Азіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар. Химия сабақтарының жіктелуі.



Қазіргі әдістемеде әр түрлі типі және құрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді:1. Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттарын нақтылы айқындау;2.Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай, бағдарлама жэне оқушыларға сэйкес таңдап, химия ғылымының соңғы жаңалықтарымен толықтыру;3.Сабақта өтілетін оқу материалын өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыстың сарамандығымен тығыз ұштастыру жэне кәсіптік бағдар беретін деректерді енгізу;4.Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру.Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын табуына, табиғаты аялау, ізеттілік, басқа да адамгершілік қасиеттердің орнығуына жәрдемдеседі;5.Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл ойын дамыту;6.Пәнаралық байланысты жүзеге асыру;7.Сабақтың әр бөлігін тиімді өткізетін эдістерді таңдап алу, олардың дидактикалық, мақсаттарға жэне оқу материалының мазмұнына сай келуін қамтамасыз ету;8.Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының үлесін артыру. Оқушылардың жаппай, топтық және жеке істейтін жұмыстарының ара-қатынасын дәл анықтап, тиімді ұйымдастыру;9.Сабақтың құрылымын дұрыс таңдап, әр бөліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру, уақытты ұтымды пайдалану;10.Оқушылардың жаңа материалды игеруін, негізінен, сабақта жүзеге асыру, тапсырмасын барынша ыңғайлату, жұмысбастылықты болдырмау;11.Сабақта оқушылардың байыпты,ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Химия сабактарының жіктелуі. Химияны оқыту эдістемесінің оқулықтары мен оқу құралдарында химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі. Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық міндеттері, оқыту эдістері, материалдық мазмұны, оқушының таным эрекетінің тэсілдері алынады.Химиядан сабақ беру эдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);теориялық білім мен білікті жетілдіру жэне қолдану;білімді қорыту жэне жүйеге түсіру;бақылау-есепке алу;аралас сабақтар

Зертханалық және сарамандық сабақтар және олардың негіздік типтері. Оларды өңдеуге және орындауға қойылатын талаптар.

Талап бойынша, көпшілік мектептерде мұғалімдердің көбі демонстрациялық экспериментті тек бір рет қана көрсетеді. Кейбір, сирек жағдайларда ғана оқушы эксперименттерін қайта жүргізеді. Сондықтан оқушылар эксперименттің жүру барысын ұмытып, одан шығатын нәтижелерді де естен шығарып жатады. әсіресе жиі ұмытылатындары біртекті, төмен дәрежеде көрсетілімдегі қарапайым эксперименттер. Сонықтан мұндай эксперименттерді қайталап отырған жөн.Кейбір мұғалімдер оқушылардың экспериментті ұмытуларын – «демонстрациялық эксперимент материалдың жетік меңгерілуіне толықтай мүмкіндік бере алмайды, ол үшін оқушыларға арнайы өздік практикалық жұмыстар ұйымдастыру керек...» деп түсіндіреді.бірақ, басты себеп мұнда емес, бір ғана рет қойылған басқалардан сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленбейтін тәжірибелерден оның мазмұнын терей игере алмайды. Сеченов И. М. айтқандай: «қандай да бір зат жиі кездесетін болса, соғұрлым оны жан жақты тану, елестету мүкіншілігі жоғары болады.»С. Т. Карапивин: «егер мұғалім оқушылардың қандай да бір экспериментті ұмытқандырын байқаса. Ол сол мезетте – ақ экспериментті қайталауы кажет» екенін айтқан.Барлық айтылғандар келесідей қорытындыға әкеледі: мұғалім демонстрациялық экспериментті қайталай отырып оқушылардың біліктілігін қайта жаңғыртып, толықтырып отыруы керек. Экспериментті қайталауды өздік талқылауларда, емтиханға дайындық кездерінде оқушылардың өздеріне орындатуға болады. бұл айтылғандар тек эксперименттік тәжірибелерге ғана емес, сонымен қоса приборлар мен заттарға, модельдерге де қатысты. Зертханалық тәжірибелер- мұғалімнің тікелей жетекшілігімен оқушылардың орындайтын эксперименті.Зертханалық тәжіріибелер әдетте жекеленген, ол химиялық нысанның бір жақтарын қарастырып, оқытуға арналған. Зертханалық жұмыстар бірнеше зертханалық тәжірибелердің жиынтығынан тұрады, химиялық нысанның бірнеше жағын, үрдістерді қарастыруға мүмкіндік береді. Зертханалық жұмыстармұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылардың әр түрлі құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жұмыс жасауын көздейді. Уақыты 5-10 тен 40-45 мин уақыт алады. Зертханалық сабақта оқушылар әдетте жұмысты тапсырма немесе оқулық бойынша емес мұғалімнің дауыстап айтуы бойынша орындайды. Сарамандық жұмыстар Сарамандық сабақта оқушылар өздеріне көрсетілген нұсқау бойынша зерханалық жұмыстарды өздігімен орындайды, әдетте бұл бөлек тақырып немесе үлкен бөлімді өткеннен кейін, әрине мұғалімнің қадағалуымен орындалатын эксперимент түрі. Бір сөзбен айтқанда- сарамандық жұмыстың идеалды формасы негізінде бұл келесідей түрлі өзгерістерге ұшырайды: жұмыс жеке емес, оқушылардың ұжымдасқан тобы болып атқарылады, бұл жағдайда топта оқушы саны қаншалықты аз болса, соншалықты олрға көп тапсырма беріледі. жұмыс бірнеше тақырыпты өткеннен кейін орындалады. Мысалы, тоқсан соңында. Профессор В. Н. Верховский оқушылардың аралас экспериментін ұсынды. Мұндай эксперименттің негізінде. кейбір қиын, әрі қауіпті тәжірибелер кезінде тәжірибе тек мұғаліммен ғана орындалып, тәжірибе соңында бастапқы зат пен эксперимент нәтижесі оқушыларға көсетіледі. Верховский бойынша бұндай эксперименттің басты мақсаты – экспериментті мүмкін болатын жеңіл жағына жақындату, оқушыларға құбылыстарды жан жақты бақылауға, көруге, иісін сезуге, және соңында бақылағандары бойынша қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Эксперименттік практикум оқушылардың өздігімен орындайтын жұмыс түрі, негізінен жоғары сынып оқушыларымен орындалады,Эксперименттік практикум әдетте үлкен тарау бітекен соң орындалады және жалпылау, қортындылау сипатында болады.Мұндай практикум оқушылардың білім, біліктерін қортындылау дағдысын қалыптастырады. Үй эксперименті – Бұл оқушылардың үйде орындалатын тәжірибелері, ол оқушылардың таным қызығушылығына және қажеттіліктеріне ықпал етеді, сонымен қатар олардың шығармашылық әрекеттерін дамытуға ықпал етеді.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!