Ерітінділерді оқыту әдістемесі.



ерітінділер химиялық жағынан жүйелі түрде 8-сыныптағы «Су. Ерітінділер. Негіздер» тақырыбында оқытылады. Бүл тақырыптың мақсаты судың еріткіш қасиетіне сүйене отырып, ерітінді ұғымын саралау, қоспа мен химиялық қосылыс арасынан ерітінділердің алатын орнын көрсету. Ерітіндіден туындайтын ерігіш, ерігіштік, ерігіштік коэффициенту ерітіндінің концентрациясы, қанық ерітінді, қанықпаған ерітінді, сүйық, қою ерітінді үғымдарын нақтылы қалыптастыру, ерітінділердің өнеркэсіп, ауылшаруашылығы, табиғат жэне тұрмыстағы маңызын ашып көрсету.Ерітінділер туралы алғашқы үғым қоспалармен ерітінділердің қасиеттерін салыстыратын тэжірибе арқылы қалыптастырылады. Оқушылар оздеріне үлестіріліп берілген немесе көрнекі көрсетілген дисперстік жүйелерді зерттеп, кесте түрінде жазады.Тәжірибе нэтижесінде оқушылар эртекті қоспалар біраз түрғанда жеке құрамдас бөліктерге жіктеледі, ерітінділер біртекті және тұрақты деген қорытындыға келеді. Бір тектілігі мен тұрақтылығы - нағыз ерітінділердің аса маңызды қасиеттері.Ерітінділер неліктен бір текті болады? Бұл мәселе молекула -кинетикалық теорияның тұрғысынан түсіндіріледі. Еритін зат өзін қүрайтын ұсақ бөлшектерге дейін ыдырап, еріткіштің (судың) ішінде біркелкі таралады, яғни еру қүбылысы жүзеге асады. Бүдан еру қүбылысы оқушыларға бүрыннан таныс физикалық жэне химиялық құбылыстардың қайсысына жатады дегсн мэселе туады. Мұны шешу үшін үш тәжірибе көрсетіледі: қатты күйіндегі натрий сілтісінің суда еруі, күкірт қышқылының суда еруі, қатты күйіндегі аммоний нитратының суда epy. Тәжірибе жасалған ыдыстарға, термометр немесе термоскоп батырылады. Алғашқы екі тәжірибеде жылу бөлінгенін, соңғы тэжірибеде жылу сіңірілгеніне термоскоп арқылы көз жеткізеді. Жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі - химиялық қүбылыстың белгісі. Тэжірибелерді талқылау барысында мұғалім еритін заттың бөлшектерге ыдырауы физикалық қүбылыс екеніне, оған энергия жүмсалатынына, босап шыққан бөлшектердің су молекуласымен эрекеттесуі - химиялық қүбылыс, одан жылу бөлінетініне оқушылардың назарын аударады. Ерудің жалпы жылу эффектісі осы екеуінің ара қатынасына тәуелді. Талқылау нэтижесінде еру - физикалық-химиялық қүбылыс екені жөнінде қорытынды жасалып, ерітінді ұғымына анықтама беріледі. Ұғымның анықтамага кіретін негізгі белгілері: а) ерітінді біртекті жүйе; э) ерітінді еріткіш молекулаларынан және еріген зат бөлшектерінен түрады; б) еріткіш молекулалар мен еріген зат бөлшектері өзара физикалық жэне химиялық әрекеттеседі.Еру құбылысымен байланысты негізгі ұғымдардың бірі -ерігіштік. Сапалъщ жагынан түсіндіргенде ерігіштік дегеніміз -еритін заттың еріткіште біркелкі таралуы. Осы қасиетіне байланысты заттар жақсы еритін, нашар еритін, іс жүзінде ерімейтін деп жіктеледі. Сан жағынан алғанда ери алатын заттардың еру қабілеті ерігіштік коэффициенті арқылы белгіленеді. Ерігіштік коэффициенте анықтау үшін температура, еріткіштің көлемі (100° мл), осы көлемде ери алатын заттың ең көп массасы ескеріледі жэне г/л көрсетіледі. Мысалы, 20°С температурада 1 л суда 2000 г қант, 2 г ғаныш, 0,0015 г күміс хлориді ериді. Оқушылардың түсінігін нақтылау үшін осы заттарды суда ерітіп көрсетеді. 20°С-де 100 г суда 20 г қант ериді, қант одан артық алынса ерімейді, тұнбаға түседі. Ғаныш жэне тэжірибеге алынған басқа заттар ерігіштік коэффициентіне сәйкес ериді. Бақылаулар нәтижесінде қанық, қанықпаған, сұйық және аса қанық ерітінділер жөнінде түсінік беріледі.Қанық ерітінді үғымының негізгі белгілері: осы температурада, еріткіштің осы мөлшерінде зат одан әрі ерімейді. Осыған керісінше, қанықпаған ерітіндіде зат еруі жалгаса береді. Қаныққан жэне аса қанық ерітінділердің айырмасына көңіл аударылады. Қаныққан ерітінділердің бэрін аса қанық ерітінділерге жатқызуга болмайды. Заттардың ерігіштігі нашар болғандықтан, ғаныш пен күміс хлоридінің қанық ерітінділері сүйық ерітінділер болып есептеледі. Ерітіндінің сұйық немесе аса қанықтылығы ішіндегі еріген заттың массасымен анықталады. Ерітінді үғымы - зат жэне химиялық реакция ұіымдарынан кейінгі ең маңызды үғым. Заттардың копшілігі ерітінді күйінде реакцияға түседі. Өнеркәсіпте, табиғатта және күнделікті түрмыста ерітінділердің маңызы орасан зор. Ерітінділерді білу коптеген заттардың (сілтілер, қышқылдар, оксидтер, түздар) қасиеттерін терең түсінуге, алмасу жэне тотығу-тотықсыздану реакцияларының мэнін айқындауға, химиялык реакциялардың қайтымдылығы жэне химиялық тепе-теңдік жонінде білімді дамытуға жэрдемдеседі. Сондықтан деректі жэне теориялық материалдардан оқушылардың әзірлігі жеткілікті деңгейге көтерілген соң электролиттік диссоциациялану тақырыбы өтіледі. Оқушыларды электролиттік диссоциациялану теориясымен таныстырудың іс жүзінде қалыптасқан екі әдістемелік тәсілі бар. Бірінші тәсіл-ерітінділердің электр өткізгіштігін сынаудан бастап диссоциациялаудың механизмін түсіндіру, екінші тәсіл - алмасу реакцияларының ерекшелігін қарастырғаннан кейін ерітінділердің электрөткізгіштігін сынау.Бірінші әдістемелік тәсілді пайдаланғанда химиялық байланыстардың типтері және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі оқушылардың білімі еске түсіріледі.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!