Химия курсының білім, тәрбие және дамыта оқыту мүмкіндіктерінің сипаты.



Химияны оқыту әрекетінің мақсаты және мазмұнымен таныстық. «Оқыту әдісі» ұғымын анықтау үшін оқыту әрекетінің 1-сызбанұсқада көрсетілген басқа да бөліктерін еске түсірейік, олар: мұғалімнің іс-әрекеті және оқушының іс-әрекеті, оқыту құралдары, оқыту нәтижесі.Әдістің мәнін ашу үшін ең алдымен оқутыдын мақсатын және мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ескереді. оқыту әдістері дегеніміз – «белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқышу іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі».Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері «мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы».Оқутыдын мақсатын, мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады. Оқытудың әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда «химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз – мазмұнның ішкі қозғалысы».Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз – белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалары деген анықтамаға келеміз.Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп, білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері көзделеді. Әдіс - іс-эрекетті жүзеге асырудың бір жолы. Әдіс терминінің мағынасы өте кең. Ол кез-келген адамның сарамандық және теориялық іс-эрекетінде белгілі бір мақсатқа жетудің қажетті мүмкіндіктерін игеруінің тэсілі. Оқыту әдісін тек оқытушының ғана іс әрекеті, немесе соның ғана қызметі деп түсінуге болмайды. Ол оқушы мен мұғалімнің бірігіп, мақсатқа жету жолындағы ізденісі, іс -әрекеті болып табылады.Әдістің мәнін ашу үшін ең алдымен оқытудың мақсатын жэне мұгалім мен оқушының іс-әрекетін ескереді Оқыту эдістері дегеніміз-белгіленген оқу мақсатына жету үшін мүғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мүғалімнің оқушыларын білім жэне білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы.Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады Оның әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз - мазмұнның ішкі қозғалысы.Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайданылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз - белгіленген мақсатқа сэйкес анықталған мазмүнды игеру үшін мүғалім мен оқушы іс-эрекетінің үйлесу формулалары (тәсілдері) деген анықтамаға келеміз.Химияны оқыту эдістері ғылыми зерттеу әдістерімен үштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып, білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады. Оқыту әдістерінің жіктелуі. Оқыту әрекетінің бір белігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы жэне жеке әдістер болып жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме -иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тармадалады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз - көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.1.Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру - жалпы әдістің сөз әдістері тобына мына жеке эдістер жатады: а) баяндау (дәріс, әңгіме); ә) әңгімелесу; б) текспен өздігінен жұмыс.Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру әдісі - мұгалімнің екі негізгі іс - әрекетін жаңа білімді баяндап түсіндіруін көрсетеді. Мұғалімнің оқу материалын баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық жэне көрсетілімді пайымдау тәсілі. Бұл әдіс негізінен үш топқа бөлінеді. 1- Сөз - көрнекі эдістер тобына жататын жеке эдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; э) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу; б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс. 2- Сөз - көрнекі - сарамандық әдістер тобына:) оқушылардың үлестіріп берілген материалдармен жұмысы; ә) химиялық тәжірбиелер орындау;б) құралдар құрастыру, модельдер жасау; в) жазбаша жэне графикалық жұмыстар орындау жатады.Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің мынандай әдістері бар.1. Сөз әдістер тобы: а) әңгімелесу (дискуссия, семинар), ә) текспен өздігінен жұмыс. 2. Сөз - көрнекі әдістер тобы: а) көрнекі кұралдарды пайдаланып, эвристикалық әңгімелесу; э) көрнекі құралдар және текспен өздігінен жұмыс. 3. Сөз - көрнекі -сарамандық эдістер тобы жеке эдістерінің тізбесі осының алдыңдағыға ұқсас, одан айырмасы оқушылардың таным әрекеті эвристикалық сипатта болады.Зерттеу жалпы әдісінің сөз әдісі: оқу және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы; сөз-көрнекі әдісі: әдебиеттермен жэне көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс; сөз көрнекі-сарамандық әдістер тізбесі сөз әдістеріндегідей, бірақ оқушылардың іс-әрекеті зерттеуге, субъективті жаңалық ашуға бағытталған.Оқыту әдістерін жалпы логикалық жағынан алғанда индукция жэне дедукция, аналогия деп жіктейді.Химия ғылымының зерттеу эдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту әдістерін бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық түсіндіру, теориялық болжаулар әдістері деп жіктейді.Қазіргі таңда жалпы мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет - ұлттық менталитеті жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы бағытта жоғары мектепте берілетін ғылымның теориялық жэне эдістемелік негіздерінің, яғни сабақ түрлері мен оның сапасын арттыру жөнінде түрлі жұмыстар жүргізілуде. Соның негізінде жалпы жаратылыстану пәндерінің ішінде химия ғылымы жоғары мектептегі оқытылатын негізгі пән болып табылады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!