Азотты органикалық қосылыстарды оқып – үйрену.



Азотты органикалық қосылыстар дегеніміз молекулалардың құрамында көміртек тікелей байланысқан азот атомдары болатын заттар.Нитротоп (-NO2) құрамында болатын кейбір азотты органикалық қосылыстармен (нитробензол, тринитротолуол, тринитроглицерин) жоғарыда кездескенбіз.Халық шаруашылығында және адам мен жаңуарлар тіршілігінде аса маңызды азотты органикалық қосылыстарға аминде амин қышқылдары, белоктар жатады. Аминдер – аммиак молекуласындағы сутек, атомдары көмірсутек радикалдарына алмасудан түзілген органикалық заттар деп қарастыруға болатын қысылыстар. Аммиак молекуласындағы көмірсутек радикалдарына алмасқан сутек атомдарының санына қарай амминдерді бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік деп бөледі. Мысалы, метиламин СН3—NН2 бірінші реттік амин, (СН3)2 – NН екінші реттік амин, (СНз)з—N үшінші реттік амин.Амиңдердің қасиеттері аммиакқа ұқсас. Төменгі молекулалы аминдер газдар, иістері аммиак сияқты жағымсыз, өткір. Аминдердің судағы ерітінділері, аммиак сияқты сілтілік қасиет көрсетеді.Химиялық қасиеттері жөнінен де аминдер аммиакқа ұқсас. Олар аммиак сияқты қышқылдармен әрекеттесіп сәйкес тұздар түзеді. Сондықтан да аминдерді органикалық негіздер деп атайды.Аминдер мен аммиактың химиялық қасиеттерінің өзара ұқсастығы олардың молекулаларының электрондық құрылыстарының ұқсастықтарымен түсіндіріледі:Аминдерден ароматты амин — анилинніқ С6 Н5 NH2 маңызы зор. Анилинді бензолдағы бір атом сутек аминотопқа алмасудан шыққан зат деп қарастыруға болады. Ол ароматты аминдердің ең қарапайым өкілі. Анилин тұссіз, май тәрізді, суда нашар еритін сүйық. Өте улы зат. Ауада тотығып қоңырқай тартады.Аминотоптағы азот атомының пайдаланылмаған қос электроны бензол сақинасындағы көміртек атомына тартылатындықтан қаныққан аминдерге қарағанда анилиннін, негіздік қасиеттері аз болады

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!