Органикалық заттарды оқытудың ұстанымдары.



Органикалық химия өсімдік, жануар, адам ағзасын құрайтын заттар жайлы түсініктерді қалыптастырып, ол заттардың бейорганикалық заттардын түзілуі жайлы, оларда болатын өзгерістер жайлы түсінік қалыптастырады.Органикалық химияны оқу барысында әрі қарай заттар табиғатына үңілу, яғни молекуладағы атомдардың орналасуын, химиялық байланыстың электрондық табиғатын, микроәлемдегі өзгерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осы айтылғандар органикалық химияның танымдық мәнін, оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасының қалыптасуын анықтайды. Табиғаттағы заттардың алуан түрлілігі, органика мен бейорганиканың бірлігі, заттардың табиғаттағы айналу процесінің өзіне тән заңдылықпен өтуі, оның материалдық процесс екендігі, атом молекулада өтетін өзгерістер т.б.Басқа ғылымдар сияқты органикалық химия тек табиғатты түсіндіріп қоймай, оны қоғам сұранысы негізінде өзгеру үшін адам баласына жағдай туғызады. Заттардың өзгеруі заңдылығын білу химиялық процестерді меңгеруге, осының негізінде қажетті матерталдарды өндіру өндірісін жетілдіруге жағдай жасайды.Органикалық химияға тән өзгерістер: жанғыш пайдалы қазбаларды өңдеу, негізгі органикалық синтез, полимер материалдар өндірісі, ауыл шауашылық өнімдерін өңдеу,бояғыш заттар алу, дәрілік препараттар өндіру т.б.Органикалық химия курсы оқушылардың ақыл ойының дамуына үлкен мүмкіндік береді. Бейорганикалық химияда заттар қасиетін оқу барысында химиялық реакция кезіндегі атомдар мен иондардың топтасуы, тотығу дәрежесінің өзгеруі қарастырылса, ал органикалық химияда мкроәлемге тереңірек үңілуді қажет етеді. Заттардағы өзгерістерді бақылай отырып оқушылар тікелей бақыланбайтын құбылыстарды көз алдына елестете білуі керек: молекулада атомдар қандай ретпен байланысатынын, олардың кеңістікте орналасуын, химиялық байланыс түзілгенде,үзілгенде қандай электрондық процестер жүзеге асып, атомдардың өзара әсері қалай байқалатынын т.б. Заттың әртүрлі құрылымы деңгейінде өтетін құбылыстарды талдай келе микроәлем категориясын үнемі талқылау арқылы ойдың жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Органикалық химия курсының бастапқы бөлігінде теориялық сұрақтарды талдау оқытуда дедукцияның рөлі артуына себепкер болды. Дедукция тәсілінің индукциямен бірлесуі ойлау дағдысының өркендеуіне кепілдік береді. Оқытылған теорияларға сүйене отырып оқушылар өз бетімен болжам жасауға, алған білімдерін эксперимент нәтижесінде тексеруге мүмкіндік алады.Әсіресе оқушылардың талдау синтездеу әрекеті сан қырлы әрі мазмұнды болып, әртүрлі салыстыру процестері, себеп-салдар байланысын іздеуі, абстракциялауы, тұжырымдауы және басқа логикалық операцияларды жүзеге асыруы артады.Мектепте оқытылатын органикалық қосылыстар кластарын іріктеу. Органикалық химия миллиондаған заттардың кең алқасын қамтиды. Күн санап, ай санап жаңадан синтезделген органикалық заттар саны артуда. Химик органик өзінің ғылыми жұмыс істеу аралығында жүздеген затты қосылыстардың қатары толықтырылып қана қоймай өзгеше құрылымды заттар түзіліп жаңа кластар, жаңа байланыс типтері ашылуы мүмкін.Ғалымдардың химиялық процестерді зерттеуде негізгі күші тірі ағзалардың жасушаларында өтетін химиялық процестерді зерттеуге бағытталып отыр. Яғни ақуыз заттар қалай түзіледі, ферменттер көмегімен ағзада өтетін синтездер механизмі қандай, энергия өзгерісі негізінде қандай процестер жатыр т.б. сұрақтарға жауап іздеуге бағытталған.Органикалық химияның негізгі танымдық міндеті биологиялық құбылыстарды молекулалық деңгейде зерттеуде тұр.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!