Негізгі топша металдарын оқыту. Оқытудың жалпы жоспары, сабақ мысалдары.



Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту-Химиялық элементтерді оқып-үйрену жоспары жэне жалпы қасиеттері оқушыларға таныс болғандықтан, негізгі жэне қосымша топшалардың металдары мэселелі әдіспен және оқушылардыц өздігінен істейтін жүмыстарын үйымдастыру арқылы оқытылады.Алғашқы сабақтарда оқушылар сілтілік металдардың негізгі сипаттамаларын еске түсіріп, активтілігін салыстырады. Бейметалдармен, сумен жэне қышқылдармен тотығу реакцияларының теңдеулерін жазады. Сілтілік металдардың ашылу тарихы, табиғаттагы қосылыстары, алынуы жэне қолданылуы туралы хабарлама жасайды.Екінші негізгі топша элементтерінің атом қүрылысы бірінші негізгі топшаның металдарымен салыстырылып, қасиеттеріндегі үқсастығы мен айырмашылығы анықталады. Түзетін жай заттарының, оксидтерінің, гидроксидтерінің және түздарының химиялық формулалары жазылып, қасиеттері сипатталады. Берилийдің қосылыстарынан басқалары нағыз металдың жэне негіздердің қасиеттерін білдіретіні жайлы тәжірибе жүзінде дэлелденеді. Тотығу-тотықсыздану жэне алмасу реакцияларының теңдеулері электрондық жэне иондық тұрғыдан талқыланады.Кальций және оның қосылыстары толығырақ қарастырылып, судың кермектілігі жэне оны жою жолдары жөнінде жаңа ұгым беріледі. Алдымен зертхана жагдайында кермек су алу жэне оның қасиеттерін сынау тэжірибесі көрсетіледі. Әкті су арқылы көміртегі (IV) оксиді жіберіледі, түзілген түнба көмірқышқыл газын көбірек жібергенде ериді. Байқалған күбылыстың химиялық мэнін талдап, осыларға үқсас эрекеттердің табиғатта жүзеге асатыны айтылады. Жер қыртысында эктас жэне бор түрінде кездесетін кальций карбонаты су жэне ауада әрдайым болатын көмірқышқыл газының эсерінен еріп, табиғи суларға кермектілік береді. Судың кермектілігі кальций жэне магний катиондарының, сульфат жэне гидрокарбонат аниондарының болуы байланысты. Магний жэне кальций гидрокарбонаттары бар судыц кермектілігі карбонатты немесе уақытша кермектілік деп аталады жэне кыздырганда жойылады:Са(НС03)2 = СаС03↓+ Н20 +С02↑Бейкарбонатты немесе тұрақты кермектілік суда кальций, магний сульфаттырының жэне басқа түздарының эсерінен болады,қыздырғанда олар жойылмайды. Уақытша жэне тұрақты кермектілікті. көбінесе, химиялық жолмен жояды:Са(НС03)2+ Са(ОН)2= СаС03↓+ Н20CaS04 + Na2C03= СаС03↓+ Na2S04 Судың кермектілігін білудің және жоюдың түрмыстағы, сондай - ақ өнеркәсіптегі маңызы айтылады. Кермек суда сабын көпіршімейді, бу қазандарының түбіне жэне қабыргасына қақ түрады, олардың бүлінуіне экеліп соқтырады.Үшінші негізгі топшадан алюминий жэне оның қосылыстары толық өтіледі. Оқылып өткен екі негізгі топшаның металдарымен салыстырғанда айрықша - амфотерлі қасиеттерінің болатынына, сілтілермеи реакциясына назар аударылады:2А1 + 2NaOH + 2H2O ═2NaA102 + ЗН2 Қосымша топшалардың элементтерінен, жаңа бағдарлама бойынша, темір қарастырылады. Темірді мысалға алып, косымша топшалардағы металдар атомдары құрылысының ерекшеліктері толығырақ талданады. Бұлардың сыртқы қабаттарындағы электрон сандары екіден аспайды, жай заттарда металдық кристалл торларын түзеді. IV период d-элементтерінің электрондарымен толу сызбанұскдсы сызылады. Сызбанұскада скандийден мырышқа дейінгі 10элемент сыртқының астындагы 3d орбиталін бірден онға дейін электрондармен толтьгратыны, хром мен мыстан басқасында сыртқы қабатындағы екі электронный сакталатыны айтылады. Бүл олардың металдық қасиеттерінің баяу өзгеруіне әкеліп соқтырады. Қосымша топшадағы металдардың валенттілік электрондары сыртқы - s жэне оның астындағы - dорбитальдарында орналасатын болғандықтан, оң тотығу дэрежелері +3-тен +7-ге дейін өзгереді. Хром +2, +3 жэне +6 тотығу дәрежелерім көрсетеді. +2 тотығу дэрежесінде оксидтері мен гидроксидтері негіздік, +3 тотығу дэрежесіндегі қосылыстары амфотерлі, +6 тотығу дэрежесіндегі қосылыстары қышқылдық қасиет білдіреді. Бұл заңдылық металдардың бәрінде байқалады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!