Галогендер топшасы. Оқытудың жалпы жоспары, сабақ мысалдары.



Галогендер топшасын оқып, үйренудің екі ерекшелігі бар. Біріншіден, галогендердің табиғи тобы периодтық заң және периодтық жүйені өтер алдында қарастырылып, физикалық, сондай-ақ химиялық қасиеттеріндегі, маңызды қосылыстарының құрамы мен қасиеттеріндегі ұқсастықтары және айырмашылықтары анықталған болатын. Хлорсутек, тұз қышқылының қасиеттері және тұздары оқушыларға белгілі.Екінші ерекшелігі - бұл периодтық заңдылық пен зат құрылысы теорияларының негізінде оқылатын химиялық элементтердің алғашқы топшасы. Сондықтан периодтық заң мен атом қүрылысынын заңдылықтары оқушылардың таным әрекетін жандандыру үшін барынша толық пайдаланылады, оқушылардың өздігінен істейтін тәжірибелік жұмыстарына жол ашылады.Оқушылар галогендердің жалпы сипаттамаларымен өздігінен істейтін жұмыстар аркылы танысады. Оқушыларға үш тапсырма беріледі. 1-тапсырма. Галогсндердің салыстырмалы сипаттамаларын мына улгі бойынша кесте түрінде жазыңыздар: 1) электртерістілігінің кемуі бойынша химиялық таңбалары (F, CI, Br, I); 2) салыстырмалы атомдық массалары; 3) атом күрылысының электрондық жэне графикалық формулалары; 4) атом құрылысындағы: а) үксастыктары; э) айырмашылықтары; 5) жай заттарының электрондық формулалары жэне химиялық байланыстарының түрі; 6) кристалл торларының түрі; 7) агрегаттық күйі. 2-тапсырма. Галогендердің сутекті қосылыстарын сипаттайтын кесте толтырыңыздар: 1) химиялық формуласы; 2) электрондық формуласы; 3) химиялық байланыстың түрі; 4) түрақтылығы; 5) кристалл торының түрі. Кесте толтырута қажетті мэліметтерді оқушылар оқулықты өздігінен оқу арқылы іздеп табады. Әңгімелесу арқылы жүмыстың корытындысын шығарғанда химиялық байланыс тузетін электрон бұлттарыныд пішініне, түзілу сызбанұсқасын сыздыруға, байланыстың сипатына, фторсутегінен иодсутегіне қарай тұрақтылығының кему себебіне назар аударылады. Галогендердің химиялық қасиеттерін талдаганда, жана бағдарламаның талаптарына сәйкес тотығу-тотықсыздану реакцияларының электрондық табиғаты жөнінде алғашқы түсінік беріледі, электрондық баланс теңдеулері жазылады. Бұл арада фосфордың хлорда жануын оқушыларға бұрыннан таныс оттегінде жануымен салыстырып, электрондық жағынан алғанда бүлардың бір-біріне үқсас процесс екені түсіндіріледі. Басқа да бейметалдармен және металдармен әрекетгескенде галогендер атомдарының тотықтыргыш қасиет көрсетіп, өздерінің тотыксызданатыны айтылады. Жалпы сипаттамадан кейін галогендердің ішінен хлор элементі және оның қосылыстары толық қарастырылады. Мұның мәнісі хлор қосылыстары табиғатта кең таралған, халық шаруашылығының түрлі салаларында, медицинада және тұрмыста жиі қолданылады, көпшілігі оқушыларға бұрыннан белгілі.Жалпы заңдылыктар тұрғысынан басқа галогендермен салыстыра отырып хлор атомының және молекуласының құрылысы, алынуы, жай және күрделі заттармен әрекеттесуі талқыланады. Сумен әрекеттесуінің ерекшелігі және маңызы, бұл реакцияда хлор атомының екі жақты қасиеттер көрсететіні электрондық баланс теңдеуін талқылау арқылы нақты түсіндіріледі.Хлордың химиялық қосылыстарынан хлорсутек және тұз қышқылы айрықша қарастырылады. Бұл қосылысты өтумен байланысты газдардың мольдік көлемі, Авогадро заңы, газдардың салыстырмалы тығыздығы туралы жаңа ұғымдар беріледі. Сан есептерінің жаңа түрлері енгізіледі: 1) химиялық тендеулер бойынша газдардың көлем қатынастарын табу; 2) реакцияға кіріскен немесе шыққан заттардың берілген мөлшері бойынша көлемін табу; 3)газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу. Бұл есептеулер оқушылардың химиялық реакциялардың сандық сипаттамалары жөніндегі білімін кеңейтеді.Оқушылар тұз қышқылын және оның тұздарын анықтаудың сапалық реакциясымен, галогендердің тотыктырғыш касиеттерінің салыстырмалы сипаттамасымен танысады, хлоридтерді, бромидтерді және иодидтерді ажыратып, тануға байланысты эксперимент есептерін шығарады. Галогендердің химиялық қасиеттерін талдаганда, жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес тотығу-тотықсыздану реакцияларының электрондық табиғаты жөнінде алғашқы түсінік беріледі, электрондық баланс теңдеулері жазылады. Бұл арада фосфордың хлорда жануын оқушыларға бұрыннан таныс оттегінде жануымен салыстырып, электрондық жағынан алғанда бұлардың бір-біріне ұқсас процесс екені түсіндіріледі. Басқа да бейметалдармен жэне металдармен әрекетгескенде галогендер атомдарының тотықтыргыш қасиет көрсетіп, өздерінің тотыксызданатыны айтылады.Галогендер және оттегі топшасы оқылғаннан кейін арнайы тақырыпта «Химиялық реакциялардың негізгі заңдылықтары» қарастырылып, химиялық реакциялардың жылдамдығы, катализ және химиялық тепе-теңдік түсіндіріледі.Оқытудың жалпы жоспары-галогендер ең алғаш рет түсінік 8сыныпта(Бейорганикалық заттардың негізгі кластары 14сағат) беріледі.10-сыныпта Маңызды р және s элементтер және олардың қосылыстары тарауында(8сағат) қарастырылады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!