Маңызды химиялық ұғымдар және олардың мектеп химия курсындағы жүйесі.Ұғымдардың жіктелуі.



Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады жэне оқытылады: ғылымилыгы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы. Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сэйкес келіп, заттар мен қүбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек. Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сэйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, эсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді. Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге- кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне жэне ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дэрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп согады.Оқушылар химиялық қосылыс жэне қоспа ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер өтіледі. Осыған орай оңайлату үшін ерітінді ұғымына қосылыс деп те немесе қоспа деп те анықтама беру жөнінен химиялық қосылысқа (еріген зат жэне еріткіш бөлшектерінің өзара эрекетессуі), екіншілері бойынша қоспаға (құрамы тұрақсыз) ұқсайды. Саналылық және белсенділік негізі - оқыту барысында мү_ғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пэнге қызығуын жэне білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мәні мен магынасын түсінуі, солар арқылы белгіленген заттар мен қүбылыстарды елестете білуі керек. Мүның өзі оқушылар білімінің жаттанды жэне үстірт болмауын қамтамасыз етеді. Көрнекілік принципі - дидактикалнық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық эрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бүл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула қүрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанүсқаларын пайдаланады. Осының бэрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, эр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нэтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек. Ұгымдарды дамыту негіздері. Химия ғылымьшың, даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты, негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді. Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай қайталау міндет емес. Дегенмен, оқушылардың әзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағынасын біртіндеп ашып, дамытуға тура келеді. Мәселен, зат туралы ұғым мына сызбанұсқаға сәйкес дамытылады; физикалық дене=заттар элементтік құрамы=элементар бөлшектер=иондық құрамы=материяның бір түрі.Сызбанұсқаға қарағанда зат туралы алғашқы ұғым тәжірибе жүзінде бірнеше физикалық денелердің ортақ белгілерін табу арқылы қалыптасады


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!