Мектеп химия курсындағы атом құрылысы теориясы.



Периодтық заң жэне атом құрылысы - мектеп химия куреының негізі-Д.И.Менделеев ашкан периодтық заң - табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі. Ол химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге, түсіндіруге және батыл болжамдар жасауға мүмкіндік берді. Атомның қүрылысын анықтауға, жаңа элсменттер ашуға жэне синтездеуге жол-жоба көрсет. Периодтық заңның негізінде атомдық физика, геохимия жэне басқа да жаратылыстану ғылымы жедел дамыды.Периодтық заң жэне периодтық жүйе - орта мектептегі химия курсының теориялық негізі. Бұлардың негізінде қүрылған химияның мазмүны ғылыми жағынан шынайы, жүйелі жэне түсінікті болып келеді.Периодтық заң жэне атом құрылысы өтілген соң химия курсының теориялық деңгейі артады. Оқушылардың түсінуінше химия суреттеме ғылымынан теориялық ғылымға айналады.Химияны оқып үйренуде дедукцияның маңызы кушейеді. Ғылыми болжамның қүдіретіне окушылардың сенімі артады. Ашылмаған химиялық элементтер және олардың қосылыстарының қасиеттері туралы Д.И. Менделеевтің батыл болжамдарының тэжірибеде расталуы оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады.Периодтық заң жэне атом құрылысы туралы оқу материалы элементтер және олардың қосылыстары қасиеттерінің периодты түрде өзгеретіні жэне оның себептері жөнінде үғым қалыптастырады. Химиялық эрекеттердің жүру заңдылықтарын терең түсінуге жэрдемдеседі, бейорганикалық жэне органикалық химияның негіздерін саналы меңгеруге көмектеседі.Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуында периодтык заң жэне периодтық жүйенің маңызы зор. Басқа ғаламшарлар мен жердің, жердегі тірі табиғат пен өлі табиғаттың материалдық бірлігіне оқушылардың көзі жетеді. ұүларда кездесетін заттардың барлығы санаулы ғана химиялық элементтердің қосылыстары болып табылады. Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйе Л. Мейер жасаған жүйеден барлық элементтерді қамтуы, ашылмаған элементтерге орын қалдыруы бойынша ерекшеленеді. Периодтық жүйеден химиялық элементтер атомдарыньщ біртіндеп күрделіленуі, санның сапаға ауысуы айқын көрінеді. Реттік нөмір бірге артканда атомның заряды, электрон саны артады, соған орай химиялық сапасы өзгереді. Біртіндеп металдық касиет жойылып, бейметалдық қасиет күшейеді, содан соң инертті элементтер пайда болады. Осыған орай оқушыларда дүниені танып-білуге болатыны жөнінде нақтылы пікір қалыптасады. Галлийдің, скандийдің жэне германийдің болжанған қасиеттері мен тэжірибеде сыналған қасиеттерінің дэлме-дэл шыгуы оқушыларды еріксіз таңдандырады, Д.И. Менделеевтің ғылыми ерлік жасағанына шүбәсіз сенеді.Периодтық заң, атом кұрылысы оқу материалын игеру барысында оқу-шылар өте көп салыстырулар жасап, қисынды ойлау барысын үштай түседі.Ең алғашқы үлгілібағдарлама-ларда ол химия курсының соңына орналастырылды. Одан кейінгі кешендік бағдарламаға кірмей қалды. Химиялық түрақты бағдарламалардағы оның орны жөнінде екі тұрлі пікір үстем болды.1-шісі бойынша периодтық заңдылықты түсіну үшін оқушылардың деректі материалдардан біршама әзірлігі болуы тиіс. Осы көзқарасқа сэйкес периодтық заң 9-сыныпта галогендер, оттекке ұқсас элементтер жэне сілтілік металдар өтілгеннен кейін оқылды.2-ші пікірді қолдаушылар периодтық заң мен жуйені ертерек өтіп, химиялық элементтерді солардың негізінде оқып, үйрену тиімді деп есептеді. Осы пікірге сәйкес бұл тақырып 8-сыныпта оқылуы тиіс.Атом кұрылысын оқыту. Атом термині «атомос» - грек сөзі, қазақшаға аударғанда «бөлшектенбейді» деген ұғымды білдіреді. Осы пікір үстем болып түған кездің өзінде орыс ғалымдары М.Г. Павлов (1819 ж.), Н.А. Морозов атомның құрылысы күрделі деген пікір айтқан. Атақты ғалымдар Д.И. Менделеев, A.M. Бутлеров атом әзірше бізге белгілі тэсілдермен жіктелмейтін бөлшек деп жорамалдаған.Атомның болшектенетіні туралы алғашқы эксперимен мәліметтер XIX гасырдың соңында алынды. Оларға жататындар: катод сэулелерінің, рентген сәулелерінің жэне радиоактивтіліктің ашылуы. Бұларды зерттеу атомның бейтарап, оң жэне теріс зарядталған бөлшектерден тұратынын көрсетеді. Осыған орай оқушыларға альфа бөлшек, протон, нейтрон, электрон, позитрон туралы түсінік беріледі. Олардың массалары, зарядтары, толық жэне қысқа белгілеулері кесте түрінде жазылады.Атом құрылысының күрделі екені анықталған соң оның құрамына кіретін бөлшектер қалай орналасқан деген сұрақ туады. Бүл сүраққа жауап беру үшін Э.Резерфорд тәжірибесі, Мария Кюри-Склодовская, Пьер Кюри тәжірибелері туралы айтылады. Бүл ғалымдар жэне А.Беккерель туралы оқулықта берілген материалдарға оқушылардың назарын аударады. Соның нәтижесінде оқушылар атомның ядродан және электрон қабығынан түратыны, радиоактивті сәулелер шығару арқылы бір элементтің екінші элементке ауысатыны жөнінде қорытындыға келеді.Хлор, оттегі және сутегі атомдарының құрылымдык символдарын жазу арқылы ядро зарядтары бірдей, массалары әр түрлі-изотоптар болатыны жөнінде түсінік беріледі. Химиялық элемент жэне салыстырмалы атомдык масса ұғымдары жаңаша анықталады, мысалы: химиялык элемент дегеніміз - ядро зарядтары бірдей атомдардың түрі, изотоптар - олардың түр өзгерістері. Кіші периодтар элементтерінің электрондық құрылысы қарастырылады. Энергетикалық деңгейлер, деңгейшелер, электрон бұлттары, олардың пішіні және кеңістікте орналасуы туралы ұғымдар қалыптастырылады.Қазір олардың күйін кванттық механика теориясы тұрғысынан түсіндіреді. Периодтық заңды атом құрылысы тұргысыпан тусіндіру.Периодтық жүйе - периодтық заңның графикалық бейнесі, ол жеті период, сегіз топтан тұрады. Периодтар үлкен жэне кіші топтарға негізгі жэне қосымша топшаларға жіктеледі.Элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруінің себебін түсіну үшін оқушылар ядро заряды мен сыртқы энергетикалык деңгейдегі электрон саны арасындағы тәуелділікті көрсететіп диаграмма сызады. Оттегі бойынша валенттілік сыртқы электрондардың санына, сутегі бойынша валенттілік сегізден сыртқы электрондар санын алғандағы айырмаға тең. Бұл заңдылық негізгі топшалардың элементтеріне гана тән. Қосымша топшалардың элементтерінде валенттік электрондары сыртқы жэне сыртқының астындағы деңгейлерде орналасады. Периодта бейметалдық қасиеттердің күшеюі ядро зарядының өсуіне байланысты сыртқы деңгейдегі электрон санының артуымен және атом радиусының кішіреюімен түсіндіріледі.Бұл жағдайда ядро мен электрондар арасындағы тартылу күші артады. Электрондық теория тұрғысынан периодқа жэне топқа анықтама беріледі. Период - электронмен толатын энергетикалыц деңгеіиіерінің саны бірдей элементтердің көлбеу қатары. Топ -энергетикалық деңгейлеріндегі валенттік электрондарының саны бірдей элементтердің вертикаль қатары. Әр периодтың үзындығы, үлкен период элементтерінің қасиеттеріндегі ерекшеліктер энергетикалық деңгейлердің толу ретімен түсіндіріледі. Орбитальдағы электрон сандары артқанда қосылыстарында бейметалдық қасиеттер пайда болады.Химиялық элементтердің электрондық құрылымының периодты түрде өзгеруі олардың жай заттары, оксидтері, негіздері, қышқылдары қасиеттерінің де периодты түрде өзгеруіне әкеледі.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!