Бейорганикалық қосылыстардың маңызды класстар ұғымын қалыптастыру.



Оқу-тәрбиелік маңызы жэне орны. Миллиондаған қосылыс-тарды ортақ белгілері бойынша санаулы кластарға біріктіру арқылы оқып-үйренеді. Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер жэне түздар. Бүлар туралы оку материалы зат және химиялық реакция жөніндегі алғашқы ұғымдарды тереңдетіп, одан әрі дамытады. Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы үғымдар алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы жэне жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіру эсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен жэне басқа заттармен жүмыс істеуге үйренеді. Эксперимент жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады.Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі жэне типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаца типтерімен танысады.Атом-молекулалық ілімнің негізгі кағидалары жөніндегі білімді заттардың қасиеттерін болжау, түзілетін заттардың қүрамын бағдарлау, химиялық реакциялардың бағытын және қалай жүретінін түсіну үшін пайдаланады.Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен периодтық жүйені саналы игеруге эзірленеді.Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардыц құрамы мен қасиеттері түрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар номенклатурасының негіздерін үйренеді. Валенттік,химиялық формулалар жэне теңдеулер қүрастыру жөніндегі білімі мен біліктері нығаяды.Заттар мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын табу, себеп-салдар байланысын ашу, жеке деректерден қорытынды жасау, жалпы заңдылықты нақтылы жағдайда қолдана білудің қисынды тэсілдерін меңгереді. Заттардың сан алуандығы мен бірлігі, бір-бірімен шарттастығы, қүрамы мен қасиеттершдеп кдишылықтары, санның сапаға ауысуы туралы ғылыми көзқарастар қалыптасады.Оқу-тәрбиелік маңызы зор болғандықтан, химияның бағдарламалары мен оқулықтарында бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына едэуір мол орын беріліп келеді.1935-1950 жылдарда бөлек тақырып ретінде оқытылып, 7-сыныпта бастальш, 8-сыныпта аяқталады. Оқу материалы концентризм принципі бойынша орналастырылады. 7 сыныпта өтілетін деректі материалдың көлемі үлкен болғандықтан оқушыларға ауыр тиеді. Оның үстіне бейорганикалық қосылыстар жөнінде аяқталған білім беруге тырысу байқалады. Бүл кезеңде материалды орналастырудың генетикалық негізі үстем болды. Алдымен оксидтер қарастырылып, олардың гидраттануы арқылы негіздерге жэне қышқылдарға ауысу жүзеге асырылды. Мүның кемшілігі - оқушылар іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін жазды, білімнің үстірт болуына әкеліп соқты.Оқу материалыпың орналасуы жәнв берілетін білімнің көлемі. Оксидтер, негіздер, қышқылдар жэне түздар туралы алғашқы үғымдар қалыптасуының үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бүл заттардың қүрамы мен кейбір химиялық қасиеттері атом-молекулалық ілім түрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтык заң жэне периодтық жүйс, заттың қүрылысы өтілгеннен кейін басталады. Әр класқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары жэне қасиеттері электрондық теорияның түргысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде (9-сынып) бейорганикалық қосылыстар туралы үғымдар электрон-иондық көзқарастармен байытылып дамиды. Оқушылардың білімі жаңа сатыға көтеріледі. Үш кезеңге сэйкес оксидтер, негіздер, қышқылдар жэне тұздар туралы берілетін білімнің көлемі мен орнын келтіреміз.Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегінің қасиеттерін өткенде беріледі. Металдарға жэне бейметалдарға жататын жай заттардың оттегімен тотығуының нэтижесінде күрделі заттар - оксидтер түзіледі. Тэжірибелерді бақылау нэтижесінде оқушылар түзілген күрделі заттар екі элементтен түратыны, оның біреуі оттегі екені жөнінде қорытындыға келеді. Осы белгі оксидтерді анықтауға негіз болады. Оксидтер туралы жалпы үғым металл оксидтері жэне бейметалл оксидтері деп екіге жіктеледі. Олардың физикалық қасиеттерін зерттейтін зертханалық жүмыс өткізіледі. Бақылау нәтижелері кесте түрінде жазылады.Алған білімді бекіту үшін оксидтердің химиялык формулаларын құруға жаттыгулар орындалады. Аталуы, формуласы жэне керісінше айналуы бойынша химиялық диктант жазылады. Бүл арада оксидтердің химиялық қасиеттері қарастырылмайды, генетикалық байланыстың бір буыны ғана - элемент → оксид жүзеге асады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!