Органикалық химия курсының мазмұны, жүйесі және орны.



Органикалық химия өсімдік, жануар, адам ағзасын құрайтын заттар жайлы түсініктерді қалыптастырып, ол заттардың бейорганикалық заттардын түзілуі жайлы, оларда болатын өзгерістер жайлы түсінік қалыптастырады. Органикалық химияны оқу барысында әрі қарай заттар табиғатына үңілу, яғни молекуладағы атомдардың орналасуын, химиялық байланыстың электрондық табиғатын, микроәлемдегі өзгерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осы айтылғандар органикалық химияның танымдық мәнін, оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасының қалыптасуын анықтайды. Табиғаттағы заттардың алуан түрлілігі, органика мен бейорганиканың бірлігі, заттардың табиғаттағы айналу процесінің өзіне тән заңдылықпен өтуі, оның материалдық процесс екендігі, атом молекулада өтетін өзгерістер т.б. Теориялық білімді тереңдетумен қатар химия курсының тәрбиелік мәнін арттыруда оның дәлелдігі де үлкен роль атқарады. Оқу пәні жүйесінде тек химиялық құрылыс теориясы дәлелді түрде қарастырылып қоймай молекулалық кеңістік құрылысы мен химиялық байланыстың электрондық табиғаты да қарастырылады. Атомдардың өзара әрекеттесуі химиялық байланыс сипаты мен электрондардың ығысуы арқылы түсіндіріледі; ал электрондық құрылыс негізінде заттардың әрекеттесу қабілеті жайлы пікір айтылады. Осыдан оқушылардың ғылыми танымы қалыптасады. Басқа ғылымдар сияқты органикалық химия тек табиғатты түсіндіріп қоймай, оны қоғам сұранысы негізінде өзгеру үшін адам баласына жағдай туғызады. Заттардың өзгеруі заңдылығын білу химиялық процестерді меңгеруге, осының негізінде қажетті матерталдарды өндіру өндірісін жетілдіруге жағдай жасайды. Органикалық химияға тән өзгерістер: жанғыш пайдалы қазбаларды өңдеу, негізгі органикалық синтез, полимер материалдар өндірісі, ауыл шауашылық өнімдерін өңдеу,бояғыш заттар алу, дәрілік препараттар өндіру т.б Сондықтан органикалық химияны оқыту кезінде оқушыларды химия өндірісімен таныстырудың, өндірістік материалдармен таныстырудың кең мүмкіндіктері ашылады. Нәтижесінде оқушыларға жан-жақты политехникалық білім беріледі. Органикалық химия курсы оқушылардың ақыл ойының дамуына үлкен мүмкіндік береді. Бейорганикалық химияда заттар қасиетін оқу барысында химиялық реакция кезіндегі атомдар мен иондардың топтасуы, тотығу дәрежесінің өзгеруі қарастырылса, ал органикалық химияда микроәлемге тереңірек үңілуді қажет етеді.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!