Химиядан білімді қорыту және жүйеге түсіру сабағының құрылымы және әдістемесі.



Химияны оқыту әрекетінің мақсаты және мазмұнымен таныстық.Оқыту әдістері дегеніміз− белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс−әрекеті мен оқушы іс−әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі. Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері «мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы». Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады: Оқытудың әдістері, құралдары, іс−әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған.Бұл тұрғыдан қарастырғанда «химияны оқыту әдістері химия ғылымының махмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз− мазмұнның ішкі қозғалысы». Оқытудың нәтижесін шығару−оқыту барысындағы аса маңызды бөлік.Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, әдістері және ұйымдастыру формаларының тиімділігі оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы анықталады. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы мұғалім өз ісіне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жіберген кемшіліктерінің себебін ашуға ұмтылады.Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдістеріне өзгерістер енгізеді, жетілдіреді.Білімі мен білікті күнделікті, тоқсандық жылдық және қорытынды тексеру арқылы оқушылар кластан класқа көшіріледі, мектеп бітіру емтихандарында сыналады.Ата−аналар балаларының үлгірімі жөнінде хабар алады.Әр оқушының жетістігі ата−анасының қуанышқа кенелтетін болса, кемістігі және артта қалуы дер кезінде шаралар қолдануға мүмкіндік жасайды.Тексерудің үйрету міндеті дамылсыз жүзеге асады.Жаңа материалды түсіндіру үшін мұғалім оқушылардың бұрыннан білетіндерін есепке алады.Түсіндіріп болғаннан кейін жаңа материалдың негізгі мәселелерін оқушылардың қалай игергенін қадағалайды Бақылау, бағдарлау, үйрету және тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін білім мен білікті тексеруге бірнеше талаптар қойылады.Текскру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек.Сонда өтілген және тақырып бойынша әр оқушының білімі нақтылы анықталады.Тексеру жүйелі және жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс.Тексеру үшін қажетті дидактикалық және техникалық құралдар, тексеру әдістері мен түрлері материалдың мазмұнына сәйкес алдын ала әзірленеді.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!