Химиялық реакциялар туралы ұғымының дамуы.



Зат жэне химиялық реакция - химия ғылымының анықтамасына кіретін іргелі үғымдар, өзге аса маңызды үғымдар осы екеуінен туындайды. Заттар химиялық элементтердің қосылыстары болып табылатындықтан, бүлардың қатарына химиялық элемент ұғымын да жатқызады. 11-тарауда қарастырғанымыздай, химиялық реакциялар кезінде бастапқы заттар реакция өнімдеріне айналады. Бүл айналулар элемент атомдарының арасында жүзеге асады. Орта мектептің химия курсының алғашқы сабақтарында заттар жэне олардың қасиеттері жөнінде түсінік берілісімен химиялық реакция туралы ұғым қалыптастырылады. Содан соң зат жэне реакция туралы білім элемент жэне атом ұғымдарын енгізу үшін пайдаланылады. Бұдан кейінгі оқу материалдарында осы үш ұғым жарыса қалыптасып, бірін-бірі толықтырып, кеңейтіп және өрбітіп отырады.Химиялық реакциялар туралы к-үрделі ұғым жүйесіне кіретіндер: заттардың реакцияға түсу бейімділігі, реакцияның басталу жэне жүру жағдайлары, реакцияның сыртқы белгілері, реакцияның жылдамдығы, реакцияның мэні жэне жүру механизмі, реакцияның жүру заңдылықтары, химиялық реакциялардың жіктелуі, химиялық реакциялардың сандық көрсеткіштері, химиялық реакциялардың зертханада және өндірісте пайдаланылуы, реакцияның энергетикалық эффектісі.Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы жеке ұғымдарға жіктеледі. Реакцияласушы жүйе деп аталатын бастапқы заттар агрегаттық күйіне қарай біртекті жэне әртекті деп жіктеледі. Мүлың өзі гомогенді жэне гетерогенді реакциялар типін ажыратуға себепші болады. Бастапқы заттар кез келген реакцияға түсе бермейді, белгілі бір заттармен ғана эрекеттесуге бейімділігін танытады.Бұл бейімділік заттың қүрамы мен қүрылымына тэуелді. Заттың күрылысы арқылы реакцияның мэні мен жүру механизмі түсіндіріледі.Химиялық реакциялардың басталуы мен жүруі реакцияласушы жүйенің күйіне, ондағы заттардың құрылысына байланысты. Кэдімгі жағдайда кесек күйіндегі заттар бір-бірімен эрекеттеспейді, реакция басталу үшін қажетті жағдайлар тудырылуы керек, олар: заттарды майдалау немесе еріту арқылы жанасу беттерін үлғайту, қыздыру, жарық жэне электр энергиясын беру, т.б.Химиялық реакциялардың жүргені сыртқы белгілерінен білінеді, олардың ең бастысы - жаңа заттар түзілуі. Жаңа заттардың пайда болғаны агрегаттық күйінен, түсінен, иісінен жэне жылу мен жарық шығуынан білінеді. Бүл табиғи таңбалар жүйесіне жататын белгілердің мағынасы реакциялық мэні мен механизмі арқылы түсіндіріледі.

Химияльщ реакция ұгымының атом-молеқулалық ілім тұргысынан дамуы-Химиялық реакция туралы бастапқы үғым «Химиялық алғашқы үгымдар» тақырыбында қалыптасатыны 11-тарауда айтылды. Мұнда химиялық реакциялардың физикалық құбылыстардан айырмасы, жүзеге асу жағдайлары, сыртқы белгілері туралы, қосылу, айрылу жэне орын басу реакциялары жайында алғашқы қарапайым түсінік беріледі. Оқушылар реакцияның сандық сипаттамаларымен танысады.Келесі оттегі, сутегі элементтерін және олардың химиялық қосылыстарын өткенде, бейорганикалық заттардын маңызды кластары туралы білімді қорытындылағанда бұл түсінік кеңейіп одан әрі дамытылады.Оттегі тақырыбында оқушылар бастапқы заттардың біреуі ретінде оттегінің жай заты қатысатын химиялық реакциялардың жүру жағдайларымен, мэні, энергетикасы және типтерімен танысады. Заттардың оттегімен қосылуы тотығу деп аталатыны, тотығу басталу үшін жылу берілетіні, басталғаннан кейін жылу шығарылатыны, реакцияның жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер туралы алғашқы ұғым алады. Ауамен салыстырғанда таза оттегінде реакцияның шапшаң жүретініне, кейбір айрылу реакцияларының жылдамдығына эсер ететін арнайы заттардың (катализаторлардың) қатысуымен жүзеге асатынына көздері жетеді.Оттегімен қосылу кезінде көп мөлшердс жылу бөлінетіндіктен жанатын заттардың көпшілігінің отын есебінде қолданылуымен жэне отын түрлерімен танысады. Отынның алынған массасынан қанша жылу бөлінетінін есептейді. Оттегін алумен байланысты оқушылар айырылу реакцияларының нақтылы мысалдарын қарастырады. Ю.В. Ходаков жэне т.б. оқулығында оттегі алынуының - бір, Г.Е. Рудзитис, Ф.Г. Фельдман оқулығында бес мысалы талданады. Әдістемелік тиімділігі жағынан алғанда мектептен алынып қалған сынап (II) оксидінің, үш зат түзілетін перманганаттың айырылу реакцияларының тендеулерін жазудың қажеті шамалы. Судың, сутегі асқын оксидінің, егер көрсетілетін болса гана Бертолле тұзы айрылу реакцияларының теңдеулерін талқылау жеткілікті.Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді атом-молекулалық ілімнің түрғысынан қорытқанда химиялық реакциялар туралы оқушылардың алдыңгы төрт тақырыпта алган білімі бір жүйеге түсіріледі. Әр класқа тән жалпы реакциялардың жүру мүмкіндігін болжай алатын дэрежеге көтеріледірганикалық қосылыстар арсындағы химиялык реакциялардың молекулалық теңдеулерін сауатты жазуға үйренеді. Моль үғымын пайдаланып, реакциялардың химиялық жэне термохимиялық тендеулері бойынша есептеулер жүргізеді.Электрондық көзқарас тұргысынап химиялың реакция ұгымының дамуы. Заттардың құрылысы өтілгеннен кейін химиялық реакция ұғымының мазмүны мен көлемі туралы оқушылардың білімі тереңдейді. Химиялық реакция үғымына жаңа анықтама беріледі, атомнан төменгі деңгейде жүретін айналулар химиялық реакцияларға жатпайтыны айтылады. Оқушылардың түсінігін нактылау үшін өтілген жэне жаңа білімнің арасындағы байланысын тудыратын кесте сызылады.Реакцияға молекулалық құрылысы болмайтын химиялық қосылыстар да қатысып, жаңа заттар түзілетініне көздері жетеді. Сөйтіп, химиялық реакциялардың мэнін үғыну атом-молекулалық деңгейден электрондық деңгейге түсіп тереңдейді.Оқушылар химиялық реакциялар кезінде элементтердің сақталатыны жонінде қорытындыга келеді, оны нақтылау үшін оқушыларға таныс бір элементтің химиялық реакциялары еске түсіріледі


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!