Химиядан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері және формалары.



Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы жэне т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - сабақ. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта (оқыту барысы - ұйымдастыру формалары - сабақ) тұрғанымен өзі күрделі дидактикалық жүйе кұрайды. Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір бөлігі (кесіндісі) деп есептейді. Химиядан сабақ беру эдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);теориялық білім мен білікті жетілдіру жэне қолдану;білімді қорыту жэне жүйеге түсіру;бақылау-есепке алу;аралас сабақтар.Өзге әдістемелерде сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған. 1-тип. Жаңа материалды оқып үйрену сабактары. Негізгі дидактикалық буыны - оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.2-тип. Оқушылардың білімімен білігін жетілдіру сабақтары. Бұған оқушылардың алған білімін қайталау жэне бекіту, қорытындылау жэне жүйеге түсіру сабақтары кіреді.3-тип. Оқушылардың білімін жте білігін тексеру, есепке алу жэне багалау сабақтары Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары (г, д) жүзеге асады. Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С.Г. Шаповаленко жаңа білім, білік жэне дағды калыптастыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді. Олар: 1) оқушыларды түгендеу;2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз эдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру; 3) үйге тапсырма; 4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру және бекіту (сұрау, есеп шығару). Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстарымен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу, конференция, шолу дэрістерінің сабақатры алты бөліктен тұрады. Мысалы, дәріс сабағының бөліктері: 1) оқушыларды түгендеу; 2) үй тапсырмасын тексеру; 3) мұгалімнің дэрісі; 4) үйге тапсырма; 5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; 6) мұғалімнің сұрауы.Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар: 1)оқушыларды түгендеу2) өздігінен істейтін жұмыстарға мұғалімнің түсінік беруі; 3) окушылардың тәжірибелер жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер мен жабықтардың тізімін жасау; 4) жұмыс орнын эзірлеу; 5) тәжірибелерді жасау жэне есеп жазу; 6) жұмыс орнын тәртіпке келтіру және өткізу.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!