Электролиттік диссоциация негіздерін оқытудың әдістемесі.



Ерітінділер туралы оқу материалы 1954 жылға дейінгі багдарламаларда 8 жэне 10-сыныптарда жеке тақырып ретінде оқытылып келген, 1954/55 жылы дербес тақырып түрінде қарастырылмай, басқа тақырыптардың ішіне енгізілді. 1960 жылдан бастап, арнайы тақырып ретінде 7 жэне 9-сыныптарда өтілді. 1986/87 оқу жылынан бастап 8 және 9-сыныптарда оқытылатын болды. 8-сыныптағы оқу материалының мазмүны, негізгі үғымдарын қалыптастыру мэселелері осының алдында баяндалды.Оқушыларды электролиттік диссоциациялану теориясымен таныстырудың іс жүзінде қалыптасқан екі эдістемелік тәсілі бар. Бірінші тэсіл - ерітінділердің электр өткізгіштігін сынаудан бастап диссоциациялаудың механизмін түсіндіру, екінші тәсіл - алмасу реакцияларының ерекшелігін қарастырғаннан кейін ерітінділердің электрөткізгіштігін сынау.Бірінші эдістемелік тәсілді пайдаланғанда химиялық байланыстардың типтері жэне бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі оқушылардың білімі еске түсіріледі. "Химиялық байланыстар типі эр түрлі заттар ерітінділерінің қасиеттері бірдей бола ма?"- деген мэселе қойылады. Мэселені шешу үшін белгілі бір негізге сүйеніп, таңдап алынған бейорганикалық жэне органикалық заттардың электрөткізгіштігі сыналады. Электроткізгіштікті сынайтын қүралдың құрылысы, сақтық ережелері түсіндіріліп, сынау нэтижесі кесте түрінде жазылады.Тәжірибе бойынша оқушылар қорытынды жасайды: 1) жеке күйіндегі қатты (қант, түз, қышқыл, сілті) жэне сүйық заттар электр тогын өткізбейді; 2) органикалық заттардың (қант) ерітінділері электр тогын өткізбейді; 3) ас түзының, натрий сілтісінің жэне түз қышқылының ерітінділері электр тогын откізеді; 4) ерітінділері немесе балқыған күйінде электр тогын өткізетін заттар -электролиттер, өткізбейтін заттар бейэлектролиттер деп аталады; 5) түздардың, негіздердің жэне қышқылдардың ерітінділері электролиттерге жатады. Иондық немесе полюсті ковалентті байланысы бар бұл заттардың электр тогын өткізу себебін түсіндіру үшін иондарга ыдырау механизмі түсіндіріледі.Электрөткізгіиш сынаудан басталатын бұл әдістемелік тэсілді қолданғанда кейбір оқушыларда электролиттердің иондарга ыдырауы электр тогының эсерінен жүзеге асады деген пікір туады. Бұл қателікті болдырмау үшін екінші эдістемелік тәсілді пайдаланады.Химиялық байланыстар және заттардың қүрылысы туралы тірек білім еске түсірілгеннен кейін мынадай мәселе қойылады: заттар ерітілмеген күйінде химиялық реакцияларға кірісе ме? Оқушылардың болжамын дэлелдеу үшін бірнеше тэжірибелер жасалады.мысалы:Қатты күйіндегі натрий сульфаты мен барий хлоридін араластырады, ештеңе байқалмайды. Түздарды суда ерітеді жэне ерітінділерін араластырады, ақ тұнба түзіледі.Бұл тэжірибелерден оқушылар қатты күйіндегі заттар бір-бірімен эрекеттеспейді, еріген заттар арасында ғана алмасу реакциялары жүзеге асады деген қорытындыға келеді. Содан кейін ғана эр түрлі заттар ерітінділерінің электрөткізгіштігі сыналады. Электролиттер жэне бейэлектролиттер жөнінде түсінік беріледі.Электролшптік диссоциациялану теориясының негігі ұгымдарын қалыптастыру. Баяндалып өткен екі эдістемелік тэсілді жүзеге асырғанда қойылған көрнекі корсету жэне зертханалық тәжірибелерді бақылаудан оқушыларда кейбір ерітінділердің электр тогын өткізіп, енді біреулерінің өткізбейтіні, химиялық реакциялардың еріген заттар арасында ғана жүретіні неліктен деген сұрақ туады. Бүл сұраққа жауап беру үшін мына ұгымдар қалыптастырылады: ерітіндіде иондар түзілу механизмі; диссоциациялану дәрежесі жэне оған сұйылтудың әсері, күшті және әлсіз электролиттер, элемент атомы мен ионының айырмашылығы, электролиттер арасындағы алмасу реакциялары жэне олардың ақырына дейін жүру жағдайлары; тұздар гидролизі, бейорганикалық қосылыстар қасиеттерінің иондық құрамына тәуелділігі. Айтылғандардыц негізінде электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қагидалары түсіндіріледі.1.Электролиттер ерігенде оң жэне теріс зарядталган иондарға ыдырайды, оң иондар зарядтарының қосындысы теріс иондар зарядтарының қосындысына тең болады.2.«Ион» гректің «кезеген» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Иондар - заряды бар атомдар немесе атомдар тобы. Олар ерітіндіде ретсіз қозғалып жүреді. Тұрақты электр тогын ерітінді арқылы өткізгенде оң зарядталган иондар катодқа тартылады да катиондар, теріс зарядты иондар анодқа тартылатындықтан аниондар делінеді.3.Катодта жэне анодта электр тогының эсерінен тотығу жэне тотықсыздану процестері жүзеге асады.4.Электролиттік диссоциациялану - қайтымды процесс. Иондардың концентрациясы артқанда иондануга кері процесс -мольдену жүзеге асады. Электролит ерітінділеріне массалар эсері заңын қолдануға болады.Электролиттік диссоциацияланудың негізгі қағидаларымен танысқан соң барлық электролиттер иондарға толық ыдырай ма деген мэселе туады. Бұл мәселені шешу ушін диссоциациялану дэрежесі туралы ұғым қалыптастырылады. Ол үшін тұз жэне сірке қышқылының концентрациялары бірдей ерітінділерінің электр еткізгіштігі сыналады. Тұз қышқылында электр шамының жарық жанғаны байқалады, демек оның ерітіндісінде электр тогын тасымалдайтын иондардың көп болтаны. Концентрлі сірке қышқылының электр өткізгіштігін сынағанда электр шамы жанбайды. Біртіндеп су қосқанда, алдымен шамның жанғаны, соңынан жарығының күшейгені байқалады. Концентрлі қышқылда иондар аз болады, сұйылтқанда иондарға ыдыраған молекулалар саны көбейіп, электр өткізгіштік артады. Тағы да біраз электролиттердің электр өткізуін сынау арқылы оқушылар әр түрлі электролиттер ерітінділеріндегі иондар саны бірдей болмайтынына көз жеткізеді. Олардың мөлшерін белгілеу үшін диссоциациялану дэрежесі ұғымының енгізілгенін айтады.Диссоциациялану дәрежесі (а) иондарға ыдыраған бөлшектердің ерітуге алынған бөлшектердің жалпы санына қатынасымен көрсетіледі. Ол электролиттердің күшін сан жағынан сипаттайды. Суда еритін түздардың бәрі күшті электролиттер.Диссоциациялану дэрежесі туралы білімді бекіту үшін жаттығулар орындалады. Оларда берілген ерітіндіде иондардың массасы немесе концентрациясы бойынша диссоциациялану дэрежесі табылады немесе мольдік концентрациясы, көлемі жэне диссоциациялану дәрежесі көрсетілген ерітінділердегі иондардың массасы, т.б. анықталады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!