Ылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы.



Дәріс жоспары:

1. Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі мен міндеттері.

2. Қылмыстық іс жүргізудің сатылары.

3. Қылмыстық іс жүргізудің ұғымы, қарым қатнас.

4. Қылмыстық іс жүргізудің ғылымы.

5. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздерінің ұғымы, түрлері.

Негізгі ұғымдар:процесс, саты, іс жүргізу.

Қылмыстық процестің негізгі мазмұны анықтама тергеу органдарының, прокуратура мен соттың қылмыстың бетін ашу, қылмыс жасағанда айыпты адамдарды анықтап, оларды жазаға тартуға бағытталған әрекеттерді құрайды. Қылмыстық процесте өзіндік құқықтары мен мідетері бар өзге де субъектілер қатысады. Бірақ, сонда да мемлекеттік органдардың бұл салада орны бөлек. Қылмыстық іс жүргізуге байланысты тергеу және сот органдарының қызметі заңда белгіленген тәртіпке сай жүргізіледі. Заңда тергеу және сот әрекеттерін жүргізу, процессуалдық шешімдерді қабылдау тәртібі нақтылы белгіленген. Бұл тәртіп, құқық қорғау органдарының қайсысына болса да бірдей. ҚІЖК-нің 8-ші бабында Қылмыстық іс жүргізудің міндеттері нақты және толық көрсетілген. Қылмыстың бетін ашу деп - қылмыстың оқиғасын және айыпты адамдарды анықтауды түсіну керек. Қылмысты тез арада ашу деп - қылмыстық істі қозғау, қылмыс оқиғасымен айыпты адамдарды анықтау мерзімін қылмыс жасалған уақытты неғұрлым жақындығын түсіну керек. Қылмысты толық ашу дегеніміз –қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге қажетті барлық мән-жайларды анықтау. (ҚІЖК 117 б). Айыпталушыларды әшкерелеудегеніміз- қылмыс жасауға, қатысы бар барлық адамдарды, олардың жолдарын анықтау, оларға қатысты дәлелдеме жинау. Заңды дұрыс қамтамасыз ету дегеніміз- анықтау, тергеу органдарының прокуратура және соттың қылмыстық және қылмыстық процессуалдық заңдардың талаптарын қатаң сақтау. Қылмыстық іс жүргізу деп - анықтау органы, тергеуші прокурор мен соттың қылмыстық тез арада толық ашу, айыпталушыларды әшкерелеу және заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету, сөйтіп қылмысты істеген әр бір адамның әділетті жазалануын және айыпты бірде бір адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылмауын және сотталмаған жағдайларда заңда көрсетілген тәртіптерге сай қылмыстық істі қозғау, тексеріп қарау, шешуге, сот шешімін орындауға бағытталған әрекеттерді түсінеміз.

Қылмыстық процесс бұл мемлекеттік органдардың лауазымды иелерінің, басқа тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін әрекеттердің жиынтығы. «Қылмыстық процесс» және «сот әділдігі» ұғымының ара қатнасы: 1. Бір жағынан сот әділдігі ұғымы, қылмыстық процесс ұғымына қарағанда кеңірек, өйткені, сот әділдігі тек қылмыстық істер бойынша ғана емес, азаматтық, әкімшілік істер бойынша да жүзеге асырылады. 2. екінші жағынан «Сот әділдігі» ұғымы қылмыстық процесс ұғымына қарағанда тар мағынада қолданылады. Себебі, сот әділдігін тек сот жүзеге асырады, ал қылмыстық процесті соттан басқа анықтау, тергеу органдары, прокуратура жүзеге асырады.

«Процесс» жылжу, қозғалу, алға қарай жылжу дегенді білдіреді(латын сөзі). Қылмыстық процесс дегеніміз мемлекеттік органдардың заңға сәйкес әрекеті ғана емес, бұл- қылмыстық іс өтетін, сатыларға бөлінген процессуалдық әрекеттердің жүйесі. Саты (стадия) – алдында тұрған ерекше міндеттері бар қылмыстық іс жүргізуге қатысушы өздерінің субъектілерінің тобы бар, өзіне тән қылмыстық іс жүргізу тәртібі (процессуалдық формасы), шешімдері, құқықтық қатнастары, заңда белгіленген іс жүргізу мерзімі бар қылмыстық іс жүргізудің дербес кезеңі. Қылмыстық істердің көбісі бір бірін жүйелі түрде қарастыратын алты сатыдан өтеді:

1. Қылмыстық істі қозғау сатысы – қылмыстық процестің бастапқы сатысы. Бұл сатыда қылмыстың белгілерінің бар-жоқтығы туралы мәселе шешіледі (қоғамға қауіптілігі, жазалануы, кінәләнуы). Бұл сатының мерзімі -3-10-30 тәулік. Бұл саты қылмыс туралы мәлімет түскен кезден басталып қылмыстық істі қозғау немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешіммен аяқталады.

2. Алдын ала тергеу сатысы - бұл қылмыстық іс қозғалғаннан кейін басталып, істі сотқа жіберумен немесе қылмыстық іс ті қысқарту туралы шешім шығарумен аяқталады. Бұл саты екі нысанда жүргізілуі мүмкін: а) алдын ала тергеу - мерзімі 2 ай, ұзартылуы мүмкін (предварительное расследование); б) анықтау-мерзімі 10-30 тәулік (дознание). Қылиыстық істі қозғау сатысы барлық істер бойынша міндетті болса, алдын ала тергеу сатысы жеке айыптау істері бойынша жүргізіледі. Қылмыстық ізге түсудің (айыптаудың) нысандарына байланысты қылмыстық процесстер қылмыстық істер үш категорияға бөлінеді: 1 Жеке айыптау істері 32-33 бап. Бұл істер тек жәбірленушінің арызы бойынша қозғалып, жәбірленушімен айыпталушының бітісіне орай қысқартылады. Сонымен қатар жеке айыптау істері бірден соттар қозғалып, олар бойынша алдын ала тергеу жүргізілмейді. Бұл жерде іс бірден сот талқылауына өтеді. 2 Жеке жариялы айыптау істері. Бұл істер тек жәбірленушінің арызы бойынша қозғалып, жәбірленушімен айыпталушының бітісуіне іс қысқартылмайды. Жеке жариялы айыптау істері бойынша алдын ала тергеу міндетті. 3 Жариялы айыптау істері. Бұл істер жәбірленушінің арызының болу болмауына байланысты қозғалады, және олар бойынша плдын ала тергеу міндетті. М: кісі өлтіру.

3. Басты сот талқылауын тағайындау сатысы –Бұл саты аяқталған істің прокуратурадан сотқа түскенуақытынан басталып, басты сот талқылауын тағайындау, не істі қайта тергеуге жіберу, не істі қысқарту, не істі соттылығы бойынша басқа сотқа жіберу туралы шешім қабылдаумен аяқталады. Бұл сатыда істің басты сот талқылауында қаралу мүмкінділігі шешіліп, істің сотта қаралуына жағдай жасалады. Бұл саты 2 нысанда жүргізіледі: а) судьяның жеке өзінің басты сот талқылауын тағайындау мәселесін шешуі; б) алдын ала тыңдау жүргізуі (Мерзімі 5 тәулік).

4. Басты сот талқылау сатысы – Бұл саты қылмыстық процестің шешуші және орталық сатысы. Бұл сатыда 2 негізгі мәселе шешіледі: кінәлілігі және жаза туралы мәселе. Бұл қылмыстық процестің өзге сатыларына қарағанда орталық орын алады. Себебі, оның алдындағы сатылар басты сот талқылауқарағанада дайындық саатылары болып табылады да, одан кейінгі сатылар басты сот талқылауының шешімін тексеріп, орындауға бағытталған. Бұл саты үкім шығарумен (айыптау немесе ақтау) немесе қылмыстық істі қысқартумен не істі қайта тексеруге жіберумен аяқталады.

5. Заңды күшіне енбеген сот шешімі тексеру сатысы. Үкім заңды күшін жариялаған уақытынан бастап 10 тәуліктің ішінде енеді. Егер осы мерзімде ұкімге шағым немесе наразылық түсетін болса, осы саты жүзеге асырылады. Бұл саты 2 нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:

а) апелляциялық тәртіппен; б) кассациялық тәртіппен.

Аппеляциялық тәртіп 2003 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Бұл жағдайда қайта тексеру жүргізіледі. Бұл саты үкімді өзгеріссіз қалдырумен, не оны өзгертумен, не оны бұзумен аяқталуы мүмкін.

6. Үкімді орындау сатысы – бұл заңды күшіне енбеген үкімді орындауға үкім шығарған топтың кірісуі.

Осы сатыларға қоса қылмыстық процестің 2 ерекше сатысы бар. Олардың ерекше деп аталуының себебі- бұл сатыларды заңда күшіне енген және орындалып жатқан сот шешімдері қайта тексеріледі. 1. Қадағалау сатысы не істі қайта қарау (надзорнре производство). 2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау.

«Қылмыстық процесс» және «Қылмыстық процессуалдық құқық» деген түсініктердің мазмұны бірдей емес, егер қылмыстық процесс деп- қылмыстық іс жүргізу барысындағы әрекеттерді айтсақ, қылмыстық процессуалдық құқық деп- осы ірекеттерді және қылмыстық іс жүргізу барысында пайда болатын құқықтық қарым қатнастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Қылмыстық процессуалдық құқықтық нормалары қылмыстық процестің міндеттерін, принциптерін белгілейді; тергеу және сот әрекеттерінің орындалу тәртібі мен жүйесін реттейді; Анықтау, тергеу органдарының прокуратура мен соттың, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қылмыстық процессуалдық қарым қатнас дегеніміз- қылмыстық істі қозғау, тергеу, қарау және шешу барысында, осыған қатысушы процессуалдық құқықпен міндеттерді иеленуші субъектілердің қылмыстық процессуалдық құқықтық нормалары мен реттелеген қоғамдық қарым қатнасы. Қылмыстық процессуалдық қарым қатнастың белгілері:

1 Б. Бұл құқықтық қатнастың субъектілерінің біреуі міндетті түрде мемлекеттік орган болып табылады(тергеуші-айыпталушы, сот-жәбірленуші). Сонымен қатар қарым-қатнастың екі жағы да мемлекеттік орган болуы мүмкін(яғни, прокурор-тергеуші, сот-прокурор).

2 Б. Бұл қатнастарға екі жақтылық тән, яғни, субъектілердің біреуінің құқықтарына екіншілернің міндеттері сәйкес келеді. Қылмыстық процессуалдық қарым қатнасқа оның қылмстық құқықтық қарым қатынасымен байланысы тән. Өйткені, бүкіл қылмыстық процессуалдық әрекет қылмыстық құқықтық қарым қатнастың ерекшелігін айқындауға бағытталған.

Қылмыстық құқық және қылмыстық процессуалдық қарым қатнастың арасындағы айырмашылық: 1 Қылмыстық құқықтық қарым қатнас мемлекет пен қылмыс жасаған адамның арасында пайда болып, ал қылмыстық процессуалдық қарым қатнаста мемлекеттің өзі емес, оның органдары қатысады. 2 Қылмыстық құқықтық қатнасты туғызатын заңды дерек жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы мәліметтің түсуі және осыған байланысты мемлекеттік органдардың әрекеттері.

Қылмыстық құқықтық қарым қатнас міндетті түрде қылмыстық процессуалдық қарым қатнастың пайда болуына әкеліп соқпайды. М: латентті қылмыстар бойынша.

Қылмыстық процессуалдық форма. Қылмыстық іс жүргізудің аса маңызды белгілерінің бірі процессуалдық форма, яғни процессуалдық әрекеттердің соның ішінде тергеу және сот әрекеттерінің, қабылданған процессуалдық шешімдерінің заңда белгіленген тәртібі, олардың жасалу жүйелілігі және оларды процессуалдық бекіту тәртібі. Процессуалдық форманың маңызы. 1 Прцессуалдық форма анықтау мен тергеу органдарының прокурор мен соттың заңды қатң сақтауына жағдай жасайды. 2 қылмыстық процестің міндеттерін орындауға жағдай жасайды. 3 Қылмыстық процеске қатысушы субъектілердің құқықтарымен мүдделерін сақтаудың бірден бір кепілі болып табылады.

Процессуалдық кепілдіктер (процессуальные грантия). Қылмыстық процеске қатысатын әр бір субъектіге белгілі бір құқықтар мен міндеттер тән. Олардың кейбіреулерінің, м: айыпталушы мен жәбірленушінің қылмыстық іс жүргізгенде көздейтін өз пайдасы, қорғайтын өз мүддесі бар. Жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделері белгілі бір кепілдіктердің арқасында қамтамасыз етіледі(конст-қ, қылм-қ құқықтық, саяси, эконом-қ т.б.). Бұл кепілдіктердің элементерінің бірі –қылмыстық процессуалдық кепілдіктер. Қылмыстық процессуалдық кепілдіктер деп ҚР-ның Конституциясында ҚІЖЗ-да белгіленген қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз ететін амалдар мен тәсілдер, яғни процессуалдық кепілдіктер – заң нормаларына көрініс тапқан амалдар мен тәсілдер. ҚР-ның Конституциясында қылмыстық процессуалдық кепілдктер қылмыстық процестің принциптері арқылы белгіленген (М: Тұрғын үйге тиіспеушілік принципі). Процессуалдық форма –процессуалдық кепілдіктердің бір түрі б.т. Сон. қат. процессуалдық кепілдіктер қылмыстық процесске қатысушы тұлғалардың міндеттері арқылы ж.а.(М:тергеуші тергеу аяқталғанда айыпталушыға іс материалдарын танысу үшін ұсынуға міндетті.). Бұл міндет айыпталушының қорғану құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі б.т.

Құқық көздері, түрлі құқықтық актілер, құқық өз көрінісін табатын нысандар зерттелмейінше құқық ролін түсіну мүмкін емес. Құқық көздерінің маңызды болуының себептерінің бірі – олар құқықтың қоғамдық болмысын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге белгілі бір дәрежеде құқық қалыптастыру фунциясын атқарады. Қылмыстық іс жүргізу нормалары мынандай түрлерге бөлінеді: 1) Белгілі бір іс әрекетке тыйым салатын нормалар. Бұл және өзге де тыйым салатын нормалар жеке адамның өол сұғылмыстығының іс жүргізу кепілдерін, сот актілерінің заңдылығы мен дәлелдігін күшейтуге бағытталған; 2) Белгілі бір іс қимыл тікелей белгілейтін нормалар. Бұл нормалар міндеттеуші сипатта болады. Бұл нормалардың ерекшелігі- ұйғарушы немесе міндеттеуші нормалар бұзылғанда, заң бұзылған құқықты қалпына келтірудің өктем іс жүргізу шараларын көздейді; 3) Белгілі бір жағдайлардың қалыптасуына байланысты белгілі бір іс әрекеттер жасауды нұсқайтын нормалар. Әдетте, мұндай нормалар негіз бар болған жағдайда нақты шешім қабылдануына байланысты; 4) Құқық қатынасына басқа қатысушының келісімі бар екеніне байланысты белгілі бір бағыт-бағдар белгілейтін нормалар. 5) Өкілетті адамның ұйғарымы бойынша белгілі бір іс қимыл жасауға мүмкіндік беретін нормалар.

6) Техникалық нормалар.

Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы үш элементтен тұрады: Болжам – ол құқық нормасының қандай жағдайда қолданылуы керек екендігін көрсетеді. Диспозиция және санкция.

Қылмыстық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орныдау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне дейін күшіне енген қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процесске қатысушыларға тиесілі құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, оның пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін қылмыстық іс жүргізу заңының кері күші болмайды. Дәлеледердің жарамдылығы олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады. Қылмыстық іс жүргізу заңының кеңістікте қолданылуы ҚІЖК –нің 3-ші бабына сай ҚР-ның аумағында, қылмыстық сот ісін жүргізу барлық жағдайларда, қылмыс жаслған жерге қарамастан республикалық ҚІЖК –не сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!