Азот топшасы. Оқытудың жалпы жоспары, сабақ мысалдары.



Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі - жоспарлау, ол екі түрлі: тақыраптық жоспар және әр сабақтың жоспары (күнделік жоспар). Тақырыптық жоспар сыныптар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама жэне оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады. Қосымша әдебиеттер жэне әдістемелік қүралдар пайдаланылып сабақтың мақсаты, мазмұны, типі, эдістері мен құралдары белгіленеді. Қазіргі әдістемеде және мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың эр түрлі құрылымы пайдаланылуда. Химияны оқыту әдістемесінің сарамандық сабақтарында өтетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмұны (модельдеу), сан есептері, көрнекі көрсету жэне зертханалық эксперименттік ескертулер көрсетілген.

Студенттерге арналған эдістеменің тақырыптық жоспарында сабақтың реті, тақырыбы, білім беру мақсаттары, жасалатын тәжірибелері жэне сан есептерінің типі, пэнаралық жэне пэн ішіндегі байланыс, көрнекі құралдары қамтылады.

Тақырыптық жоспардың барлық мектептерде қолданылатын біркелкі түрін ұсынудың қажеті бола қоймас, ол мұгалімнің пайдалануына қолайлы, сабақтар жүйесінің алдын ала ескеруді қажет ететін аса маңызды мэселелерін қамтыса жеткілікті. Мысал ретінде "Азот топшасы" бойынша жасалған тақырыптық жоспардан үзінді келтіруге болады.

Тақырыпты оқып үйренудің негізгі міндеттері: азот пен фосфор түзетін жэне жай заттардың жэне қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін қарастыру ақылы периодтық заң және химиялық элементердің периодық жүйесі туралы білімді тереңдету жэне нақтылау. Оқушыларды дамыту мақсатын жүзеге асыру үшін теориялық білімді қолдана білуге үйрету электролиттік диссоциациялану жэне тотығу-тотықсыздану эректтері тұрғысынан заттар қасиеттерінің құрылысына тэуелділігін түсіндіріп, жасалған қорытындыларды тәжірибе арқылы дәлелдеу; химиядан жэне математикадан алған білімді сан есептерін (теориялығымен салыстырғандағы өнім шығымының масалық жэне көлемдік үлесін табу) шығаруға пайдалану, химия гылымьшың өндіріспен байланысын көрсету, химия өндірісіндегі негізгі мамандықтармен таныстыру, азық-түлік молшылығын жасауда, табигат қорғау ісінде химияның рөлін көрсету.

1. Сабақтың тақырыбы: азот топшасы элементтерін сипатау. Азоттың химиялық қасиеттері.

2. Сабақтың мақсаты: тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.

3. көрнекі құралдары. Элемент атомдары модельдерін көрнекі көрсету, аммиак синтезінің тэжірибесі.

4. Жоспарланған сабақ нәтижесі; азот, жай зат қасиеттерін білу. Периодтық жүйе жэне атом құрылысы жөнінде білетіндерін, химиялық элементтерді жэне жай заттарды сипаттауға қолдана білу, азоттың химиялық қаситтерін тотығу-тотықсыздану әрекеттерінің, химиялық реакциялар жүру заңдылықтарының тұрғысынан сипаттап түсіндіре білу.

Сабақтың жаңа материалын түсіндіруде енгізілетін жаңа ұғымдар болмауынан жоспардың 2-бабын пайдаланылып, басқа баптары текстегі ретімен берілді, пайдалануға қолайлы жэне көрнекі болу үшін тақырыптық жоспарды кесте түрінде жазған тиімді. Тақырыптық жоспар сабақтардың жүйесін және оны іске асыратын ауқымды мэселелерін ғана қамтиды. Әр сабақтың нақтылы мазмұны күнделікті жоспарда шешіледі. Күнделікті жоспар қысқа, кеңейтілген жэне қысқаша жазба түрінде жазылады.

кесте. Тақырыптық жоспардың үлгісі

Сабақ реті Сабақтың тақырыбы Негізгі ұғымдар Химиялық эксперимент Жоспарланған оқыту нәтижесі Оқулық бойынша тапсырма
           

Күнделікті жоспардың мазмұны сабақтың типіне, құрылымына, кұралдары мен эдістеріне қарай іріктеліп алынады. Жаңа білім беру сабағының күнделікті жоспарында мыналар көрсетіледі:

1)сабақтың тақырыбы;

2)Сабақтың білім мен тәрбие беру және дамыту мақсаты;

3)Пайдаланылған эдебиеттер;

4)Кұрал-жабдықтары;

5)Кұрылымы:


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!