Металдарды оқып – үйрену.



Металдар туралы оқу материалын өткенде химиялық элемент жай зат және күрделі зат, заттың құрылысы мен қасиеттері, химиялық реакция, т.б. үғымдар нығаяды, жаңа деректермен толысады. Периодтық заң, атом құрылысы, химиялық байланыс және иондық теория жөніндегі білім қолданыс табады. Металлургия өнеркәсібі және металдардың халық шаруашылығындағы маңызы туралы нақтылы ұғым қалыптасады.Металдарды жүйелі түрде қарастырғанда оқушылардың 8-9 сыныптардың жеке тақырыптарында алынған мына тірек білімі ескеріледі: «Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбынан элементтердің жіктелуі; металдар туралы алғашқы ұғым; «Оттегі» тақырыбынан металдардың тотығуы, металл оксидтері туралы ұгым; «Сутегі. Қышқылдар. Түздар» тақырыбынан металдардың қышқылдармен эрекеттесуі және металдардың активтік қатары туралы алғашқы түсінік, металл оксидтерінің сутегімен тотықсыздануы және қышқылдармен алмасу реакцияларына түсуі, металдардың тұздар қүрамына кіруі; «Су. Негіздер. Ерітінділер» тақырыбынан металдардың сумен әрекеттесуі және негіздер құрамына кіруі; «Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөнінде білімді қррытындылау» тақырыбынан металдардың бейметалдармен жэне қышқылдармен әрекеттесуі, оксид және гидроксид қосылыстарының қасиеттері, «Периодтық заң және периодтық жүйе» тақырыбынан сілтілік металдардың табиғи тобы, периодтык жүйеде металдардың орналасуы, электрондық құрылысының ерекшеліктері, иондануға бейімділігі; бейметалдар орналасқан негізгі топшаларды оқығанда металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері, қышқылдармен әрекеттесуінің ерекшеліктері, оксидтері, гидроксидтері және тұздары ескеріледі.Бұл білім металдардың жалпы қасиеттерін дедуктивті тәсілмен, оқушыларды белсенді қатыстыру арқылы, оқып-үйренуге негіз болады.Алдымен металдардың периодтық жүйедегі орны туралы кіріспе оқылып, мына мәселелерге назар аударылады: «металл» термині химиялық элементтерді және олар түзетін жай заттарды белгілейді; бір термин арқылы берілетін екі ұғымның әрқайсысының өзіндік мазмүлы және көлемі нақтыланады; периодтық жүйеде орналасуы, салыстырмалы атомдық массасы, реттік нөмірі, атом радиусы, иондану энергиясы, т.б. элементке тән сипаттамалар. Металдарға жататын химиялық элементтер саны жағынан бейметалдардан гөрі көбірек сексеннен асады.Олар I - III негізгі топшаларда (бордан басқа) және барлық топшаларда периодтық жүйенің сол жағында орналасқан. Металл атомдарының негізгі ерекшелігі - сыртқы қабатындағы электрондар саны аз, атом радиустары едәуір үлкен. Әр период s-деңгейшесін электрондармен толтыратын сілтілік металдардан басталады. Үлкен периодтардың ортасында орналасқан металдар атомдары (Sc-Zn, V-Cd) d-деңгейшесін, аса үлкен периодтарда орналасқан металдар af-деңгейшесін және /-деңгейшелерін (лантаноидтар мен актиноидтар) электрондармен толтырады.Металл атомдары сыртқы және оның астындағы электрондық қабаттарынан валенттік электрондарын беріп жіберіп, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетуге бейім келеді. Бүған металдардың және оқушыларга таныс бейметалдардың иондану энергияларын салыстыру арқылы көз жеткізеді.Кестеден сілтілік металдар атомдарының радиустары бір периодта орналасқан галоген атомдарының радиустарына қарағанда екі еседен астам артық, ал иондану энергиялары 3 - 6 есе кем екені байқалады. Топ бойында атом радиустарының артуымен байланысты иондану энергиясы заңды түрде кемиді.Металдардьщ жай заттарын белгілейтін терминнің мағынасы олардың атомдары түзетін химиялық байланыстың табиғатын және кристалл торлардың түрлерін қарастыру арқылы ашылады. Металдық химиялық байланыс ковалентті және иондық байланыстармен,молекулалық, атомдық, иондық кристалл торлары металдық кристалл торымен салыстырылып, ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!