Органикалық химиядан құрылыс теориясының негізгі қағидаларын оқыту әдістемесі.



Бағдарлама бойынша органикалық химияның курсы органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын мына жоспарға сәйкес оқып, үйренуден басталады: құрылыс теориясы шығуының алғы шарттары; құрылыс теориясының мәні мен маңызы; изомерия туралы алғашқы ұғым; кіші период элементтері атомдарының электрондық құрылысы және химиялық байланыс. Негізгі қағидалары:

1) молекула атомдардың белгілі бір ретпен байланысатындығы. Бұл қағиданың туынды ұғымдары: түзу және тармақталған көміртегі тізбегі, изомерия және изомерлер, құрылым формулалары. Ұғымдарды нақтылай түсу үшін валенттілік орнына сызықшалар қойып, метанның химиялық формуласы жазылады. Төрт сутегінің атомы көміртегінің атомдарымен байланысып, өзара тікелей химиялық байланыс түзбейтініне оқушылардың назары аударылады. Бұдан соң этанның, пропанның және бутанның құрылым формулалары жазылады.

2) атомдардың өзара әсері оқушыларға бейорганикалық химиядан таныс мысалдар арқылы түсіндіріледі. Байланысып тұрған атомдарының әсерінен тұз қышқылы, су және аммиак молекулаларындағы сутегі әр түрлі химиялық қасиеттер көрсетеді. Жазылған құрылым формулаларына қарап, этанда көміртегі өзінен басқа бір атомның әсеріне ұшырайтыны, мұның мәнісі кейінірек түсіндірілетіні айтылады.

3) зат қасиетінің құрылысына тәуелділігі бутан мен пентанның изомерлерін қарастыру, олардың физикалық қасиеттеріндегі ерекшеліктерді көрсету арқылы нақтыланады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!