Оқушылардың сабақтан тыс жеке жұмыстарының формалары.



Сыныптан тыс топтық жұмыстардың ең маңыздысы -химиялық үйірмелер.

Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстар әр салалы үйірме ұйымдастырудан басталады.Ол жүйелі түрде жүргізіледі,еркімен келген оқушылар құрамының тұрақтылығы,олардың жұмысын біріктіретін жалпы таұырыбының болуы химия үйірмесінің ерекшеләктеріне жатады.Үйірме жұмыстары сыныптар бойынша ұйымдастырылады.1970 жылы жеке сыныптарда химиядан жүргізілетін үйірме жұмыстарының шамамен алынған бағдарламасы ұсынылды.Онда зертханалық техниканыңнегіздері,препараттар,әзірлеу,электрохимия,химиялық технология,геохимия,органикалық химия,аналитикалық химия үйірмелерінің тақырыптары бағдарламасы берілген,әдебиеттердің тізімі көрсетілген.Бұл құжат бағыт-бағдар беру үшін ғана жарияланады,үйірме жұмыстарының факультативтерден айырмасы олардың мазмұны бағдарлама арқылы қатаң шектелмейді,оқушылардың дара ерекшеліктерін икемділіктерін ескеріп жүргізіледі.

Бір үйірмеге қатысатын оқушылар саны 10-12 -ден аспайды.Бірінші жылы (8 сынып) оқушылар зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасын сақтау шараларымен толығырақ танысады.Заттарды тазарту,ерітінділер дайындау,химия зертханасына қажетті кейбір заттарды алумен шұғылданады,сарамандық біліктер мен дағдыларды игереді.Химияның тұрмыста қолданылуына байланысты тәжірибелер жасайды,киімдегі дақты ыдысқа жұққан кір мен жабысқан қақты кетіру жолдарымен танысады.

Химияның тарихымен шұғылданатын үйірменің мүшелері химиялық элементтердің ашылу тарихымен, көрнекті ғалымдардың өмірі және еңбегімен танысады,музейлерге,көрмелерге,өндіріс орындарына топ серуенге барады.

Аналитикалық химия үйірмесінде судың,ауаның,миниралдардың және ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрамына химиялық анализ жасалады.

Агрохимия үйірмесінде топырақтың құрамын,қасиеттерін,өсімдіктерге де қажетті қоректік заттарды зерттейді.Минералды тыңайтқыштардың құрамы,қасиеттері, қолданылу тәсілдері және нормаларымен танысады.Өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын заттардың пайдасы мен зиянын анықтайды.Агрохимиялық анализдер және тәжірибелер жүргізеді. Электрохимия үйірмесінде химияның осы маңызды саласының шығу тарихын,электролиз әректінде,гальваникалық элементер және металдар коррозиясы кезінде жүзеге асатын әрекеттерді тәжірибе жүзінде зерттейді.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!