қоймасының жобасы құрылыс нормалары мен ережелері бұзылып орындалғаны анықталды, өйткені суық қыс пен қатты желі бар шұғыл континенталды климатқа жарамсыз, Қазақстан үшін емес, еуропалық елдердің типтік жобасынан көшіріп алынғаны анықталды.

Сонымен қатар көкөніс қоймасының сыртқы қабырғасының құрылысы кезінде құрылыс нормалары мен ережелері және кірпішпен қалау жобасымен қарастырылған жылуды сақтайтын екі кірпіштің орнына – сыртқы қабырғалардың құрылысына жылуды сақтамайтын бір жарым кірпіш жұмсалған.

- анықталған кемшіліктер үшін құқықтық қатынастың қай қатысушысы жауапкершілікте болады және қандай көлемде?

- бұл жағдайда регресстік міндеттемелердің орын алуы мүмкін бе?

 

МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫ

 

«Алау» ЖШС тапсырысшы ретінде жобалық және мердігерлік жұмыстармен шұғылданатын «Ойыл» АҚ-н шарт жасасып, оған көкөніс сақтауға арналған қойманың жобасын жасауды және оның ғимаратын салуды тапсырады. Мердігер, өз кезегінен, тапсырысшының келісімімен, қосалқы мердігерді тартып, жобалық-сметалық құжаттаманы соған тапсырды. Жұмыстардың жалпы орындалу мерзімі 2014 ж. 30 тамыз деп белгіленген.

Құрылыс жұмыстары аяқталған соң «Ойыл» фирмасы тапсырысшыға жұмыс нәтижелерін 30-тамызда толығымен тапсырып, көкөніс сақтауға арналған қойманың өндірістік қызметін орындауға сай келетіндігін растау үшін сынақ әрекеттерін де жүргізеді. Тамыз айының температурасына байланысты сол кезде еш кемшіліктер анықталмады.

Алайда 2013 ж. қыс айларында «Алау» сол қоймаға сақтауға салған көкөністердің едәуір көлемі үсіп кетіп, қойма иесіне 10 млн теңгені құрайтын шығынға келтірді. Тауарлардың үсіп кетуінің себебі ретінде қойманың температуралық көрсеткіштері оны жобалау сатысында ескерілмегені, жоба біздің солтүстік және орталық аумақтарда қолданатын емес, еуропалық елдерде салынатын типтік жобаға негізделіп жасалғандығы және құрылысты салу барысында қойманың қабырғаларына сапасыз арзан құрылыс материалдары қолданғаны анықталды.

Қосалқы мердігердің қатысуы «Ойыл» акционерлік қоғамының мердігерлік келісім шарт тарабы ретінде құқықтық жағдайын өзгерте ме? Бұл жағдайда мердігерлік шарттардың қандай түрлері жасалды?

Тапсырысшының алдында кім жауапты болады?Қалыптасқан жағдайды реттеу қандай жолдармен жүзеге асырылады?

 

Екі ағаш ұстасы Арлановпен 1-ші маусымға қарай оның саяжайында ағаштан гараж салып беретіні жайлы келіседі. Жұмыстардың бағасы тараптардың "еңбек келісімі" деп атаған жазбаша құжатында белгіленеді. Онда салынатын құрылыстың сипаттамасына (гараж өлшемі, фундамент материалы, темір төбе және т.б.) қатысты барлық шарттар белгіленеді. Құрылыс материалдарын Арланов 10 мамырға дейін жеткізіп беруді міндетіне алады. Ағаш ұсталары жұмысқа уақытында кірісіп, 28 мамырда барлық жұмыс дерлік бітуге таяу болады. Олар Арлановтан 30 мамырға дейін келіп жұмысты қабылдап алуын сұрайды. 29 мамырда қақпаларды орнату ғана қалады. 28-нен 29-на қараған түнде найзағай соққысынан гараж тұтастай өртеніп кетеді. 2 маусымда таңертең жұмыстарды қабылдау үшін келген Арланов сақталған фундаментті және орнатылмаған қақпаны көреді. Өзі мен ағаш ұсталары арасында мердігерлік шарты жасалған деп санап, Арланов жасалған жүмыстың ақысын төлеуден бас тартып, ұсталардың өз материалынан жаңа гараж салуды талап етеді. Барлық жұмыстар (қақпаны ілуден басқасы) толығымен жасалғандықтан ағаш ұсталары сый ақыға қүқықтары бар деп санайды, ал олар бірақ жасасқан шарт қандай екенін білмейді. Оларды келісілген сый ақы ғана қызықтырды.

Тараптардың дәлелдерін талдаңыздар. Егер өрт маусымның 1-нен 2-не қараған түні болған болса, шешім өзгерер ме еді?

 

Ережепов тігінші Масатовпен қысқы пальто тігу туралы келісім жасайды. Ережепов тек матасын, ал бар қосымшасын, яғни қара қаракөл жағаны Масатов табатыны жайында уағдаласады. Ережепов Масатовтың кеңесімен пішінін ескере отырып таңдап алынған жағаның құны 5000 теңге төңірегінде болады. Жұмысты орындау уақыты бір айға белгіленеді. Екінші рет киім өлшеу кезінде Масатов Ережеповқа қымбаттағанына байланысты жағаны 7500 теңгеге алуға тура келгенін айтып, осы жағдайды ақырғы есептесу кезінде ескеруін сұрайды. Ережепов 2500 теңге қосымша төлем жасауға қарсылық білдіреді, бағаның өзгеру салдары оның есебіне жатпауы тиіс деп санады.

Ережепов пальтоны алуға келгенде оның пальтосына жапсырылған қаракөл жағасы айтарлықтай кіші екені анықталады. Тараптар арасында дау туады. Ережепов пальтоны белгіленген баға бойынша бастапқы жағасымен беруді талап етеді. Ал Масатов болса, 2500 теңге қосымша төлем жасамай, Ережепов пальтосын бастапқыда келісілген жағамен алуға құқығы жоқ деп санады. Дау соттың қаралуына берді.

Істі шешіңіздер.

 

«Алау» ЖШС тапсырысшы ретінде жобалық және мердігерлік жұмыстармен шұғылданатын «Ойыл» АҚ-н шарт жасасып, оған көкөніс сақтауға арналған қойманың жобасын жасауды және оның ғимаратын салуды тапсырады. Қойма екі жыл мерзімінің ішінде салынып, 2013 жылы 1 шілдеде пайдалануға ресми қабылданады. Алайда 2013 ж. қыс айларында «Алау» сол қоймаға сақтауға салған көкөністердің едәуір көлемі үсіп кетіп, қойма иесіне 10 млн теңгені құрайтын шығынға келтірді. Тауарлардың үсіп кетуінің себебі ретінде қойманың температуралық көрсеткіштері оны жобалау сатысында ескерілмегені, және құрылысты салу барысында қойманың қабырғаларына сапасыз арзан құрылыс материалдары қолданғаны анықталды.

Қалыптасқан жағдайды реттеу қандай жолдармен жүзеге асырылады?

 

Кәсіпкер Ожаров азамат Ибраевтың пәтеріндегі жуынатын бөлмесіне кафель плиткасын ақылы түрде жапсыруға келісіп, тиісті мерзімде осы жұмысты орындап береді. Бірақта үш күннен кейін Ибраев шомылып жатқанда кафельдің бірнеше плиткалары босап, қабырғадан түсіп, сынып қалады, ал олардың біреуі Ибраевтың денесіне жарақат келтіреді.

Ибраев Ожаровты тауып алып, жасаған жұмысының кемшіліктерін тегін жоюды талап етеді. Ожаров болса плиткаларды қайта салу үшін сынып қалған плиткалардың орнына сатып алатын плиткалардың ақысын төлеуді талап етеді.

Ибраев оған келіспей, сотқа талап арыз береді. Арызында ол Ожаровтан төленген ақшаның жартысын қайтаруды талап етеді, себебі плитканы желімдеуде Ожаров жапсырғышты (клей) әрбір плитканың тек ортасына ғана жаққаны анықталады.

1. Ожаров пен Ибраевтың арасында міндеттеме туындады ма?

2. Ожаров өз міндеттерін тиісінше орындады ма?

3. Ибраевтың талаптары негізді ме?

4. Ибраев ден саулығына келтірілген зиян үшін Ожаровтан моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы ма?

 

Азамат Оспанов меншігіндегі теледидарының көрсету сапасы төмендегеніне байланысты оны теледидар жөндейтін арнайы шеберханаға жөндеуге тапсырады. Төлем ақысы есебіне ол шеберханаға алдын ала 2000 тенге беріп, ол туралы теледидардың атауы, төленген сомасы және тапсырылған күні, дайын болатын күні көрсетілген жазбаша құжат алады.

Тапсырыстың орындалатын күні Оспанов теледидарды алуға келіп, ол әлі жөнделмегенін анықтайды. Шеберхана қызметкері оған үш күннен кейін келуді ұсынады. Бірақта үш күннен кейін теледидардың көрсету сапасы қалпына келтірілмепті. Бұған себеп ретінде осындай теледидарларды жөндеу бойынша мамандандырылған шеберлер мұнда жоқ екендігі келтірілді.

Шеберхананың әкімшілігі Оспановқа алдын ала төлеген ақшасын қайтарудан бас тартады, себебі осы маркалы теледидарды жөндеу білетін маманды белсенді түрде іздеу салып, біраз шығынданғандықтарын келтіре отырып, теледидарын алып кетуге ұсынды.

Келтірілген азаматтық құқықтық қатынас қандай келісім шарт нормаларымен реттеледі?

Бұл келісім шарт орындалу барысында ҚР АК-не қоса қандай заңнамалар қолдану қажет?

Оспановтың құқықтарын қалайша қорғауға болады?

«Алау» ЖШС тапсырысшы ретінде жобалық және мердігерлік жұмыстармен шұғылданатын «Ойыл» АҚ-н шарт жасасып, оған көкөніс сақтауға арналған қойманың жобасын жасауды және оның ғимаратын салуды тапсырады. Қойма екі жыл мерзімінің ішінде салынып, 2013 жылы 1 шілдеде пайдалануға ресми қабылданады. Алайда 2013 ж. қыс айларында «Алау» сол қоймаға сақтауға салған көкөністердің едәуір көлемі үсіп кетіп, қойма иесіне 10 млн теңгені құрайтын шығынға келтірді. Тауарлардың үсіп кетуінің себебі ретінде қойманың температуралық көрсеткіштері оны жобалау сатысында ескерілмегені, және құрылысты салу барысында қойманың қабырғаларына сапасыз арзан құрылыс материалдары қолданғаны анықталды.

Қалыптасқан жағдайды реттеу қандай жолдармен жүзеге асырылады?

 

 

Қызмет көрсету туралы міндеттемелер

 

Азамат Мансуров жеке дәрігерлік орталыққа ақылы түрде тізе-табанын ұқалатуға (массаж) жүгінеді. Мамандарының сапасы жоғары болатындығынан, ол орталықта бұл қызметтің бағасы әр процедура үшін 5 мың теңгеден бекітіліпті. Жалпы массаж саны 10 болу керек, сонда ғана оң нәтижеге жету мүмкін деп оған ескертілді. Сондықтан ол 10 рет ұқалауға барып, 50 мың теңге төледі.

Алайда, массаж алғаннан кейін Мансуровтың ден саулығы дұрысталмады, сондықтан ол ақшасын қайтарып беруді талап етеді.

Мансуровтың жасасқан шарты қандай шарттарға жатады?

Мансуровтың талабы қанағаттандырыла ма?

 

 

Тасымалдаудың айлық жоспарына жəне жүк жөнелтушi «Апатит» АҚ-ң сұранысына сəйкес «Қазақстан темiр жолының» Ақтаудағы бөлiмi 2015 ж. көкек айында жүктердi тасымалдау үшiн «Апатитке» тең партиялармен, әрбір он күн сайын, 30 вагон беруi тиiс едi. Бiрiншi он күндiкте ҚТЖ-ның Ақтаудағы бөлімі (тасымалдаушы) 10 вагонның орнына қойырту ретiнде 12 вагон жiбередi. Жүк жөнелтуші 10 вагонды тиеп, қалған 2 вагонды тиеуден бас тартады. Екiншi он күндiкте жоспар бойынша 10 вагонның орнына жол 8 вагон, ал үшiншi он күндiкте жүк жөнелтушiнiң мəлiмдемесiне сəйкес 10 вагон бередi.

«Апатит» АҚ темiр жолдың Ақтаудағы бөлiмiне тасымалдау жоспарын орындамауы, яғни екiншi онкүндiкте 2 вагон кем бергенi үшiн айып төлеу жөнiнде талап арызын ұсынады. Талап арызға қарсылық бiлдiре отырып, темір жол бөлiмi жүк жөнелтушiнiң талабын негiзсiз деп көрсетедi, өйткенi екiншi онкүндiкте бiрiншi он күндiкте жiберiлген, бiрақ тиелмеген, 2 вагонды есепке ала отырып, 8 вагон жiберiлген болатын.

Сонымен, жалпы бiр айда 30 вагон жiберiлдi, яғни тасымалдау жоспары орындалды.

Тасымалдау жоспарын орындамау үшiн айып төлеу ай нəтижелерi бойынша жасалуы керек. Жол бөлiмi өз алдына «Апатит» АҚ-нан бiрiншi он күндiкте тиелмеген 2 вагон үшiн айып төлеудi жəне сол себептен вагондардың тұрып қалғанынын келтiрген шығындарын өтеудi талап етедi. Сонымен қатар, бөлiм талап арыз бөлiмге емес, жүк тасымалдау бойынша құқықтық қатынастардың субъектiсi болып табылатын Темiр жол басқармасына қойылуы тиiс деп санады.

Бірақта «Апатит» АҚ-ның заңгері талап арызды өзінің тұрғылықты жері бойынша берді, яғни Алматы қ. Ауезов ауданының сотына.

Тараптардың дəлелдерiн талдап, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа ала отырып, туындаған дауды шешiңіз.

«Апатит» АҚ-ның заңгері «Апатит» АҚ орналасқан жері бойынша талап арыз бергені дұрыс па?

 

 

Шетелдік фирма “Консульт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен шарт жасасты, ол шарт бойынша серіктестік әр тоқсан сайын фирманы Алматы нарығындағы темірден жасалған тауарлар маркетингі бойынша ақпаратпен қамтамасыз етіп отыруға міндетті болады. Ақпарат электронды түрде – факсмодемдық байланыс арқылы электронды почтамен берілуі тиіс болатын. Серіктестіктің есеп шотына қаржы түскенде жасалған шарттың заңдылығына салық инспекциясы күмәнданады. Салық инспекциясы серіктестік қызмет көрсеткені үшін сыйақы алады деп санады, ал серіктестік болса, олардың фирмамен мердігерлік шарт жасасқанын айтады. Салық инспекциясы заңгердің кеңесін алуға барады.

Қандай түсініктеме берілуі тиіс. Қызмет көрсету жөніндегі шарт пен мердігерлік шарттың айырмашылығы неде?

 

 

32 Шетелдік компания жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен шартқа отырады. Шарт бойынша серіктестік әрбір үш күн сайын компанияға Алматы қаласы бойынша кеңсе тауарларына деген нарықтық сұранысы болжап, ол туралы ақпарат беріп тұруға міндеттенеді. Ақпарат электрондық тасымалдағыш арқылы – электрондық почтамен факсмодемдік байланыс арқылы жеткізілуге тиіс болатын. Серіктестіктің есеп шотына ақша қаражаты келіп түскенде салық инспекциясында жасалған шарттың құқықтық табиғаты туралы сұрақ туындайды. Яғни, жасалған шарт мердігерлік шарт па, әлде өтелмелі қызмет пе, себебі бұл жағдай салық төлеудің мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Сіздердің пікіріңізше өтелмелі қызмет көрсету шартын мердігерлік шарттан ажыратуға болатындай қандай да бір белгілер бар ма?

 

 

33. Алматы темір жол Басқармасы бір топ қызметкерлеріне «Алматы вокзалдарынан жүретін қала маңы поездардың кестесін» басылымға дайындауды тапсырады.

Алматы ІІ вокзалынан жүретін поездар кестесін құрастырған Шопанова басылымға дайындаған «кестенің авторлық құқық объектісі» деп санауға бола ма деген сұрақпен заңгерге барады.

Сонымен қатар, ол қала маңы көлікті пайдаланатын жолаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері айтылған өзі дайындаған кішкене кітапшаға авторлық құқық тарай ма дегенді сұрайды? Кітапша қазіргі заң негізінде жасалғандықтан, ал авторлық құқық жайлы заңда ресми құжаттар, оларға жататын заңдар авторлық құқық объектілері болып табылмайтыны айтылғандықтан ол күмәнданатынын айтады.

Осы сұрақтар бойынша қандай түсініктеме берілуі тиіс? Авторлық құқық объектісіне заңмен талаптар қойылған?

 

«Манат» ЖШС ЖК Баяновпен ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетуге қызметке алдын ала ақы төлеу шартымен 5 миллион теңге сомасындағы шарт жасасады. Бұл шарт бойынша қызметті ұсынушы Баянов бір жылдың ішінде Тапсырысшыға аталған қызмет түрлерін ұсынып тұруға міндетті болды. 2013 жылғы 20 ақпанда көрсетілген ақша сомасын алған ЖК Баянов шамамен екі ай бойы шарт бойынша өзіне жүктелген міндеттерді атқарды да, содан кейін өз қызметін тоқтатты.

- Аталған шарт Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің ерекше бөлімінде көрсетілген қандай шарттарға қатысты?

 

Орын алған жағдайды ретке келтіру мақсатында «Манат» ЖШС қызмет көрсетушіге өзінің шарттық міндеттерін орындауды немесе іс жүзінде орындалған қызмет құнын шегеріп ақша сомасын қайтаруды өтініп екі мәрте кінарат хат жіберді. Алайда Қызмет көрсетуші көрсетілген талаптардың бірінде орындамады, оған қоса Тапсырысшыға 4 млн 500 мың теңге мөлшерінде ақшаны қайтару керектігін мойындайтын Есептесу актісіне қол қойды. Несие берушінің талабы бойынша Қызмет көрсету шарты тағы да сол тараптар арасында 4 млн 500 мың теңге сомасындағы жазбаша заем шарты ретінде қайта рәсімделді.

- Ақпараттық және консультациялық қызмет көрсету туралы шартты заем шартына қайта рәсімдеу азаматтық заңнамаға сәйкес пе? Егер сай болмаса, неліктен? Егер сәйкес болса, бұл құқықтық қатынас Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінде қалай аталады, және Азаматтық кодекстің ерекше бөліміндегі қандай шарт нормаларымен реттеледі?

 

«Манат» ЖШС-на өзінің өндірістік қызметінің көлемін кеңейту үшін ақша қаражаты қажет болады, осы мақсатта банктік заем алу үшін ол бірнеше коммерциялық банктермен келіссөздер жүргізді, алайда алдын ала есептеулер банктік пайыз мөлшерлемесінің жоғарылығынан «Манат» ЖШС үшін банктік заем шартының тиімсіз екенін көрсетті. Сол кезде «Манат» ЖШС «Алыпбанк» АҚ-мен өзінің борышқоры – Баянов ДК-не ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартын жасамақшы болады. Шарт ережелеріне сәйкес банк «Манат» ЖШС 4 млн 500 мың теңге сомасымен қаржыландыруға міндеттенеді, ал «Манат» ЖШС ДК Баяновпен Заем шартына қатысты барлық құжаттардың түпнұсқасын, ақшалай есептесу актісін де банкке берген.

Шарттың жасалуы жөнінде тараптар бірлесіп Баянов ДК-не жазбаша ескертеді. 

- «Алыпбанк» АҚ мен «Манат» ЖШС арасында жасалынған шарттың басқаша атауын атаңыз.

- Азаматтық кодексте бұл шарттың тараптары қалай аталады? Оларды сипаттаңыз.

- Цессия дегеніміз не? Осы құқықтық қатынаста цессия орын алды ма?

- Цессия шарты мен ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарттарының арақатынасы қандай?

 

Жасалынған цессия туралы хабарлама алған ДК «Баянов» банктің пайдасына заем міндеттемесін орындаудан бас тартатынын айтады, себебі ол ақша сомасын банкке емес, ЖШС-қа қарыз. Бұдан басқа олардың «Манат» ЖШС-мен жасасқан заем шартының ережелеріне сәйкес несие беруші өзінің борышқорға қатысты ақшалай талабын ешқандай басқа тұлғаға бермейтіні жөнінде міндеттемені мойнына алған. Сондықтан Баяновтың ойынша ЖШС талап ету құқығын «Алыпбанк» АҚ-на беруге оның келісімін сұрамай, бұл шарттың ережелерін өрескел бұзды, енді ол заем шартын орындамауға да құқылы.

- Несие беруші борышқорға өзінің ақшалай талабын ешбір өзге тұлғаға бермеу міндеттемесін алған заем шартының ережелері азаматтық заңнамаға сәйкес пе?

- Баяновтың ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартын жасау үшін ол борышқордың келісімін алу қажет дегені дұрыс па?

- Баянов «Алыпбанк» АҚ-ның пайдасы үшін заем шартын орындаудан бас тартуға құқылы ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

 

 

Исабекова «Здоровье» ақылы медициналық емханасына арқасының ауруына байланысты көмек сұрауға барды. Қарау жүргізілгеннен кейін Исабековаға массаж курсын және су процедураларын жасау ұсынылды. Бірнеше массаж сеансынан кейін ауру тыйылды, бірақ толық курс аяқталғаннан кейін ауру қайта қалпына келеді. Исабекова төлеген процедуралардың құнын қайтаруды, сондай-ақ уәде етілген сауығудан кейін оның жағдайы жақсармағандықтан денсаулығына келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді талап етеді.

 «Здоровье» емханасының уәкілі массаж курстары мен су процедуралары Исабекованың денсаулығына еш зиян келтірмегенін, оның арқа ауруына қатысты жүргізілген процедуралар аясында пайда болғанын мәлімдеді. Егер Исабекова емделуді жалғастырса ауру себебі жойылуы мүмкін.

Исабекова заңгердің көмегіне жүгінеді, ол оң нәтижеге жетпеу қаупі үшін мердігер жауапты болатындығы туралы қағидаларды басшылыққа алып Исабековаға Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға сәйкес «Здоровье» емханасы алған барлық соманы, сондай-ақ моральдық зиян үшін өтемақыны өтеп алуды ұсынды.

Бұл дауда кімдікі дұрыс?

Осы құқықтық қатынас қандай келісім шартпен реттеледі?

Мердігерлік шарт пен өтемелі қызмет көрсету шарттарының айырмашылығы неде?

Тараптардың дәлелдерін талқылаңыз.

 

 

41. Медицина институтының оқытушысы Қосжанов Сержановаға оның қызы Әлияны медицина институтына физика пәні бойынша қабылдау емтихандарын тапсыруға дайындауға міндеттенді. Ақылы қызмет көрсету шартында сабақ Сержанованың пәтерінде бір ай бойы күн сайын екі сағаттан өткізіледі деп көрсетілген. Сабақ үшін төлем әр аптаның соңында берілу керек болатын.

Екінші аптаның соңында Сержанова Әлияның есірткі пайдаланытынын көреді. Ол қызын жазалап, есігін құлыптап қамап қояды. Қосжанов Әлиямен кезекті сабақ өткізуге келгенде, ол бөлмесінде болмай шығады. Ол терезеден секіріп, үйден шығып кеткен екен. Осыдан кейін келесі күні де осы жағдай қайталанады.  Қосжанов Сержановадан орындалу мүмкінсіздігіне байланысты ақылы қызмет көрсету шартын бұзуды және қалған екі апта үшін қызметтер төлемін толық көлемде төлеуді талап етті. Сержанова екі болмай қалған сабақты есептеп, нақты жүргізілген сабақ үшін ғана төлеуге келісті.

Сұрақтар

1. Қосжановтың Сержановаға сабақ үшін толық көлемде төлеу туралы талабы заңды ма?

2. Қосжановқа нақты жүргізілген сабақ үшін төлеген Сержанованың әрекеттері заңды ма?

3.Кімнің әрекеті заңды: Қосжановтың ба немесе Сержанованың ба?

 

 

42. Қаражанов жүк тасымалдау шарты бойынша жүктің құндылығын жариялап жөнелтеді. Жеткізу станциясына келген жүкті алған кезде Қаражанов жіберген заттардың орнына еш керегі жоқ заттар табылғаны анықталды. Бұл жағдай жеткізу станциясында жасалған коммерциялық актімен куәландырылды. Қаражанов темір жолға Қаражанов белгілеген жүк құндылығынан екі есе көп екенін дәлелдейтін тауаур чегін көрсетіп, жоғалған заттардың нақты құнын өтеу туралы арыз жазады.

Темір жол жүктің жоғалуы үшін қанай көлемде жауапты болады? Қаражанов жүкті құндылығын жарияламай бергенде шешім өзгереді ме?

Жоғалған жүктің құнын өтеу туралы талап қай тасымалдаушыға (жөнелту орны бойынша әлде жеткізу орны бойынша) беріледі?

 

Заңгер Исаев «ОДАР» ЖШС-ның тапсырмасы бойынша сол ЖШС-тың талапкер ретіндегі мүдделерін ҚР Жоғарғы сотында қорғауға келіседі. Келісім шарт мәтінін Исаев өзі жазып, тапсырысшыға ұсынады. Шарттың 2.2 тармағына сәйкес, құқықтық қызмет көрсету үшін тапсырысшы орындаушыға 200 мың теңге сыйақы төлеуді және жол шығындарын өтеп беруге міндетті болады (60 мың теңге). Ал «өкіл» деп танылған Исаев Жоғарғы соттың ЖШС-тың пайдасына шығарылған шешімін және жол құжаттарын тапсырысшыға дереу тапсырып беруге міндетті деп бекітілді, себебі сол күннен кейінгі 2 күн ішінде тапсырысшы оған сыйақы мен жол шығындарын төлеуге міндеттенген. Шартқа қолдар қойылып, ЖШС-тың мөрі қойылғаннан кейін Исаев шарттың екі данасын да өзімен алып кетеді.

Жоғарғы соттың отырысы болған күні Исаев ЖШС әкімшілігіне телефон шалып, істің жақсы нәтижесімен аяқталғанын хабарлайды. Одан соң екі айдай Исаев сыйақысын алу үшін өзі де келмей, оған шалған телефонға да жауап бермейді. Екі айдан кейін Исаев ЖШС оған төлеуге тиісті сыйақы мен жол төлемін қарыз деп есептеп, шарттың 2.4 тармағына сілтеме жасап, Соттың шешімі шыққан күннен бастап 60 күнге әр кешіктірген күн сайын сол қарыздың сомасына 4 пайызды құратын өсім нысанындағы тұрақсыздық төлемін қоса төлеуді талап етеді.

ЖШС әкімшілігі Исаевтан келісім шарттың бір данасын қайтарып беруді талап етеді, себебі бұл шартта ондай көлемдегі санкциялар бұрын бекітілмеген болатын. Исаев шартты берген соң, 2.4 тармақта бұрынғы «0,4 пайыз» деген санның «0,» өшіріліп, «4» саны ғана қалтырылыпты.

Нәтижесінде Исаев ЖШС-тан 624 мың теңге өсім және 260 мың теңге негізгі қарызды өтеуді талап етті, барлығы 884 мың теңге.

1. Шарт тараптарының міндеттерін және құқықтарын айқындаңыз

2. Тараптар міндеттерін тиісті дәрежеде және нысанда орындауын саралаңыз

3. Шарттың 2.4 тармағында белгіленген өсімнің мөлшері өзгертілуі туралы қандай пікірге келдіңіз? Сараптаманың көмегіне жүгінуге бола ма?

4. 624 мың теңгені құрайтын өсімнің сомасын Исаев қалай есептеп шығарды?

Бұл жағдай қалай реттелу қажет?

 

КОМИССИЯ ШАРТЫ

Сырымов Науқанбаевпен шарт жасасып, Науқанбаев үшін кұрылыс материалдарын сатып алуды өзіне міндет етіп алады. Құрылыс материалдары алынған соң, Науқанбаев материалдардың өте жоғарғы бағамен алынғанына сілтеп, оларды қабылдаудан және Сырымовқа олардың құнын төлеуден бас тартады. Сырымов өзіне берілген және нотариалды түрде куәландырылған сенімхатта құрылыс материалдарын сатып алуға қажетті бағалардың көрсетілмегенін, тек Сырымовқа «қазіргі бағалармен құрылыс материалдарын сатып алу тапсырылады" делінгеніне сүйене отырып, материалдардың құнын төлеуді талап етеді.

Сонымен қатар, құрылыс материалдарын қабылдауды кешіктірілуіне байланысты оларды сақтау үшін қосымша шығындалған Сырымов, сол шығындардың да орнын толықтыруды талап етеді. Науқанбаев болса, сенімхат беру кезінде Сырымовқа нақты сома көлемінде сауда жасауын атағанын айтып, өз дегенінен қайтпайды. Келісімге келе алмай, тараптар заң кеңесшісіне барады.

Оларға қандай түсініктеме берген жөн?

 

 

Сағатов «Лекс» құқықтық фирмасына өзінің мүдделерін сотта қорғау туралы ұсынып, шарт жасасады. Ол жұбайымен ажырасуға байланысты бірнеше жыл бойы екі бөлек пәтерге айырбастай алмай жүрген екі бөлмелі пәтерін бөлісуді тапсырады.

«Лекс» фирмасының негіздемелері бойынша сот Сағатовқа екі бөлменің көлемі бойынша ең үлкен бөлмені иелену туралы шешім шығарды.

Бірақ Сағатов оған қанағаттандырылмай, оның жұбайылық меншіктегі 50 пайызына дара меншік құқығы туралы құжат алынбағандығы туралы наразылық білдірді. Және ол қазіргі уақытта 2-ші топтағы мүгедектігі туралы куәлік алуға тиісті мемлекеттік органға құжаттар тапсырған еді, ал «Лекс» фирмасы оны ескермей, шарт бойынша одан осы қызмет көрсету үшін толық соманы заңсыз алғанын айта отырып, жарты сомасын қайтаруды талап етеді.

Сұрақтар:

1. Бұл құқықтық қатынас қандай келісім шартпен реттеледі?

2. Сағатовтың наразылықтарын талдаңыздар

3. Оның талаптары бойынша нақты шешім беріңіздер

 

 

14. Дара кәсіпкер Манапов кәсіпкерлік делдалдық қызметпен айналысып жүрген азамат Ибраевқа өндірістік ғимарат салуға арналған құрылыс материалдарын сатып алып, оған әкеліп беруін сенімхат бойынша тапсырады. Құрылыс материалдарының тізімін, санын, көлемін беріп, олардың бағасын «қолданыстағы нарықтық орта баға бойынша сатып алу» деп көрсетіпті. Шарт бойынша сыйақысын Манапов Ибраевпен келісім бойынша белгілеп, алдын ала төлеп берді.

Ибраев тапсырылған материалдарды сатып алып, Манаповқа тапсырады, алайда олардың бағасы өте жоғары болып шығады, сондықтан Манапов орындауды қабылдаудан бас тартады да, төлем төлемейді.

Ибраев тауарлардың бағасы тапсырмада нақты белгіленбегеніне сілтеп, ол құрылыс материалдарының сапасы бойынша ең жоғарғы бағасымен сатып алғанын, және ол материалдарға төлеген шығындарына қоса, осы тауарларды Манапов қабылдамауына байланысты сақтауға тапсырғанын және сақтау үшін кеткен шығындарын да төлеуді талап етеді.

Сұрақтар:

1. Бұл құқықтық қатынас қандай келісім шартпен реттеледі

2. Шарт тиісті нысанда жасалды ма

3. Тапсырманың бағасы белгіленді ме

4. Тараптардың дәлелдерін сараптап, тиісті шешім шығарыңыздар

 

 

Қайдаровтардың отбасы Атырау қаласынан Астана қаласына көшуге бел буып, тұрғын жай сатып алу үшін Астанада тұратын өздерінің таныстары Тілеповқа бұл жөнінде сенімхат арқылы тапсырма береді. Тапсырма бойынша 3-бөлмелі, көлемі 100 шаршы метрден аспайтын, 3-қабаттан жоғары емес, сол жағалауда орналасқан, бағасы 25 миллион теңгеден аспайтын пәтер сатып алу деп көзделген.

Тиісті мерзімде Тілепов дәл сондай көлемді, сол бағаға сәйкес пәтер сатып алғанын хабарлайды да, Қайдаровтар Астанаға көшіп келеді. Біраз уақыттан кейін пәтердің техникалық құрылғылары бойынша бұрынғы иесімен ақылдаспақшы болып, Қайдаров оны тауып алып, кеңес сұрайды. Әңгімелесу барысында бұл пәтер 25 миллионға емес, 24 миллион теңгеге сатылғаны анықталады. Ол туралы сатушыда Тілеповтың қолхаты бар екен.

Тараптардың арасында қандай келісім шарт жасалған?

Жоғарыда анықталған жағдайды ескере отырып, Қайдаров Тілеповқа қандай талап қоя алады?

Егер Тілепов сатып алынған пәтердің нақты бағасын Қайдаровқа тапсырманы орындаған кезде хабарлаған болса, шешіміңіз өзгере ме?

 

САҚТАУ ШАРТЫ

Ахметов үйлену тойларына 10 жыл толуына орай әйеліне құндыз тон сыйлады және «Роден» мейрамханасына мерекелік күнді атап өтуге барады. Гардеробқа сыртқы киімін өткізгеннен кейін екі жетонды алып, Ахметовтар екі сағат бойы кешкі ас ішіп, өздерінің танысқан алғашқы күндерін еске алысып отырысты. Содан кейін олар таза ауада серуендеуге шыққылары келеді. Киім іліп жүрген адамға жетондарын ұсынғанда Ахметовке тиесілі былғары курткасы және бұрын киілген бөтен әйел пальтосы ұсынылады. Құндыз тон гардеробта болмай шығады.

Мейрамхана директоры Ахметовке құндыз тонның құнын қайтару талабын қанағаттандыра алмайтынын айтады, өйткені киім ілгіште қызмет ететін адам оның мейрамхана гардеробына тапсыру фактісін растаудан үзілді-кесілді бас тартады.

Осы жағдайда Ахметов қандай әрекет етуі керек?

 

 

Студент Иманов сабаққа біраз кешігіп қалып, гардеробқа өз курткасын асығуда тез тапсырып кетіп, тиесілі жетонын алмай жүгіріп кетеді. Сабақ аяқталған соң ол киімін алуға келгенде оның курткасы жоқ болып шығады, ал гардеробшы ондай куртканы киім ілгішке сақтауға қабылдамағанын айтады. Алайда Иманов өзімен бірге кешігіп келген 2 басқа студенттерді тауып, олардың куәгерліктерін келтіреді. Гардеробшы Имановта жетонның жоқтығына негізделіп, куәгер студенттердің сөздері негізге алынбайды деп, куртканы қабылдағанынан бас тартады. Иманов гардеробшыны жауапкер ретінде көрсетіп, сотқа талап арыз береді.

Келтірілген жағдайда Имановтың құқықтары қорғалуға жата ма?

Жуапкер ретінде кім болады?

 

 

Жүзу бассейніне жаттығуға келген кезде Нұрмышев бассейндегі гардеробтың жұмыс істемейтіндігін көрді. Киім шешетін бөлмеге сырт киіммен жібермегендіктен, Нұрмышев басқа келушілер сияқты өзінің пальтосы мен бас киімін жұмыс істемейтін гардеробтағы ілгіште қалдырып кетті.  

Бассейнннен шыққаннан кейін Нұрмышев оның пальтосы мен бас киімінің жоғалғандығын анықтады. Ол бассейннің директорына ұрланған мүліктің құнын өтеу талабымен барды. Директордың пайымдауынша, Нұрмышев заттарының жоғалып кетуіне өзі кінәлі, өйткені өте қымбат пальтомен келді және заттарды қараусыз қалдырып кетті. Жұмыс істемеген гардеробтың қызметшісі заттардың ұрланған күні ауырып қалды. Өзінің сөздерінің дәлелі ретінде директор гардеробшының ауырғаны туралы жұмысқа жарамсыздығы туралы ресми парағын көрсетті.

Нұрмышев сот тәртібінде бассейннен мүліктің құнын өндіріп алуды талап етті.

Талап қанағаттандырылуға жата ма?

 

ВАРИАНТ А

Жүзу бассейніне жаттығуға келген кезде Нұрмышев бассейндегі гардеробтың жұмыс істемейтіндігін көрді. Киім шешетін бөлмеге сырт киіммен жібермегендіктен, Нұрмышев басқа келушілер сияқты өзінің пальтосы мен бас киімін жұмыс істемейтін гардеробтағы ілгіште қалдырып кетті.  

Бассейнннен шыққаннан кейін Нұрмышев оның пальтосы мен бас киімінің жоғалғандығын анықтады. Ол бассейннің директорына ұрланған мүліктің құнын өтеу талабымен барды. Директордың пайымдауынша, Нұрмышев заттарының жоғалып кетуіне өзі кінәлі, өйткені өте қымбат пальтомен келді және заттарды қараусыз қалдырып кетті. Гардеробтың қызметін келісім шарт бойынша өзге ЖШС-тің қызметкері жүзеге асыратын, ал ол қызметкер сол күні жұмысқа шықпады, бассейн әкімшілігі ол үшін жауап бермейді деп, ЖШС-пен жасалған шартты көрсетті.

Нұрмышев сот тәртібінде бассейннен мүліктің құнын өндіріп алуды талап етті.

Талап қанағаттандырылуға жата ма?

ЗАЕМ ШАРТЫ

Омаров қарыз шарты бойынша Досановтан Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне сәйкес ай сайын пайызын төлеу шартымен 5 жылға 500 мың теңге алады. Бірінші жылы бұл пайыздарды төлеп отырды, артынан Омаров Досановқа қарызға алған ақшаның қалған құнын толық осы жолы қайтаруға шешім қабылдайды. Омаров бұған келіспейді, ақшаны қарызға алу шартының әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін ғана аламын дейді. 

Істі шешіңіз.

 

 

Ласов және Парызов арасында бекітілген заем шартына сәйкес соңғысы Ласовтан 5 миллион тенгені қарызға алады. Қарызды қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепіл шарты жасалған болатын. Кепіл заты болып Парызовтың атына тіркелген тұрғын үй болатын. Кепіл шарты мен займ шарты жазбаша нысанда жасалған болатын, бірақ та кепіл шарты нотариалды түрде куәландырылған жоқ. Қарыздың сомасын уақытында алмаған Ласов сотқа кепілге салынған үйдің сеебінен шығындарын өндіріп алу туралы арызбен жүгінеді. Сотқа Парызовтың әйелі арызбен жүгінеді, арызында ол үйдің неке барысында салынғандығы туралы және де оның ортақ мүлік екендігі туралы мәлімдейді. Ол өзіне тиісті бөлігін кепілге салуға келісімін берген жоқ.

Дауды шешіңіз.

 

 

11. Сотқа «Алау» Акционерлік қоғамы шаруа қожалығының әкімшілігінен қарыз сомасын өндіріп алу, бөтеннің ақшасын пайдаланғаны үшін және заем шарты бойынша міндеттеменің орындалуын екі жылға кешіктіргені үшін айып төлеуі туралы талаппен шағымданды. Жауапкер талапты мойындамады, және оның заем шарты бойынша міндеттемесі осыдан 2 жыл бұрын жасаған өтініші негізінде есепке жатқызылғанына сілтеме жасады. Жауапкер заем шарты бойынша ақшаны алған, бірақ заемды және ол бойынша сыйақыны қайтармаған. Жауапкер өзінің талапкермен жасаған жеткізілім шарты бойынша өзін қарсы ақы сұрау талабына ие деп санайды. Сондықтан, ол есепке жатқызу туралы өтініш жолдаған. Бірақ талапкер өтінішті алған кезде, жеткізілім шарты бойынша тауарға ақы төлеу мерзімі әлі басталмаған.

Дауды шешіңіз.

 

 

Заманбеков 2011 ж. 15 маусымда өзінің тумасы Жұмабаевқа институтта ақылы түрде жоғары білім алу үшін 400 мың теңге қарызға береді. Заемды алғандығын растап, Жұмабаев оған қолхат береді. Тумасы Жұмабаев студент кезінде оған ақшаны қайтаруға шамасы болмайтындығын біле тұра, Заманбеков шарт жасасуда қарызды қайтару мерзімін белгілемеген болатын.

2015 жылы Жұмабаев институтты бітіріп, жоғары дәрежедегі жалақы тағайындалған жұмысқа орналасады. Оны білген соң, Заманбеков 2015 ж. 15 қыркүйекте Жұмабаевқа бір айдың ішінде қарызды қайтаруы қажет екендігі туралы электрондық нысанда хат жібереді. Ол талабына жауап болмаған соң Заманбеков сотқа Жұмабаевтан заемның сомасын қайтару туралы талап арыз береді.

Жұмабаев болса сотта Заманбековтың талап арызын қанағатттандырмауын талап етеді, себебі ол талап қою мерзімін өткізіп алған. Жұмабаевтың пайымдауынша, талап қою мерзімі 2011 жылы 15 маусымда басталған, себебі заемды қайтару мерзімін тараптар нақты белгілемеген, деп сілтейді.

Сот қандай шешім қабылдау керек? Жауаптарыңызды негіздеңіз?

Заманбековтың сотқа талап арыз беру процессуалдық мерзімін қалпына келтіру мүмкін бе, әлде бұл жағдайда мерзімдерді есептеу басқа ережелермен реттеле ме??

Егерде өткізіп алынған процессуалдық мерзімді қалпына келтіру туралы талап арыз берілген жағдайда, аталған дау бойынша шешілу үшін соттың соттылық ережесі туралы анықтаңыз?

 

 

БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР

«Ұшқын» акционерлік қоғамы «Самал» ЖШС-нен тағамдық өнімдерді сатып алды. Ақша аванс ретінде төлем тапсырмасымен сатушының шотына аударылуы керек болды. Алайда банктың операционистінің қателігімен ақша басқа кәсіпорынның шотына аударылды. Нәтижесінде бір айдан кейін «Самал» ЖШС «Ұшқын» АҚ-на сатып алынған өнімдерді төлеудің мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұлды төлеу туралы талап қойды. Өз кезегінде, «Ұшқын» АҚ банктен «Самал» ЖШС тиесілі сомаларды банктің қате есептен шығарғаны үшін айыптөлемді төлеуді, сонымен қатар «Ұшқын» АҚ жіберіп алған пайдасының шығындарын өтеуді талап етті.

Банк сатып алушының талаптарын қанағаттандырудан бас тартты, банк шотының шартында Банк пен «Ұшқын» АҚ арасында банктің өз міндеттерін бұзғандығы үшін қандай да бір жауапкершіліктің көзделмегенін көрсетті. Керісінше, бұл шартта клиенттің алынбаған (жіберіп алған) пайдасы үшін банктің жауапкершілігін жоятын тармақ қамтылған.

Банк шотының шарты бойынша банктің жауапкершілік негіздері мен формалары қандай?

Бұл дауда кімнің талабы дұрыс? Істі шешіңіз.

 

 

ФАКТОРИНГ ШАРТЫ

 

Дара кәсіпкер Омаров жұбайылық кәсіпкерлік шұғылданып жүріп, жұбайы екеуінің бірлескен ортақ меншігіндегі пәтерді кепілге бере отыра, «Алыпбанкінен» 10 миллион теңге ақшаны несиеге алады. Несиенің жартысындай сомасы қайтаруға қалғанда, Омаровтар некесін бұзады, жұбайы кепілге салынған мүліктегі өз үлесін шығаруды талап етеді, ол үшін кепілге салынған пәтерді сату қажет болады, ал банк, оны ескере отыра, өз мүддесін қорғау үшін, Омаровтан несиені қайтару міндетін бір айдың ішінде орындауды талап етті.

Омаров «АлыпБанк» банкінің алдындағы несие бойынша қарызын өтеу мақсатымен осы банкіге өзінің борышкері дара кәсіпкер Қилымовқа ақшалай талабын береді. Қилымов Омаровпен жасаған сатып алу–сату шарты бойынша одан тауарлар сатып алған, ал сол тауарлар үшін төлем жасау мерзімі екі күн бұрын басталып қойған.

Банк, өз кезегінен, Қилымовқа ақшалай талапты орындауды өте қатаң нысанда қояды, сондықтан Қилымов Омаровтан алған тауарлардың әлі сатылып үлгерілмеген бөлігін өте төмен бағамен сатып жіберуге мәжбүр болып, бұрын Омаровқа тауарлар үшін төлеуге тиесілі соманы банкке төлейді.

Осыдан кейін Қилымов Омаровтан соңғысы екеуінің арасындағы келісім шарт жағдайларын бұзғандығы үшін келтірілген шығындарын өтеуді талап етеді, себебі ол шарт бойынша кредитор өз талабын ауыстыру құқығына тыйым салынған болатын.

1. Омаровтың жұбайының талабы заңға негізделген бе?

2. Банктің Омаровқа несиені қайтару мерзімі бойынша талабы орынды ма?

3. Омаровтың банкпен жасасқан келісім шарты заңға сәйкес келе ме? Сәйкес болса, ол қандай келісім шарт?

4. Қилымовтың талаптары туралы қандай пікір айта аласыз?

5. Соттың шешімі қандай болады?

 

 

ФРАНЧАЙЗИНГ ШАРТЫ

 

«Toyota» автомобильдерін жаңы модельдерін Қазақстан нарығына шығару және сату мақсатында осы атаулы фирма мен отандық «Алматы моторс» компаниясы арасында шарт жасалды. Шартқа сай, «Toyota» компаниясының тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын пайдалану ғана көрсетілді. Өзге айрықша құқықтарды пайдалану шартта көзделмеді және шарт атауы мен мерзімі де көрсетілмеді.

Арада 6 ай мерзім өткен соң, «Toyota» компаниясының өкілдері «Алматы моторс» компаниясымен арадағы шарттың орындалу барысын бақылау мақсатында тексеру жүргізді және өздеріне тиесілі фирмалық атауды, патентті, ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпияларына (ноу-хауға) құқықтарын «Алматы моторс» компаниясының пайдаланып отырғанын анықтап шартты бұзатынын және келтірілген зиянды өтеттіріп алатынын айтты.

«Алматы моторс» компаниясы болса, араларында жасалған шартты кешенді кәсіпкерлік лицензия немесе франчайзинг ретінде қарастыруға болатынын және шарттың нақты атауы көрсетілмегендіктен барлық айрықша құқықтарды қамтитынын алға тартты.

Тараптар келісімге келе алмағандықтан, «Toyota» компаниясының өкілі сотқа жүгінетінін білдірді.

1. Франчайзинг шарты бойынша кешенді лицензиар және кешенді лицензиат бола алатын тұлғалар кімдер?

2. Кешенді лицензиаттың кешенді лицензиарға тиесілі фирмалық атауды, патентті, ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпияларына (ноу-хауға) құқықтарын пайдалануы дұрыс па?

3. Қолданыстағы заңнаманы басшылыққа ала отырып, туындаған дауды шешіңіз.

 

 

«Шығыс» АҚ сотқа «Батыс» ЖШС-не қатысты талап арыз беріп, олардың арасында жасалған франчайзинг шартын бұзу және шығындарын өтеп беру туралы талап қойды. Сот мәжілісін дайындауда келесі жағдайлар анықталды:

«Шығыс» АҚ жанармай өндіру мен сату саласында беделді де, елде танымал кәсіпорын бола тұра, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша «Батыс» ЖШС-на өзінің фирмалық атауын, фирмалық белгісін, тауар белгісін, «Батыс» ЖШС-ң иелігіндегі жанармай құю станциясында (ЖҚС) жанармай сатуда, көлік жуу қызметінде, көліктерге техникалық қызмет көрсету станциясында(ТҚКС) және солардың жанындағы кафе қызметінде қолдануға руқсат береді.

Шарт орындалу барысында «Батыс» ЖШС-ы қызмет көрсететін жанармай құю станциясында жанармай сапасы «Шығыс» АҚ-ң өзге ЖҚС станцияларына қарағанда ең төмен болып шығыпты. Оған қоса, бұл ЖҚС тәуліктің қараңғы уақыттарында қызмет көрсетпейді екен, ал шартқа сәйкес ол тәулік бойы үзіліссіз қызмет ету керек.

ЖҚС қызметі, көлік жуу сапасы мен кафенің қызмет көрсету сапасы да өте төмен болыпты, бұл себептен сатып алушылардан үнемі наразылықтар түсіп турады екен. Ал сотқа талап арыз берудің нақты себебі ретінде жергілікті теледидар бойынша осы ЖҚС-ң қызметі туралы «Барлығы да жаман» деген тақырыптағы телерепортажы болыпты.

Сот отырысында «Батыс» ЖШС-ң өкілі ЖҚС-ң қызметіндегі жоғарыда келтірілген кемшіліктерң орын алғандығын мойындай отырып, бірақта «Шығыс» АҚ-ң талаптарын қанағаттандырудан бас тарту қажеттілігін мәлімдейді. Оның себебі – кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты «Шығыс» акционерлік қоғамын тіркеген органмен тіркелмеген, сондықтан ол күшіне енді деп саналмайды да ешбір құқықтық салдарға келтірмейді.

Ал «Шығыс» АҚ-ң өкілі бұл шарт Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитетте тіркелгендігін және сондықтан күшіне енгенін (заңды күші бар екендігін) мәлімдейді.

1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша тараптардың міндеттері және құқықтары қандай?

2. Кешенді лицензиардың тарапынан шартты бұзуды талап етуге негіздер орын алды ма? Тиісті баптарға, тармақтарға сілтеме жасаңыз.

3. Франчайзинг шартының міндетті нысаны қандай?

4. Шартты тіркеу туралы қайсы тараптың дәйектерін қолдайсыз?

5. Сот қандай шешім шығару қажет??

 

2-кейс

«Шығыс» АҚ сотқа «Батыс» ЖШС-не қатысты талап арыз беріп, олардың арасында жасалған франчайзинг шартын бұзу және шығындарын өтеп беру туралы талап қойды. Сот мәжілісін дайындауда келесі жағдайлар анықталды:

«Шығыс» АҚ жанармай өндіру мен сату саласында беделді де, елде танымал кәсіпорын бола тұра, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша «Батыс» ЖШС-на өзінің фирмалық атауын, фирмалық белгісін, тауар белгісін, «Батыс» ЖШС-ң иелігіндегі жанармай құю станциясында (ЖҚС) жанармай сатуда, көлік жуу қызметінде, көліктерге техникалық қызмет көрсету станциясында(ТҚКС) және солардың жанындағы кафе қызметінде қолдануға руқсат береді.

Шарт орындалу барысында «Батыс» ЖШС-ы қызмет көрсететін жанармай құю станциясында жанармай сапасы «Шығыс» АҚ-ң өзге ЖҚС станцияларына қарағанда ең төмен болып шығыпты. Оған қоса, бұл ЖҚС тәуліктің қараңғы уақыттарында қызмет көрсетпейді екен, ал шартқа сәйкес ол тәулік бойы үзіліссіз қызмет ету керек.

ЖҚС қызметі, көлік жуу сапасы мен кафенің қызмет көрсету сапасы да өте төмен болыпты, бұл себептен сатып алушылардан үнемі наразылықтар түсіп турады екен. Ал сотқа талап арыз берудің нақты себебі ретінде жергілікті теледидар бойынша осы ЖҚС-ң қызметі туралы «Барлығы да жаман» деген тақырыптағы телерепортажы болыпты.

Сот отырысында «Батыс» ЖШС-ң өкілі ЖҚС-ң қызметіндегі жоғарыда келтірілген кемшіліктерң орын алғандығын мойындай отырып, бірақта «Шығыс» АҚ-ң талаптарын қанағаттандырудан бас тарту қажеттілігін мәлімдейді. Оның себебі – кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты «Шығыс» акционерлік қоғамын тіркеген органмен тіркелмеген, сондықтан ол күшіне енді деп саналмайды да ешбір құқықтық салдарға келтірмейді.

Ал «Шығыс» АҚ-ң өкілі бұл шарт Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитетте тіркелгендігін және сондықтан күшіне енгенін (заңды күші бар екендігін) мәлімдейді.

1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша тараптардың міндеттері және құқықтары қандай?

2. Кешенді лицензиардың тарапынан шартты бұзуды талап етуге негіздер орын алды ма? Тиісті баптарға, тармақтарға сілтеме жасаңыз.

3. Франчайзинг шартының міндетті нысаны қандай?

4. Шартты тіркеу туралы қайсы тараптың дәйектерін қолдайсыз?

5. Сот қандай шешім шығару қажет??

 

 

«Темек» ЖШС-ы Москва қаласындағы «Лава» темекі компаниясымен мерзімсіз франчайзинг шартын жасасып, Қарағанды қаласында сол «Лава» атаулы темекі жасайтын кәсіпорын ашып, оның технологиясын пайдаланумен темекі өнімдерін шығаратын болды. Үш жылдан кейін «Лава» АҚ-ң құрылтайшысы апаттан қайтыс болып, оның мұрагері Карин М. темекі фабрикасын иеленгеннен кейін оның атауын «Карин и К°» деп өзгертті. Келісім шартқа негізделе отырып, «Темек» ЖШС-ы да өз фабрикасының атауын «Карин и К°» деп өзгертті. Алайда оның кәсіпорнының өнімдеріне сұраныс аса төмендеп кетті, себебі «Лава» маркасымен салыстырғанда, «Карин и К°» деген марканы ешкім білмеген.

ЖШС кешенді лицензиардан келісім шартты бұзып, фабриканың атауы өзгертілуіне байланысты келтірілген шығындарын өтеп беруді талап етті.

1. Кешенді лицензиар – азамат қайтыс болған жағдайда оның шарт бойынша құқықтары мен міндеттері құқықмирасқорларына (мұрагеріне) қандай жағдайларда ауысады?

2. Кешенді лицензиаттың талаптары заңға сай келе ме?

 

 

«Ара» ауыл шаруашылығы кооперативі балды өндіру мен жинаудың ерекше технологиясын ойлап шығарды. Бұдан әрі кооператив шығаратын өніміне «Ара» тауарлық белгісін тіркеді. Бұдан өзге, кооператив өзіне тиесілі тауарлық белгісімен бал шығару үшін екі бал омартасымен кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын жасады. Біршама уақыт өткеннен кейін салық инспекциясы кооператив пен омарталардың қызметінде салық заңнамасының маңызды бұзушылықтарын анықтады және кооператив пен омартаның белсенді жұмысы тоқтатылды. Екі айдан соң кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының бір тарабы болған бір омартаның өнімін тұтынушы - «Прогресс» дүкені балды тиісті көлемде және мерзімде дүкенге тапсырмағаны үшін шығындардың орнын толтыру туралы омартаға наразылық хат түсірді. Омартаның меншігіндегі қаржысының жеткіліксіздігіне және барлық қойылған талаптарды қанағаттандыру мүмкінсіздігіне байланысты дүкен қоса жауап беруші ретінде ауыл шаруашылық кооперативін де тартуды талап етті.       

Ауыл шаруашылық кооперативі дүкеннің талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

Істі шешіңіз.

«Искра» акционерлік қоғамы «Самал» ЖШС-нен тағамдық өнімдерді сатып алды. Ақша аванс ретінде төлем тапсырмасымен сатушының шотына аударылуы керек болды. Алайда банктың операционистінің қателігімен ақша басқа кәсіпорынның шотына аударылды. Нәтижесінде бір айдан кейін «Самал» ЖШС «Искра» АҚ-на сатып алынған өнімдерді төлеудің мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұлды төлеу туралы талап қойды. Өз кезегінде, «Искра» АҚ банктен «Самал» ЖШС тиесілі сомаларды банктің қате есептен шығарғаны үшін айыптөлемді төлеуді, сонымен қатар «Искра» АҚ жіберіп алған пайдасының шығындарын өтеуді талап етті.

Банк сатып алушының талаптарын қанағаттандырудан бас тартты, банк шотының шартында Банк пен «Искра» АҚ арасында банктің өз міндеттерін бұзғандығы үшін қандай да бір жауапкершіліктің көзделмегенін көрсетті. Керісінше, бұл шартта клиенттің алынбаған (жіберіп алған) пайдасы үшін банктің жауапкершілігін жоятын тармақ қамтылған.

Банк шотының шарты бойынша банктің жауапкершілік негіздері мен формалары қандай?

Бұл дауда кімнің талабы дұрыс? Істі шешіңіз.

 

33. Уәлиханов Имановқа комиссия шарты бойынша өзіне тұрғын үй-жайын тауып, оны жалдау шартын жасап беруді тапсырады. Иманов оған берілген тапсырманы орындағаннан кейін жасалған үй-жай жалдау шарттың бағасынан 15% мөлшерде сыйақыны төлеуді талап етті. Уәлиханов осындай мөлшердегі сыйақыны төлеуден бас тартты, өйткені келісімді жасаған кезде сыйақының нақты сомасы аталған жоқ, алайда ол Иманов жасаған келісімнің шарттарына өте риза және шарттың бағасынан 3% мөлшерінде сыйақыны төлеуге дайын. Ал Иманов оған тиесілі сыйақының сомасын өзі тағайындай алады деп есептеді. Одан басқа, оған белгілі болғандай, тұрғын үйді жалдау бойынша агенттіктер осындай қызметтері үшін шарттың бағасынан 15-тен 25% дейін мөлшерінде сыйақыны алады, ол болса тек минималды соманы ғана сұрап отыр.

Сотта дауды қарастырған кезде Иманов жалдау туралы шарт жасаған пәтердің иесі оның әйелі екендігі анықталды, ал Иманов ол мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының негізінде басқаратыны анықталды.

Бұл дауда кімдікі дұрыс?

 

 

Сақтандырушы – «Мунар» акционерлік қоғамы – азамат Бауыржановпен оның өмірі мен денсаулығын сақтандыру шартын жасасты. Шарттың талаптары бойынша сақтандыру төлемі өлім немесе сақтандыру ережелеріне қоса тіркелген тізімде көрсетілген аурудың жағдайында төленуі керек. Шартты жасаудың алдында жүргізілген медициналық қарау кезінде болжалды сақтанушыда бауыр циррозы анықталды. Дәрігерлердің пікірінше, бұл аурудың себебі Бауыржановтың кезеңді, ұзақ мерзімді ішімдікке салынуы болды. Өзінің денсаулығының аянышты жағдайына көз жеткізіп, Бауыржанов салауатты өмір салтын ұстана бастады. Сақтандырушы, өз кезегінде, Бауыржановтың ішімдікке салынуын тоқтату міндетін енгізізе отырып, сақтандыру шартын жасасты. Сонымен бірге бауыр циррозы төлем жүргізілетін аурулардың тізімінен шығарылып тасталды.

Алайда шартты жасаудан кейін де Бауыржанов спирттік сусындарды ішуін жалғастырды және бір жылдан кейін бауыр циррозынан қайтыс болды. Бауыржановтың туыстары сақтандырушыдан шартпен қарастырылған төлемді төлеуді талап етті. Сақтандырушы оны төлеуден бас тартты, өлімнің себебі Бауыржановтың әрекеті болды, ол шартты бұзып, ішімдікке салынуын жалғастырды және өзін өлімге қасақана жеткізгендігін меңзеді. Демек, заң тұрғысынан кездейсоқтық және ықтималдылық белгілеріне ие болуға қажетті сақтандыру жағдайы болған жоқ. Іс сотқа берілді.

Сот қандай шешім қабылдауы керек? Егер бауыр циррозы төлем жүргізілетін тізімде қалдырылса шешім өзгере ме?

КОНКУРСТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Шыңғысов преферанс ойнап Жүнісовқа ірі сомаға ұтылады. Өз қарызын ол бүкіл соманы қолхатқа қол қойған күннен бастап 10 күннен артық кешіктірмей төлеу міндеттемесі бар қарыздық қолхат түрінде жасайды. Төлемді кешіктіру жағдайында Шыңғысов қарызының жартысындай көлемде айып төлеуді міндет етіп алады.

Қолхаттың жасалу күнінен 12 күн өткен соң қарыз толығымен өтеледі. Шыңғысов төлемнің мерзімін бұзғандықтан, Жүнісов айып төлету жөнінде талап арызын сотқа береді.

Істі шешіңіздер.

Егер қолхат орнына Шыңғысов вексель берген болса, шешім өзгере ме?

 

Университеттің талапкері Темірханов және оның тума ағасы кәсіпкер Сартаев келесі шартпен бәстеседі. Темірханов университетке түскен жағдайда Сартаев Темірхановқа Университетке ресми түскен сәтінен бір ай мерзімде «Тойота» автокөлігін сыйлауға міндеттенеді. Темірханов түспеген жағдайда осы мерзімде ағасына 12 мың теңге төлеуі тиіс. Екінші емтиханды сәтсіз тапсырғаннан кейін тараптар арасында жасалған бәстесу Темірхановтың пайдасына емес екендігі айқын болды. Дегенмен, Сартаев бәстесу шарты бойынша оған тиісті соманы төлеуді талап еткен кезде, Темірханов Сартаевқа тек 5 мың теңге ғана төлейді. Қарыздың қалған бөлігін төлеу туралы міндетін Темірханов бұдан бұрын Сартаевқа сатқан «Үй кинотеатры» музыкалық орталығының құнын әлі төлемегенін, енді соны төлеуі туралы қарсы талаппен жабылуын талап етеді.  

Істі шешіңіз.   

 

ЗИЯН КЕЛТІРУ ТУРАЛЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

«Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорнының шахтерлері жер астындағы жұмыстарды жүргізіп жатқанда метан газы пайда болып, қопарылысқа келтірген. Оның нәтижесінде қопарылыс болған жерге жақын жұмыс істеп жатқан Алаев қайтыс болды, ал Отаровты көмір басып қалғандықтан, оны құтқарғанша бір аяғы сынып, өзге де орта және жеңіл дәрежедегі дене жарақаттары келтіріліпті.

Алаевтың отбасында 32 жастағы мектепте оқытушы болып істейтін жұбайы, 2 жастағы ұлы, 8 жастағы қызы және зейнеткер жасындағы ата-анасы бар. Оның екі баласына «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты жәрдемақы төленетін болды.

Кәсіпорынның қаржылық бөлімі берген анықтамаға сәйкес, Алаевтың айлық орта табысы 300 мың теңге болыпты.

Отаровтың айлық орта табысы да 300 мың теңгені құрапты. Және де ол 2 ай емделгеннен кейін ол дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссияның шешімі бойынша 1-топтың мүгедегі деп танылып, оған жоғарыда көрсетілген Заңға сәйкес мүгедектiгi бойынша тиісті әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды.

Қалыптасқан жағдайды құқықтық қатынас ретінде саралаңыз: қандай құқықтық қатынастар пайда болды (2 түрлі)?

Зиян келтіруші ретінде кім танылады?

Екі шахтер бойынша жәбірленуші ретінде кімдер танылады?

Алаевтың қайтыс болуына байланысты зиян келтірушінің міндеттері қандай?

Егер төлемдер төленетін болса: кімге, қанша сомада, қандай мерзім бойы төленетінін есептеңіз.

Отаровқа қатысты төлемдер зиян келтірушінің тарапынан төленуге тиіс пе? Тиіс болған жағдайда нақты сомаларын және төлену мерзімін санап көрсетіңіз.

Зиян келтіру бойынша төлем алушыларға тағайындалған әлеуметтік жәрдемақы сомалары зиян келтірілген үшін төленетін сомалардың азайтылуына әкеп соға ма?

 

 

Мектептің 6 класс оқушысы П. үзілісте коридормен келе жатқанда бір топ ер балалар жүгіріп келе жатып, оны итеріп жібереді, итергендердің біріншісі Асанов болып анықталады. П. Ауыр дене жарақатын алып, ұзақ уақыт емделеді, 6 классты келесі жылы айта оқуға мәжбүр болады. Нәтижесінде миына зақым келтірілгендігі дәлелденіп, ол 2-топ мүгедегі деп 14 жасынан танылады.

Кәмелетке толмаған П-ның құқықтары қандай?

Егер ол 25 жасына толғанда шетел фирмасына жұмысқа орналасып, орта айлық жалақысы 2000 доллар мөлшерінде болса, жағдай қалай реттеледі?

 

16 жастағы Аман жол бойындағы салынып жатқан құрылыстың жанынан тротуармен өтіп бара жатқанда кенеттен оның үстіне құрылыс кранымен көтеріліп бара жатқан бетоннан жасалған құрылыстық бұйым құлап түседі. Нәтижесінде оның жанбасы сынып, 1-топтағы мүгедек деп танылады, оған «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес тиісті мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.

Зиян келтірген құрылыс кәсіпорны Азаматтық кодекстің 939-бабына сәйкес ай сайын оған он еселенген айлық есептiк көрсеткiшті негiзге ала отырып, оның еңбек қабiлетiнiң 50 пайызға төмендеуiне байланысты (медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша) өтемақы төлеуге міндеттелді (мысалы, 2016 ж.: 2121 т. х 10 х 50% = 10605 т.)

Аман, мүгедектігіне қарамастан, мектепті жақсы бітіріп, ағылшын тілін де қоса үздік меңгеріп, компьютерлік технология мамандығы бойынша жоғары оқу орнын аяқтап, нәтижесінде 25-жасына келгенде беделді шетел фирмасының Қазақстандағы филиалына қызметке қабылданып, оның айлық табысы 300 мың теңге болды.

Біраздан кейін Аман зиян келтіруші компанияға зиян келтіргені үшін өтемақыны қайта есептеп, жаңа көлемде төлеп отыруын талап етті. Құрылыс фирмасы оның арызын қанағаттандырудан бас тартты.

1. Қалыптасқан жағдайды саралаңыз. Жәбірленушінің жасы оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мөлшеріне, түрлеріне қатысты бола ма? Толық сипаттаңыз.

2. Жәбірленушінің қазіргі уақыттағы алатын жалақысы/еңбекақысы оның зиян келтірушіден алуға құқылы төлемдердің мөлшері өзгеруге негіз бола ала ма?

3. Зиян келтіруші үшін айлық төлемдердің мөлшерін азайтуға Аманның 1-топ мүгедек деп танылғанына байланысты ай сайын алып жатқан мемлекеттік жәрдемақысы әсер ете ме?

4. Құрылыс фирмасы Аманның талабын қанағаттандырудан бас тартуымен келісесіз бе? Жаубаңызды негіздеңіз

«БазисА» компаниясының құрылысшысы - азамат Ибраев адам өлтірді деп айыпталып, қалалық сот шешімі бойынша ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Сот өкімі заңды күшіне ену боынша ол сол жазаны өтеу орнында 2 жыл өткізгеннен кейін бұл қылмысты басқа адам жасағаны анықталды, ал Ибраев жазаны өтеуден босатылды.

1) Осы қылмыстық іс бойынша тергеу мерзімі қандай?

2) Соттың өкімі қашан күшіне енеді?

3) Ибраевқа зиянның қандай түрі келтірілген?

4) Осы орайда Ибраевқа келтірілген зиянның негіздері және көлемін анықтау үшін Азаматтық кодекстен басқа қандай заңнамаға сүйенеміз?

5) Ибраевтың айлық орта жалақысы 200 мың теңгені құрайтын болған. Осыған орай Ибраев кімнен және қандай соманы өтеп алуға құқылы?

 

Ырысты ауылының тұрғыны, Отаров Ерлан бастауыш мектепте 5 жыл оқып, сабақтар бойынша білімдерді меңгере алмаған соң, әрі қарай оқу оқымай, ересек жасына дейін ата-анасының қолында тәрбиеленді. Жасөспірім жасынан ол сол ауылдың тұрғындарының ұсақ заттарын ашық түрде сұраусыз алып кетіп, жасырын да ұрлап, кейде біреулерді соғып кетіп жүрген, бірақта ауыл тұрғындары Ерланның ақылы аздап жетіспейтінін біле тұра, оның ата-анасына немесе өзіне ешбір талаптар қоймаған. 30 жасында Отаров көрші үйге түн ортасында терезесін ашып кіріп, сіріңке жаққанынан өрт шығып, көршісі Имановтың үйіне едәуір зиян келтірген. Ал Имановтардың отбасы ұйқыдан оянып, кейбіреулері от пен түтіннен тұншығып, ден саулықтарына да зиян келтірілген, от сөндірілгенше жеке мүліктеріне де бірталай шығындар келтірілген. Ерлан болса сол үйде ұсталып, полиция қызметкрлеріне тапсырылған.

Иманов осы жағдай бойынша Отаровтардың отбасына, яғни 60 жастағы әкесі мен 50 жастағы анасына, 32 жастағы ағасы мен 25 жастағы өз отбасымен бөлек тұратын қарындасына ортақ талап қойып, барлық мүліктік шығындарын өтеуді және де моральдық зиянды өтеуді талап етеді. Бірақта Отаровтар Ерланның әрекеттері үшін жауапты емес екендерін және оның ақылы аз екендігі бәріне мәлім болғандықтан, оның әрекеттері үшін ешкім жауап көтермейді деп, зиянды өтеуден толығымен бас тартады.

Осы іс бойынша зиян келтірушіні және зиянды өтеуші тұлғаларды анықтаңыз.

Имановтың талабы қанағаттандыруға жата ма? Қанағаттандырылатын болса, кімнің есебінен және қандай мөлшерде?

 

Жол бөлімінің полиция қызметкері Досымов азамат Үкібаевты заңсыз токтатып, одан жеке төлқұжатын көрсетуді талап етеді. Үкібаев Досымовтың талабын орындаудан бас тартқандықтан, соңғысы оған күш жұмсап, қолына зақым келтіреді, соның нәтижесінде Үкібаев екі ай емделуде жатады.

Өзінің заңсыз әрекеттері үшін Досымов тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Үкібаев өзіне таныс заң факультеті студентіне жолығып, одан келтірілген зиянды өтеу жөнінде кімге және қалай талап қоя алатынын сұрайды. Студент құқыққорғау орғандарының қызметкерлерінің заңсыз әрекетінен туындаған зиянды мемлекет өтейді деп түсіндіреді. Сондықтан да Үкібаев өзіне келтірілген зиянның орнын толықтыру жөніндеғі талап арызын жергілікті әкімшіліктің қаржы орғанына беруі керек. Студенттің айтқанын тыңдап, Үкібаев талап арызында жауапкер ретінде мемлекеттік жергілікті қаржы ұйымын белгілейді.

БҰЛ КЕҢЕСТІҢ ЗАҢҒА СӘЙКЕСТІГІН/СӘЙКЕССІЗДІГІН ДӘЛЕЛДЕҢІЗ.

Істі қарастыру барысында сот ортақ жауапкер ретінде милиционер Досымовты тартып, оған талап арызда көрсетілген соманы төлетеді. Досымов соттың бұл шешіміне шағымданады.

Апелляциялық СОТ қандай қаулы шығаруы тиіс және нақты мәнінде іс қалай шешілуі қажет?

МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

1. Қырманов сотқа өз анасының өлімінен кейін ашылған мұраны қабылдау мерзімін ұзарту жөнінде талап арызын береді. Өз өтінішін ол мұраның ашылғаны туралы тек қазір, өлімінен кейін 1,5 жыл өткен соң білгенін дәйектейді. Істі қарастыру барысында Қырмановтың соңғы жылдар бойы анасымен ешқандай қарым-қатынас жасамағанын, дәлірек айтқанда, анасының материалдық көмек сұрағанына қарамастан, оған көмек көрсетпегені анықталды. Анасын күту мен бағуға байланысты барлық жұмысты өз мойнына Қырмановтың апасы алады, міне, соған мұрагерлік мүліктің бәрі өтеді.

Қырмановтың талап арызы қанағаттануға жата ма?

Мұраны қабылдап алу азаматтық құқықтағы мерзімдердің қандай түріне жатады?

 

 

2. Әйгілі суретшінің әйелі зайыбының қайтыс болуынан көп ұзамай-ақ барлық мүлікті күйеуінің жиені Сабырбековқа қалдыратыны жайлы өсиет жасайды. Бірақ сонымен қатар өсиет алушыға өзінің құрбысы Амановаға еңбек ақысының төменгі көрсеткішінен кем болмайтындай етіп өмір бойы ай сайын ақша аударып тұруды, ал олардың үйінде үнемі жұмыс істеп тұратын суретшінің туындылар көрмесі бар мұражай ұйымдастыруды міндет етеді. Екі жылдан соң ол дүние салады.

Сабырбеков өсиеттің мазмұнымен танысып, марқұмның банктік несие бойынша қарыздары бар екенін біледі де, мұрадан бас тартуды шешеді.

Аманова, құрбысының қалдырған өсиетінің мазмұнын білетін болғасын, өсиетте көрсетілген ақша төлемдерін алу үшін Сабырбековқа келеді және тез арада суретшінің үйінде мұражайды ұйымдастыра бастауды талап етеді. Сабырбеков оның талаптарын орындаудан бас тартады. Марқұмның басқа мұрагері де жоқ еді.

Өсиеттің орындалуы үшін Аманова кімге баруы тиіс?

 

 

3. Азамат Асанов қайтыс болғаннан кейін оның отбасына бөгде әйел келіп, олар тұратын үйді босатуды талап етеді және өзге де бағалы заттарын өзіне беруді талап етеді. Негіз ретінде ол Асановтың тірі кезінде жазған өсиетін көрсетеді. Ол өсиет бойынша «... менің қандай болса да барлық мүлігімді өз әкелігімді мойындаған қызым О-ға қалдырамын» - деп жазылып, нотариуста рәсімделіпті. Ал келіп тұрған азаматша сол қыздың анасы екен.

Асановтың отбасы мүшелері: 70 жастағы анасы, 75 жастағы әкесі, 7 жастағы ұлы, 10 жастағы қызы, менеджер қызметін атқаратын жұбайы. Бұған қоса, Асановтың бірінші некесінен тұылған екі баласы бар екен: 25 жастағы 2-топтағы мүгедек ұлы және 23 жастағы қызы.

Осы жағдайда өсиет бойынша, некеде тұрмай туылған, кәмелетке толмаған 2 жастағы қызының мұрагерлік құқықтары қандай? Оның анасы баласының өкілі ретінде қайтыс болған адамның мұралық мүлкіне, өсиетке сай, толығымен иелене ала ма?

4. Боранбаев пен Ахметжанов үйдi сату жөнiнде сату-сатып алу шартын жасасты. Шартты нотариуста куəландырған соң Боранбаев Ахметжановтың үйiнде қоныстанады. Боранбаев өз жанұясының мүшелерiмен сол үйде тұрып жатқанмен, ХҚКО (ЦОН) арқылы үйге меншік құқығын тiркемейдi.

Сауда-саттық келiсiмдi жасаған соң төрт жылдан кейiн Боранбаев қайтыс болады да, ұлының пайдасына үйге мұрагерлiк өсиет қалдырады. Алайда Боранбаевтың тiрiсiнде үйге меншiк құқығына ие бола алмағанын себеп етiп, марқұмның зайыбы өсиеттiң күшi жоқ деп санады.

Осы жағдаймен мазаланған мұрагер, үйдiң əкесiне сатылғанын қажет болғанда растап беруiн сұрап, Ахметжановқа жолығады. Ахметжанов одан дау шығармай, қажетi келгенде растап беруге келiсiмiн бередi.

Боранбаевтың зайыбы мен оның ұлы арасында ақша салымдары мен басқа мүлiктi бөлiсу жөнiнен де келiспеушiлiктер туады. Боранбаеваның ойынша, егер оның күйеуi үйге өсиет қалдырған болса, онда ол баласына тек үйдi ғана мұраға берiп, басқа мүлiктiң ешбiрiн қалдырмағанын бiлдiредi. Баласы болса, үй əкесiнiң басқа мүлкiндегi үлесiнiң үстiне қоса берiлуi тиiс деп санады.

Мұрагерлер арасында пайда болған дау соттың қарауына берiледi.

Сот қандай шешiм шығаруы тиiс?

Қырманов сотқа өз анасының өлімінен кейін ашылған мұраны қабылдау

мерзімін ұзарту жөнінде талап арызын береді. Өз өтінішін ол мұраның ашылғаны туралы тек қазір, өлімінен кейін 1,5 жыл өткен соң білгенін дәйектейді. Істі қарастыру барысында Қырмановтың соңғы жылдар бойы анасымен ешқандай қарым-қатынас жасамағанын, дәлірек айтқанда, анасының материалдық көмек сұрағанына қарамастан, оған көрсетпегені анықталды. Анасын күту мен бағуға байланысты барлық жұмысты өз мойнына Қырмановтың апасы алады, міне, соған мұрагерлік мүліктің бәрі өтеді.

Қырмановтың талап арызы қанағаттануға жата ма? Мұраны қабылдап алу мерзімдердің қандай түріне жатады?

 

Ауыр сырқатқа шалдыққан азамат Момынов Жинақ банкісіндегі өзінің ақша

салымын бірнеше жыл бойы іс жүзіндегі некелік қарым-қатынаста болған Нұрланованың қарауына беру туралы сенімхат береді. Сонда Момынов куәгерлердің көзінше Нұланова осы қаражат есебінен оны жерлеуге байланысты барлық шығындарын өтеп, ал қалғанын өз еркімен жұмсасын деген тілегін білдіреді. Осы сенімхат та, Нұрлановаға мұра бойынша автокөліктің және үй жабдықтарының өтуі туралы өсиет те, Момыновтың емделіп жатқан ауруханасының бас дәрігерімен куәландырылады. Момыновтың өлімінен кейін әкесімен бірқатар жылдар бойы қатынаспайтын, бірақ заң бойынша Момыновтың жалғыз мұрагері болып табылатын оның ересек ұлы Нұрлановадан Жинақ банкіде Момынов атында сақталған ақша салымының барлық сомасын беруді талап ете отырып, оған талап арыз ұсынады.

Осы талап арыз қаншалықты негізделген деуге болады?

 

Есенованың өлімінен соң оның артында үйі мен үйдегі тұрмыс заттары, жиҺаздары қалады. Оның ішінде телевизор, жақсы күйдегі көне жиҺаз – көркемделіп жасалған буфет, бюро, жазу столы, орындықтар, киім ілетін шкаф, төсек, асханалық күміс, шебер қолдан шыққан шай және кофе сервиздері, фарфордан жасалған керегеге ілінетін әсемдік заттары, қолдан әшекейленген самауыр мен басқа да үй заттары бар.

Есенованың тірі кезінде-ақ оның үйін білетін өлкетану мұражайы үйіндегі көне заттарының көркем болуымен қатар тарихи құндылығы бар деген оймен олардың бәрін мұражайға өткізуін сұраған болатын. Басқа қаланың тұрғыны болып табылатын Есенованың қызы, Қалима, бұған қарсы еді. Онымен қоса 1974 жылдан бастап Есеновамен бірге тұрып, оны өз анасының көрген Айманның мұрагерлікке құқығын мойындағысы келмеді. Ал Айман болса, іс жүзінде Есенованың асыранды қызы болғасын, Қалимамен қатар мұрагерлікке құқықты болып қана қоймай, Есенованың тірі кезінде де пайдаланып жүрген үйде тұрған барлық заттарды иеленгісі келді.

Есенованың мүлігі қалай бөлінуі тиіс.

 

 

Әйгілі суретшінің әйелі зайыбының қайтыс болуынан көп ұзамай-ақ барлық мүлікті күйеуінің жиені Сабырбековқа қалдыратыны жайлы өсиет жасайды. Бірақ сонымен қатар өсиет алушыға өзінің құрбысы Амановаға еңбек ақысының төменгі көрсеткішінен кем болмайтындай етіп өмір бойы ай сайын ақша аударып тұруды, ал олардың үйінде үнемі жұмыс істеп тұратын суретшінің туындылар көрмесі бар мұражай ұйымдастыруды міндет етеді. Екі жылдан соң ол дүние салады.

Сабырбеков, өсиеттің мазмұнымен танысып, марқұмның ссуда бойынша қарыздары бар екенін біледі де, мұрадан бас тартуды шешеді.

Аманова, құрбысының қалдырған өсиетінің мазмұнын білетін болғасын, өсиетте көрсетілген ақша төлемдерін алу үшін Сабырбековқа келеді және тез арада суретшінің үйінде мұражайды ұйымдастыра бастауды талап етеді. Сабырбеков оның талаптарын орындаудан бас тартады. Марқұмның басқа мұрагері де жоқ еді.

Өсиеттің орындалуы үшін Аманова кімге баруы тиіс?

 

2009 ж. 10 қазанда азамат Жуков қайтыс болған соң нотариалдық кеңсеге оның бұрынғы жұбайы Зуева (некелері үш ай бұрын бұзылған); Жуковтың анасы Ильина және қайтыс болған Жуков екі ай бұрын төбелес жасап, денесіне ауыр дәрежелі жарақат келтірген Крутов жүгінеді.

Бұлардың нотариусқа қойған талаптары келесі болды:

Зуева Жуковтың бұрынғы жұбайы ретінде жұбайылық мүліктің жартысын меншіктенушімін деп санайды, себебі 2009 ж. 25 қыркүйегінде осы жұбайлардың арасында мүліктерін бөлісу туралы заңды күшіне енген сот шешімі қолында бар екен.

Крутов болса Жуков оның денсаулығына келтірген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімін келтіре отырып, сот шешімінде бекітілген зиянды өтеу сомасын талап етеді.

Мұра қалтырушының анасы Ильина болса, Зуеваның ешбір мүліктік құқығы жоқ екендігін, себебі оның Жуковпен некелері сот шешіміміен бұзылған екендігін, туыстық қатынасы қазыр жоқ деп келтіреді.

Ал Крутов қайтыс болған Жуковпен ешбір туыстық қатынасы жоқ, сондықтан мұралық мүліктен ешқандай өтемдер ала алмайды деп Ильина пікір білдіреді.

1. Осы мұрагерлік қатынаста мұрагерді атап кетіңіз

2. Жуков пен оның жұбайы арасында мүліктерді бөлу туралы сот шешімі Жуковтың қайтыс болуынан кейін орындалуға жата ма?

3.  Крутовтың оған келтірілген зиянды өтеуді өндіріп алу құқығын нотариус қанағаттандыра ма?

4. Ғылыми доктринадағы «мұрагерлік массаны қарыздардан/борыштардан босату» деген түсінікке талдау жасаңыз?

5. Шешіміңізді толық келтіріңіз

 

 

2016 жылдың 18 тамызындағы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талапкер «Әндер авторларының одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жауапкер «Ақсу-Жабағылы» оңалту-сауықтыру кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен сыйақы өндіру туралы талап арызымен азаматтық ісі қозғалған. Сотта, талапкер өкілі жауапкерден шарт бойынша жасасқан өз міндеттемелерін орындамай, авторлық сыйақыны төлемегені үшін 25 276,5 теңге өндіруді сұраған. Талап арыз Қазақстан Республикасының АПК-нің 146 бабының талаптарына сай, оңайлатылған тәртіппен іс жүргізуге өндіріске алынып, жауапкер жаққа 15 жұмыс күні ішінде талап арызға қарсы пікірін білдіруге уақыт берілген. Аталған уақыт ішінде жауапкер жақ сотқа қарсы пікір түсіріп, талап арызды мойындамайтындығы туралы жеткізген.

Соттың анықтағаны бөлігіне қарағанда, 10.07.2012 жылы тараптардың арасында ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Жусипбеков к-сі, №6 ғимаратында көпшілік алдында орындау арқылы жария етілген туындыларды пайдалану құқығын беру және сыйақы төлеу туралы №01х/166/12 санды шарт жасалған.

Шарттың 1.1 тармағына сай Қоғамның репертуарына кіретін туындыларды пайдалану құқығы берілгені үшін пайдаланушы қоғамға осы шартпен көзделген тәртіппен авторлық сыйақы төлеуге міндеттенген. Сондай-ақ, 1.2 тармағы бойынша пайдаланушы жарияланған туындыларды көпшілік алдында орындауды техникалық құрылғылардың көмегімен жүзеге асырады және қоғамға көпшілік алдында орындағаны үшін сыйақы төлейді.    

Ал, шарттың 2.1, 2.2. және 2.3 тармақтарының талаптарына сай пайдаланушы қоғамға ай сайын 3 000 теңге мөлшерінде авторлық сыйақы төлеуі, ай сайын ай аяқталған соң 10 күнінен кешіктірмей аударуы, төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін күніне берешек сомасының 0,1 пайыз өсімін төлеуі көрсетілген.

«Осы шарт 7.1 тармағына сай 01.07.2012 жылдан бастап күшіне енеді және 31.12.2012 жылға дейін жарамды» – депкөрсетілген.

Ал, 7.2. тармағына сай шарт мерзімі автоматты түрде әр жыл сайын бір жылға ұзартылады, егер де оның күшінің мерзімі аяқталуына 30 күн алдын ала бір тарап жазбаша түрде келесі тарапты шартты ұзарту туралы бас тартатынын ескертпеген болса – көрсетілген.

Іс құжаттарына қарағанда жауапкер 30.06.2013 жылдан бастап үш айға, 30.06.2014 жылдан бастап үш айға, 31.07.2015 жылы бір айға және 30.01.2016 жылы бір айға шартта көзделген соманы төлемеген. Шарт бойынша қарыз есебінің анықтамасына сай жауапкердің талапкер алдындағы жалпы қарыз сомасы 25 276,5 теңгені құраған, оның ішінде негізгі қарызы 24 000 теңге, тұрақсыздық айыбының өсімі 1 276,5 теңге болған.

Сот талап арызды жан-жақты зерттеп, талапкердің талап арызы негізді, әрі заңды деп тауып, оны толық көлемде қанағаттандырып, жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасы мен айыппұлды өндірген.

 


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 1155; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!