Білімді, біліктілікті және дағдыны тексерудің әдістері мен амалдары.



Білімі мен білігін күнделікті, тоқсандық жылдық және қорытынды тексеру арқылы оқушылар сыныптан сыныпқа көшіріледі, мектеп бітіру емтихандарында сыналады.Сонымен оқушылардың білімін, білігін тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, тәрбиелеу міндеттерін атқаруды қамтиды және дағдысын тексеру дидактикалық жағынан алганда бақылау, үйрету, бағдарлау жэне тәрбиелеу міндеттерін атқарады. Мұғалім оқытудың әр кезеңінде оқушылардың өтілген материалды қалай меңгергенін бақылайды. Бақылау нәтижесін талдау арқылы оқушыға бағыт-бағдар нұсқайды, білім алу жолындағы мақсатын орындауда қажырлы, адал жэне шыншыл болуға тәрбиелейді.Білімді тексеру кезінде оқушылардың еске сақтауын, қисынды ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамытуға, тірек хабарларын, сызба-нұсқалар сыздыру арқылы ой еңбегінің техникалық тәсілдерін қалыптастыруға, есептер шығару арқылы алған білімді қолдана білуге дағдыландырады.Бақылау, бағдарлау, үйрету жэне тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін білім мен білікті тексеруге бірнеше талап қойылады.Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтілген жеке тақырып бойынша әр оқушының білімі нақтылы анықталады.ексеру жүйелі жэне жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Тексеру үшін қажетті дидактикалық жэне техникалық құралдар, тексеру әдістері мен түрлері материалдың мазмұнына сэйкес алдын ала әзірленеді.Тексерудің оқушыларды ынталандыратын, өз күшіне сенімін арттыратын сипаты болу керек. Оқушылар тексерудің қажеттігі мен иайдасын мойындайтын дэрежеге дейін көтеріліп, өзін-өзі бақылайтын, өз ісіне сын көзімен қарайтын күйге келуі тиіс. Білімді тексеру мен бағалау кезінде ақиқаттан алыстамаудың, оділеттік пен парасаттылықтан айнымаудың тәрбиелік маңызы зор екенін айрықша айтпаса болмайды.Оқушылардың білімі мен білігін тексеру дидактикалық мақсаттарына қараи күнделікті, дүркінді жэне қорытынды тексеру деп жіктеледі. Күнделіктітексеруді жеке сабақтарда, дүркіндітексеруді бір тақырыпты өткен соң, қорытындытексеруді тоқсаның соңында, жыл аяғында жүзеге асырады. Бұлардың әрқайсысы өткізу немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сұрауға, жазба жұмыстарға және экпериментік тапсырмаларға бөлінеді. Бүлардың өзі одан әрі жекелеп сұрау, топтық сұрау және жапай сұрау, химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау жүмыстары, үзақ мерзімді бақылау жүмыстары, жазбаша үй тапсырмасы, жек-дара көрнекті көрсету, эксперимент, зертханалық жұмыс, сарамандық бақылау жүмыстары, үй эксперименті болып тамамдалады. Білім мен білікті тексеру құралдарына қарай машиналармен және машинасыз тексеру деп те жіктеледі, соңғысына жататындар: карточкалар, перфокарталар, сүрақтар тізбесі, билеттер, электрленген кестелер, кодепленкалар, диафилмдер, үлестірілетін заттар, құралдар, модельдер, сызбанүсқалар, т.б


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!