Химияны оқып – үйренуде биология және химияның өзара байланысы.



Пәнаралық байланыс келесі оқу пәндерімен жүзеге асырылады: «Биология» пәнімен:1) микро, макроэлементтердің (металл және бейметалл) биологиялық маңызы;2) көмірсу, май, белок, амин қышқылдарының биологиялық және қоректік маңызы;3) гендер, тұқымқуалаушылық, ДНҚ мен РНҚ маңызы, гендік инженерия туралы түсінік;4) тірі ағзалардың химиялық құрамы;5) медицина, экология саласындағы биотехнология, биохимия жаңалықтары;Оттектің, атмосфералық ауаның, судың және сулы ерітінділердің тірі организмдер үшін биологиялық рөлі және оларды ластанудан қорғау;жасушадағы судың биологиялық рөлі;фотосинтез процесінің маңызы;тірі организмдердегі микро- және макроэлементтердің маңызы;жүйелердегі бейорганикалық және органикалық заттардың маңызы;тұрмыста химиялық заттарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.

17. Химия сабағында оқушылардың өзіндік және танымдық іс-әрекеттерін белсендіру. Оқушылардың бойында кездесетін таным қабілеттері- білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнелеуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс. Ол оқушылардың сыртқы дағды мен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу, оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Оқушылардың танымдық белсенділігін өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістерімен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқушының өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерінің қалыптасуына оқу танымдық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор. Танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты, талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау кезеңдермен жүзеге асады: 1) өзекті мәселені табу.

2(Мақсаты мен міндеттерін анықтау.

3(зерттеу әдісі амалдарын белгілеу.

4(гипотеза құру.

5) гипотезаны тексеру.

6)нәтижелі, іс әрекет рефлексиясы. Жоғары сынып оқушыларының химия пәнін оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!