Ерітінділер концентрациясын оқып-үйрену әдістемесі.



Ерітінділер химиялық жағынан жүйелі түрде 8-сыныптағы «Су. Ерітінділер. Негіздер» тақырыбында оқытылады. Бүл тақырыптың мақсаты судың еріткіш қасиетіне сүйене отырып, ерітінді ұғымын саралау, қоспа мен химиялық қосылыс арасынан ерітінділердің алатын орнын көрсету. Ерітіндіден туындайтын ерігіш, ерігіштік, ерігіштік коэффициенту ерітіндінің концентрациясы, қанық ерітінді, қанықпаған ерітінді, сүйық, қою ерітінді үғымдарын нақтылы қалыптастыру, ерітінділердің өнеркэсіп, ауылшаруашылығы, табиғат жэне тұрмыстағы маңызын ашып көрсету.Ерітінділер туралы алғашқы үғым қоспалармен ерітінділердің қасиеттерін салыстыратын тәжірибе арқылы қалыптастырыла-ды. Оқушылар оздеріне үлестіріліп берілген немесе көрнекі көрсетілген дисперстік жүйелерді зерттеп, кесте түрінде жазады.Тәжірибе нәтижесінде оқушылар эртекті қоспалар біраз түрғанда жеке қүрамдас бөліктерге жіктеледі, ерітінділербіртектіжэнетұрақтыдегенқорытындығакеледі. Бір тектілігі мен тұрақтылығы - нағыз ерітінділердің аса маңызды қасиеттері.Еру құбылысымен байланысты негізгі ұғымдардың бірі -ерігіштік. Сапалъщ жагынан түсіндіргенде ерігіштік дегеніміз -еритін заттың еріткіште біркелкі таралуы. Осы қасиетіне байланысты заттар жақсы еритін, нашар еритін, іс жүзінде ерімейтін деп жіктеледі. Сан жағынан алғанда ери алатын заттардың еру қабілеті ерігіштік коэффициенті арқылы белгіленеді. Ерігіштік коэффициенте анықтау үшін температура, еріткіштің көлемі (100° мл), осы көлемде ери алатын заттың ең көп массасы ескеріледі жэне г/л көрсетіледі. Мысалы, 20°С температурада 1 л суда 2000 г қант, 2 г ғаныш, 0,0015 г күміс хлориді ериді. Оқушылардың түсінігін нақтылау үшін осы заттарды суда ерітіп көрсетеді. 20°С-де 100 г суда 20 г қант ериді, қант одан артық алынса ерімейді, тұнбаға түседі. Ғаныш жэне тэжірибеге алынған басқа заттар ерігіштік коэффициентіне сэйкес ериді. Бақылаулар нэтижесінде қанық, қанықпаған, сұйық жэне аса қанық ерітінділер жөнінде түсінік беріледі. Қанық ерітінді ұғымының негізгі белгілері: осы температурада, еріткіштің осы мөлшерінде зат одан әрі ерімейді. Осыған керісінше, қанықпаған ерітіндіде зат еруі жалгаса береді. Қаныққан жэне аса қанық ерітінділердің айырмасына көңіл аударылады. Қаныққан ерітінділердің бэрін аса қанық ерітінділерге жатқызуга болмайды. Заттардың ерігіштігі нашар болғандықтан, ғаныш пен күміс хлоридінің қанық ерітінділері сүйық ерітінділер болып есептеледі. Ерітіндінің сұйық немесе аса қанықтылығы ішіндегі еріген заттың массасымен анықталады.Қанық ерітінді түсінігі ерігіштіктің анықтамасына кіреді. Көпшілік заттардың ерігіштігі температураны көтергенде артады, ол ерігіштік қисық сызығы арқылы өрнектеледі.Бұл тақырыпта еріген заттың ерітіндідегі массалық үлесі және моль мен белгіленетін концентрациялар туралы түсінік беріледі. Ол үшін еріген заттың массалық үлесін табу формуласы бірнеше мысалдармен ақтыланады. Химия зертханаларында мольдік концентрациясы көрсетілген ерітінділер пайдаланылады. Сондықтан соңғы бағдарламада мольдік ерітінділермен таныстыру көзделген. Мольдік концентрация (С) ерітіндінің бір литрінде еріген моль (v) санымен керсетіледі:С═v/V═моль/л Осы формула бойынша оқушылар еритін заттың массасын есептеп шығарады, мысалы: калий хлоридінің концентрациясы 0,25 моль 500 мл ерітіндісін әзірлеңіздер.Ш е ш у і. а) калий хлоридініц мольдік массасын табамыз: М(КСІ) =39 + 35,5 = 74,5 г/моль: m(KCl) =M-v=74,5 г/моль-0,25 моль =18,6Ал 1 л 18,6 г, 0,5 л -де екі есе аз 18,6:2=9,3Ж а у а б ы. 0,25 моль 500 мл ерітінді әзірлеу үшін 9,3 калий хлоридін алу керек.Ерітінді ұғымы - зат жэне химиялық реакция ұіымдарынан кейінгі ең маңызды ұғым. Заттардың копшілігі ерітінді күйінде реакцияға түседі. Өнеркәсіпте, табиғатта және күнделікті түрмыста ерітінділердің маңызы орасан зор. Ерітінділерді білу коптеген заттардың (сілтілер, қышқылдар, оксидтер, тұздар) қасиеттерін терең түсінуге, алмасу жэне тотығу-тотықсыздану реакцияларының мэнін айқындауға, химиялык реакциялардың қайтымдылығы жэне химиялық тепе-теңдік жонінде білімді дамытуға жэрдемдеседі. Сондықтан деректі жэне теориялық материалдардан оқушылардың әзірлігі жеткілікті деңгейге көтерілген соң электролиттік диссоциациялану тақырыбы өтіледі.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!