Сыныпта оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздарды оқыту әдістемесі.



Бүл тақырыптың міндеттері: 1)оксидтердің негіздердің, қышқылдардың және тұздардың құрамы жөніндегі білімді бір жүйеге түсіру; 2) құрамы мен аталуының жэне қасиетгерінің арасындағы тәуелділікті ашу; 3) жіктелу негіздерін түсіндіру; 4) химиялық тіл туралы білімі мен білігін нығайту; 5) эксперимент дағдыларын жетілдіру, алған білімді эксперимент есептерін шығара білуге қолдану.

Бүл міндеттерді жүзеге асыру үшін алғашқы сабақта оксидтердіц, негіздердің, қышқылдардың және түздардың қүрамы мен аталуы қарастырылады. Алдымен оқушылардың білетіндерін еске түсіру үшін әңгімелесу немесе оқулықпен өздігінен жүмыс үйымдастырылады. Оқушылар бейорганикалық қосылыстардың жіктелуін сызбанұсқа түрінде сызады, эр класқа мысалдар келтіреді. Содан соң мына сүрақтар бойынша әңгімелесу ұйымдастырылады:

- кальций оксиді мен көміртегі (IV) оксидінің құрамында қандай үқсастық пен айырмашылық бар?

- қышқылдар мен тұздар құрамында қандай үқсастық пен айырмашылық бар?

- негіздер мен тұздар құрамында қандай үқсастық пен айырмашылық бар?

Әңгімелесуден, кейін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары ұйымдастырылады. Заттарды кластарға бөлу, заттың қай класқа жататынын дэлелдеу (эксперимент есебі), қүрамы бойынша затты атау, аты бойынша формуласын жазу тапсырмалары орындалады. Мысалы:

1. төменде формулалары берілген заттарды кластарға жіктеп, кесте түрінде жазыңыздар: Н3Р04, Fe, CaS04, КОН, Си, Са3(Р03)2, Си(ОН)2, Fe203, S, KN03, А1203, Ғе(ОН) з, HN03, Са(ОН)2, S02, NaCl, MgO, Р205, 02,СиО, Zn(OH)2

2) көрсетілген заттарды атаңыздар: CuS04, КОН, Si02

3) аталған заттардың формулаларын жазыңыздар: темір (ІП) хлориді, күкіртті қышқыл, азот (V) оксиді, алюминий гидроксиді, т.б.

Келесі сабақта оксидтердің жіктелуі мен химиялық қасиеттері қорытылады. Оксидтердің анықтамасы, жіктелу негіздері, эр типке жататын оксидтердің белгілері туралы эңгімелесу ұйымдастырылған соң өздігінен жүмыс орындалады. Оқушылар өткенде кестеге жазылған оксидтерді немесе мұғалім формулаларын берген оксидтерді жіктеп, кесте түрінде жазады, оксид түзуші элементтердің валенттілігін көрсетеді. Бір элементтің төменгі валенттілігінде негіздік оксидтің, ал жоғары валенттілігінде қышқылдық оксидтің қасиеттерін білдіретініне назар аударады, мысалы: МпО - негіздік оксид, Мп207 - қышқылдық оксид.

Оксидтердің химиялық қасиеттері туралы білімді бір жүйеге түсіру үшін зертханалық жүмыс жасалады. Оқушылар кремний (IV) және көміртегі (IV) оксидтерінің суға, кальций гидроксидінің ерітіндісіне, мыс (II) оксидінің және кальций оксидінің суға және күкірт қышқылына қатынасын зерттейді. Соның нэтижесінде: 1) қышқылдық оксидтердің сілтімен; 2) негіздік оксидтердің қышқылмен эрекеттесуі жалпы қасиеттері екені, бүл қасиет оларга анықтама беру үшін пайдаланылатыны жөнінде қорытынды жасалады. Суға қатысы туралы тәжірибеден алынатын мэліметтер: 3) көміртегі (IV) оксиді жэне кальций оксиді суда ериді, бір жағдайда қышқыл, екінші жағдайда сілті түзеді; 4) кремний (IV) оксиді жэне мыс (II) оксиді суда ерімейді. Оксидтердің бәрі сумен әрекеттеспейді, бұл олардың айрықша қасиеттеріне жатады.

Сабақ соңында қосылыстардың бір класынан екінші класына ауысуына арналған жаттығулар орындалады:

Қышқылдардьщ жіктелуі мен химиялық қасиеттерін қорытындылауға арналған сабақ жаппай әңгімелесуден басталады. Қышқылдардың құрамындағы ортақ белгісі, анықтамасы жэне жіктелу белгілері еске түсіріледі, соңғы сұрақтың жауабы сызбанүсқа түрінде жазылады. Қышқылдар құрамы бойынша - оттекті жэне оттексіз, негізділігі бойынша - бір негізді, екі негізді, үш негізді жэне көп негізді, агрегаттық күйі бойынша - сүйық жэне қатты, ерігіштігі бойынша еритін жэне ерімейтін деп жіктеледі. Осылардың әрқай-сысына бірнеше мысалдар келтіреді: H2S, HC1, H2S04, HN03, H2S03 (сүйық) жэне H2Si03 (ерімейді).

Қышқылдардың қасиеттері туралы білімді жүйелегенде бәріне ортақ жэне жеке топтарына ғана тэн қасиеттеріне көңіл аударылады. Қышқылдардың ортақ қасиеті - бейтараптану реакциясы, ол қүрамында сутегінің болуына байланысты. Күшті жэне қыздыруға түрақты қышқылдар металдардың ерімейтін оксидтерімен эрекеттеседі. Активтік қатарда сутегіне дейін орналасқан металдар еритін қышқылдармен реакцияға түсіп, утегін бөледі. Зертханалық жүмыстар жасау және бақылағандарын жинақтау реакция теңдеулерін жазу арқылы оқушылар айтылған қорытындыларға келеді, нэтижесін мьінадай сызбанүсқа түрінде жазады:

Сызбанұсқаның әр бөлігіне сәйкес реакция теңдеулерін жазатын жат-тығулар орындалады. Азот қышқылының металдармен эрекеттесуінің ерекшеліктерін көрсететін тэжірибелер жасалады, олардан шығатын қорытынды: азот қышқылы активтік қатарда сутегіне дейін жэне сутегінен кейін орналасқан металдармен әрекеттескенде сутегі бөлінбейді.

Негіздер туралы оқушылардың алған білімін бір жүйеге келтіру үшін әңгімелесу өткізеді. Негіздердің құрамы, жіктелуі жэне қасиеттері жөніндегі білімді еске түсіретін сұрақтар қойылады. Негіздердің физикалық қасиеттеріне қарай еритін жэне ерімейтін деп жіктелуі сызбанұсқа түрінде жазылады. Өздеріне белгілі негіздердің формулаларын оқушылар жіктелуі бойынша сызбанұсқаға жазады. Құрамына валенттілігі тұрақты емес металдар кіретін негіздердің атауларын нақтылайды. Еритін негіздердің (сілтілердің) қасиеттерін зерттейтін зертханалық тэжірибелер жасалады: 1) сілтінің индикаторларга эсері; 2) фенолфталеинмен боялған сілтіге қышқылдың әсері; 3) сілтінің қышқылдық оксидтермен эрекеттесуі.

Ерімейтін негіздердің касиеттерін мүғалім тэжірибе жасап көрсетеді. Құргақ мыс (II) гидроксидіне су жэне фенолфталеин қосканда түсі өзгермейді. Күкірт қышқылын күйғанда үнтақ еріп, кегілдір ерітінді түзеді. Ішінде мыс (II) гидроксиді жэне натрий гидроксиді бар екі сынауықты бір мезгілде қыздырғанда бірінші сынауықта мыс гидроксиді айырылып, қара түсті оксид түзіледі, екінші сынауықта өзгеріс байқалмайды. Тэжірибеден шыгатын қорытынды сызбанұсқа түрінде жазылады:

38. Валенттілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы. Валенттілік ұгымының қалыптасуы жэне дамуы. Валенттілік ұғымы химия гылымының дамуында маңызды роль атқарады, ал атом-молекулалық ілім салтанат құруының маңызды буыны болды, эквивалент және еселік қатынас заңдарын түсінуге жэрдемін тигізеді. Химиялық тектестіктің мэнін ашуға мүмкіндік берді. Химиялық қүрылыс теориясы жасалуының алғы шарттарының бірі болды. Периодтық идеясының қалыптасуына септігін тигізді.Химия ғылымы тарихында валенттілік ұғымы дамуының төрт кезеңі атап өтіледі: 1) ұғымның шығу жэне қалыптасу кезеңі (1850-1850), 2) құрылымдық теория кезеңі (1861-1895); 3) координациялық теория және үлес валенттілік кезеңі; 4) электрондық теория кезеңі. Бүл кезеңдер химияны оқыту барыс1ында белгілі дэрежеде қайталанады.Валенттілік ұғымы оқушыларға химиялық тілді саналы меңгеруге, химиялық реакциялардың нэтижесінде шығатын күрделі заттардың құрамын болжай білуге көмектеседі.Валенттілік мектептегі химия курсында 1958 жылға дейін 7-сыныптағы «Сутегі. Су» такырыбында оқытылып келді. Алдыңғы үш тақырыпта кездесетін химиялық формулаларды оқушылар жаттап алуға мәжбүр болды. Сондықтан валенттілік үғымын ертерек пайдалану үшін алдымен «Оттегі. Оксидтер», содан соң «Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбына ауыстырылды.Валенттілікті бірден электрондық теория түрғысынан оқыту туралы ұсыныстар жиі кездесіп жүрді, бұл мэселе Н.С.Ахметов, Л.М.Кузнецова оқулығында жүзеге асты.Мектеп сарамандығында қолданылған жэне қазір пайдаланылатын химия бағдарламалары мен оқулықтарында алдымен валенттіліктің эмпирикалық түсінігі беріледі, содан соң электрондықтабиғаты түсіндіріледі.«Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбында валенттілікпен таныстыру үшін екі сабақ өткізіледі. Бүған дейінгі сабақтарда оқушылар атом, химиялық элемент, химиялық элементтің таңбалары, құрам түрақтылық заңы жэне химиялық формула ұғымдарымен танысады. Осылардың ішінен жаңа материалды саналы түсінуге кажетті тірек білімді еске түсірген соң мүғалім оқушыларға химиялық таңбалары таныс элементтердің сутегіменқосылыстарының формулаларын тақтага жазыи, сапалык жэне сандық құрамын анықтауға тапсырма береді: НС1:Н20; NH3СН4 Оқушылар хлор сутегінің бір атомын, оттегі екі атомын, азот үш атомын, көміртегі төрт атомын қосып алғаны жөнінде қорытынды жасайды. Осы қорытындыға сүйеніп, валенттілікке бір элемент атомының басқа элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті деген анықтама беріледі. Валенттілік терминінің мағынасы, химиялық формула бойынша элемент атомының валенттілігін анықтау ережесі түсіндіріледі. Валенция - латын сөзі, қазақша күш деген мағынаны білдіреді. Мүны нақтылай түсу үшін қарастырылган сутекті қосылыстардың шарстерженді модельдері көрсетіледі Элементтің атом саны мен валенттілігінің көбейтіндісі валенттілік бірлігінің жалпы саны деп аталады.Қосылыстағы бір элемент валенттілік бірлігінің жалпы саны екінші элемент валенттілігі бірлігінің жалпы санына тең болады, мысалы метандағы сутегінің төрт атомында 4-1 =4 бірлік бар.Элементтердің валенттілігін сутегі, оттегі немесе валенттілігі белгілі басқа элемент бойынша табады. Осыдан кейін химиялық формула бойынша валенттілік табуға жаттығулар орындалады. Анықтама ретінде пайдалану үшін келесі сабақтарда кездесетін химиялық элементтердің валенттіліктерін кесте түрінде береді. Кейбір элементтердің валенттіліктері түрақты, басқаларының валенттіліктері ауыспалы болатынына назар аударылады.Оқушылар валенттілікті элемент атомының қасиетін түсініп, формула бойынша элементтің валенттілігін табуды және валенттілікке сүйеніп формула құруды үйренеді.«Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбында бірінші кезеңде калыптасқан валенттілік үғымы нығаяды. Оқушылар тэжірибелердің нәтижесінде алынған оксидтердің қүрамын өрнектеп жазуды үйренеді. Элементтердің валенттілік мүмкіндігін іске асыру жөнінде алғашқы түсінік алады.Оттегінде жанғанда көміртегі ең жоғары валенттілігін, күкірт төртке тең валенттілігін, темір екі түрлі валенттілігін көрсетеді.«Сутегі. Қышқылдар. Тұздар» тақырыбында валенттілік үгымының анықтамасына өзгеріс енгізіледі. Активті металдардың қышқылдармен әрекеттесу реакцияларын талдау қышқылдардан натрий бір атом сутегін, мырыш - екі атом, алюминий үш атом сутегін ығыстыратынын көрсетеді. Осыған орай валенттілік бір элемент атомының басқа элемент атомдарының белгілі санын қосып алу ғана емес, қосылыстағы орнын басу қасиеті екені айтылады. Атомдар тобы - қышқыл қалдықтарының валенттілігі жөнінде алғашқы үғым беріледі. Қышқыл қалдықтарының жэне металдардың валенттігі бойынша тұздардың формуласын қүру алгоритмі түсіндіріледі, жаттығулар орындалады.«Бейорганикальгқ қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорыту» тақырыбында алдыңғы тақырыптарда валенттілік туралы қалыптасқан білім мен білік кеңінен пайдаланылып жетілдіріледі, жаттыгулар орындау үшін қолданылады.«Периодтық заң және периодтық жүйе. Атом құрылысы» тақырыбында валенттілік периодтық заңды қорытып шығару үшін пайдаланылады.Валенттіліктің сан мәні элементтің периодтық жүйссіндегі орнына, атомның электрондық қүрылысына тэуелді екені жэне валенттік электрондар жөнінде үғым қалыптасады. Валенттіліктің электрондык, теориясы бойынша коваленттік жэне электроваленттілік жөнінде түсінік беріледі. «Химиялық байланыс заттың қүрылысы» тақырыбында валенттілік жэне химиялық байланыс үғымдары ұштастырылады. Кейбір қосылыстардағы элементтердің валенттілігін анықтағанда қайшылықтар байқалады. Мәселен, азот қышқылында азот бес валентті делінеді.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!