Минералды тыңайтқыштарды оқытудың маңызы және әдістемесі



Біздің елімізде ауыл шаруашылығын үдемелі дамыту мақсатымен тыңайтқыштарды өндіру мен пайдаланудың кеңейтілген программасы белгіленген.Орта мектеп оқушылары келешекте коммунистік қоғамның белсенді құрылысшысы болғандықтан бұл жоспарды білулері қажет.

Оқушылар «Азот және фосфор» тақырыбы бойынша өздері ертеректе тыңайтқыштар жайлы алған білімдерін бір жүйеге түсіре отырып,оны кеңейтеді де байытады және бұларды іс жүзіне қолдану жағына көбірек көңіл аударады.Әуелі мұғалім оқушыларға ботаникадан өсімдік пен олардың қоректенуі:өсімдіктің көмір қышқылды газын сіңіруін,жер қыртысынан минералды тұздар,сулар және басқаларды алып,қоректенетіндігін әңгіме түрінде анықтайды.Мұғалім бұл әңгімені тарихи тарихи деректермен қосымшалай отырып,жер қыртысының қышқылдық немесе негіздік мәндерін,өсімдіктің жақсы өсіп жетілуіне тигіізер химиялық элементтердің саны мен мөлшерін,әсерін анықтайды.

Орыс ғалымдары А.Г.Болатов,И.М.Қомов және А,П.Пошман XVIIIғ аяғында өсімдіктердің жер қыртысындағы минералды тұздармен қоректенетіндігіне үлкен мән бергендерін атау қажет.Әрине,бұл ғалымдар ол кезде химияның өзі әлі ғылым ретінде толық қалыптаспағандықтан өз тұжырымдарын тек тәжірибелік байқау негізінде ғана баяндап,оны минералды тыңайтқыштар теориясы тұрғысынан қорыта алмаған француз оқымыстысы Ж.Б.Буссенго мен неміс химигі Ю.Либихтің орындары бөлек.Олар минералды тыңайтқышпен қоректендіру арқылы жер құнарлылығын қалпына қайта келтіруге болатындықты көрсетті.Өткен ғасырда өсімдік жақсы өніп,даму үшін жер қыртысында азот,фосфор және калийдің белгілі мөлшерде жеткілікті болу керек екендігі анықталды.Өсімдіктердің өзіне қажетті азотты ауадан емес,жер қыртысынан алатындығын шешудегі және оның маңызын анықтаудағы мәселені Ж.Б.Буссенго құмда өсірген өсімдіктермен жүргізген классикалық тәжірибелері арқылы ешбір күмәнсіз шешті.Россияда минералды тыңайтқыштармен Д.И.Менделеев пен К.А.Тимирязев тәжірибе жүргізді.Минералды тыңайтқыштарды зерттеуде академик Д.Н.Прянишников аса үлкен роль атқарды.Ол өсімдіктердің аммиакпен,яғни өсімдіктер тек нитратты қосылыстағы ғана емес,аммонийдағы да азотпен қоректенетіндігін дәлелдеді.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!