Химия тілі-химияны оқытуда таным құралы ретінде



Химия тілін түсінудің семиотикалық негіздері. Таңбалар -күйесінің таным мен қарым-қатынас қүралы ретіндегі қызметі шіықталып, уақыт өткен сайын қолдану аясы кеңеюде. Таным -объективті шындықтың адам санасында бейнелену процесі. Ол прқылы адам білмегенді білуге, жартылай білімнің толық жэне дэл білімге айналуына негіз алады. Оқушылар әлемнің шындық бейнесін белгілі бір үғымдар жүйесі арқылы игеріп, ойлау нэтижесінде қүбылысты бақылап, оның мән-мағынасына көңіл аударады, бір мәннен екінші жэне одан да жоғары деңгейлерге өте отырып, біртіндеп әрқайсысының алуан жақтарын жэне бір-бірімен байланысын аша түседі.Қоршаған ортадағы барлық заттар мен қүбылыстар өзара оайланысты жэне олар адамның ойында түсініктер мен байланыстардың қарым-қатынасы ретінде бейнеленеді.Бізді қоршаған орта табиғи жэне жасанды денелерден тұрады. Таңбалар жасанды денелерге жатады. Осы таңбалар жүйесін зертеудін семиотика ілімінің негізін салған американ ғалымы Чарльз Сандерс Пирс.Химиялық таңбалардың ішіндегі ең маңыздысы - тіл. Басқа таңбалар осы тілдің негізінде жасалады да, тіл арқылы тікелей іске қосылады. Осы тұрғыдан қарағанда, таңбаның мэні мен мағынасы -пікірталас туғызатын мәселелердің бірі. Философтардың пікірлері бойынша, таңбаның мәні - белгілі бір нэрсе не зат туралы беретін информация. Феноменологиялық теория түрғысынан кез келген таңба ой мен нэрсені ұштастыру құралы ретінде қарастырылған. Бихевиористердің көзқарасы тұрғысынан, таңба - іс-эрекет, басқаша айтқанда реакция (рефлекс). Прагматиктер таңбаның мэнін оның іске жаратылуы немесе ол арқылы іс-әрекеттің реттелуі деп түсіндіреді. Психологияда ассоциация теориясы бойынша нәрсе мен таңба арасында қарапайым түрдегі ассоциациялық байланыс бар деп қарайды,Оқыту үрдісінде таңба жэне таңбалар жүйесінің мәні мен мағынасы туралы мәселені қарастыру және шешудің маңызы зор. Себебі кез келген ғылымдағы білім таңбалар жүйесі арқылы беріледі. Таңба - білімді түйсінуге, қабылдауға көмектесетін құрал, ал таңбаның мәні мен мағынасы - білімнің мазмұны болып табылады. Сондықтан да логикада білімнің құрылымы: Т° Б0 О түрінде орнектеледі.Мүнда Т° - таңба, О - таңба арқылы берілетін объект, Б0 - таңба мен объекті арасындағы байланыс.Семиотикада таңбаларды негізгі таңба жэне көмекші таңба деп екіге бөліп қарастырады. Негізгі таңба деп тілдік таңбаларды айтады.Сонымен қатар таңбаларды табиғи таңба, жасанды таңба, сигналдық, символдық, тілдік, субституттық (материалдық) таңбалар деп бөлу де кездеседі. Табиғи таңбаларға нәрселер мен қүбылыстардың белгілері, өлшеуіш көрсетінділері, таңба ретінде болатын заттар мен қүбылыстар жатады. Химия пәніндегі табиғи таңбалар - химиялық реакциялардың сыртқы белгілері.Химиялық тіддің бірінші белігі - терминология, яғни атаулар жүйесінен тұратын сөз таңбалары. Химиялық ғылыми ұғымдардың штары белгілі бір атаулар арқылы беріледі. Дегенмен, тарихи даму тұрысында химиялық терминдердің формасынан гөрі мәні мен мағынасы үздіксіз езгеріске ұшырайды. Термин арқылы берілетін әр ұгымның анықтамасы бар, осы анықтамаға негіз етіп алынатын белгі ғылымның теориялық деңгейіне тәуелді. Химиялық тілдің екінші бөлігі - химиялық номенклатура мен атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол гривиалды (түрмыстық) және жүйелік деп екіге бөлінеді. Жүйелік поменклатура химиялық символикаға негізделеді. Сондықтан химия ғылымында оны формулалар мен зат атауларынан тұрады деп ссептейді. Тұрмыстық (тривиалды) номенклатура - заттарды майдалану кезінде берілген әр түрлі атаулар. Ол атаулар кездейсоқ қалыптасқан, тұрмыста, құрылыста, медицинада, халық шаруашылы-гының алуан түрлі салаларында кеңінен пайдаланылады. Бұл атаулардың кепшілігі қысқа, ұтымды ауызекі сөйлеуде, мәтінде пайдалануга қолайлы.Химиялық тілдің үшінші бөлігі-химиялық символика, ол химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады. Химиялық символика - халықаралық шартты тіл, заттар мен құбылыстарды белгілеудің ең қысқа және тиімді құралы. Сондай-ақ, химиялық символика заттың құрамы мен құрылысы жөнінде көптеген мағлұматтар алуға, заттың қасиетін, реакцияласу қабілетін жэне реакциялардың жүру бағыттарын болжауға мүмкіндік туғызады.Химиялық таңба - элемент атомының шартты белгісі. Ол элемент атомының атын ғана емес, белгіленіп отырған элементтің көміртектік бірлікпен алынған атомдық массасын, атомның молін, мольдегі атом санын көрсетеді. Қорыта айтқанда, химиялық таңба арқылы оның (заттың) сапалық және сандық мәнін ажыратуға болады.

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!