Орта білім беру және оның манызды бөліктері.



Орта Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.. Жалпы орта білім беру 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз. Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді.Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi.Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.Білім беру мазмұны — оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі. Білім мазмұнының түрлері:• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары; белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;•ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер; •әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;•Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;•қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!