Жоғары молекулалық қосылыстар және олардың негізіндегі полимерлік материалдарды оқыту әдістемесі.



Органикалық химия мен полимерлер химиясы пәндерінің теориялық негізі, олардың концептуалдық жүйесінің реттілігі мен даму диалектикасы. Ғылыми-әдістемелік біліммен пәндік материалдардың бірлігі. Білім иерархиясы, олардың арасындағы құрылымдық-функционалдық байланыс жүйесі. Білім алушылардың өзіндік жұмысында бағдарлап оқыту технологиясын қолдану. Химияны оқудағы алгоритмика. Органикалық синтезде проблемалық жағдайларды бағдарлау және болжау. Органикалық қосылыстардың әрекеттесу механизмі мен жіктелуін оқуда жеке және топтап оқыту әдісін қолдану. ЖОО және ЖОО кейінгі білім берудегі органикалық химия курсы мазмұнының ерекшелігі мен айырмашылықтары. ЖОО үшін органикалық химия дәрістік курсының құрылымы мен мазмұны. Кредиттік технология бойынша оқытудағы оқу материалының бөлінуінің әдістемесі. Органикалық химия курсындағы химиялық тәжірибенің міндеті мен маңызы. Заманауи оқыту құралдары мен зертханалық-практикалық сабақтарды өткізу мен білімді бақылауды ұйымдастыру түрлері. Полимерлік молекулалар және олардың физика-химиялық қасиеттері туралы түсініктің қалыптасуының методологиялық негіздері. Жаңа полимерлік материалдарды синтездеу және осы бөлімнің теориялық және тәжірибелік бөлігін оқытудың әдістемелік тәсілдері.

Органикалық және полимерлік қосылыстар мен композиттерді синтездеудің нанохимиялық және нанотехнологиялық әдістері. Органикалық және жоғары молекулалық қосылыстар химия курсындағы пәнішілік байланыс. Модульдік технологияны қолданып органикалық, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы мен органикалық заттардың химиялық технологиясындағы пәнаралық байланысты оқу. Химиясы курстарын оқытудағы пәнаралық байланыс. Мектеп-ЖОО жүйесінде химия курсы құрылымын жасау ерекшеліктері. Органикалық, биоорганикалық және жоғарымолекулалық қосылыстардың құрылысын талдаудың заманауи әдістері. Органикалық синтез, биотехнология және мұнайхимия салаларының, фармацевтикалық өнеркәсіптің химиялық технологиясының экологиялық және техникалық аспектілерін зерттеу методологиясы. Органикалық қосылыстар мен полимерлік материалдар химиясы және оларды синтездеу технологиясы туралы жалпылама түсінектерді қалыптастыру.

Қоршаған ортаны қорғау, мұнай химиясы, мұнай өндірудің химиялық технологиясын оқудағы жобалап оқыту әдісі. Қалдықсыз және азқалдықты технологиялар жасаудың заманауи тағылымдары.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!