Химияны оқытуда көрнекіліктер. Көрнекіліктердің түрлері және олардың жіктелуі.



Көрнекілікпринципі - дидактикалық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула құрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанұсқаларын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек. Оқыту әрекетінің бір белігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы және жеке әдістер болып жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме -иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тармақталады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз - көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.1.Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру - жалпы әдістің сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады: а) баяндау (дәріс, әңгіме); ә) әңгімелесу; б) текспен өздігінен жұмыс.Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру әдісі - мұғалімнің екі негізгі іс - әрекетін жаңа білімді баяндап түсіндіруін көрсетеді. Мұғалімнің оқу материалын баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық және көрсетілімді пайымдау тәсілі. Бұл әдіс негізінен үш топқа бөлінеді.2.Сөз - көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; э) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу; б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс.3.Сөз - көрнекі - сарамандық әдістер тобына:а) оқушылардың үлестіріп берілген материалдармен жұмысы; ә) химиялық тәжірбиелер орындау;б) құралдар құрастыру, модельдер жасау; в) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады.

30. Химияны оқыту үрдісіндегі химиялық эксперимент.

Химияны оқытудағы маңызды рөлді-оқу процесінің құрамдас бөлігі химиялық эсперимент алады.Химиялық эксперименттің негізгі қасиеті әрбір ғылыми түсінік логикалық түрде қойылған тапсырмадан көрініп,практикалық түрде меңгерілуі керектігінде. Тану- нақты денелерді, құбылыстарды,процесс,фактілерді сезіну мен қабылдаудан басталып, меңгерілу мен абстрактілуге өтеді.Химиялық түсінік-бұл қабылдау негізінде қалыптасатын,химиялық құбылыстар мен процестердің белгілері жайындағы сәйкес біліктілік. Олардың анализі оның қасиетін тануда мүмкіндік беріп,осының негізінде химиялық заңдылықтар орнатылады.Химиялық эксперимент-химияға қызығушылықты арттырып,өзін-өзгілікті қалыптастырады,яғни экспериментті орындау процесі кезінде оқушылар жұмыстың практикалық біліктілігіне қол жеткізіп қана қоймай,өз білімін шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады.Түрлі химиялық эксперименттерді пайдалана отырып,мұғалім теориялық білімді нақтылап,практикалық біліммен байланыстыруға үйретеді. Химиялық эксперимент оқушыларға фактілерге негізделіп,теориялық түрде алынған химиялық түсініктерді тәжірибе арқылы дәлелдеп көз жеткізеді.Химиялық эксперимент оқушылардың ойлануын,біліктілігін арттырады,оны алынған нәтиженің дұрыстылық критерийі ретінде қарастыруға болады.Эксперимент жиі жағдайда қабылдаудың негізі болып келеді,онсыз продуктивті ойлану іскерлігі жүрмейді.Ойлауды дамытуда экспериментпен,практикамен біріге отырып, маңызды ролді теория алады. Эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың химиядан үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай,сондай-ақ кейін де өздік ізденістерінде қолдана алады. Химиялық эксперимент бірнеше кезеңдерде жүргізіледі: тәжірибені қоюды түсіндіру;жоспарлау мен жүргізу;алынған нәтижелерді бағалау;Эксперимент алдын-ала білімге сүйеніп жүргізіледі. Тәжірибені теоричлық меңгеру оның қолданылуына әсер етеді. Қабылдау-мақсаттылыққа, белсенділікке апарады;Химия бағдарламасы химиялық экспериментті кең көлемде пайдалануды ұсынады-демонстрация, зертхана-лық тәжірибелер,практикалық сабақтар және эксперименттк есептер;Химиялық эксперимент-түрлі дидактикалық функцияларды түрлі формада,түрлі оқыту әдістерімен сәйкестендіріп орындай алады; Химиялық эксперимент оқушылардың өзін-өзділігін біртіндеп дамытатын принципке негізделген жүйеден тұрады:демонстрациялық құбылыстардан,фронтальді зертханалық тәжірибелерді оқытушы басқару мен жүргізу,практикалық тапсырмаларды орындаудағы өздік жұмыс және эксперименттік есептер шығару қарастырылған;Демонстрациялық экспериментті жүргізу оқушылардың түрлі химиялық құбылыстармен,олардың арасындағы өзара байланыстылық- пен,заңдылықпен,құрылғы мен қондырғылармен жұмыс істеу принциптерімен,жүріп жатқан процестермен терең танысуларына мүмкіндік береді;Демонстрациялық эксперимент әртүрлі мақсаттарда жүргізіледі,мысалы,қандай да бір теориялық жағдайды меңгерудегі бастапқы этап ретінде көрсетілуі мүмкін (электролиттік диссо-циация сатысының жағдайға тәуелділігі),мұғалім «диссициация дәрежесі ерітіндінің концентра-циясына тәуелді ма?» деген сұраққа жауап сұрайды. Сонымен қосa мұғалім эксперименттің мақсатын дұрыс қоя білуі керек. Түсіндіру арқылы алынған нәтижелерді анализдеп,теория мен тәжірибелік нәтижелердің өзара байланыстылығын көрсету қажет. Химиялық эксперименттің функциясы Химиялық эксперимент әр түрлі функция атқарады. Химиялық эксперименттің эвристикалық функциясы а)деректерді; б) ұғымдарды және в) заңдылықтарды тағайындаудан көрінеді.а) мысал ретінде газ тәрізді сутегінің мыс(II) оксидімен әрекеттесуін келтіруге болады.Мүндай тәжірибе арқылы оқушылар сутектің белгілі бір жағдайда металл оксидтерімен әрееттесіп, оларды жай зат металдарға дейін тотықсыздандыратынын тағайындайды. б) Химиялық эксперимент ұғымдарды қалыптастыруда үлкен мүмкіндік жасайды. Мысалы «Оттегі» тақырыбын оқып үйрену кезінде мұғалім асқын тотықтың ыдырауы арқылы оттегінің алу әдісін көрсетеді. Ал, марганец тотығын пробиркаға енгізу арқылы асқын тотықтың тез ыдырауын көрсету арқылы, оқушыларға катализатор ұғымын бере алады. в) «Химиялық реакциялардың жүру заңдылығы тәжіприбесі арқылы реакция жылдамдығына әрекеттесетін заттар концентрациясын, жанасу ауданының әсерінт.б факторлардың әсер ету заңдылығын тағайындауға мүмкіндік туады. Химиялық эксперименттің түзетуші функциясы теорияялық материалды игерудегі қиыншылықты және оқушылардың қателігін түзете алу кезінде көрінеді. Оқушылар көбінесе мыс сым күкірт қышықылы,тұз қышқылдарымен әрекеттескенде сутегін бөледі деп есептейді, оны тәжірибе жасау арқылы бұл түсініктің қателігіне көз жеткіземіз. Химиялық эксперименттің қортынды-лаушы функциясы әр түрлі эмпирикалық қортындылардан алғышарт жасай отырып, жалпы қортынды жасауға мүмкіндік жасайды.Мысалы әр түрлі класстағы заттардың электролиттерге жататынын айтуға болады. Химиялық эксперименттің зерттеушілік функциясы мәселелік оқыту кезінде байқалады. Химиялық эксперимент түрлері Химияны оқытудағы химиялық эксперменттің маңызы өте зор. Негізінде химимялық эксперимент: демонстрациялық столда мұғалім жүргізетін- демонстрациялық экспериментке және оқушы оқушы өздігінен жүргізетін практикалық,зерханалық эксперименттік жұмыстар – оқу эксперименті болып бөлінеді. Сондай- ақ, эксперименттің тағы бір түрі ол- ойша эксперимент(мысленный эксперимент).Xимиялық оқу экспериментінің түрлері:• демонстрациялық эксперимент;• зертханалық тәжірибелер; зертханалық жұмыстар;•сарамандық жұмыстар;• эксперименттік практикум;• үй эксперименті.Жалпы ұсынылған оқу экспериментінің классификациясының логикалық негізі: оқушы мен мұғалімнің іскерлілік мүмкіндігі екені белгілі. Басқа да негізді алып қарастыруға да болады,мысалы көптеген эксперименттерді оның орындалу мақсатына қарай бөлу. Бұл жағдайда келесі эксперименттің түрлерін бөліп алуға болады:жаңа эмперикалық шамалар алуға негізделген эксперимент;жалпы қорытындыны нақтылайтын немесе көрсетуге негізделген эксперимент;қандай да бір эксперименттік тапсырманы орындауға негізделген арнайы эксперимент;оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеруге арналған эксперимент,тағы да басқалары.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!