Оттекті органикалық қосылыстарды оқып – үйренудің әдістемелік ұстанымдары.



Бір атомды спирттер. Оның ішінен екі өкілін қарастыру маңызды. Олар метил және этил спирті. Метил спирті гомологтың біріші өкілі, практикалық маңызы үшкен, бірақ өте улы. Екіншісі тікелей зерттеп, танысуға қолайлы және эксперименттік жолмен құрылысын түсіндіруге ыңғайлы. Осы тұжырым бойынша спирттер құрылысын түсіндіру үшін этилспирті, ал технологиялық аспектісін қарастыру үшін метил спирті алынады.Фенолдар жайлы мәлімет тек фенолмен танысумен шектеледі.Альдегидтер класында ең басты қызығушылық туғызатын алғашқы екі өкілі. Альдегидтер құрылысы сірке альдегиді мысалында, қасиеттері формальдегид мысалында түсіндіріледі.Бір негізді қаныққан қышқылдар туралы білім негізі гомологтық қатарды тұтас қарастыру арқылы іске асырылады. Мысал ретінде әр түрлі қышқылдар алынады. Қышқылдардың жалпы сипаттамасы сіпке қышқылы мен құмырысқа қышқылы мысалында және жоғары қышқылдар стеарин мен палмитин қышқылы мысалында қарастырылады.Қанықпаған қышқылдарды қарастыру радикалдағы С-С байланысының функционалды топтарымен қатынасын көрсету үшін және майларды оқуға оқушыларды дайындау үшін қолданылады. Қанықпаған қышқылдар жайлы мәліметті акрил қышқылы мысалында берген қолайлы. Себебі ол полимер өндірісінде кеңінен қолданылады.Көмірсулар класына материал іріктегенде олардың биологиялық маңызына жүгінген дұрыс. Осы себепті крахмал мен целлюлоза оқытылады. Дегенмен бұл кқмірсулардың құрылысы мен айналуларын түзіну үшін алдымен моносахарид глюкоза оқытылады.Басқа моносахаридтерден нуклеин қышқылдары құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза оқытылады.Дисахаридтер аса көп қызығушылық туғызбайды. Бірақ полисахаридтердің сатылы гидролизін түсіну үшін маңызды әрі жиі кездесетін дисахарид сахароза беріледі. Фруктозаны глюкоза иземері ретінде қарастыру сахарозаның гидролиздік айырылуын түсінуде қолайлы.Май қатары аминдері жайлы мәліметтер алғашқы өкілдері мысалында беріледі. Ароматтыаминдерден анилин қарастырылады.Аминдерден соң амин қышқылдары оқытылады. Мұнда тек жалпы мәліметтер ғана беріледі.Осыдан кейін азотты гетероциклді қосылыстарды қарастыру пиридин мен пиррол мысалында өтеді. Яғни пуринді және пиримидинді негіздердің нуклеин қышқылдарын түзуі қарастырылады.Белок жайлы мәлімет құрамы, құрылысы, қасиеті мен маңызы туралы жалпы түрде қарастырылады.Нуклеин қышқылдары жайлы мәлімет РНК мен ДНК мысалында беріледі.Органикалық химия курсының теориялық негізі - А.М.Бутлеров жасаған органикалық заттардың құрылыс теориясы. Аталған теория бензолдың Кекуле ұсынған құрылыс формуласын. Дивинил мен изопренге қосылу реакцияларының, изобутанның орлау реакциясының механизімін т.б. жеке деректерді түсіндіре алмайды. Құрылыс теориясы қазір дәстүрлі теориядан, химиялық байланыстың электрондық табиғаты жөніндегі ілімнен тұрады. Үш теорияның негізі ықшамдалып дидактикалық өңделген түрде мектеп органика курсына кіреді.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!