ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ



1-тақырып. Қазақстан Республикасының Адвокатура курсының түсінігі мен пәні. Адвокатураның даму тарихы.

 

1.Қазақстан Республикасының Адвокатура курсының пәні түсінігі және оның міндеттемелері.

2.Адвокатураның түсінігі. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері.

3.Адвокатура курсының жүйесі, адвокатураның қайнар көзі.

 

Негізгі ұғымдар:ҚР-ғы адвокат,Адвокат кеңсесі, Адвокаттар коллегиясы,Адвокаттық құпия, Адвокатура.

 

ҚР-дағы адвокатура мен адвокаттық қызмет туралы – заң құқықтық пән ретінде адвокаттар алқасының ұйымдастырылуы мен қызметінің түрлері, басқару органдары, кім адвокат бола алатынын, оның еңбек ақысын төлеудің тәртібі, адвокаттардың және адвокаттар алқасының құқықтық мәртебесі, адвокат пен адвокатура алқасы арасындағы қарым- қатынас және адвокаттар кеңсесінің жұмысы туралы оқытылады.

Сонымен қатар адвокаттық қызметтегі кейбір ерекшеліктер, адвокатура мен адвокаттық қызметтің құқықтық негіздері, басқа тұлғалармен қарым- қатынасы заңмен негізделіпе реттелетінін оқытады

Адвокатураның мақсаты, «ҚР-дағы адвокат қызметі туралы» 5- желтоқсан 1997 жылы қабылданып, 2001 жылы 11 шілдедеу өзгертулер, толықтырулар енгізілген Заңына сәйкес, адвокатураның мақсаты адамның өз құқықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР-ның Конституциясымен баянды етілген әр адамның құқығын қорғауды жүзеге асыруға көмек көрсетіп, жәрдемдесуге бағытталған.

Адвокаттық қызмет, жоғарыда көрсетілген Заң, ҚР-ның Конституциясы,Қылмыстық, Азаматтық іс жүргізу Кодексістері және тағы да басқа заң актілерімен белгіленіп реттелген.

Адвокатура ҚР-дағы «Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы»- Заңға сәйкес құрылып, қызметін атқарады.

Адвокат өз қызметін жүзеге асыруда тәуелсіз, заң тиым салмаған әдістерін және құралдарын пайдалана алады.

Заңда көрсетілген жағдайлардан басқа кезде оның қызметіне ешкімнің араласуға құқы жоқ.

Ол кәсіби мінез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтауға міндетті.

 

2-тақырып. Адвокаттар алқасы және оның органдары.

1.Адвокаттар алқасы. Адвокаттар алқасының құқықтың негіздері.

2. Адвокаттар алқасының мақсаттары. Адвокаттар алқасының міндеттері. Адвокаттар алқасының мүшелері.

3. Адвокаттар алқасының органдары төралқа. Жалпы жиналыс төралқаның төрағасы. Тексеру комиссиясы.

 

Негізгі ұғымдар: Адвокаттарды аттестациялау, Адвокат этикасы,Адвокат көрсететін құқықтық көмек.

 

Адвокаттар алқасы адвокаттық қызметпен айналысуға ниет білдірген, жасы заңда көрсетілген жасқа толған, ақыл есі дұрыс, жоғары білімі бар және екі жылдан кем емес тәжрибеден өткен ҚР-ның Әділет министрлігі біліктілік алқасында, біліктік емтихан тапсырған, адвокаттық қызмет атқаруға негіз болатын лицензиясы бар, сол сияқты адвокаттық қызмет істеуге ниет білдірген, бұрын өз міндеттерін атқарған кезде теріс қылықтар жасағаны не заңды бұзғаны үшін судьялық қызметтен босатылғандардан басқа адамдардан құралады.

Адвокаттар алқасы заңға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін, заңда көрсетілген құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру үшін және сұраушының заңды талаптарын басшылыққы ала отырып қорғау үшін құрылған, кәсіби, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын, коммерциялық емес ұйым болып танылады.

Адвокаттар алқасы адвокаттардың тек жалпы жиналысы алдында ғана есеп береді. Адвокаттық қызмет туралы заңды және адвокаттар алқасы Жарғысын өз қызметінде басшылыққа алады.

Астаналық қала немесе Республикалық маңызы бар қала және Облыстық аумақта бір ғана адвокаттар алқасы құрылып жұмыс атқарады.

Мемлекеттік органдардан адвокаттар алқасын құру үшін арнайы рұқсаттық болуы қажет емес.

Адвокаттар алқасының Жарғысы мыналарды қамтиды: Оның атауын,қызметін,мақсаттарын, олардың құқықтары мен міндеттерін, мүшетікке қабылдау, оны тоқтата тұру мен тоқтату, құрылымын, құзіретін, заң консультатциясын құру мен олардың жұмыс тәртібін, Жарна төлеу, тегін заң көмегін көрсету тәртібі, аттестациядан өткізу, жауапкершілігі мен оған тарту тәртібі, алқаны құру, қайта құру мен тоқтату, таратылған жағдайда мүлік тағдырын шешу мәселелері.

Жоғарғы органы: Адвокаттар алқасының жоғарғы органы болып алқа мүшелерінің жалпы жиналысы немесе конференциясы,ал оның атқарушы органы болып, төралқа, бақылаушы органы- тексеру комиссиясы болып есептеледі.

 

 

3 – тақырып. Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі.

4. Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары.

5. Адвокаттар алқасы мүшелерінің міндеттері. Адвокаттар алқасы мүшелерін алқадан шығару тәртібі.

6. Адвокаттар алқасы мүшелерінің тәртіптік жауапкершілігі.

 

Негізгі ұғымдар: Адвокаттық қызметке кедергі келтіру,Мемлекеттік құпия,Іс бойынша дәлелдеме, Дәлелдеу.

Адвокаттар алқасы заңға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін, заңда көрсетілген құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру үшін және сұраушының заңды талаптарын басшылыққы ала отырып қорғау үшін құрылған, кәсіби, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын, коммерциялық емес ұйым болып танылады

Адвокатура коллегиялық орган болып табылады, оның ең жоғарғы органы Жалпы жиналысы. Сол жалпы жиналыста тұрақты жұмыс істейтін орган Алқа мүшелері сайланады. Алқа мүшелері жасырын дауыспен төраға, оның орынбасарын және тексеру комиссиясын сайлайды..

Олар заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа ала отырып, кәсіптік мінез- құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға, заң бойынша қатыса алмайтын істерден бас тартуға, іс бойынша адвокаттың көмегін сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстамауға, адвокат қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім шығарған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға, адвокаттар мемлекеттік қызметте болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салынады. Оларға оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысуға рұқсат етіледі.

 

4-тақырып. Шетелдердегі Адвокатура.

3. Англиядағы адвокатура. Олардың құқықтары.

4. Германиядағы адвокатура Ресей Федерациясындағы адвокатура.

 

Негізгі ұғымдар: Халықаралық адвокаттар Одағы,Лицензия, Коммерциялық емес ұйым.

 

5-тақырып. Адвокаттың қызметі

 

4. Адвокаттық қызмет туралы заңдар.

5. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері.

6. Адвокаттар көрсеткен көмекке ақы төлеу, қорғау және өкілдік етумен байланысты шығындарды өтеу. Заң көмегіне ақы төлеуден босату.

 

Негізгі ұғымдар: Қорғау, Қорғаушы, Талапкер,Адвокаттық қызметтің міндеті, Ордер

 

Адвокаттық қызмет «Адвокаттық қызмет туралы» Заң, ҚР Конституциясы, Қылмыстық, Азаматтық іс жүргізу кодекстері және басқа да заң актілерімен реттелген.

Адвокат өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеге асырады не дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп, сондай-ақ дара адвокаттық кеңсе құруға құқылы.

Адвокат қызметі мына қағидаларды басшылыққа алады, олар: оның тәуелсіздігі, заңда тиым салынбаған әдістер және құралдармен өз қызметін жүзеге асыруы, заңда көрсетілгеннен басқа мән-жайда өз қызметіне басқалардың араласуына жол бермеу, кәсіби мінез құлық нормаларын ұстану.

Заң көмегі: Шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беру, талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы құжаттар жасау, анықтау, тергеу және соттарда мемлекеттік және өзге органдар, ұйымдарда, азаматтармен қарым- қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілддігі мен оларды қорғауды жүзеге асыру, қылмыстық істер жөнінде қәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Ақы төлеу. Заң көмегіне ақы төлеу мөлшері, қорғаумен және өкілдік етумен байланысты шығындарды өтеу, көмек сұрап келген адамммен адвокат жасаған келісім шарт негізінде белгіленеді.

Егер көмек сұрап келген адамның семья жағдайына тағы басқаға байланысты ақы төлеуге мүмкіндігі болмаса, онда заңда көрсетілген жағдайларда, ақы Республикалық бюджеттен төленеді. Мерзімі мен мөлшері анықтаушу мен тергеуші қаулыларында, сот үйғарымында көрсетіледі.

Барлық жағдайларда да көрсетілген заң көмегі үшін ақы төлеу мөлшері оның соңғы 2 айдағы орташа жалақысынан төмен болмауы тиіс.Оның тәртібі Үкімет қаулыларында көрсетілген.

Ақы төлеуден басату. Алимент өндіріп алу туралы асыраушысы қайтыс болғанда, жұмысқа байланысты денсаулығының бұзылуы, Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілгендер, 1,2 топтағы мүгедектер, мерзімді әскери қызметтергілерге, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтініштерді дайындау, ақтау мәселелері т.б.

 

6-тақырып. Адвокаттың мәртебесі.

 

5. Қазақстан Республикасындағы адвокат.

6. Адвокаттың көмекшілерімен тағлымдамадан өтушілер Адвокаттың лицензиясы. Лицензия беруден бас тарту. Лицензияның күшін тоқтата тұру.

7. Лицензияны кері қайтарып алу және оның күшін жою. Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру.

8. Адвокаттың құқықтары. Адвокаттың міндеттері.Адвокаттың қызметінің кепілдіктері. Адвокат құпиясы.

 

Негізгі ұғымдар: Адвокаттар коллегиясының органы, Адвокатураның тәуелсіздік қағидасы,Адвокаттар коллегиясының өзін-өзі басқаруы

 

Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заңмен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізді заң көмегін көрсететін ҚР-ның азаматы.

Жоғарғы білімді, заңгер мамандығы бойынша екі жылдық еңбек өтілімі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады.

Қасақана қылмысы үшін сотталған, белгіленген тәртіппен әрекетке қөабілетсіз немесе әрекеттер қабілеті шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, сондай-ақ босатылған, жағымсыз қылық жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам адвокат бола алмайды.

Адвокаттың міндеттері: Ол заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа ала отырып, кәсіптік мінез- құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға, заң бойынша қатыса алмайтын істерден бас тартуға, іс бойынша адвокаттың көмегін сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстамауға, адвокат қылмыстық іс бой ынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім шығарған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға, адвокаттар мемлекеттік қызметте болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салынады. Оларға оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысуға рұқсат етіледі.

 

 

7-тақырып. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру.

 

4. Адвокаттың қызметті ұйымдастыру нысандары.

5. Адвокаттыр алқасы. Адвокаттар алқасының жарғысы. Адвокаттар алқасының органдары.

6. Адвокаттар алқасы мүшелері. Жалпы жиналыс (конференция). Адвокаттар алқасының төралқасы. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы. Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы. Адвокат кеңсесі. Адвокаттар алқасынан шығару. Заң консультация.

Негізгі ұғымдар: Кеңсе, Адвокаттар кеңсесі, Заң консультациясы

 

8-тақырып. Адвокаттың азаматтық істер бойынша заң көмегін көрсетуі

Сұрақтар:

1.Азаматтық іске қатысу түсінігі

2..Азаматтық іс бойынша адвокаттың сенім білдірілген өкілдің

өкілеттігі

3.Адвокаттың сот қаулыларына шағым жасауына және қайта

қарауына қатысуы

Негізгі ұғымдар: Үкімнің күшіне енуі, Шешімнің күшіне енуі, Ордер, Аппелациялық шағым, Қадағалау органы.

 

Әрбір адам азаматтық істер жүргізу кодекісінің және Конституцияға сәйкес өзінің бұзылған немесе бұзылуы мүмкін және даулы құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Олар азаматтық процес барысында білікті заң көмегін алуға құқы бар. Ал адвокаттар оларға заңда көрсетілген тәртіппен көмек көрсете отырып, азаматтық істі заңға дәл сәйкестікпен дұрыс шешуге өз көмегін көрсетеді. Кез келген құқыққа қол сұғушылықта, заң бұзушылық кімні тарапынан орын алғанына қарамастан, адвокаттар өз көмектерін заңда көрсетілген барлық құралдармен және әдістермен жүзеге асырады. Процеске қатысушы тараптардың құқықтары мен міндеттерін қатаң сақтай отырып, істің мән-жайын толық, обьективті анықтау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолданады.

Адвокат өзіне сенім білдірген азаматтың азаматтық ісін жүргізуді қабылдауы немесе одан бас тартуы мына жағдайда орын алады.

Егер сұраушының талаптарының немесе наразылықтарының заңдылығына көзі жетсе, дәлелдемелер заң жолымен алынған шын дәлелдемелер болса, істің қолайлы шешілуіне көзі жетсе,.Дәлелдеме тексеріс барысында ақиқатқа сәйкестігі анықталса ғана шындық деп саналады.

Мына жағдайда бас тартады:Сұраушының мүдделеріне қайшы келетін адамға бұрын заң көмегін көрсетіп жүрсе, бұл іс бойынша бұрын судья, тергеуші, анықтаушы, прокурор, маман, сарапшы, куә ретінде қатынасса, істі қараушы лауазымды тұлғамен туыстық қатынаста болса.

 

9-тақырып. Қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсету

Сұрақтар:

1.Қылмыстық іске заң көмегін көрсету түсінігі

2.Қорғаушы ретінде қатысуды жоққа шығару мән-жайлары

3.Қорғаушының процесуальдық жағдайы

 

Негізгі ұғымдар: Үкімнің күшіне енуі, Шешімнің күшіне енуі, Ордер, Аппелациялық шағым, Қадағалау органы.

 

Адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы, оның қызметінің ең маңызды бөлігі.

Адвокаттық қорғау дегеніміз- қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, оған келтірілген күдікті немесе айыпты жоққа шығару, не жеңілдету. Ал егер заңсыз түрде қылмыстық ізге түсу орын алса, онда соған ұшыраған адамды ақтау мақсатында қорғау іс- әрекетін жүзеге асыру.

Заң қорғаушы ретінде жіберілуі мүмкін адамдарды атап көрсеткен, солардың негізгісі адвокат.

ҚІЖК-не сйкес адвокат қылмыс жасады деп сезік тудырылған сезікті адам ұсталған, айыпталушы деп танылған, не айыпталғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап іске жіберіледі.

Қылмыстық іс бой ынша кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Адвокат қорғаушы ғана емес, ол сот ісі саласына тартылған, кез келген тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ететін тәуелсіз кепіл, сөйтіп олардың құқықтарын тиімді қорғауға ықпал ететін тұлға.

Айыпталушы мен сезікті кез келген сәтте қорғаушыдан, басқа қорғаушыны шақырудан бас тартуға немесе өз бетінше қорғануға құқылы, бірақ соған қарамастан, мына жағдайларда оған жол берілмейді: Сезікті мен айыпталушы кәмелетке толмаса, олар дене немесе психикалық кемістігінен өзін қорғау құқығын өз бетінше бетьінше жүзеге асыра алмаса, сот ісі жүргізілетін тілді білмесе, айыпталушы мәжбүрленіп стационарлық сот-психатриялық саптамаға жіберілсе.

 

10-тақырып. ҚР адвокатурасы ынтымақтастығының ұйымдық-құқықтық нысандары

1.ҚР адвокаттар Одағының органдары және олардың өкілетігі

2.Адвокаттардың халықаралық Одағы

3.Халықаралық Одақ басшы органдары,құрылу тәртібі және құзіреті

 

Негізгі ұғымдар: Одақ, Адвокаттар Одағы,Демократия, Жариялылық, Коференция

 

«Адвокаттық қызмет туралы» Заң, олРеспубликадағы адвокаттық қызметтің негізі. Онда адвокаттар мен олардың алқаларының арасындағы өзара қатынасты реттеу көрсетілген.

Бірақ бұл Заң адвокатураның өзге де нысандарының болуына өз әсерін тигізбейді және өзге ынтымақтастықтар, адвокаттар ассоциясын, адвокаттар гильдиясын, Адвокаттардың халықаралық Одағы, адвокатура құрылымының демократиялық негіздерінің одан ары жетілдіруге бағытталғанын көрсетеді.

Жоғарыдағы ынтымақсастықтардың негізгі мақсаты адвокаттардың тәуелсіздігін нығайту, олардың мүдделерін лауазымды адамдар мен олардың құқыққа қарсы жат әрекеттерінен қорғау болып табылады.

ҚР-на 1991 жылы адвокаттардың және оның алқаларының құқығын қорғау, мемлекеттік, мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен өзара ықпалдастық және халықаралық-құқықтық қатынастар субьектілерімен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Адвокаттар Одағы ұйымы құрылған.Ол ұйым ретінде 1992 жылы 31 тамызда ҚР Әділет министрлігінде тіркелген.Мақсаты: құқықтық мемлекет құруға қатысу, тиімді заң көмегін көрсетуге қатысу, адвокаттардың бірлігі мен ынтымақтастығын қамтамасыз ету, дүниежүзілік қауымдастық қабылдаған адвокатураның тәуелсіздігін, еркіндігі қағидаларын, кепілділікті насихаттау, тарату т.б.

Міндеті:Бастауыш ұйымдардың әдістемелік, оқыту және ғылыи қызметтерін үйлестіру, тәжрибе алмасуға көмек көрсету, Заң шығарушылықта өз пікірін білдіру,Мемлекеттік мадақтар мен марапаттауға, қоғамдық көтермелеуге ұсыну.

Қағидалары:Демократиялық, мүшелердің еріктілігі мен теңдігі, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық

Адвокаттар Одағының Жоғарғы органы сьезд, атқарушы органы тексеру комиссиясы болып табылады. Одақтың барлық сайланбалы лауазымдарына бір адам қатарынан екі мерзімнен артық отыра алмайды. Сьезд бен конференция ҚР Адвокаттар Одағының қызметіне қатысты кез келген мәселені шешуге құқылы. Сьезд кемінде бес жылда бір шақырылады. Кезектен тыс сьезд төралқаның өз бастамасымен немесе Одақтың кем дегенде 100 мүшесінің талабы бойынша 2 ай мерзім ішінде шақырылады. Сьездге сайланған делегаттардың үштен екісі қатысқанда ғана заңды болып танылады.

Одақтың Президенті Әділет министрлігі біліктілік комиссиясының мүшесі, Жоғарғы Со кеңесі құрамына енгізіледі.

28 шілде 1992 жылы адвокаттардың халықаралық Одағы құрылып жұмыс істей бастады, орны Москва қаласы. Штаб- пәтері Брюселде, ал Заңгерлердің халықаралық қауымдастығының штаб- пәтері Лондонда орналасқан. Оның қызметі Арменияда,Белорусте,Қазақстанда, Қырғызстанда, Латвияда, Түрікменстанда, Өзбександа, Украйнада, Ресейде қамтылған.

Белорусь пен Украйнада оның бөлімшесі, Қазахстанда филиалы, Латвияда өкілдігі бар. Бұл Одақтар адвокаттық қызметпен айналыспайды, олардың қызметі алқаларын басқармайды, тек халықаралық- құқықтық қатынас негізінде олардың заңды құқықтары мен мүдделерін білдіріп қорғау болып табылады.

 

 

11-тақырып. Қорытынды және өтпелі ережелер.

 

3. Заңның орындалуын қамтамасыз ету.

4. Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібі. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту Ережелері.

 

Негізгі ұғымдар: Адвокаттыққа мүшелікті тоқтату,ҚР адвокаттар Одағы, Жалпы жиналыс немесе конференция,

 

12-тақырып


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!