Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құрылысын оқып – үйрену.



Периодтық заң және атом құрылысы теориясын мектептегі химия курсының ғылыми негізі ретінде қарастыру. Химия курсындағы периодтық заңның орны мен маңызы.Периодтық заң мен атом құрылысын оқыту әдістерінің сипаттамалары. Атом құрылысы теориясының мектептегі химия курсындағы орны, маңызы. Тақырыптардың мазмұны. Периодтық заңды атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндірудің ерекшеліктері. Тарихилық принципінің жүзеге асырылуы. Периодтық заңның маңызын түсіндіру тәсілдері.Д. И. Менделеевтің ашқан периодты заңы мен соған негізделе отырып 1869 жылы жасалған периодтық жүйе химиялық элементтердің алғашқы екпінді ғылыми жіктелуі болып саналады. Соның нәтижесінде азғана химиялық элементтерін, түзілген сан алуан химиялық қосылыстарды бір жүйеге келтіруге және оларды одан ары қарай оқып үйренуге мүмкіндік туды. Периодтық заң химиялық элемент жайындағы барлық білімді қорытындылады, бір жүйеге келтірді.Д. И. Менделеев өзінің ашқан периодтық заңында көптеген элементтердің атомдық массасы дұрыс емес деді және оларды химиялық қасиеттері бойынша өз орындарында орналастырып, теория жүзінде атомдық массасын қайта жөндеді. Ол мысалы, мына 10 элементтің атомдық массасын жөндеді: Берилий, титан, иттрий, индий, цезий, празеодим, эрбий, торий, уран. Одан кейін көптеген ғалымдар периодты жүйеге сүйене отырып 20 элементтің атомдық массасын қайта жөндеді.Д. И. Менделеев өз кестесін құрастырғанда ондағы көптеген элементтер әлі ашылмаған еді. Мысалы, қазір 4 – қатарда орналасқан 21-інші скандий элементі ашылмаған еді. Атомдық массасы бойынша Са – ден кейін осы қатарда титан келеді, бірақ оны кальцийден кейін орналастыру мүмкін емес еді. Себебі онда ол ІІІ топта орналасқан болар еді. Ал, титан IV валентті және басқа қасиеттері жағынан да ІІІ топта емес, ІV топта орналасу керек еді. Сондықтан Д. И. Менделеев бір торкөз тастады, яғни кальциймен титан арасында бос орын қалдырды. Сол сияқты 5 – қатарда мырыш пен мышьяк арасында 2 торкөз қалдырылды. Ал, қазір ол торкөздерде гелий мен германий орналасқан. Периодтық жүйедегі тағы да басқа қатарларда бос орындарда қалдырылды. Ол кезде реттік нөмірі 21,31,32,43,61,75,85,87 – элементтер белгісіз еді.Д.И. Менделеев периодтық жүйеде бос орындар қалдыра отырып, табиғатта осы орындарды толтыратын элементтер болуы тиіс деген пікір айтты және олардың ашылатынына сенді. Сол ашылуға тиіс болған элементтердің қасиеттерін көрші элементтерге қарай периодтық заңға негіздей отырып, алдын ала сипаттап берді. Мысалы, ол алдын ала скандий, галий, германий, т.б. элементтердің қасиеттерін өте дәл анықтап берді. Д. И. Менделеевтің қасиеттерін, орнын алдың ала айтып берген элементтері көп кешікпей ашылды.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!