Оқушылардың білімі мен біліктілігін жүйелі тексеру – оқу-тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі.



Оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы мұғалім өз ісіне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жіберген кемшіліктерінің себебін ашуға ұмтылады. Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдістеріне өзгерістер енгізеді, жетілдіреді.Жүйелі жүргізілген тексеру оқушыларды р сабаққа әзірленіп келуге машықтандырады, өз ісіне деген жауапкершілігін арттырады, жолдастарының алдында есеп беруге, өз ойын анық жэне дәл жеткізіп сөйлей білуге үйретеді.Білімі мен білігін күнделікті, тоқсандық жылдық және қорытынды тексеру арқылы оқушылар сыныптан сыныпқа көшіріледі, мектеп бітіру емтихандарында сыналады.Сонымен оқушылардың білімін, білігін тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, тэрбиелеу міндеттерін атқаруды қамтиды және дағдысын тексеру дидактикалық жағынан алганда бақылау, үйрету, бағдарлау жэне тәрбиелеу міндеттерін атқарады. Мұғалім оқытудың әр кезеңінде оқушылардың өтілген материалды қалай меңгергенін бақылайды. Бақылау нәтижесін талдау арқылы оқушыға бағыт-бағдар нұсқайды, білім алу жолындағы мақсатын орындауда қажырлы, адал жэне шыншыл болуға тэрбиелейді.Тексерудің үйрету міндеті дамылсыз жүзеге асады. Жаңа материалды түсіндіру үшін мұғалім оқушылардың бұрыннан білетіндерін есепке алады. Түсіндіріп болғаннан кейін жаңа материалдың негізгі мэселелерін оқушылардың қалай игергенін қадағалайды. Білімді тексеру кезінде оқушылардың еске сақтауын, қисынды ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамытуға, тірек хабарларын, сызба-нұсқалар сыздыру арқылы ой еңбегінің техникалық тэсілдерін қалыптастыруға, есептер шығару арқылы алған білімді қолдана білуге дағдыландырады.Бақылау, бағдарлау, үйрету жэне тэрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін білім мен білікті тексеруге бірнеше талап қойылады.Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтілген жеке тақырып бойынша әр оқушының білімі нақтылы анықталады.Тексеру жүйелі жэне жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Тексеру үшін қажетті дидактикалық жэне техникалық құралдар, тексеру әдістері мен түрлері материалдың мазмұнына сэйкес алдын ала әзірленеді.Тексерудің оқушыларды ынталандыратын, өз күшіне сенімін арттыратын сипаты болу керек. Оқушылар тексерудің қажеттігі мен иайдасын мойындайтын дэрежеге дейін көтеріліп, өзін-өзі бақылайтын, өз ісіне сын көзімен қарайтын күйге келуі тиіс. Ізгілік иен демократияландыру тұрғысыннан алғанда бұл аса маңызды талаптардың бірі.Тексерудің түрлері мен эдістері эр мұғалім жүзеге асыра ілатындай қарапайым жэне оңтайлы болуы керек. Сонымен бірге білімдітексеру мен бағалау кезінде ақиқаттан алыстамаудың, оділеттік пен парасаттылықтан айнымаудың тәрбиелік маңызы зор скенін айрықша айтпаса болмайды.Оқушылардың білімі мен білігін тексеру дидактикалық мақсаттарына қараи күнделікті, дүркінді жэне қорытынды тексеру деп жіктеледі. Күнделіктітексеруді жеке сабақтарда, дүркіндітексеруді бір тақырыпты өткен соң, қорытындытексеруді тоқсаның соңында, жыл аяғында жүзеге асырады. Бұлардың әрқайсысы өткізу немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сұрауға, жазба жұмыстарға және экпериментік тапсырмаларға бөлінеді. Бүлардың өзі одан әрі жекелеп сұрау, топтық сұрау және жапай сұрау, химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау жүмыстары, үзақ мерзімді бақылау жүмыстары, жазбаша үй тапсырмасы, жек-дара көрнекті көрсету, эксперимент, зертханалық жұмыс, сарамандық бақылау жүмыстары, үй эксперименті болып тамамдалады. Білім мен білікті тексеру құралдарына қарай машиналармен және машинасыз тексеру деп те жіктеледі, соңғысына жататындар: карточкалар, перфокарталар, сүрақтар тізбесі, билеттер, электрленген кестелер, кодепленкалар, диафилмдер, үлестірілетін заттар, құралдар, модельдер, сызбанүсқалар, т.б.Осы кездегі педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға және тексерілуге тиісті біліктер мен дағдыларды үш топқа біріктіруге болады. Біріншісі - оқу жүмысын үйымдастыруға байланысты біліктер мен дағдылар: жоспарлау, оқулықпен жұмыс істей білу; білімнің басқа құралдарын пайдалана білу; беретін жауабының жоспарын жасау; айтқанын дәлелдей білу, өзін-езі бақылау жэне талдау. Екіншісі -оқушылардың даму өрісін көрсететін қисынды біліктер мен дағдылар: анализ жэне синтез жасай білу; салыстыру; жіктеу; жалпылау; негізгісін таба білу; аналогия жасау; себеп-салдар байланысын ашу; жорамал жасай білу, оны дэлелдеу, қорытындысын шығару. Үшіншісі - еңбек істей білуге байланысты біліктер мен дағдылар: еңбек етуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалана білуі; реактивтермен жұмыс етуге білуі; сақтық шараларының орындауы; тәжірибе жасау техникасын меңгеруі; қүбылыстарды бақылай білуі; бақылауды тіркеп жазуга икемділігі; уақытты тиімді пайдалануы, жүмыс орнының тазалығы.Осы үш саладағы жалпы біліктер мен дағдылардың әрқайсысы химиялық материалды өткенде және химиядан тәжірибелер жасағанда қалыптасуы жэне тексерілуі тиіс.Тексерудің қай түрі болса да тиімділігі мен дайындылығына байланысты. Оның негізгі түрлері тақырыптық жоспарда көрсетіледі. Күнделікті, дүркінді жэне қорытынды сұраулар үшін карточкалар әзірленеді. Тексерудің кез келген түрін қолданғанда оқушылардың біліміне, білігіне жэне дағдысына қойылатын талаптар ескеріледі, олар қазіргі бағдарламада көрсетілген. Негізгі талаптарды химиялық теориялар мен заңдарын, деректі және өндірістік материалдарды игеру мэселелерінің төңірігіне топтастыруға болады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!