Атом –молекулалық ілімінің негізгі қағидалары мектеп химия курсының кіріспе бөлімінің негізі.



XVIII ғасырдың 40-жылдары химия жеке ғылым ретінде қарастырыла бастады. Сол кезде, орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов “Математикалық химияның элементтері” атты жұмысында атом-молекулалық көзқарасты алғаш рет ұсынды. Онда былай тұжырымдалған: 1.Барлық заттар корпускулалардан тұрады. 2.Корпускулалар элементтерден тұрады 3.Бөлшектер – молекулалар мен атомдар үнемі қозғалыста болады. 4.Жай заттардың молекулалары бірдей атомдардан, кұрделі заттың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады. Молекула дегеніміз осы заттың химиялық қасиеттерін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі. Молекуланың өзі атомдардан тұрады. Атом дегеніміз оң зарятталған атом ядросынан және теріс харятталған электрондардан тұратын электронейтрал бөлшек. Атомдардың массасы, қасиеттері бірімен-бірі әрекеттесуі арқылы күрделі заттар түзілуі, атомдардың арасындағы байланыс XIX ғасырдағы химиктер мен физиктердің зерттейтін жұмысына айналды. Джон Дальтон Химиялық “философияның жаңа жүйесі” атты жұмысында атом-молекулалық көзқарасты талқылайды. Ол сонымен қоса алғаш рет атомдық салмақ деген ұғымды кіргізді. Дальтон өз пікірін былай тұжырымдайды: 1.Барлық зат өте кішкене бөлшектерден – атомдардан тұрады. 2.Жай заттар одан әрі бөлінбейтін бір біріне ұқсас жай атомдардан, ал күрделі заттар күрделі атомдардан тұрады. Күрделі атомдар реакция кезінде жай заттардың атомдарына ажырайды. 3.Күрделі заттың күрделі атомдары әр түрлі жай атомдардың аз ғана санынан құралады. Мысалы: NO, NO2, N2O5 т.с.с. 4.Күрделі атомның массасы оны қоршаушы жай атомның массаларының қосындысына тең. Бұл теорияның Ломоносов теориясынан өзгешелігі жай заттың молекулалары болмайды деген қате тұжырымды шығарған. Алайда Дальтонның сандық сипаттағы масссаны енгізуі үлкен табыс болды.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!