Химияны оқыту әдістемесі пәні және оның ғылыми негізі.



Қазірге дейін химияны оқыту әдістемесі - ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да химия пәні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына химияны оқыту әдістемесінің курсы енгізілді.Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия - заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс-әрекетіне басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.Келесі мәселе - «қалай оқиды?» - деген сұрақтың жауабына келсек,ол оқушылардың іс-әрекеті бойынша анықталады. Химияны оқыту әдістемесіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беруге болады? Бұл әлі күнге дейін толық шешімін таппаған мәселелердің бірі болып саналады. Кейбір оқу құралдарында мынадай анықтама берілген: бұл - жасөспірімдерге химия ғылымын үйретудің қоғамдық әрекеті және оларды білім алуға тәрбиелеп, дамыту, мектептегі химия курсының мазмұнын оқушыларға игерту заңдылықтары туралы педагогикалық ғылым.Химияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалын оқытуы мен оқушылардың химиялық білімді саналы меңгеруін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту эдістері мен құралдарын айқындап береді.Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін тәрбие жұмысымен тығыз бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн-мақсатын,оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс-әрекетін бір-бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады.Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі - сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика жэне әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұргыдан қарастырганда оқыту дегеніміз -жасөспірімнің бойына ұжымдъқ тәжірибесін, Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным эрекеті) бірлігі әдістемелік тұргыдан алғанда оқыту - нақтылы оку пэнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ берумен оқудың бірлігі. Оқыту әрекетіне «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқу пәні», «оқушы-оқушы» қатысады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады.Жеке оқу пәндерінің мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат – әржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруга қабілетті кісіні тәрбиелеу. Бұл, мақсатқа жету үшін мектеп жасөспірімдерді табиғат, қоғам, адам жэне оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әржақты дамыту мақсаттары да қойылады. Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалық, адамгершілік, еңбек жэне т.б. тәрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну жэне ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.Бұл мақсаттар химияны оқыту барысында одан әрі салаланып жүзеге асады, олар:1-Химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуға әзірлеу, политехникалық дайындық беру;2-Химия зертханасында, өндірісте, табиғатта жэне күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылауға жэне түсіндіре білуге үйрету;3-Химиядан алған білімді басқа пэндерден алған біліммен байланыстырып, табиғат туралы ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру;4-Заттармен, құралдармен, кернекі қүралдармен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын игерту;5-Білім, білік және дағдыны оқу барысында, өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйрету;6-Оқушыларды білім мен білік алу инициативасына, дербестікке жэне табандылыққа тәрбиелеу;7-Оқушылардың химияға құштарлығын және қабілетін дамыту, кәсіптік бағдар беру.Химия пәнінің мақсаттары әр сыныптың химия курсында, олардың жеке тақырыптарында, тақырыптар бойынша өткізілетін сабақтарда нақтыланады.

Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері Оқытудың мақсаты дегеніміз - жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады жэне химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жоніндегі білім; химиялық өндіріс туралы білім.Химиядан орта білім берудің міндеттері - химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету;пәнаралық байланысты жүзеге асыру;орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу;химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу;орта мектепте оқылатын теориялардың мазмұнын, деңгейін жэне орнын негіздеу;табиғатты аялай білуге баулу; оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру;оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту; химиялық әдебиеттермен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сөйлей білуге, өз ойын анық, дәл, жүйелі және дәлелді жеткізе білуге үйрету;


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!