Алғашқы химиялық ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуы.



Бастапқы химиялық ұғымдар (27 сағат)Химия нені оқытады. Заттар. Таза заттар мен қоспалар. Қоспаларды бөлу әдістері. Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакцияның белгілері мен жүру жағдайлары. Қоршаған ортадағы химиялық реакциялар.Атомдар мен молекулалар.Химиялық элемент. Химиялық элементтердің таңбалары.Жай заттар мен күрделі заттар. Химиялық формулалар.Валенттілік. Биэлементті қосылыстар формулаларына қарап валенттілік бойынша заттардың формуласын құрастыру. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса. Моль. Зат мөлшерінің өлшемі.Авагадро заңы.Мольдік масса.Химиялық формулалар мен реакция теңдеулері бойынша есептеулер. Химия тарихында көрнекті орын алатын негізгі ұғымдарды енгізген ғалымдар Р.Бойль (элемент ұғымы), И.Я.Берцелиус (химиялық таңбалар), Э.Франклад (валенттілік ұғымы), Ж.Л.Пруст (құрам тұрақтылық заңы) туралы қысқа деректер келтірілген. Бүл деректерді эдістемелік талаптарға толық сэйкес келмегенімен жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде, үй тапсырмасын бергенде тиімді пайдалану мүғалімнің міндеті. Сонымен бірге тарихи материалды оқулықтағыдан гөрі мұғалімнің терең білу керектігін ескерген жөн.Химия пәні. Оқушылардың пәнге деген пікірін тудыруда алғашқы сабақтардың маңызы зор. Әдістемелік эдебиеттерде химия пәнін анықтайтын алғашқы сабақта екі түрлі қателік жіберілетіні айтылған.Біріншісі - оқушылардың химияға қызуғышылығын тудыру үшін бірнеше қызықты тэжірибелер көрсетіледі, бірақ олардың мәні түсіндірілмейді. Мүндай тэжірибелерді олар химиялық кештерде көрген, химия кабинетінде эр түрлі тэжірибелер жасалатынын сырттай байқап жүреді. Сондықтан да олардың алғашқы сабаққа зор үмітпен келетіні рас.Алғашқы сабақта химияның жаратылыстану ғылымына жататыны, заттарды зерттейтіні жэне заттардың қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру жеткілікті.Зат ұғымы бүл сабақта оқушыларға физика курсынан таныс физикалық дене үғымы арқылы беріледі. Ол үшін бір заттан жасалған бірнеше физика-лық денелер, эр түрлі заттардан істелген бір физикалык дене көрсетіледі. Олардың мысалдары ретінде шыныдан, кәрденнен, темірден, алюминийден жэне баска металдардан жасалған оқушыларға белгілі, немесе таяудағы сабактарда танысатын химия кабинетінің қүрал-жабдықтары көрсетіліп, аталады. Соның нэтижесінде оқушылар физикалық денелер неден тұрса, соны зат деп атайды деген қорытындыға келеді. Ұғым жаттығулар орындату және химиялық диктант жаздыру арқылы бекітіледі.Заттардың физикалық қасиеттерімен оқушылар зертханалық жүмыс жасау арқылы танысады. Үлестіріліп берілген заттардың агрегаттық күйін, түсін, тығыздығын, жылу өткізгіштігін, электр өткізгіштігін, балқу жэне қайнау температурасын анықтап, кестетүрінде жазады. Зерттелген затгардың қасиеттерін салыстыру арқылыолардың бір-біріне ұқсастығы немесе айырмашылығы көрсетіледі, анықтама беріледі.Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Химия» оқу пәні «Жаратылыстану» білім саласына жатады. Химия пәнін негізгі орта білім деңгейінде оқыту негізгі орта білім оқу бағдарламасы түрінде жүзеге асады. Негізгі орта білім оқу бағдарламасы негізгі орта білім (8-9 сыныптар) курсының базалық мазмұны мен оқушылардың химия пәні бойынша білім жетістіктерін көрсетеді.«Химия» оқу пәнінің негізгі орта білім беру деңгейіндегі мақсаты оқушыларда қоршаған орта туралы, адам өмірі мен табиғаттағы химиялық процестер мен құбылыстар туралы химиялық білім жүйесін қалыптастырады; химиялық заттармен жұмыс істей білу, алған теориялық білімді практикада қолдана білу біліктілік дағдысын қалыптастырады; табиғатты адамның зиянды іс әрекетінен қорғау, қоршаған ортаны сақтау мәдениетін, экологиялық, гуманистік көзқарас қалыптастырады; Қазақстан Республикасының табиғи ресурсы туралы мәліметтер беріліп, табиғи байлықтарды орынды және тиімді игеруге тәрбиелейді.Оқу пәнінің міндеттері: оқушыларда күнделікті тұрмыста және табиғатта кездесетін құбылыстарды түсіндіруге химия ғылымының тәсілдерін, теория, заңдар мен түсініктері туралы білім негізін қалыптастыру;зат қасиеттерінің, оның құрамы мен құрылысына тәуелділігі жөнінде оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;табиғат, зертхана, күнделікті тұрмыста кездесетін химиялық құбылыстарды бақылау, талдау дағдысын дамыту. Құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау;оқушылардың химиялық құралдар мен реактивтерді пайдалану, күрделі емес зертханалық тәжірибелік есептерді шешу, химиялық білімді практикада қолдану дағдысын қалыптастыру;әр оқушыға өз өлкесінің, сондай-ақ, Қазақстандағы химия өндірісінің экологияға тигізетін әсерін білу, қоршаған ортаны ластанудан қорғау жолдары туралы білім беру;оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкоголь мен темекінің, есірткінің зияны туралы қажетті біліммен қамтамасыз ету;оқушылардың өздігінен білім алу, болашақ мамандық таңдау біліктілігін қалыптастыру;алған білімі мен біліктіліктерін күнделікті өмірде және болашақта пайдалана білуге дағдыландыру сияқты талап-тілектерін ескереді.

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!