Мектеп химия курсын құрудың ұстанымдары.



жаратылыстану ғылымы білім беру жүйесінде химия оқу пәнінің маңызы әлемнің ғылыми көрінісін қалыптастырудағы, адамзаттың жаһандық проблемаларды шешудегі, табиғат заңдарын танып білудегі рөлімен анықталады. Оқу пәні ретінде химия оқушыларды күнделікті өмірге, өндірістік іс-әрекеттерге, білім алуды жалғастыруға, қоршаған ортада өзін дұрыс ұстауға қажетті химиялық білімдермен қаруландыруға міндетті. Жалпы білім беруді жетілдірудің басым міндеті оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, маңызды құзыреттіліктерін қалыптастыруды да талап ететін білім берудің қазіргі жаңа сапасы мен тиімділігіне қол жеткізуболып табылады. Химиялық білім берудің мазмұнын жүзеге асыру келесі қағидаларға негізделеді: 1- химиялық білім беруді ізгілендіру, оқытудың экологиялық бағыттылығын, оның тәрбиелеу және әлеуметтендіру әлеуетін күшейту; 2- химиялық білім берудің мазмұнының тұтастығы, жаратылыстану ғылымы саласына жататын басқа пәндермен мазмұндық сабақтастығы ;3- оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, мультимедиялық және цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылығын және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту; 4- оқытуды саралап жіктеу және жекелеу, бағдарлы оқыту жүйесінде оқушылардың жеке білім алу траекторияларын қалыптастыру; 5- химиялық білім беру мазмұнының тәжірибелік және қолданбалы бағыттылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту; 6- іргелі білімдердің ғылымилық, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік дидактикалық қағидалары мен тәжірибелік-бейімделген және қолданбалы аспектілермен тиімді арақатынасын сақтау. 8-9-сыныптарда химияны оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстануғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, химиялық технология саласында жүйелі-шығармашылықпен ойлау және тәжірибелік қабілеті бар, сондай-ақ қоршаған жанды және жансыз табиғатқа экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты функционалды сауатты және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Оқыту міндеттері: 1- әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану; 2- заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау; 3- химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;4-заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру; 5- заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту; 6- адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу; 7- өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру; 8- мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту; 9- негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту. Химиялық білімнің мазмұны инвариантты және вариативті бөліктерден тұрады. Инвариантты бөлік «Химия» оқу пәнінің базалық мазмұнына сәйкес келеді. Мазмұнның инвариантты өзегі жанды және жансыз табиғаттың құбылыстарын түсіндіруге қажетті негізгі химиялық ұғымдар, заңдар, теориялар, фактілерден тұрады. Вариативтік құраушысы адамгершілік, тарихи-дүниетанымдық, эстетикалық, өнер танушылық, қолданбалы, экологиялық, аймақтық компоненттерді жүзеге асырушы химияның мектеп курсы мазмұнының гуманитарлық аспектісін көрсетеді. Химия пәні бойынша дамытушы білім беру үдерісі, оқушылардың қоршаған әлем туралы базалық жаратылыстануғылыми білімдерінің дамуын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жетілуіндегі химиялық ғылым мен технологияның рөлін түсінуін және оқу мен практикалық іс-әрекетте химиялық білімдерін қолдану бойынша функционалдық сауаттылығының дамуын, біртұтас экология-гуманистік дүниетанымға тәрбиелеуін қамтамасыз етуі тиіс. Химия пәнінен білім беру үрдісін ұйымдастыруда төмендегі әдістемелік тәсілдерді қолданған тиімді:1-оқытуға жүйелік іс-әрекеттік, практикаға бейімделген тәсілдер басымдылығы; 2-химиялық эксперименттің, жобалау-зерттеу іс-әрекеттерінің рөлі мен орнын күшейту; 3-қазақстандық және аймақтық компоненттерін кеңейту; 4-оқу әрекетінің репродукциялық түрлерінен дербес іс-әрекет жасауға, іздеу-зертеушілік жұмыс түрлеріне, аналитикалық әрекеттерге басымдық беру, осыған байланысты оқушылардың бойында аналитикалық қабілеттер, түйінді құзыреттіліктер қалыптастыру ерекше көңіл бөлу; 5-оқытудың интерактивті түрлерін, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Химия пәні бойынша оқу үдерісі «Кабинет паспорты», «Техника қауіпсіздігі ережелері», «Техника қауіпсіздігі журналы», қышқылдар, сілтілер, органикалық заттар, жылыту құралдары, шынылармен жұмыс істеуге арналған нұсқаулық карточкалар, сонымен қатар химиялық реактивтер (сақталу тобы бойынша), зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар және басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады. «Прекурстар тізбесіне» (калий перманганаты, күкірт және тұз қышқылдары және т.б.) енетін заттарды қолдануға тыйым салынады. Химия бойынша жазбаша орындалатын үйрету мақсатындағы жұмыс түрлеріне тапсырмалар, тестер, есептер, презентациялар, конспект- жоспарлар, тірек сызбалар, талдамалық және қорытындылаушы кестелер, зертханалық тәжірибелер, практикалық және бақылау жұмыстары жатады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!