DS: Жедел гангренозды аппендицит

Дәрігердің науқасты қабылдауы.

15:00

Науқастың түскен кездегі шағымдары: оң мықын аймағының ауыруына, көңілінің айнуына, аузының құрғауына, дене қызуының көтерілуіне, жалпы әлсіздікке.

Anamnesis morbi:Науқастың айтуы бойынша 19.02.17. күні түнгі 02:00 шамасынан бері ауырады. Түнде науқас ұйықтап жатқан кезінде ауырсыну салдарынан ұйқыдан оянған. Ұйқыдан оянған кезде науқастың асқазан аймағы ауырып тұрған, кейін ауырсыну күшейе түскен, өздігінен омез капсуласын қабылдаған, таңға дейін ұйықтап қалған. Таңертеңнен науқаста ауырсыну эпигастрий аймағынан оң мықын аймағына ауысқан, көңілі айныған, лоқсыған. Уақыт өте науқастың оң мықын аймағында ауырсыну күшейе түскен, көңілі айныған, дене қызуы көтерілген. Науқастың жоғарыда келтірілген шағымдары күшейген соң жедел жәрдем шақырған, “Жіті аппендицит?” диагнозымен “Талғат” клиникасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілген. Клиникада науқас дәрігер-хирургке қаралып, шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

Anamnesis vitae:Науқас жасына және жынысына сай өсіп-жетілген. Вирусты гепатитпен, туберкулезбен, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Соңғы 6айда гемотрансфузия жасалмаған.

Аллергоанамнезі: науқастың айтуы бойынша дәрілік препараттарға, тағамдарған, шаң-тозаңдарға және т.б. аллергиялық реакциясы болмаған.

Эпидемиологиялық анамнезі:науқастың айтуынша соңғы 14 күнде кененің шағуы, жануарлардың тістеуі болмаған.

Status praesens communis:Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Санасы айқын. Дене бітімі нормостеникалық. Төсектегі қалпы пассивті. Дене қызуы 37,0ºС. Перифериялық лимфа түйіндері үлкеймеген. Сүйек-бұлшық ет жүйесі ерекшеліксіз. Тері жамылғылары және кілегей қабаттары бозғылт-қызғылт түсті, таза. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 19 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚҚ 110/70 мм с.б.б., рs мин 94 рет. Тілі құрғақ, ақ өңезбен жамылған. Іші пальпацияда жұмсақ, оң мықын аймағында кернелген, бірден ауырады. Бауыр мен талақ ұлғаймаған. Қағу белгісі екі жағынан теріс мәнді. Үлкен дәреті және кіші дәреті қалыпты.

Status localis:Тілі құрғақ, ақ өңезбен жамылған. Ішін қарағанда қалыпты пішінді, тыныс алу актіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, оң мықын аймағында кернелген, бірден ауырады. Кохер, Раздольский, Ровзинг, Щеткин-Блюмберг, Воскресенский белгілері оң мәнді.

 

DS: Жедел аппендицит.

Зерттеу жоспары:                                                                                Емдеу жоспары:

1. ҚЖА;                                                                                          шұғыл түрде оперативті ем

2. НЖА;                                                             

3. Қанның биохимиялық анализі;

4. В және С гепатит маркерлеріне ИФА-анализ;

5. АИТВ-инфекциясына тексеру.

6. RW;

7. Қан тобын анықтау;

8.Флюорография;

9. Дәрігер-анестезиолог кеңесі.

 

                                                                              Кезекші дәрігер:Иманходжаев А.А.                                                                                              

 

19.02.2017.                 Операцияға көрсеткіштер:

 

1. Жедел аппендицит клиникасы:оң мықын аймағының ауыруы, көңілінің айнуы,

   аузының құрғауы, дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік.

2. Status localis:Тілі құрғақ, ақ өңезбен жамылған. Ішін қарағанда қалыпты пішінді,

тыныс алу актіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, оң мықын аймағында кернелген,

бірден ауырады. Кохер, Раздольский, Ровзинг, Щеткин-Блюмберг, Воскресенский

белгілері оң мәнді.

3. Қанда лейкоцит:9,3х10/9/л.

4.Науқастан және анасынан келісім алынды.

 

                                                                                                     Дәрігер:Искаков А.Д.

 

Операция №

Операция күні: 19.02.2017., операцияның басталуы 16:05, аяқталуы 16:35

Науқастың аты-жөні: Бекжігіт Маханбетжан Қайратұлы

Туылған мерзімі: 10.09.2000.

Стационарлық науқастың ауру тарихының №:1179

Операцияға дейінгі диагноз: Жедел аппендицит

Операциядан кейінгі диагноз: нег.: Жедел гангренозды аппендицит.

                                                   асқ.: Жергілікті шектелмеген іріңді перитонит.

Наркоз: венаішілік анестезия

Оператор: Искаков А.Д.                               

Ассистент: Иманходжаев А.А.          

Анестезиолог: Көкенов Б.А.                                 

Опер.м/б: Севара     

           

Операция хаттамасы.Аппендэктомия. Іш қуысын дренаждау операциясы.     

       

Операциялық алаң 3рет 96% спирт ерітіндісімен өңделгеннен кейін венаішілік наркоз берілді. Волкович-Дьяконов жету жолымен оң мықын аймағы қиғашынан кесілді, гемостаз жасалды-құрғақ. Іш қуысы қабаттарымен ашылды, 60,0 мл іріңді бөлінді бар, бак.посевке жағынды алынды, құрғатылды. Соқыр ішек құрт тәрізді өсіндісімен табылып, жараға шығарылды. Өсінді қоңыр түсті, ұлғайған, ісінген, кернелген, іріңді фибриндермен жамылған. Интраоперациялық “Жедел гангренозды аппендицит. Жергілікті шектелмеген іріңді перитонит” диагнозы қойылды. Аппендэктомия жасау ұйғарылды. Өсінді негізінен №2 кетгут жібімен, шажырқайы №0 капрон жібімен байланды, аппендэктомия жасалды. Өсінді тұқылы спиртпен өңделіп, кисет тігісімен соқыр ішек қабырғасына ендірілді, үстінен “Z” тәрізді тігіс салынды. Іш қуысы туфермен бірнеше рет құрғатылды, гемостазға тексерілді, құрғақ. Іш қуысына дренажды түтікше қалдырылды, контрапертуралық тілік арқылы шығарылып, бекітілді. Жара қабаттарымен тігілді. Спирт. Асептикалық таңғыш.

Макропрепарат:Құрт тәрізді өсінді L=7,0 см, d=1,0 см. Өсінді қоңыр түсті, ұлғайған, ісінген, кернелген, іріңді фибриндермен қапталған.

Науқас операциядан кейін операциялық блоктан палатаға шығарылды.

 

20.02.2017.                Дәрігерлік жалпы шолу.

10:00

Науқасоперациядан кейінгі жара аймағының ауыруына, аузының құрғауына, жалпы әлсіздікке шағымданады.

Объективті:Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Санасы айқын, сұрақтарға жауап береді. Түнді тыныш өткізді. Дене қызуы 36,9ºС. Тері жамылғылары және кілегей қабаттары таза, бозғылт-қызғылт түсті. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 18 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты. АҚҚ 110/70 мм с.б.б., ps 86 рет мин. Тілі құрғақ, ақ өңезбен жамылған. Ішін қарағанда қалыпты пішінді, тыныс алу актіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, операциядан кейінгі жара аймағында ауырады. Ішастар тітіркену белгілері жоқ. Ішек перистальтикасы әлсіз естіледі. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Қағу белгісі екі жақтан теріс мәнді. Үлкен дәреті болмаған. Кіші дәреті қалыпты.

Status localis:Операциядан кейінгі жара таза, қабыну белгілері жоқ. Жіптері қанағаттанарлық жағдайда. Дренажды түтікшеден 5,0 мл серозды-геморрагиялық бөлінді бөлінген. Спирт. Асептикалық таңғыш.

 

Емін қабылдауда.

 

           Емдеуші дәрігер:Искаков А.Д.

 

21.02.2017.                          Дәрігерлік жалпы шолу.

10:00

Шағымдары:операциядан кейінгі жара аймағының ауыруына, жалпы әлсіздікке.

Объективті:Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Санасында. Түнд тыныш өткізді. Дене қызуы 36,7ºС. Тері жамылғылары және кілегей қабаттары таза, бозғылт-қызғылт түсті. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 18 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚҚ 110/80 мм с.б.б., ps 84 рет мин. Тілі құрғақтау, ақшыл өңезбен жамылған. Іші қалыпты пішінді, тыныс алу актіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, операциядан кейінгі жара аймағында ауырады. Перитонеальді белгілер жоқ. Ішек перистальтикасы естіледі. Бауыр мен талақ ұлғаймаған. Қағу белгісі екі жағынан теріс мәнді. Үлкен дәреті болған жоқ, газдар аздап шыққан. Кіші дәреті қалыпты.

Status localis:Операциядан кейінгі жара таза, қабыну белгілері жоқ. Жіптері қанағаттанарлық жағдайда. Дренажды түтікшеден 7,0 мл серозды-геморрагиялық бөлінді бөлінген. Спирт. Асептикалық таңғыш.

 

Емін қабылдауда.

 

           Емдеуші дәрігер:Искаков А.Д.

 

22.02.2017.                 Дәрігерлік жалпы шолу.

10:00

Шағымдары:операциядан кейінгі жара аймағының ауыруына, жалпы әлсіздікке.

Объективті:Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Санасы айқын. Түнді тыныш өткізді. Дене қызуы 36,4ºС. Тері жамылғылары және кілегей қабаттары таза, бозғылт-қызғылт түсті. Өкпеде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 18 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм с.б.б., пульс 80 рет мин. Тілі ылғалды, ақшыл жамығымен қапталған. Іші дұрыс пішінді, тыныс алу актіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, операциядан кейінгі жара аймағында ауырады. Перитонеальді белгілер жоқ. Ішек перистальтикасы естіледі. Бауыр мен талақ үлкеймеген. Қағу белгісі екі жақтан теріс мәнді. Үлкен дәреті өздігінен болған, қалыпты, газдар шығады. Кіші дәреті қалыпты.

Status localis:Операциядан кейінгі жара таза, қабыну белгілері жоқ. Жіптері қанағаттанарлық жағдайда. Дренажды түтікшеден бөлінді жоқ, түтікше алынды. Спирт. Асептикалық таңғыш.

 

Емін қабылдауда.

 

                                                                            Емдеуші дәрігер:Искаков А.Д.

 

23.02.2017.                     Дәрігерлік жалпы шолу.

10:00

Науқасоперациядан кейінгі жара аймағының ауыруына, әлсіздікке шағымданады.

Объективті:Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі, динамикада жақсарумен. Дене қызуы 36,6ºС. Тері жамылғылары және кілегей қабаттары таза, бозғылт-қызғылт түсті. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 17 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚҚ 110/80 мм с.б.б., пульс 76 рет мин. Тілі таза, ылғалды. Іші әдеттегі пішінді, тыныс алу актіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, операциядан кейінгі жара аймағында ауырады. Ішастар тітіркену белгілері жоқ. Ішек перистальтикасы айқын естіледі. Бауыр мен талақ ұлғаймаған. Қағу белгісі екі жақтан теріс мәнді. Үлкен, кіші дәреттері қалыпты.

Status localis:Операциядан кейінгі жара таза, қабыну белгілері жоқ. Жіптері қанағаттанарлық жағдайда. Спирт. Асептикалық таңғыш.

 

Емін қабылдауда.

 

                                                                           Емдеуші дәрігер:Искаков А.Д.

 

24.02.2017.                Дәрігерлік жалпы шолу.

10:00

Шағымдары:операциядан кейінгі жара аймағының ауыруына.

Объективті:Науқастың жалпы жағдайы орташа, динамикада жақсарумен. Дене қызуы 36,6°С. Тері және кілегей қабаттары таза, бозғылт-қызғылт түсті. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 17 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚҚ 110/70 мм с.б.б., пульс 74 рет мин. Іші дұрыс пішінді, тыныс алу актіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, операциядан кейінгі жара аймағында ауырады. Ішек перистальтикасы естіледі. Ішастар тітіркену белгілері жоқ. Бауыр мен талақ үлкеймеген. Қағу белгісі екі жақтан теріс мәнді. Дәреттері қалыпты.

Status localis:Операциядан кейінгі жара таза, қабыну белгілері жоқ. Жіптері қанағаттанарлық жағдайда. Спирт. Асептикалық таңғыш.

 

Емін қабылдауда.

 

                                                                           Емдеуші дәрігер:Искаков А.Д.

 

25.02.2017.                Дәрігерлік жалпы шолу.

10:00

Шағымдары:жоқ.

Объективті:Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Санасы айқын. Дене қызуы 36,4ºС. Тері жамылғылары және кілегей қабаттары таза, бозғылт-қызғылт түсті. Өкпеде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 16 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм с.б.б., пульс 74 рет мин. Іші қалыпты пішінді, тыныс алу актіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсыну жоқ. Ішастар тітіркену белгілері жоқ. Ішек перистальтикасы естіледі. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Қағу белгісі екі жақтан теріс мәнді. Үлкен дәреті және кіші дәреті қалыпты.

Status localis:Операциядан кейінгі жара таза, қабыну белгілері жоқ. Жіптері қанағаттанарлық жағдайда, жартылай алынды. Бриллиант жасылы.  

Науқас амбулаториялы түрде емделуге үйіне шығарылды.

 

                                                                           Емдеуші дәрігер:Искаков А.Д.

25.02.2017.                          Шығару эпикризі.

Науқастың түскен кездегі шағымдары: оң мықын аймағының ауыруына, көңілінің айнуына, аузының құрғауына, дене қызуының көтерілуіне, жалпы әлсіздікке.

Anamnesis morbi:Науқастың айтуы бойынша 19.02.17. күні түнгі 02:00 шамасынан бері ауырады. Түнде науқас ұйықтап жатқан кезінде ауырсыну салдарынан ұйқыдан оянған. Ұйқыдан оянған кезде науқастың асқазан аймағы ауырып тұрған, кейін ауырсыну күшейе түскен, өздігінен омез капсуласын қабылдаған, таңға дейін ұйықтап қалған. Таңертеңнен науқаста ауырсыну эпигастрий аймағынан оң мықын аймағына ауысқан, көңілі айныған, лоқсыған. Уақыт өте науқастың оң мықын аймағында ауырсыну күшейе түскен, көңілі айныған, дене қызуы көтерілген. Науқастың жоғарыда келтірілген шағымдары күшейген соң жедел жәрдем шақырған, “Жіті аппендицит?” диагнозымен “Талғат” клиникасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілген. Клиникада науқас дәрігер-хирургке қаралып, шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

Anamnesis vitae:Науқас жасына және жынысына сай өсіп-жетілген. Вирусты гепатитпен, туберкулезбен, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Соңғы 6айда гемотрансфузия жасалмаған.

Аллергоанамнезі: науқастың айтуы бойынша дәрілік препараттарға, тағамдарған, шаң-тозаңдарға және т.б. аллергиялық реакциясы болмаған.

Эпидемиологиялық анамнезі:науқастың айтуынша соңғы 14 күнде кененің шағуы, жануарлардың тістеуі болмаған.

Status praesens communis:Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Санасы айқын. Дене бітімі нормостеникалық. Төсектегі қалпы пассивті. Дене қызуы 37,0ºС. Перифериялық лимфа түйіндері үлкеймеген. Сүйек-бұлшық ет жүйесі ерекшеліксіз. Тері жамылғылары және кілегей қабаттары бозғылт-қызғылт түсті, таза. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 19 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚҚ 110/70 мм с.б.б., рs мин 94 рет. Тілі құрғақ, ақ өңезбен жамылған. Іші пальпацияда жұмсақ, оң мықын аймағында кернелген, бірден ауырады. Бауыр мен талақ ұлғаймаған. Қағу белгісі екі жағынан теріс мәнді. Үлкен дәреті және кіші дәреті қалыпты.

Status localis:Тілі құрғақ, ақ өңезбен жамылған. Ішін қарағанда қалыпты пішінді, тыныс алу актіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, оң мықын аймағында кернелген, бірден ауырады. Кохер, Раздольский, Ровзинг, Щеткин-Блюмберг, Воскресенский белгілері оң мәнді.

ҚЖА(19.02.17.):эрит-4,19х10/12/л; Нв-139 г/л; түсті көрс-0,9; лейк-9,3х10/9/л; қанның ұю уақыты-3:00-3:28.

НЖА(19.02.17.):түсі-ақшыл сары; сал.тығ.-1010; белок-іздер; өт пигменті-теріс; лейк-3-2-2 к/а; кілегей+.

       Вирусты гепатит маркерлеріне иммунохимиялық тест(19.02.17.):№1 HBsAg-теріс; ВГС-теріс.

       Қан тобы:В (ІІІ) Rh+ оң мәнді.

       Науқасқа “Жедел аппендицит” диагнозы қойылды, шұғыл оперативті ем тағайындалды.

Науқасқа 19.02.17. күні шұғыл түрде венаішілік наркозбен “аппендэктомия, іш қуысын дренаждау”операциясы жасалды. 

       Флюорография(21.01.17.):№345.

       ҚЖА(20.02.17.):эрит-3,9х10/12/л; Нв-120 г/л; түсті көрс-0,9; лейк-8,2х10/9/л; ЭТЖ-10 мм/сағ.

       ҚБА(20.02.17.):жалпы белок-64,3г/л; АлТ-0,08ммоль/л; жалпы билирубин-15,0мкмоль/л; α-амилаза-7,7.

НЖА(20.02.17.):түсі-қанық сары; сал.тығ.-1019; мөлдірлігі-әлсіз бұлыңғыр; белок-0,033%; лейк-4-5-4 к/а; эрит-1-0-1 к/а; кілегей-аз м/де; ураттар-аз м/де.

       RW(20.02.17.):№32 теріс мәнді.

       АИТВ-инфекциясы(23.02.17.):№3631 АИТВ-теріс.

       Бактериологиялық зерттеу (24.02.17.): Микрофлора: гр(-) кишечная палочка Esherichia. Антибиотиктерге сезімталдық:сезімтал: цефтриоксон, офлоксацин; әлсіз сезімтал: ципрофлоксацин; сезімтал емес: ампициллин, цефуроксим; цефолотин.

       Жүргізілген емі:тәртіп І-ІІ; ем-дәм №0-1-5; цефазолин 1,0х3р в/і №18; гентамицин 2,0х3р в/і №18; кетотоп 2,0+димедрол 1% 1,0х2р б/ет №10; NaCl 0,9% 200,0+Vit В6 5% 3,0 в/і №2; NaCl 0,9% 200,0+Vit С 5% 4,0 в/і №3; глюкоза 5% 200,0+KCl 4% 20,0+инсулин 3ЕД в/і №4; байлап-таңу.

       Операциядан кейінгі кезең бір қалыпты асқынусыз өтті. Жара per primae жазылуда. Дренажды түтікше операциядан кейінгі 3-ші күні алынды. Жіптері операциядан кейінгі 7-ші күні жартылай алынды.

       Жүргізілген емнен кейін науқас жағдайы жақсарумен. Дене қызуы 36,4ºС. Тері және кілегей қабаттары бозғылт-қызғылт түсті, таза. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 16 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚҚ 120/80 мм с.б.б., пульс 74 рет мин. Іші жұмсақ, ауырсыну жоқ. Үлкен дәреті және кіші дәреті қалыпты.

       Status localis:Операциядан кейінгі жара таза, қабыну белгілері жоқ. Жіптері қанағаттанарлық жағдайда, жіптері жартылай алынды. Бриллиант жасылы.

       Науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

       ҚЖА(25.02.17.):эрит-3,8х10/12/л; Нв-120 г/л; түсті көрс-0,9; лейк-5,1х10/9/л; ЭТЖ-5 мм/сағ.

       НЖА(25.02.17.):түсі-сабан сары; реакция-6,0; белок-жоқ; лейк-1-2-2 к/а; несеп қышқылы+.

           

DS: Жедел гангренозды аппендицит.

    Жергілікті шектелмеген іріңді перитонит.

       Нұсқаулар:

       1. тұрғылықты жері бойынша емханада дәрігер-хирург бақылауында болу;

       2. операциядан кейінгі жараға бриллиант жасылын жағу;

       3. операциядан кейінгі жарадағы жіптерді амбулаториялы түрде алу;

       4.3ай ауыр физикалық күштемелерді шектеу.

 

                                                                               Емдеуші дәрігер:Искаков А.Д.

 


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 67; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!