Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу принциптері.



Дәріс жоспары:

1. Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің түсінігі және маңызы.

2. Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің жүйесі.

Негізгі ұғымдар: принцип, жариялылық жүйесі, презумпция.

Принцип сөзі латын «Принципум» -негіз, түпкі бастама мағынасын білдіреді.

Қылмыстық іс жүргізу принциптері дегеніміз- қылмыстық іс жүргізудің құрылымын анықтап, оның алдында тұрған мақсаттарын орындауға негізделген және құқықтық нормада бекітілген құқықтық қағидалар. Принциптер әрқашанда алғашқы құқықтық норманы құрайды, соған сәйкес жекелеген нормалар құралып, олар принциптің мазмұнын негіздейді. Принциптер бекітілуіне байланысты міндетті түрде орындалуын көздеп, өз құзыретін білдіреді. Бұл іс жүргізетін мемлекеттік органдардың осы принциптер негізінде әрекет жасап, одан ауытқуына болмайтынығын білдіреді. Қылмыстық процессуалдық принциптердің көбісі ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Конституциялық принциптер қылмыстық іс жүргізудің барысында көрініс табады. Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің маңызы (9 бап):

1) Принциптер іс жүргізудің мәнін көрсетіп белгілейді; 2) Принциптер құқықтық нормалардың жалпы жүйесін құрып, қылмыстық іс жүргізу заңының негізін қалайды; 3) Заңда белгіленген пртнциптерді бұзу, іс бойынша қабылданған шешімдерді заңсыз деп тануға негіз болады; 4) Принциптерді бұзу нәтижсінде алынған деректер дәлелдеу күшін жояды және жарамсыз б.т.

Қылмыстық іс жүргізу принциптерін екі топқа бөлуге болады: 1 ҚР-ның Конституциясында бекітілген принциптер. 2 Конституцияда көрініс таппаған принциптер. Барлық принциптер бір-бірімен тығыз байланысты болып, қылмыстық процестің міндеттерінің орындалуына біркелкі әсер етеді.

Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің жүйесі. Жүйелері:

1. Заңдылық принципі (ҚР Конституциясы 4 б, ҚІЖК 10 б)- жалпы құқықтық принцип. Ол анықтау тергеу органдарының, прокурор мен соттың басқа да іске қатысушылардың заңды дәл және бұлтартпай орындауын талап етеді.

2. Адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі (ҚР Конституциясында 14б, ҚІЖК 21 б) Бұл принцип қылмыстық іс жүргізудің барлық сатысына тән.

3. Адамның жеке басына тиіспеушілік принципі (ҚР Конституциясы 16б,ҚІЖК 14 б).

1) Сезікті ретінде ұсталғанда тек 132 бапта крсетілген негіздер бойынша жол беріледі. Сезікті ретінде ұстаудың мерзімі 72 сағатпен шектелген. 2) Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға тек 139, 150 баптарда көрсетілген негіздерге сай жол беріледі. Қамауға алуға болады тек прокурордың санкциясымен, не соттың шешімімен. Алдын ала тергеуде қамауға алудың ең шеткі мерзімі 1 жыл (12 ай). Бұл уақыт өтісімен міндетті түрде босатылуы тиіс. 3) Қамауға алынбаған адамдарды сот психиаторлық сараптамасын жүргізу үшін, медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға тек соттың шешімімен ғана жол беріледі. 4) Қамауға алынбаған адамдарға қатысты сот медициналық сараптамасын жүргізу үшін, медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға не прокурордың санкциясы, не соттың шешімімен ғана жол беріледі. 5) Процеске қатысушылардың еш қайсысына күш қолдануға, қатал әрекет жасуға болмайды. 6) Ешкімді де адамдардың өміріне не денсаулығына қауіп туғызатын іс әрекеттерге қатыстыруға болмайды.

4. Адамның жеке өмірінің құпиясын қорғау принципі. (ҚР Конституциясы 18 б, ҚІЖК 16 б). 1) Адамның жеке өмірі, отбасылық құпиясы заңмен қорғалады. Қажет болған жағдайда тергеуші адамның өмірінің мәліметтерін жарияламау мақсаттарында тергеу әрекеттеріне қатысудан қолхат алуы мүмкін. Ал кеңес Одағы кезінде сот отырысы жасырын түрде өткізілуі мүмкін еді. 2) Әркімнің жеке салымдарымен жинаған қаражаттарының, жазған хаттарының, телефон сөйлесімдерінің, почта-телеграф жөнелтімдерінің құпиясы сақтаулы болуы тиіс. М: телефон арқылы сөйлесімдерге тыңдау жүргізуге,почта жөнелтімдерін қрауға тек прокурордың санкциясымен ғана жол беріледі.

5. Адамдардың қадір қасиетіне қол сұқпау принципі (ҚР Конституциясы 17б,ҚІЖК 13, 233б). Адамдардың абыройын түсіретін қадір қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тиым салынады. М: адамның денесін қарау үшін куәландыру жүргізгенде осы әрекетке қатысатын тұлғалар тексерілетін тұлғамен бір жынысты болуы тиіс (дәрігерден басқа).

6. Тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципі (ҚР Конституциясы 25 б,ҚІЖК 17 б).

1) Соттың шешімінсіз тұрғын үйден шығаруға жол берілмейді. 2) Тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркіне қарсы кіруге, оны қарауға, денесін тінтуге тек заңда көрсетілген жағдайларда жол беріледі (ҚІЖК 222б). М: тінту жүргізу үшін прокурордың санкциясы қажет. Тұрғын үйді қарау, тексеру, тінту жүргізген кезде міндетті түрде куәгерлер және кәмелетке толған үйдің иелерінің бірі қатысуы керек. Олар болмаса, жергілікті әкімшілік немесе КСК қызметкерлері қатысуы керек.

7. Сот әділдігін тек соттың жүзеше асыруы (ҚР Конституциясы 75 б,ҚІЖК 11 б).

Тек сот адамдарды кінәлі деп танып, жаза тағайындай алады.

8. Судьялардың тәуелсіздік принципі (ҚР Конституциясы 77 б,ҚІЖК 27 б). Соттар сот әділдігін жүзеге асыру барысында тәуелсіз және тек Конституциямен ҚР-ның заңдарына бағынады. Ешкім сотқа шешшім шығару туралы ештеңе айтпайды. Сот тәуелсіздігінің кепілдіктері: А) Конституциялық; Б) Саяси; С) Ұйымдастырушылық (тағайындалуына байланысты); Д) Әлеуметтік-экономикалық. Е) Процессуалдық кепілдігі (сот өз шешімін алдын ала тергеу органдарының, прокурордың шешімдерін ескеріп дербес қабылдайыды).

9. Кінәсіздік презумпциясы (ҚР Конституциясы 77 б, ҚІЖК 19 б). «Презумпция» –болжам дегенді білдіреді. 1) Адамды тек соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша кінәлі деп тануға болмайды. 2) Айыпталушы өз кінәсіздігін дәлелдеу міндетті емес.

3) Айыпталушының кінәлілігіне байланысты кейілмеген (жайылмаған) күдік айыпталушының пайдасына шешіледі. 4) Айыптау үкімі божамдарға негізделе алмайды. Ол сөз заңда көрсетілген тәртіптерден алынған дәлелдемелерге негізделуі мүмкін. 5) Айыптау үкімі тек айыпталушыны айыбын мойнына алған жауабына негізделе алмайды (оған қосымша дәлелдемелер жинау қажет).

10. Айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету принципі (ҚР Конституциясы 13 б, ҚІЖК 26 б). 1) Айыпталушының қорғану құқығы оның заңда белгіленген құқықтарын пайдалану арқылы ж.а. (ҚІЖК 68 б, 7 бөлім; 69 б, 2-ші бөлім). 2) Айыпталушының қорғаушылық көмегімен өз құқықғын қамтамасыз етуі. 3) Айыпталушының құқықтары қылмыстық істі жүргізуші органдарының өз міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

11. Куә ретінде жауап беру міндетінен босату принципі (ҚР Конституциясы 77 б, ҚІЖК 27 б). Куәлік –Иммунитет. Келесі тұлғалар куә ретінде жауап беруден бас тарта алады: 1. адам өзіне қарсы; 2. жұбайына қарсы; 3. Жақын туыстарына қарсы (ата-анасы, балалары, ата-әжесі, немерелері, асырап алушымен асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған аға-қарындастар, аға-іні.); 4. дінни қызметте, қзінің ішкі сырын ашып, сенім білдірген адамдарға қарсы (христиандар).

12. Тіл принципі (ҚР Конституциясы 19 б, ҚІЖК 30 б). ҚР Конституциясына сай кез-келген адам өзінің туған тілінде сөйлеуге құқылы. ҚР-да қылмыстық іс жүргізу қазақ және орыс тілдерінде ж.а. Қажет болса, басқа тілдер де қолданылуы мүмкін. М: ұйғыр, өзбек. Қылмыстық іс жүргізуде қандай тілде жүзеге асырылатындығы туралы қылмыстық істі жүргізуші орган қаулы шығарады. Іс жүргізу тілін білмейтін тұлғаға аудармашының көмегі тегін қамтамасыз етіледі. Мүдделі тұлғаларға іс құжаттары тиісті түрщде аударылып, тапсырылады не таныстырылады.

13. Жариялық принципі – Гласность. (ҚІЖК 29 б)- бұл сотта іс қараудың принципі, яғни бұл принцип тек сотта ж.а. Қылмыстық істерді талқылау барлық соттарда ашық жүргізіледі. 16 толған процесс басталғанша келіп отырған сот залында тәртіпті сақтайтын кез-келген адам сотта іс қарауға мүмкіндігі бар. Сот талқылауының жариялылығы шектеліп, сотта іс қарау жабық түрде келесі жағдайларда жүргізілуі мүмкін: а) мемлекеттік құпияны қорғау мақсатында; б) іске қатысушы адамдардың өмірі мен бастары туралы мәліметтерді жарияламау масатында; в) іске қатысушы адамдардың, олардың туысқандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында; г) жыныс қылмыстары бойынша; д) жасы кәмелетке толмағандардың істері бойынша.

Іс жабық түрде қаралғанның өзінде де үкім ашық жариялануы тиіс.

Жариялылық принципінің маңызы: 1. Заңдылықты қамтамасыз етудің бір кепілі.

2. Іске қатысушы тұлғалардың құүқықтарын қамтамасыз етудің кепілі. 3. Тәрбиелік (превентивтік) маңызы. (Превентивтік - профилактикалық алдын алу деген мағынаны білдіреді.)

14. Жариялық жүйесі – Публичность (ҚІЖК 32-36 б). PUBLIKUS - (латын сөзі)- қоғамдық, мемлекеттік, жалпылық мүдделерін білдіретін деген мағынаны білдіреді. Бұл принципке сәйкес қылмыстық іс жүргізу жәбір көрген адамның сұрауына қарамастан қылмыс жасалған барлық уақытта мемлекет органдарының қылмыстық істі жүргізу міндеттілігін білдіреді, яғни міндетті түрде қылмыстық істі қозғаймыз. Жеке айыптау істері бойынша (ҚІЖК 32-33 б) және жеке жариялы айыптау істері бойынша (ҚІЖК 32 б) қылмыстық іс қозғау, іс жүргізу тек жәбірленушінің арызы болған жағдайда жүзеге асырылады.

15. Тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықлық принципі (ҚІЖК 23 б). Бұл принципке сәйкес қылмыстық процесте айыптау және қорғану функциялары қылмыстық істі шешу функциясынан бөлектенген. Анықтау функциясын айыптау тарабы ж.а. Қорғану функциясын қорғау тарабы ж.а. Сот осы екі тараптан бейтарап, өзінің істі шешу функциясын ж.а. Бұл принцип сотта ж.а. Сот объективтілікті сақтай отырып, тараптардың өз құқықтарын пайдалануына, өз міндеттерін орындауларына қажетті жағдай туғызуы тиіс. Тараптар сот ісін қарау кезінде тең құқыққа ие, яғни олардың дәлелдемелерді зерттеуге, арыз беруге, талап (ходатайство) жариялауда құқықтары бірдей.

16. Істің мән-жайын жан-жақты толық және объективті зерттеу принципі (ҚІЖК 24 б). Тергеуші, анқтаушы, прокурор, сот істің мән-жайын жан-жақты толық және объективті зерттеуде шара қолдануы тиіс. Істің мән-жайын жан-жақты зерттеу деп - іс бойынша туған болжамдарды (версияларды) тексеруді білдіреді. Істі толық зерттеу деп - іс бойынша анықталуы тиіс, мән-жайлардың (117 б), заңды түрде алынған дәлелдемелерден дәлелденуін түсіну керек. Істі объективті зерттеу деп - тек айыптайтын емес, ақтайтын да, тек ауырлататын емес, жеңілдететінде мін-жайларды анықтауды түсіну керек.

14 тақырып. Қылмыстық ізге түсу.

Дәріс жоспары:

1. Қылмыстық ізге түсудің негіздері.

2. Қылмыстық ізге түсуді болырмайтын мән-жайлар.

3. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар.

Негізгі ұғымдар: ізге түсу.

Қылмыстық ізге түсу органдары: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы.. Қылмыстық ізге түсу (айыптау)-бұл қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамдарды, оның кінәлілігін анықтау мақсатында, мұндай адамға жаза немесе басқа да мәжбүрлеу шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін ж. а. қызмет.

Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық ізге түсу мен сотта айыптау жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады. Жеке айыптау істері жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және оның айыпталушымен бітісуіне орай іс қысқартылады. Жеке-жариялы айыптау істері жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және тек ҚР ҚК 67 бабында көрсетілген мән-жайларда ғана бойынша жәбірленушінің айыпталушымен бітісуіне орай іс қысқартылады. Жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу жәбірленушінің шағым беруіне қарамастан жүзеге асырылады.

Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары:

1. Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстықьізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмытсң белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыст оқиғасын белгілеуге, қылмыс жсаған кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті. 2. Қылмыстық ізге түсу органы жәбірленушіге сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және қылмыстпен келтірілген зиянды өтеу шараларын қолдануға міндетті. 3. Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық процестегі өзінің өкілеттілігін қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсіз және ҚІЖЗ сай жүзеге асырылады. Қылмыстық іс бойынша объективті зерттеу жүргізуге кедергі келтіру мақсатында қылмыстық ізге түсу органына қандай түрде болса да ықпал ету заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Қылмыстық із қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиісті жағдайлар:

1) қылмыс оқиғасы мен әрекетте қылмыс құрамының болмауы; 2)егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары; 3) мерзімінің ескіруіне байланысты; 4) жеке айыптау істері бойынша айыптаушының айыптаудан бас тартуы; 5) өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты; 6) белгілі бір айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық ізге түсуден бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты; 7) қылмытық іс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есе кіресілі- шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты; 8) іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты; ҚР ҚК ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылға жататын адамдарға қатысты. Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іхге түсуді жоққа шығаратын жағдайды байқағаннан кейін сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық із қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Прокурор істі соттың басты талқылауында қарау басталғанға дейін оны соттан кері қайтарып алуға және қысқартуға да құқылы. Қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот қылмыстық істі қысқарту туралы мәселені шешуге міндетті.

Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар.

Сот, прокурор сондай-ақ, прокурордың келісімімен тергеуші немесе анықтау органы тиісті жағдайлар болған кезде жәбірленушінің сезіктімен немесе айыпталушымен ымраласуына байланысты адамды қылмыстық жауптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы. Мұндай жағдайларды сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкімін де шығаруға құқықлы. Сотта қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін жағдайларды байқаған мемлекеттік айыптаушы айыпталушының қылмыстық ізіне түсуден бас тартуды мәлімдеуге құқылы. Мемлекеттік айыптаушы мәлімдеген қылмыстық ізге түсуден бас тарту жеке айыптаушыға қылмыстық істің материалын пайдалана отырып, айыпталушының қылмыстық ізіне түсуді жалғастыруына кедергі келтірілмейді. Қылмыстық іс қысқартылғанға дейін айыпталушыға істі қысқартудың негізі мен осы негіз бойынша оны қысқартуға қарсылық білдіру құықғы түсіндірілуі тиіс. Қылмыстық істің қысқартылғандығы туралы жәбірленушіге хабарланады, ол қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысына жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

 

15 тақырып. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.

Дәріс жоспары:

1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың түсігі және оларды классификациясы.

2. Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.

3. Қылмыстық іс жүргізуге мүдделі тұлғалар.

4. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы өзге де тұлғалар.

Негізгі ұғымдар: қатысушылар, тараптар,субъект.

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар- дегеніміз қылмыстық іс жүргізігенде белгілі бір міндеті, қызметі (функциясы) бар, процессуалдық құқықтар мен міндеттері бар мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар және азаматтар. Белгілі бір субъект қылмыстық іс жүргізуге қатысушы болып саналу үшін төменгі талаптарға сай болу керек: 1. Заңда аталынуы керек. 2. белгілі бір процессуалды функцияларды ж.а. крек.

3. Заң бойынша белгіленген процессуалдық құқықтары мен міндеттері болуы керек.

Процесске қатысушылардың кейбіреулері іске қысқа мерзімде қатысады (куәгер, маман), ал басқа біреулері қылмыстық процестің бірнеше сатысы бойынша (тергеуші, сот), немесе қылмыстық іс жүргізудің басынан аяғына дейін қатысады (прокурор). Тараптар – сот талқылауында бәселестікпен тең құқықтылық негізінде айыптауды және айыптаудан қорғауды ж.а. органдар мен лауазымды адамдар. Тораптар екі топқа бөлнеді: Айыптау тарабы: мемлекеттік айыптаушы (прокурор), жеке айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер және олардың заңды өкілдері мен өкілдері. Қорғану тарабы: сотталушы, қорғаушы сотталушының заңды өкілдері, азаматтық жауапкер, оның өкілі. Қылмыстық прцесстің субъектісін олардың алдында тұрған міндеттеріне, қорғалатын мүддесіне, жүзеге асыратын функциясына қарай келесі топтарға бөлуге болады:

1 топ. Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Оларға қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін ж.а. жүктелген. Олар келесі функцияларды жүзеге асырады: а) тергеу функцияларын (тергеу органы); б) қадағалау функцияларын (прокурор); в) сот әділдігін жүзеге асыру функцияларын (сот). Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қылмыстық процестегі әрекеттері мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған.

2 топ. Қылмыстық іс жүргізудегі мүдделі тұлғалар. Олардың іс әрекеттері өз мүдделерін қорғауға бағытталған. Олар: а) сезікті, айыпталушы (сотталушы); б) жәбірленуші; в) жеке айыптаушы; г) материалдық мүдделері қылмыстық істі шешумен байланысты азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер.

3 топ. Қылмыстық іс жүргізгенде басқалардың мүддесін қорғайтын тұлғалар:

а) айыпталушының қорғаушысы; б) айыпталушының заңды өкілі; в) жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкердің өкілдері. Бұлардың іс әрекеттері өздері өкіл болып отырған тұлғаларлың мүдделерін қорғауға бағытталған.

Анықтаушы. 1. Анықтаушы - өз құзіретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.

2. Анықтаушы заңда айқындалған нысандарда сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы және жүзеге асырылуы туралы шешім қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешімдер қабылдауға және тергеумен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

3. Алдын – ала тергеу жүргізу міндетті емес, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде анықтаушы осы Кодекстің 37-тарауында көзделген алынып тасталатындарды қоспағанда, алдын-ала тергеу жүргізу үшін ҚІЖ Кодексінде көзделген ережелерді басшылыққа алады.

4. Анықтаушы алдын-ала тергеу жүргізілу міндеті қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларды анықтау органдары бастығынығ тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттерімен жедел іздестіру шараларын жүргізуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмен прокурор мен алдын-ала тергеу органын хабардар етуге міндетті.

5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын-ала тергеу органын және анықтау органын жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдау туралы тапсырмалары орындауға міндетті.

6. Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшін міндетті. Анықтау органы бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұсқауына прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Нұсқауларға шағым жаслау, қылмыстың саралануы мен айыптаудың көлемі, айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын тоқтатпайды.

 


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!