Сабақтан тыс топтық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.



Кластан тыс ұйымдастыру формаларының бүкіл әр алуандығынан мыналарды бөліп алуға болады.1)жеке дара сабақтар 2)звенолық 3)үйірмелік 4)оқушылардың химиялық қоғамдар 5)химиялық олимпиадалар 6) химия кештері.

Жеке дара сабақтар. Оқушыларды кластан тыс жүмысқа тарту әдістерінің бірі жекелеген оқушыларға олардың теориялық және практикалық жұмыстарды орындауымен байланысты тапсырмалар беру болып табылады,ғалым-химиктің өмірі мен қызметі туралы,қандай да бір химиялық элементтің ашылуы туралы баяндама жасау немесе қарапайым прибор ддайындау,қайсы бір затты алу және т.б.Егер оқушыларды пәнге деген ықылай күшейе бастаса,онда оларға болашақ кластан тыс сабақтардың программасы бойынша тапсырма беруге болады.

Звенолармен жұмыс. Кластан тыс сабақтарды ұйымдастырудың неғүрлым қарапайым және кең тараған формасы бір тақырыпқа және бір жоспар бойынша бірігіп жұмыс жасау ұшін оқушыларды екі-үш адаммен біріктіру болып табылады.Мүндай жұмыс звеносы мұғаліммен тақырып және практикалық сабақтарға теориялық жағынан қалай дайындалу керектігі оларды қалай жасап есептерді қалай беру керектігі және т.б.жөнінде нұсқаулар алады.Алынған заттар үлгілері дайындалған приборлар таблицалар плакаттармен жақсы жазылған есептер жұрттың бәрі көру үшін химия кабинетіне ілінуге тиіс.Кластан тыс жұмысты бұлай ұйымдастырған кезде мұғалім оқушылардың практикалық және теориялық сабақтарына басшылық жасап қана қоймай сонымен бірге кейде лаборанттың және топ ұйымдастырушысының санын шектейді.Оның үстіне оқушылар коллективпен жұмыс істеуге үйренбейді.Сондықтан химия үйірмелерін немесе жас химиктерді қоғамын ұйымдастыру ұсынылады.

Химия үйірмелері. Химияда оқытуда артта қалушылықты жою мақсатында бір кластың оқушыларын біріктірудің де мектеп тәжірибесінде үйірмелер деп атайды.Мұндай сабақтар класстан тыс деп аталмайды.Бұл оқу жұмысын сабақтан тыс уақытта ауыстыру.Үйірмелерде оқушылар кластан тыс жұмысты өз еркімен ерекше программа бойыншаолардың мүдделеріне сай жүргізеді.Методикасы азды-көпті талдап жасаоған әдеттегі лабараториялық сабақтарды жүргізуден үйірмелердің дербес жұмысын басқару едәуір күрделірек екенін ескерген жөн.

Мұғалім үйірме мүшелерінің жұмысына басшылық жасау қызметін қзіне қалдыра отырып,әрине сонымен қатар үйірмені бүтіндей және әрбір мүшесінің жеке іс-әрекетіне жауап береді.Ол үйірме мүшелерінің химиядан дайындығы және олардың ықыласын есепке ала отырып мектептің химия лабораториясын жабдықталуына сәйкес үйірме жұмысының тақырыптарын белгілейді.Егер үйірме мүшелерінің біреуі өз берімен тақырып таңдап қиналған күнде лоарға тақырып ұсынылады.

Жас химиктер қоғамы. Кластан тыс сабақтардың қызықты ұйымдастыру формасы жас химиктер қоғамы болып табылады. Әсіресе кластан тыс жұмыс кең қанат жайған мектептерде оны,ерекше ұйымдастыруға қажеттілік практикадан туындайды және кейде ешқандай атқа ие болмай ақ мұндай қоғамдар өмір сүре береді. Препараторлар монтаждық конструкторлық,фотографиялық,кітапхана,агрохимиялық секциялардың бөлініп шығуы өзінен-өзі жүзеге асты. Сырттай қарағанда ұйымдастыру ісінен шетте қалған ғылыми жетекші әрі консультант рөлімен шектелген сияқты көрінетін мұғалім үшін мұндай мөлшердегі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру үлкен қиындық тудырады;шынында оның қырағы көзі барлығын көріп отыруға тиіс және оның басшылығы барлық жерде сезіліп тұруы керек.

Химиялық олимпиадалар. Москва унверситетінің химия факультеті Д.И.Менделеев атындағы Москва химиялық технология институты,Москвадағы мұғалімдердің білім көтеру институты бірнеше жыл қатарынан химиядан олимпиадалар ұйымдастырып келеді.Бұл оқушылардың химияға ықыласын тудыру,олардың арасынан химиядан дарындыларын және дайындықтары күштілерін анықтайтын көпшілік шаралар.

Химия кештері. Мектептегі химия кештері,олимпиадалар сияқты көптеген оқушыларды тартады,олардың ғылыми ой-өрісін кеңейтіп,химияға қызығуын арттырады.Бұл кештерде ұлы орыс химиктерінің өмірі мен қызметі кеңінен әрі көркем көрсетіледі.Қазіргі химия жетістіктері насихатталады, ғылыми-атеистік насихат іске асырылады.Мұндай кештерді ұйымдастырғанда, олар тек қана қызықты болып қоймай, сондай-ақ белгілі бір мақсатқа бағытталуға тиіс екенін есте сақтау қажет.Мұғалімнің басшылығы өткізілетін мектептегі химия кештері әр түрлі хабарлар мен баяндамаларды тәжірибелерді оқушылардың өздері жасайтындай етіп ұйымдастырылуы қажет.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!